Бұл күндері республика аймағында және Қостанай облысы көлемінде «Ислам және зайырлы қоғам» тақырыбында шаралар өтуде. Соның бірі облыстық «Марал ишан» және Қостанай қалалық мешіттерінің бастауымен және Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ат салысуымен аталмыш тақырыпта кездес өткізді.
Бұл танымдық-тағылымдық жағы мол шараның есте қаларлықтай өтуіне аталған жоғары оқу орнының проректоры Тілеген Ахметов және әлеуметтік-тәрбие жұмыстары жөніндегі басқарма қызметкерлері елеулі ықпалдарын тигізді.
Кездесу барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл имамы Бахытбек Тәжімбет, қалалық мешіттің бас имамы Шоқан Әмірханов, облыстық дін істер жөніндегі басқарманың бас маманы Нұрсұлтан Әбішев, институттың аға оқытушылары Айбек Панияз және Айгүл Амантаевалар сөз сөйлеп, күн тәртібіндегі мәселе бойынша өздерінің ойларын ортаға салды.
Осы іспеттес шара Жітіқара аудандық «Ержан Тәтішев» мешіті мен аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі ұйымдастырып «дөңгелек стол» өткізді.
Оған аудандық мешіттің бас имамы Сабыржан Зейнелғабиденұлы, аудандық әкімдіктің ішкі саясат бөлімінің әдіскері, православ христиан шіркеуінің басшысы Игумен Максим және жоғарғы сынып оқушылары қатысты.
Сонымен қатар, Лисаков қалалық мешітінің ұжымы жергілікті «Қазақтелеком» және «Қазпошта» қызметкерлерімен «Ислам және зайырлы қоғам» тақырыбында кездесу өтті.
Бұл жиынға қалалық әкімдіктің ішкі саясат бөлімі, шаһардағы «Достық» гендерлік даму орталығы мамандары, мешіттің бас имамы және шіркеу әкейі қатысты.
Таран ауданының «Әйет» мешіті де аудандық ішкі саясат бөлімімен Тобыл орта мектебінде және Кәсіптік техникалық колледждерінде Қостанай облысы «Марал ишан» мешітінің найб имамы Мурзаканов Азаматтың және Қостанай облысы әкімдігінің Дін істер жөніндегі істер басқармасының маманы Абишев Нұрсұлтандардың қатысуымен семинарлар өткізді.
Осы басқосуларда барлық қатысушылар өздерін толғандырып жүрген көкейтесті тақырыптарға нақты жауап алды.
Осы шаралардың мақсаты – жастарды патриотизмге тәрбиелеу, дін мен зайырлы қоғамның үйлесімділігін арттыру, діни радикалды идеология және олардан келетін қауіп-қатермен қоғам болып күресудің әдіс-тәсілдерін үйрету, дінаралық татулық пен келісімді нығайту, жалпы адамзаттық рухани құндылықтарды насихаттау.
ҚМДБ Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі
Жуырда Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінде «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Аталмыш шараның өз деңгейінде өтуіне мешіттің сауат ашу курсының әйелдер тобы атсалысты.
Курс шәкірттері ұстаздары Диана Альтанованың басшылығымен қолдан жасалған тағамдарын дайындады. Олардың әзірлеген бауырсақ, ыстық тоқаштар, құрт, жент және басқа да тағамдар жұртшылықтың назарын аударды.
Осы мешіттің бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы өз сөзінде мұндай қайырымдылық жәрмеңкесі мешітте алғаш рет ұйымдастырылғандығын айта келіп, оны өткізудегі негізгі мақсатына жан-жақты тоқталды.
Қолдан келсе мүмкіндігі бар адамдар мұқтаж кісілерге қол ұшын беру, оларды қолтығынан демеу дінімізде ерекше сауап болып табылатындығын әңгімеледі.
Сондықтан бас имам мешіттегі қыз балалар тобының ұстазы Диана Қайырбекқызының осындай тың ұсынысын дер кезінде қолдады. Бұл жәрмеңкеден түскен қаражат қаламыздағы әлеуметтік күн-көрісі төмен отбасыларға берілмек.
Осындай бастамалар қай жерде де жалғасын тауып жатса нұр үстіне нұр емес пе?
