Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
05 04.17

Өңірдің намысын қорғайды

Қостанай облыстық мешітінде кезекті үш күндік семинар өткізіліп, кейін «Нұрлы мінбер» облыстық имамдар байқауы өтті. Оған өңірдегі қалалар мен аудандардағы имамдардың арасынан 8 үміткер қатысты.

01

Баршаға мәлім, қазіргі таңда имамдардың заманға сай білімдерін жан-жақты жетілдіру аса қажет. Байқаудың негізгі мақсаты - дәстүріміз бен мәдениетіміздің діңгегі болып табылатын асыл дініміздің құндылықтарын кеңінен насихаттау, бұқара халық арасында имам беделінің артуына ықпал ету, қоғамдағы бәсекеге қабілетті имам келбетін қалыптастыру, имамдардың эстетикалық қабілетін шыңдап, өзіндік білім жетілдіруіне мүмкіндік туғызу.

01

Осынау сан сатылы байқауда уағызы өтімді, сөздері ұтымды, білікті имамдар «Сәлем – сөздің атасы», «Бәйге», «Жеті жарғы», «Жағдаят» және «Имам мінбері» турлары бойынша бақтарын сынап, білімі мен біліктіліктерінің дәрежесін көрсетті.

01

Сынға түскен имамдар алдымен өздерін таныстырды. Содан соң «Бәйге», «Жеті жарғы» турларында діни және басқа да маңызды сұрақтарға балдық жүйе бойынша жауап берді.

01

Ал «Жағдаят» турында әр имамға өмірде кездесіп жататын түрлі оқиғадан мысалдар берілді. Осы сауалдардың шешімін табу имамдардың білімі мен ой жүйріктігіне қалдырылды.

01

Соңғы «Имам мінберінде» деп аталатын шешуші турда дін қызметкері қысқа мерзімде белгілі бір тақырып бойынша уағыз айтудан сайысқа түсті. Шешендік шеберлігі мен сөз саптауы, шариғатқа байланысты білім дәрежесі мен парасат-пайымдары да сарапқа салынды.

Әділ қазылар алқасының ұйғарымымен бас жүлде Қостанай қалалық мешітінің бас имамы Шоқан Ғазизұлына берілді. Ол енді Республикалық «Нұрлы мінбер» байқауында өңірдің намысын қорғайтын болады.

Біз белгілі дін қайраткері Шоқан Әмірхановтың қуанышына ортақтаса отырып, оған сәтті сапар тілейміз!

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігінің баспасөз қызметі

алдыңғы жаңалық
ҚМДБ: МЕШІТ ІШІНДЕ ТӘРТІП САҚТАУ ТУРАЛЫ ҮНДЕУ
келесі жаңалық
Науырзымдағы рухани кеш

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником