Қасиетті Рамазан айының құрметі үшін, Жітіқара аудандық «Ержан Тәтішев» мешіті жағдайы төмен отбасыларға, көп балалы отбасыларға қайырымдылық көмек ретінде азық-түлік қоржынын тарту етті.
Аталмыш іс-шараны Жітіқара аудандық «Ержан Тәтішев» мешітінің Бас имамы Есмурзин Сабыржан Зейнелғабиденұлы ұйымдастырды. Қайырымдылық істің басында Бас имам өзі болып, жағдайы төмен отбасыларға, күріш, ұн, сұйық май, шәй, қант қатарлы заттарды үлестіріп берді.
Осылайша Жітіқара аудандық мешітінің имамы қайырымдылық іс-шара ұйымдастырып жақсылыққа жаршы бола білді.
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі
Обучающий намаз наглядно демонстрирует и разъясняет, как совершается обязательная молитва мусульман в 4-ре раката. Научившись совершать намаз в 4-ре раката, вы сможете совершать все остальные намазы.
Қасиетті рамазан айының шарапаты болар, өткен жетіде орыс қызы Татьянич Людмила Валерьевна Ислам дінін қабылдау үшін мешітімізге келді. Рудный қалалық «Нұр» мешітінің Бас имамы Сейіт Темірбекұлы Исламның бес парызы жайлы жан-жақты түсіндірді. Людмила қарындасымыздың тілін кәлимаға келтіріп, мұсылман куәлік сөзін айтқанда көзіне жас келді. Аллаға мыңда бір шүкір күн сайын асыл дініміз Исламды қабылдап жатқан шетел азаматтарын жиі естіп жатамыз. Тіпті батыс елдері 30-40 жылда осындай қарқынмен алдыға басса Франция, Германия сияқты мемлекеттер толық мұсылман тұратын елге айналады деп болжам жасауда.
Шынымен Ислам ақиқат дін екенін және Құран Алланың соңғы кітабы адамдарды қияметке дейін тура жолға бастайтынын көрсетеді. Мұсылман болу үшін сіздің ұлтыңызға, түсіңізге қарамайды, өйткені бұл барша адамзатқа түскен дін. Құранда Алла тағала Ислам діні жайлы былай дейді: «Алланың алдында қабыл болатын шынайы дін – Ислам» - дейді. (Әли Имран сүресі, 19-аят) Міне ақырзаманға дейін адамдардың көкейде жүрген сұрақтарына жауап беретін, дара жалғыз дін Ислам. Кездесу соңында Сейіт қажы Темірбекұлы қарындасымыздың мұсылман болуымен құттықтап, дініміз жайлы орысша кітаптар сыйлады.
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі
Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының тапсырмасы бойынша ағымдармен үнемі жұмыс жасау, халыққа дәстүрлі дінімізді насихаттау сияқты бірқатар міндеттер тапсырылған болатын. Осы мақсатта Рудный қалалық «Нұр» мешітінің Бас имамы Сейіт Темірбекұлы, Рудный қаласы «Рассвет» емдеу-сауықтыру орталығында «Діни экстремизм мен терроризмге қарсы күрес» атты тақырыбта уағыз айтты. Қазіргі кездегі толып жатқан ағымдардың асыл дініміз Исламға ешқандай қатысы жоқ екенін тілге тиек етіп, керсінше Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) адамзатқа мейірімділік, көркем мінез танытуға шақырған. Сөз соңында көкейде жүрген сұрақтарына жауап алып, дініміз жайлы жан-жақты мағлұмат алды.
ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі
Қазақ халқы үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсеткен, жетімін жылатпаған, ата-анасын зарлатпаған, әрдайым имандылық жолды ұстаған ел. Қазақ жерінде комунистік туы жетпіс жыл желбіреп тұрғанда, біршама құндылықтарымыздан айрылған едік. Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (с.ғ.с.) бір хадисінде «Жәннат ата-аналарының табанының астында», - деген сөзді үнемі жадымызда ұстаған халықпыз. Аллаға шукір Ислам діні қайта келіп, өз қарқынын ала бастады, әр өңірде мешіттер салынып халық игілігіне берілуде. Әйтседағы елімізде өкінішті өртейтін тұстарда жоқ емес, ол әр қалада салына бастаған қарттар үйі. Кезінде шариғатты бекем ұстаған ата-бабаларымызда осындай қарттар үйі, балалар үйі деген орталықтар атымен жоқ еді, қазір әр обылыстан кездестіреміз. Бір жағынан қарттарымыздың далада қаңғырып қалмауы үшін, мемлекетіміздің қарауында тұрған бұндай ғимаратар керек ақ.
Қасиетті Рамазан айының құрметіне ата-әжелеріміздің жүздеріне күлкі сыйлау мақсатында қарттар үйінде кездесу болып өтті. Кездесуде Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) өмірінен ғибратты оқиғалар айтылып, рамазан айы болғандықтан оразаның адам денсаулығына пайдасы мол екенін және Ұлы Раббымыздан біздерге парыз етілгендігін Рудный қалалық «Нұр» мешітінің найб имамы Абзал Сұлтанғалиұлы жан-жақты түсіндірді. Жиын соңында мешітіміздің практиканты Хасенов Саят аруақтарға құран бағыштап, мешітіміздің атынан қарттарға діни кітаптар таратты.
ҚМДБ-ный Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі
Түркия Президенті Реджеп Тайіп Эрдоган Анқара манындағы Бештепе ауданында өз сәнді сарайында мешіт ашу туралы жариялады, деп «Ассошиэйтед пресс» хабарлады.
3000 дейн діншілдерді орналаса алатын, биіктигі шамамен 60 метр мұңаралары бар құру түркияның астанасы манайындағы ең жоғары мешіттердің бірі болды.
Оның құрылысы туралы шешім Президент сарайының құнын оппозиция жағынан күрт сынғандықтан Р. Т. Эрдоганмен қабылданды.
Мешіт ашу рәсімінде Президент оның түркі халқына арналып ашқаның және олардың құрметіне атын беретіні туралы жарияалады.
«Мен Бештепедегі мешіт біздің бірлігіміз, ынтымақтастығымыз бен бауырластығымызға ықпал ететіне үміттенемін», - деп өз «Твиттерінде» жазды.
Келесі 10 күн ішінде Татарстан муфтийі Камиль хазрат Самигуллин Тынычлык Қазан мешітінде откізеді. Республиканың мұсылман көшбасшысы жалғыздық рәсімін – итикафты орындауға жиналды.
Өткен жылы Камиль хазрат сондай-ақ Рамазан айының соңғы 10 күн Татарстан халқы үшін дуға етіп, Касиетті Қоран оқып, сонымен қатар Умма республикасының мәселелерін қашықтықтан шешуді ұмытпағанын ескерту керек.
Камиль хазрат Самигуллин қарсаңында Мирный ауылындағы Тынычлык мешітінде таравих-дуғадан кейін итикафты бастады. Татарстан муфтийдің тақуалық жалғыздығы Рамазан айының сонына дейін жалғасады.
Ғаламтордағы түрлі порталдар мен форумдарда, әлеуметтік желілерде жарияланып жүрген «Халал жезөкшелік» немесе «Халяль проституция по-казахский» атты мақалалар жөнінде жеке блогыма біраз сұрақтар келіп түсті. Сондықтан, бұл тақырыпқа біраз талдау жасауды жөн көрдім.
Біріншіден, «Халал жезөкшелік» деп айтудың өзі дұрыс емес. Халал мен жезөкшелік сөздерінің бір-біріне еш байланысы жоқ. Шариғат қағидаларына салатын болсақ, жезөкшелік ешқашан халал болған емес, болмайды да. Өйткені, мұның зинақорлық екені баршаға аян. Сондықтан, халал сөзін жезөкшелікке телуге болмайды. Одан біз ештеңе ұтпаймыз. Тек исламды қаралауға жол ашылады.
Екіншіден, жат ағымдардың шығарған «уақытша неке», «бауырластық», «жиһаду ән-никах» сияқты неке түрлерінің ислам дініне үш-қайнаса сорпасы қосылмайды. Бұларды радикалды ағымдар өз мүдделері үшін ойлап шығарған.
Үшіншіден, шариғаттың қағидалары бойынша куйеуінен ажырасқан әйел үш етеккір кезеңін (мақалада айтылғандай үш ай он күн емес) күтуі қажет. Бұны шариғатта – идда дейді. Ал, күйеуі өмірден өтіп, жесір қалған әйел төрт ай он күн күтеді. Осы аталған екі жағдайда да әйелдің жүкті екені мәлім болса, онда баланы босанғанша күтеді, яғни иддада отырады. Мұсылман әйел жоғарда аталған идда мерзімдерін өткізбей, басқа күйеуге шығуына болмайды (харам).
Төртіншіден, радикалды (сәләфилік-такфирлік) топтардың шығарған, шариғатқа қайшы келетін неке түрілерінің бірі – «жиһаду ан-никах» жыныстық жиһад немесе «әз-зауажу әл-мунакаха» уақытша некелесу деп аталады. Бейбіт халықты қойдай қырып, қан төгіп, бас кесуді қасиетті жиһад санайтын Сирия жеріндегі Ислам мемлекетінің содырларына тәнін ұсынып, біраз күн немесе бірнеше сағат «әйел» болуды бүгінгі шейх-сымақтар қыз баланың жыныстық жиһады деп атап жүр.
Ғалымдардың пікірінше, «әз-зауажу әл-мунакаха» деген терминді алғашқы болып радикалды Ислам ағымының жақтаушысы Мұхаммед әл-Арифи шығарып, сунниттік бағыттағы мұсылман қыздардың өз еріктерімен Сирияға барып, сол жақта Башар әл-Асадтың режиміне қарсы соғысып жатқан әскерлердің жыныстық құмарларын қандыруға шақырған. «Бұл барып тұрған зинақорлық» деген ғалымдарға Арифи «Ниса» сүресінің 24-ші аятын дәлел ретінде көрсетеді. Ол аятта былай делінген: «Сендер олардан алған ләззаттарың, көрген қызықтарың үшін оларға тиісті мәһрлерін (сыйақыларын) беріңдер».
Бұл аятты «тұрақты ақ некелі әйелден алынған ләззат үшін мәһр ақысын төлеңдер» деп түсінген мақұл. Себебі, әйгілі тәпсірші Ибн Аббас та, Хасан Басри де, Мужаһид те, өзге де көптеген тәпсіршілер бұл аятты осылай түсіндірген. Міне, бұл шектен шыққандар мұсылмандықтан да, адамшылықтан да ауытқығандығы даусыз.
Ғаламтордағы түрлі форумдарда, әлеуметтік желілерде мұсылман қыз нағыз Ислам жолындағы шын мұсылман ерге тию керек деген үндеулерді көп байқауға болады. «Сондықтан да, Ислам халифатын құрамыз деп қан майданда жүрген нағыз ерлерге тию керек» деген шақырулар ашық жазылады.
Тіпті, кейбір әлеуметтік парақшалардан Алла жолында тәнімен жиһад жасаймын дейтін қыздар жартылай жалаңаш денесін көрсетіп жейдесіне: «Бұл тән менікі және менен өзге ешкімнің ар-намысын білдірмейді» деп жазып қойған. Бұл не деген сұмдық?! Ислам дінінде бұндай арсыздыққа жол берілмейді!
Қорыта келгенде, кез келген мәселенің пәтуасын монитордың аржағында білгенін жазып отырған көлденең көк аттыдан емес, «Е-islam» порталының білікті сарапшыларынан немесе ҚМБД-ның шариғат және пәтуа бөліміндегі арнаулы мамандардан алған жөн.
Ершат ОҢҒАРОВ,
Исламтанушы, теолог PhD доктор
ҚМДБ-ның уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі