Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астана қаласындағы ғимаратында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Марат Әзілхановты және ҚР Дін істері комитетінің төрағасы Ғалым Шойкинді қабылдады.

Ресми басқосуға наиб мүфти Серікбай қажы Ораз, ҚМДБ-ның бөлім меңгерушілері мен Дін істері комитетінің өкілдері қатысты. Кездесуде қоғамдағы өзекті діни мәселелер мен жат ағымдар жайлы пәтуа шығару, діни рәсімдерді бір ізге түсіру, имамдардың шетелде білімін жетілдіру, халал стандарттау жүйесін қолға алу, Діни басқарма мен Дін істері комитетінің ынтымақтастық бағытындағы өзара ортақ жұмыстарын жетілдіру, бұқаралық ақпарат құралдарында діни ағарту, түсіндіру іс-шараларын жандандыру, өзге ұлттар мен ұлыстардың сұранысына сай медреседе орыс тілі бөлімін ашу, имамдар форумын өткізу, т.б. мәселелер талқыланып, пысықталды.

«Құрметті мүфти-хазрет, Діни басқарманың Астанаға көшуі біз үшін, еліміздің мұсылман жамағаты үшін үлкен тарихи оқиға болды. Елордамызда еліміздің игілігі мен бірлігі жолында жасалатын жұмыстарыңызға сәттілік, табыс тілеймін», – деді вице-министр Марат Алмасұлы.

Ержан қажы Малғажыұлы Діни басқарма жанынан Халал өнімдерді стандарттау бөлімі ашылғанын, жуырда www.fatua.kz сайты өз жұмысын бастайтынын жеткізді. «Ислам дініне ден қойған бауырларымыз мүфтияттың мамандарына түрлі сұрақтар жолдайды. Тіпті, күнәға жол беріп қоймайын деген ниетпен отбасы мәселесінде де сауал жолдайды. Жаңадан ашылып жатқан сайтымыз осындай сұрақтарға жауап береді және жат ағымдар жайлы пәтуалар жарияланады», – деді Бас мүфти.

Келелі кездесуде Марат Алмасұлы Діни басқарманың жаңа ғимараты үшін әкелген сыйын ресми табыстады.

ҚМДБ Баспасөз қызметі

Ерсін ӘМІРЕ, теолог,
Алматы қаласы орталық мешітінің
наиб имамы

Ел тәуелсіздігінің ақ таңы атқанына 20 жылдан астам уақыт өтті. Осы қысқа мерзім ішінде елімізде исламның немесе басқа діндердің атын жамылған дәстүрлі емес діни ағымдар тамырын жіберіп, қатарын көбейтіп үлгерді. Аллаға шүкір дейміз, барлығына болмаса да, кейбір теріс пиғылды діни ағымдар мен ұйымдардың қызметіне сот шешімімен тыйым салынып, таралуына шектеу қойылды. Әрине бұған Хизбут тахрир, әл-Ихуан әл-Муслимун және ағымдағы жылғы ақпан айында Астана қаласы, Сарыарқа ауданы сотының шешімімен тыйым салынған «Таблиғ жамағаты» халықаралық миссионерлік ұйымын мысалға келтіруге болады.

Бірақ қазірге дейін елімізде тыйым салынған діни ағымдар тізімінен тиісті орнын алмай, қылмыстық немесе лаңкестік әректтерге барған кейбір ерушілеріне ғана шара қолданылып жатқан секта бар. Бұл уахабилік-сәләфилік ағым. Қазіргі таңда елімізді, әсіресе Батыс өңірін алаңдатып, тәуелсіз еліміздің мешіттерінен берекені қашырып жатқан да аталмыш діни ағымның идеологиясына уланған қазақтың қаракөздері.

Осы мақаламда соңы агрессиялық немесе лаңкестік әрекеттерге апарып соғатын бұл діни ағымның идеологиялық астарын аша отырып, оның қасиетті Құран Кәрім аяттарына, дәстүрлі исламның негіздеріне қайшы келетін тұстарына, негізгі принциптеріне тоқталып кетуді жөн көріп отырмын.

Біріншіден, Сәләфизм сөзінің түптөркіні араб тіліндегі «сәләф» яғни бұрынғы өткен, бұрынғылар деген сөзден келіп шыққан. Ислам тарихындағы алғашқы үш буын – Мұхаммед пайғамбардың, сахабалардың және олардың шәкірттері табиғиндердің кезеңдеріне «сәләф» деп айтылады. Сонымен қатар бұл үш буынның ұстанған жолы нағыз ақиқат әрі дұрыс болып саналады. Қазіргі таңдағы сәләфилер өздерін біз алғашқы үш буынның жолын ұстанушылармыз, сондықтан біз сәләфилерміз деп жариялауда. Бұл топ өзін қаншалықты алғашқылардың жолын ұстанушы – «сәләфилер» деп атағанымен уахабилік қозғалысының жалғасы екенін жасыра алмайды. Себебі, шын мәнінде, аталмыш топтың ілімі мен көзқарастары ХІІ-ХІІІ ғасырларда Дамаск қаласында өмір сүрген Ибн Таймия, оның шәкірті Ибн әль-Қайим, ХVIII ғасырда Сауд Аравияның солтүстік өлкесінен шыққан Мухаммад ибн Абдульуаххабтың, біздің ғасырда Ибн Баз, Ибн әл-Усеймин, Альбани, Фаузан секілді кісілердің дінге қатысты пікірлеріне негізделеді. Демек, еліміздің әрбір азаматы үшін бұл топтың ұстанымы мен ілімі шынайы Исламның туын көтерген алғашқы үш буынның исламды түсінуі мен ұстануына ешқандай қатысы жоқ екендігі тайға таңба басқандай анық болуы тиіс.

Екіншіден, уахабилік ағым иедологиясының адасқан тұстарының бірі, олардың ғалымдары шариғаттағы «Алла разылығы үшін жек көріп, оның разылығы үшін жақсы көру» яғни «әль-уәлә уаль баро» мәселесін бұрмалап түсіндіреді.

Негізінде дәстүрлі ислам ғұламалары бейбіт әрі достық қарым-қатынаста болған басқа дін өкілдеріне құрметпен қарау шариғаттың әмірі деп айтады. Шын мәнінде бұл ұстанымның негізі Құран Кәрімнің Мумтахина сүресіндегі «Алла тағала діндерің үшін сендерге қарсы соғыспаған, отандарыңнан шығармағандарға жақсылық жасауға және әділдік етуге тыйым салмайды...» деген аятқа сүйенеді. Ал уахабилік ағымның шейхтері өзге дін өкілдерін жаппай жек көруге, дұшпан деп санауға шақырады.

Бұл ағымның бетке тұтар шейхтерінің бірі Мухаммад ибн Солих әль-Усеймин «Ізгілердің бақшасы» кітабына берген түсіндірме еңбегінде былай дейді: «Мұсылманның міндеті, кәпірлер оған қанша достық ниетін білдірсе де, сүйіспеншілік танытса да, оларды жек көру болу болып табылады. Себебі олардың сені жақын тұтулары өздеріне пайда, саған зиян келтіру үшін ғана болады. Әрбір кәпір Аллаға дұшпан. Демек, әрбір кәпір бізге дұшпан. Әрбір кәпір бізге жамандық пен дұшпандық қана ойлайды. Сол үшін сен барлық кәпір атаулыны оның ұлтына, алыс-жақындығына қарамай, бүкіл жан-тәніңмен жек көруге міндеттісің. Әрбір кәпірдің саған дұшпан екендігін біл». Аталмыш шейхтің пікірі бойынша, себебіне қарамай әрбір намаз оқымаған адам діннен шыққан, кәпір болып саналады. Демек, мұндай ұстанымдағы адам жобалай айтқанда еліміздегі 1000 адамның бірін ғана өзіне дос тұтады деген сөз.

Қазіргі кезде бұл сөздерді Медина қаласындағы «Ислам университетін» бітіріп келген өз еліміздің азаматтары ел арасында арнайы уағыздарында қасиетті пікір ретінде таратып жүр. Мұны олардың халық арасында және ғаламтор желісінде таратылып жүрген аудио-видео уағыздары мен дәрістерінен көруге болады. Ең қызығы әрі сорақысы бұл сөздердің иелері – елімізде кейбір сарапшылар «байсалды яғни умеренный сәләфизм» - деп қарастырып жүрген бағытты уағыздаушы азаматтар. Егер де сол сарапшылар осындай радикалды мазмұндағы пікірлерді байсалды деп санайтын болса, олардың пікірінше радикалды немесе төзімсіз иедология қандай болады екен деген сұрақ бізді мазалайды.

Үшіншіден, бұл ағымның идеологиясы бойынша, «Алланы бір деп тану – таухид мәселесін рубубия, улухия, асма уас-сифат» деп үшке бөледі, Алла тағала шектеулі, оның екі қолы және екі көзі бар, отырады, жүгіреді, Құранда ауыспалы мағынада сөздер жоқ деп есептейді, шариғат мәтіндері – Құран аяттары мен Пайғамбар хадистерін, атап айтқанда Алла тағаланың заты мен сипаттарына қатыстысын тікелей мағынада ғана қабылдайды т.б. Олар аталмыш мәселелерді Пайғамбар (с.а.с.) мен оның сахабаларына қаншалық телігенмен, шариғатта  негізі жоқ екендігі әрбір зерттеуші маманға айқын жағдай.

Нәтижесінде олар өздерінің шариғатта негізі жоқ осындай ұстанымдарына қайшы келген исламдағы дәстүрлі құқықтық (ханафи, мәлики... мазхабтары) және сенім мектептерінің (ашғари, мәтруди мектептері) ілімдерін де жоққа шығарып, адасқан деп санайды. Сонымен қатар Ислам ғұламаларының шарттары толық сақталған «ижтихадпен» іске асқан еңбектерін жоққа шығарумен өз ерушілерін төзімсіздікке тәрбиелеуде.

Төртіншіден, уахабилік ағымның шейхтері мен уағызшылары біздің қоғамда күнделікті іске асатын діни немесе ұлттық рәсімдер – өмірден озған аруақтарға Құран оқып бағыштауды, келіннің беташар рәсімін, дұғадан кейін бет сипауды бидғат, дінге енген жаңашылдық деп әрдайым қайталап уағыздаумен болады. Сонымен қатар, қазақтың даналарын ғасырлар бойы тәрбиелеп келе жатқан сопылық мектептің тәлімін толығымен дерлік жоққа шығарып, адасушылықпен айыптайды. Біз мұны Медина қаласындағы Ислам университетінде және Пайғамбар мешітінде дәріс берген сәләфилік топтың ғалымдарының бірі Али бин Мухаммед бин Синанның «Әл-мажмуғ әл-муфид мин ақидатут-таухид» (Таухид ақидасынан алынған пайдалы жинақ) кітабындағы мына жолдардан көре аламыз: «Уа мұсылмандар, сопылық тариқаттарына қарсы жаппай соғыс жариялап, оларды толығымен жоймағанша, сендердің исламдарыңның пайдасы жоқ. Оларға қарсы яхудилер мен отқа табынушыларға қарсы күресуден бұрын соғысыңдар». Әрине бұдан автордың сопылық мектепке қатысты көзқарасының қаншалықты агрессиялық сипатта екені көрінеді. Бұл тек сопылыққа ғана қатысты емес. Олар Орта Азиядағы дәстүрлі сенім мектебі – мәтрудияны да жоққа шығарып, адасушылықпен қаралайды.

Осындай бұрмаланған әрі бұзық тәлімді бойына сіңіріп алған жастардың жүзінен суықтық, көздерінен қатыгездікті анық байқайсыз. Жұма намаздарында жүрегіме күмән кіріп, адасып кетпейін деген үреймен мешіттерде ҚМДБ имамдарының айтатын уағыздарын тыңдамау үшін құлақтарына тыңдағышты тағып алып, өз көсемдерінің уағызын тыңдап отыратын жастарды көптеп көруге болады. Бұл жағдайды уахабизмді елімізде насихаттап жатқан жігіттердің пәтуалары отқа май құйғандай ушықтыруда.

Осының мысалы ретінде, Сарыағаш қаласының тумасы Медина қаласында отырып, интернет арқылы елдегі ерушілеріне пәтуа беретін ұлты өзбек жігіттің мын пәтуасын айтуға болады. Ол өзіне қойылған «Бидғатшыларға қатысты ұстанымымыз және қарым-қатынасымыз қалай болу керек? Олармен сауда секілді дүниелік істерде араласуға рұқсат бар ма?» - деген сұрақтарға, «Бидғатшылармен араласуға қарағанда, иегова куәгерлерімен араласу абзал. Себебі Иегова куәгерінің басқа дінді уағыздап жатқанын білесің. Ал бидғатшы болса саған аят, хадис айтып адастырады» - деп жауап берген. Оның «бидғатшы» сөзіндегі мақсаты ҚМДБ және соған қарасты мешіттер мен мешіт жамағаттары болып табылады. Мұндай агрессиялық ұстаным елдін шырқын бұзып, діни алауыздыққа алып барары айдан анық.

Міне осы аталған діни идеологиялық ұстанымдардың негізінде еліміздегі мұсылмандар арасындағы діни алауыздық іштегі көзқарас ретінде ғана қалып қоймай, бейбіт тұрғындардың қанын төгуге бағытталған лаңкестік әрекеттерге ұласуда.

Сонымен қатар сәләфилерді «умеренный және радикальный» деген санаттарға бөлуде өте сақ болу қажет деп ойлаймыз. Себебі жоғарыда айтып өткен діни мәселелер бұл екі топқа ортақ ұстанымдар болып табылады. Бұлардың арасындағы айырмашылық тек кейбір саяси ұстанымдарда.

Діни негіздегі ұстанымдар мен сенімдердің өзгеріске ұшырауы әдетте мүмкін емес. Бірақ, саяси көзқарастар мен ұстанымдардың мүдде мен ахуал талабына сәйкес құбылып тұратыны белгілі. Сондықтан сәләфизмді қарулы іс-әрекетке бару немесе бармау тұрғысынан байсалды және радикалды деп бөлуге шартты түрде келіссек те, идея тұрғысынан мұндай екі топқа бөлу мүлде қателік болып есептеледі. Тек қателік қана емес, бұлай ету мемлекет пен қоғамды сәләфизмге қатысты шешімдер мен шараларды қабылдау мәселесінде есептен жаңылдырады.

Демек, қазіргі таңда саяси көзқарастары байсалды болып көрінген сәләфизмнің мадхалиттер, александриялық сәләфиттер, ұлт жанашырлары болып көрініп жүрген, шынайы бет-келбетін жасыратын, тақияшыл сәләфиттер тобы мүдде талабына сәйкес болашақта жоғарыда айтылған негізгі мақсатты жүзеге асырмауына ешкім кепіл бола алмайды. Осылайша бүгінгінің байсалды сәләфилері ертеңгінің радикалы болуы болашақтың еншісінен әбден күтілетін жайт. Сондықтан тек елімізді ғана емес, бүкіл ислам әлемін алаңдатып отырған, жастардың санасын улап жатқан бұл идеологияға қарсы ғылыми, ақпараттық және құқықтық тұрғыдағы тиімді шараларды қабылдау ертеңге кешіктірілетін шаруа емес ойлаймын.

Современная наука опровергает убеждения, что Аллах находится буквально «вверху»

Діни қауым басшысы (шейх) Әл-Азхари (Алла оған рахым етсін) былай дейді:

«Сенімді ғылыми деректер Жердің өз айналу білігін айнала қозғалатынын дәлелдеді. Бұл дегеніміз Жер бетінің үздіксіз жылжуына әкеліп отыр, яғни оның осыған дейінгі жоғарғы бетінде болған барлық нәрсе бір мезетте оның төменгі бетінде болады, және де керісінше. Осылай жалғаса да бермек, себебі Жер шары үнемі айналыс жүйесінде.

Ғылым жаңалығымен ашылған жердің кідіріссіз айналып отыру жүйесі, қосалқы талқылауға алынуы мумкін емес, әрі Қасиетті Құран Кәрімге де, Сүннетке де, мызғымас ақида ақиқатының күйіне де қарсы келмесі анық.

Алайда бұған қарамастан, хашавит ақидасын (Алла Тағаланы жаратылысқа ұқсату) ұстанушы бір топ қауым бар, олардың пайымдауымен, Алла Тағала аспан денелері тәрізді, бұл әлемнің материалдық шегінде [қандай да бір (джиха) бөлігінде] орналасқан деседі.

Бұл адамдар, Жердің өз білігінен айналу ақиқатының сенімдеріне төндірген қауіпін сезген олар, шарасыздықтан халықты зерттеу тұрғысынан айнытып, оларға ғылыми зерттеулер жүргізу ақиқат болған діни нанымның ыдырауы мен одан қалса құдайсыздыққа әкелумен қоймай, Алла Тағаланың кейбір қасиеттерін жокка шығарады деп үгіттеумен болды. Ақырында олар өздері масқара болып, күлкіге қалды, себебі Жер айналымы - даусыз ғылыми дәйек еді. Бұл ақиқаттың қабылдануы, тек хашавитер ғана айтатын Алла Тағаланы материалдық сипатта шектеу ақидасын жоя білді. Осыған орай маған Ахмад Дервиш (Аллаһ Өзі жар болсын) ұстаздың мақаласы қатты ұнады. Ол мынау:

Жердің өз білігінен айналу дерегінің хауаріж ақидасын жоққа шығаруы

Хауаріждер бүгінінде үлкен абыржу үстінде, себебі олардың ақидасында көптеген қарама - қайшылықтар бар еді, сондықтан өз ғасырымыздың ғылыми білімі оларды бұзып отыр. Олар бүгінгі таңдағы ғылыммен алаусыздықта, егер билік солардың қолында болғанда, бірде-бір мұсылман Мекке, Мединедегі заманауи ғылымнан ештене зерттей алмас еді. Және оған сенің көзінді жеткізу мақсатында, Абдул-Карим ибн Салих ал-Хамидтің «Хидаятуль хайран филь масаалити ддаваран» («Жердің өз білігінен айналу мәселесінде именгенге арналған нұсқау») («Ас-Сафир» баспасы, ар-Рияд) атты оқулығынан алынған олардың өз сөздерінен айтылған мәліметті ұсынам. Бұл трактат керемет басылып шыққан және өте төмен бағада сатылады (саудиялық 5 риал). Хауариждердің өз нанымдарын қалайша барынша қорғауға тырысып, Жерді айналмайды деуіне көзіңізді  жеткізіңіз. Осы кітап беттерінде олар тек жалғыз осы кісі ғана жер айналады деп жатқандай, шейх Әз-Зиднаниді, ашық түрде адасқан деп жариялады. Оқырманым, осы трактаттың үзіндісін өз төрелігіңе ұсынам.

Кітаптың 10-ыншы бетінде былай делінеді:

«Бүгінде мұсылман дұшпаны болған құдайсыз - материалистер, дін ілімін ғылым ілімімен ығыстырып отыр. Бұл дегенің біздің ғасырымыздың сынағы. Заманауи ілімді екі тарапқа бөлуге болады:

1. Шариғат ілімін әлсіретіп, ығыстыруда басым болған ілім (улум мафдуля). Шейхүл-Ислам ибн Таймия, оған Алла Тағаланың рахымы жаусын, былай деді: «Егер басым болған ілім артық (улум фәділді) болған ілімді әлсіретіп, ығыстыратын болса, онда ол тыйым салынған (харам) болады».

2. Дұрыс ақиданы бұзатын ілім, мысалы, Жердің өз білігін айналуы және тағы да сол сияқты деректер - құдайсыздардың ілімі».

Кейін автор ділмарлы түрде, Жер айналымын қабылдау оқиғасын, Ислам ақидасының кушінің жойылуына әкеледі, ал бұл дегенің шүбәсіз жалған деп сендірумен болды. 13-ші бетінде  жаңа тарауды ол былай деп айтады:

«Жер айналысының дерегін қабылдау міндетті түрде құдайсыздыққа (немесе Алла Тағаланың белгілерін жоққа шығаруға) апарады».

Бұл атаудың өзі – ақ наразылық тудыруға жеткілікті себеп. Кейіннен автор геологияны пайымдап (25 бет), мынаны мәлімдейді:

«Сондықтан (геологияны зерттеп, тарату кесірінен) осы топтағы адамдар адасушылардың қатарына түсіп, басқаларды да тартуда».

Одан әрі 26 бетінде, ол шейх Әз-Зиднаниді адасушы деп айыптап:

«...және Әз-Зиднаниге құдайсыздық ілімі азғырғаннан соң, ал құдайсыздар діни ілімді ғылыммен ұштастырамыз деп ниеттенген еді, бұларынан түкте шықпады...».

Сонымен қатар автор, былай деп жазды:

«Ибн Қайым (Алла Тағала оны рахымына бөлесін), айтты...»

Демек, Ибн Қайымның айтқаны соңғы сатыда ешкім қарсы келе алмайтын ақиқат болуы міндет пе сонда?

32 – ші бетінде автор:

«Жер айналуының ақиқатына сену, адамның маймылдан жаратылды деген нанымындағы адасушылықтан да бетер үлкен адасушылық...» - деп жария салды.

Талқылаудың қажеті жоқ шығар...

Одан кейін, 33 – ші бетінде, мынадай тақырыпты көзіміз шалады:

«Құран мен Сүннетте келтірілген, Жердің айналуына саятын барлық  дәлел– дәйектер аллегориялық жалған тұжырым болып табылады».

Алайда автор, Жер айналмайды деген сөзін қуаттайтын ешбір аят немесе хадис келтірмеген.

Автор өзінің 36–шы бетінде “Жер айналымына сену дегеніміз нені білдіреді” атты тақырыбында былай дейді:

«Жер өз білігін айнала қозғалу ақидасы оны ұстанатындардың өзіндік мақсаты емес, бірақ басқа мақсаттарға жетелейді. Бұл дегеніміз құдайсыздақтан (немесе Алла Тағаланың белгілерін жоққа шығарудан)  басталып және сонымен аяқталатын тізбектелген түйін. Сонымен қатар осы ақиданы ұстанушы, Жердің айналу дерегінен туындайтын, нақтырақ айтар болсам, жердің барлық жағынан қоршаған шексіз бос кеңістік қоршап тұрғанына да сенуі қажет».

Бұл тұста мен дәйексөздерді тоқтатып, ақыл – есі бар, ойлау қабілетіне ие жандарға айтарым: Жоғарыда келтірілген барлық дәйексөздер, шүбәсіз ол адамдардың (уаххабия) ақидаларының жалған екенін дәлелдеп отыр, себебі бүгінгі таңда Жердің айналуы мен шар тәріздес болуы ешқандай да дәлелдерді талап етпейді!

Қосымша мағлұмат:

Абдул-Азиз ибн Абдуллах бин Бааз атты шейхта осы тұжырымды бөлісе отырып, өзінің де аз үлесін қосқаны мәлім. "Кімде - кім Жердің Күн айнала қозғлауын табандылықпен құптайтын болса, онда ол діннен безуші болып табылады, сонымен қатар олардың қандарының төгілуіне рұқсат, дүние – мүлкісі мұсылмандар қазынасына тиесілі" деп айтты. Есесіне Ибн Усеймин шыдамдырақ болған еді, оның бар болғаны географиядан беретін ұстаздарға:"Студенттерді оқыту барысында Жердің өз білігін айналу мәселесін қозғамай -  ақ қойыңдар" деуі еді.

Авторы: шейх Әл-Азхари.
____________________
Орыс тілінен аударған Azan.kz
Дарульфикр.ру

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником