Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Кеншілер қаласындағы өткен спорт жарыстары

Қасиетті рамазан айы аяқталысымен Рудный қалалық «Нұр» мешіті әдеттегідей жамағат арасында спорт ойындарын ұйымдастырды. «Тәні саудың – жаны сау» - дейді дана халқымыз. Дені сау болған адамның құлшылыққа деген құлшынысы бекем болатыны белгілі. Спорт – денсаулық кепілі. «Әлсіз мұсылманға қарағанда әлді (денсаулығы мығым) мұсылман Аллаһқа анағұрлым ұнамды» екені Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) хадистерінде де ашық айтылған. Кеншілер қаласында өткізілген спорт түрлеріне қысқаша тоқталсақ:

1) Арқан-тартыс (үш команда қатысты) 2) Гір көтеру (16 кг) 3) Қол күрес 4) Суда жүзу сайыстары (200 және 100 метр бойынша) 5) Жүгіру сайыстары 2000 метр

Аталған сайыстар бойынша арқан-тартыстан («Жамағат», «Ислам», «Нұр мешіт») командалары бағын сынады. Тартысты бәсекеде жеңіске жеткен «Нұр мешіт» командасы.

Гір көтеруден кіл мықтының ішінен суырылып шыққан Өмірзақов 16 кг 60 рет көтеріп бірінші орынға ие болды.

Қол күрес сайысы өте тартысты өтті, ақ білектің күшімен барлығын таза жеңген тағы да Жандос Өмірзақов бауырымыз.

Қаламыздағы «Горняк» спорт кешенінде 25 метрлік бассейінде суда жүзуден 200 метр қашықтыққа таласқан жамағат арасында 1-ші орынға ие болған Мұрагер бауырымыз алдына жан салмады, онымен ілесе жүзген мешіт қызметкері наиб имам Хасенов Саят барын салып 2-ші орынға ие болды, 3-ші орынды қанжығасына байлаған Қостанай облыстық орталық мешіттің наиб имамы, қонағымыз Дархан Сыздыков болатын.

Жарыс ойдағыдай өтіп, спортшыларға сыйлық ретінде грамота, медаль, уағыз-насихат дискілері мен Бас мүфтиіміздің «Дін мен дәстүр» атты кітабы табысталды. Марапаттарды арнайы табыстаған мешітіміздің бас имамы Сейіт қажы Темірбекұлы мен наиб имам Абзал Сұлтанғалиұлы. Сол жерде Сейіт қажы Темірбекұлы спорт ойындарына қатысқандарға салауатты өмір салтын ұстану жайында уағыз айтып, болашақта футбол және т.б. осындай іс-шаралар жалғасын табатынын тілге тиек етті.

news15082014 01

news15082014 01

news15082014 01

news15082014 01

news15082014 01

Воскресенье, 10 Август 2014 00:00

Медреседе алғаш орыс топтары ашылуда

Асыл дінімізде білім алу, ғылым меңгеру жоғары бағаланады. Ай асып, жыл санап еліміздің әр түкпірінен бой көрсетіп келе жатқан мешіт мұнаралары мен намазға жиылған жұртшылықтың қарасынан халықтың дінге деген ықыласы мен ынтасының артқанын байқауға болады.

Осы орайда білікті имамдар әлі күнге тапшы екені, ал дін мамандықтарына зәру екеніміз жасырын емес. Бұл ретте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тарапынан өңірлерде ашылып жатқан медресе, діни оқу орындары қал-қадерінше халыққа қызмет етіп, болашақ имамдарды даярлау ісін үздіксіз жүргізіп келеді. Бұған қоса Түркияның «Хасеки» имамдардың білімін жетілдіру институтымен үлкен келісімшартқа қол жеткізіп, бүгінде онда Қазақстаннан барған дін мамандарының алғашқы легі білім алуда. Ал, Мысырдағы тамыры терең «әл-Әзһар» университетінде жыл сайын еліміздің үздік түлектері ілім алуға аттануда. Бүгінде онда білімін шыңдаған алғашқы буын Қазақ елінің руханиятына өзіндік үлесін қосып, қызмет етуде.

Бүгін дін ілімінің алғашқы шаңырағы – елордамыздағы «Астана» медресесінде жаңа оқу жылына шәкірттерді қабылдау емтиханы өткізілді. Мәні терең емтиханда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Шоқанов, Оқу-ағарту бөлімінің меңгерушісі Бақтыбай Бейсенбаев бастаған білімі терең ұстаздар шәкірттердің білім деңгейін шарықтап, деңгейлерін анықтады. Шәкірттермен сұхбат жүргізіп, түрлі сауалдар қойды. Бұған қоса қазақ тілі және Қазақстан тарихы пәндері бойынша ЖОО арнайы оқытушы-профессорларының қатысуымен тест те жүргізілді.

Бүгінде дінге бет бұрып, құбыласын тани бастаған жастарымыздың кейбірі теріс пиғылды ағымдардың шырмауығына ілігіп қалып жатады. Жаңылысқан жастарымыздың басым бөлігі орыс тілді жеткіншектер екенін бүгінде көз көріп, құлақ естіп жүр. Осы жайды жөнге салу мақсатында биыл ҚМДБ тарапынан орыс тілді уағыз-насихатты жандандыру мақсатында тың жобалар әзірленген болатын. Республикалық, жергілікті қазақ және орыс тілді Ақпараттық-насихат топтары құрылып, өңірлерде дін насихатын жүргізді. Биылғы медресе шаңырағында орыс тілді топтар да осы мақсатта ашылып, бүгінгі өткен қабылдау емтиханында жалпы саны 52 шәкірт бақтарын сынап, 47-сі медресе шәкірті атанды. Оның 34-і қазақ тобына түссе, 13 бала орыс тобында үш жыл ілім игеруге мүмкіндік алды.

2

3

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз еліміздегі қарилар орталығының жетекшілерімен кездесті.

Басқосуда шәкірттерді қысқа мерзімде Құранды толық жаттауға үйрету, мешіттерде Құран хатым етуге дайындау, жұмыс тәртібі, болашақ қарилардың жан-жақты білімін арттыру, т.б. мәселелер талқыланды.

«Қариларды өзімізден шығару үшін ең алдымен осы орталықтардың жұмысын жетілдіруіміз қажет. Шәкірттерді Отанды сүюге тәрбиелеу, оларға адамгершілік құндылықтарды үйрету – баршамыздың ортақ мақсатымыз», – деді Серікбай қажы Ораз.

Еліміз бойынша 4 қарилар орталығы бар. Онда 150-ден астам шәкірттер Құран жаттауда.

636037 1407300827 890 530 0

803531 1407300818 890 530 0

muftyat.kz

Аллаға шүкір, айлардың сұлтаны - Рамазанды аман-есен, құлшылықпен өткіздік. Жаратушы Иеміз дұға-тілектерімізді, қасиетті айдағы әрбір ізгі істер мен сауапты амалдарымызды, пітір-садақаларымызды Өз құзырында қайырымен қабыл еткей!

Иманмен өмір сүрейік

Рамазан - рухани жаңару айы. Пенде осы айда игі амалдары арқылы Жаратушыға жақындай түседі. Адамның бойында Алладан қорқу, тақуалық сипат көрініс табады. Рамазан - 11 айға рухани азық жинауға берілген үлкен мүмкіндік, шексіз нығмет. Құл ораза ұстау арқылы жаны мен тәніне рухани қуат алады. Халқымыз Рамазан бойы жақсылықтарға ұмтылып, барынша сауап алуға тырысып, екі дүние бақыты үшін берілген мол мүмкіндіктер мезгілін Құдайға құл, сүйікті Пайғамбарымызға үмбет болумен өткізді.

Алайда кейбір бауырларымыз білместікпен Рамазаннан кейінгі айларда босаңсып, баяғы әдетіне салып, қателіктер мен асыл дініміз Ислам құптамайтын іс-әрекет пен қылыққа барып жатады. Рамазаннан кейін өзін тастап қоятын, құлшылықтарға мән бермейтін адамдарды байқаған бір ғалым: «Сендер сонда Рамазанда ғана мұсылмансыңдар ма?» - деп ашына сұрақ қойған екен. Иә, осы бір сұрақ баршамызды толғандыруы тиіс.

Ұдайы Құран оқып, оны көңілге тоқып жүрсек...

Біз осы айда барынша Құранға ден қойдық. Алланың қасиетті сөзін бірнеше рет қайталап, хатым еткендер де бар. Тым болмаса мағынасын түсіну үшін Құранға үңілгендер де жоқ емес.

Пайғамбарымыз Мұхаммед бір хадисінде: «Алла Тағаланың алдында ең қайырлы амал - аз да болса үнемі қайталанып, жасалатын игі амал», - деген. Үнемі Құранды оқып, оны көңілге тоқып жүру - пендені жақсылыққа жетелейді. Өйткені, Алла Елшісі өсиетті сөзінде: «Сендердің жақсыларың - Құранды үйреніп, оны өзгелерге үйреткендерің», - деп сауапты амалдың сансыз пайдалары мен игіліктерін атап көрсеткен. Құран - екі дүниенің жақсылығына кенелудің кілті. Адамның өмір сүру үлгісі мен жүйесі көрсетілген қасиетті Құранға ұдайы көңіл бөлмеуіміз - үлкен қателік, орны толмас өкініш.

Алла үйіндегі игі амалдың сауабы

Ақ жаулықты аналарымыз, батагөй ата-ағаларымыз, жалындаған жастарымыз Рамазан айында намазды мүмкіндігінше мешіттерімізде өтеді. Үйде оқыған намазбен салыстырғанда, Алла үйінде өтелген парыздың сауабы еселеніп жазылатынын баршамыз жақсы білеміз. Мұсылман 25 есе сауап жинайды. Әбу Һұрайра риуаят еткен хадисте Пайғамбар: «Жамағат намазы біреуіңнің жалғыз оқыған намазынан жиырма бес есе артық және таң намазына түнгі періштелер мен күндізгі періштелер жиналады», - деген. Тағы бір хадисте: «Егер бұл екі намазда (таң мен құптан) қандай сауап барын білсе еді, мешітке еңбектеп болса да жетер еді», - деп, мешітте намаз оқудың сауабының қаншалық көп екенін үмбетіне жеткізген.

Намазды мешітте оқу пенденің пейілін жақсартады, уақыты жүйеленіп, өмірі ізгілікке толы болмақ. Мешіт - мұсылмандарды, жалпы жамағатты біріктіретін, ауызбіршілігін нығайтатын, адамдар арасында мейірім, қайырым сезімдерін оятатын рухани орда. Рамазаннан кейінгі уақыттарда да мүмкіндігінше мешітте жамағатпен оқылатын намаздарға қатысқанымыз абзал.

Қайырымдылық жалғасын тапса...

Рамазан - қайырым мен мейірім айы. Аузы берік адам бұл айда күнделікті азығына, ас-тамағына ақшасы жетпейтін кедей-кепшіктің жағдайына түсіп, олардың хәлін мейлінше түсінеді. «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын», - деп хәкім Абай дөп басқан емес пе?! «Аш бала тоқ баламен ойнамайды, тоқ бала аш болам деп ойламайды», - деген қазақтың қанатты сөзінде де ғибрат мол. Рамазан - барша адамзатты жақындастыратын ай. Бай мен кедейді, патша мен пақырды теңестіретін ораза адамдарды Алла алдында бірдей екенін сезіндіреді. Аш адамның хәлін түсінген халқымыз, бауырларымыз, аға-әпкелеріміз Рамазан айында оларға садақасы мен азық-түліктерін үлестірді. Осы қайырымды іс басқа кезде де жүйелі түрде өз жалғасын тауып отырса, Алла алдында қайырлы амал болмақ.

Алла тағала баршамыздың екі дүниеде де жүзімізді жарық еткей! Рамазан бойы жасалған құлшылық, дұға-тілектеріміз қабыл болғай! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болуын Жаратушы Иемізден тілейміз. Рамазаннан рамазанға дейін тақуалығымызды жалғастырып, амандықпен, имандылықпен, жақсы-лықпен жете берейік! Мұратымыз асыл, иманымыз кәміл болғай! Әумин!

Muftiyat.kz

Пятница, 01 Август 2014 00:00

Бұл Үмметке жеткен сынақ

Алла Елшісі (оған Алланың иігілі мен сәлемі болсын) былай деген:

«Бұл менің Үмметім, мейірім шуағы түскен менің Үмметім. Оларға ақыретте жаза жоқ, бірақ осы өмірде бүліктер арқылы, жоқшылық пен өлім арқылы жаза беріледі». (Әбу Дәуд)

Ойтолғау: Бұл деген сөз, біздің осы өмірдегі қиыншылықтарымыз – Алланың мейірімі. Қасиетті Құранда былай деген: «...Соңғы табыс тақуалардікі»,-деді»(Аъраф сүресі, 128 аят)

Иман еткендер ешқашанда жеңіліске ұшырамайды. Сондықтан да жаңалықтар мен Youtube- тағы небір бейнетаспаларды көріп алып қатты қайғыға салынбаңыздар. Лағынет шайтан сіздерді жағдайдан хабардар болсын деп көресің деп алдауы мүмкін, алайда оның түпкі мақсаты- бұл үмметке жететін Алланың мейірімінен түбегейлі күдер үзбейінше сізге әлсіздікті сездіріп, күйзелтіп, жабырқату.

Басқа жеткен қиыншылықтардан сабақ алыңыздар да жаралы жанға шипа болар Сүннетке қайтыңыздар. Мәселен, жүректеріңіз бен ойларыңызды емдеу үшін жоғарыдағы келтірілген хадисті еске алыңыздар.

Тағы да қайталаймын: «Иман еткендер ешқашанда жеңіліске ұшырмайды!»

Тіпті қысымшылық заманы бастарыңызға келсе де Алланың заңынан аттап қоймау үшін тақуалықты басшылыққа алыңыздар. Тіпті бізді езгінің астына алса да Алла қаласа жеңіс біздікі болады, яғни соңғы табыс біздікі! Сүннетке амал етудің әрбір дертке дауасы барын ұмытпайық.

Сіздерді және осы Үмметті Алла Тағала жарылқасын, Әмин Алла.
Орыс тілінен аударған Azan.kz
Таалиб.ру

Ресей мұсылман жастары одағының бастамасымен әлемде алғаш рет мұсылмандардың онлайн-фестивалі өтпек. 30 мыңға жуық адамның басын қосатын ауқымды шара 1- 15 тамыз аралығына жоспарлануда. Жиын барысында әлемнің түкпір-түпкірінен арнайы шақыртылған 30 шақты спикер фестиваль қатысушыларына онлайн режимінде қызмет ететін болады.

"Шараның мақсаты - әлемдегі жетекші мұсылман қайраткерлерінің баяндамалары арқылы халықты ақпараттандыру. Фестивальға Сирия, Австралия, БАӘ және басқа да елдердің өкілдері қатысады" деп хабарлайды Ресей мұсылман жастары одағының президенті Марсель Сабиров.

Ислам жайлы білгісі келетін кез-келген дін өкіліне фестивальдің есігі айқара ашық. "Біз арнайы діни білімі жоқ адамдардың ислам жайлы базалық көзқарасы қалыптасса дейміз", - деген ұйымдастырушылар онлайн-фестивальға қатысушыларды http://online-islam.ru сайтына тіркелуге шақырады.

Бұл фестивальдің бұрнағылардан артықшылығы әлемнің 15 тілінде онлайн режимінде өтуі, қаржының аз жұмсалуы. Сонымен бірге, барлық баяндамалардың ғаламтор бетінде сақталуы да жиынның артықшылықтарына жатады.

E-islam.kz

Қостанай өңірінде ардақты ақсақал Мираш Тәшетовтың есімі ерекше құрметпен аталады. Оның имандылық, адамгершілік, қайырымдылық мақсатындағы сіңіріп жатқан еңбегі ауыз толтырып айтарлықтай.

Өмірдің талай асуларынан өткен қажы қандай сияпатқа да лайықты. Таяуда Арқалық шаһарында тұратын Мираш Тәшетұлының ғұмырында ұмытылмастай оқиға орын алды.

Ел қадірлісі «Жарты ай және Жұлдыз» («Полумесяц и Звезда») бірінші дәрежелі Халықаралық Орденімен марапатталды. Осынау беделді орденға осы уақытқа дейін әлемде санаулы ғана мемлекеттік, саяси және қоғам қайраткерлері ие болған еді.

Олардың қатарында Әзірбайжанның, Тәжікстанның Президенттері Ильхам Әлиев, Эмомали Рахмонов, Дағыстан Республикасының басшысы Рамазан Абдулатипов және басқалар бар.

Арқалық қаласындағы салтанатқа аталмыш награданы тапсыру үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының жанындағы адам Құқығын Қорғау жөніндегі Халықаралық Комитеті Бақылау Кеңесінің мүшесі, академик, генерал-лейтенант Анвар Ниезов арнайы келді.

Ол жиналған жұртшылық алдында ардақты ақсақалдың кеудесіне Орденді тағып, куәлік пен марапат кітапшасын тапсырды.

Біз де Мираш қажы Тәшетовты осынау жоғары наградасымен шын жүректен құттықтап, оған алдағы уақытта да мықты денсаулық, отбасына бақыт тілейміз.

01082014-01

О. Жабайтегі

Имандылықтың ордасындай болған Оңтүстік Қазақстан облысы тағы бір жаңа мешітпен толықты. Сарығаш ауданының «Жаңа тіршілік» ауылында бой көтерген мешітте бір мезгілде 300 адам құлшылық жасай алады.

Мешіттің ашылу салтанатына ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қатысып, өз ризашылығын білдіріп, ізгі тілегін жолдады. Сондай-ақ Бас Мүфти қасиетті Құран Кәрімді сыйға тартты. ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Серікбай қажы Сатыбалдыұлының бастамасымен салынған «Ақмола» мешітінде бүгін алғаш рет азан шақырылып, намаз оқылды.

511446 1406720264 890 530 0

568624 1406720265 890 530 0

620023 1406720264 890 530 0

940249 1406720266 890 530 0

589339 1406720279 890 530 0

 

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником