Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Пятница, 08 Июнь 2018 12:48

Әлемді нұрға бөледің


Ислам дінін түсіріп әлемді нұрға бөледің,
Адамзат хаққа сыйынып зор бақытқа кенелдің,
Ақ жолыңнан тайдырма жетеле бізді жарыққа,
Жүрегім таза муминмін деп айтамын халыққа.


Кеште болса сыйынып намазға мен де жығылдым,
Тура жолды өзіңнен табарымды ұғындым,
Коммунистік кезеңнің ықпалынан шыға алмай,
Кеше гөр Алла пендеңді, апырай солай сүріндім.


Мың шүкірлік айтамын мұсылман болып туғанға,
Сыйынам Алла өзіңе, сенемін кәміл құранға,
Тыныштық бер еліме, береке, бірлік бәрін де,
Уа жаратқан құдірет лайық атың ұранға.


74 жыл біздерді Құдайсыздар басқарды,
Қарсы үгіттеп дінімнен алшақтатты жастарды,
Қызыл-қасап, қырғын жасап ақ –қызыл боп бөлінді,
Білімдарлар, оқығандар халық жауы атанды.


Ширек ғасыр тәуелсіз ел болғаның,
Үш жүз жылдай бодандықта сорладың,
Қасиетті дінімізде ортамызға оралды,
Елімізге, баршамызға сыйы ғой бұл Алланың.


Ислам діні бірте-бірте әлемді нұрға бөледі,
Жүректерде сенім орнап қанат жайып келеді,
Тура жолды тауып жастар Сәждеге бас иеді.
Ұлы Алланы Пайғамбарды бәрінен артық көреді.


Сенің атың, сенің сөзің орнықтырды жүректі,
Сенің нұрың жарық етті қараңғылық түнекті,
Прақпенен бірақ түнде жеті қат көкті аралап,
Пайғамбарым Ғалайиссалам муғжизасын көрсетті.


Сабырлылық, нәпсі тыйу имандылық өлшемі,
Жамандыққа жақсылық қыл ол иманның бөлшегі,
Алланың атын шын ниетпен ауызыңнан тастама,
Қыйындықтан әрқашанда алып шығар ол сені.


О, Жаратқан нұрыңды төк менің байтақ еліме,
Берекең мен бақытыңды құй аяма жеріме,
Тыйыштық пен татулықты біздің елге көпсінбе,
Қыдыр ата қонақ болсын әрбір үйдің төрінде.


О, жаратқан сен ұлысың бар ғаламды жаратқан,
Бұл әлемге нұрың төгіп құдретіңді таратқан,
Үлкен-кіші бәріңе айтар бір тілек,
Құранды үйрен оқы оны оқимын деп талаптан.


Қасиетті құран кәрім бар ғылымның бастауы,
Ізгі ниет әдеп иман адамдықтың асқары,
Көңіл қойып бар ынтаңмен үйренсең,
Сенімдісің көрінеді ісіңнің алға басқаны.


Барлық мадақ арналады жаратушы өзіңе
Жүрегімде жатталады иланам әрбір сөзіңе
Береке бірлік татулықты,молшылықты бер бізге,
Қасиетті Қазақстан ұлы дала еліне.


Қостанай облысы
Науырзым ауданы
Қарамеңді ауылы
Халықов Жақсылық
Түркебай ата мешітінің алқа мүшесі

Среда, 06 Июнь 2018 09:56

Рудныйдағы рухани кеш

Рудныйдағы рухани кеш

Рудный қаласында Рамазан айының құрметіне арналған «Рамазан мүбәрәк болсын» атты рухани кеш болып өтті. Ауқымды басқосуды осы шаһардың әкімдігі мен Рудный қалалық «Нұр» мешіті ұйымдастырды.

Рудныйдағы рухани кеш

Оған ел ағалары мен қала тұрғындары және мешіт жамағаты қатысты. Аталмыш кешке ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілі бас имам Бақытбек қажы Нұрғабылұлы қатысып, жиылған жұртшылыққа оразаның қадір-қасиеті жайлы әңгімелеп «Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмірі, отбасы» тақырыптарында уағыз айтты.

Рудныйдағы рухани кеш

Басқосқан халыққа Рудный қаласының әкімі Бақытжан Темірұлы дастархан жайып, ауыз ашар берді. Онда қасиетті Құран оқылды. Қалың жұртшылық шаһар басшысына өздерінің шынайы алғыстарын білдірді.

Рудныйдағы рухани кеш

Рухани кеште діни әндер орындалып, шараның шырайын ашты. Осы кешке қатысқан әрбір қандастарымыз ұмытылмас әсер алды.

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігінің баспасөз қызметі

Понедельник, 04 Июнь 2018 16:26

Балаларды қорғау күнінде

Балаларды қорғау күнінде

Мына дүниеде баланың бақытты болуы мен жүзінен шаттық күлкісін көруден артық не бар дейсіз. Сондықтан да болар Арқалық қалалық „Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің ұжымы демеушілер көмегімен жуырда ғана болып өткен халықаралық балаларды қорғау күніне орай қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастырды.

Балаларды қорғау күнінде

Олар әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасындағы бүлдіршіндерге киім-кешектер мен тәттілер беріп, шаттыққа бөлесе, «Ана мен бала» үйіндегі Жұлдыз есімді жас анаға қол ұшын созып, кішкене бөбегіне қажетті заттар мен киімдерді табыс етті.

Балаларды қорғау күнінде

Сондай-ақ намазхан Рүстем Асанханұлымен бірге шаһардағы ата-ана құқығынан айырылған сәбилердің көңілін көтеру мақсатында спорттық жабдықтар яғни ойын доптары және басқа да заттарды сыйға тартты.

Балаларды қорғау күнінде

-Біз жылда балалар мерекесінде әсіресе әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасы балаларына шама-шарқымыз келгенше қамқорлық жасауға тырысамыз. Биыл да қасиетті Рамазан айында қайырымдылық көрсетуге ұмтылдық. Балалардың мәз-мәйрам болғанын өз көзімізбен көрдік,- дейді жоғарыда аталған игі істі ұйымдастырушы, Арқалық қаласы мешітінің бас имамы Бектұрсын Уәлиев.

Балаларды қорғау күнінде

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Қазақстанда 1997 жылдан бері 31 мамыр-саяси-қуғын сүргін құрбандарын еске алу күні ретінде аталып келеді. Кешегі, нәубет жылдары қаншама қазақ азаматтары жазықсыз құрбан болғаны тарихымыздан белгілі.

Жазықсыз құрбан болғандарға арналған ауызашар

Кешегі Алаш қозғалысының белді мүшелері Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов және басқалар қазіргі жарқын өміріміз үшін ештеңеден аянған жоқ.

Жазықсыз құрбан болғандарға арналған ауызашар

Міне, осындай саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған тағылымдық шалалар облыстық барлық аудандары мен қалаларындағы мешіттерде ұйымдастырылып, қатысқан ағайындарға тағылымдық жағы зор болды.

Жазықсыз құрбан болғандарға арналған ауызашар

Жуырда сол кезеңдерде қайтыс болған азаматтардың рухына бағышталып, Рудный қалалық «Нұр» және Қашар кентінің «Кәмшат ана» мешіттерінде де жамағаттарға ауыз ашар берілді. Содан кейін арнайы Құран бағышталды.

Жазықсыз құрбан болғандарға арналған ауызашар

Қысқасы, қазір арамызда жүрген жастар өткен тарихына құрметпен қарап, сол ұлтымыздың басына қара бұлт болып үйірілген жылдарды ешқашан да ұмытпау керек.

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пятница, 01 Июнь 2018 11:29

Арқадағы ауызашар

Арқадағы ауызашар

Он екі айдың сұлтаны атанған берекелі Рамазан айы келіп, мұсылман қауымы зор қуанышқа кенелуде. Шарафатты Рамазан басталғалы барлық жерде ауызашарлар өткізіліп, бес парыздың бірі – оразаның мәртебесі көтерілуде.

Арқадағы ауызашар

ҚМДБ-ның Түркия елімен арадағы келісімі бойынша, елімізге биыл да бірнеше қарилар келген болатын. Сол хафиздардың бірі - Кокен Амре Арқалықтағы «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінде жамағатпен тарауықта қасиетті Құран кәрімді толық хатым жасауда.

Арқадағы ауызашар

Мешіт қызметкерлерінің ұйымдастыруымен жылдағы дәстүр бойынша ауызашарлар жалғасуда. Рамазанның алғашқы күні қала басшылығы, екінші күні қажылар қауымдастығы және үшінші күні «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің барша қызметкерлері ауыз ашар дастарханын жайып, үрдіс жалғасуда.

Арқадағы ауызашар

Аталмыш мешіт бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлының айтуына қарағанда, Рамазанның әр күніне ауызашар өткіземін деп ниет етіп отырған азаматтар аз емес. Ауыз ашар былтырғы жылдары мешіт жанындағы арнайы құрылған шатырларда өтіп келсе, биылғы ауа-райының қолайсыздығына орай мешіт жанындағы «Достар» атты дәмханада берілуде.

Арқадағы ауызашар

Ауызашарларда дін қызметкерлері тарпынан жамағатқа Рамазан айының қасиеті және басқа да тақырыптарда тағылымды уағыздар айтылып, ұлттық дәстүрге сай, ғибратты жыр термелер де орындалуда.

Арқадағы ауызашар

Арқадағы ауызашар

Арқадағы ауызашар

Арқадағы ауызашар

Арқадағы ауызашар

Арқадағы ауызашар

Арқадағы ауызашар

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): "Ағаш бесіктен жер бесікке дейін білім алыңдар!" ­- деген. Білім алу – әрбір мұсылман ерге де, әйелге де парыз.

Білім алу – Алладан қорқу!

Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінде жыл сайын 7 айға созылатын 2 кезеңдік білім беру курсы толассыз жүргізіліп келеді.

Мешіт жанында тұрақты түрде жүргізіліп отырған аталмыш сауат ашу курсында діни біліммен сусындаған шәкірттер арасында еңбектеген баладан еңкейген кәріге дейін білім алып жүргендер бар.

Білім алу – Алладан қорқу!

Шәкірттер кезекті оқу мерзімін аяқтап, емтихан тапсырды. Білім алушылар арасында сынақты үздік тапсырып, алған білімін көрсете білген шәкірттерге мешіт имамы мен ұстаздар атынан сертификат табысталды.

Шара барысында ұстаздар: Арлан Бауыржанұлы, Бахытбек Сәндібекұлы және Балғабай Оразханұлы ілім алудың артықшылығы жөнінде тартымды уағыз-насихат айтып, білім алуды орта жолда  қалдырып қоймауға үндеді.

Білім алу – Алладан қорқу!

Мешіт имамы Бектұрсын Уәлиев: "Білім алыңдар! Білім алу – Алладан қорқу. Білімді талап қылу – ғибадат, алған білімді қайталау – тасбих, білімге ынталану – жихад, алған білімді тарату – құрбандық, білімді білмегендерге үйрету – садақа"-деген саңлақ сахабалардың саралы сөздерін келтіріп, шәкірттерді лайым кішіпейіл де әдепті болуға шақырды.

Еске сала кетсек Арқалық мешітінде жылма-жыл қазан мен мамыр айларының аралығында ұстаз Арлан Нұғымановтың тікелей жауапкершілігімен арнайы сауат ашу дәрістері жүргізіліп келеді. Мұнда әсіресе қаладағы колледж және институт студенттері көптеп дәріс алады. Мұндағы тәлім алушылар тек қана жергіліктілер емес, еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған шәкірттер бар.

Білім алу – Алладан қорқу!

Мешіттен рухани нәр алған ынталы шәкірттер тек қана оқып қойған жоқ, мешіттің тыныс-тіршілігіне де зор қолғабыс тигізді. Атап айтар болсақ, қайырымдылық шараларға қатысты. Яғни қаладағы жалғызбасты қариялардың тұрмыс-тіршілігіне қатысты отын-суын әзірлеп, қыс мезгілдерінде үй-аула маңын қардан тазартып берді.

Сондай-ақ атаулы мерекелерде де жан-жақты үлес қосып, белсене араласты.

Білім алу – Алладан қорқу!

Іс-шараны толығырақ www.akmechet.kz  фотогалерея айдарынан көруге болады.

Понедельник, 28 Май 2018 10:17

Министр «Асыл арна» телеарнасында

Министр «Асыл арна» телеарнасында

Бүгін «Асыл арна» телеарнасына Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Аманұлы Қалетаев мырза ресми сапармен келді. Арнаның ұжымымен арнайы танысқан министр техникалық әлеуетке де ерекше назар аударып, негізгі телеөнімдер жасалатын студияларды аралап шықты. «Асыл арнаның» осы күнге дейін жасалған жұмыстарына жоғары баға берген министр арнаның Бас редакторы Болатбек Қожан жүргізетін «Емен-жарқын» бағдарламасына эксклюзивті сұхбат берді.

Министр «Асыл арна» телеарнасында

Жұмыс жүйесіне қаныққан министр арна қызметкерлеріне өз ықыласын білдіріп, Елбасы жолдауында белгіленген мемлекеттік саясаттың, соның ішінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Асыл арнада» насихатталу деңгейін айрықша атап өтті. Сонымен қатар, әлем жұртшылығын алаңдатқан діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес мақсатында дайындалған ағартушылық бағдарламалар, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы және «Асыл арна» телеарнасы арасындағы үш жақты меморандум негізінде атқарылып жатқан шаралар жөнінде де жылы пікір білдірді. Сондай-ақ, Парламент палаталарында талқыланып жатқан Дін туралы заңға қатысты да айтып өтті. Ресми кездесу барысында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев мырза да ҚР еңбек сіңірген қайраткері Мұхамеджан Тазабек басқаратын «Асыл арна» телеарнасына деген әкімшіліктің көзқарасын жеткізіп, өзінің ізгі пейілін танытты.

Министр «Асыл арна» телеарнасында

Сөз соңында, Дархан Аманұлы қазақ руханияты мен мемлекет идеологиясындағы «Асыл арна» телеарнасының орны бөлек екенін тілге тиек етіп, алдағы уақытта министрлік пен телеарна арасындағы байланыс нығая түсетіндігін айтып, болашақ жоба-жоспарларға табыс, арна еңбегіне жеміс тіледі.

Министр «Асыл арна» телеарнасында

Пятница, 25 Май 2018 14:15

Футболдан жарыс өткізілді

Қарабалық ауданындағы «Ғашура ана» мешітінің ұйымдастыруымен қасиетті Рамазан айының құрметіне «Қош келдің, Рамазан!» атты аудан жасөспірімдерінің басын қосқан шағын футболдан сайыс болып өтті.

Футболдан жарыс өткізілді

Осынау жарысқа арналған салтанатты аталмыш мешіттің бас имамы Серік Рахым құттықтау сөзбен ашып, салауатты өмір салты қоғамымызда ерекше орын алатындығын тілге тиек етті.

Футболдан жарыс өткізілді

Жалпы, Ислам дінінде де спорттың адам баласына әсерінің мол екендігі айтылады. Сол себептен де қазіргі таңда өңіріміздегі барлық мешіттерде жылда спорттың бірнеше түрінен сайыстар өткізу дәстүрге айналды.

Футболдан жарыс өткізілді

Сол себептен де бас имам футболдан ұйымдастырылған сайысқа қатысушыларға тек сәттілік тіледі.

Футболдан жарыс өткізілді

Ойын өте қызықты да тартысты өтті. Онда жүлделі бірінші орынды №1 Қарабалық орта мектебінің, екінші орынды №3 Қарабалық орта мектебінің, үшінші орынды «Наука» орта мектебінің командалары жеңіп алды.

Футболдан жарыс өткізілді

Жеңімпаздарға мақтау қағаздары мен арнайы кубоктар және ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігінің баспасөз қызметі

Жақында Арқалық қалалық мешіт қызметкерлері және қалаға қарасты ауылдық мешіт-намазхана имам-молдалары қасиетті Рамазан айына байланысты бас қосты.

Қасиетті Рамазан айына арналған жиын

Жиында «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің бас имамы Б.Уәлиев ашып, қасиетті дінімізді өз өңірімізде кеңінен насихаттау, имамдар мен барша дін қызметкерлерінің жауапкершілігін арттыру жайлы кеңінен тоқталды.

Қасиетті Рамазан айына арналған жиын

Сондай-ақ басталған Рамазан айында атқарылатын нақты қызмет жоспарларымен таныстырып, жиналғандардың пікірлерін тыңдады.

Қасиетті Рамазан айына арналған жиын

Күн тәртібіндегі Рамазан айындағы жүзеге асырылатын игілікті істер тағы да пысықталып, тарауық намазының үзбей оқылуы, үстіміздегі жылы Ораза кезіндегі ҚМДБ тарапынан бекітілген пітір-садақа мөлшері мен кесте жайлы да жан-жақты айтылды.

Қасиетті Рамазан айына арналған жиын

Осы аталғандармен қатар басқосуда мешіт жамағаттары арасына жүргізілетін уағыз-насихат, діни сауат ашу курстары жұмыстарын жүйелеп бір ретке келтіру, жамағатты молынан қамту, жат ағымның алдын алу, мешіт қызметкерлері және жамағат арасында тығыз байланыс орнату да әңгіме арқауына айналды.

Рамазан-киелі де аса маңызды ай болып саналады. Сондықтан діни қызметкерлерден мешітке келушілерді ілтипатпен қарсы алу, тарауық намаздарынан кейінгі тегін автобустарды ұйымдастыру, жалпы тазалық мәселелері сияқты жайлар да кеңінен қозғалды.

Дәл осындай мазмұндағы жиын Аманкелді аудандық «Сатыбалды ишан» мешітінде де өтті. Онда мешіттің бас имамы Жандарбек Әмірхамзин Ораза кезіндегі жүзеге асырылатын шараларға тоқталды.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником