Ханафи мәзхабы мұсылман әлемінде кеңінен таралған әрі үмметтің басым көпшілігі ұстанған шариғи құқықтық мектеп болып табылады. Бұл мәзхабтың аясында, исламдағы белгілі ғалымдар мен фақиһтер жетіліп өсіп шықты. Өкінішке орай, соңғы уақытта мұсылмандардың арасында білімнің аздығы мен ықыластың төмендеуінің нәтижесінде ханафи мәзхабы жөінде теріс түсініктер қалыптасуда. Көптеген ханафиттер өз мәзхабы ғалымдарын танып білмейді, тіпті біразынан бейхабар. Сол үшін де, бұл олқылықтардың орнын толтыру үшін, сіздерге осы хронологияны ұсынып отырмыз.
Төмендегі кесте, мәзһабымыздың Имамынан бастап, осы ғасырға дейінгі негізгі Ханафи фақиһтерінің аттары, туылған/өлген жылдары мен еңбектерін қамтиды. Осы кестеде біз салыстырмалы түрде атақты, үздік деген ғалымдарды таңдадық, олай жасамағанда тізбегіміздің шегі мен шеті болмаушы еді. Фиқһтан басқа салада жетік және үздік болғандықтан, көптеген Ханафи ғалымдары бұл тізбекке кірмеді. Мүмкін болған жағдайдың бәрінде дүниеге келген және өлген жылдары көрсетілді. Басқа жағдайда, тек дүниеден өткен жылдары “өл.” аббревиатурасымен беріледі. Шамамен айтылған жылдар «шм.» (шамамен) деп көрсетіледі, «к» аббревиатурасы «кейін» дегенді білдіреді.
Бұдан бөлек ханафи ғалымдары биографиясымен терең танысам деушілерге әл-Хатиб әл-Бағдадидің “Тарих Бағдад”, әл-Қурайшидің “әл-Джәуәнир әл-Мудийя”, Қасим ибн Қутлубуғаның “Тадж әл-Тараджим”, әл-Лакхнауидің “әл-Фәуә’ид әл-Бәхийя”, әл-Зириклидің “әл-Ә’ләм” секілді және т.б. кітаптарды басшылыққа алуға болады.
Егер хронологияда қандай да бір қателіктер орын алса немесе назардан тыс қалған болмаса біз ұмыт қалдырған ірі ғалымдар есімі болса, бізге ескертулеріңізді өтінеміз.
Ғалым |
Кейбір еңбектері |
Жылдар (Хиджри) |
|||
ЕКІНШІ ҒАСЫР |
|||||
Әбу Ханифа әл-Ну’мән ибн Сәбит |
Китәб әл-Aсәр |
80-150 |
|||
Әбу Юсуф Яғқуб ибн Ибрахим |
Әл-Амали/Китәб әл-Харадж |
113-182 |
|||
Мухаммад ибн әл-Хасан әш Шәйбәни |
Әл-Асл, әл-Джәми‘ әс-Соғир/әл-Кәбир, әл-Зиядат, әл-Сияр әл-Кәбир |
132-189 |
|||
Зуфар ибн әл-Хузайл |
|
110-158 |
|||
ҮШІНШІ ҒАСЫР |
|||||
Әл-Хасан ибн Зияд әл-Лу’лу’и |
Әл-Муджаррад |
өл. 204 |
|||
Әбу Суләйман Муса әл-Джузаджани |
Нәуәдир Әби Суләйман |
өл. к. 200 |
|||
Му’әлла ибн Мансур әр-Рәзи |
Нәуәдир Му’әлла ибн Мансур |
шм. 150-211 |
|||
Әбу Хафс әл-Кәбир әл-Бухари |
150-217 |
|
|
|
|
Иса ибн Абан |
Әл-Худжадж әс-Соғир/ әл-Худжадж әл-Кәбир |
өл. 221 |
|||
Мухаммад ибн Сәмә’әһ әт-Тәмими |
Китәб Әдәб әл-Қади |
130-233 |
|||
Ахмад ибн Амр әл-Хассаф |
Китәб Ахкамул Ауқаф |
шм. 185-261 |
|||
Мухаммад ибн Шуджағ әс-Сәлджи |
Китәб әл-Мәнәсик |
181-266 |
|||
ТӨРТІНШІ ҒАСЫР |
|||||
Әбу Джәғфар Ахмад әт-Тахауи |
Шарх Ма’ани әл-Әсәр/әл-Мухтасар |
239-321 |
|||
Әбу Мансур әл-Матуриди |
Китәб әт-Таухид Тәуилат Ахли Сунна |
өл. 333 |
|||
Мухаммад әл-Хаким әш-Шәдид |
Әл-Кәфи (Мухатсар әл-Асл) |
өл. 334 |
|||
Әбу л-Хасан әл-Кархи |
Мухтасар әл-Кархи |
260-340 |
|||
Әбу Бәкр әл-Жәссас әр-Рази |
Ахкам әл-Қур’ан, Шарх Мухтасар әт-Тахауи |
305-370 |
|||
Әбу Джәғфар әл-Хидууәни |
Шарх әл-Джәми әс-Соғир |
300-362 |
|||
Әбу ‘л-Ләйсәс-Сәмарқанди (әл-Фәқиһ) |
Әл-Нәуәзил/’Уюн әл-Мәсә’ил |
өл. 373 |
|||
БЕСІНШІ ҒАСЫР |
|||||
Әбу ‘л-Хусайн Ахмад әл-Қудури |
Мухтасар әл-Қудури/әт-Тәджрид |
362-428 |
|||
Әбу Зайд ‘УбайдАллахәл-Дәбуси |
Тәқуим әл-Әдилләһ |
367-430 |
|||
Әбу ‘л-‘АббасАхмадәл-Нәтифи |
Китәб Джумал Ахкам әл-Уәқиғаһ |
өл. 446 |
|||
Шамсәл-A’иммәһәл-Хәлуәни |
Әл-Мәбсуд |
өл. 448 |
|||
Әбу ‘л-Хасан ‘‘Әлиәл-Суғди |
Әл-Нутаф фи ‘л-Фәтәуә |
өл. 461 |
|||
Әбу Наср Ахмад әл-Ақта’ |
Шарх Мухтасар әл-Қудури |
өл. 474 |
|||
Әл-Қади Ахмад ибн Мансур әл-Исбиджәби |
Шарх әл-Джәми әс-Соғир |
өл. 480 |
|||
Фәхр ‘Әлислам ‘Әли әлБаздауи |
‘Усуль әл-Баздауи |
шм. 400-482 |
|||
Шәйхул Ислам Хууахар Задаһ |
Әл-Мәбсут, әл-Мухтасар |
өл. 483 |
|||
Шамсәл-A’иммәһәс-Сәрахси |
Әл-Мәбсут/Шарх әл-Сияр әл-Кәбир |
өл. шм. 490 |
|||
АЛТЫНШЫ ҒАСЫР |
|||||
Захир әд-Дин әл-Маргинани әл-Кәбир |
|
өл. 506 |
|||
Шәйхул Ислам ‘Әли әл-Исбиджәби |
Шарх Мухтасар әт-Тахауи |
454-535 |
|||
Хусам әд-Дин әл-Садр әл-Шәдид |
ӘлУәқиғә Шарх Әдәб әл-Қади |
483-536 |
|||
Нәджм әд-Дин ‘Умар әл-Нәсәри |
Таләбәһ әл-Таләбәһ |
461-537 |
|||
‘Әлә әд-Дин әл-Садр әл-Шәдид |
Тухфат әл-Фуқаха |
өл. 539 |
|||
Джар Аллах Махмудәл-Замахшәри |
Руус әл-Мәса’ил |
467-538 |
|||
Әбу ‘л-Фәтх ‘Әбд әл-Рашид әл-Уәлуәлиджи |
Әл-Фәтәуә әл-Уәлу’Әлиджийя |
467- к. 540 |
|||
Ахмад Ибн Муса әл-Кашши |
Маджмул Нәуәзил |
өл. шм. 550 |
|||
Нәсир әл-Дин Мухаммад әл-Самарқанди |
Әл-Фикһ әл-Нәфи’/әл-Мултақат |
өл. 556 |
|||
Рукн әл-Дин әл-Кирани |
Джәуәхир әл-Фәтәуә |
өл. 565 |
|||
Сирадж әл-Дин ‘Әли әл-Уши |
Әл-Фәтәуә әл-Сираджийяһ, Бад’ әл-Амали |
өл. к. 569 |
|||
Әбу ‘л-Муззаффар Ас’ад әл-Карабиси |
Әл-Фуруқ |
өл. 570 |
|||
Ради әл-Дин Мухаммад әл-Сарахси |
Әл-Мухит әл-Ридауи |
өл. 571 |
|||
Әбу Наср Ахмад әл-‘Аттаби |
Әл-Фәтәуә әл-‘Аттабийяһ Шарх әл-Зиядат |
өл. 586 |
|||
Әбу Бәкр ибн Масғуд әл-Касани |
Бада’и әл-Сана’и |
өл. 587 |
|||
Хасан ибн Мансур ҚадиХан |
Фәтәуә ҚадиХан |
өл. 592 |
|||
‘Әли Ибн Әби Бәкр әл-Мәрғинани |
Әл-Хидәя/әл-Тәджнис |
өл. 593 |
|||
Джәмәл әл-Дин Ахмад әл-Ғазнауи |
Әл-Нәуи әл-Қудси |
өл. 593 |
|||
Хусам әл-Дин ‘Әли әл-Рази |
Хуласат әл-Дала’ил фи Танқиһ әл-Маса’ил |
өл. 598 |
|||
ЖЕТІНШІ ҒАСЫР |
|||||
Тахир ибн Ахмад әл-Бухари |
Хуласат әл-Фәтәуә |
өл. к. 600 |
|||
Бурхан әл-Дин Махмуд әл-Бухари |
Әл-Мухит әл-Бурхани/әл-Дахиран әл-Бурханийя |
өл. 616 |
|||
Захир әл-Дин Мухаммад әл-Бухари |
Әл-Фәтәуә әл-Захиррийя |
өл. 619 |
|||
Мәдж әл-Дин Мухаммад әл-Бухари |
Әл-Фусул |
өл. 633 |
|||
Шәмс әл-А’иммаһ әл-КАрдари |
Шарх әл-Мунтахаб әл-Хусами |
559-642 |
|||
‘Абд әл-Рахим Хафид Сахиб әл-Хидая |
Фусул әл-‘Имәди |
өл. к. 651 |
|||
‘Ала’ әл-Дин әл-Тарджумәни |
Йәтимат әл-Дахр |
өл. 654 |
|||
Наджм әл-Дин Мухтар әл-Захиди |
Әл-Қуниаһ/әл-Науи/әл-Муджтәбә |
өл. 658 |
|||
Зайн әл-Дин Мухаммад әл-Рази |
Тухфат әл-Мулук |
610- к.666 |
|||
Тәдж әл-Шари’аһ Махмуд ибн Ахмад |
Әл-Уиқайәһ |
өл. 673 |
|||
Джалал әл-Дин әл-Карлани |
Әл-Кифәйя (Шарх әл-Хидая) |
өл. 676 |
|||
Әбу л Фәдл Әбд Аллаһ әл-Мәусили |
Әл-МУхтар ли ‘л-Фәтуә/әл-Ихтияр |
599-683 |
|||
Муззаффар әл-Дин Ахмад Ибн әл-Са’ати |
Мәджмә’әл-Бәхрәйн |
өл. 694 |
|||
СЕГІЗІНШІ ҒАСЫР |
|||||
‘Умар ибн Мухаммад әл-Суннами |
Нисаб әл-Ихтисаб/әл-Фәтәуә әл-Дийа’ийяһ |
7-ғасырдың бірінші жартысы, 8- ғасырдың бірінші ширегі |
|||
Дәууд ибн Юсуф әл-Хатиб |
Әл-Фәтәуә әл-Ғийәсийя |
8- ғасырдың алғашқыжартысы |
|||
Мухаммад ибн Мухаммад әл-Кашғари |
Мунәт әл-Мусалли |
өл. 705 |
|||
Хафиз әл-Дин Әбу ‘л-Бәракат әл-Насафи |
Әл-Манар/ Канз әл-Дақа иқ /әл-Кәфи |
шм. 620- 710 |
|||
Абу ‘л-‘Аббас Ахмад әл-Суруджи |
Әл-Ғайаһ (Шарх әл-Хидая) |
637-710 |
|||
Хусам әл-Дин Хусайн әл-Сиғнақи |
Әл-Нихайаһ әл-Кәфи Шарх Усуль әл-Баздауи |
өл. шм. 714 |
|||
Фәхр әл-Дин ‘Усман әл-Зайлә’и |
Табийн әл-Хақа’иқ |
өл. 743 |
|||
Садр әл-Шари әһ Убайд Аллах ибн Масғуд |
Шарх әл-Уиқаяһ/әл-Нуқаяһ |
өл. 745 or 747 |
|||
Қиуәм әл-Дин Мухаммад әл-Кәки |
Ми’радж әл-Дираяһ |
өл. 749 |
|||
Әмир Қатиб әл-Итқани |
Ғайат әл-Бәйән/әл-Шәмил |
685-758 |
|||
Ибрахим ибн ‘Әли әл-Тарасуси |
Анфа’ әл-Уәса’ил (әл-Фәтәуә әл-Тарасусийя) |
721-758 |
|||
Джәмәл әл-Дин ‘Абд Аллаһ әл-Зайлә’и |
Насб әл-Райаһ |
өл. 762 |
|||
‘Абд әл-Уәһһәб ибн Ахмад ибн Уәһбан |
Манзумат Ибн Уәһбан |
728-768 |
|||
Таһир ибн Ислам әл-Хаурзами |
Джәуәхир әл-Фикһ |
өл. к. 771 |
|||
Сирадж әл-Дин ‘Умар әл-Ғазнауи әл-Хинди |
Зубдат әл-Ахкам |
шм. 704-773 |
|||
‘Әлим ибн әл ‘Әлә әл-Татархани |
Әл-Фәтәуә әл-Татарханийя |
өл. 786 |
|||
Акмәл әл-Дин Мухаммад әл-Бәбәрти |
Әл-Инәйәһ/әл-Тақрир |
шм. 710-786 |
|||
Шамс әл-Дин Мухаммад әл-Қунауи |
Дурар әл-Бихар/Шарх Мәджмә әл-Бәһрайн |
өл. 788 |
|||
ТОҒЫЗЫНШЫ ҒАСЫР |
|||||
Әбу Бәкр ибн ‘Әли әл-Хаддад |
Әл-Сирадж әл-Уәһһәдж / әл-Джәуһараһ әл-Нәийирәһ |
720-800 |
|||
‘Абд әл-Ләтиф Ибн М’Әләк |
Шарх әл-Манар |
өл. 801 |
|||
Махмуд ибн Исра’ил Ибн Қади Сәмәунә |
Джәми әл-Фусуләйн/Ләтә’иф әл-Ишарат |
өл. 818 немесе 823 |
|||
Мухаммад әл-Бәззази әл-Қардари |
Әл-Фәтәуә әл-Баззазийяһ |
өл. 827 |
|||
Сирадж әл-Дин Әбу Хафс ‘Умар Қари’ әл-Хидаяһ |
Фәтәуә Қари әл-Хидаяһ |
шм. 750-829 |
|||
Әбу ‘л-Хасан ‘Әли әл-Тарабулуси |
Му’ин әл-Хуккам |
өл. 844 |
|||
Әбу ‘л-Бақа’ Мухаммад Ибн әл-Дийа’ |
Әл-Бәһр әл-‘Әмиқ/ Тарих Мәккәһ |
789-854 |
|||
Бадр әл-Дин Махмуд әл-‘Айни |
Әл-Бинәяһ/Рамз әл-Хақа’иқ |
762-855 |
|||
Кәмәл әл-Дин Ибн әл-Хумам |
Фәтх әл-Қадир/Зад әл-Фәқир |
788-861 |
|||
Әбу ‘л-Фида’ Өасим ибн Қутлубуға |
Әл-Тәшиһ уә әл-Тарджиһ/Муниәт әл-Алма’и |
802-879 |
|||
Шамс әл-Дин Ибн Амир Хадж |
Халабәт әл-Муджәлли/әл-Тақрир уә әл-Тахбир |
825-879 |
|||
Мухаммад ибн Фарамурз Мулла Хусру |
Ғурар әл-Ахкам/Дурар әл-Хуккам |
өл. 885 |
|||
ОНЫНШЫ ҒАСЫР |
|||||
Сари әл-Дин ‘Абд әл-Барри Ибн Шиһнаһ |
Шарх Манзумат Ибн Уәһбан |
851-921 |
|||
Ибрахим ибн Муса әл-Тарбулуси |
Әл-Ис аф ли Ахкам әл Әуқаф |
өл. 853-922 |
|||
Ахмад ибн Суләйман Ибн Кәмәл Паша |
Әл-Идәһ фи Шарх әл-Исләһ |
өл. 940 |
|||
Ахмад ибн Юнус Ибн әл-Шилби |
Хашийят Табйин әл-Хақа иқ |
өл. 947 |
|||
Шамс әл-Дин Мухаммад әл-Қухустани |
Джәми әл-Румуз Джәми әл-Мәбәни |
өл. шм. 950 |
|||
Ибрахим ибн Мухаммад әл-Халәби |
Мултақа ‘л-Абһур/Ғуниат әл-Мутамалли |
өл. 956 |
|||
Зайн әл-Дин ибн Ибрахим Ибн әл-Нуджәйм |
Ал Бәһр әл-Ра’иқ/әл-Ашбәһ уә әл-Нза’ир |
өл. 970 |
|||
Мухаммад ибн Бир ‘Әли әл-Бирғауи |
Әл-Тариқаһ әл-Мухаммадийяһ |
929-981 |
|||
Мухаммад әл-Мәулә Әбу әл-Су’уд |
Тафсир Әби әл-Су’уд |
898-982 |
|||
Синан әл-Дин Юсуф әл-Амаси |
Табйин әл-Мәһәрим |
893-986 |
|||
Ахмад ибн Махмуд Қади Задаһ |
Ната’идж әл-Афкар (Такмиләһ Фәтһ әл-Қадир) |
өл. 988 |
|||
Рахмат Аллаһ әл-Синди |
Лубаб әл-Манасик |
шм. 933-993 |
|||
ОН БІРІНШІ ҒАСЫР |
|||||
Сирадж әл-Дин ‘Умар ибн Ибрахим Ибн Нуджайм |
Әл-Наһр әл-Фә иқ |
өл. 1005 |
|||
Шибаб әл-Дин әл-Тумурташи әл-Ғаззи |
Тануир әл-Абсар/Мус’ифат әл-Хуккам |
939- шм. 1007 |
|||
‘Әли ибн Султан Мулла ‘Әли әл-Қари |
Фәтһ Бәб әл-‘Инәяһ/Мирқат әл-Мәфәтиһ |
өл. 1014 |
|||
Әбу Мухаммад әл-Бағдади |
Мәджмә’әл-Даманат |
өл. шм. 1030 |
|||
Исма’ил ибн ‘Абд әл-Ғани әл-Набулуси |
Әл-Ахкам (Шарх Дурара әл-Хуккам) |
1017-1062 |
|||
Әбу ‘л-Ихлас Хасан әл-Шурунбул’Әли |
Нур әл-Идаһ/ әл-Ғуниаһ Хашийя ‘әлә л-Дурар |
994-1069 |
|||
‘Абд әл-Рахман Шәйхи Задаһ әл-Дамад |
Мәджмә’әл-Ахнур |
өл. 1078 |
|||
Хайр әл-Дин Ахмад әл-Рамли |
Әл-Фәтәуә әл-Хайрийяһ |
993-1081 |
|||
‘Абд әл-Қадир ибн Юсуф Қадри Афанди |
Уәқи’әт әл-Муфтин |
1014-1083 |
|||
Низам әл-Дин әл-Бурханфури және басқа ғалымдар |
Әл-Фәтәуә әл-‘Аламғирийяһ |
||||
‘Әлә’ әл-Дин Мухаммад әл-Хаскафи |
Әл-Дурр әл-Мухтар/әл-Дурр әл-Мунтақа |
1025-1088 |
|||
Ахмад ибн Мухаммад әл-Хамауи |
Ғамз ‘Уйун әл-Баса’ир |
өл. 1098 |
|||
Шәйх әл-Ислам Мухаммад әл-Анқарауи |
Әл-Фәтәуә әл-Анқарауийяһ |
шм. 1028-1098 |
|||
Ибрахим ибн Хусайн ибн Ахмад ибн Бири |
‘Умдат Дауи әл-Баса’ир |
1023-1099 |
|||
ОН ЕКІНШІ ҒАСЫР |
|||||
Ас’ад ибн Әби Бәкр әл-Ускудари әл-Мәдәни |
Әл-Фәтәуә әл-Ас адийәһ |
1050-1116 |
|||
‘Абд әл-Ғани ибн Исма’ил әл-Наблуси |
Ниһаят әл-Мурад әл-Джәуһар әл-Кали |
1050-1143 |
|||
Әбу әл-Су’уд әл-Азхари |
Фәтһ Аллаһ әл-Му’ин |
өл. 1072 |
|||
Әбу Са’ид Мухаммад әл-Хадими |
Әл-Бариқаһ әл-Махмудийяһ |
1113-1176 |
|||
Мухаммад Хашим әл-Тәтәуи |
Фәкиһат әл-Бустан |
1104-1174 |
|||
Ибрахим ибн Мустафа әл-Мадхари әл-Халаби |
Тухфат әл-Ахияр |
өл. 1190 |
|||
Мустафа ибн Мухаммад әл-Та’и |
Тәуфиқ әл-Рахман |
1138-1192 |
|||
ОН ҮШІНШІ ҒАСЫР |
|||||
Ахмад ибн Мухаммад әл-Таһтауи |
Хашият әл-Тахтауи ‘Әлә әл-Дурр |
өл. 1231 |
|||
Мухаммад Әмин Ибн ‘Абидин әл-Шами |
Радд әл-Мухтар/әл-‘Уқуд әд дуррийяһ |
1198-1252 |
|||
Мухаммад ‘Абид әл-Синди әл-Мәдәни |
Тәуәли’әл-Ануәр |
1190-1257 |
|||
‘Абд әл-Ғани әл-Ғунайми әл-Мәйдини |
Әл-Лубаб фи Шарх әл-Китәб |
1222-1298 |
|||
ОН ТӨРТІНШІ ҒАСЫР |
|||||
Әбу ‘л-Хасанат ‘Абд әл-Хайй әл-Лакхнауи |
‘Умдат әл-Ри’аяһ/әл-Си’аяһ |
1264-1304 |
|||
Шибаба әл-Дин әл-Марджани |
Назурат әл-Хаққ |
1233-1306 |
|||
‘Әлә әл-Дин Мухаммад Ибн ‘Абидин |
Әл-Хадийяһ әл-‘Әлә’ийяһ |
1244-1306 |
|||
Мухаммад әл-Аббаси а’л-Мәхди |
Әл-Фәтәуә әл-Мәһдийяһ |
1243-1315 |
|||
Мухаммад Кәмил әл-Тарабулси |
Әл-Фәтәуә әл-Кәмилийяһ |
1244-1315 |
|||
Әмин ‘Әли Хайдар Афанди |
Дурар әл-Хуккам (Шарх әл-Мәджаллаһ) |
өл. 1321 |
|||
Рашид Ахмад Гангохи (Деобанди) |
Фәтәуә Рашидийяһ |
1244-1323 |
|||
‘Абд әл-Қадир әл-Рафи’и |
Таөрир ‘Әлә әл-Дурр әл-Мухтар |
1248-1323 |
|||
Мухаммад Халид әл-Атаси |
Шарх Мәджж’Әләт әл-Ахкам |
1253-1326 |
|||
Шейх әл-Хинд Махмуд Хасан Деобанди |
Тәфсир-и-Усмани(Шәббир Ахмад Усманимен бірге) |
өл. 1340 |
|||
‘Азизур Рахман Усмани (Деобанди) |
‘Азиз әл-Фәтәуә |
1275-1347 |
|||
Хаил Ахмад Сахаранпури (Деобанди) |
әл-Муханнад ‘ала әл-Муфаннад |
1272-1347 |
|||
Халил ибн ‘Абд әл-Қадир Әл-Наһләуи |
Әл-Дурар әл-Мубаһаһ |
өл. 1350 |
|||
Мухаммад Бахит әл-Мути’и |
Фәтәуә Бахит әл-Мути’и |
1271-1354 |
|||
Ануар Шах Кашмири (Деобанди) |
Фәйд әл-Бәри ‘әлә Сахих әл-Бухари |
1292-1352 |
|||
Ахмад ибн Мухаммад Зарқа |
Шарх Қауа’ид әл-Фиғийяһ |
1285-1357 |
|||
Афраф ‘Әли Сәнәуи |
Имдад әл-Фәтәуә |
1280-1362 |
|||
Кифәятуллаһ Делауи |
Кифәят әл-Муфти |
1292-1372 |
|||
Ахмад ибн Мухаммад әл-Курди |
Әл-Фәтәуә әл-Халабийяһ |
1297-1373 |
|||
Зафар Ахмад ‘Усмани |
Имадад әл-Ахкам/л’лә’ әл-Сунан |
1310-1394 |
|||
Мухаммад Шәфи’ Деобанди |
Джәуәнир әл-Фикһ, Имдад әл-Муфтин |
1314-1396 |
|||
Шәйх Зафар Ахмад әл-Усмани |
Л’лә әл-Сунан |
өл. 1394 |
|||
Шәйх Мухаммад Юсуф әл-Бинори |
Мә’аарифус Сунан (Тирмизи түсініктемесі), Ауәәрифул Минан |
өл. 1397 |
|||
Шәйх Мухаммад Бадр әл- А’ләм |
Фәйд әл-Бәри ‘әлә Сахих әл-Бухари |
өл. 1385 |
|||
Мүфти әл-А’зам Пакистани, Шәйх Мухаммад Шәфи (Шәйх Тақи әл-Усманидің әкесі) |
Мә’аарифул Қу’ран |
өл. 1396 |
|||
Ахмад Раза Бижнори |
Ануарул Бәри/Әл-Бәрин нур |
|
|
||
ОН БЕСІНШІ ҒАСЫР |
|||||
Шәйх Мухаммад Закарийя Кандахлауи |
Әуджаз әл-Мәсалик/ФәзаилӘл-әбуәб уә әт-Тараджим/Хаса’ил Нәбәуи |
өл. 1402 |
|||
Шәйх Хабибур Рахман әл-А’зами Деобанди |
Ракәәт и Тарауих |
өл. 1412 |
|||
Мүфти Махмуд Хасан Гангохи |
Фәтәуә Махмудийяһ |
1325-1417 |
|||
Низамуд Дин А’зами |
Низам әл-Фәтәуә |
1328-1420 |
|||
‘Абдур Рахим Ләджпури |
Фәтәуә Рахимийяһ |
1321-1422 |
|||
Рашид ахмад Лудиануи |
Ахсан әл-Фәтәуә |
1341–1422 |
|||
Абдул Фаттах әл-Ғудда |
Мин әдәбил-исләм |
1336-1417 |
|||
Мухаммад Таки Усмани |
Такмаля фатхул-мулхим |
1362 - |
Мақала ағылшын тілінен аударылып, өңделді.
Дереккөз: ahadithnotes.wordpress.com
Кейбір әдет-ғұрыпты бидағаттың егіз бауырлары деп қарастыруға болады. Бидағат сияқты, олар да екі факторға негізделген: надандық пен сыртқы ықпалға. Бидағат сияқты, олар да белгілі бір салт-жоралардан тұрады. Бірақ, бидағаттан бір айырмашылығы ─ аталмыш салт-жораларды ешкім исламға таңып қоюға тырыспайды. Адамдар бұл салт-жораларды жалпы мақұлданған немесе сәнді деп санағандықтан орындайды.
Ондай ғұрыпты ұстанатындардың көпшілігі өздерінің бұл істерінің мәнін біле бермейді. Олар ─ соқыр «сән әлемінде үстемдік етушілердің» дәл сондай соқыр ілесушілері. Олар ешқандай зияны жоқ сауық деп ойлап жүрген салттарының шындығында пұтқа табынушылыққа негізделген болуы мүмкіндігін, өздері соншалықты қуана қабылдайтын символдардың күпірліктің нышаны болуы мүмкіндігін, еліктеп қабылдаған идеяларының ырымшылдықтың нәтижесі болуы мүмкіндігін және соның бәрі Исламның үндейтін нәрселерін жоққа шығарумен тең болу мүмкіндігін түсінбейді.
Ең болмаса, қасиетті Валентин күнін алып қарасақ, бұл күн Еуропаның басым бөлігінде өз маңызын жоя бастағанда (дегенмен, Ұлыбритания мен АҚШ-та маңызын жоймады) кенеттен мұсылман елдерінде кеңінен тарап кетті. Валентин деген кім? Адамдар неге бұл күнді тойлайды? Әдеттегідей бұл мейрамның тарихы неше түрлі бұлыңғыр аңыздармен байланыстырылады. Бірақ, қасиетті Валентин күнінің б.з.б. ІV ғасырдан бастап, римдіктердің Луперкус құдайының құрметіне тойлаған пұтқа табынушылық салты ретінде туындағаны айқын болып қала бермек. Бұл салттың ең басты элементі лотерея болатын. Сол лотерея бойынша жігіттер келесі жылғы лотереяға дейін «көңіл көтеріп, сайран салу үшін» қыздарды бөлісіп алатын. Осы күнді айтқанда көз алдымызға елестейтін жиренішті ғұрыптардың бірі ─ үстілеріне бір жапырақ ешкі терісін киіп, құрбандыққа шалынған ешкі мен иттердің қанын жаққан екі жігіттің қыздарды қамшымен сабауы болатын. Адамдар сол «қасиетті адамдардың» қыздарды «қасиетті» қамшымен дүре соғуының нәтижесінде олар дүниеге көп бала әкелетін болады деп сенетін.
Әдеттегідей, христиандық діні Луперкалий атты бұл азғындық салтын тоқтатпақ болды (бірақ, сәтсіздікке ұшырады). Ол үшін олар әуелі әйелдердің аттары жазылған лотереяны қасиеттілердің аттары жазылған лотереяға ауыстырды. Мұның мәнісі мынада болатын: жігіттер алдағы бір жылды өздеріне түскен қасиеттінің өмір салтына еліктеп, соған ұқсауға тырысып өткізуі керек-тін. (Сәнге айналған азғындық мейрамының бейнесін сақтап қалып, оны белгілі бір тәсілмен ізгілік арнасына бұру идеясы әлі де бар. Әйгілі телевизиялық сауық-сайранның форматтарын әлі де игіліктің жаршысы ретінде пайдалануға тырысып жүрген (пайдасыз) жандарға қараңызшы. Солар негізгі идеясы жүзеге аспай қалған осы хикаядан сабақ алса игі еді.)
Олардың қолдарынан келген бір ғана нәрсе ─ мейрамның Луперкалий деген атауын қасиетті Валентин күні деп өзгерткендері. Мұндай өзгерісті б.з. 496 жылы римдік папа Геласий әлдебір Қасиетті Валентиннің құрметіне енгізді. Христиандық аңыздарда 50-ге жуық Валентин бар. Олардың ішіндегі екеуі басқаларына қарағанда анағұрлым танымал. Десе де, олардың өмірлері мен мінез-құлқы құпияға толы. Аталмыш мерекенің шынайы табиғатына басқаларынан гөрі көбірек сәйкес келетін бір аңызға сәйкес, қасиетті Валентин «ғашықтардың» қасиеттісі болған-мыс және өзі түрме бақылаушысының қызына ғашық болып қалған.
Осы лотереяның салдарынан айтарлықтай үлкен мәселелер туындайтындықтан, француз үкіметі бұл ғұрыпқа 1776 жылы тыйым салды. Уақыт өте келе аталмыш салт-жора Италияда да, Австрияда да, Венгрияда да және Германияда да ізін жойды. Оған дейін бұл мерекеге XVII ғасырда пуритандардың үстемдігі жүріп тұрған кезде Англияда да тыйым салынған болатын. Бірақ, 1660 жылы Чарльз II оны қайта жаңғыртты. Сол жерден ол Америкаға тарады. Америкалықтар оны ақша табудың қолайлы құралы деп тапты. 1840 жылдары америкалық Валентин күніне алғашқы коммерциялық ашық хаттарды (олар валентинка деп те аталады) шығарған Эстер Хоуланд бірінші жылдың өзінде оларды жалпы сомамен алғанда 5000 долларға сатты. Ол кезде 5000 доллар айтарлықтай қомақты ақша болатын. Содан бастап валентинкалар өндірісі қарқынды дамуға көшті.
Хэллоуиннің де мәселесі сондай. Бұл мереке кезінде (күнделікті өмірде) қалыпты адамдар рухтар мен гоблиндердің киімін киіп, әзәзілге табынудың ежелгі пұтқа табынушылық кезеңіндегі салтына еліктейді. Бір кездері адамды да құрбандыққа шалатын сорақы ғұрыптан тұрған, бұрынғы надандық дәуірінен қалған ескі нанымды байлардың тойлауы үшін мұсылман елдеріндегі бес жұлдызды қонақүйлер хэллоуин сауық кештерін ұйымдастырады. Бұл оқиғаның пұтқа табынушылық кезеңіндегі атауы Самайн болатын. Қасиетті Валентин күні сияқты, христиандық діні оның пұтқа табынушылыққа негізделген мәнін өзгерте алмай, атауын ғана өзгерте білді.
Ақыл-есі бүтін адам антиисламдық идея мен нанымдардан бастау алған салт-дәстүрге Ислам немқұрайлы қарайды деп қалайша ойлауы мүмкін? Ислам көп құдайға табынушылықтың барлық түрін түп-тамырымен құрту үшін келді. Сондықтан, дініміз исламды ұстанушылардың өмірінде көп құдайға табынушылықтың титтей де болса ізі қалуына бейжай қарай алмайды.
Оның үстіне, Ислам дінімізді ұстанушылардың өз тазалығы мен бірегей жеке даралығын сақтап қалуына қатаң қарайды. Сол себепті де, Ислам шариғаты мен ілімінде бұл жайында түсіндіріліп айтылған. Намазды Күнге табыну ғұрпымен шатастырмас үшін күннің шығуы кезінде, күн тас төбеде тұрғанда және күннің батуы кезінде намаз оқуға тыйым салынады. Мұсылмандар 10-шы мұхаррамдағы ерікті оразаға тағы бір күн (9-шы немесе 11-ші мұхаррамда) қосып ораза ұстаулары керек. Бұл сол кездері кең таралған яһудилік ғұрыптан мұсылманның оразасын ажыратып алу үшін жасалған дүние болатын. Мұсылмандарға мұсылман еместердің сыртқы келбетіне еліктеуге тыйым салынған.
Мұсылман болу ─ шынайы өмірде мұсылман болу деген сөз. Біз жан-жаққа тармақталып жатқан сан қилы тораптарға бұрылмай, қуанышта да, қайғыда да, мейрамда да, қасірет кезеңінде де бір ғана тура жолмен жүріп отыруымыз қажет. Бәрінен де жаныңа бататыны ─ жаһандану мен аяусыз БАҚ медиа-машинасының күшіне негізделген коммерциялық және мәдени насихаттың ықпалымен мұсылмандар валентинкаларды, Хэллоуин рухтарын, тіпті қала берді, Санта Клаусты да қуанышпен қабыл алатын күйге жетті. Көп құдайға табынушылықтың алдында дәрменсіз күйде тізе бүккен мына біздің сұмдық халімізді ескерер болсақ, біздің тойлайтын бір ғана күніміз бар ─ ол аза тұту күні. Одан да дұрысы, тәубеге келу күнін атап өткеніміз жөн болар, сірә. Бұл бізді сол қисынсыз күндер мен сорақылықтардың шырмауынан босатар еді.
Халид Байг
Әл-Балаг
____________________
Орыс тілінен аударған Azan.kz
Askimam.ru
Астанада 19 ақпанда тұңғыш рет «Ислам – бейбітшілік пен келісім діні» тақырыбында І республикалық имамдар форумы өтеді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы өткізетін республикалық имамдар форумына еліміз бойынша 500-ге жуық өкіл имамдар мен аудан, ауыл молдалары қатысады.
Аталмыш шара барысында еліміздің қоғам және мемлекет қайраткерлері, атап айтқанда, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы, қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков, республикалық ардагерлер ұйымының төрағасы Өмірзақ Озғанбаев сынды танымал тұлғалар қатысып, баяндама жасайды.
Форумда дін саласындағы өзекті мәселелер қозғалып, оларды еңсеру жолдары талқыланады. Форум жұмысының басты мақсаты – «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы», «Шынай мұсылманның тұлғалық келбеті», «Имамның тұлғалық бейнесі» және «Дін қызметкерінің қызметтік этикасы» сияқты маңызды құжаттар қабылданады деп күтілуде.
muftyat.kz
Қостанай облыстық Марал ишан мешітінде өңірдегі барлық деңгейдегі имамдардың біліктілігін көтеруге ерекше көңіл бөлініп келеді. Мұндағы қызметкерлер ҚМДБ-ның дін қайраткерлерінің алдына қойып отырған келесі міндеттерін күнделікті жұмыстарында басшылыққа алып отырады.
Облыстың бас имамы Асылхан қажы Түсіпбек бұл өзекті мәселені үнемі қадағалап, жұмыс барысында біліктілік, іскерлік жайларына да жеткілікті назар аударады.
Мәселен, жуырда ғана облыстық мешітте төрт күндік семинар өткізілді. Оған өңірдегі барлық аудандар мен қалалардың имамдары қатысып, көп жайды көңілге түйді. Онда Ақида, фиқһ тақырыптары бойынша дәріс оқылды. Дәрісті облыстық Марал ишан мешітінің наиб имамдары Дархан Сыздықов пен Асқар Мейрамбекұлы жүргізді.
- Біздің мешітте мұндай семинарлар өткізу дәстүрге айналды. Өйткені оның барша имамдарға берері мол. Сонымен қатар осындай басқосу барысында олар бір-бірімен тәжірибе де алмасады. Болашақта да осындай семинарларды ұйымдастыра бермекпіз, - дейді наиб имам Дархан Сыздықов.
ҚМДБ – ның Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі
Осындай Мәуліт мерекесіне арналған ерекше басқосу облыс орталығынан едәуір жерде жатқан Науырзым ауданының орталығында да ұйымдастырылды. Кеш осындағы Жамбыл атындағы орта мектептің акт залында өтті.
Әрине, оның танымдық-тағылымдық жағына айрықша назар аударылды. Қостанайдан арнайы шақырылған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл имамы Асылхан қажы Түсіпбек аудандағы барша мұсылманды Мәуліт мерекесімен шын жүректен құттықтады.
«Әкім бол, халқыңа жақын бол» демекші, аталмыш мейрамның жоғары деңгейде ұйымдастырылуына аудан әкімі және басқа да мекеме қызметкерлері демеушілік етті. Жиналғандар оларға өздерінің ыстық ықыластарын білдірді.
ҚМДБ – ның Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі
Қазақ халқы қашан да жетімдерін жылатпай, оларға қамқорлық жасаған. Облыстық Марал ишан мешітінің ұжымы да облыс орталығындағы осындай бүлдіршіндер тәрбиеленіп жатқан мекемедегі балдырғандарға үнемі жете көңіл бөліп келеді.
Жуырда аталмыш мешіттің наиб имамы Асқар Мейрамбекұлы және Түркиядан келген Нұх Темірджи облыстық балалар үйінде болды. Онда мұндағы ұл мен қыздарға қайырымдылық көмек көрсетілді.
Сондай-ақ Асқар Мейрамбекұлы өздерімен жүздескен тәрбиеленушілермен еркін сұхбаттасты. Имандылық және басқа да тәрбиелік мәні зор тақырыптар жайында уағыз айтты.
Балалар үйіндегі ұл мен қыздар өздеріне арнайы ат басын бұрған мешіт қызметкерлеріне дән ризашылықтарын білдірді. Өйткені мұндай кездесулердің олар үшін қашан да берері мол екендігі даусыз.
ҚМДБ – ның Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі
Тобыл кенті Таран ауданында орналасқан. Оны тоғыз жолдың торабы десек те болады. Онда да қаншама қандастарымыз бен мұсылмандар қауымы ғұмыр кешіп жатыр.
Жақында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл имамы Асылхан қажы Түсіпбек осы елді мекенде болды. Облыстың бас имамы осынау мерекенің танымдық-тәрбиелік мәніне ерекше тоқталды. Барлық жиналған жұртшылыққа ең ізгі тілегін білдірді.
Жергілікті ағайындар да оның ғибратты сөзін ұйып тыңдады. Сонымен қатар осы басқосуда Тобыл кентінің құрметті азаматы Мұңайтпас Батырбекұлы және облыстық теміржол мекемесі басшысының орынбасары Серік Доданов та көпшілікті Мәуліт мейрамымен құттықтап, олардың отбасыларына табыс тіледі.
Сондай-ақ осы мерекеде концерт қойылды. Тәрбиелік мәні ерекше терме орындалып, айтыс ұйымдастырылды.
ҚМДБ – ның Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі