Сұрақ: 28.06.13. Әссәләму ғәлейкум имамдар! Мен дінге келген кезімде білімім аз болғандықтан "сәләфи"лерді дінді басқалардан дұрыс ұстанады деп оларға жақын болатынмын. Қазірде білімім көп емес, бірақ ӘлхамдулиЛлаһ олардың кім екендерін және қалай басқа мұсылмандарды адасушылыққа апаратынын түсіндім. Сіздердің олар туралы ескертіп, олардың қателіктерін түсіндіргендеріңіз жақсы болды. Сіздерге Алла Тағаланың берекесі болсын! Өткенде сіздер бір мақалаға пікір бөліскенде Дарынның ақидасы "сәләфи" деп жазғанда, сіздерге бір оқырман Дарынның айтқаны дұрыс деп жазған болатын. Сол кезде сіздер бұл мәселенің түсінігін кейін шығаратыныңызды айтқасыз. Көп адамдар оны тыңдап дұрыс деп қолдайды, сондықтан осы мәселені түсіндіріп беруіңізді сұраймын. Муслим.
Уа алейкум ассалям! Біз Дарын Мубаровтың ақидасында Әһли Сүнна Уәл Жамағат ақидасына сай келмейтін келіспеушіліктер бар екенін жазған болтынбыз. Жалпы бұл «сәләфилік» ақида. Айтып өткендей, «сәләфилер» бірнеше топқа бөлініп, бір-бірін бұрыс мәнһаджда айыптауда. Бірақ сенім мәселерінде олар ортақ. Сондықтан біз олардың өзара келіспеген мәселеріне кірмей, негіз мәселеріне көшейік.
Негізінде барлық «сәләфилер» Аллаһ тағала кеңістікте белгілі бір орын алады, кеңістікте қозғалады, дене мүшелері бар (бірақ жаратылыстардан бөлек деп ескертіп қояды) деп сенеді. Бұның барлығы ташбих (ұқсату) пен таджсим (Аллаһқа дене, мүше беру) болып табылады және Әһли Сүнна Уәл Жамағаттың негізгі танзих (Аллаһ тағаланы барлық кемшіліктерден пәктеу) қағидасына қарама қайшы.
Құран аяттары, Пайғамбарымыз Мұхаммед хадистері, сәләфу солих түсініктері, және Әһли Сүнна Уәл Жамағат барлық ғұламаларының иджмасы негіз болған танзих қағидасы бойынша, Аллаһ тағалаға кеңістікте орын алу тән емес, себебі кеңістік жаратылған, кеңістік жоқ болған, ал Аллаһ тағала мәңгі бар, және көктерді, әл-Аршты, барлық дүниені жаратқаннан кейін өзгерген жоқ.
Бұл жайлы біз: “Миғраж Аллаһ тағала аспанда екеніне дәлел болама?” мақаласында жазған болатынбыз.
Ал Дарын Мубаровқа оралатын болсақ, оны тыңдап жүргендер оның ақидасы «сәләфилік» екенін біледі, және олар Аллаһ тағала кеңістікте орын алады деп сенеді. Оның үстіне, дәлелдерді жеткізіліп оларды қабылдамағандарды ол күпірлікке шығарады.
Осыны білмегендер болса, өздері тыңдап көрсін. Дарын бір уағызында былай айтқан екен:
«...Біздің Орта Азияда тарап кеткен пікірдің көбісі, «Аллаһ барлық жерде», немесе «Аллаһтың мекені жоқ», осы пікір тарап кеткені дұрыс па ақида да? Бірақ осы ұстануда тұрғандарды, бастап кәзіргі кезде құпірлікке шығаруға болмайды, естеріңізде болсын. Кәпір деуге болмайды. Неге? Оларға үйретіліп жатқан нәрсесі сол. Олар әлі, дұрыс нәрсені естіген жоқ, сондықтан Құран мен Сүннетте солай келді деп есептеп тұр.Сонда оларға дұрыс нәрсе жеткізіліп етпейінше, сол жеткізілгеннен кейін. «Жоқ, Құран мен Сүннетке қарсы келемін» десе, сонда кәпір деп айтсаң болады, ал бұларға жеткен жоқ, бірден кәпірлікке шығару, олардан иман іздеу, дұрыс болып есептелмейді.»
Жоғарыда жазылғанға сенбейтіндер болса өздері тыңдап көрсін, 01:12 тен 01:42 минут аралығында
Екі нәрсеге назар аударыңыздар: бірінші бұл Аллаһ тағала барлық жерде деген жағдай. Бұл бізге жабылған жала, бұл қате сенім. Шынында ашарилер де матуридилер де Аллаһ тағала затымен барлық жерде деп сенбейді. Біз Аллаһ тағала затымен емес, Өзінің Білімімен барлық жерде деп айтамыз.
Мүмкін кейбіреулер Аллаһ тағала затымен барлық жерде деп ойлайтын шығар, бірақ бұның бізге ешбір қатысы жоқ. Ал енді осы адам қате түсініп қалған шығар, немесе оған қате түсіндіріп берген шығар, ондай болса, кейбіреулер ашарилер мен матуридилер Аллаһ барлық жерде деп ойлайтындар түсіндіруде мұқтаж болғандай, осы адам да дұрыс түсіндіруде мұқтаж.
Екінші жағдай, бұл Аллаһ тағалаға мекен тән емес. Бұл расында біз айтып өткендей Әһли Сүнна Уәл Жамағат ақидасы, бірақ Дарын осы пікірді қолдайтындарға, оларға “дәлел” жетсе такфир шығарады. Ал бұл кем дегенде Әһли Сүннаның Уәл Жамағаттың барлық ғұламалары болып табылады.
Мұсылмандар адасқан топтарда болып қалмас үшін Аллаһ одан сақтасын, біз тағыда діни ілімді кімнен алып жатқандарыңа назар аударуына шақырамыз!
____________________
Орыс тілінен аударған Azan.kz
Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының төрағалығымен өткен алқалы жиында осындай шешім қабылданды. Діни басқарманы Астанаға көшіру жоспары бірнеше рет талқыланып, жыл басынан бері жан-жақты дайындық жұмыстары жүргізіліп келген еді.
«Жақында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Аппаратының негізгі құрамын Астанаға көшіруіміз қажет. Бұл – Діни басқарма үшін маңызды қадам. Астанада жұмыс қарқынын күшейтеміз. Мұндай тарихи шешім бәрімізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Елордада Діни басқарманың жаңа ғимаратының құрылысы басталғанына қарамастан, уақытша кеңсе табуды наиб мүфти Серікбай қажы Ораз бен Аппарат жетекшісі Ғылымбек Мәжиевке тапсырамын», – деді Ержан қажы Малғажыұлы.
Алқалы жиында Бас мүфти Алматыдағы ғимаратта жұмыс жүйелі жүргізіле беретінін баяндады. «Кейбір адамдар Діни басқарма біртұтас көшетін болыпты дейтін көрінеді. Олай емес. Мәдени, әдеби, діни ошағымыз – Алматы әрқашан мүфтият үшін маңызды. Осындағы ғимаратта да жұмыс істейтін боламыз», – деді Бас мүфти.
Басқосуда Ержан қажы Малғажыұлы осынау игі бастамалар мен дін саласындағы тарихи оқиғалар халқымыздың дархан мінез, досқа қамқор кеңпейіл ниетінің, ұлттар татулығының һәм бірлігінің арқасында жүзеге асып жатқанын айтты. Ынтымақ болса, ырыс та, береке де болатынын тілге тиек етті. Бас мүфти қызметкерлерге жұмысты өндіріп істеп, жауапты кезеңде белсенділік танытуға үндеді.
ҚМДБ Баспасөз бөлімі
Сұрақ:
Әссәләму алейкум имамдар. Имам Муслимнің мына екі сахих хадисі жайлы сұрайын деп едім. Ибн Омардан жеткен хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) былай деген: «Расында Ислам бөтен болып басталды және бөтен болып қайтады. Жылан өз ініне оралғандай дін де өзі бастауын алған екі мешітке жалғасады (яғни, Меккедегі әл- Харам мен Мәдинадағы Пайғамбар мешіті)» 147. Әбу Һурайрадан (Алла оған разы болсын) жеткен хадисте Алла Елшісі (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын): «Шын мәнінде, (қатер төнгенде) жылан ініне шоғырланатындай иман Мәдинаға шоғырланады». Егер Уахабилік ағымы (Сәләфилік) адасқан ағым болса, онда олар Мұхаммед Пайғамбардан (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) кейін Алла Тағала өз мейірімін төккен Мекке мен Мәдинада қалайша өмір сүріп жатыр? Мәдинадағылар теріс қылықты адамдарға қарсы деген көптеген хадистер келеді. Егер уахабилік ағымы адасқандар болса немесе имансыздар болса олар баяғыда- ақ Алланың қаһарына ұшырар еді ғой. Осыны түсінідіріп беріңіздерші, Алла разы болсын. Темірлан
Жауап:
Уа ғалейкум әссәләм, Темірлан.
Ислам дініндегі ағымдардың қателесуі мен дұрыстығы олардың ғалымдарының қай жерде өмір сүріп жатқандығымен емес, олардың сенімдерімен анықталады. Және де егер сенімдері я болмаса дәлелдерінде қателік болса, онда қате пікірдің қайдан тарағаны беймәлім халде ол қате сол қалпында қалады.
Ең бірінші сізге Мекке мен Мәдина қаласын сәләфилік ағым өкілдері бейбіт жолмен я болмаса діни пікірталас нәтижесінде алған жоқтығын білгеніңіз жөн. Ибн Абдул Уахабтың Хижаз аймағында өз идеологиясын небір дәлелдермен таратқысы келген әрекеттері сәтсіздікке ұшырап және дінбұзушылық әрекет деп табылды. Осыдан соң «сәләфилік» ағымы (ол заманда олар уахабилік ағымы деген атпен танымал болатын) ол аймақта яғни Хижаз аймағында билікті қарумен қолға алды.
Бұл қасиетті екі жерді басып алу мақсатымен бірнеше жыл шайқасты. Ақыр аяғында олар Хижаз аймағында өз биліктерін орнатпас бұрын екі қалаға орнығуына жәрдем берген Британдық империямен одақтас болып, билікті қолдарына алды. Екі қасиетті мекен мен «сәләфилік» ағымының қысқаша тарихы осындай әрі төменде жалғасын табады.
Жоғарыдағы келтірілген хадистерге келер болсақ, бұл хадистерді осы мәселеде келген барлық мәліметтер мен ғалымдардың түсіндірмесімен бірге қабылдау және түсіну керек.
«Дін Мәдинаға жылан өз ініне қайтып келгендей, қайтып оралады» деген хадисті имам хафиз Ибн Хажар Әсқалани өзінің «Сахих» Бұхаридың «Фәтхул Бәриіне» жазған тәпсір кітабында былайша түсіндіріп береді:
«Жылан өз інінен тамақ іздеп шығып, егер оған бір жағдай бола қалса, қайта ініне кіретініндей, жолбасшысы мұсылман болған халде, дін де Мәдинаға оралады. Себебі ол қала Пайғамбар (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын ) қаласы. Ол (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) тірі кезде Оған еру үшін және де дінді үйрену үшін айналасына сахабалар (оларға Алла разы болсын) жиналатын. Пайғамбар (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) өмірден озған соң, бұл қалада сахабалар мен табиғиндер және таба- ут- табиғиндер қалды. Оларға әр аймақтан адамдар білім алу үшін және де Пайғамбар (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) жолымен жүруді жалғастыру үшін келетін. Олардың дәуірі аяқталған соң, адамдар Пайғамбардың (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) қабірін, мешітін зиярат ету мақсатында және де Аллаға құлшылық ету мен Пайғамбар (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) мен сахабалардан қалған жәдігерлерді көру мақсатында Меккеге келді. «Фатхул Бәри» , «Мәдинаға оралатын дін туралы» 6- бөлімі». 1876 хадис.
Одан ары қарай Ибн Хажар Асқалани имам Қуртубидің имам Мәліктің Мәдинадағы Әһли Сүннет жолы, яғни мәзһабы дінге енген жаңалықтардан қорғалған және де сенімді деген сөзіне сүйене отырып айтқан пікірін келтіреді: «Егер бұл пікір дұрыс болса да, ол тек қана Пайғамбар(оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) заманына және әділетті төрт халифаның дәуіріне ғана қатысты. Шииттердің, муғтазилилердің, хауариждердің басқа да ағымдардың бүлігінен соң, сахабалар басқа қалалар мен аймақтарға қоныс аударып кетеді. Осылайша аталмыш қорғалу мен сенімділік өз күшін жояды ».
Сондықтан да сіз келтірген хадис Хижаз аймағының билеушілері дұрсы бағытта дегенге дәлел бола алмайды. Егер біреулерді меңзеп айтылған хадис болса, онда Мекке мен Мәдинада өз үстемдігін жүргізгісі келіп, қасиетті мекеннің басшыларына соғыс ашқан Ибн Абдул Уаххаб пен оның ізбасарларына қарсы айтылған болар.
Сіздің түсіндіруіңіздегі Мәдина теріс пиғылды адамдарға қарсы деген хадис те қасиетті қалаларға соғыс ашып, билікті қолдарын алған уахабилердің тыйым салынған әрекеттерін меңзеп тұр.
Сонымен қатар, тіпті Пайғамбар (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) заманында да Мәдинада екіжүзділер тұрған. Осыған қарап- ақ, біздің аласапыран заманымызды ол заманмен салыстыра отырып, сенімді әрі дінге енген жаңалықтардан жақсы қорғалған деп айту қателік.
Имам Бұхаридің жинағында имам Мәлік (оларға Алла разы болсын) Пайғамбар (оған Алланың сәлемі мен игілігі болсын) былай деген: «Мекке мен Мәдинадан басқа Дәжжал аяқ баспаған бірде бір қала қалмайды, (ал Мекке мен Мәдинаның) әрбір кіре беріс қапталында періштелер сап түзеп қорғап тұрады. Сосын Мәдина тұрғындарымен бірге үш рет сілкінеді де, Аллаһ (одан) әрбір кәпір мен мұнафиқты шығарып жібереді». Хадисті Бұхари келтіреді.
Дәжжал келгеннен кейінгі Мәдинадағы екіжүзділер мен кәпірлердің шығарып тасталуы, олардың Дәжжал келгенге дейін сол жерде болатынын көрсетеді. Осылайша, Мәдинаның жаман пиғылды адамдарды қабылдамайды дегені, ол жерде ол адамдар мүлде жоқ дегенді және де ол жердегі ағымның дұрыс екендігін білдірмейді.
Назар аудара кететін жайт, біз жоғарыдағы хадистерді келтіре отырып, «сәләфилік» ағымын ешқашан күпірлік пен екіжүзділікте айыптамаймыз, тек қана сіздің пікіріңіздің қате екендігін көрсетіп береміз.
Әһли сүннет уәл Жамаға ғалымдары мен «сәләфилік» ағымының ғалымдары арасындағы келіспеушілік діннің өзекті сұрақтарына қатысты. Және де бұл мәселе олардың тақуалықтары мен өзге де имани қасиеттеріне еш қатысы жоқ.
___________________________
Орыс тілінен аударған Azan.kz
«Марал ишан» мешітінде, үстіміздегі жылдың 11-ші қыркүйегінде облысқа қарасты барлық мешіт имамдарымен жиналыс өткізілді. Бұл жиналыста қаралған мәселелер - «Дін мен дәстүр» аясында жұмыстарды жалғастыру және Құрбан айтына кеңінен дайындықтар жүргізу. Айта кетер болсақ: Ұлттық салт-дәстүрмен ойын-сауықтар, ұлттық құндылықтардың жәрмеңкесін, айт күндері ғибратты кештер, аз қамтылған отбасылар мен жетім-жесірлерге қайырымдылық іс-шаралар, «Құрбан айт құтты болсын!» атты мерекелік акциялар, БАҚ арқылы Құрбан айт жайында мақала мен хабарлар өткізу, сонымен қатар, ағымдағы жұмыстар жайлы да кеңінен тоқталып өтті.
Имам-молдалар барлық айтылған ескертулер мен ұсынылған іс-шараларды құптап, орындауға келісімдерін берді. Игі қадамдарына нұр жаусын!
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі
Қостанай облыстық «Марал ишан» мешітінің наиб имамы Бақытжан қажы Икрам жақында Қостанай шаһарындағы шекара әскері аймақтық басқармасында болды.
Онда жиналған қауымның алдында «Діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбы бойынша әңгімеледі. Ол өзіне тән шешендікпен қозғалып отырған мәселеге жан-жақты тоқталды.
Сондай-ақ, қатысушылардың өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына нақты жауап берді.
Мешіт қызметкерлері алдағы уақытта да осындай өзекті тақырыптармен түрлі ұйымдар мен мекемелерде болып кездесулер өткізбек.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы
өкілдігінің баспасөз қызметі
Қостанай аудандық Маңдай батыр мешіті «Затоболец» стадионында жамағат арасында шағын футболдан жарыс өткізді.
«Спорт – денсаулық кепілі» дейді дана халқымыз. Дені сау құлдың құлшылыққа деген құлшынысы бекем. «Әлсіз мұсылманға қарағанда әлді (денсаулығы мығым) мұсылман Аллаға анағұрлым ұнамды» екені Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерінде де анық айтылған.
Футбол жарысына төрт команда қатысты. Яғни, облыстық Марал Ишан мешіті мен Маңдай батыр мешітінен бөлек, затоболдық жамағаттан құралған тағы екі команда күш сынасты. Тартысты өткен алғашқы ойында екі мешіттің ұжымы 1:1 есебімен тең түсті. Одан кейін де сайыс қызығы аз болған жоқ. Дода көрігін қыздыруға ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкіл имамы Асылхан қажы Түсіпбек пен Марал Ишан мешітінің наиб имамы Дархан Сыздықов та араласты. Бірінен-бірі асқан командалар тартысы «Достық жеңді!» деген ұранмен тәмамдалды. Маңдай батыр мешітінің бас имамы Азамат қажы Серікбайұлының айтуынша, енді мешіт жамағаты аптаның әр сәрсенбісінде осылай ойын өткізіп тұруды дәстүрге айналдырмақ.
Рахман ЖАҚСЫЛЫҚ
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты жоғары білімді дін мамандарын даярлайтын Алматы қаласындағы «Нұр» Қазақ-Египет университетіне бөлек, орта білімді дін мамандарын даярлайтын 9 медресе және имамдардың білімін жетілдіру ислам институты бар.
Сонымен қатар 2 қарилар орталығы да жұмыс жасауда. Шәкірттер қасиетті Құран Кәрімді толық жаттап, оқу соңына дейін «Ижаза», яғни Құранды жаттағаны жайында анықтама алып шығады. «Нұр» Қазақ-Египет университетіне мемлекет тарапынан 150 грант бөлінген. Осы жылы университеттің 1 курсына жалпы 210 шәкірт қабылданыпты. Олардың 162-сі ер, 48-і қыз бала. Ал өткен жылы университетті 48 түлек бітіріп шықты. Жалпы алғанда 2001 жылдан бері аталған оқу орнын 357 түлек тәмамдады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты 9 медресеге 2013-2014 жаңа оқу жылына І курсқа 398 шәкірт қабылдаған. Оның 303-і ер, 95-сі қыз бала. Ал жазғы сауат ашу курстары мен лагерьлерде республика аумағынан 9880 шәкірт білім алған. Еліміздегі уағыз-насихат жұмыстарын оңтайландыру мақсатында арнайы стратегиялық даму бағдарламасы әзірленіп, сол бойынша ауқымды шаралар атқарылуда дейді ҚМБД мамандары. Діни басқарманың алға қойған бағыттарының бірі жаһандық сипат алып отырған жат ағымдар мен деструктивті топтардың алдын алып, халықты соңынан жетелей алатын заманауи дін қызметкерінің тұлғасын қалыптастыру. Осы тұрғыда арнайы жұмыс жоспары түзіліп, құрамында білікті дін ғалымдары, психолог, заңгер, әлеуметтанушы, дінтанушы мамандары бар ҚМДБ-ның біліктілік арттыру тобы, өңірлердегі имам-молдалардың уағыз айту біліктілігін көтеріп, білімін жетілдіруге бағытталған 7-10 күндік, 1айлық семинарлар ұйымдастырылған.
Соңғы бес жылда үкімет тарапынан қабылданған және жүзеге асырылған іс-шаралардың негізінде елдегі жетім балалардың қарасы айтарлықтай азайды. Нақтырақ айтқанда, жетім балалар саны 8812 балаға азайды. Ал балалар үйіндегі бүлдіршендер саны 5237-ге азайғанын айта кету керек. Бұл жайында Қазақстан Республикасы Білім беру министрлігінің балалар құқығын қорғау жөніндегі комитеттің төрайымы Зәбира Оразалиева ханым хабардар етті. Сондай-ақ, аталмыш комитет төрайымының айтуынша, қазіргі уақытта елімізде 33 мың 680 жетім бала бар. Олардың 21856-сын еліміздің азаматтары өз қамқорлығына алған. Төрайым 9879 баланың мемлекет қамқорлығына алынғанын жеткізді. 2015 жылдың қаңтар айынан бастап, жетім баланы асырап алғысы келетін ҚР азаматтарына 75 бір айлық есептік көрсеткіште, яғни, 148650 теңге беріледі.
Палестина билігі әлем қауымдастығына үндеу тастады. Яғни, Газа секторының инфрақұрылымын қалпына келтіру үшін 7,8 млрд доллар мөлшерінде көмек қажет. Бұл жайында Ynet ақпарат көзі хабар таратты. Палестина мемлекетінің экономика министрі Мұхаммед Штайехтің айтуынша, «Мызғымайтын жартас» әскери жорықтан кейін ең алдымен анклавта тұрғын үйлер мен электрстанцияларын қалпына келтіру керек. Осы аралықта палестиналықтар Иордан өзенінің батыс жағалауында израилдік келімсектердің 400 гектар жерге үй салуына қарсы наразылық акциясын өткізді. Акция кезінде шеруге шыққандар мен Израиль полициясы арасында қақтығыс орын алды. Израилдік полиция қызметкерлері көзден жас ағызатын газ бен дубинка қолданды. Нәтижесінде бірнеше адам жарақат алды.
Ислам дінінде адамның ешкімге қолмен ұрып соғу арқылы, не тілмен балағаттап жаман сөз айту арқылы зиян тигізуіне болмайды. Мүмін – ол өз сөзінде тұратын адам, одан ешкімге зиян тимейді және өзгелер оның жанында тек тыныштық пен қауіпсіздік сезінеді.
Өзге иман келтіргендерге зиян тигізудің күнә екені жайында көп әңгіме айтылған болар, сондықтан біз Алланың сүйіктілеріне зиян келтірудің күнәсі жайында сөз қозғамақпыз. Өкінішке орай көптеген мұсылмандар Аллаға жақын болғандарға жала жабуда.
Алланың сүйіктілері – Аллаға жақын болып, Оны танып, өзгелерден қарағанда Алланы жиі зікір етіп, барлық істерінде Оған ғана тәуекел еткен адамдар. Алла Тағала Өзінің сүйіктілері жайында былай деген:
أَلا إِنَّ أَوْلِيَاء اللَّهِ لاَ خَوْفٌ عَلَيْهِمْ وَلاَ هُمْ يَحْزَنُونَ
Мағынасы: «Расында Алланың достарына қауіп-қатер жоқ, әрі олар қайғырмайды» (Жүніс 62 аят). Сондай-ақ Алла Тағала Құран Кәрімде:
وَاصْبِرْ نَفْسَكَ مَعَ الَّذِينَ يَدْعُونَ رَبَّهُم بِالْغَدَاةِ وَالْعَشِيِّ يُرِيدُونَ وَجْهَهُ
Мағынасы: «Таңертең, кешке Раббыларына, Оның дидарын іздеп, жалбарынғандармен бірге өзің де сабыр ет»(әл-Кәхф, 28 аят). Бұл аят асхабу-суффа деген кедей сахабалар жайында түскен, олар үнемі мешітте болып, ғибадатпен айналысқан адамдар.
Имам Ғазалидің «Ихъя» кітабында, Алла елшісінің (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) мына сөздері жазылған:
أولياء أمتي أنبياء من دونهم
Мағынасы: «Алла Тағаланың менің үмметімдегі сүйіктілері, басқа үметтердегі пайғамбарлар (әлейһим сәләм) іспетті». Әрине бұл тура мағынада болмаса да, Алла Тағаланың сүйіктілерінің дәрежесін көрсетеді.
Алланың сүйіктілеріне зиян келтірудің күнәсі
Әбу Хурәйра (оған Алла разы болсын) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) Алла Тағаланың мына сөздерін айтқан:
من آذى لي وليا فقد آذنته بالحرب
Мағынасы: «Менің сүйіктіме зиян келтіру арқылы Маған зиян келтіргенге, Мен соғыс жариялаймын» (имам әл-Бухари).
Бұл хадистің екі негізгі кезеңі бар:
1) Алла Өз сүйіктілеріне жасалған зиянды Өзіне жасалған зиян деп айтады, әрине Аллаға ешкім зиян тигізе алмайды, Ол барлық кемшіліктен пәк. Алайда, Алла осындай теңеу арқылы Өзінің сүйіктілерінің дәрежесін өсіріп, Өзінің оларға деген махаббатын көрсетті.
2) Алла тағала Оның сүйіктілеріне зиян келтіргендерге жеке Өзі соғыс жариялады, әр мұсылман адам тәубе етпеген жағдайда, Алла Тағаланың қаһары мен жазасынан ешкім құтыла алмайды.
Бұл Оның сүйіктілеріне қандай да бір зиян тигізуге болмайтындығының дәлелі. Сахих хадиске құлақ аспаған адам, үлкен қайғы мен шығынға душар болмақ.
Алланың сүйіктілеріне өшпенділік
Біз Алланың сүйіктілеріне бір ғана зиян тигізгендерді не күтіп тұрғаны жайлы сөз қозғап хадис келтірдік. Ал оларға әрдайым өшігіп, үнемі зиян тигізіп, жала жауып, оларға қарсы жаман пиғылда болатындармен не болмақ?!
Анас ибн Мәлік (оған Алла разы болсын) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) Алла Тағаланың мына сөздерін айтқан:
من عادى لي وليا فقد بارزني بالحرب
Мағынасы: «Менің сүйіктіме зиян келтіру арқылы Маған зиян келтіргенге, Мен соғыс жариялаймын» (имам әл-Бухари). Бұл хадисте де барлығы өте түсінікті жазылған. Осыдан кейін тақуаларға өшігіп, зиян тигізуге бола ма екен? Сонда Алла Тағаланың жазасынан және Оның қаһарынан ешкімде қорқыныш сезімінің болмағаны ма?
Бұл хадистің басқа нұсқасында былай делінген:
من أهان لي وليا فقد بارزني بالمحاربة
Мағынасы: «Менің сүйіктімді балағаттау арқылы Мені балағаттағанға, Мен соғыс жариялаймын» (имам әл-Бухари).
Бұл үш хадис ескерту ретінде айтылған, демек, бір адам Алланың сүйіктісін балағаттаса, Алла ол адамға өштенеді, егер оны жарақаттаса, Алланың ашуы артады, ал егер онымен соғысса, Алланың сол адамға қаһары шексіз болады.
Кейбір мұсылман топтары өздерінің сауатсыздықтары себебінен тақуаларға жала жауып, олардың абыройын төккісі келеді, олар бұл адасқан жолды тастап тәубеге келу керек. Адам бұл өмірде тірі кезінде тәубе етуге мүмкіндігі бар, ал өлім келе қалса, артқа шегінер жолы болмай, істеген істеріне жауап беруіне тура келеді.
Ибн Хаджар әл-Хайтами (Алла оны рахым етсін) былай деп жазады: «Бұл ауыр күнә болып табылады, өйткені Алла ауыр деп танылмаған күнәға соғыс жарияламас еді. Алла күнәнің екі түріне: ысырапшылық пен Алланың сүйіктілеріне өшпенділік үшін соғыс жариялады» (аз-Зәуәджир, 1 том, 161б.).
Алла Тағала баршамызды Алланың сүйіктілерімен өштескен мұсылман топтарына қосылудан сақтасын!
Шамиль Зурпуканов
____________________
Орыс тілінен аударған Azan.kz
Ислам.ру