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі
Жүрегі жомарт қазақ қызы
немесе жеке кәсіпкер Ботагөз Ғалиеваның қайырымдылық істері хақында
Ислам діні мен ата-баба дәстүр-салтымызда жетімге қол ұшын беріп, көмекке мұқтаж жандарға қайырымдылық көрсету сауапты іс. Әрине, мұны түсініп, халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген жандар біздің өңірімізде де баршылық.
Біз бүгін осындай ұлтымыздың жүрегі жомарт аяулы қыздарының бірі жайлы әңгімелегелі отырмыз. Баршаға мәлім, Наурызым ауданының орталығында «Түркебай» мешіт жұмыс істеп, жергілікті жұртшылықты имандылыққа ұйытып келеді.
«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысың» демекші, кәсіпкер Ботагөз Ғалиева өте мейірбан жан. Оның дүкені, асханасы жергілікті Қараменді ауылының жұртшылығына қызмет көрсетеді.
Қайырымдылықты адамгершіліктің жарқын бір үлгісі деп түсінетін бауырымыз осындағы жетім-жесір, тұрмысы төмен отбасыларына да қамқорлық жасауда.
Мәселен, былтыр ол аудандық мешітке плазма теледидарын сыйға тартып, көп бағдарламалы «ОтауТВ» жүйесін қосып берген-ді. Күллі мұсылмандардың алғысына бөленген ардақты жан үстіміздегі жылдың ақпан айынан бастап, мешіт арқылы әр жұма сайын 50 бөлке ыстық нанды он отбасына тұрақты таратып, көпшіліктің батасын алуда.
Ботагөз Ғалиеваның өнегелі ісі барша қазақ қыздарына ғибрат. Оған әрдайым Алланың нұры жауа берсін деген ең ізгі тілегімізді білдіреміз.
ҚМДБ Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызмет
Бар мақтау әлемдердің Раббысы болған Алла Тағалаға тән, және ардықты Пайғамбарымызға (с.ғ.с.), оның отбасына, сахабаларына, және соларға ізгілкте ерген кейінгі ізбасарларына Алланың игілігі мен рахымы болғай! Асыл дінімізде мүбәрак саналған үш айға да келіп жеттік. Олар «Режеп», «Шағбан», «Рамазан» айлары. Алла Тағала жыл он екі ай ішінде қасиетке толы айларды, күндерді және түндерді айқындап көрсетіп берді. Сондықтан, бүкіл мұсылман қауымы осы құрметті айлардың сауабынан құр қалмас үшін шама келгенше ораза, намаз, зекет сияқты құлшылық-ғибадатты көбірек орындаған жөн. Адам баласы пенде, яғни қателесуші. Сондықтан үлкен-кіші күнә–қателіктерін кетіру үшін Аллаға көп тәубе-истиғфар жасап, қоғамдағы мұқтаж жандардың игілігіне орай, садақа беру арқылы қайырымдылық іс-шараларын жасау нұр үстіне нұр болар еді.
Ережеп сөзі «бір нәрседен қорқу, ұялу, біреуді құрметтілігіне қарай қастерлеу, тағзым көрсету» деген мағыналарды білдіреді. Ережеп айы харам айы болғандықтан бұл айда Алла Тағаланың тыйым салған харам нәрселерінен барынша алыс болу қажет. Бұлай аталуының бірден-бір себебі – арабтар Исламнан бұрын осы айды ерекше ұлықтап, қадір тұтып барлық жағымсыз істерден іргесін аулақ салған. Ал, Ислам келгеннен кейін ережеп айының мәртебесі тіпті өсті. Бұл айда соғыспайтын, ұрыс-керіс, жанжал болмайтын. Бұл айда тәубә етушілерге Алланың рақметі мен мейірімі ерекше мол төгіледі.
Сондықтан, бұл айлардың қадірін біліп, босқа өткізіп алмай, Алланы көбірек еске алып, біліп-білмей істеген қателеріміз үшін кешірім сұрап, тәубеге келіп, Құран оқып, ілім үйренумен өткізгеніміз жөн. Төрт халифаның бірі Омар (р.а.) әр күні кешке өзінен: «Бүгін Алла үшін не істедім?» - деп сұрайтын. Яғни, әрбір адам күнде кешкісін Алла үшін не істегені жөнінде өзінен-өзі есеп алып отыруы керек. Осылай өзімізден есеп алу арқылы, қысқа өмірімізді мәнді өткіземіз. Бұл айда ерекше істеген игі істерімізді тек бір Алланың разылығын табу мақсатында ғана жүзеге асырған дұрыс.
Мұсылман күнтізбесіндегі он екі айдың төртеуі қасиетті айлар болса, соның бірі – ережеп айы. Бұл жөнінде Алла Тағала «Тәубе» сүресінің 36-аятында былай дейді:
إِنَّ عِدَّةَ الشُّهُورِ عِندَ اللَّهِ اثْنَا عَشَرَ شَهْرًا فِي كِتَابِ اللَّهِ يَوْمَ خَلَقَ السَّمَاوَاتِ وَالْأَرْضَ مِنْهَا أَرْبَعَةٌ حُرُمٌ ۚ ذَٰلِكَ الدِّينُ الْقَيِّمُ ۚ فَلَا تَظْلِمُوا فِيهِنَّ أَنفُسَكُمْ ۚ
«Алланың көктер мен жерді жаратқан күні жазған үкімі (орнатқан заңдылығы) бойынша айлардың саны он екі, олардың төртеуі (зулқағда, зүлхиджа, мухаррам, ережеп) харам айлар. Міне, ең дұрыс үкім, әрі мінсіз жүйе (есеп) – осы. Ендеше бұл айларда (яғни, қасиетті айларды құрмет тұтпай немесе орнын ауыстыру арқылы) өз-өздеріңе қиянат жасамаңдар».
Сондай-ақ, тағы бір аятта Алла Тағала:
(يَسْأَلُونَكَ عَنِ الشَّهْرِ الْحَرَامِ قِتَالٍ فِيهِ ۖ قُلْ قِتَالٌ فِيهِ كَبِيرٌ ۖ وَصَدٌّ عَنْ سَبِيلِ اللَّهِ وَكُفْرٌ بِهِ وَالْمَسْجِدِ الْحَرَامِ وَإِخْرَاجُ أَهْلِهِ مِنْهُ أَكْبَرُ عِنْدَ اللَّهِ ۚ وَالْفِتْنَةُ أَكْبَرُ مِنَ الْقَتْلِ ۗ وَلَا يَزَالُونَ يُقَاتِلُونَكُمْ حَتَّىٰ يَرُدُّوكُمْ عَنْ دِينِكُمْ إِنِ اسْتَطَاعُوا ۚ وَمَنْ يَرْتَدِدْ مِنْكُمْ عَنْ دِينِهِ فَيَمُتْ وَهُوَ كَافِرٌ فَأُولَٰئِكَ حَبِطَتْ أَعْمَالُهُمْ فِي الدُّنْيَا وَالْآخِرَةِ ۖ وَأُولَٰئِكَ أَصْحَابُ النَّارِ ۖ هُمْ فِيهَا خَالِدُونَ)
«Олар сенен тыйым салынған айда соғысуға бола ма? - деп сұрайды. Сен оларға бұл айда соғысу - үлкен күнә», - де. Ал, адамдарды Құдай жолынан тайдыру, күпірлік келтіру, Мәсжид-әл-Харамда (ғибадат етуге) тосқауыл болу, ол жерден адамдарды қуып шығару - Құдай алдында таудай үлкен күнә. Бүлік жасау - кісі өлтіруден де ауыр қылмыс. Олар (мүшірік кәпірлер) сендерді діндеріңнен бездіргенше тоқтамай, сендермен күресе береді. Сендерден кімде-кім өз дінінен безіп, кәпір болып өлсе, оның істеген әрекеттері бұл дүниеде де, қияметте де түкке тұрмайды. Олардың орны - тозақ, онда олар мәңгі қалады» («Бақара» сүресі, 217-аят), - дейді.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қасиетті айларға көп көңіл бөліп, сахабаларға оларды қалай өткізу керектігі жөнінде айтатын. Сондай-ақ, ережеп айы кіргенде:
اَللَّهُمَّ بَارِكْ لَنَا فِي رَجَبٍ وَشَعْبَانَ وَبَلِّغْنَا رَمَضَانَ
«Раббым, ережеп пен шағбан айларын берекелі етіп, бізді рамазанға аман-есен жеткізе гөр!» (Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд, I/259) - деген дұғамен мүбәрәк айларға (ережеп, шағбан, рамазан) қадам басатын. Иә, ережеп, шағбан айларында түрлі құлшылық пен игі істерді молайтып сауапқа кенелсек, екінші жағынан солар арқылы алдымыздағы айлардың төресі рамазанға дайындық жасаған боламыз.
Ережеп айында қасиетті бір түн бар. Бұл айдың жиырма жетінші түні (мамыр айының 3-нен, 4-не қараған түн) миғраж түніне дөп келеді. Дұшпандармен табанды күрес жүргізіп, әбден қажыған шағында, Алла Тағала Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) қасиетті исра және миғражды (түнгі серуен және көкке көтерілу) нәсіп еткен еді. Миғраж, сенімді дерек көздеріне қарағанда, Мәдинаға көшпестен бір жарым жыл (621 ж.) бұрын болған. Ережеп айының жиырма алтысынан жиырма жетісіне қараған түні пыраққа мініп түнгі сапарда көк жүзінен өтіп, Ұлы Жаратушының құзырына шыққан болатын. Сөйтіп үмметіне екі дүниенің бақытына кенелетін теңдесі жоқ сый – намазды әкелген еді. Пенде намаз оқыған сәтте бейне бір миғражға көтеріліп Алланың құзырына барғандай әсерленеді.
Міне, ережеп айы осындай қасиетті түнмен де құнды. Сондықтан, бұл айларда қолымыздан келгенше, Құран оқып, дұға жасап, кешірім тілеп, Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айтып, ораза ұстап, нәпіл намаз оқып мүмкіндікті өткізіп алмауға тырысқанымыз абзал.
Сауабы мол ораза
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) айтқаны бар: «Ақиқатында, кейбір күндерде Алланың сыйы бар (жасырылған), сондықтан оны іздеңдер!», Алла Өз Кемелділігімен кейбір айларды зерек құлдарының пайдасына қарай басқасынан артық қылып жаратты. Сол бір ерекше айлардың бірі – Ережеп айы.
Ханафи, шафиғи және мәлики мазхабтарының ғұламарының басым көпшілігі, сонымен қатар кейбір ханбалилер, Режеп айын толығымен оразамен өткізген абзал деп санайды.
Ережеп айында ұсталатын ораза жөнінде ханафи мазһабы ғұламаларының атақты пәтуалар жинағы «Фәтауә әл-Хиндийя» (1\202) кітабында былай делінген: «Ұсталуы абзал болған оразалардың бірнеше түрі бар: солардың алғашқысы – Мұхаррам айындағы, екіншісі – Режеп айындағы, үшіншісі – Шағбан айындағы мен Ашура күнінде ұсталатын оразалар».
Сонымен қатар шафиғи мазһабының атақты ғұламасы, шейхул-Ислам Закария әл-Ансари «Асна әл-Маталиб» атты еңбегінде былай деген: «Рамазаннан кейін ораза ұстауға абзал болған «харам» айындағы оразалар, олар: Зүл-Қаада, Зүл-Хиджа, Мұхаррам және Ережеп. Олардың арасынан абзал болғаны Мұхаррам, Муслимнің риуаятына сай: «Рамазаннан кейінгі абзал болған ораза, ол Мұхаррам айындағы, одан кейінгісі қалған басқа «харам» айларындағы, бұдан аларымыз басқа айдағылардың барлығы өзара тең, сондықтан Режеп «харам» айындағы ең абзалы деген сөзден, алауыздықтан арылу үшін Режепті қоса белгілегеніміз абзал»».
Ережеп айындағы нәпіл ораза ұстайтын күндердің сәресі және ауыз ашар уақыттарының кестесі:
Мезгілі | Басы | Ортасы | Соңы | ||||||
08.04. 2016 ж. | 09.04. 2016 ж. | 10.04. 2016 ж. | 21.04. 2016 ж. | 22.04. 2016 ж. | 23.04. 2016 ж. | 05.05. 2016 ж. | 06.05. 2016 ж. | 07.05. 2016 ж. | |
Сәресінің аяқталуы | 04:54 | 04:49 | 04:47 | 04:21 | 04:19 | 04:17 | 03:52 | 03:50 | 03:48 |
Ауыз ашар уақыты | 20:40 | 20:43 | 20:45 | 21:05 | 21:07 | 21:09 | 21:30 | 21:32 | 21:34 |
Ескерту: Аталмыш уақыттар Қостанай қаласының координаттары бойынша берілді.
Бахытбек қажы Нұрғабылұлы
ҚМДБ-ның Қостанай облысы
бойынша өкіл имамы

Бұл күндері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы еліміздегі барша дін қызметкерлерінің алдына үлкен міндеттер қойып отыр. Ол ең алдымен халықпен тікелей байланыста жұмыс істейтін имамдардың қазіргі уақыт талабыны орай қай жағынан болсын сай болуы. Бұл азаматтардың біліктілігі, адамгершілік қырлары олардың әрбір сөздерінен, жүріс-тұрысынан айқын көрініп тұруға тиіс.
Аталған діни басқарманың облыстағы өкіл имамы Бахытбек қажы Нұрғабылұлының бастауымен жақында Қостанай қаласындағы «Достық» үйінде өңірдегі барша аудан және қала имамдарының қатысуымен «Ислам және зайырлы қоғам» деп аталатын семинар болып өтті.
Семинарды ашқан облыстың бас имамы Бахытбек Тәжімбет «Дін – насихат» жайлы кеңінен әңгімеледі. Одан соң облыстық дін істері жөніндегі басқарманың бас маманы Сапарғали Әбдиевтің, Жітіқара ауданы және Рудный қалалық мешіттерінің бас имамдары Сабыржан Есмурзин мен Сейіт Нұрқанов және Қазақстан қажылар қауымдастығы облыстық филиалың төрағасы әрі «Зекет» қорының өкілі Жақсылық қажы Ғайсиннің қайырымдылық мәселесі жайлы қозғаған мазмұнды тақырыптар да көпшілікке жақсы әсер қалдырды.
Семинардың мақсаты облыс көлеміндегі барлық имамдарға «Ислам және зайырлы қоғам» жайында кеңінен түсіндіріп, алдағы уақытта жергілікті жерлерде де осы іспеттес тақырыпта жұмыстар атқаруларына жол көрсету.
Жуырда Қостанай ауданы «Маңдай батыр» мешітінің бас имамы Асылхан Түсіпбек және аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Жанар Есментаеваның ұйымдастыруымен, Қостанай облысы әкімдігінің Дін істері басқармасының ақпарат-насихат тобының мүшелері Данияр Әбенов пен Нұрсұлтан Әбішевтің қатысуымен Қостанай ауыл шаруашылық колледжінің студенттер және мұғалімдерімен «Ислам және зайырлы қоғам» тақырыбында «Дөңгелек үстел» болып өтті.
Дөңгелек үстел басындағы әңгіме студент жастарға әсерлігімен есте қалды. Дін істері басқармасының маманы Нұрсұлтан Әбішев қазіргі таңда елімізде ауызбірлік пен ынтымақты арттыра түсіп, экстремизм мен терроризмге жол бермеу қажеттігіне ерекше тоқталды. Теріс ағымдардың кері ықпалдары жөнінде айтты.
Ал, Данияр Әбеновтың тағылымды сөздері де жастарды терең ойға қалдырды. Ол өзекті мәселеге айналып отырған теріс ағымдардан өскелең жастардың аса сақ болуы қажеттігін еске салды.
Аудандық «Маңдай батыр» мешітінің бас имамы Асылхан Түсіпбек Ислам діні ешкімді ұлтқа бөлмейтінін, жалпы өзі басқарып отырған имандылық ордасының жастарды адамгершілікке, ізгілікке баулудағы тындырып жатқан жұмыстарын тілге тиек етті.
ҚМДБ Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі
Экстремизм мен терроризмге қарсы құрылған Орта Азиялық белсенді топ құрамына жас исламтанушы ретінде енген Нұр-Мүбарак университетінің 4-курс студенті Әлішер Балахмет «Ортақ құндылықтарды іздеу (Search for Common Ground)» Халықаралық үкіметтік емес корпорация ұйымдастырған форумнан оралды. Бішкек қаласында орналасқан корпорация өкілдігі осы Орта Азиядағы түрлі экстремизм мен терроризмге қарсы ірі шаралардың ұйытқысына айналуда.
Әлішер Балахмет: «Өткен жылы қазан айында университет басшылығы тарапынан маған Бішкек қаласында өтетін халықаралық жастар жиынына баруға ұсыныс жасалды. Қазақстан атынан түрлі сала бойынша 6 студент құрамына мен жас исламтанушы ретінде таңдалдым. Біздің негізгі мақсатымыз Орта Азиядағы экстремизм мен терроризмге байланысты жастардың ойын зерттеп, жинақтау болды. Екі күнге созылған жастар форумында біз өз тарапымыздан ұсыныс-тілектерімізді айтып, Қазақстанның батыс өңірлерінде жастармен семинар-тренингтер өткізуді ұсындық»,-деп ойымен бөлісті.
Осы ұсыныстарға сәйкес белсенді жастар тобы биылғы қаңтар айында Астана қаласында семинар-тренинг өткізген. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 70-ке жуық спикерлер тағайындалған. Осы шара нәтижесінде online трянсляциясында, яғни ғаламтор арқылы тікелей эфирде оқытып, дамыту жолға қойыла бастаған. Енді жақында ғана Бішкектен жарты жылда жасалған жұмыстарға Бішкектегі «Ортақ құндылықтарды іздеу (Search for Common Ground)» Халықаралық үкіметтік емес корпорация өкілдігіне есеп беріп қайтқан қазақстандық белсенді жастар тобының ендігі нысанасы Оңтүстік аймақ.
Қазір «Астана» радиосы мен аймақтық телеарналар арқылы солтүстік өңірде, Петропавл қаласында жоғарғы сынып және студенттер арасында семинарлар ұйымдастырылып, тікелей эфир арқылы Орта Азияның білікті теолог, дінтанушылары дәріс жүргізуде. Жастар тарапынан көбіне діни, ИШИМ-ге кетіп жатқан жастар, экстремизм мен терроризмнің айырмашылығы, тіпті Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жұмысына қатысты да сан түрлі сауалдар қойылады екен. Теологтар енді тікелей эфир арқылы нәпсімен күрес жайлы Құран және хадистер бойынша дәріс жүргізуді жоспарлауда.
Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінде бас имам Бектұрсын Торғайбайұлының төрағалық етуімен ауыл имамдарының кезекті жиналысы болып өтті.
Бұл басқосуда күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланып, жиналған дін қызметкерлеріне жаңа тапсырмалар жүктелді. Өткен тоқсанның қорытындысы сарапталып, қол жеткен жетістіктер айтылып, алда тұрған міндеттер айқындалды. Алдағы уақытта да ауыл имамдары өз жұмыстарын барынша ширатып, ҚМДБ бекіткен негізгі төрт бағыт бойынша қызмет атқаруда ыждағаттылық таныту тапсырылды.
Жиында имамдардың қоғамдағы орны мен беделі де әңгімеге арқау болды. Онда 2014 жылғы тұңғыш имамдар форумында қабылданған тұжырымдама мен имамның тұлғалық келбеті жайлы да баяндалды.
Жалпы, дін қызметкерлері уақыт талабына сай болып, кез-келген ортада өздерінің тұлғалық келбеттерін сақтап, кішіпейіл болуға тиіс екендігі де сөз етілді.
Сондай-ақ мешіт қызметкерлері мен ауыл имамдарына оқу-ағарту, шаруашылық жұмыстары, жастар арасында уағыз-насихат жұмыстарын жандандыру, мешіттің тазалығына жіті көңіл бөлу, жұртшылық арасында қандай болмасын діни рәсімдерде аста-төк ысырапшылыққа жол бермеу туралы да қарады.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі