Қостанай облыстық Марал ишан мешітінде де кейінгі сіңлілері мен қыздарына өздерінің бойларындағы имандылық, ибалылық, ізгілік секілді асыл қасиеттері мен өнеге көрсетіп келе жатқан аналарымыз да аз емес.
Үстіміздегі жылғы Рамазан айында 15 апаларымыз, яғни әйел жамағаты Құранды толық хатым етіп шықты. Сөйтіп, олар бір ай бойы қасиетті Құранды үзбей оқыды.
Облыстың Бас имамы Асылхан қажы Түсіпбек мұндай ізденістер мен тың жаңалықтарға үнемі сергек қарайды. Аналарымыздың осы ғибраттарына шексіз тәнті болды. Олардың адамгершілік, мейірімділік сынды қырларын жастарға үлгі етті. Өзі басқаратын мешіт атынан Алғыс хат тапсырды.
Жоғарыда Құранды толық оқып шыққан ақ жаулықты апаларымыздың ең үлкені Әдиба әжей. Ол кісі мешіттің тұрақты намазханы, жылы сөзімен баршаны имандылыққа ұйытып келе жатқан қажы.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігінің
баспасөз қызметі
Жақында Қостанай қалалық мешіті мен «Социум және Мен» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Қостанай облысындағы дін жолындағы жастардың арасында туған елімізге деген патриотизмді насихаттау мақсатында қазақша күрестен ашық біріншілік өткізілді.
Жарыс болған жерде жеңімпаздар да анықталатыны белгілі. Әділ қазылар алқасы барынша әділ болуға тырысты. Соның нәтижесінде бірқатар жастардың мерейі үстем болды.
Мәселен, 70 келі салмаққа дейінгі жастар арасында Қостанай қалалық мешітінен Марат Сымбаев, Нұрсұлтан Теміржанов, Бекболат Байназаровтар жеңімпаз атанды.
Сондай-ақ 70 келіден жоғары салмақтағылар арасында облыстық Марал Ишан мешітінен Жәнібек Мұхаметжанов, Берік Таласов және қалалық мешіттен Дәулетхан Қосмағамбетовтер топ жарды.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігінің
баспасөз қызметі
Қасиетті рамазан айында істелген бір жақсылық бірнеше есеге көбейтілетіні белгілі. Осы айда әркім қолынан келгенше бар ізгі амалды жасап қалуға тырысуда. Біреулер ораза ұстап ауыз ашар берсе, енді біреулері мұқтаждарға садақа беріп сауап жинауда. Оразаның соңғы күндерінде Отандас ағайындармен Рудный қалалық «Нұр» мешіті біріге отырып «Қайырымдылық акциясын» ұйымдастырды. Акцияға 300.000 (үш жүз мың) теңге жиналып, ол қаржыны Рудный қаласындағы Қарттар мен мүгедектер үйі №1, Қарттар үйі №2, Балалар үйіне, Рудный түзеу мектеп-интернатына, Зағиптар қоғамына және әлеуметтік жағдайы өте төмен алты отбасыға бөлініп берілді.
Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сауабы болсын!) «Малдарыңызды зекетпен қорғаңыздар, ауру-сырқаттарыңызды садақа беріп емдеңіздер, басыңызға келген бәлекеттерге де Аллаһтан жалбарынып дұға етіп, көмек сұраңыздар» – деген.
Садақаның да материалды һәм рухани жағынан ем екендігі тағы бар.
Ораза айындағы осындай орайлы мүмкіндікті жіберіп алмау үшін қайырымдылық, тағы басқа ізгі амалдарды көп жасап, ақыретте сауаптаразымыздың ауыр тартуына тырысайық.
Ал, сауапты амалдардың алдынғы қатарында садақаның тұрғаны талассыз шындық.
Имам Тирмизи риуаят еткен және бір хадисте Аллаһ Елшісі (Оған Аллаһ Тағаланың игілігі мен сәлемі болсын!): «Шынында, садақа Аллаһ азабының жалынын өшіріп, жаман өлімнен сақтайды», – дейді.
Міне садақаның осындай керемет қасиеттері бар екенін және ақыретте көп сауабқа кенелетінін Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерінен байқаймыз.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігінің
баспасөз қызметі
Баршаға мәлім, Рамазан айы мұсылман қауым үшін аса қастерлі. Сондықтан да болар, Асылхан қажы Түсіпбек басқаратын облыстық Марал ишан мешітінің ұжымы жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша биыл да Оразаға жан – жақты дайындық жасады.
Осы имандылық ордасының жанына арнайы шатырлы орындар жасалды. Мешітке кіре беріске «Рамазан айы құтты болсын!» деген жазулар жазылып, күні бұрын ілінді. Бұл аталғандардың бәрі де мұсылман бауырларымыздың ислам дініне деген сенімі мен құрметін барынша арттыра түсті.
Биыл да Ораза айы барысында күнделікті жұршылыққа ауызашар берілді. Онда облыс басшысынан бастап, есімдері көпке танымал азаматтар, кәсіпкерлер, намазхандар дастархан жайып, үлкенді-кішілі қауымның батасын алды.
Аталаған сауапты істің ғибратты жағын Бас имам мен оның орынбасарлары халыққа жан-жақты түсіндіріп, барлық игі жұмыстардың басы – қасында жүрді.
Бір қуаныштысы, жылдан-жылға Ораза ұстаушылардың қатарында жастардың көбейіп келе жатқандығы. Олар да Рамазан айының қасиетті екендігін жете түсініп, дінімізге бет-бұрыс жасап жатыр.
Осы айда қайырымдылық мақсатында да жұртшылыққа өнеге болар бастамалар жерлестеріміздің есінде қалды. Мешіт қызметкерлері балалар үйінде болып, оларға сый-сияпат жасады.
Сондай-ақ киелі орында ұн да таратылды. Бұл ізгілікті шараға орыс шіркеуінің өкілдері де қатысты. Ұйымдастырушыларға өздерінің шын жүректен шыққан ықыластарын білдірушілердің қатарында арамызда ғұмыр кешіп жатқан өзге ұлттың өкілдері болды.
Қадір түні де мұсылман үшін өте қастерлі. Сол себептен де шілде айының 13-нен 14-не қараған түні мешітке халық өте көп жиналды. Осы орайда да имандылық ордасының барша қызметкерлері жұдырықтай жұмылып, үлкенді-кішілі қауымға аянбай қызмет жасады.
Кешкі ауызашармен қатар сол Қадір түні сәресі де берілді. Асылхан қажы бастаған дін қайраткерлері көпшілікке уағыз айтып, бас қосудың негізгі мәні мен мағынасына тоқталды.
Осы жайларды өз көзімен көріп, көңіліне түйген бауырларымыздың бірі – Айзат Асылбектің айтуына қарағанда, жастар жағы көп жайды ұғынды. Сондай-ақ, жалпы Рамазан айының мұсылман қауымының өмірінде алар орны мен тәлімдік-тәрбиелік жағының мол екендігін жете түсінді.
Сонымен үстіміздегі жылы да Қостанай өңірінде Рамазан айы жоғары деңгейде өтті деп толық сеніммен айта аламыз.
Жоғары да әңгіме арқауына айналған облыстық Марал ишан және облыстағы барлық аудандар мен қалалардағы мешіттерде Ораза айт намазы да тиісті деңгейде ұйымдастырылды. Үш күн айтта мұсылман бауырларымыз бір-біріне ізгі тілектерін білдірісті.
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі
Малое омовение вуду состоит из обязательных частей и желательных. Обязательным условиями малого омовения является умывание: лица; рук, включая локти; ¼ поверхности головы, и ступней ног, включая щиколотки. Для действительности малого омовения достаточно совершить каждое действие единожды.
Сообщается, что Пророк, да будет доволен им Аллах, сказал: "Участие в общей пятничной молитве является обязанностью каждого мусульманина, за исключением четверых: подневольного раба, женщины, ребенка и больного". Передал Абу Дауд. Такого мнения придерживались имамы всех 4 мазхабов.