Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Пятница, 06 Февраль 2015 00:00

Намаз оқу үлгісі

Пятница, 06 Февраль 2015 00:00

Намаз оқу үлгісі

Аллаһ Тағала Құранда былай дейді:

«(Мұхаммед ﷺ) көрмейсің бе? Алла қандай мысал берді: Көркем сөз, тамыры мықты, бұтағы көктегі бір көркем ағаш тәрізді» («Ибрахим» сүресі, 24-аят)

1. Адам  пайғамбардан бастап пайғамбарымыз Мұхаммедке ((ﷺ)) дейінгі барлық пайғамбарлар шақырған Аллаһты бірлеу сөзі.

Аллаһ Тағала Құранда былай дейді:

«(Мұхаммед ﷺ) сенен бұрын бір пайғамбар жіберсек, оған: “Күдіксіз Менен басқа ешбір тәңір жоқ. Онда Маған ғана құлшылық қылыңдар” деп қана уахи етіп, жібердік» («Әнбия» сүресі 25-аят)

2. Тақуалық сөзі:

Аллаһ Тағала Құранда былай дейді:

«Кәпірлер, жүректеріндегі надандық қасарысуымен сірескен кезде, Алла, Елшісіне әрі мүміндерге тоқтау салды да оларға тақуа сөзін жүктеді. Олар бұған лайығырақ және қабілетті еді. Алла әр нәрсені толық білуші»( «Фәтих» сүресі, 26-аят)

Ибн Джарир ат-Табаридің «Фәтих» сүресінің 26-аятын талқылау тәпсірінде«оларға тақуа сөзін жүктеді» дегенді былай түсіндірген:

«Әлиден (радиаллаһу әнһ), ибн Аббастан (радиаллаһу әнһ) жеткенді Әли, абу Салих және Мұғауия былай деп әңгімелейді: Ол Құрандағы Аллаһ Тағаланың «оларға тақуа сөзін жүктеді» деген сөзі Аллаһтан басқа жоқ тәңір куәлігі екендігін, және бұл сөз тақуалық сөзі, сонымен қатар тақуалық негізі екендігін білдіреді.

[Ибн Джарир әт-Тәбәри, «Джами` уль-байан фи тағуиль әл-Кұран», 22/254]

Му`аз ибн Жәбәл (радиаллаһу әнһ) Аллаһ Елшісінің (ﷺ) былай дегенін жеткізген:

«Кімде-кімнің бұл дүниедегі соңғы сөзі «Аллаһтан басқа жоқ тәңір» (Лә иләhә иллә Ллаh) болса, сол адам Жәннатқа кіреді» (Әбу Дауд 3116).

Жәбир ибн Абдуллаһ (радиаллаһу әнһ) Аллаһ Елшісінің (ﷺ) былай дегенін жеткізген:

«Ең жақсы зікір— Лә иләhә иллә Ллаh, ал ең жақсы дұға — Әлхамдулилләh» (Тирмизи 3383; Насаи 6/208; ибн Хиббан 3/126)

Имам Науаи (Аллаһ оған мейірімін төксін) былай дейді:

« «Лә иләһә иллә Ллаһ» сөзі еске алудың ең жақсы сөзі, сондықтан да мұсылман қауымының ең беделді өкілдері бұл сөзді салихтердің жолындағы,  муридтердің ақиқатын білгісі келетін және уақыттарын жалғыздықта өткізетіндер қатарындағыларды дайындау мен тәрбиелеуде қолданған. Оларға әрдайым бұл сөздерді қайталап отыру бұйырылған және «Шайтанның азғыруынан ең жақсы қорғайтын құрал Аллаһ Тағаланы көп еске алу болып табылады» деген.

[Имам Науаи «әл-Әзкар»128-бет]

«Лә иләhә иллә Ллаh» сөзінің құндылығы өте көп, бірақ мен осы мысалдармен ғана шектелдім.

Бұл ұлы сөз- Таухид сөзі, мұсылман оны әрбір намазында күнде айтады, және оны муазиннен (азаншы) жиі естиді, бірақ олар бұл сөздің мағынасын біле ме, және ол сөздің астарында қандай мағына жатқанымен хабардар ма?

Бұл мақаланың мақсаты –мұсылман таухид сөзінің мағынасын біліп, осы білімге амал етіп және осыған басқаларды да шақыру үшін  «Лә иләhә иллә Ллаh» сөзінің дұрыс мағынасын түсіндіру.

«إله» «илләһ» сөзінің

Ибн Фарис (Аллаһ оған мейірімін төксін) былай дейді:

«Хамза, Ләм и hә («иләһ» сөзін құраушы жеке араб әріптері)– бір түбір болып табылады, мағынасы – ғибадат. Осыған орай «иләһ» сөзінің мағынасы – бұл Аллаһ Тағала, себебі, Оған құлщылық қылынады. Және Оны Оған ғибадат жасалынатындықтан солай атайды. Сондықтан да ғибадат жасаушы адамды «құдайшыл» деп атайды.

[Ибн Фарис, «Макаййисул-Луға» 1/127]

Ибн Мансур (Оған Аллаһ мейірімін төксін) былай дейді:

«Әл-Иләh Құдірет– Ол Аллаһ Тағала. әл-Иләh сөзі көпқұдайшылардан алынған, Аллаһ Тағаладан басқаларға да (мүсін мен басқа да заттарға) сыйынған. Олардың ойынша мүсіндер сыйынуға тұрарлықтай еді»

[Ибн Мансур, «Лисанул-`Араб»]

Және Аллаһ Тағаланың:

«Ол сондай Алла, көкте де Тәңір, сондай-ақ жерде де Тәңір» («Зухруф» сүресі, 84-аят) деген сөзін нұсқап, Аллаһ барлық жерде деушілерді қателікке шығарады.

Алайда, дұрыс мағынасы -Аллаһ Тағалаға аспанда да, жерде де оған құлшылық қылынатындығы.

Осы аятқа қатысты ғалымдардың пікірі:

Ибн Жәрир ат-Тәбәри (Аллаһ оған мейірімін төксін) былай дейді:

«Аллаh Тағала айтады:  «Ол сондай Алла, көкте де Тәңір, сондай-ақ жерде де Тәңір, және Оған Көкте де Жерде де құлшылық етеді. Құлшылыққа лайықты текАллаһ». Аллаһ Тағала айтады: «Аллаһтан басқаға құлшылық етпеңдер де, Оған серік қоспаңдар».

[Ибн Джарир ат-Табари,  «Джами`уль-байан фи таъвиль ал-Қуран», 21/652]

Ибн Аби Заманин (оған Аллаһ мейірімін төксін) былай дейді:

«Аспандағылар да, жердегілер де Оның Жалғыздығына сенеді»

[Ибн Аби Заманин, «Тафсирул-Қуранул-`Азиз» 4/196]

Абу-ль Музаффар Ас-Сам`ани (оған Аллаһ мейірімін төксін) былай дейді:

«Яғни, аспанда және жерде Оған құлшылық қылады»

[Абу-ль Музаффар Ас-Сам`ани, «Тафсирул-Қуран» 5/119]

Ибн Касир (оған Аллаһ мейірімін төксін):

«Аллаһ Тағаланың «Ол сондай Алла, көкте де Тәңір, сондай-ақ жерде де Тәңір. Және Ол, аса дана толық білуші» ,-деген сөзін муфассирлер осы аяттың мағынасын ашуда әр түрлі көзқарас ұстанды, дегенмен олардың барлығы джахмиттердің Аллаһ барлық жерде деген көзқарастарына бірауыз қарсы болды. Ең дұрыс мағынасы – Аллаһ Тағалаға аспанда да, жерде де құлшылық етеді. Аспан мен жерде Оның Ұлылығын мойындап, таухидті ұстанып, Оған сыйынады.  Олар Оны Аллаһ деп атайды және адасқан жындар мен адамдардандан басқалары Оған қорқыныш пен үмітте сыйынады. Басқа бір аятта Құдіретті Аллаһ айтады:

«Ол сондай Алла, көкте де Тәңір, сондай-ақ жерде де Тәңір» («Зухруф» сүресі, 84-аят), яғни Ол аспанда да, жерде де Тәңір».

[Ибн Касир, «Тафсир уль-Қуранул-`Азым» 3/239-240]

«Лә иләhа иллә Ллаh» сөзінің мағынасы

«Лә иләhа иллә Ллаh» сөзінің мағынасы туралы ғалымдардың айтқан сөздері:

Имам әл-Байһақи (Аллаһ оған мейірімін төксін) айтады:

«әл-Иләh» сөзінің мағынасы — Тәңір.  Және бірқұдайшылардың «Аллаһтан басқа жоқ Тәңір» деген сөздерінің мағынасы: Аллаһтан басқа құлшылық объектісі жоқ.»

[Имам әл-Байқақи «әл-Асмау уа с-Сифат 1/58»]

Абу-ль Мұзаффар Ас-Сам`ани (Аллаһ оған мейірімін төксін) айтады:

«Аллаһ Тағала айтады: «Расында, Мен- Аллаhпын! Менен басқа Тәңір жоқ! Маған құлшылық ет, және Мені еске алу үшін намаз оқы», яғни Одан басқа құлшылыққа лайықты ешкім жоқ».

[Абу-ль Мұзаффар Ас-Сам`ани, «Тафсирул-Қуран» 3/323]

Имам әл-Куртуби (Аллаһ оған мейірімін төксін) айтады:

«Аллаһ Тағаланың «Аллаһтан басқа жоқ Тәңір» сөзі –терістеу әрі мақұлдау. Оның бір бөлігі – куфр (сенбеушілік, яғни тек «Лә Иләһә – Тәңір жоқ» деу арқылы), ал бір бөлігі – сенім (куәлікті толық айтып). Және оның мағынасы: Аллаһтан басқа құлшылық объектісі жоқ».

[Имам әл-Қуртуби, «әл-Джами`ул-Ахкамул-Қуран» 2/180]

Ибн Касир (Аллаһ оған мейірімін төксін) айтады:

«Аллаһтан басқа Тәңір жоқ, яғни Ол барлық жаратылыстың Тәңірі және оның барлығы Оның жаратылысы әрі құлдары болып табылады. Оған бәрі мұқтаж, ал Ол ешкімге мұқтаж емес».

[Ибн Касир, «Тафсирул-Қуранул-`Азым» 1/678]

Имам Жәләлюддин әс-Суюти (Аллаһ оған мейірімін төксін) айтты:

«Аллаһтан басқа Тәңір жоқ, яғни Одан басқа лайықты құлшылық объектісі жоқ».

[Имам Жәләлюддин әс-Суюти, «Тафсирул-Джаляляйн» 42-бет]

Сонымен, «Лә иләhә иллә Ллаh» сөзі Аллаһтан басқа Тәңір жоқтығын, барлық тек Оған ғана құлшылыққа лайықты екендігін білдіреді.

«Лә иләһә иллә Ллаh» сөзінің мағынасын терең ұғыну қажет, себебі ол Ислам шариғатының жанында кейбір үйлесімсіз нәрселерді түсінуге қажет.

Егер, біздер Құран және Сүннетпен бекітілген Аллаһтың сипаттарын жоққа шығарсақ, онда «Лә иләhә иллә Ллаh» сөзі шынайылығын жоғалтады. Аллаһ Тағала Өзінің барлық сипаттарымен Жалғыз, Ол өзінің жаратылыстарына ұқсамайды.

Сол себепті Аллаһ Тағала айтады:

لَيْسَ كَمِثْلِهِ شَيْءٌ وَهُوَ السَّمِيعُ البَصِير

«Еш нәрсе Ол сияқты емес. Ол Аллаһ, әр нәрсені Естуші, толық Көруші» («Шура» сүресі, 11-аят).

«Лә иләhә иллә Ллаh» сөзі – Аллаһ қалауын орындауды талап ететін дұрыс өмірлік жол және адамдардың хабар алып, барлық істегендері үшін Жаратқаннан сұралатыны туралы әркез еске салу жолы.

«Лә иләhә иллә Ллаh» сөзі Аллаһтан басқаға құлшылық етуді, Аллаһтан басқаға құрбан шалуды (мал сою) және Исламнан басқа дінді ұстануды теріске шығарады.

«Лә иләhә иллә Ллаh» сөзін айта отырып, біздер Аллаһтың Жалғыз әрі Ұлы екендігін бекітеміз, Оның күшінен артық күш жоқ екендігін және ешкімнің де Оның Шариғатына қарсы болатын бұйрық, тыйым және заң шығаруға құқығы жоқ екендігін мойындаймыз.

Бүкіл мақтау бүкіл әлемнің жалғыз Раббысы Аллаһ Тағалаға болсын!

Мақала орыс тілінен аударылып өңделді.

Сұрақ:

Әйелдің әуретіне (махрамның, мұсылман не мұсылман емес әйелдердің алдында) не жататынын толығарақ түсіндіріп берсеңіз. Адамдардың арасында осы сұрақтан дау көп болғандықтан, жауабыңызда өмірдегі түрлі жағдайларды қамтып кетсеңіз дұрыс болар еді.

Жауап:

Бұл дүниеде барлығына, ал о дүниеде иман келтіргендерге ғана мейірімді бір Алланың атымен бастаймын.

Ислам дінінде әйел адамға да, ер адамға да әуретті жерін жабудың маңызы өте зор, себебі Құран мен Сүннетте бұның қажеттілігіне үлкен көңіл бөлінген. Әйел мен ер адамның әуретін ауқымды түрде талқылайтын бірқатар фиқһ кітаптары бар. Осы мақалада мен әйелдің «әуреті» атауын түсіндіріп, оны жан-жақты қарастыруға тырысамын.

“Аура” – араб тілінің термині, көпше түрі “аурат” болады. Бұл сөздің тілдік мағынасы – “жасырын, құпия жер”, ал адамның ауратына оның басқа адамдардың назарынан жасыратын жерлері жатады. Қай жердің ашық қалуы ұятты болса, соның барлығы әурет болып есептеледі. Сәйкесінше, жаңалаштануы адамды ұялтатын дене мүшелерінің барлығын әуретке жатқызамыз [1].

Фиқһ ілімінде «әурет» деп, киім астында жасырылуы қажет дене мүшелерін айтамыз. Бұл біздің тілге “жалаңаш жер” немесе “жасырылуы қажет дене мүшесі” деп аударылады. Кейбір адамдар (Үнді, Пәкістан елдері) бұл түсінікті “сатар” сөзімен белгілейді. Түсініспеушіліктің алдын алу үшін біз “әурет” сөзін қолданамыз, ин ша Аллаһ.

Әйелдің әуреті

Жалпы алғанда, әйелдің әуретін екі бөлуге болады:

1) Намаздың кезінде;

2) Намаздан тыс.

Екіншісі өз алдына мынадай түрлерге жіктеледі:

Жалғыз болғанда;

Күйеуінің алдында;

Мұсылман әйелдер алдында;

Махрамға (күйеуге шығуға тыйым салынған туыстар) жататын ер адамдар алдында;

Махрамға жатпайтын ер адамдар алдында;

Мұсылман емес әйелдер алдында;

Мұсылман емес, бірақ махрамға жататын ер адамдар алдында;

1) Намаздың кезіндегі әурет

Намаз кезінде әйелдің әуретіне бүкіл денесі жатады, бет жүзі, қолдың буыны мен аяқтың табанынан басқа. Аллаһ Тағала былай дейді:

«Ей, адамның балалары! Қашан да, қайда болсаңдар намаздың кезінде ең көркем жамылғыларыңды (зиина) киіңдер» [2].

Осы аяттың (және басқа да дәлелдердің) негізінде көптеген сахабалар (радиаллаһу әнһум әжмағин), олардан кейінгілер (табиғун), фақиһтер және Құранның тәпсіршілері намазда әуретты жасыру парыз деп шешті [3].

Сайида Айшадан (радиаллаһу әнһә) жеткізілгендей, Алланың елшісі :

«Етеккірі келген (яғни, балиғат жасына жеткен), бірақ бас жамылғысын (химар) кимеген әйел адамның намазын Аллаһ қабыл етпейді » деді [4].

Ұлы ханафи фақиһі имам әл-Хаскафи (рахимахуллах) өзінің әйгілі еңбегі «Дурр әл-Мухтарда» былай дейді:

«Ерікті (яғни күн емес) әйелдің ауратына, ең сенімді пікір бойынша, оның шашымен қоса бүкіл денесі жатады, оның беті, қолының буыны мен табанынан басқа» [5].

Демек, әйел адамға намаз орындау үшін ауратын жақсылап жасыру қажет. Бет, қол мен табаннан басқа жердің барлығы жабық болуы керек. Басын бір де бір шаш көрінбейтіндей етіп жабу қажет, — тек беттің сопағы ғана көрінуі тиіс. Дәл солай білек пен тобықтың толық жабылғанына көңіл бөлген жөн.

Бір жайтты есте сақтау керек: әйелдің аураты оның намазда жалғыз тұрғанына, жарықта не қараңғыда намаз жасап жатқанына қарамастан жабылуы тиіс [6].

Ең сенімді пікір бойынша, табан аураттың бөлігі болып есептелмейді. Алайда, осы мәселеде қайшылық көп болғандықтан, сақтанып, табанды жабу дұрысырақ болады.

Иек астындағы бөлік туралы айтатын болсақ, беттің тігінен шекарасы – шаштың аяқталған жағынан иектің астына дейін, көлденең шекарасы – екі құлақтың жұмсақтарының арасы [7].

Беттің шекараларын ескеретін болсақ, иектің ұшының астындағы бөлік бетке жатпайды, сондықтан, әуретке жатады. Алайда, сол жерді жабудың қиындығына байланысты, оның кішкене бөлігінің ашық қалуынан ештеңе болмайды.

Қорыта келе, осы бөлімде әйелдің әуреті намаз басталмас бұрын және намаздың аяғына дейін жабық болуы керектігін айтып кеткен жөн. Егер намазда жабылуы тиіс дененің/мүшенің төрттен бір бөлігі намаз басталмас бұрын ашық қалған болса, намаз басынан бастап есептелмейді. Егер де әуретке жататын мүшенің төрттен бір бөлігі намаздың кезінде үш рет «Субхана Аллаһ»деуге жететін уақыт ішінде ашық қалса, намаз бұзылады. Ал егер де ашық қалған дене мүшесі сол уақыт аралығына дейін жабылса, намаз бұзылмайды [ 8].

Ескерту: Білуші адамнан дененің шекараларын қалай анықтайтынын біліп алған жөн. Кейде, адам белгілі дене мүшесін бір бөлік етіп қарастырады, ал фиқһ бойынша сол мүше екі бөлік ретінде қарастырылады.

2) Намаздан тыс әурет

a) Жалғыз қалғандағы әурет

Ханафи мазхабы бойынша, адам жалғаз қалғанда да оған кіндігінен тізеге дейінгі бөлікті жабу — уәжіп (басқа пікір бойынша, мұстахаб). Адам әуретін қажеттіліктен (шомылу, дәретханаға бару немесе киім ауыстыру) ашқан жағдайларда бұл ережеде кешірім бар. Соған қарамастан, бұл жағдайда әуретті барынша жабық сақтауға тырысу керек. Алланың елшісі:

«Ұят – иманның бөлігі» - деді [9].

Яла ибн Умайядан Алланың елшісі былай дегені жетті:

«Расында, Аллаһ ынсапты әрі ұстамды, және ол ынсаптылық пен ұстамдылықты сүйеді. Сендерден біреулерің жуынатын болсаңдар, денелеріңді жабыңдар»[10]. Жалғыз бола тұра, осы бұйрыққа сәйкес амал еткен жөн.

Имам әл-Хаскафи (рахимахуллах)«Дурр әл-Мухтарда»:

«Ең сенімді пікір бойынша, (әуреттің жасырылуы) бір өзің қалсаң да міндет болады, тек әуреттің ашылуына маңызды себептер болмаса».

Алләма Ибн Абидин, рахимахуллах, жоғарыдағы сөздерді түсіндіре кетіп «Радд әл-Мухтар» еңбегінде:

«(Әл-Хаскафидің : «…бір өзің қалсаң да …» сөздері) мынаны білдіреді: ғалымдардың бір ауыздан айтқаны бойынша, намаздан тыс уақытта өз әуретіңді басқалардан жасырын ұстау керек және сенімді пікір бойынша, бұны қасыңда ешкім болмаған кезде де жасау керек …» дейді.

Бұл контекстіде, намаздан тыс кезде жалғыз қалғанда әуретті жабу — кіндіктен тізеге дейінгі бөлікті жабу дегенді білдіріп тұр. Яғни, тіпті әйелге де (жалғыз қалғанда) одан артық жерлерін жабу міндет емес, алайда басқалардың алдында әйелдің әуретіне басқа дене мүшелері де кіреді…

(Әл-Хаскафидің: «…ең сенімді пікір бойынша…» сөздері ) Аллаһ Тағаланың бізді киіммен де, киімсіз де көретініне қарамастан, Ол киімсіз адамдар әдептілікті тастауға, ал киінгендер болса ұстануға жақын екенін көреді. Мүмкін болған кездің бәрінде әдептілікті ұстану – әрқашан да парыз.

(Әл-Хаскафидің: «…маңызды себептер болмаса …» –) Мысалы, дәретханаға барып не жуынатын болсаң (истинджа) [11].

Сондықтан, (сенімді пікір бойынша), әйел адам жалғыз қалса да кіндіктен тізеге (тізені қоса) дейінгі жерін жабу керек; жуыну, дәретханаға бару, киім ауыстыру т.с.с. жағдайлар болмаса.

б) Күйеуінің алдындағы әурет

Негізінде, жұбайларға бір-бірінің кез келген жеріне қарай беруге рұқсат бар. Сол себепті, күйеуінің алдында әурет жоқ десек болады (бұл жерде адам жалғыз қалғанда әурет жабу ережесінде ерекшелік жасалады).

Алайда, жұбайлардың алдында әурет болмаса да, толықтай жалаңаштану ұнамсыз екенін ғалымдар атап өтті. Жалаңаш дененің үстінен жамылғы болса жеткілікті.

Саййида Айша(радиаллаһу әнһә): «Мен Алла елшісінің жыныс мүшелерін ешқашан көрмедім» деді [12].

в) Мұсылман әйелдер алдындағы әурет

Әйелдің мұсылман әйелдер алдындағы әуреті ер адамдың басқа ер адамдар алдындағы ауратымен бірдей, яғни кіндіктен тізеге дейін (тізені қоса).

«Аль-Хидаяда»:

«Әйелге басқа әйелдің (мұсылман) денесінен, ер адамға басқа ер адамның денесінен не көруге рұқсат болса сол рұқсат, өйткені олар бірдей жынысты және араларында қызығушылық «шахауа» болмайды… Және бір–бірінің алдында денелерін ашудың қажеттілігінен» делінген [13].

Осылайша, мұсылман әйелдер алдында әйел кіндіктен тізеге (қоса) дейінгі бөлікті жабу керек.

г) Махрамға (күйеуге шығуға тыйым салынған туыстар) жататын ер адамдар алдында

Махрам (күйеуге шығуға тыйым салынған туыстар) алдындағы әуретке кіндіктен тізеге дейінгі бөлік және іш пен арқа жатады. Махрамға әке, аға-іні, баласы, әкесі жағынан ағасы (әкесінің бауыры), анасы жағынан ағасы (анасының бауыры), қайын атасы, немере, күйеуінің (басқа некеден туған) баласы, күйеу бала (қызының күйеуі) т.б. жатады.

Осылайша, әйелге махрамының алдында келесі бөліктертерді ашуға болады: бас, шаш, бет, мойын, төс қуысы, иық, қол (толықтай) және тізеден төменгі бөлік. Олардың алдында іш, арқа және кіндіктен тізеге дейінгі бөлікті ашуға болмайды [14].

Шариғаттың бұл үкімі «Нұр» сүресінде негізделеді:

«Олар (мұсылман әйелдер) өздерінің әдемілігін ешкімге көрсетпеу керек; күйеулері, әкелері, күйеулерінің әкелері, балалары, күйеулерінің балалары, бауырлары, бауырларының балалары, әпкелерінің балалары мен өздерінің әйелдерінен басқа …» [15].

Бұдан әрі, махрамға олардың алдында ашуға болатын дене мүшелерін ұстауға рұқсат етіледі, бірақ қызығушылық пен еліктірудің болмауы шарт.

Имам әл-Кудури (рахимахуллаh) айтты:

«Қарауға болатын дене мүшесін ұстауда еш жамандық жоқ» [16].

Алайда, фитна пайда болуы мүмкін болған кезде, бұл дене мүшелерін махрамның алдында да ашу және оларды ұстау харам болатынын естен шығармау керек [17].

д) Махрамға жатпайтын ер адам алдында

Махрам емес ер адамдар (әке/ана жағынан ағасының балалары, әпкесінің күйеуі, әкесінің әпкесінің күйеуі, анасының әпкесінің күйеуі, күйеуінің ағасы, күйеуінің інілері ) алдындағы әуретке әйелдің бет жүзі, қолы мен табанынан басқа денесінің барлығы жатады. Бұлардың алдындағы аурат намаздың кезіндегі ауратпен бірдей.

Имам әл-Марғинани (рахимахуллаһ):

«Ер адамға махрам емес болған әйелдің денесіне қарауға болмайды, (өйткені бұл — әурет) оның беті, қол буынынан басқа. Аллаһ Тағала былай деген еді:

«Әйел адам, анығынан басқа, еш әдемілігін паш етпесін». [18].

Саййидина Әли және саййидина Ибн Аббас (радиаллаһу әнһум), бұл жерде қол мен бет туралы айтылып тұр деген екен…

Бұл — әйелдің табанына қараудың харам екендігіне дәлел. (өйткені, бұл аураттың бөлігі), бірақ имам Әбу Ханифа (рахимахуллаһ) әйелдің табанына мәжбүрлік болса, қарауға болады деген екен.» [19]

Имам әт-Тумурташи (рахимахуллах) «Танфир әл-Абсарда»:

«Әйелдің ауратына оның бүкіл денесі жатады, бет жүзі мен қол буынынан басқа. Бұдан әрі, қызығу (фитна) мүмкіншілігі болса, оған басқа ер адамдар алдында бетін ашпаған жөн.

Сол себепті, әйел адамның махрам еместердің алдындағы аураты — бүкіл денесі, бет жүзі, қол буыны мен табанынан басқа.

Ниқаб пен хиджаб мәселесінде және әурет мәселесінде айырмашылық бар екенін ескерту керек. Кейбір адамдар осы екі сұрақты ажырата алмағандықтан, Ислам заңының бұрыс түсініктемесінің құрбаны боп жатыр.

Ғалымдардың пікірі бойынша, бет әуреттің бөлігіне жатпайды, алайда, имам aт-Турумашидің сөзінен түсінгеніміздей, фитна немесе күнәға азғыру қаупі болған кезде, бет жабу міндетті болып есептеледі. Ибн Абидин айтады:

«Жас қызға бет жабу абзал болуының себебі, беттің ауратқа жататындығынан емес, қайта әйелдің еліктіруші болуына сақтанудан» [20]

Бұл жерде біз тек әурет мәселесін қарастырып жатырмыз, хиджаб пен ниқаб мәселесін емес. Бетті жабу не жаппау мәжбүрліктерін талқылауды біз кейінге қалдырамыз.

Тағы да бір ескерту: Ханафи мазхабындағы пәтуә бойынша, әйелдің табаны әуретке жатпайтындығына қарамастан, басқа да (өзге мазхабтарға сай, мысалы шафиғи) күшті пікір бар. Сол бойынша, табан – әуретке жатады және оны жабу керек. Сол себепті, әйел адам табанын жаппаса, фиқһ бойынша онда күнә болмайды, бірақ, сақтық сақтап, сол жерін жапқаны дұрысырақ.

Бұдан бөлек, (ханафи пәтуасы бойынша) тобыққа дейінгі жерді ғана ашуға рұқсат етілген. Тобықтан жоғары бөліктің барлығы әуретке жатады. Әйелдердің көбі жамылғы, бурқа, джилбаб киеді; негізінде олар тобықты жапса да, жүрген кезде (әсіресе желді күні, немесе олар машинада отырған кезде не одан шыққанда) олардың аяғының бөлігі ашылып қалады, ал бұл — күнә, өйткені бір ауыздан әурет деп шешілген дене бөлігі ашық қалады. Сондықтан, табан жабудың керектігін ескерту қажет.

Табан жабу да бет жабу секілді, тіпті одан аса маңызды мәселе. Өйткені, бет әуретке жатпайды, ал табан, ханафи мазхабының күшті пікіріне сәйкес (және басқа мазхаб пәтуаларына сәйкес) әуреткежатады.

Бет жабудың міндет екеніне шақыратындар (мен оларға қарсы келмеймін), табан жабудың маңыздылығы бұдан төмен емес екеніне көңіл аудару қажет. Кейде бет жабуға көп көңіл бөлініп, әйелдің жүргенде тобықтан жоғары бөлігінің ашылуына және оның күнә екеніне назар аударылмайды.

е) Мұсылман емес әйелдер алдындағы әурет

Қатал айтқанда, әйелдің мұсылман емес әйелдер алдындағы әуреті махрам емес ер адамдар алдындағы әуретімен бірдей. Яғни, беті, қол буыны және табанынан басқа бөліктің барлығы.

Жоғарыда келтірілген «Нұр» сүресінде әйелге кімнің алдында әурет ашуға болатындығы жазылған. Бұл адамдар (жоғарыда айтылып кеткендей) «махрам» (күйеуге шығуға болмайтын ер адамдар) туысқандар қатарына кіреді. Бұл аятта Аллаһ Тағала «өздерінің әйелдерін» [21] деп, әйелге жамылғысын басқа әйелдер алдында емес, тек өзінің әйелдерінің алдында шешуге болатынын ескертеді.

Құранның тәпсіршілері бұл аяттың мағынасы жөнінде пікір таластырды. Имам Фахруддин әр-Рази (рахимахуллаһ) айтқандай:

«Аллаһ Тағаланың «және өздерінің әйелдерін» сөздері жөнінде екі түрлі пікір бар.

Біріншісі, бұл жерде бір дін ұстанушы әйелдер жөнінде айтылып жатыр дейді. Бұл ойды ізгі бұрынғылардың (сәләф) көбі ұстанды. Ибн Аббас: «Мұсылман әйелге, мұсылман емес әйел алдында жамылғысын шешуге болмайды, оған тек махрам еместердің алдында рұқсат болған дене бөлігін ашуға болады…» деді. Саййидина Омар ибн әл-Хаттаб Әбу Убайда ибн әл-Джаррахқа (радиаллаһу әнһум) мұсылман емес әйелдерге мұсылман әйелдер баратын моншаға (хаммам) баруға тыйым салсын деп жазды.

Екіншісі, бұл барлық әйелдерге қатысты дейді (яғни, мұсылман әйел жамылғысын барлық әйелдер алдында шеше алады). Біз осы пікірді қабылдаймыз, ал салихалы бұрынғылардың пікірі кемелдікте негізделген (истихбаб)» [22]

Көріп отырғанымыздай, имам әр-Рази(рахимахуллаһ) екінші пікірді қабылдаған, сол бойынша, әйелге мұсылман емес әйел алдында махрам ер адам көзінше ашуға болатын жерлерді ашуға рұқсат.

Соған қарамастан, ғалымдардың көпшілігі алғашқы пікірді ұстанады және бұл — осы мәселе бойынша ханафи мазхабының пікірі. Имам әл-Хаскафи (рахимахуллаһ):

«Сенімді пікір бойынша, мұсылман емес әйел махрам емес ер адам секілді. Сәйкесінше, оған мұсылман әйелдің денесіне қарауға болмайды»[23]

Алләма Ибн Абидин (рахимахуллаh) түсіндіруі:

«Мұсылман әйелге яһуди, христиан, не атеист әйел алдында жамылғысын шешуге болмайды… Одан бөлек, күнәхар (пасық) әйел салихалы әйелдің денесін көрмегені дұрыс, өйткені сол пасық әйел әлгінің денесін ер адамдарға суреттеп беруі мүмкін, сондықтан жамылғыны (жилбаб) немесе орамалды (химар) шешпеген абзал».

Ибн Абидиннің сөзінен мұсылман емес әйелдердің алдында жамылғы шешуге рұқсат етілмеуінің негізгі себебі — олардың мұсылман әйел бейнесін бөгде ер адамдарға суреттеп беру мүмкіндігі.

Сонымен, мұсылман емес әйелдер арасындағы әуретке бет, қол буыны, табаннан басқа бүкіл дене жатады. Сол себепті, әйелге мұсылман емес әйел алдында баршалықты әуретін жабуға тырысу қажет. Соған қарамастан, қиын жағдайларда мұсылман емес әйелдер алдында дене бөлігін ашуға рұқсат етіледі.

Мұсылман емес әйел алдында әурет жабу жөніндегі шариғат шешімі басқа жағдайлардағыдай қатал емес. Өйткені, біріншіден, ғалымдардың арасында қайшылық бар, екіншіден, басқа әйелдер арасында жабыну аса қиын болатын жағдайлар бар. Құранның ұлы тәпсіршісі, әл-Алуси (рахимахуллаһ) былай дейді:

«Бұл пікір (мұсылман емес әйелдер алдында жабынудың парыз еместігі) бүгін біздің заманға жақынырақ келеді, өйткені олардың алдында аурат жабу мүмкін емеске жақын».[24]

Қорыта келе, мұсылман әйелге мұсылман емес әйелдің алдында мүмкіндігінше жамылғысын шешпеген абзал, әсіресе ол мұсылман әйелдің бейнесін басқаларға суреттеуі мүмкін болса. Бұдан бөлек, біздің заманда «лезбияндық» секілді фитна көп таралғандықтан, мұсылман әйелге мұсылман емес әйелдермен қатынаста сақ болу қажет. Соған қарамастан, толық жабыну қиынға соқса, әйелге әуретінің барынша аз бөлігін ашуға рұқсат.

ж) Махрамға жататын мұсылман емес ер адамдар алдындағы әурет

Әйелдің мұсылман емес махрам алдындағы әуретіне келсек, мен бұл жөнінде ханафи мазхабындағы шариғат шешімін таба алмадым.

Бірақ, ең ықтимал жауап, мұсылман емес махрам, мұсылман махраммен бірдей дәрежеде екендігі. Яғни, әйелге олардың алдында іш, арқа және кіндіктен тізеге дейінгі бөліктен басқа бөлікті ашуға рұқсат. Бірақ, фитна қаупі болмауы шарт.

Оған екі себеп бар:

Біріншіден, Құран аяттарында және ғалымдар (фақиһ) сөзіндерінде махрамдар жайында жалпылай айтылады, яғни мұсылман не мұсылман емес деп ажыратылмайды. Құран әйелге әке, бауыры, баласы т.б. алдында аурат ашуға рұқсат етеді (жоғарыда айтылған мөлшерде) және олардың мұсылман болуы шарт емес.

Екіншіден, фақиһтар анық түрде әйелді Меккеге оның махрамынан мұсылманға жатпайтыны да апара алатынын айтты.

Имам әл-Хаскафи (рахимахуллаһ):

«Әйел адам қажылыққа өзінің күйеуімен немесе махрамымен бара алады, тіпті ол (махрам) құл, не мұсылман емес, не сүт бауыр болғандықтан махрам болса да. Ол балиғат жасына жетіп, ақыл тоқтатқан болуы керек. Ал балиғат жасына жақындаған бала, бұл жағдайда балиғатқа жеткен болып есептеледі, бірақ бұл отқа табынушы, бұзылған, бұзықтарға қатысты емес»

Алләма Ибн Абидин (рахимахуллаһ) түсіндіреді :

«Махрамның ішінен отқа табынушылармен сапарға шығудың тыйым салынуының себебі – олар (отқа табынушылар) жақын туыспен некені рұқсат деп есептейді.» [25].

Имам әл-Касани (рахимахуллаһ)айтты:

«Махрам бұл -неке мәңгілікке тыйым салынған адам …оның құл не азат екеніне байланысты емес, өйткені құлдық жақын туыстыққа (махрамияға) кедергі болмайды және де оның мұсылман, мұсылман емес, не атеист екеніне (мүшрик) байланысты емес, өйткені мұсылман емес махрам әдетте әйелге қорғаныш бола алады. Бірақ, бұл отқа табынушыларға қатысты емес, өйткені олар жақын туыспен некені рұқсат деп есептейді.» [26].

«Фатхyл-Қадирде» айтылғандай:

«Әйел адамға отқа табынушыдан басқа кез келген махраммен сапарға шығуға рұқсат, өйткені отқа табынушылар онымен некені рұқсат еткен»[27].

Шафиғи махабында мұсылман емес махрамның алдында жамылғына шешуге болатыны жайлы анық айтылған мәтін бар. Имам Ибн Хаджар әл-Хайтами (рахимахуллаh):

«Жақын туыстың (махрам) кіндік пен тізеге дейінгі бөлігіне қарауға болмайды, ал қалған жерлеріне қарау үшін қызығушылықтың (шахауа) жоқ болуы шарт. Бұл мұсылман емес адамға да қатысты, өйткені жақын туыстық (махрамийя) некеге тыйым болады, сол себепті олар екі әйел немесе екі еркек секілді болады» [28] деді.

Осылайша, әйел адамға денесін (кіндік пен тізеге дейінгі бөлік және арқа мен ішінен басқа) мұсылман емес махрамның алдында ашуға болады. Алайда, төмендегі екі шарт орындалуы тиіс:

1) Қызығушылықтың (шахауат) болмауы және азғыруға (фитна) берілмеу, әсіресе қазіргі заманда мұсылман еместердің арасында инцест көп таралғандықтан

2) Мұсылман емес жақын туыс, жақын туыспен некені рұқсат деп есептейтіндерден болмау керек.

Қорыта келе, біздің тақырыптың үш маңызды мәселесіне көңіл бөлейін:

Біріншіден, жоғарыда айтылып кеткен (түрлі жағдайларда) жабылуға тиісті дене мүшелерінің барлығы кең және мөлдір емес (дененің түсін көрсетпейтін) киіммен жабылуы тиіс. Киім дененің кескіні көрінетіндей жабысып тұрмау керек, және дененің түсін ажырататындай мөлдір болмау керек. Бұл шарттар орындалмаса, әурет толық жабылған болып есептелмейді.

Имам әл-Хаскафи (рахимахуллаһ) айтқандай:

«Әуретті жабатын киім деп, денені көрсетпейтін киімді айта аламыз».

Алләма Ибн Абидин (рахимахуллаһ) түсіндіреді:

«(Денені көрсетпейтін) дегеніміз, сол арқылы терінің түсін ажырата алмайтын киімді айтамыз. Жұқа немесе мөлдір киім қарастырылмайды. Соған қарамастан, матаның тығыздығының себебінен терінің түсі ажыратылмаса, бірақ ол денеге жабысып тұрса, бұл намазды бұзбайды… Алайда, сол дене бөлігіне қарауға болмайды» [29].

Ибн Абидиннің осы түсініктемесінен түсінетініміз, намаздың кезінде киім арқылы тері көрініп тұрса, намаз есептелмейді.

Денеге жабысып тұратын киім кию, өз алдына намазды бұзбайды, бірақ ондайдан сақтанған жөн.

Екіншіден, қызығушылықтың (шахауат) немесе азғырудың (фитна) мүмкіншілігі болса, әйелге толық жабыну парыз болады, тіпті жоғарыда жамылғыны шешу рұқсат етілген жағдайларда да. Жағдайға қарап, әйел адам не істерін өзі шеше алады.

Үшіншіден, әуретті аса мәжбүр болғанда, мысалы, медициналық жәрдем алу кезінде ашуға болады. Алайда, тек қана ем қажет ететін бөлікті ашуға болатынына үлкен көңіл бөлу қажет. Егер де жыныс мүшелеріне ем қажет болса, бұны бірдей жынысты адам жасағаны дұрысырақ. Мұндай мүмкіншілік болмаса, өзге жынысты маманға жүгінуге болады, бірақ шариғаттың заңдары мен ережелері толықтай орындалуы тиіс.

Алләма Ибн Абидин (рахимахуллаһ):

«Дәрігер ер адам болса, оған емдеу мақсатында әйелдің ауруға шалдыққан жеріне қарауға болады, бірақ сол жерге қарауға қажеттілік болуы және тек ем қажет ететін бөліктің ашылуы шарт. Егер де әйелдің жыныс мүшелері ауруға шалдықса, емді әйел адам жасауы тиіс, өйткені оның жыныс мүшесіне әйел адам қарауының зардабы азырақ.»30.

Біз әйел әуреті тақырыбын терең қарастырдық. Әуреттің шектеулері түрлі жағдайларға және адамдармен қарым-қатынасқа байланысты өзгеріп тұруы мүмкін. Бұның негізгі идеясы — Исламның адамды қандай жағдайда болмасын бұзықтық пен ұятты істен сақтайтын өмір салтын ұстануға шақыратындығында. Бұл – таза әрі сау қоғамның негізі. Аллаһ Тағала баршамызды тура жолға салып, Ол риза болатындай Шариғат ережелерін ең көркем түрде ұстануға қабілет берсін.

Аллаһ жақсырақ білуші.

Муфтий Мухаммад ибн Адам әл-Кәусәри

daruliftaa.com

Мақала darulfikr.ru сайтынан аударылып, қазақы оқырманға сай өңделді.

1. Ибн Манзур, Лисанул-араб, 9/370.
2. Ағраф сүресі, 31.
3. Абу Бакр ибн әл-Араби, Ахқям әл-Қуран, 4/205, Марифул-Қуран (ағылш.), 3/565.
4. «Сунан» Әбу Дәуд, №641, «Сунан» Тирмизи, «Сунан» Ибн Мәжә .
5. Раддул-Мухтар, 1/405.
6. Марақил-Фәләх, 210.
7. Марақил-Фәләх, 58.
8. Марақил-Фәләх, 242.
9. «Сахих» әл-Бухари, «Сахих» Муслим.
10. «Сунан» Әбу Дәуд, «Сунан» Насаи, «Муснад» Ахмад.
11. Раддул-Мухтар, 1/405, матлаб фи сатрал-аура.
12. «Сунан» Ибн Мәжә, хадис №662.
13. әл-Марғинани, әл-Хидая, 4/461.
14. «әл-Фатауа әл-Хиндиййа», 5/328, «Аль-Хидая», 4/461.
15. Нұр сүресі, 24-31.
16. «Мухтасар» әл-Қудури.
17. әл-Лиубаб фи шархул-Китаб, 3/218.
18. Нұр, 31.
19. әл-Хидая, 4/458.
20. Раддул-Мухтар, 1/406.
21. Нұр, 31.
22. Тафсирул-Кәбир, 8/365.
23. Раддул-Мухтар, 6/371.
24. Рух әл-Маани.
25. Раддул-Мухтар, 2/464.
26. Бадаи әс-Санаи, 2/124.
27. Ибн әль-Хумам, Фатхул-Қадир, 2/422.
28. Тухфат әл-Мухтадж ғала әл-Минхадж.
29. Раддул-Мухтар ғала ад-Дуррул-Мухтар, 1/410.
30. Раддул-Мухтар, 5/261.

Жалғас Сандыбаев – белгілі дінтанушы ғалым, ф.ғ.к.

- Жалғас Сәдуақасұлы, өзіңізге белгілі, ислам атын жамылып, құйтырқылықтың көрігін қыздырып жүрген тәкфіршілер арасында некеге жеңіл қарау үрдісі басым. Біз бүгінгі сұхбатымызда «Ат-Тәкфир уәл-Хиджра» ұйымының некеге байланысты ұстанатын қағидаттары мен оның Қасиетті Құран мен Пайғамбарымыздың (ғ.с.ғ.) хадистерінен қаншалықты дәлел табатыны тұрғысынан өрбітсек деп отырмыз. Сөз тізгіні өзіңізде.

- «Неке» – қасиетті ұғым. Екі жастың арасындағы бір-біріне деген беріктік пен адалдық шарты. Сондықтан қазақ мұны «ақ неке» деп ардақтайды, «ақ некелі жарым» деп мақтанады. Бас қосқан ер мен әйелдің міндетті түрде некелері көпшілік алдында қиылады.

Алла тағала Құранда ер адам мен әйелдің неке қиып, шаңырақ көтеруі турасында былай деген:

«Сендердің тыныштық, тыным тауып орнығуларың үшін өздеріңнен жұбайлар жаратуы және араларыңда сүйіспеншілік пен мейірім пайда қылуы да – Оның белгілерінен» (Рұм: 21).

Ал енді пайғамбарымыз (с.ғ.с.) үйленудің және отбасын құрып, дұрыс өмір сүрудің үлгісін айтады:

«Алла елшісінің (с.ғ.с.) үйіне үш кісі келеді. Олар пайғамбардың (с.ғ.с.) қалай құлшылық қылатыны жайында сұрайды. Пайғамбардың (с.ғ.с.) жасайтын құлшылығын естіген уақытта олар үшін бұл қарапайым, әрі аз болып көрінеді. Сондықтан олар:

– Ол, пайғамбар (с.ғ.с.). Біз ондай бола алмаймыз. Алла оның өткен және келешек күнәларын кешірген, – деп кері қайтады.

Кейін біреуі тұрып:

– Мен түні бойы уақытымды намазбен өткіземін, – деді.

Екіншісі:

– Мен ғұмыр бойы ораза ұстаймын, ауызымды ашпаймын, – деп айтты.

Үшіншісі:

– Ал мен ғұмыр бойы әйелге жақындамаймын, үйленбей өтемін, – дейді.

Мұнан соң осы хабарды естіген Алланың елшісі (с.ғ.с.) бұларға келіп:

– Пәленше және түгенше деп айтқан сендерсіңдер ме? Аллаға ант етемін! Расында мен Алладан сендерден артық қорқамын және сендерден артық тақуалық етемін, бірақ, мен ораза ұстаймын және ауызымды ашамын. Намаз оқимын және демаламын, үйленемін. Ал енді кім менің жолымнан бас тартса, менен емес, – деді», – деген (Бұхари, Мүслим).

Міне, Исламда жоғарыда айтылған ғұмырлық ақ некеден басқа неке жоқ. Бұл анық, және айқын. Ал енді сіз айтып отырған «никях мут‘а» (уақытша неке) немесе араб тілінде оны «никах муаққат» деп те атайды, бұл Исламда жоқ. Мұндай «некенің» мағынасы – уақытша рахат табу, ләззаттану некесі деген ұғыммен сәйкеседі. Өзінің аты айтып тұрғандай оның уақыты шектеулі. Ал «ақ неке» – ғұмыр бойына бірге болуға серт берісу болғандықтан, уақытша некемен үш қайнаса сорпасы қосылмастай кереғар ұғымдар екенін айта кеткеніміз жөн.

- Демек, кейбір кісілердің некені белгілі бір мерзім-уақытқа сыйдырып, оның мазмұн-мағынасына өзгеріс енгізгендерін дұрыс деп айтуға негіз жоқ... Бірақ олардың «дәлелі» бар... «Сенікі дұрыс емес!» деп дүрсе қойғанға «рұқсат етілген неке» деп, уақытша некенің секунд-сағатына дейін алдына тартады...

- Жоғарыда айтқанымыздай уақытша неке дәстүрлі Исламда тиым салынған, керек болса, некенің бұл түрі біздің ата-салтымызда да жоқ. Әлемдегі сүннит ағымына жататын барлық мұсылмандар уақытша некенің харам екеніне бір ауыздан иман келтіреді.

Негізінде, уақытша неке араб жазирасында Исламнан бұрынғы дәуірде болғаны рас. Тіпті, мұны ертеректегі яһуди, парсы сияқты т.б. біраз халықтарда кеңінен тараған үрдіс десек болады. Мысалы, исламнан бұрын болған «никах әл-истибда» (пайдалану некесі). Егер отағасы, бөтен текті немесе беделді адамнан нәсіл алғысы келсе, онда төсектес болуы үшін сол адамға өзінің жұбайын белгілі мерзімге жіберетін болған.

Кейін Ислам келген соң Алла тағала мұндай уақытша некені харам қылды.

Мен сізге осы «уақытша неке» деген сұмдықтың қайдан келіп отырғанын айтайын. Уақытша некені ұстанатын да, дәріптейтін де шииттер. Ал, шииттер негізінен Иран мемлекетінде орналасқан. Нақтырақ айтқанда, Ирандағы рафидиттер ағымы және т.б. Олар кімдер? Рафидиттер дегеніміз – көптеген сахабаларды тілдеп, Құранның кейбір аяттарына күмән келтіріп, күпірлік ететін шектен шыққан шииттердің ағымы. Олардың ұғымы бойынша Пайғамбардың дәуірінде уақытша неке деген болған. Мұның бір ерекшелігі – ақысын берсе болғаны, әйелмен белгілі мерзімге дейін некелесе береді. Көп кісінің шатысатыны да осы тұс.

- Ал, олардың «Тарихта, пайғамбардың жорықтары кезінде уақытша некеге рұқсат етілді» деген сөздеріне не айтуға болады?

- Жаңа заң шыққаннан кейін, бұрынғы заңның күші жойылады емес пе? Маңыздысы сол – ғалымдар бір ауыздан, «Ислам келгеннен кейін уақытша некеге тыйым салынды», – деген пікірді ұстанады. Бұған дәлел ретінде мынадай мәліметті айта кеткенім жөн шығар: Ибн Аббас имам Термизидің «Суннан» хадистер жинағында былай дейді: «Уақытша неке деген Исламнан бұрын болды. Жат жерге келген адам (жолаушы, жауынгер және т.б.) ол жер туралы еш нәрсе білмегендіктен, еліне оралған уақытқа дейін бір әйелмен уақытша некеге тұрады. Ол әйел әлгі адамның заттарын қарайлап, оның жағдайын жасайтын. Бірақ, «Олар өзінің әурет мүшесін жұбайлары мен қол астындағы күңдерінен басқа адамдардан сақтаушылар», – деген аят келген сәтте бұл үрдіс сап тыйылды».

Ахмад ибн Ханбалдың «Муснад» шығармасында уақытша некеге тыйым салынғаны турасында мынадай хабар келеді: «Бір күні ер адам Омардан уақытша неке туралы сұраған еді. Сонда ол ашуланып: «Алланың атымен ант етемін! Пайғамбардың (с.ғ.с.) дәуірінде біз зинақор және азғын болмадық», – деп жауап берді».

Мен оқырманға бір нәрсені баса айтқым келеді. Исламнан алғашқы дәуірде көптеген салттар бар еді, жергілікті мекеннің өзіне тән ата-дәстүрлері болды. Арабтардың отбасы мәселелеріне қатысты үлкен сын айтуға тұрарлық ұстанымдары бар. Оны тарихтан білесіздер. Бірақ ислам келгеннен кейін, шариғатқа жат келетін әрекеттерге тыйым салынғаны да бар. Мәселен, жахилия заманында (Исламнан бұрынғы дәуірде) әкесі қайтыс болса, үлкен ұлы анасына некелесетін дәстүр болған. Сол сияқты дәстүрлердің бірі – әйел өзі қалаған бірнеше еркекпен көңіл қосып, төсектес болатын еді.

Әйел адам бірнеше ермен көңілдес болғандықтан, дүниеге келген сәбидің әкесінің нақты кім екенін анықтау қиын. Сондықтан ол әлгі бірнеше ер адамның арасынан қалаған біреуін таңдап, соны баланың әкесі деп танитын. Ал енді «Пайғамбардың дәуірінде осындай дәстүр болған», – деп, осы нәрсеге бой ұрдық па? Жоқ! Ислам тыйым салған көптеген үрдістердің арасында уақытша неке де бар еді. Өкінішке орай, оның тарихта болғанын мың қайталаудан танбайтын кей топтар «нәпсі некесіне» тыйым салынғанын айтуға келгенде марғау. Себебі, көңіл рахаты мен шаһуат ләззатын қалаған адам қалай болғанда да түрлі сылтаулар айтып, Ислам қағидаларын өзіне бейімдеп алуға жақын тұрады.

- Олай болса, некеге жиі тұрып, тиісінше, талақты да еш қиналмай айта салатын ер кісілердің адасуына не себеп?

- Әлгінде атап өткендей, уақытша неке ұғымы пайғамбарға дейінгі дәуірде болған ғұрыптарға жатады. Шииттердің және уақытша некені қолдаушы ағымдардың да басты қателіктері мына аятқа қатысты болып отыр:

«Сондай-ақ, некелі әйелдерге үйленулерің – харам, бірақ, қолдарыңдағы күңдер, бөлек. Алланың сендерге бұйырғаны – осы. Бұлардан басқа әйелдерге мәһір беріп қалауларың, намысты сақтап, зина жасамай үйлену – адал қылынды. Олармен қосылсаңдар ақысы ретінде мәһір беріңдер. Мәһірді анықтаған соң өзара келісетін болсаңдар, сендерге күнә жоқ. Шын мәнінде, Алла барлығын білуші, даналық иесі» (Ниса: 24)

Себебі, пайғамбар (с.ғ.с.) дүние салғаннан кейін Ибн Аббас осы аятқа түсіндірме береді. Сол уақытта, ер адамның басқа амалы жоқ, шарасы таусылған кезде әйелдің ақысын беріп, уақытша неке құруына рұқсат деген ойын айтады. Өйткені, өздеріңіз білетіндей, егер адамда аштықтан өліп кету қауіпі болса, онда Ислам ол адамның өміріне қауіп төнбесі үшін доңыздың етінен жұқалап қана жеуіне рұқсат береді. Ибн Аббас та осы ережені негізге ала отырып, жоғарыдағы аятқа «егер адамның басқа шарасы жоқ болса, онда әйелдің ақысын беріп, уақытша неке құруына рұқсат» деп түсіндірме берген еді.

Бірақ, сол уақыттағы белгілі ғалым-сахабалар Ибн Аббастың бұл пікірін теріске шығарады. Өйткені, уақытша некеге пайғамбардың (с.ғ.с.) өзі тыйым салып кеткен еді. Мысалы, Ибн Аббастың мұндай пікірін естіген хазіреті Әли дереу оған келіп, ашуланған күйде: «Шын мәнінде, сен адасқан екенсің... Алланың елшісі (с.ғ.с.) Хайбар шайқасында уақытша неке жасауға және үй есегінің етін жеуге тыйым салды», – деп оның қателескенін айтады. (Бұхари, Мүслим, Мәлик және т.б.)

Сондай-ақ, Ибн Аббастың мұндай пікіріне белгілі сахабалардың бірі Абдулла ибн Зубайыр да қарсы шыққан. Ал енді Термези, әл-Байхақи және Табарани секілді ірі ғалымдар Ибн Аббастың уақытша некеге қатысты айтқан пікірін өзгерткені жөнінде хабар берген. Қалай болғанда да Ибн Аббас: «Уақытша неке рұқсат», – деп ешқашан табандылық танытпаған және оны дәлелдемеген де.

Расында да ғалымдар Ибн Аббастың «егер адамның басқа шарасы жоқ болса, онда әйелдің ақысын беріп, уақытша неке құруына рұқсат», – деп берген түсіндірмесінің қате екенін айтып, жоққа шығарған:

Біріншіден, адамның өміріне қауіп төнген уақытта, оған әлденіп алуы үшін доңыздың етін жұқалап қана жеуге рұқсат. Өйткені, адам аштықтан өліп кетуі мүмкін. Ал енді уақытша некеге келсек, онда Ибн Аббас айтқандай «адамның өміріне қауіп төніп» тұрған жоқ. Өйткені, адам төсек қатынасына түспесе өліп қалмайды. Сондықтан, жоғарыдағы аят уақытша некені меңземейді.

Екіншіден, жоғарыдағы аятта некелі әйелдің басқа адам үшін харам екені анық айтылады: «Сондай-ақ, некелі әйелдерге үйленулерің – харам». Сонымен қатар бұл аят намысты қорғауға шақырады:«...намысты сақтап, зина жасамай үйлену». Ал енді уақытша некенің мақсаты – намысты сақтау емес, керісінше ләззат алу, уақытша рахатқа бөлену. Сондықтан, мұндай неке ер адамды да, әйелді де зина жасаудан және құмарлыққа еріп кетуден сақтай алмайды. Намысты қорғамайды. Мұндай неке Ислам шақыратын «ақ некеге» қарама-қарсы.

Үшіншіден, егер ер адам: «Мен қатынас қылмасам өліп кетуім мүмкін. Менің өміріме қауіп төніп тұр», – деген пікірді алға тартса, онда пайғамбардың (с.ғ.с.) мына хадисіне назар салып, ораза ұстасын.

«Ей, жігіттер! Үйленуге жағдайы барыңыз үйленсін. Үйлену – көзді харамнан, бойды күнәдан сақтайды. Үйленуге жағдайы жоқтар ораза ұстасын. Себебі, ораза ол үшін қалқан»(Бұхари, Әбу Дәут, Нисай және т.б.)

- Уақытша некеге пайғамбардың өзі бірнеше рет тыйым салды емес пе?.

- Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «хадж әл-уадағ» – қоштасу қажылығында да уақытша некені екі мәрте айтып тыйым салған деген хабар бар.

Сол сияқты Әр-Раби ибн Субра әл-Жуһанидің әкесі пайғамбардың (с.ғ.с.) қасында болған сахабалардың бірі. Бұл кісі әкесінің жеткізген хадисі жөнінде былай дейді: «Менің әкем: «Алланың елшісі (с.ғ.с.) Меккені алған жылы уақытша некеге тыйым салды», – деп айтты (Мүслим, Әбу Дәуіт, Ахмед және т.б).

Хазіреті Омар халифа болып тұрғанында: «Уа, халайық! Аллаға қасам етейін. Кім де кім отбасылы бола тұрып, уақытша неке қиятын болса, мен оны таспен атқызам», – деген. Уақытша некенің қаншалықты харам екенін осыдан-ақ көре беріңіз. Бәлкім сіз Омардың «...отбасылы бола тұрып, уақытша неке қиятын болса», – деген сөзіне қатысты: «Алайда, бұл жерде бойдақ адамдар айтылып отырған жоқ, тек үйленгендерге ғана қатысты емес пе?» – деп сұрауыңыз мүмкін. Рас, хазіреті Омар мұнда бойдақтарды қосып айтпады. Өйткені, бойдақ адамның жағдайы онсыз да белгілі. Ондай адам иә үйленеді, немесе бойындағы шауһаты көп болып, күнә жасау қауіпі бар болса, онда ораза ұстайды. Егер ол уақытша неке қиса – зина саналады.

«Дайм әл-Ислам» атты шығармада әл-Мағриби есімді қази (сот) уақытша некенің тыйым салынғаны туралы Әли ибн Әбу Талибтың мынадай сөзін келтіреді:

«Келін жақтан өкіл және екі куәгер болмаса неке жүрмейді. Бір немесе екі дирһем беріп, күндік немесе екі күн үшін некені қиюға болмайды. Бұлай жасау – жезөкшелік. Некеде ешқандай сылтауға жол жоқ».

- Уақытша некенің қоғамға тигізер зияны көп. Әсіресе, «талақ» естіген қыз-келіншектің халі баршамызды алаңдатады. Сіз бұл тұрғыда не айтар едіңіз?

- Сіздерге уақытша некенің адам өміріне, қоғамға келтіретін зиянына қатысты өмірден нақты бір-екі ғана мысал келтірейін. Жақында Атыраудан жақын жолдасым келген еді. Ол кісі имамдық қызметте. Оның есімін айтпай-ақ қояйын. Сол кісінің аузынан естіген әңгімем еді. «Бір күні маған бір әжей келді, – дейді ол, – ашулы, ашуланғаны соншалықты қолындағы сүйеніш таяғы қозғалып тұр. Қасында ұлы және келіні бар екен. Кеудесіне сыймаған ызасымен маған:

– Ей, имам! Мына тұрған менің ұлым және келінім. Келінім жақында ауруханаға жатып еді. Сол ауруханадан келгелі күйеуімен бір төсекте жатпайтын болды, – деді.

Байқауымша, өзі де, баласы да, келіні де намаз оқиды екен. Мен:

– Неге, апа? – деп себебін сұрадым.

– Білмеймін балам. Бірақ, ауруханада бір жігіттер келіп, «Егер күйеуің дұрыстап намаз оқымайтын болса, тиісті амалдар қолданбаса, демек, ол – кәпір. Ал, кәпірмен мұсылман әйелге жатуға болмайды», – деп келіннің құлағына әбден бір нәрселерді жақсылып құйып кетіпті. Сондықтан енді келінім бөлек, балам бөлек жатады. Осындай сұмдықты көрдің бе? Бірақ, келінім жаңағы кісілермен түнімен телефонмен сөйлесіп шығады. Осындай нәрсе дінімізде бар ма, шырағым? – деп менің түсіндіруімді сұрады».

Енді осы жағдайды дұрыс түсінуге немесе түсіндіруге болады ма? Көзі ашық, иманды адам осылай жасайды ма? Бұдан айрандай ұйып отырған отбасы бұзылған жоқ па? Келешекте осындай жағдайлардың қоғамда көрініс алмасына кім кепіл бере алады? Жарайды, бұл бірінші жағдай деңіз.

Екінші мысал, мешітте қыз балаларға дәріс беретін таныс ұстазым бар. Сол кісінің айтқан оқиғасы: «Бір күні маған: «Мен не жазып қойдым?!», – деп жас қыз жылап келді. Көзін сүртіп, әңгімесін әрі жалғастырды: «Күні кеше некелесіп, алғашқы ақ түнімізді өткіздік. Таң атқанда әлгі күйеуім «талақ» деп кетіп қалды», – деп тағы жылап жіберді».

Ал, енді осындай қарындастарымыз қанша? Мұндай сұмдықты көрген қыз өмірден түңілмейді деп ойлайсыз ба? Құдайдың өзі сақтасын, мұндай күйзелістегі адам басқа бір жат пиғылды теріс ағымның ықпалында кетіп, кекшілденіп басқалай жолға түсіп кетпейді ме? Осы сияқты келешек ананың жағдайы не болмақ? Бұл екі мысалды да мен ойдан шығарғаным жоқ. Бұл біздің қоғамымызда көрініс тапқан екі ғана оқиға. Ал, біздің білмегеніміз және естімегеніміз қанша? Бұл да бүгінгі қоғам алдында тұрған үлкен мәселелердің бірі. Мұны жалғыз Діни басқарма шеше алмайды. Қазақ: «Көп көтерген жүк жеңіл», – деп айтады. Дін, қоғам қайраткерлері, ұстаздар мен тиісті органдар, қоғам және жекелеген адам бұл мәселенің шешілуіне мүдделі болуы керек. Яғни, қарасаңыз қоғамда дін атын жамылғандар жастардың білместігін пайдаланып, арбап жатыр. Ал енді бұл әрекеттерге баға берер болсақ, бұл жай ғана нәпсіқұмарлық.

- Неке уақытша, ал, ол некеден пайда болған отбасы мен балалар алдында ер кісінің қандай да болсын жауапкершілігі бар ма?

- Әңгіме сонда болып тұр. Уақытша некенің ақ некеден айырмасы – ер адам уақытша некенің салдарынан пайда болған бала үшін жауапты емес. Уақытша некенің «шарты» бойынша ол адам балаға да, отбасы үшін де асыраушы болып табылмайды. Өйткені, ол әйел уақытша некемен өмір сүретін болса, онда құрсағындағы бала әкесінің кім екенін де білмейді емес пе? Сол сияқты ер адам да ол баланың кімнен туылғанын білмейді. Сондықтан да мұндай неке – рахат табу, нәпсінің құмарын қандыру некесі болмақ. Орайы келгенде айта кетейін. Ақ неке бойынша отау құрудың жалпы шарттары мынадай:

– некенің күші ғұмыр бойына жүреді;

– отбасын құрып, бала-шағаны асырау;

– ер адам отбасының асыраушысы;

– ажырасқан жағдайда мүлік ер мен әйелге тиісінше бөлінеді;

– бала әкесінің тегімен аталады;

– ажырасқан жағдайда әйелдің құрсағында нәрестенің бар немесе жоқ екенін анықтау үшін әйел басқа адамға тұрмысқа шықпай белгілі уақыт күтеді және т.б.

Ал енді уақытша некеде адамға мұнша міндеттемелер жүктелмейді. Басқаша айтқанда, ер адамның алдында уақытша құрған отбасы үшін жауапкершілік жоқ. Келісілген ақы төленеді және уақыт белгіленеді.

Айтпақшы, өмірінің біраз уақытын «Неке» мәселесіне арнаған Шальтут есімді ғалым өзінің «Әл-Фатауа» (пәтуалар) жинағында уақытша некеге қатысты: «Әйелге бір жылда он бір еркекке тұрмысқа шығуына, ал ер адамға күн сайын басқа әйел алуына рұқсат беріп, оған ешбір отбасылық міндет жүктемейтін заң – Алланың заңы емес», – деп ойын түйіндеген.

- Соңғы сұрақ – бұл мәселеден шығудың қандай жолы бар?

- Білімсіздік - адамзаттың дұшпаны. Білімсіз адам көрінгеннің жетегінде кетеді. Жастарымыз діни мәліметтермен ақпараттанбаған, сондықтан, имандылыққа жақын тұратын дархан қазақтың ұл-қыздары аузында Алласы, арғы жағындағы пиғылы – теріс адамдардың соңынан еріп кетіп жатыр. Әрине, бұл өкінішті. «Тиісті заң шығару керек» деп айта салу оңай. Заң шығарылып, ол дереу орындалып кетіп жатса, қанекей?! «Уақытша неке дәстүрлі исламда жоқ екен», – деп арқаны кеңге салуға тағы болмайды. Имандылықты насихаттайтын «Асыл арна» сол сияқты облыс аймақтарында жүргізілетін «Жұмадағы жүздесу», «Иман айнасы» және т.б. түрлі діни бағдарламалардан, телеарналардағы теле-шоу бағдарламаларында имамдар мен мамандарды шақырып, түрлі тақырыптар бойынша діни ақпарат молынан беріліп отыруы қажет. Исламдық интернет порталдарында және ұлттық радио толқынында сұрақ-жауаптар, сұхбаттар ұйымдастырған да дұрыс шығар. Яғни, адасып жүрген азаматтарымыз дұрыс мәліметті естіп, түсінсе болғаны.

Тағы бір ескерер жайт, уақытша некеге шақырушылар көбіне өтірік тақуа көрінеді. Алланың жолында жүргендей боп, қыздарымызды еріксіз баурауы мүмкін. Әр қадамында орынды-орынсыз жаттанды аят-хадистерді жиі айтып, данагөйсиді. Амалына қарағанда сөзі көп, яғни, өзі амал қылғаннан гөрі басқаға ақыл айтқыш. Егер басқаға айтқан амалын өзі істемесе (намазын толық оқымаса, дәрет алуға немқұрайлы қараса, оразасын дұрыс тұтпаса және т.б.), оның себебін сұрасаңыз, онда дереу ақталып шыға келеді, сылтауы таусылмайды. Бойында осы сияқты қасиеттері бар адам әдетте, дінді жамылады, қасындағыларға жақсылық алып келмейді. Міне бұл сөз нағыз бүгінгі бүлікшілерге қарата айтылған сөз. Сайт оқырмандары осы нәрсенің байыбына барса деген тілегім бар.

- Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Шарафат Рысбайқызы

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником