Қолдарыңыздағы кітап хадис пен сүннеттің дініміздегі орны мен қазақ халқының дүниетанымындағы, тұрмыс-тіршшігіндегі. рухани құндылықтары мен көркем мәтіндеріндегі мән-маңызын саралайды. Бұл кітап ұлт тағдыры, ділі мен мәдениетінің жанашырларына және барша оқырман қауымға арналған.
Бұл құран шэриф қазақша мағына және түсінігі шарапатты екі харамның қызметкері Фаһд патша Ғабдүлғазіз ұлы сауд семьясының сыйлығы.
Қасиетті Рамазан айында ораза ұстаушылар ауыз бекітудің артықшылықтары мен сауабы жайлы мәлімет іздейтіні хақ. Ендеше, сүйінші сұраймыз: «Мүбәрак Рамазан» атты жаңа кітап жарық көрді. Авторы – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы. Кітапта оразаның қыр-сыры, оған қатысты мәселелер жайлы қанықты мағлұматтар берілген.
Рамазан айының артықшылықтарын, оразаға қатысты жиі қойылатын сұрақтардың жауабын, Қадір түнінің қадірін «Мүбәрак Рамазаннан» табасыз. Айтпақшы, Ораза айт туралы мәліметтер де осы кітапта. Оқыңыз, мәлімет алыңыз. Кітаптың pdf түрін өзіңізге жүктеп алыңыз...
Кітаптың ерекшелегі сол, тілі жатық әрі сенімге селкеу түсіретін сауалдарға нақты жауап жазылған. Ол сүннет жолын ұстанған үмбеттің санасында таcқа басылғандай таңбаланған таным тұғырларын талдап, тұғырлап берген бірегей дүние. Қаншама ғасырлар өтсе де алға қарай ұласуынан жаңылмайтын ұстынды ұстанымдар қазіргі ұрпаққа алдыңғы толқыннан жеткен аманат. Пайғамбарлардан қалған өсиеттердің өзектері.
Ендеше намаздың алдында тұратын иман парызының негіздерін нығырлап, мұсылманның ғұмырлық кредосын нақтылап беретін еңбектің игілігін исі мүміннің бәрі көрсе игі, сол арқылы ұмытылған құндылықтарын құнттап, ұлықтай білсе игі. Сонда ғана санада сарсыған талай саулдардың, шайтанның шатастыруынан шыққан шүбә-шәктердің шешімі оп-оңай табылары хақ. Кітаптың pdf түрін өзіңізге жүктеп алыңыз...
Қостанай Марал ишан мешіті Қостанайдағы Ақмешіт. Қазір Марал ишан мешіті деп аталатын тарихын ХІХ ғасырдан бастайтын көне мешіттердің бірі – Ақмешіт. 1879 жылы Тобыл өзені жағасынан бой көтерген Қостанай бас-аяғы бес-алты жыл ішінде өндіріс орындары ашылып, жан-жақтан ел жиналып, өсе келе, аймақ орталығына айналды. Қалаға мұсылмандар көптеп орнығуына орай имандылықты насихаттайтын мешіт мәселесі қолға алына бастайды. Арақарағайдағы Мінайдар болыс өзіне қарасты игі жақсыларды Қостанайға шақырып мешіт салу жайлы ақылдасады. Бірақ оны қалай салу керек, қанша қаражат қажет, құрылыс материалдарын, шеберлерді қайдан алдыруға болады? Жұрт содан кеңесе келе болысқа қарасты әр түтін, әр шаңырақтан бір ірі қарадан жинауға келіседі. Сөйтіп осынау игі іске Мінайдар болыс, Нұржан ақын, Кәрім, Есентай қажы, Лекер қажы сынды қазақ байлары қаржы бөліп, елді ұйыстыруға мұрындық болады. Қостанайлық татар көпесі Әбдуәлі Яушев «жиналған малды Троицкіге жеткізіп беріңдер, мешіт салуды өз жауапкершілігіме аламын», — дейді. Дүние-мүлік Троицкіге жеткізіледі. Бұдан кейін құрылысқа қажет керек-жарақтар келе бастайды. Санкт-Петербургтен арнайы сәулетшілер, қазаннан шеберлер де келеді. Олардың жатар орны, тамағы Арақарағай болысының мойнында болады. Сөйтіп 1893 жылы Қостанай мешітінің құрылысы аяқталып, пайдалануға беріледі. Мешіт аумағы – 844,3 шаршы метр, ғимарат аумағы – 5550 куб метр, жалпы аумағы – 821,4 шаршы метр. Биіктігі – 4, 510; бір күмбезді, бір мұнаралы, күмбезінің биіктігі – 18,890, мұнарасының биіктігі – 22,745, 1000 адамға арналған. Аллаһ үйі 1930 жылға дейін халыққа қалтқысыз қызмет етті. Одан кейін жұмысшылар клубына айналды.
Ұлы Отан соғысы жылдары онда эвакуациялық пункт орналасты. Соғыстан кейінгі жылдары кинотеатр, 1980-1991 жылдары филармония жайғасты. 1991 жылғы 1 қарашада мешіт халыққа қайтарылды. Сол жылы 70 жыл үзілістен кейін алғаш рет Құрбан айт намазы оқылды.
Мешіт күрделі жөндеуден өткізілді. 1993 жылы жүз жылдық мерейтойы аталып өтті. Бірақ мешіт ескіріп тозғандықтан, оны әуелі қалпына келтіру қажет еді. Соған байланысты жергілікті кәсіпкерлер мен арлы азаматтардың атсалысуымен мешіт қайта жаңғыртылды. Алынып тасталған күмбезі қалпына келтірілді, мұнарасы ұзартылды, іші де шариғатқа сай өңделіп, арнайы әйелдер залы, оқу бөлмелері, ерлер залына жағалай сөренгілер салынып, Алла үйі мың адам еркін ғибадат етуге лайықталып қайта жабдықталды. Бұл іс 2001 жылдың 28 қазанында аяқталды.
2002 жылы мешітке ғұлама ғалым Марал ишан Құрманұлының есімі берілді.Мешіт жанында арнайы салынған медресе үйі бар. Бірақ қашан салынғандығы жайлы мәлімет жоқ. Бұл үйде қазір Халықтық Банк бөлімшесі орналасқан.
Алтынсарин аудандық «Алдиярұлы Жанұзақ» мешіті облыс орталығынан елу шақырымдай жерде.
Мешіт 1995-1998 жылдары шаруа қожалықтары жетекшілері, жеке кәсіпкерлер мен халықтан түскен қаражатқа салынған. Ғибадат үйінің жалпы жер көлемі 0,1253 шаршы метр. Оның іргетасы бетоннан, қабырғасы кірпіштен қаланған. Мешіттің (күмбезімен) биіктігі 5,7, мұнара биіктігі 7,1 метр. Жалпы мешіттің ұзындығы 13,15, ені 13,00 метрді құрайды.
Мешітке халық ұсынысымен батыр Жанұзақ Алдиярұлының есімі берілді.
«Сатыбалды ишан» мешіті Амангелді ауданының орталығы Амангелді аулында. Оның іргетасы 1992 жылы қаланды. Жалпы ауданы 9 мың шаршы метр. 300 намазханға арналған. Мешітте сауат ашу курсына арналған 2 бөлме бар. Мешіттің маңызды, әрі көрнекті орны михраб болғандықтан оған көркем етіп Фатиха сүресі, төр жақ маңдайшасына «Аяту-л курси» жазылған. Мешіттің оң жақ қанатында имам бөлмесі, сол қанатына неке қию залы орналасқан. Мешіттің негізгі залы гипспен жасалған қазақи оюлармен өрнектелген. Ғибадатхана мұнарасының биіктігі 14,9 метр. Кіре беріс қапталға биіктігі 8,7, ені 24 шаршы метр үлкен күмбез орнатылған. Мешіт сөйтіп 1993 жылдың 29 қазанында намазхандарға есігін айқара ашты.
«Құмкешу» мешіті Амангелді ауданы, Құмкөшу ауыл округі. Мешіт құрылысы 2006-жылы 6 сәуірде басталып, осы жылы 21-қырқүекте аяқталды. Мешіт жерінің жалпы көлемі 150м 2. Ғимараттың жалпы көлемі 100 м2.
Сиымдылығы 50-60 адам. Мешіттің биіктігі 2 3 метр, формасы төрт бұрышты. Өрнекпен безендірілмеген, сәулеттік ерекшілігі жоқ. Күмбезі мешіттің кіре берісіне орналасқан, биіктігі 2 метр, көлемі 12м 2. Мешіттің екі жағында екі мұнарасы бар,биіктігі 5 метр.
«Сарбас қажы» мешіті. Амангелді ауданы, Үрпек ауылында орналасқан. 1992 жылы салынған. Мешіт жерінің жалпы көлемі 375 м 2. Ғимараттың жалпы көлемі 100 м2. Сиымдылығы 70 адам. Мешіттің биіктігі 2,9 метр. 1 мұнара, 1 күмбезі бар.