Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
17 08.16

Теріс ағымдардан барынша аулақ болайық!

Рудный қаласындағы семинарлар осы мәселені қамтыды

Қостанай облысының орталығына іргелес жатқан Рудный қаласындағы Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігі және Рудный қалалық төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлеріне «Разъяснение сущности псевдорелигиозных течений» тақырыбында ресми тілде ауқымды семинар кездесулер өткізілді.

Оларға осы қаладағы «Нұр» мешітінің бас имамы Сейіт қажы Темірбекұлы қатысып, қозғалып отырған тақырыпта мол мағлұмат берді.

Басқосуда бас имам жиналғандарға Ислам – бейбітшіліктің діні және жауыздық пен қантөгіс дінге жат әрекет екенін айтып өтті. Сондай-ақ көркем дініміз әр адамның намысы мен өміріне зиян тигізбеуге, діні мен ұлтына қарамастан кез-келген адаммен сыпайы, мейірімді болуға шақыратынына да ерекше тоқталды.

Бүгінде еліміздің тұрақтылығы мен тыныштығын бұзған әртүрлі діни ағымдар мен радикалды түсініктерден сақ болып, әрбір адам дінді сауатты білу керектігін де еске салды.

Жиын соңында Сейіт қажы Темірбекұлы қойылған сауалдарға толық әрі нақты жауап беріп, алдағы уақытта Ислам дініне қатысты сұрақтар бойынша тек ғана Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы бекіткен мешіт имамдарына мен немесе ресми сайттарда қою керектігін айтып өтті.

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

алдыңғы жаңалық
Қажылыққа санаулы күндер қалды
келесі жаңалық
«Әулие» шәкірттер!

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником