Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Понедельник, 21 Апрель 2014 00:00

Бас имам үлгі көрсетті

Қостанай қаласында тазалық апталығы өтіп, осындай сенбіліктер бұдан былай облыстың барлық мешіттерінде жалғасын табады. Қостанай еліміздегі шырайлы қалалардың бірі.

Оның осындай сұлу да ажарлы болуына біздің жерлестеріміз де өздерінің лайықты үлестерін қосуда. Осының нақты дәлелі ретінде жуырда облыстық Марал ишан мешітінде сенбілік ұйымдастырылды.

Оған аталған киелі орында апталық семинарға келген өңірдегі барлық аудандар мен қалалардың имамдары және облыстық мешіттің қызметкерлері қатысып, ұйымшылдықтың нағыз үлгісін көрсетті. Олардың біреулері қолдарына сыпырғы алса, енді біреулері жиналған қоқыстарды зембілге салып, тиісті жәшіктерге салып жатты.

Мына суретте бейнеленгендей, «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, осы сенбіліктің арқасында мешіттің айцналасы айнадай жарқырап шыға келді. Жиналған дін қызметкерлерінің бәрі де ортақ іске өздерінің қомақты үлестерін қосты.

- Жалпы Ислам діні тазалықты ұнатады. Ал мешіт қашанда өзінің ұқыптылығымен, тазалығымен даралануға тиіс. Өйткені, бізге келген мұсылман бауырларымыз осындағылардан үлгі алады. Сондықтан да жылда сенбілік кезінде белсенділік танытып отыруды өзіміздің парызымыз санаймыз.

Облыстың бас имамы Асылхан Түсіпбек өте талапшыл да іскер азамат. Осы сенбілікте оның өзі бас болып, әріптестеріне өнеге көрсетті. Алдағы уақытта да осындай тазалық жолындағы жарқын істер жалғасын таба береді деген үміттеміз.

Марал ишан мешіті облыс орталығындағы өзіндік тарихы бар сұлу ғимараттардың бірі. Осылайша біз өзіміз ғұмыр кешіп жатқан қаламыздың бұдан да көркем де ажарлы бола түсуіне үлесімізді қоса береміз,-дейді облыстық Марал ишан мешітінің наиб имамы Дархан Сыздыков.

Бас имам үлгі көрсетті

Бас имам үлгі көрсетті

Бас имам үлгі көрсетті

Вторник, 15 Апрель 2014 00:00

Әсері мол кездесу

Жақында Қостанай облыстық Ыбырай Алтынсарин мемориалдық мұражайында қатысушыларға тағымдық жағы мол жүздесу болып өтті. Онда «Рухани байлық бұлағы» деген тақырыппен ұлы ағартушы Ыбырай атамыздың «Шариат –ул Ислам» атты кітабы әңгіме өзегіне айналды.

Бұл берері мол танымдық сағатты Қостанай қаласындағы Ыбырай Алтынсарин мемориалдық мұражайының қызметкерлері ұйымдастырды.

Бұл кешке А. Байтұрсынов атындағы университеттің гуманитарлық – әлеуметтік кафедрасының оқытушысы Қарлығаш Қасымханқызы , Ыбырай Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың психолог маманы Марина Келдібайқызы және облыстық Марал ишан мешітінің ұстазы Ұлжалғас Әбішева қонақ ретінде шақырылды.

Жоғарыда аталған басқосуға облыс орталығындағы №9 мектеп оқушыларымен ұстаздары және мәдениет қызметкерлері қатысты.

Әсері мол кездесу

Әсері мол кездесу

ҚМДБ-ның Қостанай облысы
бойынша баспасөз қызметі

Среда, 02 Апрель 2014 00:00

Имам студенттермен кездесті

Жақында кеңшілер қаласы Рудныйдағы «Нұр» мешітінің бас имамы Сейіт Темірбекұлы осы шаһардағы Индустриялық институтының жатақанасында тұратын студенттермен кездесті.

Бұл басқосуда дін қайраткері жоғары оқу орынында білім алып жатқан жастарға кәзіргі таңдағы діни ахуал жайында кеңнен түсінік берді. Сонымен қатар олардың дәстүрлі дініміз Исламға аса құрметпен қарап, адам баласын жақсылыққа жетелемейтін теріс ағымдардан аулақ жүруге шақырды.

Осы жүздесуде студенттердің мешіт жанындағы сауат ашу курстарына қатысып, өздерінің дін мен дәстүріміз жайлы мол мағлұмат алуға болатындығы жайында жан-жақты баяндады.

Осы жиынға Рудный қалалық ішкі саясатының бөлімінің бас маманы Әнуар Қыстаубаев қатысып сөз сөйледі.

Бұл қызықты кездесуде бас имамға жастар өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, толыққанды жауап алды.

Имам студенттермен кездесті

Имам студенттермен кездесті

Имам студенттермен кездесті

Имам студенттермен кездесті

Имам студенттермен кездесті

ҚМДБ-ның Қостанай облысы
бойынша баспасөз қызметі

Понедельник, 31 Март 2014 00:00

Жетім көрсең жебей жүр

Балдырғандар қамқорлықты айқын сезінді

немесе Бас имам Асылхан Мұханбетжанұының бастамасы барлық әріптестеріне өнеге

Асылхан қажы Түсіпбек Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының

Қостанай облысындағы өкіл имамы болып тағайындалғалы бері талай өзгелерге тағылым боларлық істерге тікелей ұйытқы болып келеді. Оны жергілікті халық баспасөзден оқып, теледидарлардан көріп те жүр.

Жақында ғана осы сөзіміздің жарқын айғағы ретінде оның тікелей жаңашырлығымен Қостанай ауданынан қарасты Заречный орта мектебінде жетім балалар арасында есте қаларлықтай спорт ойындары ұйымдастырылды. Жүздерінен қуаныштың лебі ескен балдырғандар өздеріне туғызылып отырған қамқорлықты айқын сезінді. Жарыс барысында өздерін барынша көрсетуге тырысты.

Осы спорт ойынын тамашалаған азаматтардың ішінде жүректері тебіреніп, жан дүниелері толқымаған адам жоқ десе де болады.

Осыны ұйымдастырған бас имам өмірдегі ең бақытты сәт әлгіндей балалардың жүзіндегі бақытты күлкі екендігіне көзі әбден жетті.

Әлгі спорт жарысынан кейін балаларға футбол, волейбол доптары , теннис, дойбы және шахмат тапсырылды.

Осы басқосуда Қостанай аудандық Маңдай батыр мешітінің атынан екі кілем мен тәтті тағамдар да табыс етілді.

Жетім балалар өздеріне жасалған осындай ыстық ықылас пен қолдауға шексіз риза болды. Фаттах Халал кафесінде оларға арнайы дастархан жайылды.

- Қазақ «Жетім көрсең жебей жүр» дейді. Біздің Марал ишан мешітінің қызметкерлері өңірдегі жастай ата-ана қамқорлығынан айырылған барлық бүлдіршіндерге көмек беруді өздерінің басты парызы деп санайды. Биылғы Наурыз мерекесінің қарсаңында да аталмыш киелі орында осындай балдырғандардың басын қосып, оларға деген ыстық ықыласымызды көрсеткен едік.

Міне, енді олардың арасында спорт ойындарынан жарыс та ұйымдастырдық. Осындай балдырғандардың рухын көтеріп, көңіл күйлерін жоғары көтеретін шаралар жалғасын таба беретін болады,- деді Асылхан Мұханбетжанұлы нық сеніммен.

Жетім көрсең жебей жүр

Жетім көрсең жебей жүр

Жетім көрсең жебей жүр

Жетім көрсең жебей жүр

Жетім көрсең жебей жүр

О. Жабайтегі

Четверг, 20 Март 2014 00:00

Нұр Мүбарак» атауы өзгермейді

Алматыдағы «Нұр Мүбарак» Египет Ислам мәдениеті университетінің атауы өзгермейтін болды. Университеттің Қамқорлар Кеңесінің Каир қаласында өткен бесінші отырысында осындай шешім қабылданды.

Кеңес мүшелері тарихи атауды өзгертудің қажеттілігі жоқ екені жөнінде бірауыздан келісімге келді. Басқосуда тағы бір қабылданған қарар: университеттің жаңа ректоры тағайындалды. Жаңа ректор доктор Абдул Хаи 'Азәб 2014 жылдың 1 шілдесінен бастап қызметіне кіріспек.

www.muftyat.kz

Бұдан былай шетелге діни оқуға баратындар Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан арнайы рұқсат қағаз алуы шарт. Ел азаматтары қажетті құжатты алған жағдайда ғана жіберіледі.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының Мысырға жасаған сапарында осындай келісім-шартқа қол қойылды.

Ержан қажы Маямеров Мысыр мүфтиі шейх Шауқи Ибраһиммен кездесуінде дін мамандарының білімі мен біліктілігі туралы ұсыныс-пікірімен бөлісті. Екіжақты кездесуде дін қайраткерлері өзара келісім мен ынтымақтастық туралы келісім-шарт құжатына қол қойды. Аталған құжатта отандастарымыз тек Қазақстан мұсылмандары діни басқармасынан арнайы рұқсат қағаз алған жағдайда ғана Мысырда діни ілім алуына мүмкіндік берілетіні айқын көрсетілген.

«Әл-Азһар университетіне Қазақстан азаматтары тек ҚМДБ-ның жазбаша келісімі және оны Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы Елшілігінің куәландыруы арқылы қабылданады», – делінген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Әл-Азһар университеті арасындағы білім, ғылыми және мәдени ынтымақтастық туралы келісім құжатында.

www.muftyat.kz

Дініміз әрбір мұсылман баласын қайырымды болуға үндеп, қайырымдылық жасауға шақырады. Шынайы пайдасы бар амалмен айналысуға насихаттайды. Қайырымдылық адамгершілік қасиетінің ең ізгі бастауы. «Жанашырлыққа — жан риза» дегендей аз қамтылған, қамқорлыққа зәру жандардың қамқоршысы болу, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске ат салысу – «мен мұсылманмын» деген әр адамның азаматтық парызы.

Осы орайда Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешіт ұжымы, қала орталығындағы «мүмкіндігі шектеулі балалардың түзеу мектебіне» әрқашан қол ұшын беріп, қайырымдылық танытуда.

Таяуда қалалық жасөспірімдер театрында аталмыш мектеп ұстаздары «Жүректен жүрекке» атты қайырымдылық акциясын өткізді. Мұндай сауапты әрі игілікті іске мешіт имамдары да қарап қалмастан өз мүмкіндіктеріне қарай қаржылай көмек беріп, қайырымдылық жасады.

Өткізілген шараға мешіт имамы Бектұрсын Уәлиев арнайы қатысты. Мүмкіндігі шектеулі балалардың өнерін тамашалап, түзеу мектебінің тәрбиешілеріне қажымас қайрат, еңбектерінің жемісті де табысты болуына өз тілектестігін білдірді.

Сондай-ақ жиналған көпшілікке дініміз Исламдағы қайырымдылықтың зор сауаптылығы жайында айтып, қоғамымыздағы әсіресе осындай көмекке мұқтаж жасөрендерімізді жан-жақты қолдауға шақырды. Мүмкіндігі шектеулі балалардың түзеу мектебінің директоры Алмас Қалтайұлы Карбозов мектеп-ұжымға жанашырлық танытып, қолдау білдіргені үшін деп мешіт имамы Б.Торғайбайұлын арнайы алғыс хатпен марапаттап, шынайы ризашылығын жеткізді.

Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы

Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы

Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы

О. Жақсанов

Бүгін де білімдінің күні жарық, білімсіздің күні қараң. Ешқандай байлықпен бағаланбайтын осынау құндылықтың тереңіне бойлай түскен сайын өзіңнің әлі де болса білгеніңнен білмейтінің көп екеніңді түсінгендей боласың.

Имам Ғазали: «Пайдалы біліммен шұғылдану басқа істерге қарағанда әлдеқайда жақсы. Пайдалы білім – дүниенің жамандығын, ахиреттегі жағдайдың қауіптілігі мен қорқыныштылығын түсіндіретін білім. Дүниеге беріліп, ахиреттен бет бұрған адамдардың надандығы мен ақымақтығын, олардың бойындағы өркөкіректік, екіжүзділік, атаққұмарлық пен дүниеге құштарлық сияқты жүрек дерттерінің дауасы не екендігін білдіретін білім – пайдалы білім»,-деген екен. Негізінен мұсылман баласы жан-жақты болып, екі дүниесіне де қажетті білім көзінен сусындағаны абзал.

Асыл дініміз Ислам – ілім үйреніп, ғылымға талпынуды адам баласының негізгі міндеті деп насихаттаса, дана халқымыз: «Білекті бірді жығады, Білімді мыңды жығады»-деп білімнің үлкен күш екендігін паш етпей ме...

Міне, осы орайда Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінде сауат ашу курсының ұстазы, мешіттің найб имамы Арлан Бауыржанұлы мен Рудный қалалық мешітінің ұстазы Саят Серікұлы бірлесе отырып, өз шәкірттері арасында алғаш рет «Білім сайысын» ұйымдастырды.

Жақында Арқалық қаласында болған Рудныйлық шәкірттер мешітте алған дәрістері бойынша сайысқа түсті. Атап айтар болсақ: шариғаттағы қырық фарыз аясында, құран аяттарын көркемдеп жатқа оқу және ақида (иман негіздері) пәндерінен болды. Сайыс қызықты әрі тартымды өтті.

Шәкірттер өзара сұрақ-жауапқа келгенде кімнің қандай дәрежеде екендігі өздеріне айқын сезілді. Бұл кездесуде екі қаланың шәкірттері тек сайысқа түсіп қана қойған жоқ. Өзара сұхбаттасып, бір-бірімен етене жақын араласып, бауырмалдық сезімдерін де нығайтты десек артық айтқандық болмас. Жарыс арасында шәкірттерге тәлім-тәрбиелік мазмұнда әдептілік, көркем мінезділік уағыздары айтылды. Сондай-ақ «Ислам – экстремизм мен терроризмге қарсы» атты тақырыпта еліміздегі жалпы жалпы діни ағымдар жайлы теолог маман Әсет Бауыржанұлы әңгімеледі.

Сайыс аяқталған соң шәкірттер бой сергіту мақсатында қалалық «Жігер» спорт залында, спорттық ойындарға қатысты және қалалық мұражайларға саяхат жасады. Екі қаланың шәкірттері көп жайды көңілге түйді. Ал, ұстаздары болса, өзара тәжірибе алмасты.

Арқалықтық мешіт ұжымының қонақжайлылығына дән риза болған рудный мешітінің ұстазы С.Серікұлы өз алғысын білдірді.

Мұндай білім сайысын өткізу тек қана білім жарыстыру емес, екі жақтағы шәкірттер арасында ынтымақ-бірлікті нығайту, теріс ағымдардан барынша сақтану.

Арқалықта өткен білім сайысы

Арқалықта өткен білім сайысы

Арқалықта өткен білім сайысы

ҚМДБ-ның Қостанай облысы
бойынша баспасөз қызметі

Жақында Қостанай облыстық әкімдігінің дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Нұриқан Қажымұқанұлы Нөгербеков пен облыстық Марал ишан мешітінің хатиб имамы Асылхан Түсіпбек 2014 жылғы халықтың әртүрлі санаттары арасындағы мемлекеттің дін саясаты саласында ақпараттық, түсіндіру және діни экстремизмнің алдын алу жұмысын жүргізу және қоғамда тұрақтылықты нығайтуда өзара түсіністікке келіп, ынтымақтастық туралы екі жақты меморандумға қол қойды.

Бұл маңызды құжатта аталмыш басқарма мен мешіттің тарапынан атқарылатын қазіргі таңдағы аса маңызды жұмыстар нақты көрсетілген.

Меморандумның алар орны бөлек. Біз әрқашан мақсат та, мүдде де ортақ болғандықтан Нұриқан Қажымұқанұлы басқаратын басқарма қызметкерлері жағына қолдау көріп келеміз.

Алдағы уақытта да «Келісіп пішкен тон кесте болмас демекші, екі үлкен мекеменің келісімі арқасында мемлекетіміз дін саясаты саласында жақсы нәтижеге қол жеткіземіз» деген үміттеміз, дейді облыстың бас имамы Асылхан қажы Түсіпбек.

Ынтымақтастық туралы меморандум

Ынтымақтастық туралы меморандум

Ынтымақтастық туралы меморандум

ҚМДБ-ның Қостанай облысы
бойынша баспасөз қызметі

Понедельник, 17 Март 2014 00:00

Жетім балалар қамқорлыққа алынды

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасын басшылыққа алған Рудный қалалық «Нұр» мешітінің ұжымы бірқатар ізгі мақсаттағы жұмыстарымен өзгелерге өнеге көрсетуде.

Таяуда ғана аталған киелі орынның тікелей мұрындық болуымен шаһардағы №2 балалар үйінің 4 сынып оқушылары мешітке келіп, мұндағы имандылыққа шақырар жайлармен таңысты. Өңірдегі ең іргелі әрі сәулетті мешіттің қызметкерлерінің ыстық ықыласына бөленді.

Дін қайраткерлері оларға жалпы Ислам діні жайында тағылымды әңгімелер айтып, оларды қызықтырған сауалдарға нақты жауап берді. Оқушыларға доптар, дүние танымдарын кеңейтер заттарды табыс етті.

Бас имам Сейіт Нұрқановтың айтуына қарағанда, мешіт қызметкерлері алдағы уақытта да «Жетім көрсең жебей жүр» демекші, балалар үйіндегі балдырғандарға ерекше назар аударылып, олардың бойында адамгершілікке үндейтін асыл қасиеттерді қолдарынан келгенше сіңіре бермек.

Жетім балалар қамқорлыққа алынды

http://akmechet.kz/index.php/kz/novosti/955-zhetim-balalar-am-orly-a-alyndy.html

ҚМДБ-ның Қостанай облысы
бойынша баспасөз қызметі

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником