Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Пятница, 12 Март 2021 17:52

Б. Майлин: Биағанның елінде

Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет қазақ әдебиетінің классигі Бейімбет Майлинның есімі берілген ауданда болды.

Ол осы іс-сапар барысында ауданның әкімі Қайсар Мыржақыповпен кездесіп, өңірдегі қалыптасқан дін ахуал жайлы әңгімелесті. Аудан басшысы да өз кезегінде руханият саласында атқарылып жатқан жарқын істер хақында баяндады.

Бас имам жергілікті мешіт жамағаттарына және жанашырларына ауданға жаңадан сайланған ауданың Бас имамы Ислам Хамзинді таныстырып, оған жауапты қызметінде табыс тіледі.

Сондай – ақ «Ихсан және Жастар» атты рухани танымдық кешке қатысып, басқосудың мәні мен алда тұрған келелі міндеттерге кеңінен тоқталды.

Осы сапар барысында аталмыш ауданның Тобыл бекетіндегі «Ажар» мешітінде жолаушыларға арналған «Жолаушы бөлмесін» ашты.

- Бұл сапар өте нәтижелі әрі жемісті болды. Өйткені, біз ұлттық мақтанышымыз  Бейімбет Майлин атындағы ауданында ғұмыр кешіп жатқан ағайындардың қазіргі қиын кездегі көңіл-күйін біліп, өзіміздің тағылымы мол уағыздарымызбен олардың рухын көтердік. Әрқашан да ұйымшылдық танытып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарғанда ғана көздеген мақсатымызға жетеміз, - деді Бахытбек Нұрғабылұлы.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Четверг, 11 Март 2021 11:23

Қостанай: Қамқорлыққа алынды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасы аясында Қостанай  қалалық "Жайлаубай ата" мешітінің ұжымы қайырымдылық мақсатында талай игі  істерге мұрындық болып жүр.

"Жылулық сыйла" акциясы аясында Тобыл қаласында 7 немересін бағып, қағып отырған ардақты жан  Рабиға Қожамқұлованың тұрмыстық жағдайын ескеріп, қолдау көрсетті. Көмекке мұқтаж отбасына  5 текше ағаш жеткізіліп, қаржылай көмек көрсетілді.

-Қайырымдылық адам бойындағы ең асыл қасиет екендігі белгілі. Сол себепті, біз жыл бойы қолдан келгенше күн көрісі төмен қандастарымызды назарымызда ұстаймыз, - деді бас имам Шоқан қажы Әмірханов өз сөзінде.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Четверг, 11 Март 2021 10:43

Лисаков: Бас имам сапары

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысы бойынша Бас имамы Бахытбек Нұрғабылұлы арнайы іс-сапармен Лисаков қаласында болды.

Бас имам қала әкімі Алмат Ерікұлымен кездесіп, діни ахуал туралы сөйлесті. Қала басшысы Бахытбек Нұрғабылұлына өзінің дінге деген ізгі көзқарасын білдірді.

Бұл күндері Қостанай облысы санитарлық талаптар бойынша «Жасыл аймаққа» көшкені белгілі. Соған байланысты Бас имам Лисаков қалалық «Әбдіхайым Саламатұлы» мешітінің имамы Сабыржан Зейнелғабиденұлына тазалықты жете қадағалап, киелі орынға келушілердің ара-қашықтықты қатаң сақтауын тапсырды.

Осы сапар барысында Қостанай облысының бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қабылдаған маңызды құжаттардың бірі «Ас беру мәдениеті» жөнінде әңгімелеп, мешіттің алқамүшелері мен жамағатын тың мағлұматтардан хабардар етті.

Сондай– ақ, мешітте  ұзақ жылдарбойы есепші болып қызмет атқарып, құрметті демалысқа шыққан ардақты апамыз Қымбат Досмухамбетоваға «Алғыс хат» тапсырып, иығына зерлі шапан жапты.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Вторник, 09 Март 2021 16:44

Қайырымдылық - ізгі қасиет

Денисов ауданындағы «Жұма» мешітінде «Көшпелі керуен»,  «Алтын құрсақты батыр ана» атты қайырымдылық іс-шарасы өткізілді.

Қазіргі уақыттағы азық-түліктің қымбаттауы көп балалы отбасыларға оңай тиіп жатқан жоқ. Мұны жете түсінген аудандағы мешіт қызметкерлері көмекке мұқтаж жандарға қол ұшын беруді өздерінің басты азаматтық парызы санайды.

Осылайша аудандағы екі батыр ана мен бес кісіге қайырымдылық көмек көрсетті.

Оларда өз тарапынан ұйымдастырушыларға және мүфтияттың істеріне алғысын білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің

баспасөз қызметі

Вторник, 09 Март 2021 16:49

Шынықсаң шымыр боласың

Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің наиб имамдары Әсет Жарылғасын мен Нұрлан Сейдағалиевтер барлық жамағатты спортпен шұғылдануға шақырып қана қоймайды, өздері де үлгі-өнеге көрсетуде.

Шаһардағы құрылыс колледжінің ұжымы көп жылдардан бері жамағаттар арасында волейбол ойындарын өткізу үшін спортзалдарын ұсынып келеді. Әр екі ай сайын Қостанай қаласы мен оған жақын жерде орналасқан қалалар мен поселкелер мешіттері арасында турнир ұйымдастыруда. Ойындарға жауапты -Әсет Жарылғасын.

«Жайлаубай ата» қалалық мешітінің наиб имамы Нұрлан Сейдағалиев екінші жыл қатарынан бразилиялық джиу-джитсу спортымен айналыса отырып, дүйім жұртты осынау күрделі спорт түрімен шұғылдануға шақыруда. Қостанай шаһарының жамағаты «Qazaq Batyry» бразилиялық джиу-джитсу академиясында жаттығуда әрі олардың белгілі дәрежеде жетістіктері де баршылық.

Сонымен қатар,жұртшылық өз балаларын да секцияға қатыстыруда. Қазіргі таңда академиядағы спортпен шұғылданатын мұсылмандардың саны, шамамен, 15 адамды құрайды.Онда халықаралық деңгейдегі екі бапкер қатысушыларды жаттықтыруда.

 

Қостанай облыстық мешітінің

баспасөз қызметі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасымен елімізде ауқымды «Көшпелі қайырымдылық керуені» атты акция қолға алынғаны белгілі. Осы шара енді қалалық мешітте де жалғасын тапты.

Атап айтқанда Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінде он адамға қайырымдылық көмек көрсетіліп, 100 мың теңгенің көлеміндегікүнделікті тұтынатын заттар, азық-түліктер табыс етілді.

Онда қамқорлыққа бөленген кісілердің қатарында омырауларына «Алтын алқа» таққан екі  «Батыр ана» да болды. Аяулы жандарға гүл шоқтары да ұсынылды. Бұл Халықаралық әйелдер күні қарсаңында көп бала тәрбиелеген асыл аналарға көрсетілген құрмет екені даусыз.

Олар жайылған дастарқаннан дәм татып,  мешіт қызметкерлері мен демеушілерге шын жүректен шыққан шынайы алғыстарын білдірді.

 

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

 Федоров ауданындағы «Жиентай қажы» мешітінде «Қайырымдылық керуені» акциясы жалғасын тапты.

Асыл аналарымыз бен қыз-келіншектер қандай құрметке де лайықты.  Мұны жете түсінген мешіт қызметкерлері аудандағы көп балалы ардақты жандарды арнайы шақырды.

Жиында мешіттің имамы әрбір шаңырақтың ырыс-берекесін арттырып отырған жүрегі мейірімге толы апаларымызды көктемнің осынау шуақты мерекесімен шын жүректен құттықтап, оларға сый-сияпат жасады.

 

Қостанай облыстық

мешітінің баспасөз қызметі

Четверг, 04 Март 2021 17:05

Жомарт жандар

Қостанай облыстық мешітінде «Ихсан» жылы аясында кәсіпкерлермен кездесу өтті. Шараның мақсаты жасалған жұмыстарды қортындылау мен алдағы жұмыстарды жоспарлау болды.

Өз кезегінде кәсіпкерлер тарапынан келесідей ұсыныстар түсті. Олар: мешіттегі қайрымдылық қоры ашылатын болса тек «Қайрымдылық» қоры болып ашылуын. Себебі «Зекет» болып ашылса қордың жұмыс ауқымы қысқаратынын тілге тиек етті.

Ал қайрымдылық қоры арқылы көптеген іс шараларды қамту мүмкіндігі болатынын айтып өтті.

Бұл кездесуде облыс орталығында мешіттерге қолғабыс жасап жүрген  дінге жанашыр кәсіпкерлерге Бас имам Бахытбек Нұрғабылұлы істеген жұмыстарына алғыс айтып марапат жасады.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Алла Тағала Құранда былай дейді:

يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا أَنفِقُوا مِن طَيِّبَاتِ مَا كَسَبْتُمْ وَمِمَّا أَخْرَجْنَا لَكُم مِّنَ الْأَرْضِۖ

«Уа, иман келтіргендер! Тапқан табыстарыңның және сендер үшін жерден шығарған өнімдеріміздің жақсы әрі адалынан жұмсаңдар»[1].

Ибн Омар (Алла әкесі екеуіне разы болсын) бұл мәселеге қатысты былай деген:

 

ليسَ في العُروضِ زَكاةٌ إلّا ما كانَ للتِّجارةِ

«Саудаға арналған заттан ғана зекет беріледі»[2].

Демек алтын, күміс, ақша және малдан тыс қандай да бір заттан зекет беру үшін, ол сауда тауары болуы қажет[3].

Жалдауға берілген пәтер сауда мүлкі болып есептелмейді. Яғни жалға берілген пәтердің өзінен зекет беру міндет емес. Алайда одан түскен табыс жиналып, зекеттің нисабына жетіп, бір жыл айналса, оның зекеті шығарылады. Ал түскен табысы, өзінің қажетінен артылмаса, зекет беру қажет емес. Егер жалға берілген пәтердің төлемақысынан бөлек, нисап мөлшеріне жететін қаражаты болса, онда екі табысты біріктіріп, зекетті береді. 

Қорыта айтқанда, жалға берілген пәтер сауда тауары ретінде есептелмейді. Зекетті жалға берілген пәтердің өзінен емес, жалдаудың төлемақысынан түскен пайдадан береді.


Дархан Манарбекұлы

Қостанай облысының пәтуаға жауапты маманы

 

1 «Бақара» сүресі, 267-аят.

2 Әл-Бәйһақи «Сунан әл-Кубра», 4-том, 147-бет.

3 «Мұхтасар әл-Қудури», 57-бет.

Жуырда Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің бас имамы Дархан Исламбекұлы алғыс айту күніне орай есте қаларлық шараны өткізуге ұйытқы болды.

Ол асыл дініміз исламның өркендеуіне үлес қосып, түрлі діни шараларға және қайырымдылық жасауға белсенді ат салысып жүрген жомарт жүректі, қайырымды жандарға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы және мешіт ұжымы атынан шынайы лебізін білдірді. Сонымен қатар арнайы алғыс хатты табыс етті.

Бас имам жанашырлық танытып келе жатқан әрбір кәсіпкердің отбасына ізгілік, молшылық, баянды бақыт, халық үшін атқарып жатқан жауапты жұмыстарында толағай табыс тіледі.

Қостанай облыстық мешітінің

баспасөз қызметі

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником