Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Четверг, 10 Июль 2025 11:04

Тобыл:Жомарт жандар

Жуырда Тобыл қаласындағы "Маңдай батыр" мешітінің ұжымы "Қайырымды жұма" шарас аясында шара өткізді.

Онда "Мейірімді жандар" тобындағы жамағаттың қолдауымен ауданда әлеуметтік жағынан аз қамылған көп балалы бес отбасына 110 915 теңгені құрайтын азық-түлік табыс етілді.

Осынау сауапты іске үлес қосқан барша азаматтарға Алланың нұры жаусын!

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Құрметті жамағат!

Бүгінде елімізде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында бірқатар заңнамалық өзгерістер енгізілуде. Соның бірі – бет-әлпетін толық жабатын киімге (оның бірі ниқаб) қоғамдық орындарда тыйым салу туралы жаңа шектеулер.

Бұл шешім қандай да бір діни сенімді немесе жеке таңдауды шектеу үшін емес, ең алдымен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажеттілігінен туындап отыр. Қазіргі таңда әлемнің көптеген елдері, оның ішінде мұсылман елдері де қауіпсіздік мақсатында осындай ұстанымды қабылдауда.

Алла Тағала қасиетті Құранда әйел кісілердің әурет жеріне қатысты аятта:
وَقُلْ لِلْمُؤْمِنَاتِ يَغْضُضْنَ مِنْ أَبْصَارِهِنَّ وَيَحْفَظْنَ فُرُوجَهُنَّ وَلَا يُبْدِينَ زِينَتَهُنَّ إِلَّا مَا ظَهَرَ مِنْهَا وَلْيَضْرِبْنَ بِخُمُرِهِنَّ عَلَى جُيُوبِهِنَّ وَلَا يُبْدِينَ زِينَتَهُنَّ

«Мүмин әйелдерге айт: «(бөгде ерлерден) көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін қорғасын. Сондай-ақ зейнеттерін көрсетпесін. Бірақ олардың өздігінен көрінгендері (беті, қол-аяқтары) бұдан тыс және бүркеншіктерін омырауларына түсірсін. Зейнеттерін көрсетпесін», – деген («Нұр» сүресі, 31-аят).

Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің хадисінде: «Уа, Әсма! Балиғат жасына жеткен қыздың (сырт көзге) мына екеуінен басқа жерінің көрінгені дұрыс емес деп, беті мен екі қолын көрсеткен» (имам Әбу Дәуід).

Жоғарыда Құран аяттары мен хадисте баяндалғандай әйел кісілер бет-жүзін жабуға немесе бүркемелеуге міндеттелмеген. Бұл халқымыздың дәстүрінде де көрініс таппаған.

Біз еліміздегі мұсылмандардың біртұтас діни бірлестігі ретінде, қоғамдағы тұрақтылық, ынтымақ пен бірлікті басты құндылықтарымыздың бірі деп бағалаймыз. Ислам діні де қоғаммен жарасымды өмір сүруді, тәртіпке бағынып, мемлекеттің тыныштығына үлес қосуды насихаттайды.

Сондықтан да заңға түсіністікпен қарап, ортақ игілік жолында бірлігімізді бекемдейік.

Алла Тағала елімізге тыныштық, жүрегімізге иман байлығын нәсіп етсін!

Дереккөз: Muftyat.kz

Вторник, 08 Июль 2025 09:06

Тобыл жаңалықтары: "Имани жаз"

Қостанай аудандық "Маңдай батыр" мешітінде ер және қыз балаларға арналған "Имани жаз" атты сауат ашу курсы өтуде.

Курстағы сабақтар үш апта бойы жүргізіледі. Шәкірттер сенбі және жексенбі күндері демалады.

Дәрісті Нұр-Мүбәрак университетінің I курс студенті Уайс Нұрлыбекұлы өткізеді.

Оқу барысында дәстүрлі Ислам дінінің негізгі мағлұматтары үйретіледі.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 07 Июль 2025 13:04

Жеңіл көліктің кілті тапсырылды

Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын қажы Уәлиев Науырзым ауданындағы сапары барысында жергілікті "Түркебай ата" мешітінде өткен басқосуға қатысты.

Аудан әкімдігі және жергілікті бір топ кәсіпкерлердің атынан "JAC S3" маркалы жеңіл көліктің кілті имам Мәди Өтегенге табыс етілді. Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 07 Июль 2025 13:04

Науырзым жаңалықтары

Жаңа имам тағайындалды Жақында Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын қажы Уәлиев Науырзым ауданында арнайы іс-сапармен болды.

Ол "Түркебай ата" мешітінде жергілікті халыққа жаңадан тағайындалған имам Мәди Өтегенді таныстырды. Осы жиынға аудан әкімі Мәди Ихтиляпов та қатысты.

Бектұрсын Торғайбайұлы науырзымдық ақсақалдар, алқа мүшелері және жамағатқа Мәди Серікұлы жөнінде қысқаша тоқтала келіп, оған жауапты қызметіне сәттілік тіледі.

Ал, осыған дейін бес жыл бойы қызмет еткен Есет Ғабдымәлікке аудан әкімі атынан Алғыс хат табыс етілді. Ақсақалдар ақ батасын беріп, шығарып салды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Суббота, 05 Июль 2025 08:56

Өскелең ұрпаққа жарқын үлгі

Қостанай қалалық “Жайлаубай ата” мешітіндегі әйел-қыздар бөлімінің ұстазы Аяулым Ермекқызы жазғы “Имани жаз” сауат ашу курсындағы қыз балаларға арналған шеберлік сыныбын өткізді. Онда дін мен дәстүрді насихаттау мақсатында тағам дайындаудың қыр-сыры үйретілді. Мұндай дәрістердің бүлдіршіндерді жастайынан еңбекке баулуда, келешекте жан-жақты болып қалыптасуға тигізер ықпалы зор.

Бұл орайда имандылық ордасы қызметкерлерінің жасап жатқан тың ізденістері өскелең ұрпаққа жарқын үлгі. Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Жақында Қостанай облыстық "Аймағанбет қажы Спанұлы" мешітінде "Имани жаз" сауат ашу курсында тиянақты білім алған түлектерге Бас имам Бектұрсын Уәлиев насихат айтып, салтанатты түрде куәліктер тапсырды.

Сондай-ақ курс барысында дәріс берген ұстаздарға шынайы алғысын білдірді.

Жиын барысында "Аймағанбет қажы Спанұлы", қалалық "Жайлаубай ата", " Марал ишан" мешіттерінде оқыған балаларға Бас имамның атынан сертификаттар тапсырылып, сый-сияпат жасалды.Тәттілер мен естелікке блокнот берілді.

Сонымен қатар олар облыстық мешіттің ішін аралап, Байтұрсынов атындағы кітапхана мен "Таза бұлақ" медиа орталығының жұмысымен танысты.

Қостанай облысында биыл да жазғы "Имани жаз" сауат ашу курсы ұйымшылдықпен өтті. Өңіріміз бойынша 456 ұл мен қыз тәлім алып жатыр. Мәселен, қазіргі таңда Қостанай қаласында 250-ге жуық шәкірт білімін шыңдады.

Қостанай қалалық "Жайлаубай ата" мешітінің ұстазы Аяулым Ермекқызы жазғы сауат ашу курсындағы қыз балаларға дін мен дәстүрді насихаттау мақсатында іс-шара өткізді.

Дін мен дәстүр үндестігін сақтау – бүгінгі ұрпаққа жүктелген үлкен міндет. Сондықтан бұл екі асыл қазынамызды қадір тұтсақ, тарихымыз бен мәдениетімізді, ата-бабамыздан қалған ұлы аманатты берік ұстау басты парыз.

Қостанай қалалық баспасөз қызметі

Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің ұжымы бұқаралық ақпарат қызметкерлері күні қарсаңында бір топ журналистерге лайықты құрмет көрсетті.

Бас имам Шоқан қажы Әмірханов Ислам дінін насихаттап жүрген қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтап, мықты денсаулық, шығармашылық табыс тіледі.

Ілтипатқа бөленген журналистердің қатарында облыстық мешіттің баспасөз хатшысы Оразалы Жақсан, «Қазақстан-Қостанай» телеарнасының шеф-редакторы Нәзгүл Қадірханқызы және «Қостанай таңы» газетінің фото-тілшісі Жансая Сәбитбек болды.

Олар арнайы Алғыс хатпен марапатталып, бағалы сыйлық табыс етілді. Мешіттің алқа мүшелері де әріптестерімізге шынайы ризашылығын білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 23 Июнь 2025 10:30

Президенттің кеңесшісімен кездесу

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, белгілі қаламгер Мәлік Отарбаев арнайы іс-сапармен өңірімізде болды. Ол осы сапар барысында Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде имамдар және дін саласының қызметкерлерімен кездесті.

Мәлік Нұржанұлы өз сөзінде үстіміздегі жылғы наурыз айында Бурабайда өткен IV Ұлттық құрылтайда мемлекет басшысының жасаған баяндамасынан туындайтын еліміздің әлеуметтік және экономикалық дамуына бағытталған басты қадамдар мен міндеттерге жан-жақты тоқталды.

Сондай-ақ қазіргі таңда имамдар тек рухани ұстаз ғана емес, қоғам қайраткері дәрежесінде және заманауи білімді терең меңгерген кемел парасат иесі болуы қажеттігін және алда тұрған мұрат-мақсаттар жайлы кеңінен әңгімеледі.

Содан кейін облыстық мешіттің алқа мүшесі, журналист Оразалы Жақсанов сөз алып, қатысушылар атынан Мәлік Нұржанұлына шынайы алғысын білдірді.

Президент кеңесшісімен өткен жүздесуге облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов қатысты.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

12345678910»
Page 1 of 381

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником