Қолда бар алтынның қадірін жоғалтқанда білерсің демекші, Алла Тағаланың адамзат баласына берілген уақыт пенен денсаулығымыздың қаншалықты құнды, жоғары екенін ұмытып кетіп жатамыз.
Қазіргі қоғамда адамдардың көпшілігі өз өмірін, алтын уақытын керексіз нәрселерге жұмсайтыны құпия емес. Бұрын діндар ата-бабамыз, өмірінің әр минутын құндап, бір күні өтіп кетсе, соған мұңайып бір күнім өтіп кетті деп бағалайтын болса, ал қазір керісінше, тезірек уақыт өтсе екен дейді. ХХІ ғ. адамының миына «Уақытын босқа өткізу» уақытым жоқ деген ұғыммен алмастырылып, санасына әбден сіңіп кеткен.
Ұлы Жаратушы Иеміз Қасиетті Құранда уақыттың маңыздылығы мен құндылығын нақты айқын белгілеп көрсетті. Мысалы, «Ниса» сүресінің 103-аятынды:
إِنَّ الصَّلَاةَ كَانَتْ عَلَى الْمُؤْمِنِينَ كِتَابًا مَّوْقُوتًا
«Расында, намаз мүміндерге белгілі уақытта парыз қылынды»,-деп ескертті.
Мінеки, Алла Тағала жақсы амалдарды жасау үшін берген сәтті пайдаланып, уақытты босқа жіберіп алмау қажет. Әрине дін ұстанып, Аллаға бойұсынып жүрген кісілер бес уақыт намазын уақытылы орындап, намаздың белгіленген уақыты бар екендігін естен шығармастан, Жаратушысының бекіткен тәртібін еш бұзбасы анық.
Әр мұсылман адам намаз оқып, ішкі жан дүниесімен сыртқы келбетін туралап, тәртіпке келтіреді. Намаз ғибадатынан басқа да адам баласын тәртіпке баулитын қажылық, зекет, ораза т.б. секілді құлшылықтар бар. Жоғарыда аталған құлшылықтың барлық түрлері адамды ұқыптылыққа, уақытты ысырап етпеуге, шақырған жерге кешікпей уақытылы жүруге, өз уақытын үнемдеуге үйрететіндігі белгілі.
Бізге берілген өмірдің құндылығын түсінуіміз үшін, Қасиетті Құран кітабын оқысақ болғаны. Алла Тағала:
اللَّهُ الَّذِي خَلَقَ السَّماواتِ وَالْأَرْضَ وَأَنْزَلَ مِنَ السَّماءِ ماءً فَأَخْرَجَ بِهِ مِنَ الثَّمَراتِ رِزْقًا لَكُمْ وَسَخَّرَ لَكُمُ الْفُلْكَ لِتَجْرِيَ فِي الْبَحْرِ بِأَمْرِهِ وَسَخَّرَ لَكُمُ الْأَنْهارَ (32) وَسَخَّرَ لَكُمُ الشَّمْسَ وَالْقَمَرَ دائِبَيْنِ وَسَخَّرَ لَكُمُ اللَّيْلَ وَالنَّهارَ (33) وَآتاكُمْ مِنْ كُلِّ ما سَأَلْتُمُوهُ وَإِنْ تَعُدُّوا نِعْمَتَ اللَّهِ لا تُحْصُوها إِنَّ الْإِنْسانَ لَظَلُومٌ كَفَّارٌ (34)
«Сондай Алла Тағала көктер мен жерді жаратып, аспаннан жаңбыр жаудырып, сол арқылы сендерге ризық үшін өнімдерді шығарды. Сонымен қатар өз әмірімен теңізде жүргізу үшін кемелерді еріктеріңе берді. Әрі өзендерді де сендерге бағындырды. (32) Ол Алла Тағала сендедің пайдаларың үшін, тұрақты түрде күн мен айды іске қосып, түн мен күндізді де іске қосты. (33) Әрі сендерге өзінен сұраған нәрселеріңнің бәрінен берді. Егер Алланың нығметін санасаңдар, санына жете алмайсыңдар. Расында адам баласы өте ынсапсыз, аса шүкірсіз. (34)».
Қасиетті Құранда Алла Тағала көптеген жерде уақытпен ант етіп, оның маңыздылығын көрсетеді. Мысалы:
وَاللَّيْلِ إِذَا يَغْشَى
«Қаранғылық басқан сәтте, түнге.../серт/)».
وَالضُّحَى
«Сәске уақтына /серт/».
وَالْفَجْرِ
«Ағарған таңға /серт/».
وَالْعَصْرِ
«Заманға /серт/».
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннетінен де уақыттың қадірі турасында көптеген хадистерді кездестіруге болады.
Бір хадисте: «Екі нығмет бар. Адамдардын көпшілігі берілген осы екі игіліктің қадірін түсінбейді, ұмытады. Ол: денсаулық пен бос уақыт»,-делінген. Бос уақыт пен денсаулықтың қадырын өзімізге ұран етіп алатын болсақ күнделікті өмірімізді тиымды пайдаланып уақытымыз жеткілікті болатынына көз жеткіземіз.
Мұсылман адам осы екі нығметті өзінің бұл дүниесі мен ахиретіне пайда келтіретін нәрселерге жұмсау керек. Демек өз алтын уақытымен денсаулығын бос әурешілікпен өткізіп, кейде тиым салынған нәрселерге де бойалдырып, намазын дұрыс оқымайды, уақытын бейқамдық күйде ұйқымен өткізеді, теледидар мен компютер алдында телміріп, керексіз бос әңгімемен уақытын өткізеді.
Бұл екі нығметті орнымен қолдану жеке адам үшін де, қоғам үшін де пайдалы. Мәселен: білім алу, отбасындағы тәрбиеге көңіл бөлу, жағдайы төмен отбасыға қарайласып жәрдем беру т.б. сол секілді пайдалы нәрселермен айналысу қоғамның тұрақтылығын нығайту, бірлікті күшейтіп мәдениеттілікті сақтау.
Бұдан алатын пайдамыз, адамға бір мәрте ғана берілетін өмірде, уақыт нығметін қайырлы нәрселерге жұмсаудың артықшылығын білуіміз қажет. Өйткені, адам өзінің өмірінің санаулы уақытын құнттап, бір рет қана берілетін өмірді дұрыс өткізіп, қайырымдылық қылу, бір-бірімізге жақсылық жасау, игі істерге мұрындық болумен өткізген жөн.
Өмірімізге берілген нығметті дұрыс пайдалана алмай, пайдасыз нәрселерді жасайтын болсақ, әрине өкінішті. Дініміз Исламда бұл әрекеттер хош көрілмеген. Қияметте өткен бос уақытымыз үшін Алла алдында жауап береріміз анық.
Атақты сахаба Ибн Масғұд (р.а.): «Ғұмырымды қысқартып өткен күніме өкінішпен қараймын. Сол күнде жақсы амалды одан да көбірек жасамағаным үшін өкінемін»,- деген.
Атақты имам Абу Ханифаның (р.а.) шәкірті, атақты ғалым, қазы, фақиһ Абу Юсуф (р.а.) қартайып хал үстінде есін бір жоғалтып, бір кіріп жатқан кезде, жағдайын білуге Ибрахим деген шәкірті келеді. Сол кезде Абу Юсуф (р.а.) қуанып кетіп: «Өткендегі мына мәселе бойынша қатты уайымдаудамын. Маған тезірек қағазбен қалам бер»,-дейді. Шәкірті: «Мұндай мүшкіл халде жатып, қағаз қаламды қайтесіз»,-дегеніне болмай алдырып қажылыққа қатысты бір мәселенің үкімін жазды. Шәкірті үйден шығып бара жатқан кезде ұстазының соңғы қырыл демін естіп, үйге қайта кірсе, ұстазы жан тапсырған екен. Міне осылай атақты ғалымдарымыздың өзі өмірлерінің соңына дейін уақытының бос кетпеуіне қатты мән бергені айтылады.
Өткен ғалымдарымыздың өмірінде мұндай оқиғалар көптеп кездеседі. Сондықтан әр мұсылман өзінің уақытын пайдалы өткізілуін қадағалауы керек. Қамшының сабындай қысқа ғұмырымызда, өткен әр минут секундында Алла Тағалаға құлшылықпенен және жақсы амал жасаумен өткізуіміз керек. Әрине, бұл өмірде жұмыс істеп, бала-шаға қамын ойлауымыз қажет екендігі сөзсіз, бірақ, бұл дүние уақытша алдамшы ғана, шын мәнінде қайтар жағымыз мәңгі екенін естен шығармайық. Қолда бар мүмкіндікті бағалап, уақытымызды тиімді өткізуге тырысайық. Аллаға құлшылық етіп өткен адамның жағдайы о дүниеде жеңіл болатынын естен шығармайық!
Дильдабеков Игілік Альтаевич
Таран ауданы, Тобыл кенті
«Ажар» мешітінің бас имамы
Құлағыңыз түрік жүрсін
Белгілі дін қайраткері Бақытбек Нұрғабылұлы Тәжімбет Қостанай облыстық «Марал ишан» мешітінің бас имамы болып тағайындалғаннан бері талай жұртшылықты елең еткізерлік игі өзгерістер мен тың жаңалықтар болып жатыр.
Соның жарқын бір айғағы ретінде облыстық мешітте «Имам телефоны» жұмыс істей бастады. Баршаға мәлім, дін саласы бойынша өз беттерінше сауатын ашқысы келгендер немесе өзге де өздерін толғандырған жайларға байланысты нақты жауап алуға ниеттенген азаматтар әдетте ғаламтордың көмегіне жүгінеді немесе таныстарынан сұрап жатады.
Алайда, олардан алған жауаптарына қанағаттанбаулары да әбден мүмкін. Сондықтан осы саладағы терең білімді дін қайраткерлері яғни мешіт қызметкерлері мұндай кезде нақты көмек бере алады.
Қазіргі кезде екінің бірінде ұялы телефон бар екендігі белгілі. Сол себептен көкейде жүрген нақты сауалдарға байланысты +7 707 320 44 50 нөміріне күндізгі сағат 9.00 ден бастап Құптан намазы арасында хабарласуға болады.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі
Әбу Аюбтан (оған Алла разы болсын) жеткен хадисте, егер кімде кім Рамазанның оразасын аяқтаған сон Шәууәл айында алты күн ораза тұтса, бір жыл ораза ұстағанмен тең болады делінеді.
Бұл Алла Тағаланың бізге берген ұлы Мейірімі. Аз ғана амал жасап, он есе сауап алу – жақсы табыс көзі және керемет келісім.
Осыған орай, бізге осы айдағы оразаны қалай ұстау керек: үзіліссіз бе әлде арасында үзіліс жасап па, Рамазандағы қарыздарды өтегеннен соң ба әлде өтемес бұрын ба, қай күндері, қай уақытта деген толассыз сұрақтар келіп түсуде.
Сол себепті біз Шәууәл айындағы оразаға қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауап беруді ұйғардық:
1. Ханафи мәзһабы бойынша Шәууәл айының оразасын Рамазан айының қазасын өтемес бұрын ұстауға рұқсат етілген.
Әйелдер, сапардағылар мен Рамазан айында сырқаттанып я болмаса белгілі себептермен әрі себепсіз оразасын қаза қылғандар Рамазандағы қарыз оразаны келесі Рамазанға дейін міндетті түрде өтеу шартымен Шәууәл айында ораза тұта алады.
Алайда, егер бірінші Рамазан айындағы қазаны толтырып, артынан Шәууәл айының алты күнін ұстау ұнамды амал болып табылады.
Соған қарамастан, егер адам үлгермей жатса немесе Шәууәл айы аяқталғанша алты күнді ұстай алмай қаламын деп қауіптенсе, керісінше де жасауға болады
2. Шәууәл айындағы ораза тек Шәууәл айында ғана ұсталады. Егер кімде кім ай аяқталғанша ұстап үлгермесе, күнә болып саналмайды, себебі бұл ораза парыз етілмеген. Шәууәл айының оразасын Ораза Айт мейрамының бірінші күні өткен соң ұстай беруге болады.
Яғни, Шәууәл айының екінші жұлдызынан бастап Рамазан айының қазасын өтеп, одан әрі Шәууәл айының нәпіл оразасын ұстауға болады.
3. Рамазан айында мүлде ораза тұтпаған жандар парыз оразаны себепсіз қалдырған болса да, Шәууәл айының оразасын ұстай алады. Алайда, олар бір жылдық ораза тұтқанның сауабын ала алмайды. Себебі ондай сауапты алу үшін, хадисте келгендей, парыз болған оразаны міндетті түрде ұстауы қажет. Соған қарамастан, Алла қаласа, олар Шәууәл айындағы алты күндік оразаның сауабын алады.
Дегенмен, олар үшін Рамазандағы қазаның орнын толықтыру хайырлы. Себебі парызды қалдырып қою Алланың алдында үлкен күнә болып саналады.
4. Шәууәл айының алты күнін үзбей ұстауға да, арасында үзіліс жасап ұстауға да болады. Егер бір күн қоспаса, жұма күндері ораза тұтуға болмайды. Мысалы: бейсенбі- жұма немесе жұма- сенбі. Егер осындай етіп ұстар болса, жұма күні ораза тұтуға рұқсат.
Егер Рамазан айында ешқандай қазасы болмаған жандар болса, Шәууәл айының оразасын дүйсенбі және бейсенбі күндері ұсталатын сүннет оразасы күндері ауыз бекітуіне болады. Алайда, бұл бір жолы ғана. Шәууәл айының қосымша оразасын қай күні ұстау әр адамның жеке басының ісі.
5. Шәууәл айындағы ораза мен Рамазан айындағы ораза, сондай - ақ, өзге айлардағы тұтылатын оразалардың барлығы таңнан кешке дейін ұсталады.
Таң намазы мен ақшам намазының уақыттары қай кезде кіретінін білу үшін сайтымыздағы "Намаз уақыты және құбыла" айдарына кіріп, өз қалаңызды таңдап, сол жерден анықтай аласыз.
Таң намазы – ауыз бекітер уақыттың басталуы. Бұл деген сөз, сәресі ішуді және оразаны бұзатын амалдарды (ерлі- зайыптыларға жыныстық қатынасты, тіс тазалау барысында тіс пастасы жұтып қою, тағы басқа ) тоқтату қажет деген сөз. Рамазан айындағы оразаны бұзатын амалдырдың барлығы да кез келген оразаны да бұзады.
Ақшам намазының уақыты – ауыз ашатын уақыт. Күн ұясына бата салысымен мұсылман адам оразада тыйым салынған амалдарды жасауына болады.
Алла Тағала баршамыздың оразамызды қабыл алып, екі ғұмырда да сауапқа кенелтсін!
Сауаттылық-уақыт талабы
«Мирас» мәдениет үйінде өзекті мәселе талқыланды
Қазіргі таңда кімнің де болсын уақыт талабына сай жан – жақты сауатты болуы қажет. Себебі, арамызда жүрген жігіттер мен қыздар кез-келген ортада, әсіресе, маңызды мәселелер әңгімеге арқау болған сәттерде өздерінің пікірлерін жеткізе білгендері жөн. әр түрлі жағдай болады.
Қазіргі таңда дін саласында да білімді де білікті болғанға не жетсін. Өйткені тәуелсіздіктің арқасында ислам діні өркендеп, жастарымыз имандылыққа бет бұрыс жасап жатқандары бәрімізді де қуантады.
Жуырда «Мирас» мәдениет үйінде Қостанай облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен қалалар мен аудандардағы жастар бастамалары орталықтарының басшылары, ақпараттық түсіндіру жұмыстарының мүшелері «Дін және адамгершілік» тақырыбында бас қосып, оны жан-жақты талқылады.
Жиынға облыстық «Марал ишан» мешітінің наиб имамы Азамат Мурзаканов қатысып, дін мен адамгершіліктің Ислам дінінде егіз ұғым екендігін тілге тиек етті.
Басқосудан жастар ұмытылмас тағылым алды.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі
Облысымыздың Қарасу ауданы Октябрь кентінде орналасқан «Қарамырза» мешітін өңір жұртшылығы жақсы біледі. Онда бас имам болып өз саласының білікті маманы Серік Салих біраз уақыттан бері қызмет атқарады.
Осынау халықты имандылыққа ұйытып келе жатқан мешітке де жуырда 10 жыл толды. Соған орай мерейтой ойдағыдай аталып өтті. Қуанышқа ортақтасу үшін жан-жақтан қонақтар бас қосты.
Оған Қостанай облыстық «Марал ишан» мешітінің наиб имамы Бақытжан Икрам, Қарасу аудандық мешітінің бас имамы Халық қажы Әбсаттар қатысып, өздерінің шын көңілден шыққан шынайы лебіздерін білдірді.
Салтанатты жиында киелі орынға тұрақты демеушілер мен жанашыр азаматтарға Алғыс хаттар тапсырылды.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі
Оқырманның есінде болар, осыдан біраз уақыт бұрын облыстық «Марал ишан» мешітінде Рамазан айының айт намазынан соң жастар бөлімі және намазхан әйелдер жамағатының ұйымдастыруымен қайырымдылық жәрмеңкесі өткізілген болатын.
Сол жәрмеңкеден түскен қаражат есебінен мешіттің жастар ісі бойынша өкілі Ғұмар Жұмағұлов бастаған намазхандар облыстық балалар үйіндегі 30 тәрбиеленушіге түрлі тәттілер мен жемістер салынған пакеттерді табыс етті.
Сонымен қатар намазхан әйелдер Қостанай балалар психо-неврологиялық интернат үйінде болып, ондағы қамқорлыққа алынған ұлдар мен қыздардың ой-өрісін дамытуға ықпалын тигізетін кітаптар мен басқа да қажетті заттарды тарту етті.
Олар да өз кезегінде ризашылықтарын білдіріп, өздері қолдан жасаған бұйымдарын естелікке тапсырды.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі
Оған белгілі дін қайраткері Бақытбек Тәжімбет бастаған облыс делегациясы да қатысты
Өткен аптадағы қасиетті жұма күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажұлының тапсырмасы негізінде көрші Ресей Федерациясының Троицк қаласында «Расулевские чтения: Ислам в истории и жизни России» ғылыми-практикалық конференциясының «Мусульмане и православные в России: 1000 лет вместе» атты форумы болып өтті. Аталмыш маңызды конференцияға Челябі облысының губернаторы Борис Дубровский, ұлттар жөніндегі Федералдық агенттігі директорының орынбасары Андрей Меженько, Челябі облысының бас федералдық инспекторы Артем Пушкин, Ислам өркениеті университетінің директоры (Мәскеу), профессор, Ислам-ой Иордания Корольдік Академиясының толық мүшесі (Амман), Білім,ғылым және мәдениет (ИСЕСКО- ISESKO, Рабат) жөніндегі Ислам Ұйымының Жоғарғы Кеңесінің мүшесі, Ресейдегі ИСЕСКО өкілі Саид Кямилев , Қырғызстан Республикасының ақпарат және туризм, мәдениет министрінің орынбасары Азамат Жаманқұлов, Татарстан Республикасының Президенттік департаментінің ішкі саясат мәселелері бойынша діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл жөніндегі басшысы Альберт Гарипов және басқа да есімдері көпке танымал азаматтар қатысты.
Осы форумда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл имамы Бақытбек қажы Тәжімбет бастаған делегацияның құрамында Ахмет Байтұрсынов атындағы мемлекеттік университетінің профессоры Қалқаман Жақып және Рудный қалалық «Нұр» мешітінің бас имамы Сейіт қажы Темірбекұлы болды.
Басқосуда өзекті мәселелер қозғалып, Христианның православиясы мен Ислам діні қоғамдағы бірліктің, екі дін арасындағы ауызбірліктің, ынтымақтың ұйтқысы болып отырғандығы айтылды. Бұл форумда сөз алған Қостанай облысының бас имамы Бақытбек қажы Нұрғабылұлы әлемде орын алған теріс ағымдар мен терроризм және экстремизмге ең әділетшіл де бейбітшілікті қолдайтын исламның ешқандай қатысы жоқтығын нақты мысалдар арқылы жеткізді.
Сондай-ақ жиында әңгімеге арқау болған қос діннің алдағы уақытта да тек ынтымақты насихаттап, халықтар арасындағы достықты нығайтуға лайықты үлес қоса беретіндігін білдірді.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі
Жүрекке жылу орнатқан Қасиетті Рамазан айы да өтіп, мұсылмандар үшін қуаныш сыйлар Ораза айт мейрамы да келіп жетті. Осы орайда Рудный қалалық «Нұр» мешітіне қала тұрғындары көтеріңкі көңіл-күймен таң атысымен ағыла жиналды. Жиналған барша жамағатқа Бас имам Сейіт Темірбекұлы құтты болған Ораза айты туралы уағыз айтып, баршаны мейраммен құттықтап еліміз бен жеріміз аман болуын тіледі. Содан соң жиналған қала тұрғындары қала әкімі Бақытжан Темірұлының құттықтауларымен тілектеріне көміліп, айт намазы оқылды.
Жылдағы дәстүр бойынша мешітке келген жамағатқа айт намазынан соң айт шайы мен ас берілді. Мешітке ағыла келген жамағат бір-бірлерлерін мейраммен құттықтап, аса көтеріңкі көңілмен тарасты.
Жүрекке жылу орнатар осынау ұлы мейрамда Рудный қалалық «Нұр» мешіті «Балаларға шаттық» атты акциясын ұйымдастырып, балақайлардың да көңілін көтерді. Бас мүфтиіміздің бастамасымен басталған бұл игі іс шара, Рудный қалалық «Нұр»мешітінің Бас имамы Сейіт қажы Темірбекұлының ұйымдастыруымен болған шара қаламыздың ірі ауласының бірінде жоғары деңгейде аталып өтті. Шараға қатысқан балаларға мешіт атынан сусындар мен тәттілер үлестіріліп берілді. Бұл мейрамның қуанышын сезінген балалардың жүздеріне күлкі орнап, мешіт қызметкерлеріне бал тілдерімен рахметтерін жеткізді.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі
Облыстық «Марал ишан» мешітінің ұжымы тек ислам дінін насихаттап, қалың жұртшылықты имандылыққа баулып қана жүрген жоқ. Дін қайраткерлері салауатты өмір салтын қалыптастыруға да өздерінің лайықты үлестерін қосып келеді.
Мәселен, аталған мешіт қызметкерллері, облыстық әкімдіктің дін істері жөніндегі басқармасы және «Социум & Я» қоғамдық бірлестігі дін жолында жүрген жастар арасында қазақша күрестің мәртебесін көтеру мақсатында өзіндік ерекшеліктерін насихаттау мақсатында біріншілік ұйымдастырып отыр.
Бұл жарыстың негізгі алдына қойған мақсаты-ұлттық күресті дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, жастардың патриоттық сезімін ояту, балуандардың спорттық дәрежелерін жетілдіру.
Аталған біріншілік үстіміздегі жылы 23 шілдесінде облыс орталығының 9-шы шағын ауданындағы Қостанай қалалық мешітінің алаңында өткізіледі. Оған салмағы 70- тен жоғары жастар (кәсіби спортшылар емес) қатыса алады.
Түйе балуандық сайыс деңгейінде ұйымдастырылатын жарысқа өз саласының білгірі Қазтай Ысмағұлов бас төрешілік етеді.
Сайыс жеңімпаздарына берілетін сыйлықтар да белгіленді. Біріншілік қорытындысы бойынша:
- Бірінші орынға – Умра қажылығы;
- Екінші орынға – Ірі қара;
- Үшінші орынға – Марқа қой.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі