Тақлидты түсіну
1. Тақлид термині не мағына береді және муқаллид деген кім?
Тақлид термині мужтахидтің пікірін Ислам құқығына қатысты (фиқһ) сұрақта ешқандай дәлел іздеместен сол мужтахидтің сөздері шариғат заңдарына негізделген деп күмәнсіз қабылдау.
Муқаллид – ол, ижтихад жасауға шамасы мен білімі жетпегендіктен мужтахидке тақлид жасаушы.
2. Ижтихад деген не және мужтахид деген кім?
Ижтихад – бұл шариғаттың төрт негізінен: Құран, Сүннет, ижмаъ (ғалымдардың бірауыздан келісуі) және қияс (Құран мен Сүннеттің айқын дәлеліне сүйене отырып шешім қабылдау)шешім шығару.
Мужтахид – бұл ижтихад тәсілдерін пайдалана алатын білімі бар ғалым.
3. Тақлидты тәжірибедегі мысалмен түсіндіріп беріңіздерші?
Әрбір ғылым саласында тақлид шарты жатыр, яғни беделді қызметкердің пікірін шүбә келтірместен қабылдау. Мысалға, медицинаны меңгеріп жатқан адам өзінің білім дәрежесі жоғары деңгейге көтерілгенше ешбір маманның ойына қарсы келместен барлығын қабылдайды. Бұл салада білімі жоқ адам немесе әлі білімі жетілмеген адам медицина саласында ешқандай да шешім қабылдай алмайды. Тіпті заңгерлік білімі бар болса да. Сондықтан да білікті заңгер болсын, мықты инженер болсын барлығы да медицина саласында тек қарапайым муқаллид бола алады.
4. Ғалымның мужтахид дәрежесіне жеткенін қалай анықтайды?
Ғалым Шариғаттың төрт негізін: Құран, Сүннет, Ижмаъ және қиясты түсінуде ең жоғары дәрежеге қол жеткізген кезде, сондай- ақ өзге де қосымша рухани жетілу жолындағы ғылым саласын меңгерген кезде ғана ол ғалымды мужтахид деп атауға болады. Бұл ғалымдардың мына сөздерімен қуатталады:
a) Имам әш-Шафиғи (ол кісіге Алла разы болсын) былай дейді: «Исламда Алланың кітабын білетін, күші жойылған, қайсысы жоюшы (насых және мансух) аяттарды білетін, мағынасы ашық және жабық (мухкам және муташабих) аттарды білетін, олардың тәпсірін білетін, қай аят Мәдинада, қай аят Меккеде түскенін білетін және олардың түсу себебін білетін адамнан басқа адамның пәтуа беруге құқығы жоқ. Сонымен қатар, ол адам Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадистерін білуі керек. Қай хадистердің күші жойылған, ал қайсысы жоюшы деген секілді Құран аяттарын білгендей Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадистерін де жақсы білуі тиіс. Сондай- ақ ол адам араб тіліне қатысты әртүрлі ғылым саласын, араб поэзиясын және өзге де Шариғат пен Құранға қатысты ғылым салаларын білуі тиіс. Сонымен бірге, ол шыншыл, әділ және аз сөйлейтін әрі ортаға қойылған таластан хабары бар және де дарынды әрі қабілетті болуы шарт. Егер адамның бойында осы қасиеттер болса, ол адам ненің харам, ненің халал екендігін анықтап пәтуа бере алады. Ал кімнің бойында мұндай қасиеттер табылмаса, оның пәтуа беруге құқығы жоқ».2
Хафыз Ибн Әбдил Барримам Шафиғидың осы сөздерін жазып алып, бұл сөздер өзге де ғалымдардың сөздерімен қуатталған соң мужтахидке мынандай талаптар қосқан:
1) Мұнымен қоса ол ғалым Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) өмір жолын жақсы білуі қажет.
2) Ғалым Пайғамбарымыздан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) дін түсінігін жеткізген сахабалардың да өмірлерін мурсәл 3 және муттасыл 4хадистерді ажырата алатындай білуі қажет. Және де ол сахабалардың өмір жолы мен олардың адамгершілік қасиеттері жайлы деректерден де хабары болуы тиіс.
3) Ғалым кісі сахабалар, одан кейін келгендер секілді хадис жеткізушілердің өмірін оқытатын ғылым саласын сенімді рауидан күмәнді рауиды ажырата алатын дәрежеде жақсы меңгерген болуы тиіс.5
Ескерту :
Имам Жәләлуддин әс- Суюти (4/185) өзінің Құран ілімі жайлы жазған «Әл- Итқан» еңбегінде жоғары дәрежедегі Құран тәпсіршісі болу үшін қойылатын талаптарды келтірген. Бұл еңбекте мыналар келтіріледі:
«…Ғалымдар былай деген: Құранды тәпсірлеу – тәпсірге қажет өзге ғылымдарды жақсы меңгерген адамдарға ғана рұқсат. Ол ғылымдар он бес түрлі:
1) Араб тілін білу. Имам Муджахид былай деген: «Аллаға және Қиямет күніне иман етпеген жанға егер ол арабтардың сөздерін жоғары дәрежеде талдай алмайтын болса, Құранға қатысты мәселеде пікір айтуға рұқсат жоқ». Ол адам тек бірнешеуін ғана біліп қоюы жеткіліксіз. Себебі, ол сөздің бірнеше мағынасы болуы мүмкін. Егер ол бірнеше мағынасын білетін болса, өзге мағыналары тұспалданады.
2) Синтаксис…
3) Морфология…
4) Этимология…
5,6,7) Семантика ғылымы, стилистика, поэтика – риторикамен тығыз байланысты, метафораны қолдануды талап ететін үш ғылым. Ғылымның бұл үш түрі Құран тәпсіршісіне өте қажетті өнер түрі- шешендік өнердің бөлімдері болып табылады. Себебі кез келген сөз әдеби тілмен жетер боса ұғынықты болары сөзсіз. Синтаксисті, тілді және Ислам құқығын (фиқһты) меңгерген кез келген адам Құранды тәпсірлей алмайтынын да ұмытпаған жөн…
8) Қырағат – Құранды әр түрлі мақамда оқу тәсілі... оның көмегімен көп мағыналы сөздер мен тіркестерден бір ғана мағына шығаруға болады.
9) Ақида – сенім негізі жайлы ғылым...
10) Усул фиқһ – Ислам құқығының негіздері …
11) Құран аяттарының түсу себебі...
12) Күші жойылған және жоюшы аяттар...
13) Ислам құқығы (фиқһ)
14) Қысқа және мағынасы көмес аяттарды түсіндіруші хадистер.
15) Алла берген ілім. Бұл Алла Тағаланың білгенімен амал еткен адамға беретін ілімі…».
б) Тағы да бір оқиға имам Ахмад ибн Ханбалдың басынан өткен. Ол мужтахид атану үшін хадис ілімі саласында жоғары білімді екенін көрсете білді:
Бірде бір адам имам Ахмадтан сұрайды: «Егер адам 100 000 хадисті жатқа білетін болса, ол адамды Фақиһ деуге бола ма?» Имам Ахмад: «Жоқ»,- деп жауап береді. Әлгі адам тағы: «Ал егер 200 000 хадис білсе ше?» Имам тағы да: «Жоқ»,- дейді. Әлгі адам: «Ал егер 300 000 хадис білсе?» Имам тағы да: «Жоқ»,- дейді. Әлгі адам тағы да: «Ал егер 400 000 хадис білген болса ше?»,- деген кезде имам қолымен ымдап, бәлкім осы кезде ғана ол адамды фақиһ деуге болады және де ол өз бетінше пәтуа бере алуы мүмкін дегенді көрсетті. 6
Ескерту:
Осы оқиғаны еске алған соң шейх Ибн Таймия мен Ибн әл- Қайим ханбали мәзһабының үлкен ғалымы Ибн Шакилиәнің сөзін келтіреді:
«Жәми әл- Мансур мешітінің мүфтиі болып тағайындалған кезімде имам Ахмадпен болған осы оқиғаны айтып бердім. Сол кезде бір кісі маған: «Сен осындай лауазымда отырып алып, пәтуа беру үшін соншалықты хадисті де білейсің!»,- деп айқайлады. Мен оған: «Талап етілген хадистің санын білмесем де, мен осы орында отырып, 400 000 хадистен де көп хадис білген имам Ахмадтың мәзһабына сәйкес пәтуа шығарып бере аламын»,- деп жауап бердім.
Ибн Таймийә бұған былай деп пікір қалдырған: «Мүфти өзінің имам- мужтахидының пікіріне негіздей отырып пәтуа шығарған кезде, оның сенімді ілімге сүйенгені талас тудырмайды. Шын мәнінде ол имамнан жеткен пәтуаны беріп отыр, сондықтан да ақиқи ілімнен оны алып тастауға болмайды».7
в) Ижтихад жасау үшін қойылған талаптар жайлы көптеген үлкен ғалымдардың сөздері келтірілгеннен соң шейх Мұхаммад Әууәмә былай деп қосады:
«…осылардан тыс мына нәрселер талап етіледі: жақсы амалдар, құлшылықтағы табандылық, тақуалық, пайдасыз нәрселермен айналыспау, дүниені тәрк ету, жан дүниенің тазалығы және бойынан Исламның жақсы қасиеттері табылу 8. Нағыз имам осындай болуы қажет».9
Мұны нақтылау үшін шейх өзге ғалмдардан дәйексөздер мен бірнеше мысалдар келтіреді:
«Имам Мәлік былай деген: Мен Меккеге екі рет қажылыққа барғанымда Аюб әс- Сахтиәниді көрдім, алайда ол адамнан ешқандай хадис жазып алмадым. Үшінші рет қажылық сапарына барғанымда мен ол кісіні Зәм- зәм бұлағының жанында отырғанын көрдім. О кісі Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) атын естісе болды жылай берді. Мен оның халін жүрегіммен сезіндім. Оның осы бір Пайғамбарға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) деген орасан зор махаббатын көргеннен соң барып қана, ол кісіден хадис алдым.10
5. Мужтахид немен айналысады?
Бұл сұраққа жауап беру үшін шейх Мұхаммад Әууәмнің «Әдәбул Ихлитәф» еңбегінен үзінді келтіреміз. (44-46 б.):
«… бұл сұрақ бойынша усул (ислам құқығы негіздері) және фақиһ ғалымдар талас тудырмайтын сұрақтарға ғана ихжтихад жасалады деп бір ауыздан келіскен».
«Сондай-ақ дәлелдер 4 санатқа бөлінетіні баршаға белгілі, олар:
1. Сенімділігі және мазмұны талас тудырмайтын
2. Сенімділігі мен мазмұны күмәнді
3. Сенімділігіне талас жоқ, бірақ мазмұны күмәнді
4. Мазмұнында талас жоқ, сенімділігі күмәнді дәлелдер
Осыдан біз ижтихад соңғы үш санатқа жасалады деген шешім шығарамыз. Дәлелдер сенімділігі мен мазмұны жағынан да талас тудырмайтын 1- санатына келер болсақ, ол заңды түрде ижтихадтың айналасына кірмейді. Себебі ол жерде талассыз дәлелдерге сүйену барысында ешқандай пікірлердің таласы жоқ. Ибн Абидин айтқандай: «Талассыз дәлелдің сенімділігі мен мазмұнына қарама- қайшылық – күнә ғана емес, күпірлік болып табылады»
Шейх Мұхаммед Әууәма хафыз Ибн Таймия мыналарды қосқан деп айтады: «... бұған (ижтихадтты қажет етпейтін сұрақтар) Үмметтің алғашқы буындары келіскен мәселелер де кіреді. Бұл бізге ғалымдардың бір ауыздан келісуі,яғни ижмаъ ретінде белгілі. Ғалымдар ижмаътың талас тудырмайтын әрі оған қарсы шығуға болмайтын дәлелдер екендігіне бір ауыздан келіскен».
6. Мужтахидтер тек қана төртеу ме?
Жоқ, Исламның алғашқы ғасырында жүздеген мужтахидтер болған.
7. Солардың танымалдарын атап беріңізші?
Ең әйгілі мужтахидтер – Ибрахим Нахаи, Суфиян Сәури, әл-Аузаи, Әбу Саур, Исхақ ибн Рахауәйһ, Уәки ибн Жаррах, Ләйс ибн Саад және басқалар.
1. Пәтуа – Ислам шариғатына негізделіп шығарылған шешім. Пәтуа берумен белгілі ілім дәрежесі және діни түсінігі бар арнайы маман айналысады.
2. Шейх Мұхаммед Әууәмнің «Әсарул хадис әш-Шариф» еңбегін қараңыз. 178 бет
3. Мурсәл– Алла Елшісінен (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) тізбектегі Пайғамбарымыздың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) алдындағы жеткізушісі аталмастан табиғиндер жеткізген хадисі.
4. Муттасыл – тізбегінде үзіліс болмай жеткен хадис түрі.
5. Шейх Мұхаммад Аууәмәбұл шарттарға пікір білдіреді: «Бұл мына ғылымдармен тығыз байланысты: 1) Рижәл (жеткізушілер); 2) Жарх уәтәдлил– жеткізушілерді қабылдау және тәрк ету ілімі. Бұл екі ғылымды меңгеру шариғат ілімін үйреніп жүрген жанның біраз уақытын алуы мүмкін. Шейх Мұхаммед Әууәмәнің «Әсарул хадис әш-Шариф» еңбегін қараңыз 178 бет.
6. Шейх Мұхаммед Әууәмәнің «Әсарул хадис әш-Шариф» еңбегін қараңыз 72 бет.
7. Шейх Мұхаммед Әууәмәнің «Әсарул хадис әш-Шариф» еңбегін қараңыз 72 бет.
8. Алла Тағала Лұқман сүресінің 15 аятында былай дейді: «...Маған құштар адамдардың жолына түс...» («Рух әл-Маани»)
9. Шейх Мұхаммед Әууәмәнің «Әсарул хадис әш-Шариф» еңбегін қараңыз 179 бет.
10. Шейх Мұхаммед Әууәмәнің «Әсарул хадис әш-Шариф» еңбегін қараңыз 179 бет.
Авторы: Шейх Әбу Усама Аюб ибн Мәуләна Мухаммад
Еңбек аты: Who are The Blind Followers?
____________________
Орыс тілінен аударған Azan.kz
Дарульфикр.ру
Әйел баласы мен ер кісілердің намаздарының арасында бірнеше өзгешеліктер бар. Атап айтсақ, әйелдер ер кісілер сияқты азан шақырып, қамат түсірмейді. Бет-жүзі мен білезігіне дейінгі денесінің қолынан өзге жері жабық болады. Әйел адам үшін мешіттен гөрі үйде отырып, намаз оқығанның сауабы мол. Әйелдердің намаздағы өзге қимылдары да олардың жаратылысы мен табиғатына сай діннің үкімдерімен үйлесім табатынын айта кету керек.
Әйелдердің киімі ашылып қалмасы үшін әрі дене мүшелерінің киім сыртынан сыртқа теуіп, көзге оттай басылып, өзгелердің назарын аудармауы үшін намаздағы іс-әрекеттерінің барынша жинақы болуы басты назарға алынған. Мысалы, тәкбірде қолды құлақ тұсына дейін көтергенде жеңі сырғып төмен түсетіндіктен білектерінің ашылып қалу қаупі бар. Сондықтан, олар қолдарын көкірек тұсына көтереді. Сонымен қатар, қолдарын көкіректеріне байлау арқылы да омырауларын қосымша көлегейлеген болады. Ендеше, ардақты Алла елшісінің (с.а.у.) «Менің намаз оқығанымдай намаз оқыңдар» деген хадисін негізге алып, әйелдер де дәл еркектер тәрізді намаз оқуы керек, деп, үстірт ұқпауымыз керек.
Исламдағы төрт мәзхаб ғалымдарының басым көпшілігінің берген пәтуасы бойынша әйел баласының намаздағы қимылдарының еркектер сияқты еркін емес, жинақы болуы маңызды. Мәселен, Мәліки мәзһабында әйелдің намаздағы қимылдарының бәрі жинақы болуға тиіс.[1]
Ханбалидағы мәзхабында да дәл солай. Ибн Құдама «әл-Муғни» атты еңбегінде әйелдің намазындағы ерекшелігі жайында былай дейді: «Намаздағы ер кісілерге қатысты үкімдер, негізінде, әйелдерге де қатысты. Бірақ, әйел баласы рукуғта, сәждеде өзін жинақы ұстайды. Ал, отырыста малдас құрып (мүтәраббиға) немесе сол жағына қарай жамбастай отырады».[2]
Шафиғи мәзһабында әйелдің намаз қимылдарында төрт жерде өзгешелігі бар:
1. Рукуғта бір тізесін екінші тізесіне, бір аяғын екінші аяғына тигізе тақайды. Сәждеде де екі тізесі мен екі аяғының арасын ажыратпайды, қарны санына тиіп тұрғаны жөн.
2. Еркектер жария оқитын намазды жария, іштен оқитын намаздарды іштей оқиды. Әйелдер бөгде еркектердің жанында намаз оқитын болса, дауыстары естіл-мейтіндей етіп бәсең оқиды.
3. Намаздарына кедергі келтіретін қандай да бір жағдай туса, ер кісілер «Субханналлаһ» десе, әйел адам оң қолының алақанымен сол қолының сыртынан шапалақ ұрады.
4. Намазда ерлердің әурет жері саналатын кіндік пен екі бұттың арасы, ал, әйелдердің қолы мен бет-жүзінен өзге жері бүркеулі болуы тиіс.[3]
«Әссунәнуль Кубра» атты хадис жинағының авторы хадисші әл-Байһақи әйелдің қимылы жайында: «Әйелдің намаздағы қимылдарындағы өзгешілік жинақылыққа негізделген. Әйел кісі намазда жинақылыққа ең лайық қимылды орындауға бұйырылды», – дейді[4].
Ендеше, Ханафи мәзһабымен қоса өзге үш мәзһабтың үшеуінде де әйел кісінің намаздағы қимылдары жинақылыққа негізделгендігі бірауыздан мақұлданған.
Ханафи мәзһабы бойынша әйелдердің намаз қимыларындағы ерекшеліктер төмендегідей:
ӘЙЕЛДЕРДІҢ ИФТИТАХ ТӘКБІРІ
Әйел адам ифтитах тәкбірін алғанда екі алақанын құбылаға қаратып, саусақтарының ұшын иықтың тұсына дейін көтеріп, «Аллаһу әкбар», дейді.
Имам Бұхари өзінің «Қурратуль ғайнайн» атты еңбегінде Сүләймән ибн Умайрдың мына сөзін риуаят етеді:
» عن عبد ربه بن سليمان بن عمير قال: رَأَيْتُ أُمَّ الدَّرْدَاءِ تَرْفَعُ يَدَيْهَا فِي الصَّلاةِ حَذْوَ مَنْكِبَيْهَا«
Ол: «Мен (сахаба Әбу Дарданың зайыбы) Уммуд Дарданың намазда екі қолын иық тұсына көтергенін көрдім», – дейді.[5]
Ардақты пайғамбарымыз (с.а.у.) Уәйл ибн Хужр есімді сахабасына былай деген: «Уа, Хужрұлы! Намаз бастағанда екі қолыңды құлаққа дейін көтер. Ал, әйелдер кеуде тұсына көтерсін»[6].
Бұл хадис жоғарыдағы Ұмму Дарданың хадисіне қайшы емес. Себебі, әйел кісі қолын кеуде тұсына көтергенде саусақтарының ұшы иық деңгейіне көтеріледі.
Сондай-ақ, осы екі хадистің астарына үңілсек, әйел баласының намаздағы басқа да әрекеттері (рукуғ, сәжде, соңғы отырыста, т.б.) олардың нәзік жаратылысы мен өзге де ерекшелігіне байланысты құлшылық кезінде өзін жинақы ұстаудың қаншалықты маңызды екендігін аңғарамыз.
ӘЙЕЛДІҢ ҚОЛ БАЙЛАУЫ
Әйел кісі көкірек тұсына оң алақанын сол қолының үстіне қояды. Білезіктерін қапсыра ұстамайды. Намаз кезінде өздерін жинақы ұстауы үшін осылай істеген абзал[7].
Табиғин Ата ибн Әби Рабах*: «Әйел кісі қиямда тұрғанда мүмкіндігінше екі қолын жинақы ұстайды», – деген[8].
ӘЙЕЛДІҢ РУКУҒЫ МЕН СӘЖДЕСІ
Әйелдер рукуғқа барғанда саусақтарының арасын ашпастан тізесіне қояды, арқасы мен тізесін сәл бүгеді. Ал, сәждеге барғанда білектерін жерге тигізіп, шын-тақтарын өкпе тұсына тақап ұстайды, қарны қара санына тиуі шарт[9]. Бұл жайында Әбу Шәйба өзінің «Мұсаннаф» атты еңбегінде Әзіреті Әлидің (р.а.) мына сөзін жеткізеді:
عَنِ الْحَارِثِ ، عَنْ عَلِيٍّ ، قَالَ : " إِذَا سَجَدَتِ الْمَرْأَةُ فَلْتَحْتَفِزْ وَلْتَضُمَّ فَخِذَيْهَا ". رواه ابن أبي شيبة
«Әйел баласы сәждеге барғанда ішін санына тірейді және екі санының арасын ашпай, тигізе тақап ұстайды»[10].
Табиғин Ибрахим ибн Язид ән-Нәхәъидің[11] былай дегенін риуаят етеді:
عن إبراهيم قال إذا سَجَدَت المَرأَةُ فَلتَزِق بَطنَها بِفَخِذَيها وَ لا تَرفَعُ عَجيزَتَها وَلا تُجَافي كما يُجَافي الرَجُلُ". رواه ابن شيبة
«Әйел кісі сәжде жасайтын болса, қарнын қара санына тигізе тақап ұстасын, бөксесін көтермесін және ер кісілер сияқты (екі шынтағын арасын) ашпасын»[12].
Тағы бір сөзінде Ибраһим:
عن إبراهيم قال إذا سَجَدَت المَرأَةُ فَلتَضُمّ فَخِذَيهَا وَ لتَضَع بَطنَهَا عَلَيهِمَا. رواه ابن شيبة
«Әйел кісі сәжде жасағанда екі санын бір-біріне тигізе тақап ұстасын және қарнын қара санына тигізсін...», –[13] деген.
Байхақидың «әс-Сүнәнүл-кубра» атты хадис жинағында Ибраһим ән-Нәхаъи былай дейді:
كانت المرأةُ تُؤمُرُ إذا سَجَدَت أن تُلزِقَ بَطنَها بِفَخِذَيها كَيلا تَرتَفِعَ عُجْزَتها ولا تُجَافي كَمَا يُجَافي الرُجُلُ. رواه البيهقي
«Әйелдерге сәжде жасағанда қарнын екі санына тигізе тақап ұстасын деп, әмір етілді. Бұл сәжде жасағанда оның бөксесі көтерілмесін деген мақсатта айтылған. Сәжде жасағанда ер кісілер сияқты екі шынтағының арасын ашпасын (деп те бұйырылды)»[14].
ӘЙЕЛ КІСІНІҢ «ТӘШӘҺҺУД» ОТЫРЫСЫ
Тәшәһһуд отырысында әйел кісі екі аяғын бүгіп, сол жағына қарай жамбастай отырады. Яғни, сол жақ аяғын оң жақ санының астынан өткізіп, бір жамбастай отырады[15]. Мұндай отырыс әйел табиғатына сай келеді әрі жинақы көрінеді. Мұны «тәуәррүк отырысы» дейміз. Бұған төмендегі хадис дәлел:
Абдулла ибн Омар (р.а.) риуаят еткен бір хадисте ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.):
عن عبد الله بن عمر قال: قال رسول الله (صلى الله عليه و سلم): "إذا جَلَسَت المَرأةُ في الصّلاَةِ وَضَعَت فَخذَهَا عَلَى فَخذِهَا الأُخرَى وَ إذَا سَجَدَت ألَصَقَت بَطنَهَا فيِ فَخذَيهَا كَأَستَرَ مَا يَكُونُ لًهًا وً انّ اللهَ تَعَالَى يَنظُرُ إلَيهَا وَ يَقُولُ: يَا مَلائِكَتِي أُشهِدُكُم إنِّي قَد غَفَرتُ لَهَا". رواه البَيهَاقِي
«Әйел баласы намазда сол жақ аяғын оң жақ санының астына басып отырады. Ал, сәждеде қарнын қара санына тигізе тақап ұстасын. Әйел осылай еткенде жинақы көрінеді. Алла (осылай отырып оқыған әйелге) қарап періштелеріне: «Уа, періштелерім! Куә болыңдар, мен бұл әйелдің күнәсін кешірдім», – дейді» деп, айтқанын жеткізген болатын[16].
______________________________________
[1] У.Зухайли, Маусуғатул фиқһиль Исләми – 1/769-бет
[2] Ибн Құдама, әл-Мұғни: әл-фарқ бәйнар ражули уәл мар’әти фис сала, 1/599-бет.
[3] У.Зухайли, Маусуғатул фиқһиль Исләми – 1/777-779 бет.
[4] Мұстафа әл-Ғадуи, Жамиғул Ахқамун Ниса – 1/376-бет.
[5] Имам Бұхари «Қурратуль айнайн» №23 хадис.
[6] Хайсәми, Мажмағуз-зауаид -2\222 бет, №2594 хадис.
[7] Тәхәнәуи, Илә’әссүннә – 2/199 бет; әл-Айни, Биная; әл-Шарнабәләли, Нурул изах
* Бұл кісі хазірет Айша, Әбу Хұрайра, Абдулла ибн Аббас сыңды көптеген сахабалардан хадис риуаят еткен кісі. Мекке ғалымы.
[8] Ибн Әби Шәйбә, Мұсаннаф.
[9] Бадайғ – 1/62 бет; Бадруддин Айни, әл-Биная – 2/249-бет.
[10] وتحتفز أي تحمل بطنها على فخذيها Ибн Әби Шәйбә – 1/241 бет, №2777-хадис.
[11] Ибрахим ибн Язид ән-Нәхәғи, Ирак өңірінің ғұлама фиқһшысы әрі хадисте «сиқа/сенімді», оның риуаят еткен хадистерін Нәсәий, Әбу Дәуіт, Даруқутни сынды ғұламалар өз хадис жинақтарына енгізген, ол балалық шағында Айша анамыздың (р.а.) көзін көрген кісі.
[12] Ибн Әби Шәйба, Мұсаннаф, Әйелдің сәжде жасау бабы – 1/242-бет, 2782
[13] Ибн Әби Шәйба, Мұсаннаф, Әйелдің сәжде жасау бабы – 1/242-бет, 2779
[14] Байхақи әс-Сүнәнүл-күбра – 2/314-бет.
[15] А.М.Таһмаз: әл фиқһул ханафи фи саубиһил жәдид, 1- том, 226-бет.
[16] Бәйһақи, әс-сүнәнул кубра, 2/315-бет, №3199 хадис.
Абдусамат Қасым

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Түркиядағы имамдардың білімін жетілдіру оқу орны «Хасекиге» қабылданған шәкірттермен кездесті.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биыл дін мамандарын даярлауда озық тәжірбиесі бар «Хасеки» оқу орнына 20 шәкірт жібереді. Атылмыш білім ордасына арнайы діни сауаты бар, жоғары діни оқу орнын «өте жақсы» тәмамдаған шәкірттер таңдап алынды.
Кездесу барысында, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы білімді дін мамандарын даярлау мәселесін басты назарда ұстап, діни білім алып келген мамандардың елге алаңсыз қызмет етуі үшін барлық мүмкіндіктерді қарастырылып жатқанын жеткізді.
Айта кетсек, өткен жылы «Хасекиге» 26 шәкірт қабылданған болатын. Қазіргі уақытта шәкірттердің 11-і Станбул қаласында, 15-і Кония қаласында білімін жетілдіруде.
muftyat.kz
Сұрақ: Намаз кезінде тәкбиратуль-ихрамды (намазды бастайтын тәкбірді) қалай орындаған дұрыс (ер мен әйелдер үшін)? Кейбір тура жолдан адасқан топ өкілдері, ер мен әйелдің намазында еш айырмашылық жоқ деген пікірде. Ер адамның намазының әйел адамның намазынан қандай айырмашылығы бар?
Жауап: Ассәләму ғәләйкүм уа рахматуЛлаһи уа баракатуһу!
Ер кісілер намазды бастап тәкбір айтқан кезде, қолдарын құлақтарының тұсына әкеліп, бас бармақ құлақтың жұмсағына тиіп, алақандар қыбылаға қаратылу керек, ал саусақтар кәдімгі қалпымен (бір-біріне қатты жабыспай, не қатты ажыратылмай) болу керек. Осылай хәнәфи мәзһабының фиқхы («әл-Маусуъа әл-Фиқхия» 20 том, 85 бет) еңбегінде жазылған.
فذهب الحنفية إلى أنه يرفع يديه حذاء أذنيه حتى يحاذي بإبهاميه شحمتي أذنيه، وبرءوس الأصابع فروع أذنيه، ويستقبل ببطون كفيه القبلة، وينشر أصابعه ويرفعهما، فإذا استقرتا في موضع محاذاة الإبهامين شحمتي الأذنين يكبر؛ فالرفع يكون قبل التكبير... ولو رفع المصلي يديه فإنه لا يضم أصابعه كل الضم، ولا يفرج كل التفريج بل يتركها على ما كانت عليه بين الضم والتفريج
Әйелдерге келетін болсақ, намазды бастап тәкбір айтқан кезде қолдарын ерлер сияқты құлақтарына емес, иықтарының тұсына алып келу керек. Бұл төрт мәзһаб өкілдерінің бірауыздан айтқан пікірі («әл-Маусуъа әл-Фиқхия» 20 том, 85 бет) болып табылады.
أما المرأة فإنها ترفع يديها حذاء المنكبين
Ер мен әйелдің намазының бір-бірінен айырмашылығы жоқ деген пікір қате болып табылады, және бұндай көзқарас хадистерді жетік білмегеннен болып жатады.
Құран оқып, зікір етіп немесе дұға жасауда (сөзбен айтылатын әрекеттерде) ер мен әйелдің еш айырмашылығы жоқ. Алайда намаздың қимылдарына қатысты жағдайға келетін болсақ айырмашылықтар бар. Ақыл-ойға салатын болсақ, қоғамда өзін-өзі сыйлайтын әйел адамның жүрісі, тұрысы, қимыл-қозғалысы ерекшеленеді, бұл ер адамдарға да қатысты, сол сияқты намазда да бұлардың арасында ерекшеліктер болады.
Алла елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) және оның сахабалары, ер кісі мен әйел адамның намаздары жайында айтып, әйел адамның намаздағы қимыл-қозғалысы ұстамды және жинақы болуы керек деген пікірде болған, бұл жайында Имам Байхақы былай деп жазады:
وجماع ما يفارق المرأة فيه الرجل من أحكام الصلاة راجع إلى الستر، وهو أنها مأمورة بكل ما كان أستر لها
«Намазда әйел адамның ер адамнан айырмашылығы «сәтр» (көзден таса жасырыну) қағидасына сәйкес болуы керек. Демек, әйел адам намаз қимылдарын орындаған кезде өзгелерге неғұрлым көрінбей, білдіртпей намаз оқуы керек» (Сунән әл-Кубра имам Байхақы).
Хәнафилық фиқх еңбектеріндегі намаздағы ер мен әйелдің кейбір айырмашылықтары төменде көрсетілген:
1. Намаздың барлық қимыл-қозғалыстарында, соның ішінде қыйәм, рукуғ, сәжде және тәшәхұдта отырғанда әйел адам ұстамды және жинақы болуы керек.
2.Намазды бастаған кезде әйел адам қолдарын құлақтарына дейін емес, тек иықтарының тұсына дейін алып келеді. Имам Ахмед ибн Ханбал да әйел адам қолдарын сәл ғана көтеру керек деген, ал кейбір деректер бойынша тіпті қолдарын көтермеу керек деп айтқан.
3. Қыйәмда тұрған кезде әйел адам қолдарын кеудесіне қоюы керек. Бұл іс-әрекетті бірнеше әдіспен орындауға болады – оң қолмен сол білезікті ұстап немесе оң қолды сол қолдың үстіне қою арқылы.
4. Ер кісілерден қарағанда, рукуғта әйел адам қолдарын сыртына емес, ішіне қарай қою керек. Сонымен қатар, қолдарын тізесіне қойған кезде, саусақтарының арасы ашылмай, жиналып тұру керек. Кейбір хәнафилық фиқх еңбектерінде, әйел адам тізесі мен арқасын сәл бүгу керек делінеді.
5. Сәждеде әйел адамның кеудесі санына және,шынтақтарденесіне тығыз орналасады (жерге тиіп тұрады), ер адамдар болса, сандарын ішіне тигізбей ұстайды, және шынтақтар денесінен біршама алшақ орналасып, жерге тимеуі керек.
6. Тәшәхұдта ерлер сол аяқтарын бүгіп, оң аяқтарының саусақтарының ұшына сүйенеді. Әйел адамдар болса, сол жанбасқа отырып, аяқтарын оң жаққа жинақтайды.
Алла тағала жақсырақ біледі

Тағылымды толғаныс
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!
Киелі мекеніміз, қасиет қонған жеріміз Ұлытаудағы Елбасының ұлт туралы, дін, тіл жайлы ұлағатты сұхбатынан дін өкілдері де, имам-молдалар да мол тағылым алды. Жанға – жігер, көңілге – демеу сыйлаған салиқалы әңгімеде елдегі және әлемдегі діни ахуал туралы парасатты пікір айтылды. Президентіміздің Ұлытау төріндегі толғанысы жамағатты ізгілікке, бірлікке, игілікке үндеді.
Елбасы айтқандай, талай нәубетті кезеңдерді бастан кешкен халқымыз бір кездері дінінен де, тілінен де айырыла жаздаған еді. Алайда, ұлтымыздың жүрек түбінде жысырылып келген Құдайға құл, адамға ұл болу адамгершілік ұстанымы Тәуелсіздік алған жылдары қайта жалғасты. Дін мен дәстүріміздегі мәңгілік өшпес асыл құндылықтарымызбен қайта қауыштық. Ешкімге жалтақтамай, Жаратушыға емін-еркін құлшылығымызды жасап, діни рәсімдерді атқарып келеміз. Еліміздің тарихында бұрын-соңды болмаған еңселі мешіттер елордамыздан, облыс орталықтарынан салынды. Мұнарасы биік, сәулеті жарасымды зәулім мешіттерде білімді, білікті имамдар ел игілігі үшін қызмет етуде. Шетелдік діни оқу орындарынан кем түспейтін өзімізде имамдарды дайындайтын университет аштық. Медреселеріміз шәкірт тәрбиелеуде. Мешіттердің есігі жамағат үшін айқара ашық. Кейбір көрші елдердегідей «мешітке барма» деп тыйым салып жатқан ешкім жоқ. Осындай үлкен нығметке, жетістікке жетуіміз Алланың қалауымен, Елбасының берекелі бастамасының арқасы. Бұл – тәуелсіздігіміздің жемісі, бірлігіміздің нәтижесі.
Көнекөз қарияларымыз, ақ жаулықты аналарымыз куә ғой, кезінде емін-еркін намаз оқи алмаған жағдайлар да болды. Дінге қысым жасалып, жасырын құлшылық еткендер жазаланып отырды. Ал қазіргі жағдайымызға шексіз шүкіршілік айтуымыз мұсылмандығымыз емес пе? Қазыналы қарияларымыз: «Бұдан да жаман күнімізде тойға барғанбыз», – деп ұрпақты Құдайға шүкір етуге, қанағатшылдыққа тәрбиелеп отыратын.
Президентіміз сұхбаттағы бір сөзінде: «Қандай мінбеден қазақша сөйлесең де, ешкім «тәйт, былай тұр» деп айтпайды», – деді. Сол секілді, бүгінде қай мешітке барып, құлшылық етем десек те, ешкім бізге «мешітке кірме» деген емес. Осындай уақыттың, бейбіт заманның қадіріне жете білуіміз керек. Мұндайда қазақ: «Бағаламасаң бақ кетеді» демей ме?
«Адам әр нәрсені өз ниетінен табады»
Исламды тек құлшылықпен, мешітпен, Құранмен байланыстыру – бұрыс түсінік. Дініміздің жанашыры Нұрсұлтан Әбішұлы Құранның қасиетті ғақлияларын орындау үшін кемтарларға көмектесу, бір-бірімізге жанымыз ашу, бауырмал болу, үлкенді сыйлау, баланы тәрбиелеп өсіру, Отанды, елді қорғау, бірлікке шақыру арқылы дінді өркендету жөн екенін айтты. Осындай игі амалдар адамдарды ортақ мақсатқа біріктіреді.
Ислам – қайырымдылық діні. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жыл басынан бері қайырымдылық іс-шараларға ұйытқы болып келеді. Мешіттерімізде тұрмысы төмен отбасыларына жан-жақты көмек көрсету, жетім балалар мен қарттарға көмектесу – имамдардың абыройлы міндеті.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) бір өсиетінде: «Адамдардың жақсысы – елге пайдасы тигендері», – деген. Жабыққанды жарылқау, қамыққанға қамқор болу, Аллаға ұнамды істердің бәрі – құлшылық. Мұсылманға кедергі келтірген жолдағы тасты алып тастау да – садақа. Көршімен тату тұру, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету – исламның асыл құндылықтары. Біз діннің осындай ұлы құндылықтарын қоғамды ізгілендіру, имандылыққа шақыру, кешірімді болу, бірлік пен ынтымаққа ұйыту, қанағатшыл болу, бүлікке жол бермеу сынды игі істерге пайдалануымыз керек. Елбасы сұхбатынан осыны аңғардық.
Нұрсұлтан Әбішұлы исламның негізгі қайнар көзі хадиске, яғни Алла елшісінің (с.ғ.с.) өсиетімен үндесетін, дініміздің қағидасымен қабысатын ұлағатты сөз айтты: «Бақытсызбын» деген адам бақытсыз болады. «Бақыттымын» деп жүрсе, бақытты болады». Ал хадис тәлімі мынадай:«Адам қандай ниет қылса, соған жетеді, пенде әр нәрсені өз ниетінен табады». Халқымыз: «Жақсы сөз – жарым ырыс», – деп босқа дөп баспаған.
Осы Отанда нәпақамызды тауып, бала-шағамызды асырап, тыныш тіршілік етіп отырған соң, мемлекеттің іргесі бекем болуына баршамыз жанашырлық танытуымыз – адамгершіліктен. Жақсы ниеттің өзі үлкен мәнге ие. Елбасы айтқандай, Отан дегеніміз – ол біздің бала-шағамыз, туған-туыстарымыз, өскен ортамыз, т.б. Мемлекетке пайдамыздың тигені – өз отбасымызға пайдамыздың тигені деп сезінгеніміз абзал.
Дін атын жамылу дұрыс емес
Елбасы бір діннің ішінде өзара ұғыспай, ағымдармен келіспей, соғысып, қоғамға қауіп төндіріп жатқан діни ағымдар жайлы толғанысын білдірді. Дін атын жамылып, қан төгіп, соғыспен, мемлекеттік дін жасаймыз, халифат құрамыз деп жүргендер туралы да сөз етті.
Жастар арасында «менікі ғана дұрыс, менің жолым адастырмайды» деген пікірге байланып қалғандар бар. Асыл дініміз ислам өзге дін өкілдерінің ұстанымына құрметпен қарауға шақырады. Тарихта ислам осылайша басқа діндегі адамдардың үлкен құрметіне ие болғанын білеміз.
Елбасы сұхбатында тек біздің дініміз ғана дұрыс екен деп жүрген басқа елдердің жағдайы мүшкіл болғанын баяндады. Кейбір елдердегі бей-берекетсіздік жағдай бізге сабақ болуы тиіс. Тыныштық орнаған қоғамда ғана даму, өркендеу көрініс табады.
Елбасының ұстанған салиқалы саясаты да ұлттар мен ұлыстарды, дін өкілдерінің басын біріктіруге бағытталған. Бірлігіне бекем болған елдің мерейі әрқашан үстем болмақ.
Алла тағала бүгінгідей берекелі де бейбіт заманымызды мәңгілік етсін. Мәңгілік елге мәңгілік татулық тұрақтасын деп тілеймін!
Ержан қажы МАЛҒАЖЫҰЛЫ,
Қазақстан мұсылмандары діни
басқармасының төрағасы, Бас мүфти.
Ата заң һәм мұсылманның мұраты
Адамзат баласы қауымдасып өмір сүруге бейім жаратылған. Қоғамдық тәртіп орнаған қауым қашан да өркениет көшінен қалмаған. Бауыржан Момышұлы бабамыздың: «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды», – деген ұлағатты сөзі көп жайтты ұғындырса керек.
30 тамыз – мемлекетіміз бен еліміздің әрбір азаматы үшін елеулі күн. Бұл – баршаға ортақ айтулы мереке – Конституция күні. Әр азамат үшін өз елінің заңы, мемлекетінің нышаны мен рәміздері аса қасиетті де ардақты. Ата Заңымыз адамға жауапкершілік жүктеумен қатар, оның құқықтарын да қорғайды.
Исламда заң шығару, ел арасында билік етуді қазилық дейді. Бұл жауапты міндетті атқарушыны қази (би) деп аталған. «Әділқазы» деген сөз осыдан шыққан. Қазылықтың міндеті – ел арасындағы дау-дамайды шешу, төрелік ету. Қазы өз төрелігін Құран немесе хадиске сүйене отырып жасайды. Бұл қызметті ең бірінші болып басқаға табыстаған мұсылмандар әміршісі Омар бин Хаттаб (р.а.) еді. Ол Мадина қазиы етіп Әбу Дарданы, Басраға Шурайхты, Әбу Мұсаны Куфа қазилығына тағайындады. Сондай-ақ, халифа Әбу Мұсаға нұсқау хат жазды. Бұл кейіннен барлық қазиларға бағыт-бағдар беруші өсиетке айналды.
Хаттың мәтіні мынадай: «Қазылық айқын міндет, әрдайым жүгінетін заңдылық. Егер саған ұсынылса ұғып алып, айқындалса жүзеге асыр. Орындалмаған хақтың пайдасы жоқ.
Әділетсіздігіңнен бай-шонжар пайдаланып, әділдігіңнен жарлы-жақыбай үмітін үзбес үшін отырысыңда және жүзіңде адамдар арасында туралық таныт....
Кеше шығарған үкімің оны қайта ойланып дұрысы анықталған жағдайда (яғни кешегі үкімін қате екендігі белгілі болған кезде) ақиқатты айтуға кедергі болмауы керек.
Өйткені ақиқат айқын, оны ешнәрсе жоя алмайды. Ақиқатқа қайту бұрыс нәрседе қалудан қайырлы...».
Қазилық лауазымға пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) жанында көп болған сахабалар сайланды. Бұл қазилар Алла Елшісінен (с.ғ.с.) тәлім тәрбие алған. Олар Алла мен Оның елшісі ұнатпайтын әрбір істен аулақ еді. Тіпті, олар сый-сияпат қабылдаудан да қашатын.
Қазилар өз міндетін атқаруда зұлымдық пен парақорлықты атымен білмейтін. Алла Тағала қасиетті Құранда: «...және адамдар арасына билік қылсаңдар, әділдікпен билік қылуларыңды әмір етеді...»(«Ниса» сүресі, 58-аят) деген.
Қазақстан Республикасы Ата Заңының I-бөлімі, Жалпы Ережелердің 1-бабында:
«Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары», – деп көрсетілген. Ата Заңда жазылған осы ұғымдардың ата дінімізде алар орны қандай? Соны салыстырып, таразылап көрейік.
Мұхаммед Ғазали (р.а.) «Фиқһу сира» кітабында ардақты Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) қоштасу қажылығында айтқан мына сөздері бар:
«Уа, адамдар! Сендердің қандарың (жандарың), мал-мүліктерің Раббыларыңның құзырына барғанша (қияметке дейін) бір-біріңе (қол сұғуға), осы күннің құрметіндей, осы айдың құрметіндей, харам (тыйым) етілді. Сендер Раббыларыңмен кездесесіңдер, Ол амалдарыңның есеп-қисабын сұрайды».
Бұл – Алла Елшісінің (с.ғ.с.) мұсылман баласына, өз үмбетіне айтқан соңғы насихаты. Ата Заңда да адам және оның өмірі (ар-намысы т.б.) жайлы бірінші кезекте айтылып тұр. Дініміз де адам өмірін жоғары бағалайды. Бұған адамның өміріне немесе денсаулығына қауіп төнсе парыз амалдардан босатылатындығы, шарасыз жағдайда харам болған доңыз етін жеуге де рұқсат екендігі айғақ. Тіпті, жанын сақтау үшін тілімен «діннен бас тарттым» деген сияқты сөздерді айтуы күнә боп есептелінбейді. Мұның барлығы Исламның адам өмірін қаншалықты деңгейде қорғайтындығын білдіреді.
Ата Заңның 1-бабының алғашқы жолдарына назар аударсақ, онда: «Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады», – делінген.
Мұсылмандардың алғашқы халифасы Әбу Бәкір (р.а.) ел тізгінін қолына алған күні мінберге шығып Алла Тағалаға мадақ, пайғамбарға салауат айтқан соң:
«Ей, адамдар! Мен сендерге басшы болдым. Алайда, сендерден артық жерім жоқ. Егер бір жақсылық істеп жатсам, жәрдемшім болыңдар. Ал, жамандық істесем, мені түзетіңдер. Шындық – аманат, ал жалған – қиянат.
Сендердің әлсіздерің менің құзырымда күш-қайратты. Оның ақысын өзім алып беремін. Ал, сендердің күштілерің, менің құзырымда әлсіз. Одан жапа шеккеннің ақысын қайтарамын.
Сендердің ешбірің Алла жолындағы күресті тастамаңдар. Әйтпесе, ондай елді Алла Тағала қор етеді. Бір ел ішінде бұзықтық жайласа, оларға Алла Тағаланың пәлекеті жалпыға жаппай келеді.
Мен Алла Тағала мен Оның елшісіне итағат еткен амалда сендер де маған бойұсыныңдар. Ал, егер мен Алла Тағалаға бойұсынбасам, сендер де маған бағынбаңдар. Алла баршаңды рақым етсін, ал енді намазға тұрыңдар», – деген.
Міне, асыл дініміздегі нағыз демократиялық құқықтық ұстаным осы. Мұсылмандық шариғатымыз үшін адам құқығы, басшының халыққа, ал халықтың басшыға адалдығы деген ұғымдар қаншалықты қадірлі болса, мемлекетіміздің заңы да бұл ұғымды соншалықты қорғауда.
Ата Заң мәтінін оқыған және Ислам тарихынан хабардар адам, мұсылманның өз мемлекетінің заңына бағынуы және қастерлеуі міндет екенін ұғынары хақ.
Алла Елшісі (с.ғ.с.) Әбу Һурайраға (р.а.):
«Саған қиын және жеңіл күндерде, жақсы және ауыр шақтарда және сенен басқа біреуді жоғары қойған жағдайда басшыға құлақ асып, оған бойұсынуың міндет», – деп өсиет айтқан екен.
Алла Елшісі (с.ғ.с.) заманында махзум руының бір әйелі ұрлық жасап, жазаға тартылмақ болғанда жұрт араша түсіп, қолын кеспеуге өтініш жасайды. Сонда Алла Елшісі (с.ғ.с.):
«Расында сендерден алдыңғы жұрттың құрдымға кетуіне себеп болған жайт: олар араларында ақсүйек біреу ұрлық жасаса тиіспейтін, ал әлсіз біреу ұрласа қолын кесетін. Уаллаһи, егер Мұхаммедтің қызы Фатима ұрлық жасаса, мен оның қолын кесемін», – деп қадап айтқан.
Омар (р.а.) халифаның заманы. Ғассанның соңғы патшасы Жабала бин Айһам шектен шығып, бір бәдауиді соққыға жығады. Жәбір шегуші халифаға арызданып барады. Ғассан әулетінің ұлығы құн төлемек еді. Алайда, халифа айыптыдан арызданушы есе алуымен жазалады. Сондықтан аймақ пен өлкеге тағайындалған әкімдер мен билеушілер мұсылман тұрмақ өзге дін өкіліне жәбір көрсетуден қорқатын. Өйткені, мұндай жағдай болған күнде, оның жазасын халифа дүйім жұрт алдында беретінін бек білетін. Себебі, заң адамдарды нәсіліне немесе дініне қарай бөліп қарамайды.
Бұған, мысал Омар (р.а.) арақ ішкені үшін өз ұлына дүре соқтырған. Тіпті, сол дүре ұру үстінде жан тәсілім еткен. Оның әкелік жұмсақтығы Алла заңын орындауға ешбір кедергі болмады. Жалпы айтқанда, олардың жүріс-тұрысы түгелдей Құран мен сүннетке сай болды. Олар бұл жолдан бір сүйем шамасындай да ауытқымады. Олар әрбір әрекетінде пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ізімен жүруге бар күш-қайратын салды.
Заң жалпыға бірдей. Заң ешкімді алаламайды және бөліп жармайды. Барлық адам: басшы да, қарапайым азамат та заң алдында тең құқылы және бір дәрежеде жауапты.
Мұсылмандар өз әмірлеріне бойұсынбауды діннен, шектен шығу деп білді. Бұл басшылар жағынан туындаған тәкаппарлық немесе өздерін жоғары санаудың салдары емес еді. Алла одан сақтасын. Керісінше, қоғамдағы ең елеусіз адамның мұң-мұқтажын тыңдап, шешімін тауып беруде халифалар пайғамбарымызды (с.ғ.с.) жоғары дәрежеде үлгі тұтқан тұлға болды.
Міне, бұл мұсылман баласының өз басшысына деген көзқарасы. Ал, басшылар өздерін қарапайым мұсылманнан жоғары санамаған. Мұсылман әміршілері халықтан оқшау өмір сүрмеді. Кез келген адам басшымен тілдесуге мүмкіндігі болды. Олар ел басқаруда ардақты пайғамбарымызға (с.ғ.с.) қатты ұқсайтын. Әбу Бәкір мен Омар түнделетіп халық арасындағы мұқтаж жандардың хал-жағдайын өз көздерімен көріп, оны шешетін. Ертеңгі күні Алла құзырында мойнында қарыз болмауын ойлайтын. Омар (р.а.): «Мұхаммедті ақиқатпен жіберген Алла атымен ант! Егер бір түйе фурат өзені жағасында жоғалып кетсе, оны Хаттаб әулетінен (өзін меңзеп) сұрайды ма деп қорқамын», – дейді екен.
Халифалар халыққа қаншалықты мейірімді болса, жазаға лайықты болғандарына да сол дәрежеде қатал болды. Жазаға лайықты адамның қоғамдағы беделі мен абыройына еш мән бермеді.
Әли бин Әбу Тәліп (р.а.) сауытының қиссасын еске алайықшы. Ардақты сахаба ол шақта ел билеуші халифа еді. Әли (р.а.) жоғалған сауытын бір яһудидің қолынан көріп, оны қайтарып алмақ болады. Яһуди «өзімдікі» деп мойындамайды. Екеуі қази Шурайхтың құзырына келеді. Мәселенің мән-жайын сұрап болған соң, қази: «Уа, мұсылмандар әміршісі! Сөзіңізді растайтын дәлеліңіз бар ма?» – деді. Халифа Әли (р.а.): «Иә, бұл сауыттың менікі екенін ұлым Хасан растайды», – дейді. Қази Шурайх: «Уа, әмірші! Баланың куәлігі әкеге жүрмейді», – деп айғағын қабылдамады.
– Уа, субхана Алла! Жәннаттық деп айтылған адамның куәсі қабыл етілмей ме?
– Уа, әмірші, ол ақыретте куәлігі жүреді, ал бұл дүнииеде баланың куәлігі әкеге жүрмейді.
– Дұрыс айтасың. Бұл сауыт – яһудидікі.
Осы оқиғаны өз көзімен көріп тұрған яһуди: «Бұл қалай? Мұсылман әміршісі мені қазиға алып келіп тұр, ал қази төрелігі әміршінің пайдасына емес, мен бұл діннің ақиқат екендігіне куәлік етемін. Мен Алладан басқа Құдайдың жоқтығына және Мұхаммед Оның елшісі екендігіне куәлік етемін», – деп иман келтіріпті. Содан кейін: «Уа, әмірші! Мынау сауыт сіздікі. Түнде көлігіңізден түсіп қалған», – депті.
Халифа ешбір күш қолданбай, қазыға шағымданды. Өз билігін пайдаланып, яһудидің сазайын берсе болар еді. Бірақ ол олай етпеді. Өйткені, ақиқат жолынан тайып, Алланың алдында күнә арқалаудан қорықты.
Алла Тағала жұртымызға тыныштық, елімізге амандық берсін! Ата Заңымызды ардақтаған бейбіт сүйер халқымыздың берекесі тасып, ырысы молайсын. Ынтымаққа ұйысқан бірлігі бекем елімізге татулық мәңгілік тұрақтасын деп тілейміз.