Алтынсарин ауданы бас имамы Ерік Ыбырай ауданның Обаған ауылындағы кітапханада Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің 7-9 сынып оқушыларымен «Рухан жаңғыру жылы» және өткен «Рухани келісім күні» аясында кездесу өткізді.
Шара барысында Ерік қажы «Рухани келісім және зайрлылық» тақырыбында әңгіме өрбітті. Қай кезеңде болмасын қазақ халқы басқа ұлтқа қыйыншылығында демеу болып, жат деп сыртқа теппегенін. Мұндай қасиет адам бойына Алланың хақ діні арқылы және ұяда берілген тәрбиенің арқасында екендігін айтып өтті.
Кездесу соңында оқушылар мен кітапхана қызыметкерлері өздерінің сауалдарын қойып, тұщымды жауап алды.
Сонымен қатар аудандағы атақты ағартушы, ұстаз Ыбырай Алтынсариннің туған жеріндегі «Ыбырай құдығы» салтанатты түрде ашылып, оған аудан басшылары мен бас имам қатысты.
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Ислам дінінде адамның күнделікті тамақтанатын асының адал болуына өте үлкен мән береді. Сол себепті Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы «Халал даму» ЖШС тарапынан еліміздің көптеген кісіпорнына куәлік табыс етіліп ол кісіпорындардың өндіріп шығаратын өнімдерін адал болуын қадағалайды. Осындай куәліктердің тағы біреуін Рудный шаһарындағы кәсіпорынына берілді.
Қасиетті жұма күн Рудный қалалық «Нұр» мешітінде жиналған жамағаттың алдында мешіттің бас имамы Азамат Серікбайұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Халал Даму» ЖШС тарапынан Рудный қаласындағы «Торговый Дом Аманат» ЖШС кәсіпорнына берілген Куәлік Сертификатын табыстады. Берілген куәлік «Халал» өнімдерді өндіруге, дайындауға, өндіруге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын талаптар стандартына сай екендігін растайды.
Халал өнімді өндіру және дамыту ұлт болашағы үшін өзекті мәселі. Халықтың денсаулығы күнделікті тұтынып жүрген тағамның сапасына тікелей байланысты. Сондықтан кәзіргі уақытта еліміздің осындай халал сертификаты табыс етілген кәсіпорындардың күннен-күнге көбеюі үлкен жетістік.
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
2019 ЖЫЛ-ЖАСТАР ЖЫЛЫ
Қостанай облыстық мешітінде Жастар ісі секторы ү.ж. 5 қазандағы Елбасының Жолдауы бойынша және жастармен 2019 жылға арналған жұмысы жоспарын құру мақсатында жастарымен кездесу өткізді.
Жиында Қостанай облысының өкілі бас имам Бахытбек Нұрғабылұлы жастарға Елбасының жолдауының маңыздылығы турасында айтып, онда алдағы 2019 жылдың жастарға тікелей қатысты екенін атап өтті.
Отырыста Қостанай облысы бойынша «Жастар ісі секторы» өкілі Әлішер Ертайұлы жастарға 2018 жылы жасалған жұмыстардың қортындысын айтып өтті.
Сонымен қатар алдағы 2019 жылға арналған жұмыс жоспары туралы жастардың ұсыныстары тыңдалып, жоспар құрылды. Жиын соңында бас имам Бахытбек Нұрғабылұлы жастардың көкейдегі сұрақтарына жауап беріп, уағыз-насихатын айтып өтті.
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Қазақ ертеден «Жетім көрсең – жебей жүр» деген ұлағатты терең бойына сіңіріп өскен халық. Жетімге қарайласу Алла Тағаланың алдындағы ұлы сауапты амалдардан бірі болып табылады. Алланың елшісі ардақты Мұхаммед пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) жетімнің басын сипап қамқорлық көрсетуді көп насихаттаған.
Осындай Алла Тағаланың алдындағы ұлы сауапты қайырымдылық, Рудный қалалық «Нұр» мешітіндегі «Зекет қоры» жұмысының бастамасы болды.
Нақтырақ айтар болсақ, бас имам Азамат Серікбайұлы және «Зекет қоры» басшысы Серік Қаратайұлы мешіт қызметкерлерімен бірге Рудный қаласындағы Қостанай облыстық «Балалар үйіне» арнайы қайырымдылық іс-шарасымен барып, ондағы тәрбиеленуші балалармен кездесіп, сұхбаттасып, олардың алдағы мақсаттарына жетуіне тілектестігін жеткізді.
Сондай-ақ денсаулық кепілі спортпен шұғылданатын азаматтар болсын деген ниетпен балаларға спорт аяқ қиімдердін сыйға тартты. Бүлдіршіндердің бір сәт қуанышына куә болды.
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Облысымыздың Жітіқара аудандық «Шер 777» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Шералы Пазыловқа ҚМДБ-ның «Халал» сертификаты табыс етілді.
Жітіқара ауданындағы аталмыш кәсіпкердің наубайханасы біраз жылдан бері жұмыс жасап, ұн өнімдерін шығарумен айналысып келеді. Сондай-ақ бұл кәсіп орын күніне 120 тоннаға дейін ұн өндіріп, шетелге өнімдерін тасымалдайды.
Қостанай облысынан жіберілген уәкіл Азамат Мурзаканов арнайы «Шер 777» наубайханасына келіп, ҚМДБ-ның «Халал Даму» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің халал өнімдерін стандарттау ұйымының талаптарына толық сай екендігіне көз жеткізіп, оң қорытындысын шығарды.
Жұма намазының уағызынан кейін «Ержан Тәтішев» мешітінің бас имамы Мейіржан Бердіғожин жиналған жамағатқа қуанышты хабар айтып, Шералы Пазыловқа ресми түрде «Халал Даму» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің халал өнімдерін стандарттау ұйымының «Халал» сертификатын табыстады.
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Жуырда Қостанай облысы Наурызым ауданы орталығындағы «Түркебай» мешітінің найб имамы А. Кенжеғара және аудандық «Ішкі саясат» бөлімінің дін мәселелері жөніндегі әдіскері А. Серікбай «Мереке» және «Қожа» ауылдары тұрғындарымен «Жастар тәрбиесі» тақырыбында кездесулер өткізді.
Бұл кездесуде жастар тәрбиесінің маңыздылығы туралы жан-жақты айтылды. Мұндағы басты мақсат – жастарды еліне адал қызмет ететін патриот қылып тәрбиелеу жайы әңгіме өзегіне айналды.
Бала тәрбиесінде ата-ананың алар орны ерекше екені белгілі. Өйткені бала еліктегіш болып келеді. Сондықтан ата-ананың бойында дұрыс қасиет көрсе, олардың жақсы қырларын бала бойына сіңіріп өсетіні белгілі. Сол себептен балаңызға көп көңіл бөліп, онымен әрдайым сырласып, аптасына бір күніңізді жанұяңызға арнап, балалырыңызбен әңгіме-дүкен құрып өткізген жөн. Сонда ғана сіз жасыл желектей желпілдеп өсіп келе жатқан ұрпағыңызға оң әсер етіп, олардың болашақта байыпты да салиқалы ұрпақ тәрбиелеп шығаратыныңыз белгілі.
Аталмыш кездесу соңында арнайы жергілікті халықпен кездескен меймандарға түрлі сұрақтар қойылып, тұшымды жауап та алынды. Бұл жүздесуден көпшілік рухани ләззат алып тарасты.
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
Бұл күндері елімізде Елбасының үстіміздегі жылдың 5 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауы талқыланып жатқаны белгілі.
Осы аса маңызды құжатты халыққа түсіндіру мақсатында біздің өңірімізге Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрі Дархан Қалетаев келді. Осы сапары барысында мәртебелі мейман облыстық мешітке атбасын бұрды.
Онымен бірге облыс әкімі Архимед Мухамбетов болды. Дархан Аманұлына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысы бойынша өкіл имамы Бахытбек Тәжімбет облыстағы діни ахуал жайлы жан-жақты айтып берді.
Министр елімізде діни басқармамен бірге тығыз байланыста атқарылып жатқан маңызды жұмыстарға тоқтала келіп, алда тұрған келелі міндеттері жайлы сөз етті.
Бұл мешіттегі басқосуға өңірдегі аудан және қала имамдары қатысып, біраз жайға қанықты. Қазақстан Республикасы қоғамдық даму министрі Лисаков қаласының бас имамы Сабыржан Зейнелғабиденұлының қойған сауалына нақты жауап берді. Кездесу өте әсерлі өтті.
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі
18 қазан Қазақстан халқының Рухани келісім күніне орай Қостанай облысының Ұзынкөл ауданындағы №1 Ұзынкөл орта мектебінде дөңгелек үстел өтті.
Бұл кездесу «Рухани жаңғыру» бағдарламасы мен 2017-2020 жылдарға арналған дін саласының мемлекеттік саясаты Концепциясын және Қазақстандағы ұлтаралық келісім мен рухани құндылықтарды тәрбиелеуді талқылау мақсатында ұйымдастырылды.
Маңызы зор осындай шараға мектеп директорының м.а. Қ.Х. Алиев, «Балықты» мешітінің имамы Есенкелді қажы Сақтағанұлы, мешіттің алқа мүшелері атынан Күмажанов Жамбыл ақсақал, мектеп ұжымы және оқушылар қатысты. Өзінің толымды ойымен Есенкелді қажы Сақтағанұлы Рухани келісім күнінде аяулы аналардың тәрбие беруде орны бөлек екенін айқара ашып, жас ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде қажырлы еңбек керектігін айтып өтті.
Сонымен қатар Жамбыл ақсақал мұғалімдер ұжымының жемісті еңбегін айта отырып, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауында айтқан мұғалімнің мәртебесі жайлы толымды ойларын көпшілікке паш етті.
Аталмыш дөңгелек үстел соңында келген қонақтар жылы лебізді тілектерін білдірді. Сонымен қатар, ауқымды шарадан соң, бас имам балаларға сыйлығын ұсынып, құрмет көрсетті.
Бұл кездесу мақсаты жас ұрпақты отансүйгіштікке, бірлік пен достыққа тәрбиелеу, ата-ананы, үлкен мен кішіні сыйлауды үйрету.
Имандылық тәрбиесі – өркениетті ел болуға талпынған бүгінгі қоғам үшін өзекті мәселе. Ал, жас ұрпақтың жүрегіне имандылық дәнін сеуіп, оны одан әрі дамыту, аға буын өкілдерімен білікті ұстаздардың, тарихқа жетік, салтқа берік білікті мамандардың қолында.
Адамға қойылатын басты талап – асыл да ізгі адамгершілік қасиеттерді бойына сіңірген, ұлағатты иманды азамат болып шығу. Өйткені адам баласы өзінің адамгершілігімен, қайырымдылығымен ардақты. Адамгершілік – адамның рухани арқауы.
Жарқын болашақ иесі жастар дейтін болсақ, оларды имандылық пен адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу басты міндет. «Имандылық» сөзінің ауқымы өте кең. Мәселен ол – ар-ұятты әрі инабатты болуды және үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуді талап етеді. Ар-ұят – иманның кілті. Ұят – жақсылықтың өзегі. Жамандықтың тамырын түбегейлі жоятын да осы қасиет. Әнас (р.а.) риуаят еткен хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Расында, әрбір діннің өзіне тән мінезі бар. Исламның мінезі ұят»,-деп дінімізде ұяттың маңыздылығын атап көрсетіп кеткен. Тағы бір хадисінде: «Ұят пен иман тығыз байланыста. Егер ұят кетсе, екіншісі де бірге кетеді»,-деп ұяттан ажыраған кісінің иманнан да қол үзетінін жеткізген.
Ұят иманның жемісі. Иманы кәміл болған пенденің ұяты да кәміл дәрежеде болары сөзсіз. Сондықтан болар шариғатпен сусындап салт-дәстүрін дінімен ұштастыра білген дана бабаларымыз: «Пайда ойлама – ар ойла» деп, ұяттың қаншалықты қымбат дүние екендігін дөп басып көрсеткен. Шәкәрім Құдайбердіұлы өзінің өлең шумағында иман жүзді адамды сипаттап былай деген:
«Кiмде болса шын мiнез, Болмас онда екi сөз,
Өлтiрсе де көзбе-көз, Иманын сатып, алмас бөз.
Иман да сол, дiн де сол – Адаспайтын айқын жол,
Күнде!, мейлiң, ыза бол, Пейiшке анық кiредi ол».
Имандылық деген бір ғана сөздің бойына ұят, ар, ынсап, қанағат сықылды бүкіл жақсы қасиеттер түгел сыйып тұр.
Құранда Алла Тағала Әли-Имран сүресінің 134-ші аятында: «Олар кеңшілікте, таршылықта Алла жолында мал сарып қылғандар. Сондай-ақ олар ашуларын жеңушілер, адамдарды кешірім етушілер. Алла Тағала жақсылық істеушілерді сүйеді»-делінген. Аятта ашуын жеңушілер жайлы да сөз қозғалуда. Жалпы ашу – адамның көркем мінез-құлқын құртып, оның денсаулығына зиян келтіреді. Сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Нағыз мықты – шаршы алаңында біреуді жыққан адам емес. Асылында, нағыз мықты, ашуланған кезде өз нәпсіне ие болып, ашуын жеңе білген адам»,-деген. Байқасақ, шынымен адам баласы ашуланған кезде шайтанның қолындағы ойыншығына, оның тұтқынына айналады. Шайтан оны оп-оңай өзіне бағындырып, күнә істеуге итермелейді. Сондықтан, ашудың соңы үлкен өкініш пен күнәға душар етуі мүмкін екендігін естен шығармауымыз керек. Сол себепті де, Алла Тағала мұсылмандарға ашуы келген уақытта, өзінің ызасына ұстамды бола білуін және оған қатысты зиян келтірілген жағдайда Алла разылығы үшін өзгелерді кешіре білуді бұйырды.
Адам баласы әрдайым шыншыл болса, адал еңбекпен мал тауып, асын адалынан жесе, жақсылармен дос болып, ілім үйренсе, мейірімді де қайырымды болса, үнемі көңілді де пәк жүрсе, міне осылай ғана ол, өзінің мұсылмандығына адалдық таныта алады.
Қазіргі кезде ел болашағы – жастар, еліміздің келешегін көркейтетін білімді ұрпақ деген сөздерді жиі естиміз. Әрине, қай халықтың да болмасын, мемлекеттік даму жолы – жас буынға, олардың тәрбиеленіп, ортаға сай озық білім игеріп шығуына баса назар аударылады. Бүгінгідей ақпарат пен технологиялық жаңалықтар кезек шарпыған заманда, оқуға, ғылымға сүйеніп, бұл салалардағы жетістіктерге иек артқан дұрыс-ақ. Алайда жастардың саналы азамат болып қалыптасуының кілті тек құрғақ білімде еме. Адам баласының тура жолдан адаспай, адамгершілігі мол, дұрыс азамат қатарына жетуі, оның тәрбиесіне, ата-анасының мейірім көрсете алуына тікелей байланысты. Сондықтан өскелең ұрпақты жаһанданудың жойқын соққысына ұрындырып алмай, өз ұлтының мәдениетінен алшақтамай өсуіне дұрыс жол сілтеуіміз қажет. Ол үшін рухани құндылықтарымызды ұрпақ санасына сіңдірген абзал. Адамды адам ететін, оны биік дәрежеге көтеретін, оның дүние-мүлкі емес, бәлкім оның өмір бойы жиған-терген әрі өзгелермен бөліскен пайдалы ілімі. Хақ дініміздің алғашқы: «Ей Мұхаммед! Оқы! Раббыңның атымен оқы! Ол Алла, адамды ұйыған бір тамшы қан түйірінен жаратты. Оқы! Раббың аса жомарт! Ол адамға қаламмен жазуды үйретті. Адамға білмеген нәрселерін үйретті»,-деп түскен «Ғалақ» сүресінің 1-5-аятары да білім жөнінде нәзіл болғандығы баршамызға аян.
Бұл уахи-бұйрық жер бетіне ғаламат төңкеріс әкелді. «Тал бесіктен жер бесікке дейін ғылым үйрену мұсылманға парыз»,-деп ұран тасталып, санасын тұрмыс билеген жұрттың пиғылына Хақтың сәулесін түсіріп, жан-дүниесіне қозғау салды. Иман байлығымен бірге, білім байлығына қаныққан жұрт, қағанағы қарқ, сағанағы сарқ ғұмыр кешті. Әлемге мұсылман өркениетінің шұғыласы түсіп өзге өңірлерге жетіп, басқа дін өкілдері де өркениет биігіне көтерілді.
Бүгінгі таңдағы рухани жаңғыруды жүзеге асырудағы басым бағыттардың бірі ол – ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртумен қатар, әдет-ғұрып, салт-дәстүр арқылы өскелең ұрпақты тәрбиелеу. Халқымызда: «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған.
Жастарды имандылыққа тәрбиелеу негізі отбасынан басталады. Ата-ананың тәрбиесі бала мінезінің ірге тасы. «Сүтпен біткен мінез сүйекпен кетеді»,-деген нақыл, ең алдымен тәрбие мәселесіне қаншалықты терең мән берілетінін көрсетеді. Тәрбиелік мәні, салмағы да мол қазақтың осы бір нақылынан ой тарқатар болсақ, бауырындағы балапанына жөн-жосық, өнеге көрсете алмаған ата-ана уысынан баланың қалай шығып кеткенін байқамай да қалады. Өмірді көруге, білуге құштар жас, басқа бағытты, басқа құндылықты тез қабылдайды. Сондықтан баланы дұрыс қадағалап тәрбие беру аса маңызды әрі жауапты іс. Осындай екі дүниеде де жауапты болған істерге – аға буын өкілдері, әрбір ата-ана, баршамыз да өз ұрпағымыздың игілігі үшін, қуатты қоғам қалыптастыру жолында аянбай, қажымай, талмай еңбек етейік. Алла Тағала ұрпағымыздың ұлағатты, жастарымыз жігерлі, келешегіміздің кемел болуын нәсіп етсін!
Арқалық қалалық
«Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің
Бас имамы Бектұрсын Уәлиев