Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User


ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ
ДІНИ БАСҚАРМАСЫ


Тудың араб тіліндегі мағынасы бірнешеу. Ол жолаушылар адаспауы үшін жол бойына қадалған белгіге, тауға, киімдегі суретке, екі жер ортасын бөліп тұрған белгіге айтылады. Сол секілді осы сөз қайбір елдің рәмізі, белгісі деген мағынаны беретін туға да айтылады.

Халықтар өзінің ерекшелігін білдіру үшін туды Ислам дініне дейін де қолданған. Бізге жеткен хабарлардың айтуынша Алла елшісі (с.а.с) ту мен жалауды ұстаған. Хадис ғалымдары өз кітаптарында ту мен жалау жайындағы әңгіме үшін арнайы бап арнаған. Оны Әбу Даудтың хадистер кітабында және Сунану Тирмизиде, сунану Әл Бәйһақи келген.

Тирмизи мен Ибн Мәжә Ибн Аббастан жеткізген әңгімесінде: «Пайғамбардың (с.а.с) жалауы қара түсті, ал туы ақ түсті болатын,» - делінді. Ал Әбу Даудтың Сәммәктан, оның өз қауымынан болған бір кісіден жеткізген әңгімесінде пайғамбардың (с.а.с) жалауы сары түсті екенін көрдім» - делінді.

Тирмизидің Жәбирден жеткізген әңгімесінде: «Пайғамбар (с.а.с) Меккеге ақ түсті жалаумен кірді» - деді.

Ибн Хажар «Фатхул Бәриде»: «Пайғамбар (с.а.с) өзі қатысқан соғыстарында алып жүру үшін әр тайпаның көсеміне ту беретін,» - деді.

Жау соғыста ту немесе жалауды көтерген сарбазды басқалардан бұрын көздейтін, соны алдымен өлтіруге тырысатын. Ту көтеріліп тұрған сәт оның астына жиналғандарда ерлік пен қайрат жоғалмайтын. Ал қашан ол түсірілген сәт ол тудың иелерінде жеңіліс пен әлсіздік, төменшіктеу сезімінде болады. Сондықтан туды көтерген кісі өзінің жаны қиылып кетсе де, оны төменге түсіруді қаламайтын. Ол жанын бір мата үшін қимайды немесе жалау көтеріп, соның астында мерт болған адам туралы ол бір шүберекті көтеріп, оған тағзым етті деп айтылмайды. Керісінше оның өз елінің белгісі, оның қолына берген аманаты болғандығы үшін деп қаралуы керек.

Имам Бухаридың «Сахихында» келген әңгімеде Әнәс Ибн Мәлик айтты: «Пайғамбар (с.а.с): «Туды Зәйд алды. Ол ажал тапқан соң одан Жағфар алды. Ол мерт болған соң Абдулла Ибн Рауаха алды. Ол да ту астында мерт болды. (Осыны айтқанда пайғамбардың (с.а.с) екі көзінен жас ақты. Әнәс Ибн Мәликтің әңгімесі) Содан кейін туды ешкімнің әмірін күтпей-ақ Халид Ибн Уәлид алды. Сол тудың астында жау елін ашты,» - деді.

Ел туына белгілі бір әрекеттермен сәлем беру, оның жоғарыға көтерілгенінде: «Жасасын ел!» - деп дауыстап дұға ету - адамның «екінші табиғаты» деп аталатын әдеті. Бұл жайында Әр Рағиб Әл Әсфаһанидың «Әл Муфрадат» кітабында: «Әдет - адамның екінші табиғаты,» - делінеді.

Шариғат бойынша егер бір істің харамдығына дәлел келмесе, оның негізгі үкімі халал, мубах делініп қаралады. Алла Тағала: «Алла сендерге арам еткен нәрселерін ашық хабарлаған ғой» - дейді. Имам Тирмизидің Сәлмәннан жеткізген хабарында Алла елшісі (с.а.с): «Халал – Алланың кітабында халал еткені. Харам – Алланың кітабында харам еткені. Ал бір іс жайында ешнәрсе айтпаса, ол іс Алланың кешірім еткен істерінен,» - дейді.

Мұндай істер адамдардың өз отандарын сүйетіндіктерінен пайда болатын әдет. Сондықтан жалпы отандастардың ортақ бір ел азаматтары ретінде және ортақ мүдделілікте жасап жатқандарын көрсетулері деп қарау керек. Шариғат ережелерінде бұл секілді іс-әрекет бір істі білдіру үшін жасалатын тәсіл, жол деп саналады. Отанды сүю шариғаттың адамдардан талап ететін істерден екендігіне дәлел бар. Ендеше оған алып баратын және отан сүйгіштікті көрсететін халал болған қандай да бір жол, тәсіл шариғаттың талабы деп қаралады. Сондықтан отандықты, ортақтықты немесе құрмет етілуі міндет істерде көпке қосылмай, кейбір адамдардың орнынан тұрудан бас тартуы секілді әрекеттері олардың құрмет көрсетпеулерінің белгісі болады.

ҚМДБ-ның шариғат, пәтуа бөлімі

2015 жылдың 18 маусымы – қасиетті Рамазан айының бірінші күні!

ҚАСИЕТТІ РАМАЗАН АЙЫ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Аса қамқор, ерекше Мейірімді Алланың атымен бастаймын!

Құрметті мұсылман бауырлар, отандастар!

Баршамызды қасиетті Рамазан айына аман-есен жеткізген Алла Тағалаға сансыз шүкірлер болсын. Сіздерді мүбәрак Рамазан айының келуімен құттықтаймын!

Рамазан – он екі айдың сұлтаны, берекелі де кешірімі мол ай. Күнделікті тіршілік қамымен жүретін пенденің жүрегіне бұл айда иман нұры құйылады. Өйткені, ораза адамды тақуалыққа тәрбиелейді.

Сабырлық, қайырымдылық, мейірімділік, бауырмалдық секілді адамдық асыл қасиеттер артып, иман күшейеді. Адамның иманы күшейген сайын арсыздықтан арыла бастайды. Рамазан – Алланың мейірімі төгіліп, жұмақтың есігі айқара ашылатын, иманды күшейтуге мүмкіндік берілген берекелі ай. Бұл – Жаратушы Иеміздің ұлы сыйы әрі нығметі.

Сауаптар еселеніп жазылатын айда жасалған қайырлы істің қайтарымы адам баласы үшін құпия-сыр. Тіпті, ауыз бекітушіге берілетін сый мен сауап, құрмет пен марапат пайғамбарлар мен періштелерге де белгісіз.

Құдси хадисте Алла Тағала: «Ораза – тек Мен үшін. Оның сыйын (сауабын) Өзім ғана беремін...», – деп, оразаның қадірі мен қасиетін, мәні мен маңызын баяндаған.

Қадірлі ағайын!

Шарапаты мен шапағаты мол айда күнәлі істерден бас тартып, сауап жинауға, ішкі дүниемізді тазартуға, Жаратушының разылығына бөленуге асығайық!

Мейірімділік, кешірімділік, игілік, имандылық һәм адамгершілік құндылықтар салтанат құрған қоғамның қашан да болашағы баянды, келешегі кемел.

Рамазанның қадірін жақсы түсінген сахабалар оразаға алты ай қалған сәттен бастап: «Раббымыз, бізді Рамазан айына аман-есен жеткізе гөр!» – деп дұға еткен. Пенденің осы айда ұстаған оразасы, қосымша құлшылықтары, өзгелерге жасаған қайырымдылығы, барлық сауапты амалдары еселеніп жазылады.

Ораза – күндіз тек ішіп-жеуден өзін шектеу деген сөз емес. Ораза – рухтың азығы, тәннің шипасы. Рамазан жан мен тәнді рухани тазартатын, мұсылман үшін үлкен сабыр мектебі. Аузы берік жандар әдеп білмес пенделердің өзіне жасаған кейбір оғаш іс-әрекеттерін көріп, тұрпайы сөздерін естісе де: «Мен оразамын», – деген бір ауыз сөзбен нәпсісіне тоқтау салып, сабыр сақтайды. Ал сабыр иесіне берілетін сый – жәннат.

Денсаулығына байланысты немесе кәрілік жетіп ораза ұстауға шамасы жетпеген адамдар ауыз бекіткен кісілерге ауызашар берсе, ол да – үлкен сауап. Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Алла Тағала ең болмаса бір түйір құрма, тіпті бір ұрттам сумен болса да қамқорлық жасағанға сауап жазады…» – деген.

Биыл маусым-шілде айларына тұспа-тұс келген Рамазанда ауыз бекітуге күннің ыстығы кедергі келтірмейді деп сенеміз. Себебі, оразаның рухани дәмін татқан жан Алланың теңдессіз сыйынан шет қалғысы келмейтіні хақ.

Қадірлі қауым!

Рақым айы – Рамазан құтты болсын! Қасиетті айда ұстаған оразамыз, жасаған дұға-тілектеріміз, құлшылық-ғибадаттарымыз, әрбір қайырлы амалдарымыз қабыл болғай! Алла Тағала отбасымызға амандық, жұмысымызға береке-бірлік нәсіп еткей! Тәуелсіздігіміз тұғырлы, мемлекетіміздің мерейі әрқашан үстем болғай! Әумин!

Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ,
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти

Дәл қазіргі күндері әлемнің 60-тан астам мемлекетінен жиналған қарилар Малайзия елінде Халықаралық сыннан өтті. Осымен 57-ші рет ұйымдастырылған Малайзия Халықаралық Құран жарысы өз жеңімпаздарын анықтады.

Қасиетті Құран жаттау мен көркемдеп оқу бойынша екі бағыттағы сайысқа әлемнің түкпір-түкпірінен сайдың тасындай іріктелген 100-ден аса хафиз-қарилар жиылып білімдерін сарапқа салды. Маусымның 6 мен 16-сы аралығын қамтыған халықаралық бәйгеде Құран Кәрімді бүкіл ереже-қағидаларын сақтай отырып, жатқа оқудың іріктеу сынына қатысқан үміткерлерден тек 30 хафиз ғана финалға өткен. Еліміздің намысын қорғау үшін аттанған Шохан Уәлиев те іріктеу сынынан сүрінбей өтіп, 4 күнге созылған ақтық сайыста бақ сынады. Шохан Уәлиев жақында ғана еліміздегі VI Республикалық қарилар жарысында Оңтүстік Қазақстан облысының намысын қорғап, жүлделі орынға ие болған еді. Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы мамандарының сенімі мен ел үмітін арқалап Малайзияға аттанған қазақстандық қаридың финалға шығуы үлкен жетістік болды. Өйткені сайыскерлерді әлемдегі мүйізі қарағайдай 20-ға жуық Қасиетті Құран хафиздері, ғалымдар жіті сараптаса әрі бәйге барысын бүкіл әлем тікелей эфир арқылы бақылап отырды. Тікелей эфирде әрбір қариға 5 сұрақ қойылып, сұрақтағы аяттың жазбаша нұсқасы экран бетінде көрсетіліп тұрды. Бұл кез-келген көрерменге сайыстың әділдігін саралауға мүмкіндік берді. Осындай сында қазақ баласы Шохан Уәлиев алғашқы 10-дықтың қатарынан табылды.

Еліміздегі ислами жоғары білім шаңырағы Нұр-Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетінің студенті Шохан Уәлиев соңғы бір жыл бойы мысырлық ғалым, доктор Сәйд Абдулмәжид Сәйд Мұхамедтен Қасиетті Құран жаттаудан жіті дәріс алған. Шәкіртінің Халықаралық аламандағы аяқ алысын тікелей эфир арқылы қадағалаған ғылым докторы Сәйд Абдулмәжид: "Бұл Шоханның Халықаралық дәрежедегі алғашқы додасы. Алла қаласа, болашақта бұдан да жоғары нәтиже беретіндігіне үмітіміз мол", - деп өз сенімін білдірді. Шохан Нұралыұлы да Құран Кәрімді жаттауда Нұр-Мүбарактағы ғалымдармен қатар Оңтүстік Қазақстан облысындағы ұстаздарының да еңбегін ерекше бағалауда.

Малайзия астанасы Куала-Лумпурдағы мәртебелі сайыс жеңімпаздарын марапаттауда Корольдің өзі келіп сыйлықтарды табыс еткен. Бірінші орын Катар, екінші Кувейт, үшінші Тунис мемлекетінің хафиздері иеленген, яғни алдыңғы орынды араб мемлекеттері еншілеген сайыста ТМД елдері арасынан Қазақстан ғана алғашқы ондыққа енді. Бұның өзі еліміздегі ислам дініне деген қолдау мен бетбұрыстың артып, Қасиетті Құран жаттаушы қариларымыздың қатары өсе бастағанының бір дәлелі іспеттес.







muftyat.kz

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником