Облыс орталығымен іргелес жатқан Қостанай ауданының әкімі Тәубә Қайыржанұлы Исабаев өзінің дінімізге деген құрметін әрдайым сездіріп келеді.
Жуырда осынау іскер азамат тағы да өңірдегі өзге әріптестеріне үлгі боларлық бастамасымен халықтың алғысына бөленді. Ол аудандағы барлық мешітке жанашыр кісілердің басын қосып, жергілікті «Маңдай батыр» мешітіне «Лада гранта» жеңіл автокөлігінің кілтін табыс етті.
Тәубә Қайыржанұлына Алла Тағаланың нұры жауа берсін деген ең ізгі тілегімізді білдіреміз.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігінің
баспасөз қызметі
Жақындағы дайындаған бір хабарымызда Қостанай облыстық Марал ишан мешітінде 33 өзге ұлттың өкілдері ислам дінін қабылдағаны туралы жазған едік. Міне бүгін де қасиетті жұма күнінде Тамара Цегоева да өз еркімен Ислам дінін қабылдап мұсылман болу бақытына ие болды.
Мешітіміздің бас имамы Бахытбек Тәжімбетов пен наиб имам Дархан Сыздық Қостанай қаласының тұрғыны Тамара Цегоеваның өтінішін қабыл алып салтанатты рәсімді өткізді.
Міне, Қостанай өңірінде де жылдан-жылға өзге ұлт өкілдерінің де ислам дінінің құдіретін сезініп, имандылық пен ізгілікке бет бұрып жатқандағы бәріміз үшін де қуанышты емес пе?
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігінің
баспасөз қызметі
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл имамы Бахытбек Тәжімбет кезекті іс-сапарында өңірдегі қаракөздеріміз жарасымды ғұмыр кешіп жатқан Қарасу ауданында болды.
Ол осындағы «Қарасу» мешітіне ат басын бұрып, киелі орынның жұмысымен танысты. «Өлі риза болмай тірі байымайды» демекші, аруақтарға құран бағыштады.
Сондай-ақ, қазіргі таңда өңірімізде қалыптасып отырған діни ахуал жайында әңгіме қозғап, алда тұрған өзекті мәселелерге тоқталды. Теріс ағымдардың келтіретін зардаптары жөнінде тілге тиек етті.
Содан кейін өткен бейсенбі күні Қостанай шаһарындағы 9-шы шағын ауданда орналасқан қалалық мешітте келді. Оны осы мешіттің бас имамы, көрнекті дін қайраткері Шоқан қажы Әмірханов қарсы алды.
Облыстың бас имамы Бахытбек Нұрғабылұлы жамағаттарға өзіне көрсеткен ілтипаттары үшін шынайы алғысын білдіріп, «Мұсылманның бірлігі хақында» уағыз насихат айтты.
Өкіл имам өңірді аралаған кездерінде барлық мұсылман ағайындар оның жан-жақтылығына, кісілігіне, үлкен мен кішіні сыйлай білетіндігіне ризашылықтарын білдірді.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігінің
баспасөз қызметі
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл имамы Бахытбек Тәжімбет өңірдің аудандары мен қалаларын аралап, мешіттердің тыныс-тіршілігімен танысуды одан әрі жалғастырды.
Бұл жолы облыс орталығынан едәуір жерде жатқан Денисов ауданы мен Лисаков қаласында және Жітіқара ауданында болды. Іссапар өте жоғары деңгейде өтті.
Облыстың бас имамы Бахытбек Нұрғабылұлын жоғарыда аталған Денисов ауданы мен Лисаков қаласының әкімдері Ерлан Жаманов пен Алмат Исмағұлов жылы жүзбен қарсы алып, өздерінде атқарылып жатқан игі жұмыстар жайлы айтып берді. Имандылық ордаларына қолдан келген көмектерін аямайтындықтарын жеткізді.
Сондай-ақ жергілікті жердегі мешіттерде жамағаттармен жүздесті. Бас имамға ақсақалдар ақ батасын берді. Бахытбек Тәжімбет өзінің тәжірибесі мол, терең білімді азамат екендігін танытты. Ол айтқан уағыз насихатты жұртшылық ұйып тыңдады.
Содан кейін өкіл имам Жітіқара ауданына ат басын тіреді. Осындағы „Ержан Тәтішев„ мешітінде мұсылман бауырларымызбен кездесті. Бас имам өзінің алдағы жұмыс жоспарларымен таныстырып, ислам дінін өркендетуге көп болып жұмылу керектігін атап өтті.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігінің
баспасөз қызметі
Сенбі күнінің кешінде, яғни 14 қарашада Әмит ишан атындағы мешітке іс-сапармен ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкіл имамы болып жаңадан тағайындалған Б.Тәжімбет келді.
Әмит ишан атындағы мешіттің бас имамы Нұрбол қажы Балахмет жаңа имамды таныстырды.
Бақытбек Нұрғабылұлы Қызылорда облысының тумасы, жасы 35-те. Жаңа имам облысқа жұма күні келіп, сол күннің кешінде Рудный қаласына барған. Ал аудандардың ішінен алдымен іс-сапарын Әуликөлден бастады. Имам өз сөзінде Алла тағала қалап сіздердің облысқа келдім. Міне, сіздерді көрейін, танысайын, сәлем берейін және дін жолында қасық қаным қалғанша, қолымнан келгенше қызмет етемін деген ниетпен келдім. Бүгін мешіттен жастардан гөрі үлкен кісілерді көріп қуанып отырмын. Одан әрі имам әсерлі әңгіме қозғап, жамағатты имандылыққа ұйытып, уағыз-насихат айтты.
Аудан әкімі Амантай Балғарин әулиелі Әулиекөл жеріне келген сапарыңыз оң болсын. Дін жолындағы игі істеріңіз алға бассын, жақсылық болсын деген тілегін білдірді. Ауданның қадірменді ел ағалары, ауданның Құрметті азаматтары Әкімбек қажы Қабден мен Сағындық Досмағамбетовтер мән-мағыналы сөз қозғап, имамның жұмысына табыс және сәттілік тіледі.
Одан кейін Бақытбек Тәжімбет жамағатпен бірге Ақшам намазын оқыды. Елдің үлкен қариясы Қазиқан ақсақал бата берді.
ҚМДБ-ның Қостанай облысы
бойынша баспасөз қызметі
Қалың жұртшылыққа Бахытбек Тәжімбеттің Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысы бойынша өкіл имамы болып тағайындалғаны белгілі.
Ол алғашқы сапарын облыс орталығына жақын орналасқан Рудный шаһарында бастады. Осындағы «Нұр» мешітіне ат басын бұрып, жергілікті намазхандармен жүздесті.
Аталмыш мешіттің бас имамы Сейіт Темірбекұлы өкіл имамды қарсы алып, өзі басқаратын киелі орынның тыныс-тіршілігімен таныстырды.
Облыстың бас имамы халықпен кездесу барысында рудныйлық бауырларымызға ғибратты уағыздар айтып, жиналған қауымға үлкен әсер қалдырды.
Өкіл имамның сапары одан әрі Әулиекөл ауданында жаслғасты онымен бірге. Онымен бірге облыстық мешіттің найб имамы Дархан Сыздықов болды.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігінің
баспасөз қызметі
Бас имам іске кірісті
Жақында Қостанай облыстық «Марал ишан» мешітінде жиын болып өтті. Онда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Діни істер бөлімінің басшысы Камалжан Тұрдыбаев сөз алып, жаңа имаммен таныстырды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқарамасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының арнайы бұйрығымен Бахытбек Нұрғабылұлы Тәжімбет Қостанай облысы бойынша өкіл имам және Қостанай облыстық «Марал ишан» мешітінің бас имамы болып тағайындалғандығын жеткізді.
Сондай-ақ Камалжан Бекбосынұлы бұрынғы облыстың бас имамы Асылхан қажы Түсіпбек Бас мүфтидің бұйрығымен Қостанай облысы Қостанай аудандық «Маңдай батыр» мешітіне бас имам болып тағайындалғаны туралы бұйрықты оқып берді.
Облыстың бас имамы Бахытбек Нұрғабылұлы осы уақытқа дейін Ақтөбе қалалық мешітінің бас имамы болып қызмет атқарған. Оның есімі еліміздегі дін саласында жүрген барша бауарларымызға жақсы таныс.
Қостанай өңіріндегі күллі мұсылмандар қауымы облыстың жаңа бас имамы Бахытбек Тәжімбетке деніне саулық қызметінде табыс тілейді.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігінің
баспасөз қызметі
Мекке шаһарындағы Әл-Худайбия мешіті толықтай іргесіне дейін құлатылып, жаңартылады. Осы тарихи мешітті қайта қалпына келтіру жобасы оның ислам дініндегі маңыздылығын көтеру мақсатында қолға алынып отыр. Аталмыш мешіт 628 жылы Мұхаммед пайғамбардың (иманы жолдас болсын) Мекке мүшріктерімен бейбітшілікке қол жеткізіп, тарихта «Худайбия келісімі» аталған келісім орнаған жерде бой көтерген. Аудан Меккенің батысында орналасқан, - деп Ислам хабарлады.
Сауд Арабиясы Ұлттық мұралар және туризм жөніндегі комиссияның бас директоры Фейсал әл-Шариф мешітті өңдейтін науқаны құрылыс барысында ең соңғы ғылыми жетістіктері мен инновациялық материалдарын қолданып тәжірибелі фирма жетектейді.
Комиссия мен «Әл-Турат» мұралар қоры бүгінгі күнге дейін корольдік аумағындағы 21 мешітке қайта жаңарту жұмыстарын жүргізіп шыққан.