Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Среда, 25 Сентябрь 2019 10:52

Имамдар ауысты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жарғысына сәйкес, Бас мүфтидің бұйрығымен өңірімізде бірқатар аудандарда имамдарды тағайындау болып өтті.

Облыстың өкіл имамы Бахытбек қажы Нұрғабылұлы сол жаңа имамдар бекітілген аудандарда болып, оларға қызметтерінде табыс тіледі, болашақта жергілікті жұртшылықтың сенімін ақтайтындығына сенім білдірді.

Мәселен, Әулиекөл ауданына Науырзым ауданының «Түркебай» мешітінің бас имамы Нұрлан Сыздықов бекітілді. Бұл ауданның бұрынғы бас имамы Нұрбол Балахметовке ауданның әкімі Ерлан Теменов көп жылғы қызметін ескере отырып, иығына шапан жауып «Алғыс хат» тапсырды.

Сондай-ақ ел алғысына бөленген білікті маман Нұрбол Исламұлы Сарыкөл ауданына бас имам болып тағайындалды.

Біз жаңа тағайындалған әріптестерімізге алдағы уақытта мықты денсаулық, қызметтерінде табыс тілейміз!

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Среда, 25 Сентябрь 2019 10:51

Сапар жалғасын тапты

Осыдан бұрын баспасөзде жазғанымыздай, РАНТ мүшесі, Шымкент қалалық «Тәжібай ата» мешітінің Бас имамы Берік Сүйіндікұлының сапары кеншілер қаласы Рудныйда онан соң Затобол кентінде жалғасты.

Облыс орталығындағы жоғары және арнаулы оқу орындарында, түзету мекемелерінде маңызды жүздесулер өткізді. Аталмыш кездесулерде қоғамдағы теріс діни ағымдар, діни салт-дәстүрлер, әлуметтік желідегі жалған ақпараттар жайлы қозғады.

Бұл кездесулерде жұрттың көкейінде жүрген өзекті мәселелермен күрделі сұрақтарға тұшымды жауап берілді. Жастар Берік Сүйіндікұлының тағылымды әңгімелерін ұйып тыңдап, үлкен әсерге бөленді.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Вторник, 24 Сентябрь 2019 10:49

135 баспана көп балалы анаға

Көпшілікке белгілі, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бастамасымен елімізде «Ел үлесі пәтерге» атты игі бастама қолға алынған еді.

Содан бері қаншама алтын құрсақты аналарымыз, баспанаға мұқтаж жандар үйлі болып, қуанышқа бөленуде.

Бұл игі бастама Қостанай өңірінде де жалғасын тауып, қаншама отбасылары шат-шадыман күйді бастан кешті.

Мысалы, таяуда Әулиекөл ауданының Аманқарағай ауылының тұрғыны, алты бала тәрбиелеп отырған аяулы ана Ханымгүл Амантайқызына ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұы пәтердің кілтін салтанатты түрде табыс етті.

Бұл республикамыз бойынша 135-ші баспана. Оған ие болған көп балалы Ханымгүл ана игі шараға бастама болған Бас мүфтиге және оның жүзеге асуына қолдау берген барша халыққа алғысын білдірді.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Понедельник, 23 Сентябрь 2019 09:54

Аманқарағайдағы жаңа мешіт

Кеше Әулиекөл ауданына қарасты Аманқарағай елді мекенінде жаңа мешіттің ашылуына байланысты салтанатты бас қосу болып өтті. Осынау киелі орынның пайдалануға берілуіне байланысты жан-жақтан құрметті қонақтар жиналды.

Олар есімдері елімізге танымал дін қайраткерлері Сансызбай Құрбанұлы, Ерсін Әміре, Асқарбек Сарипбаев, Ораз қажы Олжабайұлы, Ризабек Батталұлы, Қабылбек Әліпбайұлы, Жасұлан Жүсіпбековтер болатын.

Салтанатты жиынды Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінің наиб имамы Әлішер Ертайұлы жүргізді.

Мешіттің ашылуына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Ғұламалар кеңесінің мүшесі», Алматы орталық мешітінің наиб имамы Ерсін Әміре құран оқыды.

Ал аудан әкімі Ерлан Теменов жиналған қауымды шын жүректен құттықтап, оларға ізгілік тіледі.

Басқосуда ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы сөз сөйлеп, уағыз айтты. Жергілікті ағайындарға бұл ашылып отырған мешіт нағыз имандылық ордасына айналатындығына сенімді екенін жеткізді.

Көпшілік алдында Қазақстанның айтыс өнерінде қолтаңбасы ерекше Айбек Қалиев арнау орындады.

Осы арада аталмыш мешітке дін саласында көп еңбек сіңірген «Сабыр молданың» есімі берілгендігін атап өткеніміз жөн!

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Понедельник, 23 Сентябрь 2019 09:53

РАНТ мүшесі Қостанайда

Әл-Азхар институтының түлегі, республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі, Шымкент қалалық "Тәжібай-Ата" мешітінің бас имамы Берік Арынов Қостанай шаһарында.

Ол алдымен, облыс орталығындағы 161/2 түзету мекемесіне барып, ондағы жазасын өтеп жатқан жандармен жүздесті. Оларға жалпы Ислам дінінің ізгілікке, адамгершілікке, басқа да асыл қасиеттерімізге жетелейтін жайлары жөнінде жан-жақты айтып жалпы кездесу өткізіп, кейін жеке кездесу жасады.

Содан кейін шаһарымыздағы қалалық Жайлаубай ата мешітіне ат басын бұрып, намазхандармен кездесті. Сонау шырайлы Шымкенттен келген дін қайраткері қазіргі таңдағы өзекті мәселелер жайлы әңгімеледі.

Жиналған қауымның көкейде жүрген сауалдарына нақты жауап берді. Жерлестеріміз Берік Арыновтың қозғаған тақырыптарын ұйып тыңдады. Жалпы жүздесулер өте әсерлі өтті. Берер мол тағылымымен есте қалды.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Среда, 18 Сентябрь 2019 13:48

Меңдіқаралықтармен жүздесу

Қостанай облыстық мешітінің тапсырмасы бойынша Қостанайқалалық «Жайлаубай ата» мешітінің наиб имамы Нұрлан Сейдағалиев Меңдіқара ауданының «Зұлқарнайұлы Мұса қажы» мешітінің жамағаттарымен кездесті.

Осынау кездесу барысында «Тозақтан құтқаратын 4 амал» деп аталатын аса маңызды тақырыпқа уағыз айтылды. Жиналған жұртшылық оның ұлағатты сөзін ұйып тыңдады.

Сонымен қатар, ол осы ауданның Қасқат ауылындағы намазханасында жұртшылықпен жүздесті. Онда «Шүкіршілік – ғибадаттың бір түрі» тақырыбында әңгіме қозғады.

Көпшілік қауым өздерінің көкейінде жүрген сауалдарын қойып, оған тиісті жауап алды. Жалпы, осы басқосуға 28 адам қатысты.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Среда, 18 Сентябрь 2019 13:46

Жітіқара: ЖАНТ кездесулері

Қостанай облысында жергілікті ақпарат насихат тобы құрылған-ды. Осы топқа облыстағы бірнеше имам мүше болып, белсенді жұмыс атқарып жатыр.

Аталған топтың алдына қойған негізгі мақсаты - ауыл, қала, мемлекет қызметкерлерімен жүздесіп, Исламның діни құндылықтарын насихаттау, сонымен қатар экстремизм мен терроризмнің алдын алу.

Мәселен, жақында Лисаков қаласының бас имамы, жергілікті ақпарат насихат тобының мүшесі Сабыржан қажы Есмурзин Жітіқара қаласына ат басын бұрып, мешіт жамағатымен кездесті.

Сабыржан қажы бұрын Жітіқара ауданында имам болып қызмет атқарған болатын. Қала жұртшылығы оны жылы жүзбен қарсы алды. Белгілі дін қайраткері мұсылман бауырларымызға уағыз-насихат айтты.

Кездесу барысында оласа маңызды тақырыптар болып табылатын - ынтымақ, бірлік, дәстүрлі Ислам құндылықтары жайлы әңгімеледі. Сондай-ақ, жат пиғылды, теріс ағымдардан сақтану хақында сөз қозғады.

Ол жиналған қауымның қойған сұрақтарына жауап берді. Басқосудың соңында Сабыржан қажы Есмурзин мешіт асханасында жергілікті жамағатпен бірге дайындалған тағамнан дәм татты.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Четверг, 12 Сентябрь 2019 09:45

ЖАНТ Қарабалықта

Жуырда жоспарға сәйкес, Қостанай облысындағы ЖАНТ мүшесі, Рудный қалалық «Нұр» мешітінің бас имамы Азамат Серікбайұлы Қарабалық ауданында іс-сапарда болды.

Ол әуелі бесін намазынан кейін мешіт жамағатымен кездесіп, «Мұсылманның сипаттары» деп аталатын тақырыпта уағыз-насихат айтты. Содан соңаудан орталығындағы агротехникалық колледжде студенттермен жүздесті.

Мұнда «Әлеуметтік желідегі ислам» тақырыбында әңгіме өрбітіп, студенттердің қойған сауалдарына нақты жауап берді. Осындай кездесу одан әрі Смирнов ауылында жалғасты.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Понедельник, 02 Сентябрь 2019 10:28

РУДНЫЙ: Жеңімпаздарға құрмет көрсетілді

Қазақстан Республикасы Конституциясы күніне орай Рудный қалалық «Нұр» мешітінің ұйымдастыруымен Рудный және Қашар кенті жамағаттары арасында қазақша күрестен жарыс өткізілді.

Аталмыш жарыста палуандар екі түрлі келі салмақ бойынша күш сынасты. Жарысқа келген барша қатысушылар жеңіске жету үшін ерекше талпыныс танытты. Олар бұл сайыста тек шеберлік танытып қана қойған жоқ, өзара ынтымаққа да көп көңіл бөлді.

«Спорт – денсаулық кепілі» демекші, жастарымыздың спортқа деген ынтасы мен ерекше ықыластары бірден байқалды. Барлық қатысушылар жақсы нәтиже көрсетуге тырысты.

Жарыстың қорытындысында Рудный қалалық «Нұр» мешітінің бас имамы Азамат Серікбайұлы белсенділік танытқан спортшыларға шынайы алғысын білдіріп, жеңімпаздарға мақтау қағаздары мен сыйлықтарды табыс етті.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Понедельник, 02 Сентябрь 2019 10:19

«Мектепке жол» акциясы

Жуырда Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінде республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында 37 балаға оқу құралдары тапсырылды. Сөйтіп, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылардың ұл мен қыздарына жаңа оқу жылында қажетті құрал-жабдықтар мен сөмкелер берілді.

Жиында аталмыш мешіттіңбас имамы Шоқан қажы Әмірханов кездесуге келген ата-аналар мен бүлдіршіндерге ыстық ықыласын білдірді. Сый-сыяпатқа ие болған балалардың қуанышында шек болмады.

Ұзын сөздің қысқасы, мешіт жамағаты 300 000 теңге жинады. Осы қаражатқа көмекке мұқтаж отбасылардың мектепке баратын балаларына қажетті оқу-құралдары сатып алынды.

Бас имам барлық балдырғандарға жаңа оқу жылында жоғары үлгірімдерге қол жеткізіп, олардың еліміздің нағыз саналы азаматтары болып қалыптасуларына тілектес екендігін жеткізді.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником