Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
23 08.16

Қостанай облысында «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өтті

Биыл 1 тамыз бен 30 қыркүйек арылығында Қазақстан аумағында «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы өткiзiлуде. Осы шара аясында Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының тапсырмасы негізінде, Қостанай облысындағы қалалар мен аудандар және елді мекендердегі мешіттер де өз үлестерін қосты.

Жалпы осы акцияны өткізудегі мақсат – аз қамтылған және көп балалы отбасылар, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңiнде және әлеуметтiк себептермен мектептен қалып қоятын балаларға көмек көрсету.

Iс-шараға мешітіміздің демеушілері, қажылар қауымдастығы және Қостанай облыстық зекет қоры тарапынан қажылай көмек көрсетілуі негізінде ұйымдастырылды.

Акция аясында мектепке баратын балаларға мектепке қажеттi заттар, оқу құралдары, мектеп формасы мен қажетті спорт киімдер алынды.

Осылайша облыс бойынша 276 оқушыға 1 840 392 теңге қаражатқа қайырымдылық шарасы өткізілді. «Лайым осы балалар еліміздің мақтанышы болғай», -деп Адиба әжей ақ батасын берді.

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

алдыңғы жаңалық
«Әулие» шәкірттер!
келесі жаңалық
Қан тапсырып бауырыңа өмір сыйла

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником