Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Понедельник, 10 Апрель 2017 16:44

Ихъя улюмиддин — Ерсін Әміре Абу Юсуф

Ихъя улюмиддин. 21. Ихсан білімінің маңыздылығы - Ерсін Әміре Абу Юсуф

Ихъя улюмиддин. 22. Атақ құмарлық дерті 1-ші бөлім - Ерсін Әміре Абу Юсуф

Ихъя улюмиддин. 23. Атақ құмарлық дерті 2-ші бөлім - Ерсін Әміре Абу Юсуф

Ихъя улюмиддин. 24. Атақ құмарлық дерті 3-ші бөлім - Ерсін Әміре Абу Юсуф

Ихъя улюмиддин. 25. Риякершілік 1-ші бөлім - Ерсін Әміре Абу Юсуф

Ихъя улюмиддин. 26. Риякершілік 2-ші бөлім - Ерсін Әміре Абу Юсуф

Ихъя улюмиддин. 27. Риякершілік 3-ші бөлім - Ерсін Әміре Абу Юсуф

Ихъя улюмиддин. 28. Риякершілік 4-ші бөлім - Ерсін Әміре Абу Юсуф

Ихъя улюмиддин. 29. Риякершілік 5-ші бөлім - Ерсін Әміре Абу Юсуф

Ихъя улюмиддин. 30. Ашулану 1-ші бөлім - Ерсін Әміре Абу Юсуф

Ихъя улюмиддин. 31. Ашулану 2-ші бөлім - Ерсін Әміре Абу Юсуф

Ихъя улюмиддин. 32. Көреалмаушылық 1-ші бөлім - Ерсін Әміре Абу Юсуф

Ихъя улюмиддин. 33. Көреалмаушылық 2-ші бөлім - Ерсін Әміре Абу Юсуф

Ихъя улюмиддин. 34. Көреалмаушылық 3-ші бөлім - Ерсін Әміре Абу Юсуф

Ихъя улюмиддин. 35. Тәкапарлық 1-ші бөлім - Ерсін Әміре Абу Юсуф

Ихъя улюмиддин. 36. Тәкапарлық 2-ші бөлім - Ерсін Әміре Абу Юсуф

Ихъя улюмиддин. 37. Тәкапарлық 3-ші бөлім - Ерсін Әміре Абу Юсуф

Ихъя улюмиддин. 38. Тәкапарлық 4-ші бөлім - Ерсін Әміре Абу Юсуф

Ихъя улюмиддин. 39. Тәкапарлық 5-ші бөлім - Ерсін Әміре Абу Юсуф

Ихъя улюмиддин. 40. Тәкаппарлық 6 бөлім - Ерсін Әміре Абу Юсуф

Понедельник, 10 Апрель 2017 14:17

Мәуліт кеші

01

Жақында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкілдігінің әйелдер-қыздар секторының өкілі Аяулым Ермекқызы дін жолында ұстаздық етіп жүрген Арқалық қалалық «Мұхтасиб Әлмұхаммед» мешітінен Диана Қуанышқызы және Қостанай аудандық «Маңдай батыр» мешітінен Жансая Салауатқызының атқарып жатқан жұмыстарының жемісін көрсетті.

01

Бұл шараға отызға жуық шәкірт қатысып, өздерінің қарым -қабілеттерін танытты. Онда ұстаздың қадірін білу және шәкірт пен ұстаздың арасындағы қарым қатынасты көрсететін көрініс ұйымдастырылды.

01

Сонымен қатар жастардың діни жат ағымдардан бойларын алшақ ұстау және басқа да маңызды жайлар айтылып, қатысушылар көп жайды көңілдеріне түйді.

01

Осы басқосудан соң дастарқан жайылып, құрмет көрсетілді.

01

ҚМДБ Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі

«Төрт мәзхабтан басқаға ергенге қарсы жауап» - Ерсін Әміре Әбу Юсуф (1-дәріс)

«Төрт мәзхабтан басқаға ергенге қарсы жауап» - Ерсін Әміре Әбу Юсуф (2-дәріс)

Четверг, 06 Апрель 2017 19:52

Науырзымдағы рухани кеш

Жақында Науырзым аудандық Жамбыл орта мектебінің акт залында мұсылман жамағатының қатысуымен сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммедтің туған күніне арналған рухани кеш болып өтті.

01

Осынау қасиетті мерекені Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысы бойынша өкіл имамы Бахытбек Тәжімбет ашты.

01

Басқосуда аудан әкімі Талғатбек Даиров жұртшылықты аталған мейраммен құттықтады. Ол еліміздің ауызбірлігін нығайтып, адами құндылықтарымызды насихаттауда, жастарымызды рухани тұрғыдан байытуда Ислам дінінің алатын орны зор екенін атап өтті.

01

Мерекелік кеш барысында Пайғамбарымыздың хадистерінен үзінділер оқылып, мысалдар келтірілді. Мұсылман қауымын зиялылық пен тектілікке, адалдық пен адамгершілікке шақыратын уағыздар да жүректерді қозғады.

01

Сондай – ақ жиында көршілес Әулиекөл ауданынан келген намазхан жігіттер діни сипаттағы тағылымға толы қойылым қойса, аудандық мәдениет үйінің қызметкерлері жастарға арнап өсиет пен діни әндерді нәшіне келтіріп орындады.

01

Мәуліт мерекесі құрметіне мешіт жанашыры, жеке кәсіпкер Елжас Шора демеушілік етіп, әлеуметтік жағдайы төмен жеті отбасыға қайырымдылық көмек көрсетті.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысы бойынша өкіл имамы Бахытбек Нұрғабылұлы бір топ азаматтарға Алғыс хатты салтанатты түрде тапсырды.

Олардың қатарында өңірге есімдері белгілі Бағытжан Мұттақов, Сержан Алдажұманов, Нұрқат Жұмабекұлы, Әділет Сұлтанов, Өмірзақ Бекділдәұлы, ағайынды Алма және Ботагөз Серікқыздары, Елжас Шора, Ернар Омаровтар бар.

Рухани кештен соң жүрегі жомарт жандардың қолдауымен мереке құрметіне «Шапағат» мейрамханасында ас берілді. Онда жастарға өнеге болар ұлағатты сөздер айтылды.

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігінің баспасөз қызметі

Среда, 05 Апрель 2017 10:33

Өңірдің намысын қорғайды

Қостанай облыстық мешітінде кезекті үш күндік семинар өткізіліп, кейін «Нұрлы мінбер» облыстық имамдар байқауы өтті. Оған өңірдегі қалалар мен аудандардағы имамдардың арасынан 8 үміткер қатысты.

01

Баршаға мәлім, қазіргі таңда имамдардың заманға сай білімдерін жан-жақты жетілдіру аса қажет. Байқаудың негізгі мақсаты - дәстүріміз бен мәдениетіміздің діңгегі болып табылатын асыл дініміздің құндылықтарын кеңінен насихаттау, бұқара халық арасында имам беделінің артуына ықпал ету, қоғамдағы бәсекеге қабілетті имам келбетін қалыптастыру, имамдардың эстетикалық қабілетін шыңдап, өзіндік білім жетілдіруіне мүмкіндік туғызу.

01

Осынау сан сатылы байқауда уағызы өтімді, сөздері ұтымды, білікті имамдар «Сәлем – сөздің атасы», «Бәйге», «Жеті жарғы», «Жағдаят» және «Имам мінбері» турлары бойынша бақтарын сынап, білімі мен біліктіліктерінің дәрежесін көрсетті.

01

Сынға түскен имамдар алдымен өздерін таныстырды. Содан соң «Бәйге», «Жеті жарғы» турларында діни және басқа да маңызды сұрақтарға балдық жүйе бойынша жауап берді.

01

Ал «Жағдаят» турында әр имамға өмірде кездесіп жататын түрлі оқиғадан мысалдар берілді. Осы сауалдардың шешімін табу имамдардың білімі мен ой жүйріктігіне қалдырылды.

01

Соңғы «Имам мінберінде» деп аталатын шешуші турда дін қызметкері қысқа мерзімде белгілі бір тақырып бойынша уағыз айтудан сайысқа түсті. Шешендік шеберлігі мен сөз саптауы, шариғатқа байланысты білім дәрежесі мен парасат-пайымдары да сарапқа салынды.

Әділ қазылар алқасының ұйғарымымен бас жүлде Қостанай қалалық мешітінің бас имамы Шоқан Ғазизұлына берілді. Ол енді Республикалық «Нұрлы мінбер» байқауында өңірдің намысын қорғайтын болады.

Біз белгілі дін қайраткері Шоқан Әмірхановтың қуанышына ортақтаса отырып, оған сәтті сапар тілейміз!

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігінің баспасөз қызметі

252935 1491282450

Бүгінде қоғамда жат ағым өкілдерінің белсенділігі, олардың құлшылық орындарда бүлік тудыру фактілерінің көбеюі байқалады. Әсіресе, қазақ елі үшін он ғасырдан астам уақыт бойы дәстүрлі жол болып қалыптасқан Ханафи мәзһабын мойындамайтын, көпшілік мұсылмандармен бірге болғысы келмейтін, ұлттық салт-дәстүрмен санаспайтын, елдің ауызбіршілігіне нұқсан келтіретін салафилік-уахабилік ағымының идеологиясы еліміздің тыныштығына қауіп төндіруде.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) Ислам дінінің сүнниттік бағытын, оның ішінде имам Әбу Ханифа мәзһабын ұстанады. Мұсылман үмбетінің басым көпшілігіне ортақ сенім ұстанымдары мен шариғат шарттарын уағыздайды. Сенім, иман мәселелерінде имам Матуриди ақидалық мектебінің жолын ұстанады (І Республикалық имамдар форумында қабылданған «Қазақстан мұсылмандарының Тұғырнамасы», 1.1).

Негізінде суниттер фиқһта (шариғат құқығында) Ханафи, Шафиғи, Ханбали, Малики мәзһабтарынан құралады. Ал, ақидада (сенім тұрғысынан) Матуриди және Әшғари мектептерінің қағидаларын басшылыққа алады. Бұл екі мектепті де ұстанатындардың қағидалары мен жолдары бір. Яғни, Құран Кәрім мен Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) сүннетіне амал етудегі бағыттары, пікірлері бір жерден шығады.

Қазіргі кезде әлемдегі сүннит мұсылмандардың жартысынан көбі (шамамен 53%) Ханафи мәзһабын ұстанады және Матуридилік мектептің ғұламалары бір жүйеге келтірген сенім негіздерін басшылыққа алады. Атап айтқанда, Қазақстан және Орталық Азия елдері, Түркия, Балқан түбегі, Қытай, Үндістан, Пәкістан, Ауғанстан, Ресейдің Татарстан, Башқұртстан мұсылмандары және Египет, Ливан сияқты бірнеше араб елдеріндегі мұсылмандардың басым көпшілігі Матуридилік мектептің ғұламалары бір жүйеге келтірген иман негіздерін ұстанатын – ханафилер. Әсіресе, бұл жүйе түркі халықтары арасында көбірек таралған.

Осы тарихи тұғырымызды ескерген Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2012 жылғы жолдауында дін мәселесінің қоғамымызда қаншалықты өткір тұрғандығын айта келе: «Біз мұсылманбыз, оның ішінде Әбу Ханифа мәзһабын ұстанатын сүнниттерміз...» деп, сүнниттік бағыттағы Ханафи мәзһабы, Матуриди сенім мектебінің Қазақ елінің рухани ынтымағындағы маңыздылығын атап өткен болатын.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мешіттерде ханафи мәзһабының ережелерін сақтамай, жат ағымның жолындағы жоралғыларды жасайтын, имамға қасарыса қарсыласатын, жамағаттың шырқын бұзатын жат пиғылдылардың әрекетін дұрыс санамайды.

Алланың үйінде отырып, жамағат арасында алауыздық тудыратындар – мешіт тәртібіне бағынғысы келмейтін, Әбу Ханифа мәзһабы мен салт-дәстүрімізді мойындамайтын, мемлекеттік құқықтық нормаларды сақтамайтын, қоғамда қалыптасқан зайырлы құндылықтарды құрметтеймейтін жат ағымның жетегінде жүрген азаматтар екенін айта кету керек. Имамның сөзі мен мешіттің тәртібіне бағынбай, «әмин» сөзін дауыстап айтатын салафилік-уахабилік бағытты ұстанатын азаматтардың жоғарыда атап өткен бүлікке бастайтын әрекеттерін айыптаймыз.

Ислам діні ел ішінде бейбіт өмірдің сақталуына, халықтың ауызбіршілігінің беріктігіне үлкен мән береді. Сондықтан әлем ғұламалары қай елде қай мәзһаб басымдылыққа ие болса, сол елдің мұсылмандарына сол мәзһабты ұстану міндет болатыны туралы бір ауыздан пәтуаласқан (иджмағ). Сондықтан, әрбір мешітке келуші елімізде Ханафи мәзһабы дәстүрлі ислам жолы екенін ескеріп оның қағидаларын берік сақтауға тиіс.

Асыл дініміз тәртіп сақтауға көп көңіл бөлген. Оны мешіт ішінде жамағатпен оқылатын намаздың талабынан байқауға болады. Әнәс ибн Мәлік жеткізген Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Саптарыңызды түп-түзу етіңіздер, намаздың толық болуы – саптың түзулігіне байланысты» (Бұхари және Муслим), – деген хадисі мешіт ішіндегі тәртіптің қатты сақталу керектігін меңзеген.

Мүфтият Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен, сонымен қатар жер-жердегі жамағаттың ҚМДБ-ға жолдаған арнайы өтініш-тілектерін ескере отырып, «ҚМДБ мешіттерінің ішкі тәртіп ережесі» құжатын дайындап, аталған Ережені Ғұламалар кеңесінің XIV-отырысында қабылдады. Аталған құжаттың қабылдануы қазіргі заманның, қоғамның, мешітке келуші жамағаттың талабынан туындап отыр. Мұндай құжат корпоративтік этика ретінде кез келген өркениетті мекемеде бар.

Аталмыш құжаттың 1.4. бабында: «Мешіт жамағаты (бес уақыт намазға қатысушы, уағыз тыңдаушы, сауат ашу, Құран курстарының шәкірттері, жеке мәселеде келушілер) мешіттің ішкі тәртібінде қарастырылған барлық міндеттемелерге бойұсынуға міндетті», – делінген.

ҚМДБ орталық аппараты жамағатты «ҚМДБ мешіттерінің ішкі тәртіп ережесі» құжатындағы талаптар мен ережелерді сақтауға, құрмет етуге шақырады. Құжаттың кез келген бабы бойынша тәртіп бұзып, мешіт ішіндегі тыныштықты кетіріп, теріс әрекет жасаушылар мен оларды қолдаушылар заң алдында жауап беретінін ескертеді.

Сонымен қатар, жамағатты Абу Дардадан жеткен Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Жамағатпен бірге болыңдар! Өйткені, бөрі бөлінгенді жейді (Имам Термизи, Әбу Дәуіт, Нәсәий, Байһақи сунандарында, Ибн Хиббан, Ибн Хузайма сахихтарында, Хафизул-Хаким мустадрагында риуаят еткен дұрыс хадис)», – деген өсиетіне мән беріп, адасқан ағымдардың арбауына түспеуге үндейді.

muftyat.kz

Баршаға мәлім, үстіміздегі жылы 31 қаңтарда мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші Жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталатын Жолдауы басылымдарда жарық көргені баршаға мәлім.

01

Осынау маңызды құжатты басшылыққа ала отырып, студент жастарды Отан сүюге тәрбиелеу, ерлікке баулу, патриоттық сезім қалыптастыру мақсатында жуырда Қостанай қалалық мешітінде «Жаңа жолдау- жаңа басымдық» атты тақырыппен кездесу өтті.

Бұл бас қосуды мешіт қызметкерлері Н. Островский атындағы қалалық кітапхана ұжымымен бірлесе ұйымдастырды. Онда аталмыш мешіттің Бас имамы: Шоқан қажы Әмірханов шақырылған қонақтарды жиналған студенттермен таныстырып, кештің мақсаты мен мәнін түсіндірді.

01

Мәжіліске есімі өңірге кеңінен таныс Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің профессоры, философия ғылымдарының кандидаты Қалқаман Жақып және Қостанай политехникалық колледжінің жастар комитетінің төрағасы Дастан Беков қатысты.

01

Дөңгелек үстел барысында жүздесуді бас имам Шоқан Ғазизұлы ашып, белгілі ғалым Қалқаман Хасенұлы Елбасының мемлекетіміздің болашағы болып табылатын жастарға туғызылып жатқан мүмкіндіктер мен жасалған қамқорлықтарға жан – жақты тоқталды.

01

Сондай – ақ, колледж өкілі Дастан Салтанатұлы өзінің пікірін ортаға сала келіп, жастардың республикамыздың мәртебесі бұдан да асқақ әрі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосылу үшін жігіттер мен қыздар аянбай еңбек етулері қажет екендігін айтты.

Мешіттің наиб имамы Дүйсен Сәрінжіпұлы өз сөзінде жастардың жат ағымдардан аулақ болып, ұлттық салт – дәстүріміз бен әдет – ғұрпымызды берік ұстану қажеттігін тілге тиек етті.

01

Сөйтіп, ертеңіміз жарқын болсын десек ұлдарымыз ұлықты, қыздарымыз қылықты болуы керектігін де өзінің уағызында кеңінен баяндады.

Кешке қатысқан Қостанай қаласындағы гуманитарлық және экономикалық колледждерінің студенттері өздерінің көкейде жүрген сауалдарын қойып, нақты жауап алды.

Ал бас қосуда кітапхана тарапынан модераторлық қызмет ұсынылып, қатысушылардың назарына «Жаңа жолдау- жаңа басымдық» атты слайдтар ұсынылды.

Жиын соңында дін қайраткері Шоқан қажы Әмірханов барлық қонақтар мен жиналған студенттерге шынайы алғысын білдірді. Жерлестеріміз арнайы жайылған дастарханнан дәм татты.

ҚМДБ – ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником