Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын қажы Уәлиев Тобыл қаласындағы "Маңдай батыр" мешітінде болды.
Ол осындағы бейсенбілік ауызашарға қатысты. Жиналған жамағатқа мұсылман баласы әрдайым жақсы ойда болу қажеттілігі тақырыбында бірлік пен ынтымаққа шақырып насихат айтты.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі



Қостанай қалалық “Жайлаубай ата” мешітінің ұжымы Ережеп айының құрметіне ораза ұстаған жамағатқа ауызашар дастарқанын жайды.
Онда наиб имам Қазбек Кошеров намазхандарға орыс тілінде “Богобоязненность причина вхождения в Рай” тақырыбында уағыз-насихат айтты.
Жиынның соңында ақсақалдар бата берді.
Жоғарыда аталған мешіттің бастамасымен намазхандарға үнемі уағыз-насихат айтылып, дәрістер өткізіліп келеді. Өйткені, жамағат сауатты болса, дініміз де алға басатыны белгілі.
Жақында наиб имам Бақберсін Ізбасаров ”Исламдағы әйел кісінің мәртебесі“ деген тақырыпта дәріс оқыды. Оны жамағат ұйып тыңдады.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі




Қостанай облыстық «Аймағамбет қажы Спанұлы» мешітінің ұстазы
06.10.1998 ж. Түркістан облысы, Мырзакент ауданы, Фердауси ауылында дүниеге келген.
2004-2013 жылдары Түркістан облысы, Мақтарал ауданы, А.Фердауси атындағы №85 мектебінде тәлім алды.
2013-2015 жылы арасында Түскестан облысы, Сарыағаш ауданыы С.Айни мектебінде білім жолын жалғастырды.
2015-2018 ж Сарыағаш медресесінің үздік түлегі.
2018-2021 ж. Алматы қаласы, Нұр-мүбарак университеті. Исламтанушы.
2021-2024 ж. Қостанай облысы, Жітіқара аудандық «Ержан Тәтішев» мешітінің наиб имамы.
2024 жылдын желтоқсан айынан бастап Қостанай облыстық «Аймағамбет қажы Спанұлы» мешітінде ұстаздық қызмет артқарып келеді.
Үйленген.
Ақпараттық насихат тобының мүшесі, Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінің наиб имамы Әлішер Балахмет Тобыл қаласындағы «Маңдай батыр» мешітінде жұма намазын өткізді.
Онда ол «Діндегі ұстамдылық» тақырыбында уағыз-насихат айтты. Жиналған жұртшылық оны ұйып тыңдады. Шынайы алғыстарын білдірді.
Жуырда Қостанай аудандық «Маңдай батыр» мешітінде қасиетті Ережеп айының құрметіне жергілікті жамағат пен қонақтарға ауызашар берілді.
Жиында Науырзым аудандық мешітінің Бас имамы Мәди Өтеген мен Алтынсарин ауылының имамы Есет Ғабдімәлік қасиетті айдың басталуымен құттықтау сөз сөйлеп уағыз-насихат айтып өтті.
Қостанай аудандық «Маңдай батыр» мешітінде 2025 жылдың қорытындысына арналған жиын болып өтті. Онда Бас имам Дархан қажы Манарбекұлы атқарылған жұмыстарға жан-жақты тоқталды.
Имандылық ордасының қызметкерлерінің еңбектері жоғары бағаланып, оларға бір айлық жалақы көлемінде ақшалай сыйақы табыс етті.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі




Қостанай аудандық "Маңдай батыр" мешітінің ұйымдастыруымен "Қайырымды жұма" акциясы аясында, мешітіміздің «Мейірімді жандар» атты вацап группасының жанашыр демеуші азаматтардың қолдауымен ауданымызда аз қамтылған, көп балалы көмекке мұқтаж 5 отбасына 102 863 теңге көлемінде азық-түлікпен көмек көрсетілді.
Осынау сауапты да ізгі амалға атсалысқан әрбір жанға Алла Тағала бұл дүниеде және ақиретте жүздері жарқын болып, ойлаған мұраттарына жетуді нәсіп еткей!
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі


Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасы бойынша елімізде «35 жылдыққа – 35 номинация» жүлдесін тағайындалған болатын.
Арнайы құрылған комиссияның қорытындысы бойынша, біздің жерлесіміз, Қостанай ауданы, Алтын дала намазханасының имамы Берік Ахмет «Үздік ауыл имамы 2025» атағына ие болды.
Оған салтанатты жиында Бас мүфти арнайы серификат пен ақшалай сыйлық тапсырды. Біз оны осы марапатымен құттықтай отырып, алдағы уақытта да мықты денсаулық, жауапты қызметінде табыс тілейміз!
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі


Жақында Арқалық қалалық «Мұхтасиб Әлмұхаммед» мешітінде жиын болып өтті. Онда Бас имам Нұрхан Асанұлы өзі басқаратын имандылық ордасындағы әріптестерінің өткен жылы атқарған жұмыстарындағы жетістіктер мен алдағы уақытта назар аударылатын жайларға тоқталды.
Басқосу барысында мешіт қызметкерлеріне Алғыс хаттар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді. Сондай-ақ асханада олардың құрметіне дастархан жайылып, игі тілектер айтылды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі



Қостанай қалалық “Жайлаубай ата” мешітінде бұрын арнайы Құран оқытатын бөлме жетіспейтін еді.
Осы көптен бері көкейде жүрген мәселе жақында жүзеге асты. Өтіп бара жатқан жылда бұл имандылық ордасының қызметкерлері мен жамағат үшін есте қаларлық оқиға болды. Алдағы уақытта халыққа қалтықсыз қызмет ете бермек.
Облыс орталығындағы “Жайлаубай ата” мешітіне көмек сұрап келушілер саны аз емес. Өткен жұмада өзге ұлттың өкілі өзің қолдауға зәру екендігіне өтініш жасады. Ақылдастар алқасы ақылдаса келе, зерттей келе: оның иығына шапан орнына қысқы киім жабылып, 150 000 теңгенің азық-түлігі табыс етілді.
Жуырда “Жайлаубай ата” мешітінде жылдық қорытындылауға арналған жиын өтті. Оған ақсақалдар алқасының мүшелері қатысты. Оларға биыл “Қамқор-Шарапат” салттық қызмет көрсету орталығының жанынан ашылған бөлме таныстырылды.
Халық игілігі үшін атқарылған жұмыстарға тиісті баға берілді. Алдағы жылы жүзеге асырылатын міндеттер айқындалды. Абыс қарияларымыз батасын берді.
Қалалық “Жайлаубай ата” мешітінің ұйымдастыруымен өткен жұма намазынан кейін қалыптасқан дәстүр бойынша жамағатқа: ыстық палау мен тәтті сусын таратылды.
Көптен бері кездеспеген мұсылман бауырларымыз емен-жарқын сөйлесіп, жоғары көңіл-күймен тарқасты.
Жақында облыс орталығындағы “Жайлаубай ата” мешітінің наиб имамы Әсет Жарылғасын “Ашу-ауыр дерт“ атты тақырыпта мазмұнды дәріс өткізді.
Жиналған қауым сабақты ерекше ықыласпен тыңдады. Сөйтіп, олар өздерінің таным көкжиектерін кеңейтті.
Қостанай қалалық “Жайлаубай ата” мешітінің қызметкерлері қасиетті Ережеп айының құрметіне ораза ұстаған намазхандарға дастарқан жайды.
Онда наиб имам Қазбек Көшеров уағыз- насихат айтты. Ақсақалдар ұйымдастырушыларға, алғысын білдіріп, бата берді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі


Қостанай қалалық "Жайлаубай ата" мешіті 5 отбасыға азық-түлік тапсырды.Сондай-ақ, 60 мың теңгені құрайтын қайырымдылық көмек көрсетті.
Демеушілік жасаған жомарт жандарға Алланың нұры жауа берсін!

Қостанай қалалық “Жайлаубай ата” мешітінде аптасына 3 рет Құраннан сабақ өткізіледі. Оны жас та болса өз саласының білікті маманы Әлібек қари жүргізеді. Онда басты назар қасиетті Құранның мән-мағынасын терең зерделеуге аударылады.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі