Облыстық «Қостанай» телеарнасының мәжіліс залында «Қош келдің, Рамазан!» деген тақырыпта брифинг болып өтті. Оған Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет және Лисаков қалалық «Әбдіхаим Саламатұлы» мешітінің бас имамы Сабыржан Есмурзин қатысты.
Қос тілде жүргізілген жиында Бақытжан Нұрғабылұлы мен Сабыржан Зейнелғабиденұлы қасиетті Рамазан айының ерекшелігі мен мән-мағынасы жайлы әңгімеледі.
Сондай-ақ, бұл онлайн түрінде ұйымдастырылған басқосуда журналистер мен жұртшылықтың қойған Ораза ұстау, ауызашар және басқа да сауалдарға жауап берді.
Облыстың Бас имамы брифинг барысында Рамазан айы осы сәуірдің 13-нен басталып, мамырдың 12-не аяқталатындығын, пандемия кезінде барлық мешіттерде сақтық шаралары бақылауда болатындығына тоқталды. Биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының шешімі бойынша пітір садақаның жан басына шаққанда көлемі 420 теңге болып бекітілгенін атап өтті.
Атап өту керек пітір-садақаны ұялы телефондағы «Каспи» қосымшасы арқылы тұрғылықты жердің мешітін таңдап жіберуге болатын жеткізді.
Қостанай облыстық
мешітінің баспасөз қызметі
Алла Тағала әрбір ораза ұстауға денсаулығы жарайтын, балиғатқа толған, ақыл-есі бүтін мұсылманға оразаны парыз етті. Алла Тағала Құран Кәрімде былай деген:
فَمَنْ شَهِدَ مِنْكُمُ الشَّهْرَ فَلْيَصُمْهُ وَمَنْ كَانَ مَرِيضًا أَوْ عَلَى سَفَرٍ فَعِدَّةٌ مِنْ أَيَّامٍ أُخَرَ يُرِيدُ اللَّهُ بِكُمُ الْيُسْرَ وَلا يُرِيدُ بِكُمُ الْعُسْرَ
«Сендерден кім Рамазан айында болса, ораза ұстасын. Ал кім (осы айда) науқас болып немесе сапар шегіп ораза ұстамаса, (қаза болған күндерін) басқа уақытта ұстасын. Алла сендерге жеңілдікті қалайды, ауыртпалық артқысы келмейді»[1]. Бұл аяттың мағынасынан Алла Тағала құлдарының кейбіріне Рамазан айында белгілі бір себеппен ораза ұстамауға рұқсат еткенін аңғарамыз. Солардың ішінде Рамазан айында ораза ұстамайтын, бірақ содан кейін қазасын өтейтін адамдар бар. Олар мыналар:
Егер таң атқаннан кейін жолға шықса, онда оған бұл күні ораза ұстау қажет болады да, оразаны бұзуға тыйым (харам) салынады. Дегенмен ораза ұстау жолаушыға қиындық тудырмаса оған ораза тұту мұстахаб болады.
رَخَّصَ رَسُولُ اللَّهِ (صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَ سَلَّمْ) لِلْحُبْلَى الَّتِى تَخَافُ عَلَى نَفْسِهَا أَنْ تُفْطِرَ وَلِلْمُرْضِعِ الَّتِى تَخَافُ عَلَى وَلَدِهَا.
«Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзі және сәбиі үшін қауыптенетін жүкті әйелге мен емізуші әйелге ауыз ашуға рұқсат етті»[2], - дейді. Сонымен қатар дәрігер, бала емізетін әйелге сәбидің еміне қажетті дәрумендер қабылдауды жазып берсе, онда оған ораза ұстамауына рұқсат етіледі.
Сондай-ақ жылдың басқа мезгілінде ораза ұстауға шамасы келмейтін қария кісіге және созылмалы дерті бар кісіге (өмір бойы ауыратын) ораза ұстамауға рұқсат етіледі. Оларға қазасын өтеу де шарт емес. Оларға күніне бір міскінді тамақтандыру (таңғы және кешкі ас) уәжіп болады. Бұл жөнінде Алла Тағала былай деген:
وَعَلَى الَّذِينَ يُطِيقُونَهُ فِدْيَةٌ طَعَامُ مِسْكِينٍۖ فَمَن تَطَوَّعَ خَيْرًا فَهُوَ خَيْرٌ لَّهُۚ
«Ораза ұстауға шамасы әзер жететіндер (яғни, қарттар және созылмалы дертке шалдыққан науқастар қаза болған әр күнге) підия ретінде бір жарлының (бір күндік екі мезгіл) тамағын (немесе соның құнын ақшалай) беруі керек. Ал енді кімде-кім қайырымдылық жасап (аталмыш мөлшерден) асырып берсе, онысы өзі үшін қайырлы әрі жақсы болмақ»[3].
Дархан Манарбекұлы
Қостанай облысының пәтуаға жауапты маманы
[1]«Бақара» сүресі, 185-аят.
[2] Сунан Ибн Мәджә, китәб әс-сиям, 1658.
[3] Бақара сүресі, 184-аят.
Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет облыстың шалғайда жатқан Науырзым ауданында болған іс-сапарында бірқатар маңызды басқосуларға қатысты. Онда алда тұрған келелі мәселелерде қозғалды.
Мысалы, ауданның әкімі Талғат Карбозовпен жүздесу іскерлік жағдайында өтті. Болашақта аудандық мешіт жанынан асхана салу мәселесі де әңгімеге арқау болды.
Үстіміздегі жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен қолға алынған «Ихсан және кемел адам» тақырыбы бойынша кездесу өте әсерлі ұйымдастырылды. Оны жиналған үлкенді-кішілі қауым ұйып тыңдап, көкейде жүрген сауалдарына нақты жауап алды.
Сонымен қатар осы басқосуда «Ас беру мәдениеті», «Зират және зиярат мәдениеті» хақындағы уағыз-насихат та жиналғандарға үлкен ой салды. Науырзымдық ағайындар рухани құндылықтарымен жан сарайларын байытып, Қостанайдан келген Бас имам мен оның орынбасарына алғыстарын білдірді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Жақында Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет өзінің орынбасары Әлішер Ертайұлымен бірге арнайы іс-сапармен өңіріміздегі Әулиекөл ауданында болды.
Алдымен олар аудан әкімі Ерлан Теменовпен кезедесіп, алдағы қасиетті Рамазан айына дайындық және жалпы діни ахуалдың жайымен танысты. Аудан басшысы әңгіме барысында болашақта жергілікті мешіттің заман талабына сай абаттандырылып, намазхандардың алаңсыз діни рәсімдерді жүзеге асыруына қолдау көрсететіндігін баса айтты.
Бас имам Бахытбек қажы Нұрғабылұлы осы сапарында Әулиекөл селосындағы жол бойында орналасқан мешіттің жайынан да хабардар болып, онда келімді-кетімді жолаушыларға қажетті жағдай туғызылғандығына көзі айқын жетті.
Сондай-ақ ауданның Бас имамы Нұрлан Сыздықовқа жемісті қызметі үшін дән ризашылық білдіріп, оған алдағы уақытта да жауапты жұмысында табыстан-табысқа жете беруіне тілектестігін білдірді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Рудный қалалық «Нұр» мешітінде Рамазан айына әзірлік жайы қозғалған, аймақтық басқосу өткізілді.
Жиынға өңіріміздегі Майлин аудандық «Әйет», Тобыл кентінің «Ажар», Қашар кентінің «Кәмшат ана» мешіттерінің имамдары мен «Рудный қаласының Нұр» мешітінің қызметкерлері қатысты.
Басқосуда Рамазан айының ерекшелігі, оған дайындық мәселесі сөз болды. Жиында «Нұр» мешітінің Бас имамы Бектұрсын Уәлиев қазіргі пандемия кезінде ораза рәсімдерін өткізудің жай-күйіне тоқталды.
Аймақтағы эпидемиологиялық жағдайдың тұрақсыздығына байланысты, ораза кезіндегі іс-шаралар карантиндік талаптарды сақтай отырып, ұйымдастырылу қажеттілігі, мешіттің іші-сыртының тазалығы жайында тілге тиек етті. Ең бастысы, індеттің одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында, барлық санитарлық талаптардың қатаң сақталу қажеттігіне бас имам ерекше тоқталып өтті.
Сондай-ақ, жуырда облыс Бас имамы Бахытбек Тәжімбеттің өткізген мәжілісінде қаралған өзекті тақырып ортаға салынды. Өкілдік тарапынан берілген тапсырмалар жөнінде хабарлама жасалды.
Басқосу соңында мәжіліске қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі