Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Пятница, 29 Июль 2016 15:11

Жұртшылық назарына!

Кең болсаң, кем болмайсың

001

Баршаға мәлім, жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша жаңа оқу жылы қарсаңында өңірде «Мектепке жол» акциясы басталады. Бұл шараның мақсаты – көп балалы, тұрмысы төмен отбасыларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға көмектесу.

002

Бұл істе жүрегі жомарт жандар шама -шарқы келгенше өздерінің үлесін қосса нұр үстіне нұр болатыны сөзсіз.

Сондықтан Қостанай облыстық "Марал ишан" және облыстағы қалалар мен аудандардағы барлық мешіттердің ұжымы үстіміздегі жылдың 15 тамызына дейін азаматтарды осы қайырымдылық шарасына қатысуға шақырады.

003

Балалар - біздің болашағымыз. Олардың келешегіне тек ата-аналары ғана емес , баршамыз да жауаптымыз. Ендеше «Кең болсаң, кем болмайсың» деген қағиданы берік ұстанайық.

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

Қостанайдағы намазхан әйелдер мен қыздар қайырымдылық мақсатында өздерінің қолдарымен дайындалған тәтті торттар мен тағамдарын әзірлеп, оларды жәрмеңкеге шығарды.

001

Сонымен қатар осы шараға жеке кәсіпкерлер де өздерінің үлестерін қосты. Оның ішінде қаламыздағы халал тағамдарын дайындайтын дәмханалар да бар.

Бұл жәрмеңкеде жұртшылыққа ұсынылған тағамдар нарықтағы бағадан 50 пайыз төмен бағамен сатылды.

Сондай-ақ жәрмеңке барысында Марат есімді мұсылман бауырымыз балаларға балмұздақты тегін таратып, жиналғандардың көңілінен шықты.

Жалпы, аталған іс-шараның көздеген мақсаты - «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, облыс орталығындағы салынып жатқан жаңа мешітімізге және қамқорлыққа мұқтаж жандарға қарлығаштың қанатымен су сепкендей болса да үлестерін қосу еді.

Біз игі бастамаға ұйытқы болған намазхан әйелдер мен қыздарымызға Алланың нұры жауа берсін дейміз.

002

003

004

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

Жақында Жітіқара қаласында жұршылыққа тағылымдық жағы мол „Дін және қоғам„ деп аталатын семинар ұйымдастырылды. Оны аудан әкімі Алмат Досмұхамедов ашып, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.

Осы басқосуға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл имамы Бахытбек Тәжімбет , Рудный, Арқалық қалалық және Жітіқара аудандық мішіттерінің бас имамдары Сейіт Нұрқанов, Бектұрсын Уәлиев пен Сабыржан Зейнелғабиденұлы, осындағы проваславиелік шіркеудің өкілі Михаил Бойков және басқа да зиялы қауым өкілдері қатысты.

Онда бірқатар мазмұнды баяндамалар жасалды. Облыстан арнайы шақырылған өкіл имам Бахытбек Нұрғабылұлының „Дәстүрлі дінді ұстанудың артықшылығы„ деп аталатын тақырыптағы баяндамасы өте тартымдылығымен барша жұртшылықтың ықыласын аударды.

Сондай-ақ Рудный , Арқалық қалаларының, Жітіқара ауданының бас имамдарының ұлағатты сөздері де көпшіліктің көңілінен шықты. Олардың баяндамаларының тақырыбы да өзектілігімен тәнті етті.

Жұртшылыққа ұсынылған бейне роликтің де өзіндік берер тағылымы ерекше болды. Мұндай басқосудың қашанда әсері зор.

Семинарды Жітіқара ауданы әкімінің орынбасары Алмат Кәкімжанұлы қорытындылап, барлық қатысушылар мен қонақтарға алғысын білдіріп, ең ізгі тілегін жеткізді.

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

Өткен сенбі күні Қостанай облысының 9-шы шағын ауданындағы қалалық мешітінің алаңына таңертеңнен бастап жанкүйерлер жинала бастады. Бұлар ұлттық күресімізден өтетін жарысты тамашалауға келген нағыз спорт жанашырлары-тын. Одан бұрын хабарлағанымыздай, есімдері елімізге белгілі азаматтар облыстық «Марал ишан» мешітінің Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет, Марат Жұрқабаев жетекшілік ететін «Социум & Я» қоғамдық бірлестігі және Нұрхан Нөгербеков басқаратын облыстық дін істері жөніндегі басқармалардың ұйытқы болуымен ұйымдастырылған осынау күрес жоғары деңгейде өтті.

Бұл «Дін мен Дәстүр» аясындағы өткен күрес пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) сүннеті және ежелден келе жатқан ұлттық спортымыз күрестің мәртебесін көтеру мен оның ерекшелігін насихаттауға арналған біріншілік жалпы жұртшылықтың көңілінен шықты. Оған салмағы 70 -тен жоғары намазхандар яғни (кәсіби палуандардан басқа ) азаматтар қатысты. Жарыс өте тартысты өтті. Сағат 10-да басталған күрес түс әлетіне дейін жалғасты.

Даладағы күннің ыстықтығына қарамастан қатысушылар шеберліктің жарқын үлгісін танытты. Жарысты ұйымдастырушылар да, ұлттық спортымыз десе ішкен астарын жерге қоятын замандастарымыз да дән риза болысты. Сонымен «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар»-демекші, бірінші орынға тігілген Умра қажылығына жолдаманы Әулиекөл ауданындағы «Әмит ишан» мешітінің өкілі Ерлан Қасымов жеңіп алды. Сонымен қатар екінші орынға арналған жүлдені яғни ірі қараны Арқалық қалалық «Мұхтасиб Әлмұхаммед» мешіті атынан қатысқан Ербол Мұқанов иеленді. Үшінші орынға тігілген қой Алтынсарин ауданы «Алдиярұлы Жанұзақ» мешітінің жамағаты Қайыржан Әбикеновке тапсырылды. Сонымен қатар көрермендер көзайымы атанған Қайрат Дилхановқа арнайы сыйлықты демеушілер атынан Ғабит Мұқанов табыс етті.

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

Жасұлан Жүсіпбеков өзінің демалысында уағыз-насихат жүргізуде

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» дейді. Халықтың жайын ойлап, өз кәсібін мәртебе тұтқан жігіттер біздің арамызда да баршылық. Соның бірі - Қостанай облысы Торғай өңірінің тумасы, Нұр-Мүбәрак университетінің Әбу Ханифа атындағы ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі Жасұлан Жүсіпбеков.

Дін саласындағы ұстаз өзінің еңбек демалысына қарамастан көпшіліктің сұранысы бойынша уағыз насихаттарын жүргізуде. Ол өңірдегі алғашқы кездесуін облыстық «Марал ишан» мешітінің бас имамы Бахытбек Тәжімбет және наиб имам Азамат Мурзакановпен бірге Әулиекөл ауданы Құсмұрын кентінде орналасқан 161/2 Түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан намазхандармен кездесуден бастаған-ды.

Содан кейін ол облыстық «Марал ишан» мешітінің жамағатымен жүздесті. Онда жиналған қауымның көкейдегі жүрген сұрақтарына нақты жауап беріп, өзінің білімді де білікті азамат екендігін көрсетті.

Сондай-ақ, өткен қасиетті жұма күні белгілі дін қайраткері Шоқан қажы Әмірханов басқаратын 9-шағын ауданда орналасқан Қостанай қалалық мешітінде болып, уағыз айтты. Сөйтіп осындағы көпшіліктің ризашылығына бөленді.

ҚМДБ Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі

Вторник, 19 Июль 2016 17:03

Қайырымдылық – игі іс

Мешітте көмекке мұқтаж жандар ескерусіз қалмайды

«Қолы ашықтың жолы ашық» деген халық мақалы өмірден ойып алынған шындық. Өйткені, қолындағы барымен бөліскен адамға әрқашада Алла Тағала да берекесін береді.

Мысалы, Қостанай облыстық «Марал ишан» мешітінде қайырымдылық мақсатындағы игі істер жалғасын табуда. Бұл орайда демеушілердің көмекке мұқтаж жандарға тигізіп жатқан ықпалын ерекше атап өткен жөн.

Ислам діні ешкімді ұлт пен ұлысқа бөлмейді. Жуырда өңірдегі түрлі ұлт өкілдерінен тұратын 30-ға жуық жанұяға назар аударылып, оларға қайырымдылық жасалды.

Өздеріңіз де баспасөздерден оқып жүрген шығарсыздар. Облыстық мешітте күн көрісі төмен, мүгедек және жалғызбасты аналардың өтініш-тілектері әрқашан да басшылыққа алынып, қолдан келгенше көмек көрсетіледі.

Жалпы, мұндай игі мақсаттағы шараларды әр ай сайын өткізіліп тұрады. Мұндай кезде қалталы және мүмкіндігі бар азаматтар ортақ ізгілікті істен шет қылмайды деген үміттеміз.

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі

Понедельник, 18 Июль 2016 14:18

Дос таңдай білу

Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтықсыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиет. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екіжүзділік, өтірік айту, өзімшілдік достықпен сыйыспайды.

Алла Тағала Құранда былай дейді: «Әй мүміндер! Алладан қорқыңдар және шыншылдармен бірге болыңдар» (Тәубә сүресі, 119 аят). Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Жаман дос пен жақсы достың мысалы әтір сатушымен от үрлеушінің мысалындай. Әтір сатушыға келер болсақ, не ол саған сыйлық жасайды, не сен одан бір нәрсе сатып аласың, не одан шыққан хош иісті сезесің. Ал от үрлеуші ұстаға келер болсақ, не ол сенің киіміңді күйдіреді, не одан шыққан сасық иісті сезесің». (Бхари, Муслим)

Имам Нәуәуи: «Бұл хадисте тақуа, құрметке лайықты адамдардың және жақсы мінез-құлық пен білім иелерінің арасында болудың артықшылығы айтылған. Сонымен қатар бидғатшы, ғайбат айтатын, көргенсіздігімен танымал болған адамдар мен жағымсыз қасиетке ие болған жаман адамдардың арасында болудың тыйым салынғандығы айтылған». (Шарх Сахих Муслим 5/484).

Қазақтың дәстүрлі әдептілік ұстанымында достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: «Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады», «Досы жақсының, өзі де жақсы», «Дүниеде адамның жалғыз қалғаны – өлгені, қайғының бәрі соның басында». Достыққа қарама- қарсы ұғым – қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу – өмірлік мақсаттардың бірі.

Дос табу оңай, ал оны сақтау одан да қиын. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек. Өйткені ол да баптауды қажет ететін нәзік өсімдік сияқты. Біздер достықты сақтау үшін жан-тәнімізбен еңбектенуіміз керек. Қайтарымын қажет етпей, бірігудің жолдарын үйрену керек. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді.

Өмірге деген көзқарасы ортақ, дүниетанымы деңгейлес, әрі бір-бірін оңай түсінетін жандар бір-бірімен дос бола алады. Ал оның сақтаушысы адалдық пен шынайылық. Дос деген сенің басыңдағы кез келген жағдайды басқалардан артық түсінетін, яғни өзінің сезгендей сезе алатын сенің екінші сыңарың. Менің түсінігімдегі достың жолдастан айырмашылығы – жолдасыңды қатты сыйлайсың, ал досқа сондайлық ілтипат танытып, құрмет көрсетудің қажеті жоқ. Өйткені досыңды өзіңдей көретін болған соң «өзіңнің» көңіліңді өзің аулап керек емес. Себебі ол бәрін түсінеді, бәрін де біледі. Сондықтан, кез келген істі оған міндеттей аласың немесе оның саған сеніп тапсырған ісін өзіңнің қара басыңның қамындай атқарасың. Сондай-ақ, жолдасыңа өтініш айту үшін «ол мұны қалай қабылдауы мүмкін» деп ойлануың керек болады кейде. Немесе «қойшы, бәлкім түсінбей қалар» деп райыңнан қайтасың. Ал дос сенің жүз пайыз сеніміңдегі адам. Қалай айтсаң да жарасады.

Қазақ халқы үшін «дос» киелі ұғым. Бұл – кезінде батыр бабаларымыздың досы үшін жанын пида етуге дейін барғандығымен айқындалып тұр. Бұл мақал осыдан шықса керек: «Ақылы көпті дау алмас, досы көпті жау алмас». Бүгінгі таңда достықтың құны базардағы бағадай қымбат па, әлде арзан ба? Жалпы дос деген ұғымды сенімділігіне қарай үш түрге бөліп қарауға болады.

Бірінші, жан дос. Қуанышта да, қиыншылықта да қасыңнан табылар сенімді серігің. Жан дос қайғыңды да тең бөлісе алады.

Екінші, жалған дос. Әрқашан қасыңда. Бірақ қиыншылықта емес. Қара басының қамын үшін, қарнының тойғанын ойлайтындар. Яғни пайдакүнем.

Үшінші, виртуалды дос. Бұған сенуге де сенбеуге де болмайды. Қазіргі тілмен айтар болсақ агенттегі дос. Бірі таныс, бірі жат. Бірі ашық, бірі жұмбақ. Бір қызығы, кейде интернет арқылы танысып бақытты өмір кешіп жатқандарды да кездестіріп қаласың.

Дос биікке жетелейтін, қуанышыңа ортақ, қиындықта демеу болатын жан. «Жігітті досына қарап таны», - деген қазақ фәлсәфасы өте орынды айтылған. Бұл ұғым аласармасын десек, әрбір адам дос тұрғысынан да адал міндет атқарғаны абзал. Сонда ғана достықтың құны жоғары болмақ.

Рахым Серік Темірбекұлы
Лисаков қалалық «Әс-Сәләм» мешітінің
Бас имамы

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником