Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысы бойынша «Жастар ісі секторының» Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің ұйымдастырумен жас жамағат арасында «Көрісу» күніне орай спорттың волейбол түрінен жарыс өткізілді.
Аталған жарысқа Қостанай облыстық, Қостанай қалалық, Тобыл қалалық, Наурызым аудандық мешіттерінің командалары қатысып, бақтарын сынады.
Аталған жарыстың ашылу салтанатында Қостанай обылсы бойынша «Жастар ісі секторының» меңгерушісі Әлішер Ертайұлы мен «Жайлаубай ата» мешітінің найб имамы Әсет Жарлығасынұлы қатысушыларға насихат айтып, сәттілік тіледі.
Спорт жарысының қорытындысы бойынша жүлделі бірінші орынға Қостанай облыстық, екінші орынға Тобыл қалалық, үшінші орынға Науырзым аудандық мешіттерінің командалары ие болды.
Жүлдегерлерге діни танымдық кітаптар мен бірге сыйлықтар ұсынылды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Жақында Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің үйымдастыруымен ақын, драматург, Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы мәдениет қайраткері, Қазақстанның құрметті журналисі Ақылбек Шаяхметпен мешіттің шәкірттері және студенттерінің қатысуымен «Ихсан ілімі» тақырыбында кездесу өткізілді.
Онда белгілі қаламгер жастарға «Иман, Ислам, Ихсан» жайында кең көлемде әңгімеледі. Өзінің діни тақырыпта жазған өлеңдерін оқыды. Жыр жолдарын жастар ұйып тыңдады.
Аталмыш мешіттің наиб имамы Мейрамбек Жетесов «Танбиh» және Абдуль Карим ибн Атагиллаh Әль-Искандаридің «Хикәм» кітаптарынан «Ихсан» ілімі туралы түсінік берді.
Жүздесудің тағылымы мен ғибраты мол болды. Жиналғандар дін тақырыбына қалам тартып жүрген ақын-жазушыға дән ризашылығын білдірді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі