Кезінде «Артық білім кітапта, ерінбей оқып көруге», деп данышпан Абай атамыз айтқандай кітап- адам баласына бала кезінен бастап өмірінің соңына дейін сырлас досы.
Рудный қалалық «Нұр» мешіті «Кітап –білім бұлағы» атты сайыс өткізді. Сайыс мақсатын мешіттің бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы түсіндіре келіп: «Кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы. Білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін тәрбиелік құрал. Біз жастарымыздың кітап оқуға деген құлшыныстарын арттыра түсуіміз керек,-деді.
Аталмыш сайыстың негізгі көздегені«Дін мен дәстүр» кітабын оқып шығып, мазмұнын қатысушыларға жеткізу болды.Сайыс соңында жеңімпаздар анықталып, оларға діни кітаптар, естелік сыйлықтар табыс етілді.
Бұл шара мешіттің ер жамағаты арасында өтсе, әйел жамағаты арасында да Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Өлмейтұғын артында сөз қалдырған»-атты әдеби іс-шара ұйымдастырылды.
Мұнда Хакім Абайдың қара сөздерін жатқа оқудан жарыс ұйымдастырылды. Жарысты ұйымдастырушы әйел-қыздар секторының ұстазы Аяулым Ермекқызы ерекше көзге түскендерге сый-сияпат көрсетті.
Еліміздің бас қаласы Нұр-Сұлтан шаһарының төрінде орналасқан, мыңдаған шәкірттерге діни ілім беріп, олардың біліктіліктерін жоғарылатуға қомақты үлестерін қосып жатқан «Астана» медресесінің түлектері аз емес.
Солардың бірі Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің наиб имамы Нұрлан Сейдагалиев. Осынау ізденімпаз дін қызметкері жуырда аталмыш «Астана» медресесінде болып, онда оқып жатқан Қостанайлық шәкірттермен кездесті.
Жүздесу өзара ортақ өзекті тақырыптарға арналып, ізгі насихатқа толы сұхбаттардан тұрды. Шәкірттердің тарапынан сұрақтар қойылып, нақты жауаптар берілді.
Кездесу соңында наиб имам Нұрлан Сейдагалиев болашақ дін қызметкерлеріне ұлағатты тілектерін айтты.
Жақында Меңдіқара аудандық кітапханада «Тағылымды тарихым» деп аталатын мазмұнды да маңызды шара болып өтті. Бұл жиынға жергілікті Кәмшат Дөненбаева атындағы колледждің студенттері қатысты.
Аталған шараға ауданның Бас имамы Қошан Еркебұлан және «Ғаббас Жұмабаев» атындағы мектептің тарих пәнінен дәріс беретін мұғалімдері шақырылды. Қозғалған тақырып жан-жақты ашып, студенттер баяндама жасады.
Өткенді, тарихты білу арқылы қазіргі кезде және болашақта көптеген жақсылыққа жетуге болатындығын Бас имам айтып, жастарға білім жолында үлкен жетістіктерге жетулеріне тілегін білдірді.
Жақында № 2 Ұзынкөл мектебінің педагогтары Діни басқармасы шығарған «Дін мен дәстүр» атты кітабын талқылады. Бұл талқылауға «Балықты» мешітінің Бас имамы Есенкелді Сақтағанұлы қатысты.
Педагогтар ұлттық салт-дәстүрлердің сақталуы, жаңғыруы, әрі қарай дамуы – ұлттық кодымыздың негізін құрап, адамзаттың рухани байлығын нығайта береді деген тұжырымға келді.
Жалпы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы әр этностың ұлт болып сақталуында дәстүрдің дәріптелуі маңызды рөл атқарады.Ол адамды рухани тазалыққа, имандылыққа, ешкімге жамандық жасамай, әрбір көршіңмен жақын досыңдай араласуға үндейді.
Бас имам Есенкелді қажы үстіміздегі жылы Діни басқарманың құрылғанына 30 жылдығы және басқа да жасалып жатқан игі шаралар бойынша айтып өтті.
Облысымыздың Ұзынкөл ауданында «Абай мұрасы- адамзаттың асыл қазынасы» деп аталатын поэзия сағаты болып өтті.
Оны аудандық орталықтандырылған кітапхана, 2-ші орта мектеп және «Ұзынкөл жастары» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырып, жұртшылықтың шынайы алғысына бөленді.
Тағылымды шараға «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Болатов және аудандық «Балықты» мешітінің бас имамы Есенкелді қажы Сақтағанұлы қатысты.
Жиналғандар алдында бас имам сөз сөйлеп, ұлы ақын Абай Құнанбаевтың даналығына, шығармашылығына кеңінен тоқталды.
Поэзия сағатында 5-9 сынып оқушылары халқымыздың ерекше тұлғасының асыл қасиеттері жайлы тебірене сөйледі. Абайдың әндерін орындады.
Жыл сайын елімізде діни оқу орындары бой көтеріп, онда білім алар жас буындар саны артып келеді. Діннің тазалығы мен оның туралығына ден қойып, ілімге құштарлар қатары да көбеюде.
Ислам дінінің өркен жаюына атсалысып, оның ілгері дамуына өз үлестерін қосып жүрген дін қызметкерлері қаншама. Дінді насихаттау мен дәріптеуде өз үлесін қосып жүрген дін қызметкерлерінің бірі- Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің наиб имамы Нұрлан Сейдағалиев.
Жуырда олөзі түлеп ұшқан «Нұр-Астана» мешіті жанынан ашылған «Астана» медресесі шәкірттерімен арнайы кездесу өткізді. Оған 50-ден аса медресе шәкірттері жиналды.
Кездесу барысында медресе шәкірттері жан-жақты пікір алысып, дін жолына бет бұрған әрбір шәкіртке сәттілік тіледі.
Таяуда Науырзым аудандық кітапханасында ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай ауыл ақсақалдары және мектеп мұғалімдерімен дөнгелек үстел өткізілді.
Кездесу барысында Абайдың өмір жолы мен қазақ халқына сіңірген еңбегі туралы жан-жақты айтылды. «Түркебай» мешітінің найб имамы Кенжеғара Әл-Фарабиде сөз сөйлеп, ата-бабаларымыздың діндарлығы мен даналығына ерекше тоқталды.
Жүздесуде жастардың діни сауатын көтеру жайы да әңгіме болды. Өйткені білімді жастар ешқашан да теріс ағымдардың жетегінде кетпейтіндігін өмірдің өзі көрсетіп отыр.
Рудный қаласының Бас имамы Бектұрсын Уәлиев қалаға қарасты Қашар кентіне арнайы барып, мешіт жамағатымен және мектеп оқушыларымен кездесті.
Мәселен, №2 Қашар орта мектебінде «Ұлт болашағы – иманды ұрпақ» атты имани тәлім-тәрбиелік мәселені қозғаған кездесуде бас имам «шынайы имандылық» пен «тәрбие» жөнінде әңгімеледі.
Жас өрендерге оқу-білімге құштарлық таныта отырып, Отанды сүю, ата-ананы қадірлеу, ұстазды құрметтеу жайында тағылымы мол насихат айтты.
Сондай-ақ жат ағымдардың қоғамға зияны туралы және осындай диструктивті ағымдардан қалай бойды аулақ ұстау қажеттілігінжете ұғындырды.
Шара барысында ұстаздар мен оқушылар тарапынан түрлі сұрақтар қойылды. Дін мен дәстүрді ұштастыра отырып барлық сауалға тұщымды жауап берілді. Мектеп ұстаздары дін қызметкеріне шынайы алғыстарын жеткізді.
Бұдан соң Бас имам Бектұрсын Торғайбайұлы «Кәмшат ана» мешітінде болып, жамағатпен жүздесті. Жамағаттың, қадірлі ақсақалдардың ой-пікірін тыңдап, жұма уағызын айтты.
Арқалық қаласының жастар - ісі жөніндегі мекемесі және ішкі саясат бөлімінің, шаһардағы «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің ұйымдастыруымен қаладағы Абай Құнанбайұлының атындағы № 6 мектебінің жүзге жуық жоғарысынып оқушыларымен «Адамның рухани құндылықтары – кемелдіктің кілті» атты маңызды кездесу өткізілді.
Кездесу барысында Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің бас имамы Дархан Қосылбаев адамзатқа ауадай қажетті рухани азық жайлы сөз қозғады.
Ал, рухани құндылықтың қайнар көзі – иман, яғни Ислам діні, мөлдір бұлағы Құран екендігіне тоқталды. Мұхаммед пайғамбарымыздың ғұмыры мен көркем мінезі барлық өскелең жастарға өнеге екендігін айтты.
Әңгімеге арқау болған өзекті тақырып барша шәкірттерге үлкен ой салғандығы сөзсіз.
Әулиекөл ауданының Бас имамы Нұрлан Сыздықовтың осы жауапты қызметке тағайындалғанына көп уақыт өткен жоқ. Осы орайда ауданға қарасты ауылдарда халықпен кездесуді бастап та кеткен.
Жуырда ғана ол Чернышев ауылында халықпен кездесіп, діни ахуалмен танысып, халықтың пікірін тыңдады және тағылым болар әңгімесін өрбітті.
Сонымен қатар сол ауылдағы орта мектеп ұстаздары және жоғарғы сынып оқушыларымен де жүздесті. Жиналған жұртшылықты еріктілер жылында белсенді болуға шақырды.
Кездесу барысында ол экстремизм мен терроризм тақырыбына байланысты қойылған сұрақтарға жауап берді.