Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Құран – барша адамзат пен жындар әлеміне ақыретке дейінгі бүкіл заманға түскен Иләһи мәңгілік үкімдер мен тәлімдердің қайнар көзі. Онда әрбір құбылыс пен тіршілік иелерінің сыпаты өз маңыздылығына қарай қымтылған. Шексіз ілім және құдырет иесі жіберген Қасиетті Кітапта жаратылыстағы барлық ақиқаттар мен ілімдердің дәнегі сақталған. Құран – күллі әлемнің ықшамдалған мазмұны іспетті. Сонымен қатар ол – араб тілі мен әдебиетінің және жалпы көркем сөз өнерінің түрлі заңдылықтарын толықтай ішіне бүкгіп, сөз зергерлерін еріксіз бас идірген иләһи кітап. Араб тілінің ерекшелігіне сай онда мағыналық тұрғыдан кең мағыналы аяттар, жалпыға тән және арнайы-жеке, шегі нақты бекітілген кейде нақты бекітілмеген үкімдер, түрлі мағыналарды білдіретін ортақ сөздер, метафоралық, метонимиялық, ұғым-категориялар да бар. Мүнымен қоса Құранда бәріне ұғынықты (мухкәм) және ұғыну мүмкін емес (Оның шынайы ақиқаты Жаратушыға ғана мәлім – мутәшәбиһ аяттар), аз сөзге көп мағына сыйғызған аяттар да ұшырасады. Демек, Пайғамбарымызға (с.а.с.) Құранды адамзатқа жеткізумен бірге түсіндіру міндеті де қоса жүктелген. Мұны Құран аяттарынан (Нәхл, 44, Ибраһим, 4) да көруге болады.

Бүкіл әлемдерге рақым етіп жіберілген Аллаһтың Елшісі Мұхаммед (с.а.с.) – Құранның ең ұлық тәпсіршісі. Сол себепті де, Жаратушының иләһи мақсатын ең терең ұғынып, оны өмірінің өзегіне айналдырған Ардақты Пайғамбарымыздың (с.а.с.) ғибратты ғұмыры қияметке дейін келетін адамзатқа бірден-бір үлгі[1]. Қадірменді Айша анамыздың (р.а.) сөзімен айтсақ «Оның мінезі тұнып тұрған Құран»[2] еді.

Құран мен сүннет – ет пен сүйек секілді бір тұтас. Екеуін бір-бірінен ажырату әсте мүмкін емес. Бұған Пайғамбарымыздың (с.а.с.) : «Қиямет күні зекет бермеген адамның алдына мойнына оратылатын улы жылан шығады»[3] дей тұрып, артынша «Сараңдық жасағандары қияметте мойындарына оратылады» (Әли Имран, 180) немесе Мүминнің парасатынан қорқыңдар өйткені ол Аллаһтың нұрымен қарайды»[4] дегеннен кейін дереу «Күмәнсіз мұнда парасатты жандар үшін белгілер бар» (Хижр, 75) аятын оқуы бірден-бір дәлел. Пайғамбырымыз (с.а.с.) осылайша сүннетті аятпен бекітіп отырған.

Сахабалар да Пайғамбарымыздың (с.а.с.) осы ұстанымынан ғибрат алған. Олар кез-келген мәселені Құран мен хадистер бірлігі аясында қарастырып, түсіндіруге ерекше мән берген. Олардың қатарында муксирун (ең көп хадис жеткізген сахабалар) мәртебесіне жеткен Әбу Һурәйра (һ. 58/678 қб), Әнәс ибн Мәлик (һ. 93/712), Әбу Саид әл-Худри (һ. 78/697) және Айша анамыз (һ. 58/678) (р.а.) сынды сахабаларды бөле-жара атауға болады. Мысалы Әбу Һурәйра (р.а.) Пайғамбарымыздың (с.а.с.) «Әр туған сәби таза табиғатымен дүниеге келеді. Кейін оны анасы немесе әкесі яһудей, христиан немесе зороастрист (отқа табынушы) етіп жібереді» дегеннен кейін Аллаһ Тағаланың адамдарды осындай таза табиғатпен жарататындығына байланысты аятты (Рум, 30) оқыған[5]. Пайғамбарымыз (с.а.с.) бен сахабалардың ғибратты тәсілін негізге алған мухаддистер де өз хадис жинақтарының кез-келген бөлімнің басында алдымен сол тақырыпқа байланысты аяттарды келтіріп, содан кейін барып хадистерді беріп отырған. Мұндай жүйені Бухаридің Сахихынан, Бәғауидің Шәрхус-сунна және Нәуәуидің Риядус-салихинынан көруге болады. Яғни, Құран аяттары мен хадистер үнемі бір-бірін қуаттап, бір-бірінің мағыналарын аша түседі.

Мұсылман ғалымдары сүннеттің Құран алдындағы міндетін мына 3 категория[6] негізінде айқындауға болатынын алға тартады:

а). Сүннет – Құрандағы бір үкімді қуаттаушы. Құран мен сүннет ақиқатты ашып беру тұрғысында бір-бірін әрдайым қолдайды. Намаз, ораза, зекет, қажылық, ата-анаға мойынсұну, нақақ кісі өлтіру сияқты көптеген мәселелерде сүннет Құрандағы үкімдерді қуаттайды. Мысалы, «Олармен жақсы қарым-қатынас жасаңдар» (Ниса, 19) деген аятты «Әйелдер қақында Аллаһтан қорқыңдар (олардың құқықтарын сақтау тұрғысынан). Сендер оларды Аллаһтың аманаты ретінде алдыңдар және оларды Аллаһтың атымен уәде беріп өздеріңе халал қылдыңдар»[7] деген хадисімен қуаттаған.

ә). Сүннет – Құрандағы аяттарды түсіндіруші. Сүннет Құрандағы қысқа да нұсқа келетін кейбір аяттардың астарлы тұстарын жеткізіп, түсіндіреді, толықтырады. Жалпылай айтылған үкімдерді арнайы-жеке үкімдерге айналдырады және шегі бекітілмеген үкімдердің ара-жігін айқындап белгілейді

Тақырыпта аша түсу үшін бірнеше мысал келтірелік:

1. Сүннет Құрандағы құлшылыққа байланысты бірден түсінуге ауыр келетін ықшамды аяттардың мағынасын кеңіте түсуі.

Мәселен, намаздың парыз болу мәселесі. Құранда намаздың парыз болуы айқын болғанымен оның қай уақыттарда, қалай оқылатыны, рәкәт сандары және басқа да шарттары кең түрде баяндалмаған. Құранды тәпсірлеуші бірқатар ғалымдар «Күндіздің екі жағында және түннің күндізге таяу уақыттарында намазды орында. Шындығында жақсы істер жамандықтарды жояды» (Һуд, 114) деген аяттан намаздың бес мезгілін шығаруға тырысқанымен «Шындығында намаз мұсылмандар үшін белгілі уақыттарда парыз қылынды» (Ниса, 103) деген аяттағы «белгілі уақыттарды» нақтылап берген – сүннет[8].

Ардақты Елші (с.а.с.) намаз уақыттарын үйретумен қатар оның бүкіл шарттарын, қалай орындалатынын «Намазды менен көргендеріңдей етіп оқыңдар»[9] деу арқылы көрсетіп берген. Егер Құранда бұның бәрі егжей-тегжейлі баяндалатын болса, онда Қасиетті Кітаптың тек намазға ғана байланысты үкімдердің өзі қаншама көлемді беттерді алған болар еді. Сондықтан Құранда көптеген мәселе өте ықшамды түрде беріліп, оның егжей-тегжейлі баяндалуы Аллаһ Елшісіне (с.а.с.) жүктелген. Жоғарыда біз келтірген мысал намазға қатысты үкімдер ғана, алайда Құранда зекеттің де парыз етілгені белгілі, алайда оның қандай нәрселерден және қаншалықты мөлшерде алынатынын сүннет айқындап берген. Сонымен қатар, қажылық та парыз етілген, ал оның негізгі шарттары бізге сүннет арқылы келіп жеткен. Бұл мәселенің және тағы бір қисынды тұсы, егер Құранда кез-келген мәселе егжей-тегжейлі, бүге-шүгесіне дейін баяндалар болса, адам баласына өз ақылын қолдану қажеттілігі де қалмас еді.

Сонымен қатар Аллаһ Елшісі Құрандағы көптеген сөздердің мағынасын араб тілінде сөйлеген сахабалардың өзіне түсіндіріп, баяндап берген. Мысалы, Пайғамбарымыз (с.а.с.) Фатиха сүресіндегі «мағдубун аләйһим» «ашуға ұшырағандар» және «дааллиин» «адасушылар» деген сөздердің астарлы мәнін «ашуға ұшырағандар – иудейлер, ал адасушалар – христиандар»[10] деп ашып берген.

Ән‘ам сүресіндегі «Иман келтіріп, имандарын зұлымдықпен былғамағандар, міне оларға сенімділік бар және олар тура жолға түсірілгендер» (Әнғам, 82) аяты түскен кезде сахабалар «Уа, Аллаһтың елшісі зұлымдықтан (қиянат) қайсымыз ұзақ қала аламыз» деп қатты қорыққан. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.с.) «Ол сендердің ойлағандарыңдай емес, ол зұлымдық – Лұқманның (а.с.) баласына айтқанындай: «Балапаным, Аллаһ Тағалаға серік қоспа! Шын мәнінде серік қосу – үлкен зұлымдық» (Луқман, 13) деп сахабаларының қорқынышын сейілткен[11]. Иә, Пайғамбарымыз осылайша айтып түсіндірмесе бұл аяттың мағынасын біз мүлдем басқаша ұғынып, ондай иманға қол жеткізе алмайтынымызды ойлап, әрдайым мазасыз күй кешер едік.

«(Ораза кезінде) қара жіп пен ақ жіп бір-бірінен ажыратылғанға дейін ішіп-жеңдер..» (Бақара, 187) аяты түскен кезде кейбір сахабалар жастықтарының астына әлгіндегі жіптерді қойып, бұлар бір-бірінен ажыратылатындай болғанға дейін таңертең ішіп-жеулерін жалғастырған. Әлгіндей жағдайдан хабардар болған Пайғамбарымыз (с.а.с.) «ақ жіп» сөзінің мәні – «күндіздің жарығы», «қара жіп» сөзінің мәні – «түннің қараңғылығы» екенін білдіру арқылы таң шапағы атқанға дейін ішіп-жеуге болатынын айтып, мән-жәйды түсіндіріп берген[12].

«Оны тағы да бір рет түсу кезінде көрді» (Нәжм, 13) аятындағы сидрәтуль-мунтахадаАллаһ Елшісінің Аллаһты емес Жебрейілді көргендігі хадистерде айтылған[13].

2. Сүннеттің жалпы үкімді арнайы-жекеге айналдыруы.

Ниса сүресінде «Аллаһ Тағала сендерге балаларыңыз жайында еркекке әйелден екі есе мирас беруді бұйырады» (Ниса, 11) деп балалардың аналарына немесе әкелеріне мұрагер болатынына қатысты жалпы үкім қамтылған. Осы негіз бойынша әр бала мұрагер болатынына қарамастан, Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Біз пайғамбарлар мұра қалдырмаймыз, бізден қалғандар – садақа»[14] деп пайғамбарларға мұрагер болмайтынын ескертіп арнайы үкім айтқан. Сонымен қатар «(мирас қалдырушыны) өлтіруші мұрагер бола алмайды»[15] деп жалпы үкімді жекеге айналдырған.

3. Шекарасы бекітілмеген нақты үкімдерді түсіндіріп, шекарасын белгілеуі.

Мысалы: Маида сүресінің 38-аятында «Ұрлық жасаған әйел мен еркектің қолдарын кесіңдер.. » делінген. Бұл аятта қолдың кесілуі бұйырылған, араб тіліндегі «иад» сөзі толығымен қолды білдіріеді. Алайда қолдың білектен және ұрлық қандай жағдайда жасалғанда кесілетінен сүннет белгілеген[16].

4. Сүннеттің Құрандағы белгілі бір негіздің тармақтарын баяндауы.

Мәселен, Ниса сүресінің 29-аятында «Ей, иман келтіргендер! Өзара малдарыңды әділетсіздікпен жемеңдер. Бірақ өз ризалықтарыңмен саудаласу басқа» делінген. Құранда өзара ризашылықпен жасалған саудаға рұқсат берілген болса да, Пайғамбарымыз (с.а.с.) жеміс-жидектерді піспей тұрып сатуға тиым салған. Мұның себебі Пайғамбарымыз (с.а.с.) Мәдинаға қоныс аударған кезде мәдиналықтар жеміс-жидектерді сабақтарында тұрған кезде піспей тұрып сататын болған. Суық ұрып кеткенде, не ол ағаштың гүлдерінде бір ауру жайылған кезде, әлде күткен жеміс жақсы шықпайтын кезде сатушы мен алушының арасында көбіне дау-дамай туындайтын. Сондықтан Пайғамбарымыз (с.а.с.) ондай саудаға тиым салған болатын.

б). Сүннет Құраннан тәуелсіз (Құранда айтылмаған) үкімдер де қойған. Пайғамбарымыз (с.а.с.) Аллаһ Тағаладан кейінгі ислам діннің екінші маңызды қайнары. Құран пәлсафасынан алшақ кетпейтін Аллаһ Елшісінің (с.а.с.) мұндай үкімдері көп емес. Алайда ол үкімдердің дәрежесі Құрандағы үкімдермен бірдей болып табылады. Олардың қатарына: тырнақты жыртқыш құс пен үй есегінің етін жеуді харам етуі, апалы-сіңлілерді бір некенің астында ұстау, яғни ол екеуін бірдей әйелдікке алу, еркектерге алтын тағу мен жібек киюдің харам етілуі, қан жолымен харам болғандардың сүт ему арқылы харам етілуі т.б. үкімдерді жатқызуға болады.

Имам Шафи‘и сүннеттің алғашқы екі міндеті жайлы ислам ғалымдарының пікірлері бір жерден шыққанымен үшінші мәселеге байланысты түрлі көзқарастардың бар екенін айтады.Сайып келгенде, олардың бәрі Пайғамбарымыздың (с.а.с.) Құрандағы үкімдерге қосымша немесе одан тыс жеке үкім қоя алатындығын қабылдайды[17]. Сүнеттің Құран аяттарында белгіленген жайттардан бөлек үкім шығаруы оның Құранға қарама-қарсы үкімдер деген мағынаға келмейді. Асылында кез-келген сахих хадис аятқа қайшы бола алмайды. Осы мәселег байланысты мұсылман ғалымы Шәуқани «Сүннеттің үкім шығарудағы тәуелсіздігі мен бұлжытпас дәлел екеніне тек исламнан жұрдай болған кісі ғана қарсы шығады»[18] деген тұжырым жасайды. Әсілінде сүннет – Құранның жанды тәжірибесі. Осы дәлелдердің бәрі тұрғанда сүннетті бір жаққа ысырып тастап, өз ақылыммен Құранды тікелей түсініп, өз білгенімше амал етемін деу – үлкен қателіктің басы.

Ал енді сүннеттің дінде дәлел болуының негіздерін мына тақырыпшалар төңірегінде қарастырып, айқындай түсейік:

Құрандағы дәлелдер

Сүннеттен дәлелдер

Сахабалардың сүннетпен амал етудегі ерекше ыждағаттылығы

Амалдардың толығымен Құранда болмауы

1. Сүннет – мұсылман өмірінің шамшырағы, айнымас жол сілтеуші серігі. Аллаһ Тағала Құран Кәрімде сүннеттің діндегі орнын соқырға таяқ ұстатқандай етіп көрсетіп берген. Төмендегі мына аяттар бұған бұлтартпас дәлел:

- Құранда бірнеше жерінде төмендегідей мағыналас аяттар кездеседі:

«Ол сондай Аллаһ, сауатсыздардың ішіне өздерінен Аллаһтың аяттарын оқып, оларды тазартатын, сондай-ақ оларға Кітап пен хикметті (даналықты) үйрететін бір пайғамбар жіберді» (Жум‘а, 2), «Іштеріңе аяттарымзды оқитын, сендерді тазартатын және сендерге Құранды әрі хикметті сонымен қатар білмегендеріңді үйрететін елші жібергеніміз сияқты » (Бақара, 151)[19].

Беделді Құран тәпсіршілері мен хадис ғалымдарының басым көпшілігі осы аяттардағы «хикмет» сөзін сүннет деп ұққан[20]. Өйткені адамзатқа түскен Аллаһтың теңдессіз сыйы Құран Кәрімде артық не орынсыз қолданылған сөз жоқ. Оның кез-келген сөзін, тіпті, әріптерінің орнын өзгерту немесе орнына басқа бір сөз қою мүмкін емес. Онда әрбір сөз орын-орнымен қолданылған. Сондықтан аяттағы «хикмет» сөзі кітап немесе оның бір бөлігі бола алмайды. Араб тілінің грамматикалық қағидасы бойынша «уау» жалғауы бірдей нәрсеге айтылмайды. Бұл жердегі кітаптың мағынасы басқа аяттарда да білдірілгендей Құран екені күмәнсіз. Ал хикмет сөзінің астары болса бұл жерде осы кітаптың түсіндірмесі әрі жүзеге асырушысы сүннетті меңзеп отыр.

- Аллаһ Тағала пайғамбарларын адамдарға жібергенде оларға бойұсынсын деп жіберетіндігін де білдірген:

«Біз пайғамбар атаулыны, Аллаһтың рұқсатымен, оған бойсұнылу үшін ғана жібердік» (Ниса, 64), «Ей, иман келтіргендер! Аллаһ пен Оның Елшісіне бойсұныңдар және Құранды ести тұра пайғамбардан бет бұрып теріс айналмаңдар» (Әнфәл, 20), «Аллаһқа бойсұныңдар және Елшіге бойсұныңдар» (Ниса, 59; Нұр, 54). Бұл аяттарда Аллаһ пен Оның елшісі бөле-жара арнайы айтылған. Аллаһтың бұйрықтары мен тиымдарына бағыну қалай әмір етілсе, Оның Елшісіне де солай бағыну бұйырылған. Және «Пайғамбардан бет бұрмаңдар» деу арқылы да ерекше ескерту жасалған.

- Мына аятта пайғамбармен қатар тіпті өздерінің басшыларына да бойсұну бұйырылып тұр: «Әй, иман келтіргендер! Аллаһқа бойсұныңдар, Елшіге және басшыларыңа бойсұныңдар» (Ниса, 59). Көріп отырғанымыздай Аллаһ елшісінен кейін келген басшылардың өзіне бойсұнуға шақырып тұрғанда Екі жаһанның сұлтаны, пайғамбарлардың падишасына (с.а.с.) бағынып, оның айтқандарына бойсұнбауды қалай түсінуге болады?! Бұл бойсұну мемлекет, билік, саясат, экономика және тұрмыстық көптеген Құранда нақты үкімі жоқ мәселелер болса онда әрине, оны бірінші Пайғамбарымыз (с.а.с.) шешеді, егер сүннетте де жоқ болса оның шешімін үмбеттің ғалымдары мен басшыларының еншісінде. Сондықтан да басшыларға бағынуды қабылдамау (басшылар діннің үкіміне қайшы үкімдер шығармаған жағдайда) қоғамда анархия тудыратындықтан діннің қағидасына қайшы келеді[21].

- «Аллаһқа әрі Елшісіне бойсұныңдар, өзара жанжалдаспаңдар, әйтпесе үрейленесіңдер де құттарың қашады және сабырлы болыңдар…» (Әнфәл, 46). Бұл аят Аллаһ пен Елшісіне бағынудың бірлік пен күш-қуат қайнары екенін нұсқауда. Олай болса бірлік пен күш-қуатттан айырылмаудың жолы – Аллаһ Елшісінің, яғни оның сүннеті бойынша амал етуде жатыр.

- «Егер Аллаһты жақсы көрсеңдер маған бағыныңдар, сонда Аллаһ Тағала да сендерді жақсы көреді…» (Әли имран, 31). Иә, Аллаһ «Тағаланы жақсы көремін, Оның айтқандарымен жүремін» деген адамның, пайғамбарды жақсы көріп, оған бағынбауы, оның сүннетін ұстанбауы бос сөз ғана.

«Елші сендерге не берсе соны алыңдар және неден тыйса, содан тыйылыңдар»(Хашр, 7), «Олар өзара таласқан нәрселерінде сені төреші етіп, сосын шығарған үкіміңе қатысты көңілдерінде қаяу таппай, толық бойсұнғанға дейін мүмин бола алмайды» (Ниса, 65)[22]

«Тек қана Құран жетеді сүннетке қажеттілік жоқ» дегендер жоғарыдағы аяттардың бәрін өздерінше жорамалдап түсіндіреді. Бұл аяттардың барлығында Аллаһқа бағыну бір бөлек, Елшіге бағыну да арнайы бір бөлек айтылған. Егер барлық мәселенің түйіні Құранда айтылып қойған болса, онда Елшіге бағынуды айрықша айтудың қажеті болмас еді. Пайғамбарымызға (с.а.с.) тек қана Құранды жеткізуші «пошташы» деп қарау Оған деген үлкен құрметсіздік болып табылады. Өйткені Аллаһ Елшісінің (с.а.с.) ұлық мақсаты тек аяттарды айтып жеткізу емес, оның жүзеге асырылуын да көрсетіп түсіндіру екенін де жоғарыда келтірілген аяттар мен Пайғамбарымыздың (с.а.с.) аяттарды түсіндіруінен айқын көре аламыз.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) Құрандағы үкімдерді талдап-таратып түсіндірген және сахабалар да оны Пайғамбарымыздың (с.а.с.) түсіндіріп бергеніндей қабылдаған. Өйткені, оларға Аллаһ Тағала тарапынан елшіге мойынсұну бұйырылған болатын.

Негізінде пайғамбарымыздың көзі тіріснде Аллаһ Тағаланың кітабы мен қатар Аллаһ Елшісінің сүннеті бірдей маңызға ие еді. Сахабалардың ешқайсысының ойына Оның сөздері мен істерін тәрк ету мүлдем кіріп-шықпаған. Мұсылмандар (Аллаһ пен Оның елшісінің бұйрықтарына бойсұнып) Аллаһтың кітабын қалай қабылдап мойындаса, пайғамбардың сүннетін де дәл солай қабылдаған. Өйткені сүннет – Аллаһ пен Оның Елшісінің (с.а.с.) де куәлігімен Құраннан кейінгі екінші қайнар көз.

2. Сүннеттен дәлелдер:

- Пайғамбарымыз (с.а.с.) өзіне Құран мен қатар оған ұқсас (сүннет) берілгенін[23]айта келе, үмбетіне: «Сендерге мына екі нәрсені тастап барамын. Соларды берік ұстансаңдар ешқашан адаспайсыңдар. Ол – Аллаһтың Кітабы (Құран) мен Елшісінің сүннеті[24]» және де: «Маған бойсұнған, шынында да Аллаһқа бойсұнған деген сөз, ал маған қарсы шыққан, еш күмәнсіз, Аллаһқа қарсы шыққанмен бірдей болады»[25] деп аса маңызды әрі айқын өсиет қалдырған.

Иә, шын мәнінде Пайғамбарымыздың (с.а.с.) жолы – Аллаһ Тағаланың нұрлы жолының нақ өзі. Оны қабылдамау – Аллаһ Тағалаға қарсы шығумен тең. Ойланып, көрейікші. Аллаһ Тағала құлдарының арасынан Өз дінін жеткізуге лайық тұлғаны таңдап, оның көкейіне Өз сөздерін салып, күнәден сақтап[26] елші жіберсе, Ол Ардақты Елші (с.а.с.) Жаратушының жіберген бұйрықтары мен тиымдарын адамдамдарға жеткізіп, оны түсіндірсе, Оның айтқандарын қабылдамауды қалай түсінуге болады?!

Басқа бір хадисінде Пайғамбарымыз (с.а.с.) өзіне қарсы шығып, айтқандарын қабылдамағандар жайлы: «Бас тартқандардың тысында үмбетім тегіс жәннатқа кіреді», – дегенде адамдар «О, Аллаһтың елшісі кім бас тартушы еді?» – деп сұрағанда «Кім маған бағынса, жәннатқа кіреді, ал кім қарсы келсе, сол бас тартушы», – деп айтқан[27].

Пайғамбарымыз (с.а.с.) өзінен кейін туындауы мүмкін дінбұзарлық пен келіспеушіліктен сақтанудың жолын сүннет арқылы болатынын: «Менен кейін өмір сүргендер көптеген келіспеушіліктер мен дау-дамайға куә болады. Сендер менің сүннетіме және әділ де тура жолға бастаушы халифаларымның (алғашқы 4 халифа) сүннетінен мықтап ұстаныңдар. Оларға азу тістеріңмен жармасыңдар»[28] деп көрсетіп кеткен.

Тағы басқа хадистерде оның сүннетімен амал қылмағанның үмбетінен саналмайтындығы[29], адасушылыққа түсетіндігі[30] жайлы айтылған. Көріп отырғанымыздай бұл хадистерде айтылған мәселелер аяттарда да кездеседі. Сондықтан хадистер – Аллаһ Тағаланың да үкімдерін қамтыған дәлелдер болып табылады.

Аллаһ Тағаланың және де Аллаһ Елшісінің осыншама бұйрықтары мен өсиеттерін көре тұра оларға құлақ аспай, басқа жол іздеу – «мұсылманмын» деген адамға мүлдем жат қылық. (Алып тастайын ба? әлде..)

Пайғамбарымызға Аллаһ Тағала ерекше мәртебе беріп, Оның жүрегін кеңейтіп, оған білмеген нәрселерін үйреткен. Сол себепті де Ол – Құран үкімдері мен исламның негіздерінің ең бірінші қайнар көзі. Пайғамбарымыз (с.а.с.) өзіне үйретілген Құран үкімдерінің нәзік сырларын адамдарға жеткізіп, өзінің керемет мінез-құлығы арқылы адамзаттың көш басшысы болып олардың жолын нұрға бөледі. Осылайша тура жолдың ең алғашқы ұстазы, адал да турашыл және сенімді жол бастаушы болды.

3. Сахабалардың сүннетпен амал етудегі ерекше ыждағаттылығы

Аллаһ Тағала да Пайғамбарымыз (с.а.с.) да сахабаларға сүннетке бойсұнып, одан мықтап ұстауды бұйырған. Жаратушының бұйрықтарының қалай орындалатынын көрсеткен Пайғамбарымызға (с.а.с.) Оның сенімді һәм адал серіктері болған сахабалар Елшінің бұйрықтары мен істерін Оның көрсеткеніндей және хабар бергеніндей етіп орындап, бойсұнды. Сахабалардың осылайша діни үкімдерде Пайғамбарымызға (с.а.с.) толықтай бағынулары сүннеттің дәлел болатындығын көрсетеді[31].

Сахабалар Құран мен Пайғамбарымыздың нақты бұйрықтарын әрдайым орындауға бар күш-жігерін салатын. Бір аятты немесе діни мәселеде қандай да бір түсініспеушілік туындаған кезде олар мәселелердің шешімін табу үшін Аллаһ Елшісінің (с.а.с.) төрелігіне жүгінетін. Пайғамбарымыз (с.а.с.) бен мұсылмандар арасында ешқашан басқа патшалар секілді кедергі болмаған. Керісінше, Оның үйі де мешіттің дәл жанында еді. Оның мешіті әрі үй әрі тәрбие мектебі болды. Сахабалар Оның істеріне және сөздеріне куә болып, оның істегендерін негізге алды. Қысқаша айтқанда Пайғамбарымыз (с.а.с.) олардың діни әрі күнделікті өмірлерінің жол көрсетушісі болды.

Мұсылмандар Расулаллаһтан (с.а.с.) кез келген мәселені сұрап үйренген және үйренгендерін өздерінен кейінгілерге де жеткізген. Сахабалар барлығының бірдей күнделікті өмір сүру қажеттілігіне байлынысты күнде Аллаһ елшісін тыңдау мүмкндігі жоқ еді. Алайда олар Аллаһтан жаңа бір үкім келіп-келмегені жайлы ұдайы бір-бірліренен сұрайтын. Сахабалардың айтқанындай «ол кезде өтірік айту деген түсінік жоқ еді»[32]. Кейде олар Пайғамбарымыздың (с.а.с.) қасына кезектесіп баратын. Хазіреті Омар мен ансарлық сахаба көршісінің кезек-кезек Аллаһ Елшісіне (с.а.с.) барулары бұған жақсы үлгі бола алады[33]. Бұған байланысты басқа да көптеген дәлелдерді хадис жинақтарынан көре аламыз. Пайғамбарымыздың (с.а.с.) тіпті әйелдердің сұраулары бойынша, олар үшін арнайы бір күн белгілеп, оларға діни үкімдерді үйреткендігі жөнінде де хадистерде баяндалады[34].

Осының бәріне куә болған сахабалар әрдайым сүннетті негізге алып, оған теріс келетін іс жасамауға жандарын салған. Бұған дәлел ретінде бірнеше мысал келтірейік:

Пайғамбарымыз (с.а.с.) көз жұмардың алдында Рим империясына қарсы әскер жасақтайды. Ол әскердің басына Усама инб Зәйдті (р.а.) қолбасшы етіп тағайындап, жорыққа аттануына бұйрық береді. Алайда Аллаһ Елшісінің дәм-тұзы таусылып, әскер жорыққа аттанбай қалады. Сол кезде Пайғамбарымыздың (с.а.с.) қайтыс болғанын естіген жалған пайғамбарлар (Мүсәйләмәтул кәззәб, Әсуадул-Әнси т.б.) жан-жақтан бүлік шағарып, исламға қауіп төндіре бастайды. Халифа болып сайланған Әбу Бәкір осындай сын сағаттың өзінде басқалар қарсы шықса да, қандай жағдай болса да Пайғамбарымыз (с.а.с.) бастаған ісін аяқсыз қалдырмайтынын айтып, Усама бастаған әскерді жолға аттандырады[35].

Екінші халифа Омар ибн Хаттаб (р.а.) қайтыс болар кезде одан «Уа, мұсылмандардың әміршісі! Өз орныңа біреуді ұсынасың ба?» деген кезде ол сүннетке қалай бағынатындығын көрсетіп: «Егер орныма біреуді тағайындар болсам, шындығында менен қайырлы болған (Әбу Бәкір) орнына адам тағайындап кетті. Ал тағайындамайтын болсам менен қайырлы болған (Пайғамбарымыз) тағайындамай кеткен болатын»[36] деген-ді.

Сахабалар үшін сүннет қасиетті аманат еді. Сол себепті олар сүннетке бағынған кезде Аллаһ Елшісіне деген шынайы жақындыққа қол жеткізетін. Сахабалар тек ғибадатта ғана емес басқа істерде де Аллаһ Елшісінен көргендеріндей істеуді артық санайтын. Мәйсараның риуаят етуі бойынша ол Әлидің (р.а.) түрегеп тұрып су ішкенін көрген кезде оған «Сен қалайша түрегеп тұрып су ішесің?» дегенде хазіреті Әли «Егер түрегеп тұрып су ішсем, Аллаһ елшісінің түрегеп тұрып ішкендігін көргендіктен ішемін, егер отырып ішсем Аллаһ Елшісінің отырып ішкенін көргендіктен солай ішемін»[37] деп жауап берген екен.

Және бірде хазіреті Әли (р.а.) мәсінің үстіне мәсіх тартуға байланысты: «Аллаһ Елшісінің мәсінің үстіне мәсіх тартқанын көргенге дейін, мен мәсінің үстіне мәсіх тартқаннан гөрі астына тартуды абзалырақ деп ойлайтынмын»[38] деп сүннетке бойсұнудың керемет үлгісін көрсеткен.

Абдуллаһ ибн Омар Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сүннетіне деген мұқият бағыныштылығы мен оны сақтау үшін жұмсаған ынта-жігері арқылы аты шаққан кісі еді. Кез келген жағдайда Аллаһ Ешісінің істегендерін айнытпай қайталайтын. Оның үнемі аузынан тастамай қайталайтын аяттарының бірі «Расында, сендер үшін Аллаһ елшісіннің бойында көркем өнегелер бар» (Ахзаб, 21) деген аят еді.

Абдуллаһ ибн Омардан «жолаушы намазын Құраннан таба алмадық» деген кезде ол «Аллаһ Тағала бізге Мұхаммедті (с.а.с.) жіберген кезде біз ешнәрсе білмейтін едік. Күмәнсіз, Мұхаммедтің (с.а.с.) қалай жасағанын көрсек біз де солай жасаймыз»[39] деп сүннетке қалай бағынатындықтарын көрсеткен болатын.

- Бухаридің жинағында келтірілген бір хадис бойынша, Пайғамбарымыз бір кезде алтын жүзік таққан екен. Сахабалардың арасында да алтын жүзік таққандар болды. Содан кейін Пайғамбарымыз (с.а.с.) таққан жүзігін қолынан шығарып лақтырды және «Бұны енді ешқашан тақпаймын» деді. Сахабалар да Пайғамбарымыздан үлгі алып жүзіктерін қолдарынан шешкен[40].

Сахабалар Пайғамбарымыз (с.а.с.) дүние салғаннан кейін де Оның сүннетін өздеріне үлгі тұтқан. Мысалы, қандай да бір мәселеге тап болса. бұл жайлы Пайғамбарымыздың үкімі бар ма, жоқ па деп алдымен соны іздестірген. Егер сүннеттен тапса онымен амал еткен, таппаған жағдайда шариғат шеңберінде өз пайымдарымен үкім берген. Ал егер берген үкімдеріне қарсы адамдар нақты хадис келтірсе дереу сол хадиске мойынсұнған[41].

Сахабалар пайғамбарымыздың сүннетін берік ұстануды өздеріне міндет санап, бұл мәселеде босаңдық танытқандарға қатаң ескерту жасап отырған. Мысалы, бір риуаят бойынша, Тавус деген кісі асыр намазынан кейін екі бас намаз оқуды әдетке айналдырған. Ибн Аббас оған: «ол әдетіңді қой» дегенде Тавус: «Пайғамбарымыз өзгелер сүннетке айналдырып жібермесін деген ниетпен ол намазды оқымайтын» деген кезде, Ибн Аббас: «Аллаһ Елшісінің асыр намазынан кейін намаз оқуға тыйым салғандығы күмәнсіз. Олай болса осы намазыңнан әлде сауап аласың ба әлде азапқа душар боласың ба оны білмеймін. Өйткені Аллаһ Тағала: «Аллаһ және Елшісі қашан бір іске үкім берсе мүмин ер және мүмин әйел үшін істерінде басқа жол таңдау жараспайды. Сондай-ақ кім Аллаһтың Елшісіне қарсы келсе, сонда ол нағыз адасқан болады» (Ахзаб, 36) деп бұйыруда» деген болатын[42].

Пайғамбарымызға (с.а.с.) бойынсұну – Оның көзі тірісінде қалай парыз болса, Ол бақилық болғаннан кейін де дәл сол дәрежеде парыз. Өйткені Құран аяттары мен Пайғамбарымыздың (с.а.с.) хадистері оған бағынуды тек көзі тірісінде немесе бақилық болуымен шектемеген. Сонымен қатар бойұсұнып бағынуды тек қана сахабаларға емес олардан кейін келетін адамдарға да тән ететенідей мағынада бекіткен[43].

3. Амалдардың толығымен Құранда болмауы

Жоғарыдағы аяттардан көргеніміздей Аллаһ Елшісінің бұйрықтарына бағыну міндетті өйткені діни бұйрықтарға байланысты Пайғамбарымыз (с.а.с.) өздігінен емес, Аллаһ Тағаланың оның көкірегіне қойған уахиы арқылы сөйлейді (Нәжм, 34). Мұсылман ғұламаларының көзқарасы бойынша діни мәселелерге байланысты Пайғамбарымыздың қойған үкімдері де Аллаһ Тағаладан келген уахи ғайру матлуу (Құранның тысында Аллаһтың аян беруі және Жебрейіл арқылы білдіргендері) арқылы жүзеге асқан.

Сонымен қатар уахидан нәр алмаған адамзат жалаң ақылы дін үкімдерінің егжей-тегжейін тек Құраннан шығаруға қауқарсыз. Оны түсіну үшін уахидан қуат алған Пайғамбарымыздың сүннетіне және оның иджтиһадына қарау керек. Өйткені Аллаһ Елшісі (с.а.с.) – өзінің көкірегіне қонған сүннет арқылы Жаратушының жарлықтарының мақсатын түсініп, Құраннан үкімдер шығару қабілетіне ие болған жан[44].

Егер сүннет дінде дәлел болмаған болса, мүджтәһид ғұламалардың ешқайсысы сүннеттен дәлел іздемес еді. Осылайша ешкім өзіне міндеттелген нәрселерді толық біле алмас еді. Сондықтан үкімдер орындалмай, міндеттер де үкімсіз қалған болар еді. Ал бұл дегеніңіз Аллаһ Тағаланың үкімдері ешбір мақсатсыз, бекерден бекер жіберілген дегенге барып саяды. Әлбетте бұл – ақылға сиымсыз тұжырым[45].

Муджтәһид үшін сүннетсіз тек Құраннан үкім шығару мүмкін емес. Өйткені Құран сөз өнерінің ең шыңырау шыңы болғандықтан оның аяттары да шексіз сырлы қазына іспетті. Оның көпшілігін Пайғамбарымыз (с.а.с.) өзіне үйретілген сүннет арқылы білдірмесе, толық түсіне алмас едік. Құранды толық түсіну үшін араб тілін білу жеткіліксіз. Сондықтан Имам Шафи‘идің айтқанындай, Аллаһ Тағала діни мәселеде адамдарды Расулаллаһқа мұқтаж еткен. Өйткені Аллаһ Тағаланың әмір еткен парыздарын Ардақты елші көрсетіп, түсіндіріп берген. Яғни, Жаратушы Иеміз өз үкімдерінде Пайғамбарымыздың (с.а.с.) сүннетіне де орын қалдырған[46].

Бұған Әбу Надраның Имран ибн Хусайннан жеткізген мына оқиғасы мысал бола алады: «Бір кісі келіп одан бір сұрақ сұрайды, ол жауап бергеннен кейін әлгі кісі «Аллаһтың кітабындағы нәрселерден басқаны бізге айтпа» дегенде Имран ашуланып «Сен қандай ақымақ адамсың! Сен бесін намазының төрт рәкәт екенін және оның құпия оқылатынын Аллаһтың кітабынан таба аласың ба? дегеннен кейін басқа да намаздарды тізбектеп, зекет туралы және т.б. нәрселерді айтқаннан соң «Осыларды Аллаһ тағаланың кітабынан егжей-тегжейлі айтылғанын көрсете аласың ба? Аллаһ Тағала бұл үкімдерді қойған, ал сүннет оны тәпсірлеп берген», – деген [47].

Абдуррахман ибн Язид Қағбаны тауап жасап жүргенде ихрамының үстінен киім киіп алған бір кісіні көреді. Абдуррахман бұлай жасауға болмайтынын айтқан кезде әлгі кісі «Киімімді шешуге байланысты маған Құраннан аят келтір» деп дес бермей қояды. Сонда ол Хашр сүресіндегі «Елші сендерге не берсе соны алыңдар, ал неден тыйса содан тыйылыңдар» (Хашр, 7) деген аятты оқиды[48].

Құранда ықшам, қысқа әрі нұсқа айтылған аяттар көптеп кездеседі дедік. Бұлар өз кезегінде түсіндіруді қажет етеді. Әлбетте оларды түснідіру де Жаратушыға тән. Өйткені құлдарына міндет жүктеген және ондағы мақсаттарды да білетін Өзі. Міне осындай түсіндіру Аллаһ Тағала Өз елшісіне үйреткен сүннет арқылы жүзеге аспақ. Бүкіл әлемдердің Иесі Аллаһ«Адамдар үшін түсірілгенді түсіндіруің үшін Біз саған Зикрді (Құранды) түсірдік» (Нахл, 44) деп ұлы Елшінің (с.а.с.) міндетін айқын баяндап тұр. Бұған байланысты кейбір мысалдарды жоғарыда келтірген болатынбыз.

«Құран бар кезде сүннетке қажеттелік жоқ» деген адамдар ғибадат пен муамалатқа байланысты намаздардың уақыттары, қанша рәкәт екенін, қалай орындалатынын, оразаның шарттарын, қажылықтың қалай орындалатынын; қанша тауап жасалатынын, арафатта тұру уақытын, ихрамның қалай болатынын, зекетке байланысты; қандай мал-мүліктен қанша көлемде зекет алынатындығын, алтын, күміс, қой, сиыр және түйелердің қалай болуы керектігін және т.б. ислам құқығына байланысты көптеген жағдайларды қайдан білер еді? «Бұның бәрін Аллаһ Елшісі, сахабалар және сахабалардың көзін көрген алғашқы ғалымдар дұрыс білмейді, Құранды мен ғана немесе мен сияқты ойлайтындар ғана біле аламыз, олардың сөзін тыңдамай бізді тыңдаңдар» деу Пайғамбардан өзін жоғары қою, өз шамасын білместік, ақымақтық және мұсылман үмбетінің ғұламаларына жала жабу болып табылмай ма? Негізінен «Біз тек қана Құран бойынша амал етеміз» деушілердің діннен шығатынын ислам ғұламалары бір ауыздан қабыдлайды[49].

Осыған орай Ибн Әбдилбәрр атақты хадисші және фақиһ Әйуб әс-Сахтианидің «Бір кісі Мутаррыф ибн Абдиллаһқа: «Бізге хадис айтпаңдар, тек Құраннан ғанадәлелдер келтіріңдер» дегенде ол былай жауап берді: «Аллаһтың атымен ант етейін, біз Құранның орнына басқа нәрсе іздемейміз. (Пайғамбарымызды меңзеп) «Тек Құранды бізден де жақсы білген адамның білгендерін талап етудеміз» дегенін жеткізген[50].

Пайғамбарымыздың (с.а.с.) пайғамбарлық мақамының биік парасаты арқылы айтқан мына хадисі адам таңданарлық «Мынаған абай болыңдар! Орындығына отырып алып (тәкәппарланып) оған менен бір хадис жеткенде: «Арамызда Аллаһ Тағаланың кітабы бар. Онда харам етілгендерді харам, халал етілгендерді халал деп қабылдаймыз» дейтін уақыт тым жақын. Шын мәнінде Аллаһ елшісінің харам еткендері де – Аллаһ Тағаланың харам еткендеріндей харам»[51].

Жоғарыда келтірген аяттардың бәрі Пайғамбарымызға бойсұнуды әмір етсе, сахабалар соны іс жүзінде көрсеткен. Пайғамбарымыз (с.а.с.) да көз жұмардан бұрын Құран мен қатар Өзінің сүннетінен мықтап ұстануды өсиет етіп кеткен болатын[52].

Исламның ұлықтығын шынайы ұғынған кезде сахабалардың жүректеріне иман терең тамыр жайып, жолдарын нұрға бөледі. Иман келтірген алғашқы сахабалардың жүректерінде Аллаһ пен Оның елшісіне деген терең сүйіспеншілік пайда болды. Осы сүйспеншіліктің нәтижесінде олар исламды және оның ең алғашқы ұстазын, күллі Ғаламның Рақымын (с.а.с.) бар жандарымен қорғап-қолдады. Олар Пайғамбарымыз үшін мал-мүліктерін де жандарын да беруге даяр тұрды. Осындай теңдессіз қаһармандық пен жанкештілік тарих беттерінде мәңгі сақталды. Бүгінде адамзат тарихында Пайғамбарымыз (с.а.с.) сияқты сүйіспеншілік пен құрметке бөленген адамды көрсету мүмкін емес. Өз кезеңінде мұсылмандары Оны дүнеидегі барлық нәрседен артық жақсы көрсе, олардан кейін келгендер және ақыретке дейін келетін Мұхаммедтің (с.а.с.) үмбеті болған жандар өздерінен де артық жақсы көріп өтеді.

Пайғамбарымызды (с.а.с.) жандарынан артық жақсы көрген сахабалар Оның бүтін болмысы мен әрбір сөзін ғибрат етіп, оны келесі ұрпақтарға жекізді. Әрине олардың ұлы борышы еді. Өйткені олар адамзаттың мақтан тұтар тұлғасына айналған Аллаһтың соңғы Елшісін (с.а.с.) көріп, оның өмір жолына куә болған бақытты жандар еді.

Мұсылман ғалымдары ғылыми қағидалар қою арқылы хадис мәтіндері мен сәнәдтарды терең зерттеудің нәтижесінде сахих хадистер мен ойдан шығарылғандарын бір-бірінен ажыратып, сақтай білді және ұрпақтан ұрпаққа жалғасып, бізге дейін келіп жетті. Олардың қажырлы еңбектерінің арқасында сүннет басқа діндерде теңдесі жоқ жоғары мәртебеге жетті, тіпті Құраннан басқа ешбір діни үкімдер бұлай сақталмаған[53].

Теология ғылымдарыныѕ докторы Алау Әділбаев

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Ахмад ибн Ханбал, Муснад,Мысыр, жариялаған А.М. Шакир, Каир, 1375-77

2. М. Ажжаж әл-Хатиб, әс-Сунна қабләт-тәдуин, (М. Айдемир), Измир, 2005

3. Әбдулғани Әбдулхалиқ, Хужжииатус-сунна, (ауд. Д. Селви,), Станбул, 1996, «Шуле» бапасы

4. Әбу Дауд Суләйман әс-Сижистани, әс-Сунән, Мысыр, ж.к.

5. Байхаки Әбу Бакр Ахмад ибн Хусайн, әл-Мадхал иләс-суунәнил-кубра, (тахқ. М. Дияур-Рахман А‘зами), Мәдина, 1404

6. Бухари Әбу Әбдиллаһ Мухаммад ибн Исмаил, ас-Сахих, Бейрут, ж.к.

7. И. Жеррахоглы, Тефсир тарихы, Анкара, 1996

8. Ибн Әбдулбәрр Юсуф, Жами‘у бәйәниль-илм уә фадилиһи, Мысыр, 1982

9. Ибн Мажа Мухаммад ибн Язид, Сунән, Станбул, 1992, «Чагры» баспа үйі

10. Ибн Қаиим әл-Жәузииә, И‘ламуль-муақиин, Мысыр, 1965, (тахқ. Аб. әл-Уәкли (I-IV)

11. Ибн Хазм Әбу Мухаммад, әл-Ихкам фи усулил-ахкам, Бейрут, 1985

12. С. Иылдырым, Пейгамберимизин Куран тефсири, Станбул, 1983

13. Х. Кырбашоглы, Ислам дүшүнжесінде сүннет, Анкара, 1996, 2-басылым,

14. Мәлик ибн Әнәс, әл-Муатта, Станбул, 1992, «Чагры» баспа үйі

15. М. И. Муса, Фықһы ислам тарихы, ауд. А. Мейлани, Станбул, 1973, 354-б

16. Муслим Әбул Хасан ибн Хажжаж, ас-Сахих, Мысыр, 1374

17. ән-Нәсәи Әбу Әбдиррахман, Сунән, Станбул, 1981, «Чагры» баспа үйі

18. Н. Кара, Куран-Сүннет бүтүнлүгү, Иһтар иаиынжылык, Эрзурум, 1995,

19. М. ас-Сыбаи, ас-Сунна уә мәкәнәтуһа фит-ташри‘ил-исламии, Бейрут, 1985,

20. Суюти Жәләлуддин Әбдуррахман ибн Әби Бәкр, Мифтахул-жанна фил-и‘тисам бис-сунна,Каир, 1987

21. Тирмизи Тирмизи Мухаммад ибн Иса, Сахихут-Тирмизи, Каир, 1934

22. Шатыби, әл-Муафақат фи усулиш-шари‘а, (түрікше ауд. М.Ердоган), Станбул, 1999, IV/8

23. Шафи‘и, әр-Рисәлә, (тахқ. М. С. Кейлани, 1969 Каир басылымы), Станбул, 1985

[1] Қалам, 4; Ахзаб, 21

[2] Муслим, Мусафирин, 139

[3] ән-Нәсәи, Зәкә, 3

[4] Тирмизи, Тәфсирул-Қура‘ан, (Хижр сүресі) 15

[5] Басқа да мысалдар үшін қараңыз: Бухари, Тәфсируль-Қур‘ан, (Фурқан сүресі) 2, Муслим, Иман 142,287, Тирмизи, Тәфсируль-Қур‘ан, (Фурқан сүресі), 26; Ибн Мажа, Муқаддима, 9

[6] Шафи‘и, әр-Рисәлә, (тахқ. М. С. Кейлани, 1969 Каир басылымынан), Станбул, 1985, 52-б.; Ибн Қаиим, И‘ламуль-муақиин, Мысыр, 1965, (тахқ. Аб. әл-Уәкил (I-IV), 2 т. 314; Суюти, Мифтахул-жанна фил-и‘тисам бис-сунна, Каир, 1987; Әбдулғани Әбдулхалиқ, Хужжииатус-сунна, (ауд. Д. Селви,), Станбул, 1996, «Шуле» бапасы, 303-305

[7] Муслим, Хажж, 147; Әбу Дауд, Мәнәсик, 57; Ибн Мажа, Мәнәсик, 84; Бақара, 283; Муслим,Сииам, 3-9; Бақара 83, Бухари, Иман, 2; Муслим, Иман, 19-22

[8] Әбу Дауд, Салаат, 2, Тирмизи, Мәуақит, 1

[9] Бухари, Азан, 18, Ахмад ибн Ханбал, Муснәд, 5/53

[10] Тирмизи, Тәсирул-Қур‘ан, 2

[11] Муслим, Иман, 197; Тирмизи, Тәфсир, 6/4

[12] Бухари, Тәфсир, 2/28; Саум, 16; Муслим, Сиам, 34, 35; Нәсаи, Сиам, 29

[13] Бухари, Бәд‘уль-халқ 7; Тәфсир 53/1; Муслим, Иман, 280-286; Тирмизи, Тәфсир, 53/8; пайғамбарымыздың Құранды тіпсірлеуіне байланысты кеңірек мәлімет алу үшін хадис жинақтарының тәфсир бөлімдерімен қатар мына кітаптарға қараңыз: И. Жеррахоглы, Тефсир тарихы, Анкара, 1996, 1.т, 44-65-б; С. Иылдырым, Пейгамберимизин Куран тефсири, Станбул, 1983

[14] Бухари, И‘тисам, 5; Муслим, Жиһад, 51; Муснәд, 2/463

[15] Тирмизи, Китабу‘ль-фараид, 17; Ибн Мажә, Китабу‘д-диат, 14

[16] Шафи‘и, Рисәла, 2, 52; Шатыби, әл-Муафақат фи усулиш-шари‘а, (түрікше ауд. М.Ердоган), Станбул, 1999, IV/8

[17] Шафи‘и, әр-Рисәлә, 52-53; Шатыби, Муафақат, 4/24-25

[18] әл-Хаким, иршадул-фухул‘ден 12-б., Мухаммад И. Муса, Фықһы ислам тарихы, ауд. А. Мейлани, Станбул, 1973, 354-б

[19] Құран мен қатар хикмет сөзі өтетін басқа да аяттар үшін қараңыз: Әли Имран, 164; Бақара, 231; Ниса, 113; Ахзаб, 34

[20] Шафии, әр-Рисәла, 44-45; Абдулғани Абдулбақи, Хужжииетус-сунна, 74-76

[21] Х. Кырбашоглы, Ислам дүшүнжесінде сүннет, Анкара, 1996, 2-басылым, 145-271-б.

[22] Қосымша қараңыз: Нахл, 44; Нәжм, 2; Ниса,80; Ахзаб, 21; Нұр, 47-54; Әли Имран, 32; Ахзаб, 46; Әли Имран, 132

[23] Әбу Дауд, Сунна, 5; Муснад, IV/31

[24] Муатта, Қадар, 3

[25] Бухари, Ахкам, 1; Ибн Мажа, Муқаддима, 1

[26] Пайғамбарларды ысма (күнәдан сақталуы) сипаты барлық мұсылман ғалымдары тарапынан қабыл етілген.

[27] Бухари, Итисам, 2; Ибн Мажа, Муқаддима, 1

[28] Трмизи, Илм, 16; Ибн Мажа, Муқаддима, 6

[29] Ибн Мажа, Никаһ, 1

[30] Муслим, Имара, 50; Әбу Дауд, Сунна, 46; Ибн Мажа, Мәсәжид, 14

[31] Әбдулғани Әбдулбақи, Хужжииетус-сунна, 60-69

[32] әл-Мухаддисуль-фасыл бәйнәр-рауи уәл-уа‘и, 32-33; әл-Жами ли-ахкамир-рауи уәл-әдәби-сами‘, 12-ден, М. Ажжаж әл-Хатиб, 71

[33] Бухари, Илм, 27

[34] Бухари, Илм,35

[35] М. Ажжаж әл-Хатиб, 90-б

[36] Бухари, Ахкам, 51

[37] Муснәд, 1/134

[38] Әбу Дауд, Таһара, 63

[39] Муснәд, VIII, 68

[40] Бухари, Итисам, 4; Әбу Дауд, Хатәм; Муслим, Манақиб, 82, 83; Тирмизи, Әдәб, 72

[41] Бұған байланысты, М. Ажжаж әл-Хатиб, әс-Сунна қабләт-тәдуин, 89-100, Хужжииатус-сунна, 153-177; Н. Кара, Куран-Сүннет бүтүнлүгү, Иһтар иаиынжылык, Эрзурум, 1995, 276-278-б.

[42] Шатыби, Муафақат, 4/18; М. ас-Сыбаи, ас-Сунна уә мәкәнәтуһа фит-ташри‘ил-исламии,Бейрут, 1985, 4-басылым, 387

[43] М. ас-Сибаи, Сунна, 55-б

[44] Хужжииатус-сунна, 322-б

[45] Н. Кара, Куран-Сүннет бүтүнлүгү, 247-б.

[46] Шафии, әр-Рисәлә, 22-б., 43-б.

[47] Юсуф ибн Әбдулбәрр, Жами‘у бәйәниль-илм уә фадилиһи, Мысыр, 2 т., 191-б. (Ажжаж, 89)

[48] Шатыби, Муафақат, 4/18; ас-Сибаи, ас-Сунна, 386-б.

[49] Ибн Хазм, Ихкам, 1/214

[50] Ибн Әбдилбәрр, Жами‘, 563-б Н. Кара, 251-252-б.

[51] Ибн Мажа, Сунан, 1т., 5-б., Бәйһақи, Сунан, 1.т, 6-б.

[52] Муатта, Қадар, 3

[53] М. Ажжаж әл-Хатиб, 17-б7

Менен бір жігіт «Алла қайда»? деп сұрады. Мен: «Алла мекенсіз, сондықтан Алла қайда?» деп сұрауға болмайды» деп өз білгенімше жауап бердім. Ал ол болса: «Алла Елшісі (с.а.у.) Мұслимдегі хадисте бір күң қыздан «Айна Аллаһ? яғни, Алла қайда?» – деп сұрағанын білмейсің бе? Тіпті әлгі қыздың «Алла аспанда» деп берген жауабынан кейін «Алла Елшісі: «Ол шын мұсылман екен» деп айтқан» деді.

Сауалымның тоқ етері мынау, маған дәлел ретінде келтірген Мұслимдегі хадис қандай хадис? Жалпы Алла аспанда деп айту дұрыс па?

Өкінішке қарай, бүгінде өздерін салафиміз деп жүрген кейбір жандар мұндай сұрақ арқылы кісінің «ақидасына» дұрыс яки бұрыс деп баға беріп, болашақтағы онымен қарым-қатынасын анықтауды мақсат етеді. Тіпті бұл ағымның кейбір өкілдері үйлену мақсатында танысқан адамға осы сұрақты қойғаннан кейін, егер «Алла аспанда» деген өзі күткен жауабын ести алмаса, онда онымен ары қарай сөйлеспейді. «Сенің ақидаң адасқан» екен деп теріс айналып кете беретінін де естіп жатамыз.

Мұндай әрекет – діни білімнің таяздығынан, тепе-теңділік сақтап, жүйелі ойлауды жоғалқандықтан, қайсібір ағымдардың біржақты оқытқан жаттанды мәліметтерін ешбір елексіз құлай беріле қабылдаудан туындайды. Ондай адамдар өздері оқыған немесе тыңдаған уағыздан өзгеше ойлауды адасу яки тозаққа түсу деп ұққандықтан үнемі осындай ұшқары іс-әрекет пен шектен шыққан пікірлердің құрбаны болып жатады.

Жоғарыдағы сауалда келтірілген Мұслимдегі хадисті тарқатып түсіндірмес бұрын аз-кем ғұламалардың Алланың мекенсіздігіне байланысты ұстанымдарын дәлелдерімен келтіре кетейік.

Араб тілінде «аспан» сөзінің негізгі мағынасы «жоғары» дегенді білдереді. Міне біз «Алланың жоғарыда (аспанда)» екендігін меңзеген аят, хадистерден осы мазмұнды түсінуіміз қажет. Яғни, Оның мәртебесінің жоғарылығы, даңқының асқақтығын. Мәселен, біз күнделікті өмірде «бұл мәселені жоғарыдағы адамдар шеше алады» десек, ол адамдардың денелерімен жоғарыда емес, мәселені шешуге ықпалы бар биік мансап, жоғарғы лауазым иелері екендігін түсінеміз.

Алланы төбеміздегі аспанда деп пайымдау астрономия ғылымы тұрғысынан да қате. Себебі, жер шары домалақ болғандықтан, аспан да салыстырмалы түрде әр жақта болады. Яғни, жердің мына бетіндегі адамның аспан деп көрсеткен жоғарғы жағы жердің арғы бетіндегі адам үшін төменгі жақ болып саналады.

Сұрақта келтірілген хадистегі «Алла қайда?» деген сауалдың астарын, қандай мәнде айтылғандығын, тіпті сол хадистің өзін хадис ғылымы тұрғысынан төменде кеңінен талқылайтын боламыз.

Бір ескере кететін жайт, Жаратқанның тұрақтайтын белгілі бір мекенін білу мақсатында «Алла қайда?» деп сұрау шариғатқа қайшы. Бұған байланысты хадистің майталман білгірі Ибн Хажар Асқалани: «Ақыл-түйсігіміз Рабымызға тән сырларды түсіне алмайды. Оның берген қандай да бір үкіміне «неге? қалай?» деп айтылмайды. Сондай-ақ оның болмысы «қайда?» деп те сұралмайды» – деген.[1]

Себебі, Алла мекен мен заманға тәуелді емес. Алла Тағала мекен де, Аршта та, уақыт та жоқ кезде бар еді. Сондықтан, Алла Тағала аспанды да, Аршты да, тағы басқа орынды да мекендемейді.

Түптеп келгенде, мекен мен заманның өзі Алла Тағаланың билігіндегі нәрселер. Құранның: «Көктер мен жердегі жаратылыс кімнің иелігінде? – деп сұра да, оларға «оның бәрі – Алланікі» де»[2] - деген аяты мекеннің де, оның ішіндегілердің де Алланың иелігінде екендігін білдіреді.

Алла Тағала – мәңгі, ешбір өзгеріске ұшырамайды. Яғни, Хақ Тағала мекен жоқ кезде қалай болса, мекен жарытылғанан кейін де өзгеріссіз қала береді. Бұл жайлы Хазірет Әли: «Алла Тағала Аршты өзіне мекен үшін емес, керісінше құдіретін паш ету үшін жаратты», «Алла Тағала мекен жоқ кезде де бар еді. Ол бұрын қалай болса, қазір де дәл солай»[3] – деп, Аллаға мекен тән еместігін әрі Ұлы Жаратушының өзгеріске ұшырамайтындығын білдірген.

Хужжатул-Ислам Әбу Жәғфар әт-Тахауи өзінің мәшһүр «Тахауия ақидасында» былай дейді: «Алла Тағала шектеуліктен, тіректер мен ағзалардан, құралдардан пәк. Оны кейіннен жаратылғандар тәрізді алты жақ (оң, сол, алдыңғы, артқы, жоғарғы, төменгі жақтар) қамтымайды»[4].

Әбу Ханифа (Алла оған разы болсын!) фиқһул-әбсат кітабында: «Менен «Алла қайда?» деп сұраса, былай деп жауап беремін: «Жаратылысты жаратпас бұрын, мекен атаулы жоқ кезде де Алла бар еді. «Алла Тағала айна?», яғни «қайда?» деген сауал да, жаратылыс та, жалпы ешнәрсе жоқ кезде де бар болатын. Алла барлық нәрсенің жаратушысы!»

Абай Хакім бір өлеңінде Алланың мекенсіздігін меңзеп былай деген:

«Мекен берген халық қылған Ол Лә мәкан,

Түп иесін көксемей бола ма екен?

Және оған қайтпақсың оны ойламай,

Басқа мақсат ақылға тола ма екен?!» [5].

Күллі ислам ғалымдары Алла Тағаланың мекенсіздігін бірауыздан білдірген. Абдул-Қадир ибн Таһирит-тамиими әл-Бағдади бұл жайлы: «Алланы мекен қамтымайтындығын әрі Оған уақыт ұғымы жүрмейтіндігін Әһлус-сунна уал-жамағат ғалымдары бір ауыздан ижмағ еткен».[6]

Ал енді күллі ислам ғұламалары Алланың мекенсіздігінде бір сенімде болған болса, Мұслимдегі хадисте күңнің: «Алла аспанда» деген жауабын ислам білгірлері қалай түсінген? Қалай талдаған? Хадис білгірлері хадистің дәрежесі жайлы не дейді?

Әуелі аталмыш хадистің мәтініне көз жүгіртіп көрейік. Мұслимнің жинағында Мұғауия ибн әл-Хакам әс-Сулламиден риуаят етілген ұзақ хадистің соңғы жағында талқыланып отырған тақырыпқа қатысты былай делінеді: «Менің бір күңім бар еді. Қойларымды Ұхұд пен әл-Жаууаания таулары жақта жаятын. Бір күні жайып жүрген қойларының біреуін қасқырдың сүйреп бара жатқанын байқадым. Адам баласымын ғой, ел секілді мен де ашуланып, қайғырамын. Әлгі күңімді бір қойдым. Сосын Пайғамбарымыздың жанына келдім. (Болған жайды айтып бердім). Ол маған бұл істің үлкен күнә екенін айтты. Мен: «Уа, Алланың Елшісі! (күнәма кәффарат ретінде) Күңіме азаттығын берейін бе?», – дедім. Ол маған: «Күңіңді алып келші», – деді. Сөйтіп мен күңімді Пайғамбарымызға алып келдім. Пайғамбарымыз оған: «Алла қайда?», – деп еді, ол: «Аспанда», – деп жауап берді. Пайғамбарымыз: «Мен кіммін?», – деді. Ол: «Сен Алланың Елшісісің» деп жауап қайырды. Содан кейін Пайғамбарымыз (с.а.у.) маған: «Басына азаттық бер, күңің мұсылман екен», – деді».

Біріншіден, қазіргі қолымыздағы Мұслим жинағындағы бұл хадистің соңғы жағындағы «күң оқиғасы», яғни, Алла Елшісінің күңге «Алла қайда?» деп сұрағыны әрі оның «Алла аспанда» деп жауап берген жері Мұслим жинағының Бәйһақидағы нұсқасында жоқ. Бұл жайлы Хафиз әл-Бәйһақи «Әл-асма уас-сифат» кітабында былай дейді: «Мұслим бұл сахих хадисті әл-Аузағидың және Хажжаж әс-Сауаффтың Иахия ибн Әби Касирден жеткізген хадисінен «күң оқиғасын» қиып тастап риуаят еткен. Күң оқиғасын жинағына алмау себебі «күңге» қатысты мәтіннің хадисті жеткізуші рауилер тарапынан әртүрлі сөздермен келгендігі болса керек...»[7]

Имам әл-Кәусари Бәйһақидың осы сөзіне байланысты былай дейді: «Қазіргі қолымыздағы Мұслим жинағына «күң оқиғасы» хадисті толықтыру үшін кейіннен қосылған болуы мүмкін. Немесе Бәйһақидың қолындағы нұсқа нұқсан болған. Бәйһақидың өзі: «Мен сұнанның «зиһар» тарауында Мұғауия ибнул-Хакамның (осы хадисті жеткізген адам) риуаятына хадис сөзінде қайшы келетін басқа риуаяттарды да келтірдім» – деп «күң оқиғасына қатысты) жоғарыдағы хадистің «Мұдтараб» хадис екендігін ишарат еткен».

Байқағанымыздай Бәйһақи қолындағы Мұслим нұсқасында «күң оқиғасының» жоқ екендігін айтады. Сондай-ақ хадистегі күң оқиғасына қатысты мәтіннің басқа риуаяттарда өзгеше сөздермен жеткізгендігін айту арқылы хадистің «мұдтараб хадис» екендігін меңзеген.

Ал енді «мұдтараб хадис» дегеніміз не?

Хадис ілімінде «жеткізу тізбегінің қуаты деңгейлес болған хадистің мәтіні әртүрлі сөздермен риуаят етілсе, ондай хадиске – «мұдтараб хадис» делінеді.

Ибн Хажар Асқалани да «талхисул-хабир» кітабының «кәффарат» бөлімінде күң оқиғасының әртүрлі сөздермен жеткен риуаяттарын келтіргеннен кейін: «Жалпы бұл хадис сөздерінің бір-біріне қайшылығы көп»[8], – деген. Сондай-ақ, Имам Хафиз әл-Баззар өзінің мұснадында бұл хадис жайлы: «Бұл хадиске ұқсас хидистер басқа сөздермен де риуаят етілген»[9] деп хадистің мұдтараб хадиске жататындығын меңзеген.

Рас, Мұслимнің жинағындағы «күң оқиғасы» яғни, Алла Елшісінің (с.а.у.) күңнен: «Алла қайда?» деген сауалы мен күңнің: «Алла аспанда?» деп жауап беру оқиғасы басқа сахих хадистерде мүлдем бөлек мазмұнда, өзге сөздермен жеткізілген.

Мысалы, Хафиз Абдур-Раззақтың «мұсаннафында» келген сахих хадисте күң оқиғасы былай өрбиді: «Алла елшісі күңнен: «Алланың бір екендігіне куәлік етесің бе?-деп сұрады. Күң: «иә»-деп жауап қайырды. Алла Елшісі: «Мұхаммедтің Алланың құлы әрі елшісі екендігіне ше?», – деді. Күң: «Иә», – деді. Алла Елшісі: «Өлімнің және қайта тірілудің ақиқат екеніне ше?», – деп сұрады. Күң: «Иә», – деп жауап берді. Алла Елшісі: «Жұмақ пен тозақ отының ақиқаттығына ше?», – деді. Күң: «Иә», – деп жауап қатты. Біткеннен кейін Алла Елшісі: «Қаласаң бұл күңіңнің басына азаттық бер яки өзіңде ұста», – деді».[10]

Оқырманға ұғынықты болу үшін мына жайтты айта кетейін. Исламда белгілі бір күнәлардың кәффараты ретінде құлды азат ету талап етіледі. Ал азат етілетін құлдың иман келтірген мұсылман болуы шарт. Міне, сондықтан жоғарыдағы хадисте азат етілетін күңнің мұсылман екендігіне көз жеткізу үшін Алла Елшісі жоғарыдағы сауалдарды сұраған.

Жоғарыдағы хадиске қосымша, Ибн Хиббан «сахихында» және Ахмадтың мұснадында, Әбу Дәуідте, ән-Насаийде Шарид ибн Суайд әс-Сақафиден күңді азату етуге қатысты мынандай хадис риуаят етілген. Ол былай дейді: «Мен Алла Елшісіне уа Алланың Елшісі (с.а.у.)! Шешем өз атынан маған бір құлды азат етуімді өсиет еткен еді. Менде бір қара күң бар», – дедім. Алла Елшісі маған: «Шақыр оны», – деді. Ол келгеннен кейін оған Алла Елшісі: «Раббың кім?», – деді. Күң: «Алла», – деді. Алла Елшісі: «Мен кіммін», – деп сауалын жалғастырды. Күң: «Сен Алланың Елшісісің», – деп жауап берді. Алла Елшісі маған қарата: «Оған азаттығын бер. Өйткені, ол мұсылман»[11], – деді. Дәл осы хадис әд-Даримида Алла Елшісінің күңге қарата: «Алланың бір екендігіне куәлік етесің бе?» деген сөзімен де «хасан» дәрежеде риуаят етілген.[12]

Байқағанымыздай «күң оқиғасы» Бәйһақи айтқандай Мұслимнің әу бастағы нұсқасында жоқ болсын, не бар болсын, жалпы алғанда бұл хадистің «мұдтараб» хадис екендігінде дау жоқ. Себебі, хадистегі Алла Елшісінің (с.а.у.) күңге қарата қойған «Алла қайда?» деген сауалы Абдур-Раззақтың мұсаннафындағы сахих хадисте «Алланың бір екендігіне куәлік етесің бе?» деген сөзбен жеткізілген. Ал Хиббанның сахихында күңге қатысты сауал «Раббың кім?» деген сөзбен риуаят етілген. Сондай-ақ, күң оқиғасы Ата ибн Иасардан жеткен риуаятта Алла Елшісінің күңнен «Алла қайда?» деп емес, «Аспанда кім» деп сұрағандығы айтылған.[13]

Жоғарыда келтіргеніміздей дәрежесі деңгейлес хадистердің әртүрлі сөзбен риуаят етілуіне «мұдтараб» хадис делінеді. Ал мұдтараб хадисті жеткізушілердің тізбегі толық болса да, мазмұнындағы аталмыш «мін» оның сахих болуына кедергі келтіреді. Сондықтан, «мұдтараб хадистің» ақида мәселесінде, оның ішіндегі ислам ғұламаларының бір ауыздан «Алла мекенсіз» деген берік ұстанымдарына қайшы көзқарасқа дәйек болуы былай тұрсын, жалпы мәселелерге де дәлел ретінде жарамайды. Ендеше, осындай бір ғана «мұдтараб» хадиске сүйеніп, мекенсіз Аллаға «мекен таңу» әсте дұрыс емес.

Бұған қоса күң оқиғасына қатысты хадистердің ішінде Абдур-Раззақтың мұсаннафындағы «Алланың бір екендігіне куәлік етесің бе?» деген сөзбен жеткізілген хадисті қуаттайтын басқа да қисындық факторлар бар. Себебі, кісінің иман келтіріп, келтірмегендігін анықтау үшін оның Алланың – бір, Мұхаммедтің – елші, өлім мен қайта тірілудің хақтығы һәм жұмақ пен тозақтың ақиқат екендігіне сеніп, сенбегендігін сұрап білу қажет. Міне, бұл қисынға келеді. Себебі, мұсылмандықты алғаш қабылдаған адамға айтқызатын алғашқы имани куәлік «Алладан басқа тәңірдің жоқтығына һәм Мұхаммед оның елші екендігіне куәлік етемін» деген сөз емес пе? Пайғамбарымыз (с.а.у.) өз елшілерін түрлі тайпалар мен қауымдарды дінге шақыру үшін жібергенде, оларға «Алланың бір және Мұхаммедтің елші екендігіне кәуелік келтіруге шақырыңдар» дегені көптеген сахих хадистерде айтылған. Оның ешбірінде Алланың аспанда екендігіне куәлік етуге шақырып әрі оны иманның белгісі ретінде қабылдауды айтпаған.

Ал енді хадисті «мұдтараб» деп танымай-ақ, сахих хадис ретінде қабылдағанның өзінде ешбір ислам ғұламасы бұл хадис арқылы «Алла аспанды мекен тұтады» деген шешімге бармаған.

Имам ән-Нәуауидің жоғарыдағы Мұслимдегі хадиске қатысты түсіндірмесін келтірейік. Ол былай дейді:

Бұл хадис «ахадисус-сифатқа» (Алланың сипатына қатысты хадистер) жатады. Мұндай мәселеге қатысты екі көзқарас бар. Бұл екі көзқарас жайлы «иман» тарауында талай рет айтылды. Біріншісі, Алла Тағалаға еш нәрсенің ұқсамайтынын әрі Оның жаратылғандарға тән ерекшеліктерден пәк екеніне сене отырып, айтылған сипаттың мағынасына кірместен жалпылай иман келтіру. Ал екіншісі, Аллаға лайық келетін кейіпте жорамалдау. Бұл көзқарастағылар былай дейді: «Пайғамбарымыз «Алла қайда?» деуі арқылы оның бір Аллаға сеніп, сенбейтінін анықтағысы келді. Яғни, барлық жаратылысты басқарып әрі барлық істі істеп тұрған жаратушының жалғыз Алла екендігіне, намаз оқығанда кісінің қағбаға бет бұратыны секілді, дұға жасаушының тілек тілегенде қолын аспанға көтеру арқылы мінәжат жасалатын бір Аллаға сеніп, сенбейтіндігін білгісі келді. Жүзді қағбаға бұрған уақытта Алланың қағбаның ішінде болмайтыны секілді, қолды аспанға жайған кезде де Ол аспанның ішінде болмайды. Керісінше қағба намаз оқушылардың құбыласы болғаны тәрізді, аспан да дұға етушілердің құбыласы. Немесе пайғамбарымыз оның жердегі пұттарға табынушылардан болып, болмағанын білгісі келді. Ол: «Аспанда» деп жауап бергеннен кейін оның пұтқа табынушы емес, бір Аллаға сенетіндігін айқындады».

Имам ән-Нәуауий бұл мәселеге қатысты сөзін мәшһүр ғалым әл-Қади Ъиадтың былай деген сөзімен жалғастырды: «Мұсылмандардың фақиһтері мейлі хадис ғалымдары һәм кәлам саласының мамандары болсын, тіпті діни үкімді басқалардан алатын қарапайым мұқаллидтері болсын бәрі «Аспандағының сендердің үстеріңе жерді төңкере салуынан қорықпайсыңдар ма?» деген аяттар секілді мұндай «Алла аспанда» делінген сөздердің тура мағанасының мұрат еместігін бірауыздан айтқан. Мұндай сөздердің тура мағынасы мұрат болмағандықтан, барлық ғалымдар бойынша жорамалданған...»[14].

Мұслимнің хадис жинағына түсіндірме жасаған ғалым әл-Мазири де жоғарыдағы хадис жайлы былай дейді:

«Пайғамбарымыз күңнің мұсылман болып, болмағандығын білдіретін қандай да бір белгісін білгісі келді. Өйткені кәпірлердің табынатын құдайлары саналатын от пен пұт жерде орналасқан. Әрқайсысы қажетін өз құдайынан сұрайды. Ал аспан болса, жалғыз Аллаға сенетіндердің дұға, тілектерінің құбыласы. Міне, сондықтан оның неге иман келтіретінін анықтағысы келді. Сөйтіп, оның түсінетін тілімен сөйлесті. Сосын ол жалғыз Аллаға иман келтірушілердің дұға жасаған уақытта қолдарын жаятын аспанды ишарат етті. Құбылаға бет бұру – Алла Тағаланың қағбамен шектеулі екенін көрсетпейтіні секілді, Аллаға иман келтірушілердің дұға жасаған уақытта қолдарын жаятын аспанды меңзеу де Оның белгілі бір жақта әрі аспанмен шектеулі екенін де білдірмейді»[15].

Түйін

Байқағанымыздай кейбір көрнекті ислам ғұламалары Мұслимдегі «Алла аспанда» деген хадисті «мұдтараб» хадис қатарына жатқызған. «Мұдтараб» хадиске сүйеніп, үкім шығарылмайтындығы белгілі. Ал хадиске «мұдтараб» таңбасын баспаған басқа барша ғұламалар «Алла аспанда» деген сөзді жоғарыда имам ән-Нәуауидің түсіндірмесінде көрсетілгендей Алланың мекенсіздігін негізге ала отырып, ол сөзден нендей мағына мақсат етілгенін Аллаға тапсырып, үнсіз қалу жолын таңдаған яки Алланың ұлықтығына лайық басқа мағынада жорамал жасаған. Ендеше, ғұламалар салған сара жолдан адасып, хадистегі бір ғана сөзді негізге алып үмбет арасына іріткі салып жүрген бауырларымызға Алладан көкіректеріне ақиқат нұрын құюды тілейміз.

[1] Хасан ибн Али ас-Саққаф, Мажмуъ Расайлис-саққаф, 1-том, 354-бет. «Дарур-Рази» баспасы.

[2] «Әнғам» сүресі, 12-аят.

[3] Абдул-Қаһир әл-Бағдади, әл-Фарқу бәйнәл фирақ, 234-бет, «әл-Мактабатуль асрия» баспасы, Сайда-Бейрут, 2004 ж.

[4] Әби Хафсин Сиражиддин Умар ибн Исхақ әл-Ғазнауий әл-Һинди, Шархул ақидати әл-имамит-Тахауий, 88-бет. «Дәрул-Караз» баспасы, Каир, 2009 ж.

[5] Абай Құнанбаев, Қалың елім, қазағым, 153-бет. «Атамұра» баспасы, 2002 ж.

[6] Абдул-Қадир ибн Тааһирит-тамиими әл-Бағдади, Ал-фарқ байнал-фирақ, 1-том, 321-бет. Дарул-афақил-жадида» баспасы, 2-басылым, Бәйрут, 1977 ж.

[7] Рс. 345

[8] Ибн Хажар әл-Асқалани, Талхисул-хабир, 448-бет. «Құртуба» және «Дарул-Мишкат» баспасы, 1995 ж.

[9]

[10] Әбу Бәкір Абдур-Раззақ ибн Һүмам әс-Санъани, Мусаннафу Абдир-Раззақ, 9-том, 175-бет. «Әл-Мәктабул-ислами» баспасы, Бәйрут, Һижри 1403 ж.

[11] Мұхаммед ибн Хиббан ибн Мұхаммед, Сахих ибн Хиббан, 1-том, 418 - бет. «Мүуссатур-рисала» баспасы, Бәйрут, 1992 ж.

[12] Хасан ибн Али ас-Саққаф, Мажмуъ Расайлис-саққаф, 1-том, 353-бет. «Дарур-Рази» баспасы.

[13] Ибн Хажар әл-Асқалани, Талхисул-хабир, 448-бет. «Құртуба» және «Дарул-Мишкат» баспасы, 1995 ж.

[14] Мұхиддин ән-Нәуауий, әл-Минһәәж Шарх сахих Мұслим ибнил-Хажжаж, 5-6 том, 26-27 бет. «Дарул-мағрифа» баспасы, 2007 ж.

[15] Мұхаммед Наъим Мұхамед, әл-Қанун фи ъақайдил-фирақи уәл-мәзаһибил-исламия, 403-бет. «Дәрус-салам» баспасы, Египет, 2007 ж.
Қайрат Жолдыбайұлы,
Әзірет Сұлтан мешітінің бас имамы

Хабари сипаттарға қатысты тақырыпты бүгінгі қоғамда өзекті мәселеге айналдырып, қарапайым халықтың басын қатырып жүрген «бидғатшыл» топтар бар.

Олар өздерін «сәлафтардың жолын ұстаймыз, біздікі ғана дұрыс» деп, хабари сипаттарға тәуил жасайтын Ашғари мен Мәтуруди секілді әһлі сүннеттік ақида мектептерін ұстанатын қалың жамағатты да, мағынасын білмейміз деп Аллаға тапсыратын (тафуид жасайтын) шынайы сәлафтардың жолын ұстанатындарды да адасушылар қатарына қосады. Көбіне уағыздарының басы «Сенің ақидаң дұрыс па?» деген сауалмен басталады. Егер жауабыңызда Мәтуруди немесе Ашғари ақидасы десеңіз яки олардың «Алла қайда?» деген сұрақтарына «аспанда» деп төбеңізді көрсетпесеңіз, онда ақидаңыз адасқан болып шыға келеді.

Бүгінгі кейбір сәлафи ақидасын ұстанамыз деп жүргендер, шынымен де, өздері айтқандай сахабалар мен табиғиндардың, олардың көзін көрген атбағут-табиғиндардың ақидасын ұстанады ма? Әрине, жоқ! Себебі, олар былай дейді: «Алланың өзіне жарасатын қолы бар, бірақ біздің қолымыз сияқты емес, қандай қол екенін білмейміз» дейді. Тіпті кейбіреуі «иттің қолы бөлек, мысықтікі де адамдікінен өзгеше, ендеше, Алланың қолы да басқаша» деп мысалдар бере отырып түсіндіріп жүр. Яғни, олар аяттағы «иад» сөзінің тура мағынасы «қол» дегенді білдіреді, бірақ Алланың қолы қандай екенін білмейміз дейді. Қандай қол екенін білмейміз деу – Алланы пәктеуге жатпайды. Себебі, өздері айтқандай Алланың қолы ешбір жаратылыстың қолына ұқсамай-ақ қойсын, бірақ жалпы қол деген ұғым ұстауға арналған құралды, белгілі бір ағзаны білдіреді. Ал Алла Тағала ешбір құралға да, ағзаға да мұқтаж емес. Сондықтан сәлаф ғалымдары «йад» деген сөздің белгілі бір ағзаны немесе ұстау құралын білдіретін тура мағынасы Алла үшін мұрат емес, тіпті, Алла үшін белгілі бір кейіп жүрмейді деген.

Ал бүгінгі сәлафи ақидасын өздеріне «жекешелеп» алғандар шын мәнінде шынайы сәлафи ақидасын ұстанбайды. Мысалы, «Алла сосын аршқа истиуа етті» деген аяттағы «истиуа» сөзін «истиқрар», яғни орнығу, жайғасу, тіпті таққа отыру мағынасында түсіндіреді. Олар «Иад (қол)» деген сипат бар, бірақ ол ағза мағынасында емес, сол секілді «истиуа» деген сипат бар, бірақ «отыру, жайғасу, орнығу» мағынасында емес, бұлардың мағынасын білмейміз, белгілі бір кейіп Аллаға жүрмейді» десе, біз олармен келісер едік. Сәлафус-салих ғалымдарына жататын Әбу Ханифа өзінің шәкірттеріне қалдырған өсиеттерін қамтыған «Әл-уасия» кітабында былай дейді: «Біз Алла Тағаланың аршқа истиуа еткеніне сенеміз. Бірақ ол истиуа аршқа қажеттілік болмастан әрі оған жайғасып, орнықпастан жүзеге асқан. Алла Тағала мұқтаж болмастан арштың да, басқаның да сақтаушысы. Егер Алла Тағала мұқтаж болғанда, әлемді жаратуға да, әрі оны басқаруға да басқа жаратылғандар тәрізді құдіреті жетпес еді. Егер ол отыруға, жайғасуға мұқтаж болса, онда Алла Тағала аршты жаратпас бұрын қайда еді? Алла Тағала одан (отыру мен мұқтаж болудан) пәк әрі ұлы».

Байқағанымыздай, табиғинге жататын, яғни сәлаф деген атауға анық лайық Әбу Ханифа «истиуаны» «орнығу, отыру, жайғасу» мағынасындағы «истиқрар» емес екенін түсіндіріп отыр. Ал бүгінгі біздің ғана ақидамыз түзу деп, басқаларын адасуға жатқызатындар «истиуаны» истиқрар деп түсіндіріп жүр. Бұл сонда қандай сәлафи ақидасы?

Олар хабари сипатты білдіретін сөздердің тура мағынасын жоққа шығармаймыз, қандай мағынада айтылғанын да білеміз, тек нендей кейіпте болатындығын білмейміз дейді. Олардың «Алланың өзіне лайық көзі бар, бірақ біздің көзіміз сияқты емес» немесе «Алла аршқа орнығып, жайғасты, бірақ біздің орнығуымыз бен жайғасуымызға ұқсамайды» деген сөздеріндегі «Алланың өзіне лайық» және «біздікіне ұқсамайды» деген тәрізді, бір қарағанда, Алланы пәктеу секілді көрінетін мұндай сөздеріне қарапайым халық алданып қалады. Шынтуайтында, «Алланың өзіне лайық көзі бар» деген кезде мейлі ол біздікіне яки кез-келген басқа жаратылыстың көзіне ұқсамай-ақ қойсын, Бірақ жалпы көздің тілдегі тура мағынасы, жалпы ұғымы көру құралы, арнайы ағза емес пе? Ендеше, «көз» сөзінің ағза немесе құрал ретіндегі тура мағынасы Алла үшін мүмкін емес. Аллаға мұндай мұқтаждықты білдіретін мағынаны таңуға болмайды. Себебі, Алла ешбір құрал, ағзасыз-ақ толық көреді, біледі. «Һидаяға» «Фатхул-қадир» атты кең түсіндірме жасаған ханафи ғалымы әл-Кәмал Ибнул-Һүмам былай дейді: «Саусақ та, қол да Алла Тағаланың сипаты. Бірақ ағза мағынасында емес. Керісінше Алланың ұлықтығына лайық түрде. Кемшіліктен пәк Алла ең дұрысын біледі». Егер олар Ибнул-Һүмам секілді «Алланың қолы бар, бірақ ағза мағынасында емес» десе де келісуге болар еді. Алайда олар аяттағы «қолдың» мағынасын білеміз, бірақ біздікіне ұқсамайды дейді, өзіне жарасатын түрде деп Алланы пәктеген болады. Құранда кәпірлерге қаратыла: «Олар Алланы ұмытты, сондықтан Алла да оларды ұмытты (тәрк қылды)» , «Олардың бұл күнгі кездесулерін ұмытқанындай біз де оларды ұмытамыз (тәрк қыламыз)» деген аяттардағы Аллаға байланыстырылып қолданылған «ұмытты» сөзі тура мағынасында емес, тәрк ету, рақымына алмау мағынасында. Мұны барлық ғұламалар осылай түсінген. Ал енді «Алла да ұмытады, бірақ оның ұмытуы біздің ұмытуымыз сияқты емес» деп әуелі ұмытуды таңып, сосын біздің ұмытуымыз сияқты емес деп ешкім, тіпті Алланың қолы бар, бірақ біздің қолымыз секілді» емес дейтіндер де айтпайды. Себебі, ұмыту біздің ұмытуымызға ұқсамай-ақ қойсын, жалпы алғанда ұмыту кемшілік, есте сақтай алмау нұқсандығы емес пе? Ал енді «Алланы отырады, бірақ біздің отыруымыз сияқты емес» деудің «Алла да ұмытады, бірақ біздің ұмытуымыз сияқты емес» деуден қандай айырмашылығы бар? Ол да кемшілік, жаратылғандарға тән мұқтаждық емес пе? Міне, сондықтан нағыз сәлафтар сөздің әлгіндей белгілі бір ағзаны яки жаратылғандарға тән іс-әрекеттерді білдіретін тура мағынасы мұрат емес, Алла Тағалан мұндай сөздермен нені мұрат етіп, қандай сипатты қалаған болса, соған иман келтіреміз деген.

Егер олар «Алланың қолы бар, бірақ біздің қол сияқты емес» деген кезде «біздің қолымыз сияқты ағза, ұстайтын құрал мағынасында емес» дегенді айтқысы келсе, онда оларды шатасып жүр демес едік. Алайда олар «йад» (қол), «ъайн» (көз) сөздерінің тілдік тура мағынасын жоққа шығармаймыз, қандай мағынаны білдіріп тұрғанын да білеміз, тек сипаттың нендей кейіпте болатындығын ғана Аллаға тапсырамыз» дейді. Оларға айтар уәжіміз егер сендер өздерің айтқандай «Алланың қолы, көзі» дегендегі «қол» мен «көз» сөздерінің тура мағынасын жоққа шығармасаңдар әрі олардың мағынасын біліп, түсінген болсаңдар, онда бізге бұл сөздерден түсінген мағыналарыңды айтып беріңдерші. Ескерте кетейік, біз олардан Алланың қолы мен көзінің қандай кейіпте болатындығын айтып беріңдер деп отырған жоқпыз. Тек қол мен көздің өздері түсінген жалпы мағынасын айтып беруді талап етіп отырмыз. Олар бұл сұрағымызға «көру мен ұстауға арналған «ағза, құрал» мағынасында» деп жауап берсе, онда олардың адасқандықтарына басқа дәлелдің қажеті жоқ. Себебі, Алланың көзі мен қолы біздің, тіпті ешбір жаратылыстың көзі мен қолына ұқсамай-ақ қойсын, оның жалпы ұғымы мұқтаждықты, денені әрі бөлшектерден құралғандықты білдіреді. Міне сондықтан көзі жоқ адам соқыр, қолы жоқ адам мүгедек болады. Ал Алла еш бір нәрсеге мұқтаж емес, дене ұғымынан да пәк. Ол еш нәрсеге ұқсамайды. Алла көреді, бірақ көру үшін белгілі бір ағза мен құралға әсте мұқтаж емес. Алла жаратады, істейді бірақ жарату, істеу үшін қолға да, ешбір құралға да мұқтаж емес.

Ал егер олар «қол мен көз ағза мағынасында емес» деп жауап берсе, онда бастағы айтқан «тура мағынасын жоққа шығармаймыз» деген сөздеріне өздері қайшы келіп отырғандықтарын естеріне саламыз. Себебі, қол мен көздің тура мағынасы ағзаны ғана білдіреді.

Осы көзқарастағылардың арқа сүйейтін бір ғалымы «дене, көретін көз, еститін құлақ, сөйлейтін тіл, тамақ» сынды сипаттардың Алла Тағалада жоқ екендігін айтқан аят хадис болмағандықтан, біз оларды Аллада бар деп те айтпаймыз, жоққа да шығармаймыз дейді. Тіпті бұларды жоққа шығармау – әһліс-суннаның жолы дегенді алға тартады. Дәлірек айтсақ, бұл ғалым әс-Сабунидің «Алла Тағала денеден, көретін көз, еститін құлақ, тіл, тамақтан пәк» деген сөзіне былай деп қарсы жауап берген: «Бұлай деу – сәлафтардың жолы емес, керісінше бұл философтардың сөзі. Ал әһліс-сунна болса, Алланың өзі үшін бар деген (сипатын) бар, жоққа шығарғанын жоқ дейді. Сондай-ақ, Алла елшісінің Алла үшін бар деген (сипатын) бар, жоқ дегенін жоқ дейді.»

Сонда бұл пікір Құранда «жоқ» деп айтылмағанды Алла Тағаладан пәктеу дұрыс емес дегенді білдіреді. Алайда Құранда «Алла тағалада жоқ» деп айтылмаған бұлардан басқа да талай-талай ағзалар бар ғой. Мүмкін, олардан да Алла Тағаланы пәктеуіміз керек шығар?!

Негізінде, мұндай ағза, құралдар жалпы мұқтаждықты, кемшілікті білдіргендіктен, Алла Тағаланы олардан пәктеу – уәжіп. Құранда жоққо шығарылмаған екен деп Алла Тағаланы олардан пәктемеу, мұқтаждықтан туындаған мұндай сипаттарды Ұлы Жаратушыға тануға болмайды деп айтпау – Алла жайлы сенімі түзу адамның сөзі емес.

Сәлафус-салихтардың Алла Тағаланы ағза, құралдардан пәктегендіктеріне, ондай мұқтаждықты жоққа шығарғандықтарына қатысты дәйекті деректер өте көп. Солардың ішінен имам Ахмед ибн Ханбалдың мына сөзін мысал ретінде келтіре кетейін: «Алла Тағала өзі қалай қаласа солай сөйледі.Бірақ қуыстан шығарып айтпастан әрі ауызсыз, екі ерінсіз және тілсіз сөйлейді.»

Бұл топ өздерінің шатасқанына қарамастан, өздері сияқты ойламайтындардың бәрін адасып жүр дейді. Дәлірек айтсақ, олар хабари сипаттарда қолданылған сөздердің тура мағынасы Алла үшін мүмкін емес. Сондықтан мұндай сөздермен не мұрат болғанын білмейміз деп мағынасын Аллаға тапсыруды (тафуид) сәлафтардың ұстанған жолы емес, керісінше тарихтағы «мұъаттила» деп аталатын адасқан топтың ұстанымы дейді. Бүгінгі кейбір салафи ақидасын ұстанамыз дейтіндердің пайымдауынша хабари сипаттардағы жүз, қол, аяқ, көз, орнығу, күлді, жүгірді секілді т.б. сөздердің тура мағынасын Алла үшін қолдануға болатындығын сәлафтар жоққа шығармаған әрі ондай сөздерден не мұрат болғанын, қандай мағынада айтылғанын білген. Тек олардың нендей кейіпте болатындығын ғана Аллаға тапсырған.

Ал шындығында шынайы сәлафтар хабари сипаттарда қолданылған тура мағынасы белгілі бір ағзаны немесе жаратылғандарға тән іс-әрекеттер мен ерекшеліктерді білдіретін сөздердің тура мағынасын Аллаға қолдануға болмайды деген сенімде болған. Олар ондай сөздердің қандай мәнде айтылғандығын білмейтіндігін толық мойындап, мұрат болған мағынасын Аллаға тапсырған. Оған төмендегі сәлаф һәм халаф ғалымдарының хабари сипаттарға байланысты ұстанымдарын білдіретін мына мәліметтер дерек бола алады:

Ахмед ибн Ханбал: «Оған (ондай сипаттарға) ешбір мағына берместен әрі белгілі бір кейіпте болады деместен иман келтіреміз әрі растаймыз», – деген.

Имам Суфиян ибн Ъуиайна (107-197 һижри) былай деген: «Алла Тағаланың Құранда білдірген барлық (хабари) сипаттарының тәпсірі – оны оқу және мағынасына үнсіз қалу» .

Бәйһақидің «әл-Асма уас-Сифат» атты еңбегінің 314-бетінде Суфиян ибн Ъуиайнаның былай дегені жеткізілген: ««Алла Тағаланың Құранда білдірген барлық (хабари) сипаттарының тәпсірі – оны оқу. Және ешкімнің оны арабша да, парысша да түсіндіруіне болмайды»

Байқағанымыздай, ибн Ъуиайна хабари сипаттарды білдіріп келген аяттарды тек оқуды әрі мағынасына үнсіз қалуды тәпсірге жатқызып отыр. Бұл дегеніміз, хабари сипаттардың мағынасы белгісіз деген сөз. Әйтпесе, аятты жай ғана үстінен оқып өту мен үнсіз қалудың тәпсір емес екені кез-келген адамға мәлім емес пе? Егер хабари сипаттарды білдірген сөздердің мағынасы мәлім болса, онда Ибн Ъуиайна неліктен оны арабша да парысша да түсіндіруге, яғни арабша сөздің синонимін, ал басқа тілге аударылуына қатаң қарсы шығып отыр?

Имам Шафиғи хабари сипаттарға қатысты: «Аллаға әрі Алладан келгеннің бәріне Алланың мұрат еткен мағынасы бойынша иман келтірдім. Алланың елшісіне әрі Алланың елшісінен жеткеннің бәріне Алла елшісінің мұрат еткен мағынасы бойынша иман келтірдім», – деп сөздің тура мағынасы бойынша емес, Алла мен Оның елшісінің мұрат еткен мағынасы бойынша иман келтірген.

Әбу Жәғфар әт-Тахауи: «Бұл тақырыпта Алла елшісінен сахих хадиспен жеткеннің барлығы – оның айтқанындай және мағынасы оның қалағанындай...», – деген.

Қайрат Жолдыбайұлы
ҚМДБ аппарат жетекшісі,
Дінтанушы
Пятница, 30 Май 2014 00:00

Имам Матуриди ақидасы

 

Ол өмір сүрген орта

 

Әбу Мансұр ибн Мұхаммед әл-Ханафи ас-Самарқанди әл-Матуриди (870-944) Самарқанд маңындағы шағын Матурид қаласында дүниеге келді. Фикһ (құқық) теориясын Самарқандағы ханафиттік құқықтанушылардан үйренді. Кейін, өзі осында фикһ пен каламнан (сенім мәселесі) дәріс берді. Әл-Матуридидің каламдық көзқарастары алғашқыда тек Мәуреннаһрға ғана тарады («Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы. 110 бет). Оның өмір сүрген уақытында Муғтазила мәзһабының басынан бағы тайып, халықтың қаһарына ұшырап, күйрей бастаған болатын. Мәуреннаһр өлкесі фикһ пен хадис ғалымдарының пікірталас алаңы еді. Пікірталас көбіне ханафи мен шафии мәзһабының өкілдерінің арасында өрбитін. Пікірталастардың қызықты өтетіні соншалықты, басынан небір қайғы арылмаған адамдар факиһтердің (мұсылман заңгерлері) пікір таластыруын келіп тыңдағанда, білімін көтеріп, рухани ләззатқа бөленетін. Муғтазила өкілдері және факиһтер мен хадисшілер де ұдайы каламдық мәселелер бойынша өзара тартысқа түсетін. Имам Матуриди жас шағында осындай әрбір мәселеге ақылмен екшейтін пікірталасы дамыған ортада өсіп ержетті.

 

Ұлы ұстаз ұлағаты

 

 

Имам Матуриди фикһтық мәселелер бойынша ханафи мәзһабын ұстанды. Сондай-ақ, фикһтық мәселелермен бірге сенімдік тақырыптарда да шығармалар жазды. Имам Матуриди калам (сенім) ілімін жетік меңгергендіктен, фикһтық мәселелер бойынша өзімен сөз таластырған факиһтер мен хадисшілерге, фиқһпен бірге каламды да айтып састыратын. Оның каламдық әдісінің имам Әшғари әдісінен едәуір айырмашылығы бар еді. Десекте, оның каламдық тұрғыдағы көптеген пікірлері Әшғари мәзһабымен біте қайнасып кеткен-ді. Ирак факиһтерінің көшбасшысы болған имам Ағзамның бұл шығармалардағы көзқарастарын имам Матуридидің сенімдік тұрғыдағы көзқарастарымен салыстырып көрсек, бірізділікті байқау қиын емес. Осы себептен де, зерттеушілер екі ғұламаны бір-бірінен ажыратып жатпайды. Имам Ағзам мен имам Матуридидің көзқарастарын салыстырғанда қайсы пікір кімдікі екендігін ажырату қиын. Осы тұрғыда, зерттеушілер имам Матуриди өз шығармаларында имам Ағзамның мынандай кітаптарын қолданғандығын анықтаған: ««әл-Фыкһул-әкбар», «әл-Фыкһул-әбсат», «Рисалату Әбу Ханифа ила Осман әл-Ветти», «Ваиету Әбу Ханифа ли-тилмизихи Юсуб б. Халид әс-Семти». Имам Матуриди бұл кітаптарды ұстаздары Әбу Насыр Ахмад ибн Аббас әл-Бейади, Ахмад ибн Ысқақ әл-Жүржани және Насыр ибн Яхия әл-Балхиден үйренгендігін, олар болса Әбу Сүлеймен Мұса әл-Жүржаниден үйренгендігін, әл-Жүржани ұстазы Мұхаммед ибн әш-Шайбаниден үйренгенін айтқан. Зерттеуші Захид әл-Кәусари «Ишаратул-Мерам» атты шығармасының кіріспесінде былай дейді: «Мәуреннаһр өлкесі бидағат пен бұзықтықтан алыс бір өлке еді. Мұндағылар сүннетті берік ұстанатын. Бұл жерлерде хадистер ұрпақтан ұрпаққа мұра ретінде қалдырылатын. Алайда, имам Матуриди деген ғалым шығып, ол әрбір мәселеге өзінше дәлелдер келтіре бастады. Ол, шариғатты негізге ала отырып, ақылмен де үкім беретін». Осы шығарманың тағы бір жерінде имам Матуриди туралы мынандай пікір айтылады: «Матуриди бұл шығармаларды (имам Ағзамның еңбектерін) өзінің еңбектерінде нақты дәлелдер келтірумен және жеке-жеке бөліп қарастырып түсіндірме жасаған». Захид әл-Кәусаридің пікірінен біз имам Матуридидің имам Ағзамның сенімдік көзқарастарын терең зерттеп, оның ізбасары болғандығын ұға аламыз. Имам Матуриди ден қоя зерттеген сенім мәселелеріне арнайы шығармалар жазды. Олардың кейбіріне тоқталайық: «Китабу тәуили-Құран», «Китабу меһазиш-шерай», «Китабул-жәдел», «Китабул-усул фи усулид-дин», «Китабул-мекалат фил-калам», «Китабүт-тәухид», «Редду әуайлил-әдилле лил-Каби», «Редду теһзибил-жәдел лил-Каби», «Китабу редди усулил-хамсе», «Редду китабил-Имаме», «әр-Ред алел-Карамита».

 

Мұсылман сенімінің қос қанаты

 

Имам Матуриди ақиқатты тануда барынша тиімді ойлауды мақсат етті, ақылмен шешіп қолдануда асыра сілтеушілікке ұрынбай, ақыл мен қисынды орнықты пайдалануымен ерекшеленеді. Ал, имам Әшғари мен оның мәзһабы нақлға (Құран мен сүннетке) көп мән беруімен өзгешеленеді. Осыған қарай, Матуридиді Муғтазила мен Әшғари мәзһабының арасындағы мәзһаб деуге болады. Имам Матуридидің ақылға жүгінуін шариғат шеңберінің негізінде деп ұққан жөн. Осы тұрғыда, ол ақылмен ақиқатты іздеуге жүрексініп, тек Құран мен сүннеттен ақиқатты іздеген салафи өкілдерімен пікірталастырды. Имам Матуриди салафи өкілдеріне қарсы екендігін «Китабут-тәуһид» атты шығармасында былай жеткізеді: «Ақылды терістеушілік шайтанның азғыруы болып табылады. Себебі, ақылды теріске шығарған адам, одан басқа ештеңеге жүгіне алмақ емес. Бұл біздің ақылға деген мұқтаждығымыздың дәлелі бола алады. Аллаһ тағала құлдарын ақылмен әрекет етуге шақырады. Ақиқатты ақылмен іздеуге әмір етіп, ғибрат алуды ұсынады. Бұл ақылдың негізгі қайнар-көздердің бірі екендігіне дәлел» . Имам Матуриди ақылды дәлел келтірудің дербес қайнаркөзі деп бағалағанмен, ақыл жете алмайтын жәйттер де бар деп білді. Бірақ, оның бұл түсінігінен тек нақлға мән беретін салафи өкілдері секілді ақылдың дәрежесін тым төмендеткен жоқ. Керісінше, ол ақылмен әрекет ету барысында ақиқат арнасынан ауытқып кетпеуге барынша мән берді. Имам Матуриди бұл тұрғыдағы пікірін былайша сабақтайды: «Кімде-кім нақлмен бірге ықтиятты болуды терістесе, сондай-ақ, құпия ілімді (мутәшаббих) кемшілігі бар ақылмен анықтағысы келсе, онда ол адам ақылға оның көтере алмайтын жүгін артқан болып, зұлымдық жасаған болып табылады» (Пр. Др. Мұхаммед Ебу Зехра, «Исламда саяси, итикади, фыкһи мәзһабтар тарихы» 183-187 беттер). Имам Матуруди сенім мәселеcін ақыл немесе қисынмен талдауды жақтағандықтан, ханафи мәзһабының өзге өкілдері де бұл мәселеде имам Матурудидің көзқарастарынан бөлек өзіндік пікір білдіретін. Мысалы: ханафи мәзһабындағы атақты «жеті қазының» («әл-кудатус-себа») бірі саналатын имам Дабусидің (өлген жылы 430/1039) сенім мәселесін имам Матурудиден өзгеше көзқарасы болатын. Насстардың негізінде ақылмен әрекет етуді үндеген имам Матуриди өзінің Құран-Кәрімге жасаған түсіндірмелерінде (тәпсір) бұл тәсілді өмірлік ұстаным етті. Десекте, имам Матуриди Құран-Кәрімге түсіндірме жасағанда, мутәшаббих (мағынасы құпия) аяттарға махкем (мағынасы анық) аяттардың негізінде жорамал (тәуил) жасады.

Оның пікірінше, егер, мүміннің ақылы тәуил жасауға күші жетпесе, ол мәселені Аллаһқа қалдырған жөн. Имам Матуриди мүмкіндігінше Құран-Кәрім аяттарының мәнін ашуға тырысты. Себебі, Құран-Кәрім аяттарында қарама-қайшылық жоқ болатын. Бұл туралы қасиетті Кітапта: «Егер, Құран Аллаһтан басқаға тиесілі болса, онда көп қарама-қайшылық болар еді» («Ниса» сүресі, 82-аят) деп бұйырылады. Имам Матуридің мутәшаббих аяттарға түсіндірме жасауы, салафилердің ұстанымына қайшы болғанмен, бұл сол дәуірдің қажеттілігі еді. Себебі, Ислам қанатын кеңге жайған сайын, ескі діндер мен мәдениеттердің ықпалына ұшырай бастады. Ислам ғұламалары мутәшәббих (құпия) аяттарға түсіндірме жасамағанымен, дүбәра сенімдегі кейбір дүмше ғалымдар исламдағы мутәшаббих негіздерге долбар айта бастады. Олардың теріс пікірлерінен исламды арашалау үшін, имам Матуриди мұсылмандық негіздерге қайшы емес тұрпатта мутәшаббих аяттарға жорамал жасап, халық сенімі бұзылмауына алдын алып отырды.

 

Матуриди әйелзатын кемсітпейді

 

 

Атақты Тафтазани өзінің «Шерхул-акайд» атты шығармасында имам Әшғари мен имам Матуридидің сенімдік көзқарастарында елу жеті айырмашылықтың бар екенін көрсетеді (Тафтазани, «Шерхул акайд», 40-44 беттер). Дегенмен, екі ғұламаның да сенімдік ұстанымы ортадоксальді мұсылмандық сенімді құрайды. Қос ғұламаның сенімдік көзқарасындағы мұншама көп ерекшелікке қарап, зерттеушілер екі мәзһабтың арасында үлкен айырмашылықтар бар екен деп түйін жасауы ғажап емес. Әсіресе, имам Матуридидің кейбір пікірлері Муғтазала сенімін еске түсіретін еді. Десекте, екі ғұлама да өз пікірлеріне Құран-Кәрім және ақыл мен қисын тұрғысынан нақты дәлелдер келтіре алған. Мысалы: Имам Матуридидің пікірінше пайғамбардың ер кісі болуы міндетті. Ал, имам Әшғаридің көзқарасынша пайғамбар әйелзатынан да келеді деп білді. Имам Матуриди өзінің пікіріне Құран-Кәрімнен мынандай дәлел келтірді: «(Мұхаммед ( с.ғ.с.) сенен бұрын да өздеріне уаһи етіп, еркектерді ғана жібердік. Егер, білмесеңдер кітап иелерінен сұраңдар» («Нахыл» сүресі, 43-аят; «Сенен бұрында кенттердің халқынан өздеріне уаһи етіп, еркектерді ғана жібердік» («Жүсіп» сүресі, 109-аят). «Сенен бұрын да өздеріне уаһи етіп, еркектерді ғана жіберген едік» («Әнбия» сүресі, 21-аят). Имам Матуриди осы үш аятты негізге ала отырып, пайғамбарлар тек қана еркек кіндіктен келеді деп білді. Сондай-ақ, оның пікірінше халиф, әкім, әмірші, қолбасшы, қазы да әйел кісіден болғаны дұрыс емес. Себебі, әйелдің нәзіктігі бұл міндетті көтере алмайды. Бірақ, «әйел адамның мүфти болуы мүмкін» деді. Имам Әшғари де өзінің әйелзатынан пайғамбар келуі мүмкін деген пікіріне Құран-Кәрімнен мынандай дәлелдерді келтірді: «Біз Мұсаның анасына уаһи еттік» («Таһа» сүресі, 38-аят ). «Мұсаның анасына: «Оны еміз де оған бір нәрсе болады деп қорықсаң, онда оны дарияға салып жібер. Қорықпа да, күйінбе де ! Расында оны саған қайтарамыз да оны пайғамбарлардан етеміз» деп уаһи еттік» («Қасас», 7-аят). Бұл аяттар әйелзатына да Аллаһтан уаһидің түскенін білдіреді. «Себебі, уаһидің келуі, пайғамбарлықтың белгілерінің бірі саналады»,- деді. Сонымен бірге, имам Әшғаридің пікірінше, әйел адам мүфти, әкім және дін уағызшысы бола алады. Себебі, «әмр бил-мағруф уа нахи анил-мүнкар» (жақсылыққа шақырып, жаманшылықтан тыю) олардың да парызы.

Имам Әшғари осы пікірінің негізінде «Мәриям, Әсия, Сара, Ажар, Хабба және Мұсаның (ғ.с.) анасын пайғамбар болуы ықтимал» деп пайымдады. Имам Матуриди әшғариттердің жоғарыдағы келтірген дәлелдеріне келіскісі келмеді. Имам Матуридидің пікірінше Мұсаның (ғ.с.) анасына аят түсірдік деген уаһи сол кездегі көзі тірі Шұғайып (ғ.с.) пайғамбарға жіберіліп, ол уаһиді Мұсаның (ғ.с.) анасына жеткізуі тиіс болды мағынасында деп түсіндірді. Сонымен бірге, бұл аятты Мәриям анамызға түскен иллаһи хабар секілді деп ұққан жөн. Бұл туралы Құран-Кәрімде: «Сонда олардың бер жағынан шымылдық ұстап қойған еді. Сондай-ақ, оған рухымызды (Жәбірәйілді (ғ.с.) жібердік те ол, оған толық адам бейнесінде көрінді» («Мәриям» сүресі, 17-аят) деп бұйырылады. Яғни, жаңа бір пайғамбарды өмірге әкелу үшін оның анасына періште жіберген секілді, жоғарыдағы «Мұсаның (ғ.с.) анасына уаһи жібердік» деген аятта Мұсаның (с.ғ.) анасына бір періште жіберген болуы мүмкін деп білді. Имам Әшғари де матуридиттердің мұндай пікіріне қарсы уәж айтты. Оның пікірінше жоғарыдағы аят бойынша Мәриям анамызға Жәбірәйіл (ғ.с.) періште жіберілген болса, Ол тек пайғамбарларға уаһи түсіретін періште болып табылады. «Демек, онда Мәриям анамызды да пайғамбар деп тану керек» деген пікірде (Тафтазани, «Шерхул Акайд» 44-46 беттер). Белгілі дінтанушы Омар Насихи Билмен өз шығармаларының бірінде: «Имам Әшғари мен имам Матуридидің арасында анау айтқандай бір айырмашылық жоқ, олар сахабалар мен табиғиндердің (сахабаларды көргендер) жолындағы мәзһаб саналады. Екеуінің арасында кейбір пікір ерекшеліктері болғанмен, негізінен екеуі ақли сунна мәзһабтарына жатады. Бүгінде мұсылмандардың басым көпшілігі имам Әшғари мен Матуриди сенімдерін ұстанады» (Омер Насухи Билмен, «Большая Исламская энциклопедия»),- дейді.

 

Матуриди ерекшеліктері

 

Тафтазанидің имам Матуриди мен имам Әшғаридің көзқарастарында елуден астам келіспеушілік (айырмашылық) бар деп білетіндігін жоғарыда баяндадық. Ал, профессор Мұхаммед Әбу Зехра екі ғұламаның арасындағы қайшылықтарды былайша жіктейді: а) Имам Матуриди: «Аллаһты тануда ақыл маңызды рөл атқарады» деп біледі. Әрине, ол Аллаһты тануда иллаһи ілімді (Құран мен сүннет) жоққа шығармайды. Десекте, Аллаһ адамдардың өзін ақылмен тануын бұйырған. Бұл туралы Құран-Кәрімде: «Күдіксіз көктер мен жердің жаратылуында, адам баласының пайдалы нәрселермен теңізде жүрген кемеде және Аллаһтың көктен жаңбыр жаудырып, жер өлгеннен кейін онымен жандандырудың әрі онда әртүрлі хайуанды таратуында, көк пен жердің арасындағы бағынышты бұлтты басқаруында, әлбетте, ойлаған елге (Аллаһтың барлығына, бірлігіне) белгілер бар» («Бақара» сүресі, 164-аят) деп, ақылмен ізденудің маңыздылығын баяндаған. Яғни, еліктеушілік және мәжбүрліктен гөрі Аллаһты ақылмен саналы түрде тану, иманымыздың шынайылығын көрсетеді. Имам Матуриди «Аллаһты тануда ақыл маңызды рөл атқарады» деп есептегенмен, исламдағы көптеген үкімдердің сырын ұғынуға тек ақылдың күші жетпейтінін мойындайды. Мұндай жағдайда, Аллаһтың жәрдеміне сүйене отырып, «үкімдердің мәнін ұғынуға тура келеді» деп пайымдайды.

ә) Имам Матуриди болмыстағы кейбір нәрселердің бойында жамандықтың (кувһ-зат) болғанын және ақылды кейбір нәрселердегі жақсы мен жаманды айыра алады деп түсінді.

Осы орайда ол ақылды былай деп жіктеді:

1. Жақсыны пайымдай алатын ақыл.

2. Жамандықты айыра алатын ақыл.

3. Жақсы және жаманды айыра алмайтын ақыл. Имам Матуридидің бұл көзқарасы бір қарағанда муғтазалиттердің ұстанымы тәріздес. Себебі, олардың өкілдері: «Ақылдың жақсы деп танығанын жасауға міндеттісің. Ақылдың жаман деп танығанынан алыс болуға тиістісің» деп пайымдайтын. Имам Матуриди болса, бұл мәселеде имам Ағзамның ойларына жүгінді. Бұл тұрғыда ол: «Ақыл бір нәрсенің жақсы немесе жаман болғанын анықтаған болса да, амал ету үшін үкімді Аллаһ береді. Сондықтан, ақыл діни жауапкершілік мәселесінде кемелді емес. Себебі, діни мәселелердің төресі Аллаһ болып табылады» деді. Ал, имам Әшғари: «Жақсы мен жаманды тек Аллаһтың үкімі айырып бере алады. Сондықтан, жамандық пен жақсылықты шариғатпен ғана бағамдауға болады» деп ұқты.

б) Имам Матуридидің Аллаһтың іс-әрекеттері хақындағы көзқарасында өзге каламдық мектептің өкілдеріне қарағанда біршама ерекшеліктері бар. Имам Әшғари: «Аллаһ тағаланың жасаған іс-әрекетінен себеп іздеуге болмайды. Өйткені, Аллаһ жасаған іс-әрекеті үшін жауапқа тартылмайды. Жасаған іс-әрекеті үшін жауапқа тек адамдар ғана тартылады» деп білді. Муғтазила өкілдері болса: «Аллаһ тағала әртүрлі мұрат-мақсаттарды көздеп, белгілі бір себептердің негізінде іс-әрекет етеді. Өйткені, Ол хикмет иесі. Аллаһ себепсіз ештеңені жаратпайды. Әрбір нәрсені тосыннан емес, белгілі-бір жүйемен жаратады» деп пайымдады. Тағы бірде олар: «Аллаһ лайықты болғандардың ішінде өте лайықтысын жасайды. Аллаһтың лайық болмағанды жаратуы, Оның хикмет иесі екендігіне селкеу түсіреді. Сондықтан, өте лайықты іс-әрекет ету Аллаһқа уәжіп» деп түсінді. Бұл мәселе бойынша имам Матуридидің ұстанымы әшғариттер мен муғтазалиттердің пікірінен өзгеше. Оның пікірінше: «Аллаһ бей-берекет әрекет етпейді. Аллаһтың әрбір ісі хикметке толы. Себебі, Аллаһ тағаланың үкімдері мен жүктемелері және бүкіл іс-әрекетімен хикметті мұрат еткен. Бірақ, Аллаһ хикметті мәжбүр немесе зорығып жасамайды. Өйткені, Ол нені қаласа, соған қол жеткізеді. Осы себептен де Аллаһтың тек өте лайықтыны жасауы уәжіп деп айта алмаймыз. Аллаһ жаратылғандардың алдында белгілі бір іс-әрекеттерді жасауға міндетті емес. Аллаһтан бір нәрсенің жасалуын уәжіп көруіміз, Оны жауапқа тартуымызбен бірдей ұғым. Ал, Аллаһ мұндай кемшіліктен ада». Осы мәселе бойынша Әшғари мен Матуриди өкілдері арасында мынандай келіспеушілік орын алды: Алғашқылары: «Аллаһ тағала адамдарды жаратқан кезде қаласа оларға міндет жүктемейтін еді. Сондай-ақ, Аллаһтың адамдарға міндет жүктеуі Оның қалауынан басқа ешнәрсе емес» десе, Матуриди өкілдері: «Аллаһ тағаланың адамдарға жүктеген міндеттерінде хикмет болғандықтан, мұны қалаған. Аллаһ тағала хикметтен тысқары ештеңені қаламайды» деп есептейді.

в) Ақли сунна сенімін құрайтын екі мәзһабтың арасындағы тағы бір ерекшелік адамның іс-әрекеттері хақында болатын. Бұл туралы муғтазалиттер «адам өз іс-әрекетіне жауапты болуы үшін, адам Аллаһтың берген күш-қабілетінің негізінде іс-әрекет етеді» деп білді. Ал, әшғариттер болса, «адамның іс-әрекеттері Аллаһ тарапынан жаратылып, бірақ, іс-әрекеттерді иелену қабілетінің адамда болғандығын» айтты. Яғни, «адамның жазалануы немесе сый-сияпатқа бөленуі, осы іс-әрекеттерді иелену қабілетіне байланысты» деп пайымдады. Әл-Матуриди болса Аллаһ тағаланың бүтін болмысты жаратқанын, болмыстағы әрбір нәрсе Аллаһтың жаратылысы екендігін және бұл мәселеде Аллаһтан басқа ешкім ешнәрсені жарата алмайтындығын алға тартты. Оның пікірінше, Аллаһ тағала адамның таңдауына қарай қарымтасын береді. Яғни, жақсылықты қалауына қарай сауап, жамандықты қалауына қарай жаза беру - Аллаһтың хикметі. Бұл біржағынан Аллаһтың әділеттілігін көрсетеді. Сондықтан, «адамның іс-әрекетін Аллаһ жаратады» деп білді.

Бұл пікіріне Құран-Кәрімнен: «Сізді де, жасағандарыңызды да жаратқан Аллаһ» деп «Саффат» сүресінің 96-аятын дәлел ретінде алға тартады. Имам Матуриди «адамның қабілеті бар және осы қабілетімен бірге қалау құқығына ие. Адам осы қабілеті және қалауымен не жаза, не сауап алады» деді. Имам Әшғари қабілеттілік деп Аллаһ тарапынан жаратылған іс-әрекет пен адамның қалауының бірігуі, яғни, қабілетті де Аллаһ бергендіктен, адамның бұл қабілетке әсері болмайды деп ұқты. Имам Әшғаридің бұл пікірін кейбір ғұламалар адамның бүкіл іс-әрекетін жаратушы һәм жасаттырушы (қалауы жоқ) Аллаһ деген Жәбарияның (Мұхаммед ибн Абдулкерим аш-Шахристани, «әл-Миләл уән-Нихәл» («діндер және мәзһабтар тарихы») 78-79 бет) ұстанымына ұқсатты. Ал, Матуридидің пікірінше, адамдағы қабілеттілік Аллаһтың адамға берген күш-қуатымен болады. «Осы қабілетпен адам Аллаһтың жаратқан іс-әрекеттерін иеленеді немесе иелене алмайды. Адам, өз қабілетімен іс-әрекет етуге ерікті. Қаласа жасайды, қаламаса жасай алмайды» деп түсінді.

 

Хақтың заты мен сипаты

 

г) Екі имамның арасындағы ең үлкен мәселелердің бірі Аллаһтың заты мен сипаты турасындағы пікір қайшылығы еді. Имам Матуриди Аллаһтың заты мен сипаты бір деп білді. Ал, имам Әшғари екеуі екі басқа нәрсе деп ұқты. Екеуі де күн мен оның шапағын мысалға келтірді. Имам Матуриди: «Аллаһтың заты күннің өзі болса, Аллаһтың сипаттары күннің шапағы. Күннің шапағы күннен шығады. Күн болмаса шапақ болмайды. Демек, екеуі бір нәрсе» деген ойды ұстанды. Ал, имам Әшғари: «Аллаһтың заты күн бола қойсын. Аллаһтың сипаттары күннің шапағы деп те алайық. Бірақ, шапақ дәл күннің өзі секілді емес. Күн де дәл шапақ секілді емес. Демек, Аллаһтың заты мен сипаты бірдей емес» деп білді. Осы себептен де әшғариттер Аллаһтың құдірет, қалау, ілім, хай (мәңгі тірі), есту, көру, қалам (сөйлеу) секілді сипаттары бар деп, Аллаһтың бұл сипаттары затынан мүлде басқа болғанын айтты. Муғтазалиттер болса, Аллаһтың затынан басқа ештеңе жоқ екенін алға тартқан болатын. Олардың пікірінше, Құранда өтетін ғалым, хаким, есту, көру сөздері Аллаһ тағаланың есімдері болып табылды. Ал, матуридиттер болса Аллаһтың мұндай сипаттары бар екендігін, бірақ, Аллаһтың бұл сипаттарын Оның затынан бөліп қарастыруға болмайтындығын айтты. Имам Матуридидің бұл пікірі әшғариттерден көрі, муғтазалиттерге жақын еді. Себебі, муғтазалиттер Аллаһтың сипаттары жоқ, Оның құдіреттілігі затында десе, әшғариттер Аллаһтың сипаттары бар және бұл сипаттар Оның затынан тыс күшке ие екендігін алға тартты. Ал, Матуриди Аллаһтың сипаттарын мойындағанмен, бұл сипаттар Аллаһтың затымен бір деп білді. «Құран кімнің сөзі?» деген мәселеде, муғтазалиттер Құранды жаратылған десе (док. Бәкір Топалоғлұ, «Келам ілімі» 184-187 беттер), әшғариттер Құранды жаратылмаған деген болатын. Ал, имам Матуриди болса, Құран жаратылмаған, бірақ, Құранды Аллаһтың калам сипаты деп пайымдады. Имам Матуриди Аллаһтың бүкіл сипаттарын мойындай отырып, Аллаһта зат (материя), уақыт, мекен ұғымдардың жоқ екендігін алға тартты. Әйтседе, ол Құран-Кәрімде өтетін Аллаһтың жүзі, қол бар деген мәселелерге исламдық сенімге қайшы емес негізде жақсы жағынан жорамал (тәуил) жасады. д) Имам Матуридидің өзгелерден тағы бір ерекше пікірі қиямет күні «Аллаһ тағаланың жүзі көріне ме, көрінбей ме?» деген мәселеде болатын. Әсілі, Құран Кәрімде: «Қиямет күні кейбір жүздер жарқырап, Раббына қарайды» («Қиямет» сүресі, 22-23-аяттар) деп бұйырылып, ақирет күні кейбір адамдардың Оған қарайтындығы айтылған. Имам Матуриди Құранда баяндалғанындай қиямет күні Аллаһтың жүзі көрінеді деп сенді. Муғтазила өкілдері «қиямет күні Аллаһтың жүзі көрінбейді» деген болатын (Ебу Мансур Абдулкааһир ел-Бағдади, «Мәзхабтар арасындағы айырмашылықтар». 82-83 б.). Өйткені, олардың пікірінше көрінген нәрсенің мекені болады деп білетін. Осылай ойлаған болсақ, Аллаһтың да мекені бар болып шығады. Сондықтан, Аллаһтың жүзі бар деген пікір дұрыс емес деп ұқты. Имам Матуриди болса, қиямет күні Аллаһтың көрінуі, бұл қияметтік хал. Ақиретте Аллаһ көрінсе, демек, ол заттан және мекеннен тұрады деп ойлау, бұл дүниелік көзқарас. Ал, қиямет күнгі жағдайдың қалай болатындығы бізге беймәлім. Сондықтан, Құранда қиямет күні Аллаһтың көрінетіндігі туралы анық айтылса, біз бұған сенуге тиістіміз деген ұстанымда болды. Әрі бізге білінбейтін нәрселер хақында пікір айтпау туралы Құран-Кәрімнің: «Өзің білмеген нәрсенің соңына түспе. Расында, құлақ, көз және жүрек олардың барлығы одан сұралады» («Исра» сүресі, 36-аят ) дегенін алып, Аллаһ ақиретте көрінбейді деген муғтазалиттерді сынға алды.

 

Кім кәпір, кім мұсылман?

 

е) Имам Матуридидің келесі пікірлерінің бірі «үлкен күнә жасаған адамның ақиреттегі жағдайы қалай болады?» деген мәселеде ерекшеленді. Ислам ғұламаларының көпшілігі Аллаһқа иман келтірген мүміннің мәңгілік тозақта қалмайтындығына сенген болатын. Ал, харижиттер болса, үлкен-кіші күнә істеген адамды мүміндік санаттан шығарып, «кәпір» деген-ді. муғтазалиттер болса, үлкен күнә жасаған адамды мүмін емес, мұсылман (сыртқы пішінімен Аллаһтың дінінде болып көріну) деп санады. Сондай-ақ, «үлкен күнә жасаған мұсылман тәубе етпеген болса, мәңгілік тозақта қалады. Бірақ, мұндай кісі кәпірлерге қарағанда, тартар азабы жеңілдеу болады» деп ойлады. Бұдан аңғаратынымыз, харижиттер мен муғтазалиттер амал етуді иманның бір бөлшегі деп ұғады. Ал, әшғариттер мен матуридиттер болса, амалды иманмен тұтас деп қарастырмайды. Осы себептен де, олар үлкен күнә жасаған мұсылманды діннен шықты деп айтпайтын. Мұндай адам тек есепке тартылып, жазаланады. «Бәлкім Аллаһтың рахымымен кешіріліп, жазаланбауы да мүмкін» деген көзқарасты ұстанады. Аллаһ тағала Құран-Кәрімде күнә әрекет үшін тек соған сай жазаның берілетіндігін ғана баяндаған. Бұл хақында: «Кім бір жақсылық жасаса, оған он есе қарымтасы беріледі. Және біреу жамандық істесе, соған сай ғана жаза беріледі де олар зұлымдыққа ұшырамайды» («Әнғам» сүресі, 160-аят) деп бұйырады. Аллаһты терістемеген, Оған серік қоспаған адамның жасаған күнәсінің жазасы кәпір мен Аллаһқа серік қосушылардың көретін жазасынан жеңіл болатындығы шүбәсіз. Аллаһ тағала мәңгілік азапты кәпірлер үшін дайындаған. Егер, Аллаһ өзіне сенген адамның үлкен күнәсі үшін кәпірлерге берілетін жазаны берген болса, онда ол кісінің көрген жазасы жасаған күнәсінен басым болып шығады. Бұлай болса, Аллаһтың әділеттілігіне нұқсан келмек. Ал, Аллаһ әділетсіздік пен зұлымдық жасаудан мүлде ада. Демек, харижиттер мен муғтазалиттердің «үлкен күнә жасаған мүмін болса да тозақта мәңгілік азап шегеді» деген пікірі асыра сілтеушілік. Әсілі, адам Аллаһтың барлығы мен бірілігіне куә келтірсе, мына дүниедегі үлкен сынақтың бірінен аман-есен өткен болып саналады. Себебі, ол адам мына жарық дүниенің жұмбақ сырын ұғынып, діннің басты талабын қанағаттандырса, кәпірліктен жаны таза болады. Демек, Аллаһтың зұлымдық жасамайтындығын ескерсек, мұндай адамды мәңгілік тозақтық дей алмаймыз. Имам Матуриди өз ойын былайша сабақтайды: «Күнәһар мұсылмандардың ақиреттегі жағдайын Аллаһқа қалдырғанымыз жөн. Егер, Аллаһ қаласа рахым етіп, күнәһар пендесін кешіреді. Қаласа күнәсіне қарай азап шектіртеді. Бірақ, өзіне иман келтірген адамды мәңгілік тозақта азаптамасы анық. Осылай ойлағанда адам «үміт» пен «үрейдің» арасында күн кешеді. Себебі, Аллаһ кішкентай бір күнә үшін рахым етпей, пендесін азаптауы немесе үлкен күнә жасаған пендесін кешіруі деп мүмкін. Аллаһ Құран-Кәрімде: «Аллаһ өзіне ортақ қосқанды жарылқамайды да, бұдан өзге күнә жасаушыларды кешіреді. Кімде-кім Аллаһқа серік қосса, расында, үлкен күнә жасаған болады» («Ниса» сүресі, 48-аят) деп бұйырып, Аллаһқа серік қосушыларды ғана кешірмейтінін айтқан (проф.док. Мұхаммед Әбу Зехра. Исламда саяси, итикади, фикһи мәзһабтар тарихы. 188-196 беттер). Ислам тарихшылары мұсылмандық калам ілімі өкілдерінің рационалдық ойлау, шешендік өнер, логика мен пікірталас әдістемесінің дамуына елеулі еңбек сіңіргенін айтады. Батыс зерттеушілері каламшылардың Аллаһ тағаланың заты мен сипаты хақындағы пікірлерінің Спиноза (1632-1677) арқылы Еуропаға таралып, мұндағы қайта өрлеуге әсер еткенін алға тартады. Мысалы, Вилзердің айтуына қарағанда муғтазалие пікірлері христиан схолостикасының пайда болуына ықпал еткен (док. Бәкір Топалоғлұ, «Келам ілімі» 181-183 беттер). Батыс әлемінің дамуына ғана емес Мүржия, Жабирия, Қадария, Муғтазила, Сифатия секілді мұсылмандық сенімге селкеу түсірген ағымдардың каламдық пікірлеріне тоқтау салып, Құран мен сүннет негізінде рационалдық (ақыл) тұрғыдан ойлануға басымдық беріп, Исламдағы ғылымның дамуына жол ашып, ақли сунна сенімінің нығая түсуіне өлшеусіз үлес қосқан бабамыз әл-Матуриди сөз жоқ, түркі әлемінің ұлы перзенті һәм біздің мақтанышымыз.

Мұхан Исахан

Осы мақалада біз дін тіректерінің кейбір мәселелерді түсіндіруге тырысамыз. Оларды тіпті өте зерек адамдар мен ілімге ұмтылған студенттердің өзі де түсіне алмай жүр және де олардың қолынан келетіні бір-ақ іс, ол осы Мәселелерді айналып өтулері. Ал енді бұл мәселені осы күінде тастауға болмайды, себебі ол дін негіздерінен болған іс және де бұл істе білімсіздікпен қателесуіміз бізді ақтамайды. Білімді адамдар арасында осы тақырыпқа сөз қозғасың: “Мен білмеймін”- деп жауап береді. Әрине “Мен білмеймін”- деп жауап берудің өзі ілімнің жартысы деп айтқан, дегенмен бұл сөз, дәл осы мәселелерге қатысы жоқ. Ей, мұсылман бауырым, мына нәрсені білгенің жөн!

Қазіргі таңда адамдар арасында дін негіздерін танудағы надандықтың кеңінен жайылуы үлкен қасірет. Дін негідерін халыққа үйретуі үшін ғалым сол халықтың қалың ішінде жүріп, сол ісінде Пайғамбарлар сияқты басына түскен барлық қиыншылықтарды сабырлықпен өткеруі керек. Және осы жолды имамдарымыз да ұстануы керек, себебі Пайғамбарлардың орынбасарлары емес пе? Ал Пайғамбарлар өздерінен кейін ілімнен басқа мирас қалдырмады. Ал енді кімде-кім өзін “ Пайғамбарлардың мирасқорынанмын”-деп есептесе, ол мойынына жүктелген ілімді жеткізу (таблиғ ) міндетін өтеуі керек. Адамдар ғалымдарың өз істерімен айналасып жүргенін көргенінде өздерін ғалым деп жүрген надандарға жүгіне бастады. Осы жалған ғалымдар халықты күнделікті тіршілігінде адастыра бастады және адамдар сол есерлерге ілесті. Әрбір ілім иесіне адамдардың сенім (ақида) және шариғат мәселелерінде көздерін ашу міндет, тіпті Аллаһ Тағала ол халықтын разы болмайынша. Осы шағын еңбегімізді “ Ұқсамау мен ұқсату арасындағы үлкен айырмашылық “- деп атадық, себебі кәзіргі таңда халық осы екі ұғымды біріктіре бастады. Бәрімізге мәлім болғандай дін негізі күшті болмаса және ол Құдайды бір деп танып, (тахидқа) сүйенбесе мықты бола алмады. Қарапайым халық арасында Ахли-Сунна сенімдері Жайында теріс пікірлер жайылып кетті.Біз осы еңбегімізде Хақ сенімдермен адасушы топтардың сенімдерін салыстыра отырып қайсы дұрыс, қайсы бұрыс екенін анықтамақшымыз.

Мұсылмандар ішіндегі антропоморфизм (бір нәрсені адамның сипаттарымен сипаттап Құдай деп тану).

Ибн Хазм Әл-Андалуси “Әл-Фисал” кітабында: “Таурат кітабының алғашқы нұсқалары барлық раввиндерде( еврей дін қызметкелері)бірдей болған және онда ешбір айырмашылықтары болмаған. Дәл осындай жағдай яхудилердің екінші тұтқындалуларына дейін жалғасты, оларды екінші рет тұтқындағаннан кейін Тауратта мынадай сөздер пайда болды: ” Аллаһ Тағала : ” Біз адамзатты өз бейнемізге ұқсатып жараттық”-деп айтты . Егер осы жерде тек қана” бейнемізде” деп айтылғанда онда тұрған бір қорқыныш болмас еді және де оның мағынасы дұрыс болар еді,себебі бұл сөз Аллаһтың осы бейнені жаратқанын білдіруші еді. Біз: “ Бұл Аллаһтың ісі” – деген сөзді айтамыз ғой , демек “Аллаһтың бейнесі” дегенді , ол бейнені Аллаһ жаратқан деп түсінеміз. Бірақ “өзіне ұқсатып” деген сөз қосылған соң оның мағынасын біз жоғары дағыдай түсіне алмаймыз, себебі бұл сөз Адам (оған Аллаһтың сәлемі болсын) Аллаһқа ұқсас дегенді білдіреді, әрине бұл істің болуы мүмкін емес және ақылға сыймайды, Аллаһ бұндай кемшіліктерден пәк, Оның бір нәрсеге ұқсауы Және бір нәрсенің Оған ұқсауы мүмкін емес. Бұл өте маңызды сөз,себебі яхудилер: ”Аллаһ бізге ұқсайды” деп айтып ұқсатушылардан ( мушаббих) болды. Жәнеде Ибн Хазм бұл істі Кітапта (Құран), ақылда қайтарғанын айтады. Мұсылманға олай ойлауға болмайды. Адасушы топтарды Зерттеумен айналасатын ғалымдар осы ұқсату ісі яхудилерден жеткен деп айтады. Яхудилердің өздері негізгі екі топқа бөлінеді, олар: ұқсатушылар мен қадарилер. Ғұлама Әбу Музаффар Әл Исфарони: ”Әт Табсиру фид дин” кітабында: ”Олар(яхудилер) ұқсатудың (ташбихтың) қайнар көзі. Және Исламда осы сөздерді айтушылардың бірі солардың жолына ілесті”-деді. Міне Исламдағы ұқсатушылар кімнің соныңа ілескендері естерінде болсын!

Дұрыс әдістен ауытқу

Мұсылмандар Сахабалардың жолынан алыстаған сайын және Олармен Пайғамбарлық нұрының арасын уақыт алыстатқан Сайын Ислам үмметінде бүлікпен күмәндәр көбейе түсті. Кейбір надандар Раббыларын адамға ұқсас деп таныды. Оның себебі Халифат құрамына көптеген өзге ұлт және олардың өкілдері кірді мажуси (зароастризм), брахман буддизм), индуистер сияқты және яхудилер мен масихилер халифат істеріне араласа бастады,сөйтіп мұсылмандардың ой-пікірлеріне әсерін тигізді. Аһлул – Хадис (Хадис ғалымдары) имамдары осы жағ дайды көріп Аһли-Суннаның(Пайғамбардың жолына ерушілер) муташабиһ ( уқсату) аяттары мен хадистерге дұрыс сеніп, түсіну жолын түзіп шықты. Имам Ахмад Ханбал , имам Дауд Әли Әл-Асбахан және де басқа имамдарға (қатысты сөздерге) келсек Олар Малик Ибн Аббас сияқты сәләф ( алғашқы ғалымдар ) Ғалымдарының жолын ұстанды. Олар қауыпсіз жолмен жүрді және: ”Біз Құран мен Сүннетте келген барлық нәрсеге сенеміз және тауил ( астарлы мағына ) жасамаймыз. Сонымен қатар біз Аллаһ Тағала еш нәрсеге ұқсамайды да, еш нәрсе Аллаһқа ұқсамайды деп сенеміз. Және Аллаһ барлық елестетіп, ойға келтіре алатын нәрселерді жаратқан Ұлы Жаратушы деп сенеміз”-деді. Ал имам Шахристанидің айтқаны мынау: ” Олар ташбихтан соншалықты қорықты, тіпті мына сөзді айтты: Кімде-кім” Мен оны Өзімнің екі қолыммен жараттым”-деген сөзді оқып қолын қимылдатса, немесе ”Момынның журегі Рахымдының саусақтарының арасында” – деген хадисті оқып саусақтарын қимылдатса оның қолын шауып, саусақтарын жұлып тастау керек”- деген. Олар және мына сөзді айтты: ”Біз осы аяттарды түсіндіріп, олардың мағыналарына терең кірмеуімізге екі себеп бар. Олар: Біріншіден: бұл істен бізді Құран қайтарды, ”Ол Аллаһ саған Құранды түсірді. Оның ашық мағыналы аяттары бар. Солар Кітаптың негізгі іргетасы. Екінші ұқсас ұғымды аяттар бар. Ал жүректерінде қыңырлық болғандар, бұзақылық іздеп, ұқсас мағыналы аяттардың ұғымын іздестіріп соңына түседі. Оның Ұғымын Аллаһ қана біледі. Сондай –ақ ғылымда озат болғандар: “Бұған сендік. Барлығы Раббымыздың қасынан”- дейді. Бұны Ақыл иелері ғана түсінеді”.(Әл-Имран, 7 аят ) Осы себепті біз тәуилден сақтанамыз.

Екіншіден:Тәуил – деген бұл пікір,ойға (зонн )сүйенген пікір. Ал Аллаһ жайында (хақында ) ойға сүйеніп сөйлеуге болмайды. Егер біреу ол аятты түсіндірем деп Аллаһтың аятқа жасырған мағынасына қарсы келсе адасуы мүмкін. Сол себепті біз ”Осының бәрі Раббымыздан” – дейміз, нағыз білімі барлар айтқандай. Біз осының бәрін қабыл алып иман келтірдік және ол істі Аллаһқа тапсырдық. Және бұл іс бізге жүктелмеген, себебі бұл иманның бөліктерінен емес – деді.??????

Және де Шахристани : “Кейбір ( сәләфтар )бұл істе соншалық сақтық танытты, олар”әл-уәжһ”,”әл-ияд”,” әл-истәуә” сияқты сөздерді парсы тіліне аудармады. Ол сөздерді сол күйінде ( демек арбша) қолданды. Міне осы жол нағыз қауіпсіз жол,бұл ташбихтың (ұқсату) ізі де, белгісі де, аздаған көрінісі де жоқ. Осы ұстанымның ұқыптылығына қараңызшы, бұл сәләфтардың ( алғашқы ғалымдар ) осы істе қателісіп қалмау үшін өте қатты сақтық танытулары болып табылады. Осы айтылып жатқан сөздерді сәләф – имамдардың өздері қуаттайды, мысалы Имам Ахмадтың сөзін келтірсек: ” Біз оларға ( аяттар мен хадистер ) сенеміз және иман келтіреміз, бірақ оларға мағына бермейміз де, бейнелемейміз”.

Және хафиз Тирмизи “Сунан” кітабында: ”Осы мәселеде имамдардың және Суфьян Әс-Сәури, Малик ибн Анас, Ибн Әл-Мубарак, Ибн Уйейна, Уәкиғ сияқты білімі бар адамдардың мазхабы мынаған Сүйенген, олар осының бәрін келтіріп барып былай айтар еді: ”Бұл хадистер риуаят етіледі( жеткізіледі) және біз оларға иман келтіреміз де қалай деп сұрамаймыз”. Міне ахлул- Хадистің ұстанған жолы осы. Хадисте келген сөзді сол күйінде қабылдап, оған иман келтіру және мағынасына терең кірмеу (туфассир), оны елестетпей және қалай демеу. Ілім иелерінің жолы осы”. Сәләф салихиндердің ( алғашқы үш ғасыр ғалымдары ) мазһабы осы, яғни мағынасын бір Аллаһқа тапсырып оны қазбаламау. Осы әдіс Аллаһтың ”қолы” бар мүше ретінде, “истауа” отыру, “нузуль” орын ауыстыру әдісімен салыстыруға келе ме? Сол сияқты басқа да адасуға түсушілердің бұл ұстанымдары “ Қалай келсе соған иман келтірдік, мағынасына кірмейміз” – деген сәләфтардың ұстанымы ма? Аллаһты жаратылыстардың сипатымен сипаттушылар мен муташабиһ( ұқсау) аяттарының мағынасын Аллаһқа тапсырып, Оны жаратылыстарына ұқсатпай иман келтірушілердің арасында қандай да бір ұқсастық бар ма? Ондай адамдардың сәләфтардың жолын ұстанамыз деулерінде ешбір негіз жоқ! Бұл дегеніңіз тек қана қарапайым халықты көркем сөзбен алдау әрекеттері. Олар өздерінің не айтып жүргендерін де білмейді, білімсіз пәтуә шығарып елді адастыруда. Олар тура жолдан адасушылар. Төменде олардың жағдайларын толығырақ айтып өтеміз, әсіресе осы заманымыздағы адасушыларға тоқталамыз, Инша Аллаһ. Енді біз «Сәләфтардың» осы мәселедегі ұстанымдарын кеңірек баяндауға тырысамыз және олардың мушаббиһ емес екендігін, Аллаһқа тарап, шекара, қимыл, орын бекітпегендігін айтамыз.

Ибн Джахбал есімімен танылған шейх алляма Шихабудин Әл – Халяби былай деп жады: «Сәләфтардың мәзһабы Аллаһты бір деп білу және жаратылыстарға ұқсатпауға негізделген, ал бұл дегеніміз тәджсим де (дене деп білу) ташбих та (ұқсату) емес. Жексұрын жаңалықтарды ұстанушылар өздерін сәләфтардың мәзһабындамыз дейді. Қалайша сәләфтарды Аллаһ Тағаланы жаратылыстарға ұқсатты деп, жиіркенішті жаңалықтар енгізілгенде үндемеді деп айтамыз? Аллаһ Тағала айтпады ма: «Жалғанды ақиқат демеңдер» – деп. (Бақара сүресі, 42-аят) және Аллаһ Тағала тағы бір аятында былай дейді: «Сол уақытта Аллаһ Тағала Кітап берілгендерден «Әлбетте оны адамдарға түсіндіріңдер, жасырмаңдар» деп, сенім алған. Дегенмен олар оны арт жақтарына тастады. Әрі олар оны аз бір бағаға айырбастап алды. Сонда олар нендей жаман нәрсе сатып алды». (Әли ғимран сүресі 187 аят).

Имам Абу Жағфар Ат Тахауи «Ақидасында» айтады: «Ақиқатында Аллаһ Жалғыз, Оның серігі жоқ, Оған ұқсас ешнәрсе жоқ, Одан күшті зат жоқ, одан басқа Тәңір жоқ. Ол басталусыз және аяқталусыз мәңгі зат. Ол ешқашан жоқ болмайды және Оның тіршілігі ешқашан аяқталмайды. Оның қалауынсыз ешнәрсе болмайды. Оны ешбір ақыл, ой қамти алмайды, Оны ешбір ұғым ұға алмайды, Ол ешбір жаратылысқа ұқсамаған».

Ей адамдар, осы ұлық ғалымдардың сөздеріне қарап өздеріңнен сұраңдаршы, олар Аллаһ Тағаланы белгілі бір бейнемен белгіледі ме?

Олар Аллаһты үлкен немесе кішірек бір дене деп таныды ма ? олар Аллаһты базар аралап жүреді, біз сияқты немесе адамға ұқсас, бірақ одан алдеқайда үлкен деп мушаббихтер айтып айтып жүргендей айтты ма ? Әлде олар Аллаһтың денесі Аршыға тиіп тұр ,немесе Аллаһ пен Аршының арасында саңылау бар деді ме? Әлде олар Аллаһ бір орын алып тұр, Оған пенде басқа бір нәрсеге жақындайтындай жақындай алады немесе пенде Раббысына нұсқай алады деді ме?

Мұсылмандар, міндетті түрде өздеріңді сараптаудан өткізіңдер! Жүректеріңдегі Аллаһ Тағалаға (хаққысына) қатысты нәрсені сараптап көріңдер. Жәнеде мағынасын ұқпастан айтып олардың сөздеріне иланбаңдар.

Жүректеріңе үңіліңдер! Сендер Аллаһ Тағаланы затында болсын, сипатында болсын немесе ісінде болсын бір нәрсеге ұқсатасыңдар ма? Егер солай болған болса ол жеккөрінішті сенімдерді тастаңдар, Раббыларыңның кешіріміне ұмтылыңдар.

Аллаһ Тағала айтқанындай : “ Оған ұқсаған ешнәрсе жоқ, Ол көруші, Естуші.” Сендердің “Біз сәләфпіз және сәләфтерге ілестік ”- деген құр сөздерің сендерді құтқарады деп ойламаңдар, себебі сәләфтарда мұндай жеккөрінішті сенім болмады және олар Жаратушыларын ешнәрсеге ұқсатпады. Және де алғашқы ғасырлардың мұсылмандары: «Ислам ғалымдарының көбісі адасқан» деп сендер айтқандай куәлік етпеген.

Ислам ғұламалары: хафиздер, фиқих, тәмпсір, араб тілі ғалымдары, олар адасушылар болғаны ма? Сонда сендердің кішкене ғана бір топтарың Аһли сунна болғаны ма? Осындай ұлық ғұламалардың алдында сендердің ілімдерің не тұрады. Сендердің тақуалықтарың мен шыншылдықтарың қайда? Аллаһ Тағала рахым етіп қойған кейбір фиқих мәселелеріндегі әр түрлі көзқарастарды сендер бүлік шығару үшін пайдаланғаннан басқа Ислам үшін не істедіңдер? Сендер дін негіздерін менсінбестен муташаббихтер мен мужассимдердің сөздерін өздеріңе негіз етіп алдыңдар. Сендер өздеріңді (Тозақтан) құтылдық деп ойлайсыңдар ма? Аллаһтың атымен ант етемін, осылай ойлағандар және өзін ешбір себепсіз бірдеңеге дримын деп жүргендердің әрбірі надан. Ұқсамау, ұқсату мен мойындамаудың ортасында Әбу Жағфар Ат Тахауй: «Кімде кім Аллаһ Тағаланың сипаттарын мойындамаса және одан сақтанбаса немесе Аллаһты бір нәрсеге ұқсатса, ол адам адасып, Аллаһтың ұлықтығын түсіне алмаған пенде. Себебі, Раббымыз Жалғыздық және мүлдем ешнәрсеге ұқсамау сипаттарымен сипатталып, ешбір нәрсе Оған ешқандай мүлдем ұқсамаған деп сипатталады. Аллаһ қандай болмасын шектелуден пәк, Ол белгілі бір шекарада болудан, бөлшектерден құралудан, қол, аяқ сияқты немесе басқада мүшелерден пәк зат. Ол жаратылыстар сияқты алты тараптың бірінде емес».

Осындағы әрбір сөзде пайда бар. Бұл сөздер жаттауға әбден лайық. Ақидатул Тақауия Ислам әлемінің барлығына әйгілі. Онда жазылғанның бәрі хақ екніне және осы Аһли Сунна ақидасы екеніне барлығы келісті. Жоғарыда келтірілгенүзіндіден Құран мен Сүннетте елген нәрсеге қарсы келуге болмайтынын түсінеміз. Мысалы , «Естуші» деген сипат айтылса адамдар құлақ арқылы миға жетуін елестетеді. Бұл есту сөзінің нақты мағынасы. Бірақ бұл сөз қандай да бір кемшілікті білдіреді деп мойындамай қоюға болмайды. Біз, жай ғана Аллаһ осы сөзбен сипатталған дейміз, бірақ, Аллаһ Тағалада құлақ бар деп немесе Аллаһтың естуге арналған бір мүшесі бар, Ол сол мүше арқылы естиді деп сенбейміз. Аллаһтың естуі адамның естуіндей демейміз. Бұл жердегі мағына Аллаһ Тағаланың ұлықтығына лайық есту сипатымен сипаттап, Оны барлық кемшіліктерден пәктеуіміз. Бұл бір ғана мағына беретін сөзге қатысты мәселе, ал енді сөздің бірнеше мағынасы болса, онда біз сол мағыналардан Аллаһтың ұлықтығына ең лайықты мағынаны таңдап, лайықты болмаған мағыналардан бас тартуымыз керек. Ал енді осы істі «Тәуил» деп атайды.

Ташбихке келер болсақ біз оны да мойындауымыз керек. Аллаһ Тағала өзіне тән сипаттармен сипатталған, оның сипаттары жаратылыс сипаттарына ұқсамайды. Бұл, ташбихке (ұқсату) қарсы тұрудың негзгі шарты. Раббымыз барлық кемшілік, өзгерулерден пәк. Қол, аяқты бар деу бөлшектердің бар екндігін білдіреді, ал бұл дегеніміз кемшілік, себебі бұл нәрсе осы бөлшектерді құрашы біреуге нұсқайды. Бір мақсатқа жету үшін мүшелерін пайдаланған зат кемшілікпен сипатталады. Мекені бар нәрсенің барлығы шектеулі, ал біз шектелудің кемшілік екенін білеміз. Сол себепті имам Тахауй Аллаһ Тағаланың мекені болуына қарсы келеді. Осы сенімге Аһли Сунна бір ауыздан келіседі және муташаббихтерден басқа ешкім бұған қарсы келмейді. Шихабуддин Әл – Хляби «Хашауиттер мазһабы Аллаһты бір орынға бекітеді бұл бейшара негізсіз мазһаб. Аздап қана ақыл жүгіртсе бұлардың айтқандары жала екені белгілі болады. Имамдар: «Олардың мазһабтарын жоққа шығару үшін сия шығындауға да тұрмайды, бірақ қарапайым мұсылмандар оларға алданғандары үшін осы іске барамыз» деген (Табақат кітабы, Ас – Субки 9|36). Және де ол кісі: «Аллаһтың атымен ант етемін, тіпті бір емес мың рет ант етемін! Елшілердің мырзасы Аллаһ жоғарыда деген сенімде болған жоқ» деді.

Жәнеде мынаны түсінген абзал; ұлы, жоғары болу мен жқғарыда болудың жер мен көктей айырмашылығы бар. Шариғат Мұсылманға Аллаһты ұлы (жоғары мәртебелі, арабшасы Ал Али) деп сенуге бұйырады. Осыны нағыз ұлықтық, мәртебелі деп есептеуге болады. Ал мекнге келетін болсақ онда ол Фауқ (әлемнің үстінде) деген мағынада болады, Шариғаттың ешқандай жерінен бұл сөсзді таппайсыз, оның үстіне бұл жалған сенім, бұлай ойлауға болмайды. Осы себепті имам Тахауй Аллаһқа қатысты барлық мекенді жоққа шығарды. Егер Аллаһ Тағалаға жоғарыда болу дайық болғанда имам Тахауй нені жоққа шығарды? Ал енді имамның осы сөзін астарлап түсіндіру керек дегенге ешбір дәлел жоқ, бұлай түсіндіру нәпсіге еру. Егерде сен дәлелсіз: «Имам бұл жерде оны айтқысы келмеді, олбасұа нәрсені меңзеп еді» десең, сөздің мағынасын өзгерту болмағанда не?

Аллаһқа мекен бекітудің нәтижесінде екі іс пайда болады: Аллаһты Құран мен Сүннетте болмаған нәрсемен сипаттау, өздерін «Салафимыз» деушілер; «Біз Аллаһты, Ол өзін Құранда сипаттағандай және Пайғамбарымыз (С.А.У) сипаттағандай сипаттаймыз» деп, өздері осы ережелеріне бірінші болып қарсы шығады. Бұл сөз (яғни фауқ) Аллаһтың затына лайыұты емес, себебі ол кемшілікті білдіретін болады. Имам Тахауй: «Кім Аллаһты жар атылыс мағыналарымен сипаттаса ол күпірлік етті (кәпір блды)» – деген. Белгілі бір мекенде болу мақлұқтарға лайықты сипат, демек ол кемшілікті білдіреді. Және бұл жерде ұлықтыққа ешқандай нұсқау жоқ. Көп қабатты үйлердің тоғызыншы қабатының тұрғыны екінші қабат тұрғынынан ұлық болмағанындай. Шариғатта да, ақыл ойлап тапқан ойда да жоғары болған бір жер төмендегі жерден ұлық демеген. Сондықтан жоғарыда деген сипатты бекіту – бұл нәпсіге еру. Имам ӘЛ – Жуайни осы мәселеге қатысты негізгі ережені ескертіп өтті: «Жаратылыстың қандай болмасын сипаттары-ол бір істің нәтижесі, ойсыз жаратылуы мүмкін болмаған. Тағы бұл нәрсе Раббының хаққысына мүмкін еме, себебі бұл сипат Раббының затында бар болғанда, ол сипатты пайда қылатын істі істеушіге мұқтаж болып ұалар еді. Бұл өзгеруші жаратылысқа лайықты сипат» – деді. Бұл сөздер сенімнің өте маңызды мәселелерін қамтиды. Оның мағынасы мынада; егер біз жаратылыстардан белгілі бір сипат байқасақ, мысалы: қозғалыс жайлы ой жүгіртсек айқын дәлелдер арқылы істің жаратылғанын түсінеміз, яғни қозғалыстың басталуы бар екенін және басталусыз мәңгі емес екнін. Осыған қарап біз қозғалыс сипатымен сипатталған заттың да басталуы бар, яғни жаратылғандеген сөз. Себебі қозғалыс жаралмаған деу мүмкін емес, бұл болса қозғалыспен сипатталған заттың жаратылғанын білдіреді.

Енді Аллаһ Тағалаға қатысты мәселелерге көңіл аударайық. Бір хауаши бізге: «Аллаһ кеңістікте қозғалып бір орыннан екінші орынға ауысып тұрады» – деді. Біз оған: «Егер Аллаһ қозғалса, бұл іс Оның басталуы бар екенін, яғни жаралғанын білдіреді, себебі қозғалыс дегеннің өзі өзгеру мағынасын білдіреді. Сондықтан сен мужассим (Аллаһқа дене бекітуші) болсаң, Аллаһқа қозғалу сипатын бекітсең, онда сен Аллаһтың басталуы бар, өзгеруші дегенің». Басталуы бар болу немесе өзгеруді білдіретін қандай да болмасын сипаттар Аллаһтың затына лайық емес деп білуіміз міндет. Өйткені мұндай сипаттың өзі Аллаһтың басталуын және өзгеруін білдіреді, бұл болса Аллаһтың ұлықтығына лайық емес. Аһли – Сунна мазһабының негізі Аллаһ затында да, ісінде де, сипатында да жалғыз екнін білдіреді. Және барлық ғұламалар бір ауыздан: «ойыңа не келтіріп елестетсеңде Аллаһ оған ұқсамайды» – деген. Имам Әл–Джуайни: «Кімде кім Жаратушыны өз ойымен танымақшы болса ол мушаббих. Кім Аллаһты жоққа шығаруға бекінген болса, ол муғаттил. Ал кім Раббысын бар деп біліп және Оған (Оны тануда) адамның ақылы жетпейді деп білсе, ол бір Құдайшыл».

Мына сөздің ұлықтығы мен сұлулығына қараңызшы. Әрбір пенде осы сөзді өзіне міндетті ереже етіп алсын және Аллаһтың: «Оған ұқсас ешнәрсе жоқ» – деген сөзіне тәпсір етіп алсын.

Ислам сенімдерінің тереңдеу анықтамасы.

Осы тақырыпты біз кейбір аяттар мен ғалымдардың сөзімен бастамақшымыз. Ғұламалардың сөздері жүректің сенімін арттырады және кейбіреулер сияқты: «Олар адамдар (ерлер), біз де адамбыз (ерміз), олар қалай ізденсе (ижтихад) бізде солай іздене аламыз» –деуге болмайды. Біздің оларға жауаптарымыз келесі: Олар ізденуді ер блған соң істемеді, себебі ижтихатты әйел адамдарға да істеуге рұқсат қой. Олардың іздену себебі ғалым болғандықтан. Ізденіспен айналысудың белгілі бір шарттары бар және ол әр адамның қолынан келмейді. Ол дәрежеге жету үшін керемет талпыныс, сонымен қатар көптеген қиыншылықты бастан өткізу керек, себебі Аллаһ Тағала: «білмегендеріңді ілім иелерінен сұраңдар» –деген.

Құранда: «Оған ұқсас ешнәрсе жоқ» – деді. Бұл аяттың мағынасы анық. Түсінікті (мухкам) және барлық анық емес, астарлы (муташаббих) аяттарды осы аят арқылы түсіну керек. Әл–Байхакиден жеткен хадисте: Әбу Ибн Кағб Пайғамбарымыз (с.а.у.) мүшіриктер (көпқұдайшылдар) келіп: «Раббыңды сипаттап берші» –деді. Сонда Пайғамбарымызға (с.а.у) уахи келді: «Айт: Ол Аллаһ біреу–ақ (1) Аллаһ мұңсыз. Әр нәрсе оған мұқтаж. (2) Ол тумады да туылмады (3) Әрі Оған ешкім тең емес (4)» (Ықылас сүресі) және пайғамбарымыз (с.а.у): «Оған ұқсас ешнәрсе жоқ, Оған тең ешнәрсе жоқ және Ол тәрізді ешнәрсе жоқ» –деді. (Тирмизи, сахих хадис) Имам Әбу ханифа «Уасия» кітабында: «Біз Аллаһтың Аршыға Истауа екенін мойындаймыз, бірақ оған отыруға, бекуге мұқтаж емес. Аллаһ Аршығада, өзгеге де иелік жүргізеді, олардың ешбіріне мұқтаж емес» –деді. Бұл жерден көріп тұрғанымыз Абу Ханифа Аллаһты Аршыда отыр немесе Аршыда деуден қайтарады. Имам тек қана истауа сипатын келтіреді де ешбір жаратылысқа ұқсатпайды. Ибн Абдул Баррыдан жеткен риуаятта Аюб ибн Салах Әл Махруми: «Біз Маликпен бірге болған кезде бір Ирактық келіп оған: «Ей, Абдуллаһ, Рахман болған зат Аршыға истауа, қалай истауа?» –дегенде, имам, «Сенің сұраған нәрсең белгісіз нәрсе емес және ол нәрсені елестету мүмкін емес (ғайру мағқұл)» –деді. Яхия ибн Ибраһим: «Малик осындай хадистерді адамдардың айтқанын жақсы көрмейтін, себебі онда ұқсату мен шектеу сипаттары бар еді. Бұдан сақтанудың бір–ақ жолы бар – ол Аллаһтың айтқанындай айту. Аллаһ өзін уәжһ, иәдәйн, истәуә деп сипаттады да былай айтты: «Рахман болған зат Аршыға истауа» Аллаһтың айтқанын ғана айт, оған тереңдеп кірме, оны тәпсірлеме және «қалай?» деме. Ақиқатында бұл деген өлім. Себебі Аллаһ құлына оған иман келтіруді бұйырды, тәпсірлеп тереңдеуді емес. Оның мағынасын Аллаһтан басқа ешкім білмейді».

Осы сөздерге қарап ой жүгірт! Сонда бұл адамдардың ұқсатудан қаншалықты қорыққанын көресің, одан өлімнен қорққанындай қорққанын көресің. Ал енді оның мағыналарына тереңдеуге тыйым салулары –ұқсатудың қандай түріннен болмасын сақтанулары. Ұқсатудан тию Құран мен Сүннетте, сәләфтардан болған ғалымдардың сөздерінде бар және де бұл кейбіреулердің Құран мен Сүннетте ұқсатуға тиым жоқ дегеніне қарамастан ашық, анық тиым.

Адасушылардың кейбір қауіпті пікірлерінен сақтану.

Имам Шахристани: «Білгін! Сәләфтар басталусыз ежелгі сипаттармен сипаттайтын Ілім, Құдірет, Тіршілік, Қалау, Есту,Көру, Сөйлеу, Рахым, Күш сияқты сипаттармен және оларды затына, ісіне қатысты сипаттар деп ажыратпаған. Олар Аллаһты хабари сипаттармен сипаттаған «әл–иядәйн», «рижләйн» сияқты, сонымен қатар осы сипаттарға астарлы мағына бермеген, бірақ осы сипаттарды ескерсе хабари сипат деп атап өтетін. Мұғтазилалар сипаттарды жоққа шығарса, сәләфтар оларды бар деп бекітетін. Сәләфтарды « сипат берушілер», мұғтазилаларды «сипат ұайтарушылар» – деп атаған. Кейбір сәләфтар Аллаһты сипаттауда ұқсатудың шегіне жетіп Аллаһты басталуы бар сипаттармен сипаттады. Кейбірі істі білдіретін сипаттармен шектелді. Осы хабария сипаттарына келгенде сәләфтар екіге бөлінді. Олардың кейбірі сол сипаттарға лайық астарлы мағына берді. Ал басқалары астарлы мағына беруден сақтанып; «Біз Аллаһқа ұқсас зат жоқ екеніне және Аллаһ ешбір нәрсеге ұқсас еместігіне нақты сенімдеміз. Осылайша иман келтіре отырып біз; «Рахман болған зат аршыға истауа» –деген аяттағы сөздің нағыз мағынасын және осы сияқты басқа сөздердің де мағыналарын білмейміз. Бізге бұл аяттардың мағынасын білу міндет емес, бірақ Аллаһқа серік қоспай, Оған ұқсас ешнәрсе жоқ деп иман келтіруіміз міндетті». Осыдан кейін келген кейбір ғалымдар: «бұл сөздерді негізгі мағынасында түсіну керек» –деп айтып, сол себепті ташбихке тап болды да сәләфтарға қарсы шықты. Ұқсату (ташбих) яхудилердің сипаты еді, әрине олардың барлығы ұқсатқан жоқ, олардан кейін шийттердің ішіндегі қатты адасушылары имамдарын Құдайға теңеді. Сәләфтардың арасында мутакаллимдер (ақида ғалымдары) және мұғтазилалар пайда болғанда рауафиттер тобы (бас тартушылар) өздерінің шектен шығу жолын тастап мұғтазилия жолына түсті. Ал кейбір сәләфтар өз мағынасында түсінеміз деп ұқсатуға ұрынды.»

Тәуилде (астарлы мағынасын алу) жасамаған,ташбиһқада (ұқсату) бармаған саляфтарға Мәлик ибн Әнәс (оған Аллаһ разы болсын) жатады, ол ««истауға » иман келтіру міндет, ол жайында сұрақ қою діндегі жаңалық (бидаға)»-деп айтқан. Және осы ғалымдардың қатарында Ахмад ибн Ханбал, Суфиян Ас Саури, Дәуіт ибн Әли Әл Әсфахани және оларға ілесушілер.» (Шахристанидің сөзі осымен аяқталды) (14).

Және ол : «Кейбір шейиттер мен асхабул хадистерден (хадис ғалымдары) болған хашауилер Аллаһты анық жаратылыстарға ұқсатқан. Олар табынған заттарын бейнелеп, оның бөлшектері, мүшелері барбір орыннан келесі орынға ауысады, отырады,орнығады деген. Олар Раббылары жаратылыстарға жанасып, қолын тигізе алады деп ойлаған,(15) Дәуіт Жауариби : «Біз Аллаһта сақал мен жыныс мүшесінен басқа сипаттың бәрі бардеп білеміз» – деген, бірақ Оның етпен сүйегі жаратылыстыкіндей емес деген.» (16) Осыдан соң имам Шахристани: «Олар Құранда келген «Истауа», «Уажһ» -сияқты сөздерді өз мағынасында түсіну денеге қатысты іс екеніне қарамастан дәл солай түсінген. (17) Және олар осы істеріне дәлел ретінде көп деген қолдан құрастырылған хадистер келтірген. Ол хадистердің көбісі яһудилерден жеткен.» (18) Жәнеде ол : «Ұқсатушылардың кейбірі «хулюлия» мазһабын(жолын) ұстанып Аллаһ адам бейнесінде көріне алады деген.» (19) Хафиз ибн Джаузи кейбір мужассималар (Аллаһты дене деп санаушылар) Жайында : «Мен кейбір Ханбали мазһабын ұстанушылардың дін негіздеріндегі (ақида) мәселелерде лслайық емес сөздерді айтып жүргендерін естідім. Осы істе белсендік танытушы үшеу бар , олар: Әбу Абдуллаһ ибн Халид, оның шәкірті Әл қади Әбу Яғлә және Ибн Әз Әзағуни. Олар әртүрлі кітаптар жазып Ханбали мазһабына кір келтірді (ластады). Мен ол кітаптарды қарапайымадамдардың қолынан көрдім жіне онда сипаттарды тілдік мағынасында түсіндіретінін көрдім. Егер олар ұқсату (муташаббиһ) хадистерді еститін болса, дереу Аллаһты бейнелей бастайтын және осы істі Аллаһтың тіршілігінде артық іс деп есептейтін. Олар Аллаһқа екі көз, саусақтар, шынашақ, көкірек, екі аяқ және екі балтыр теліді. Осыдан кейін олар: «Біз басы бар дегенді естімеппіз» –деді. Және де Аллаһ жаратылысқа қолын тигізе алады, сонымен қатарбіз де Аллаһқа жанаса аламыз деген. Кейбірі Аллаһ дем алады (тыныстайды) деген. Олар Аллаһтың есімдері мен сипаттарын сөзбе сөз түсіне бастады. Осындай түсінік діндегі жаңалық (бидға) және оларда осы істеріне Құран мен хадистен де, ақылдан да келтірер дәлелі жоқ. Олар сөзбе сөз түсінуден Аллаһқа міндетті (ужіб) болған түсінікке көшпеді, әрі өзгеру ісін білдіретін осы түсініктен арылмады. Ең болмағанда олар: «бұл іс сипаттары» –демеді. Керісінше; «Аллаһтың затын осылай сипаттаймыз» –деді. Осының барлығын Аллаһқа теліген олар: «Барлығын сөзбе сөз түсінеміз, бұның негізгі мағынасы–адамның сипаттары, сондықтан біз оны осылай түсінеміз» –деді. Осыдан кейін олар өздерін ұқсатушы емеспіз, Аһли суннамыз дейді. Бірақ олардың сөздерінің барлығы ұқсату. Осыларға қарапайым халық ілесті. Мен оларға өсиет етемін: «Ханбали мазһабын ұстанушылар! Сендер ұлық имам Ахмад ибн Ханбалдың (Аллаһ оны рақымына алсын) соңына ерушілерсіңдер, оның мазһабына, ол кісіге қатыс жоқ нәрсені кіргізбеңдер. Сендер аллаһқа лайық емес нәрсені қосудасыңдар. Қалай ғана ол кісі айтпаған нәрсені айтасыңдар? Сендер; «Біз барлығын сөзбе сөз түсінеміз» –дейсіңдер, бірақ балтыр сөзінің мағынасы мүшені білдіреді. Масихиларға (христиандар) Иса (Оған Аллаһтың сәлемі болсын) «Рухуллоһ» –деп айтылғанда, олар бұл Аллаһтың сипаты Исамен бірікті демеді ме? Аллаһ затымен орнықты (Аршыға) деушілер Аллаһ Тағалаға денеге тиісті нәрсені қосты. Біз Аллаһқа ақыл арқылы басталусыз мәңгі сипаттардыбекіткенге қарсы шығуларың дұрыс емес. Егер сендер: «Біз осы хадистерді оқимыз, бірақ үнсіз қаламыз» –дегендеріңде, ешкім сендерге үн қатпас еді. Бірақ сендер Аллаһқа сипаттарды осылай бекітесіңдер. Бұл салихалы сәләфтың мазһабына оған қатысы жоқ нәрсені енгізбеңдер. Сендер бұл мазһабты жиркенішті бір нәрсеге айналдырып жібердіңдер. Тіпті Ханбали жолын ұстанушы деген сөз ұқсатушы сөзінің синониміне айналды. Сендер осы мазһабтың ерекше көрінісі ретінде Язид ибн Мағауияның жолын ұстануда, қатып қалуды (фанатизм) таңдадыңдар, осы мазһабтың ұлы ғұламалары оған қарғыс айтуына қарамастан. Тіпті Әбу Мухаммад Тамими сендердің кейбір имамдарың жайлы: «мазһаб соншалықты ластанды, ол енді Қияметке дейін тазармас» –деген.

Аяқтау (қорытынды)

Ибн Жаузи «Сәйд Әл Фатыр»; «Қарапайым мұсылмандар үшін үлкен қауіп пайда болды, ол мұсылмандардың жүректері көтере алмайтын қауіп. Бір топ олардың рухтарына ұқсату (ташбих) тұқымдарын еге бастады. Мысалы: Аллаһ Аршыға тиіп отыр немесе Аллаһтың заты Аршының көлеміндей, немесе төрт елі одан артық. Аллаһ орын ауыстырып көкке түскен кезде Аршы бос қалады деп есептейді. Егер оларды танзихке (пәктеу) шақырсаң: «Ол сен ойлағандай емес. Хадиске сөзбе сөз иман келтіру керек, бірақ оны елестетпеу керек» –дейді. Ал қарапайым ел үшін бұл қиын іс. Оның екі себебі бар.

Біріншісі: қарапайым халық көзбен көріп, қолға ұсталатын нәрсені ғана түсіне алады.

Екіншісі: олар осы нәрсені өздеріненде өткен ғалым деп жүрген надандардан естиді. Осы сенімді ұстанушы адамның өзі қауіпті. Мен мынадай бір әңгіме естідім. Бір ғалым танзих ақидасын түсіндіріп жатқанда, бір кісі; «Аллаһтың атымен ант етем! Егер менде мүмкіндік болғанда мен оны өлтірер едім» –деген. Қараңдаршы, осы оқиға сендерге ғибрат болмай ма? өз қалауыңа ерме, бұл сен үшін нағыз өлім. Біз мақсат еткенімізді баяндадық. Осында көрсеткен жалпы сілтемелер жеткілікті болар. Ұлық ғалымдардың осы сөздері тақуалардың жүректеріне әсер етеді деп сенеміз. Аллаһтан осы еңбегім пайдалы болып және осы еңбегім арқылы адамдарды тура жолға бастауын сұраймын! Біз үшін Аллаһтан басқа мақсат та, мазһабта жоқ.»


1. «Ат–Табсира» –Мұхаммет Заһид Әл Кәсаридің шархымен (түсіндіруімен).

2. «Әл– Миләл Ән –Ниһәл» (1\118-119)

3. Ибн Жәһбәл еңбегінен, имам Әс–Әсубкидің «Табақат» (9\34) Ибн Таймияға қайтару кітабынан.

4. Құран (2/42)

5. Құран (3/187)

6. Табақат Әс–Субки (9/36)

7. Табақат Әс–Субки (9\37)

8. Әл–Ақида Ән–Низамия 21б

9. Әл–Ақида Ән–Низамия 23б

10. Бұл Әбу Ханианың Әл –Уәсият кітабындағы сөздер. Олар осы кітаптың әртүрлі қожазбаларында бар. Осы сөздер Аллаһтың Аршыда отырмағанын білдіреді. Бірақ Мұхаммәд Уәйнә «Дәр ибн Хазм» баспасынан шыққан осы кітабындағы үзіндісінде бұл сөзді өзінше тәпсірлеп: «Аллаһ Аршыға мұқтажсыз орныққан күйінде истауа». Бірақ кітаптың кіріспесінде ол «Әл Уәсият» кітабының түпнұсқасының көшірмесін келтірген, ондағы мәтінде біз жоғарыда бергендей айтылған. Қазіргі мужасималарда ғалымдардың сөзін осылай бұрмалайды. Жәнеде мені таң қалдырған нәрсе осы кітаптың Мысырлық басылымында, ұстаз Мұхаммет Заһид Әл-Кәусаридың шархымен, дәл осы қателіктердің барлығы. Әл-Кәусари осы сөздерді түсіндірме қалдырар ма еді. Меніңше баспагер осы кітаптың түпнұсқасына мән берместен көшіре салған, тіпті Әл Каусаридың жазбаларына қарамағанда.

11. Құран 2:115

12. Құран 5:64

13. «Әл-Тамхид» 7\151-152б

14. «Әл-Миләл уән Нихал» 104 б, 120 б

15. Мына нәрсеге назар аударыңыздар! Мужасимаға ең қатты шақырып, қызықтырушы осы Ибн Таймия. Оның кітаптары осы нәрселерге тұнып тұр. Ол Аллаһтың бөлшектері, мүшелері бар деп есептеген. Аллаһ жаратылысқа жанасады, бір орыннан екінші орынға ауысады және Аршыда отыр деп есептеген. Ибн Таймияның ойынша жан-жақтарынан шектелген бір дене; «Әл-Кашарус Сағир» кітабынан қараңыздар.

16. Әһли сунна «өз» сөзінің мағынасын денеге қатысты сөз дейді. Біз дене мен рухтан тұрамыз және бұл дүниеде дене қажеттіліктері басым түседі. Дене үш өлшемнен тұрады. Сол сияқты ашарилер (имам Ашғаридың мазһабын ұстанушылар) дене деп бір өлшемнен тұратын затты атқан. Біз болсақ барлығының бір ауыздан келіскен нәрсесін ұстанамыз. Бұл дүниеде біз пайдаланатын сөздердің басым көпшілігі дене мағынасын береді. Және ол сөздерді айтқанда әрине әуелі негізгі мағынасы ойға келеді, ал ол мағына денеге қатысты. Дәл осы мағынаның біздің оға келу себебі ол бізді қоршаған ортаның ақиқатына байланысты. Бұл жаратылысқа қатысты. Ал енді Аллаһқа қатыстыіске кіріскенде, оның Құдірет, Ұлықтығы жайлы сөз қозғамақшы болғанда қандай сөздер пайдаланамыз? Құран араб тілінде түспеді ме? Осы жерде біз мына нәрсені білуіміз тиіс; осы сөздерді Аллаһқа қатысты падаланғанымызда біз олардың мағынасын адамдарғақатысты мағына ретінде елестетпеуіміз керек. Бір сөз негізгі мағынасын бермей ішінен шыққан басқа бір мағына беруі мүмкін, Аһли Сунна кейбір сөздерді осындай мағына беру арқылы талдау жлын ұстанды және оны «тәуйл» атады. Оның мағынасы: сөздің адамға қатысты мағынасын Аллаһқа қолдансақ мағынаны өзгерткен боламыз. Ал егер де мағынасы өзгермейді, сол қалпында қалады десек ұқсатушы боламыз. Осы қағида тіл, мантық (логика) шариғат қағидаларына сай келеді және бұған ешбір есті адам қарсы келмейді. Ал мужасималарды айтар болсақ, біз бұл сөздің мағынасы адамға қатысты деген нрсені Аллаһқа қатысты пайдаланып дене деп тануға және ұқсатуға барды. Имам Әш-Шахристани бұны бізге әбден түсіндіріп берді: «біздің ойымызға бірден келетін сөздің «өз» мағынасын біз Аллаһқа қатысты мағына деуден қатаруымыз керек».

17. «Әл-Миләл уән Нихал» 121,123 бет

18. Имам Мұхаммет Зәһид Әл Каусари осы сөздерге қатысты шархында: «Имам Ахмадтан нузул, көру, балтыр тәрізді сөздер жайлы сұрағанда ол: «біз оны бенелемей, оған мағына бермейиман келтіреміз жәнекуәлік етеміз» – деген. Бір күні ол кісіден итауа жалы сұрады,ол: «Аршыға истауа, Оның қалауында, ол жайында ойлаушы ойымен шектегендей және бейнелегендей емес»-деді. Бұл оқиғаны Әл Халәл өз «Суннан» кібында көкесінен Ханбалға дейін толық тізбегімен жеткізген. Міне дәл осы нәрсе «тауфид» және «танзих», демек сәләфтардың мазһабы. Кейде олар тауил (астарлы мағынаны алу) істетін. Имам Ахмадтан жеткен оқиғада бір тартыста имамға Қиямет күні «Бақара» және «Тәбәрік» сүрелері келеді деген хадисті айтқанда, ол: «Олардың сауабы берілді»-деп жауап берген. Жнеде Аллаһқа қатысты: «және сенің раббың келеді сап-сап періштелермен»-деген аятта, Аллаһтың құдыреті айтылған деген имам. Ибн Хазм «фисал» кітабында: «жне сенің Раббыңның шешімікелді (жетті)» деген аятпен тпсірлеген. Міне осы нағыз тәуил және танзих, нағыз халафтар (кейін келген ғалымдар) мазһабы.»

19. «Дәр шубуһат әт ташбиһ» 97 бет

20. «Сәйдул хатыр» 419 бет.

Таяуда қасиетті жұма күні Рудный қалалық «Нұр» мешітінің бас имамы Сейіт Темірбекұлы осы шаһардағы №1 қарттар үйінің қызметкерлерімен кездесті. Жүздесуде «Конфесияаралық келісімнің Қазақстандық моделі» деген тақырыбы әңгіме арқауына айналды.

Бас имам басқосуда Ислам діні әрқашан халықтар арасындағы татулықты, бірлікті адалдықты алдыңғы кезекке қойатындығын айтты.

Осынау жиында интернаттағы қарттарға, мүгедектерге қызметкерлер тарапынан жасалып жатқан қамқорлық үшін шынайы ризашылығын біцлдірді. Өзіне қойылған сұрақтарға жауап берді.

Сондай-ақ аталмыш мешіттің бас имамы Рудный шаһарындағы «Аумақтық қызмет көрсету орталығы»-ның қызметкерлерімен кездесуде жоғары деңгейде өткізді.

Мұнда Сейіт Темірбекұлы қазіргі діни ахуалды, әртүрлі теріс, радикалды ағымдардың зияны жайында түсінік берді.

Бұл басқосуға қалалық ішкі саясат бөлімінің әдіскері Л. Қапанова, Богоявленский храмның протоиерейі А. Гутов қатысты.

Тәрбиелік маңызы ерекше жүздесулер

Тәрбиелік маңызы ерекше жүздесулер

Тәрбиелік маңызы ерекше жүздесулер

Тәрбиелік маңызы ерекше жүздесулер

Тәрбиелік маңызы ерекше жүздесулер

Тәрбиелік маңызы ерекше жүздесулер

Тәрбиелік маңызы ерекше жүздесулер

ҚМДБ-ның Қостанай облысы
бойынша баспасөз қызметі
Пятница, 30 Май 2014 00:00

Аға буын өкілдерімен кездесу

Рудный шаһарындағы «Нұр» мешітінің бас имамы Сейіт Темірбекұлы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының мешіт қызметкерлері алдына қойып отырған міндеттерін дер кезінде орындауға ерекше көңіл бөледі.

Жақында қасиетті жұма күні киелі орында жоғарыда аталған қалада тұратын ақжаулықты аналарымыз және ақсақалды аталармен аса маңызды тақырыптарға арналған жиын өткізді.

Бұл басқосуда имам үстіміздегі жыл «Дін және Дәстүр» жылы болып жарияланғанын түсіндірді. Біздің халқымыздың өмірінде әдет-ғұрыптың, салт-дәстүріміздің қаншалықты орын алатындығы жайлы айтты.

Бұл жүздесудің ерекше есте қалғаны өмірдің талай асуларынан өткен аға буын өкілдері яғни аталарымыз бен әжелеріміз діни сауат ашу курсында дәріс алып жүрген төрт үздік шәкірттерімізге елордамыз Астана қаласындағы мешіт - медреселерді саяхат жасауға демеушілік қолдау көрсетті.

Осынау жиынға мешіттің наиб имамы Саят Серікұлы да қатысты.

Аға буын өкілдерімен кездесу

Аға буын өкілдерімен кездесу

Аға буын өкілдерімен кездесу

Аға буын өкілдерімен кездесу

ҚМДБ-ның Қостанай облысы
бойынша баспасөз қызметі

Мүгедек бала көмек күтеді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы жауапты қызметке кіріскелі бері адам бойындағы ерекше қасиет яғни, қайырымдылық көрсету, күн көрісі төмен жандарға қол үшін беруге айрықша назар аударып келе жатқаны көпшілікке аян.

Рудный қалалық «Нұр» мешіті де Бас мүфтидің игілік жолындағы бастамасын басшылыққа ала отырып жергілікті жердегі қам көңіл кісілерге дер кезінде ықпалдарын тигізу мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылып келеді. Осы жуырда ғана біздің шаһарымыздағы бір мұсылман бауырымыз өзінің жомартығымен жұртшылықтың ризашылығына бөленді. Ол осындағы жастай мүгедек болып қалған 10 жасар Азиз Ищяновқа, 110 мың теңге көлемінде қайырымдылық көмек жасады.

Сөйтіп әлгі азамат өзінің нағыз парасатты жан екендігін тағы да дәлелдеді.

Жалпы біздің арамызда тағдырдың жазуымен тауқыметті бастан кешіп жатқан мүмкіндігі шектеулі үлкенді-кішілі кісілер баршылық. Егер Азиз Ищяновқа Алланың ризашылығы үшін қайырымдылық көмегін көрсетемін деген азаматтар болса Рудный қалалық «Нұр» мешітінің имамы мен қызметкерлеріне хабарласуға болады. Байланыс телефоны: 8 (71431) 46232.

Жүрегі жомарт азаматтардың назарына

Жүрегі жомарт азаматтардың назарына

ҚМДБ-ның Қостанай облысы
бойынша баспасөз қызметі

Жақында Қостанай облыстық Марал ишан мешітінде осынау киелі орын ұжымының және Қазақстан қажылар қауымдастығының Қостанай облыстық филиалының ұйымдастыруымен наурыз мерекесіне байланысты басқосу өткізілді.

Онда алдымен облыстың бас имамы Асылхан Мұханбетжанұлы жиналған қауымды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтады. Содан кейін аталмыш қауымдастық филиалының төрағасы Жақсылық Ғайсаұлы өзі басқарып отырған филиалдың үстіміздегі жылға атқаратын асқаралы міндеттеріне тоқталды.

Осынау басқосуға тек қажылар қауымдастығы ғана емес, Заречный қазақ орта мектебінің ұстаздары мен оқушылары, Қостанай облыстық балалар үйінен бүлдіршіндер арнайы шақырылды. Олар осы жүздесудің жоғары деңгейде өтуіне лайықты үлес қосты.

Оларға мерекелік дастарқан жайылды, дайындалған тағамнан дәм татты. Бұл тағылымды кездесуде елімізге белгілі ақын, құрметті қажыларымыздың бірі Жолбарыс Баязид өлең оқып, жерлестерімізге шын жүректен шыққан шынайы лебізін білдірді.

Кештің соңында, барлық жұртшылыққа абыз ақсақалымыз Мырзағали қажы Ғабдуллин ақ батасын берді. Шақырылған бүлдіршіндер мен мектеп оқушыларына рухани құндылықтар яғни, кітаптар, құран уағыз дискілері табыс етілді. Сондай –ақ қонақтар естелікке суретке түсті.

Сонымен қатар осы шара қарсаңында танымдық-тәрбиелік жағы мол неке қию, тұсау кесер рәсімдері өткізіліп, қазақтың ежелден келе жатқан салт –дәстүрінен сыр шертер ою-өрнектер көрпеше мен өзге де заттар көрмеде ұйымдастырылды.

Мешітте наурыз мерекесі тойланды

Мешітте наурыз мерекесі тойланды

Мешітте наурыз мерекесі тойланды

Мешітте наурыз мерекесі тойланды

Мешітте наурыз мерекесі тойланды

Мешітте наурыз мерекесі тойланды

Мешітте наурыз мерекесі тойланды

 

МДБ-ның Қостанай облысындағы
баспасөз қызметі

Ұлық Раббымыз құран-кәрімде жиі-жиі кешірімшілдігіне, мейірімділігіне қатысты көптеген сипаттарын атап көрсеткен. Тіпті «рақымдыларлың ең рақымдысы» екендігін, рақымдылығының барша нәрсені қамтығандығын айтады. Он сегіз мың ғаламдағы күллі рақымдылықтың көрінісі Хақ Тағаладан шексіз рақымдылығынан бастау алады.

Аллаһ елшісі (с.а.у): «Хақ Тағала рақымдылығын жүзге бөлді. Оның тоқсан тоғыз бөлігін өзінің құзырында алып қалды. Ал қалған бір бөлікті жер жүзіне жіберді. Міне осы бір бөлік рақымдылықтың арқасында барша махлұқат бір-біріне рақымдылық танытады. Тіпті биенің құлынына зарарын тигізбеу үшін аяғын көтеруі, осы бір бөлік рақымдылықтың әсері»,-дейді. (Бұхари, Әдеп, 19; Мүслім, Тәубе, 17)

Рақымдылығы шексіз Раббымыз, құлдарының бір-біріне рақымдылық пен мейірімділік танытуларын мұрат етеді. Ғаламның мақтанышы пайғамбарымыз (с.а.у) рақымды жан болатын. Бұл оның басты сипаттарының бірі еді. Аллаһ Тағала оын жер жүзіне «рақымдылықты таныту» үшін жіберді. Хақ Тағала өзінің көркем есімдері болып табылатын «раууф» (аса рақымды) және «рахиим» (ерекше мейірімді) сипаттарын пайғамбарымызға (с.а.у) нәсіп етті. Ал ақиқатына жүгінсек, одан бұрын келген пайғамбарларға бұл сипаттардың екеуі бірден нәсіп болмаған еді.

Күллі махлұқатқа рақымдылық таныту, жылы шырай көрсету иманның кемелдігіне ишарат етеді. Кәміл момын қараңғы түндегі толған ай секілді нұрын шашады. Халықшыл, көпшіл болады. Оның басты ұстанымдарының бірі жомарттық, сақилық. Сонымен қатар бойынан сезімталдық, сыпайылық, биязылық байқалады. Рақымдылық пен мейірімділік оның ажырамас серігіне айналады. Мейірімділік пен рақымдылық атаулыдан жұрдай жандар, кеудесінен жаны шыққан өлік секілді жылуы болмайды.

Хадис-шәріптерде былай деп айтылады.

«Рақымдылық танытқанға Рахман (аса рақымды) Хақ Тағала рақымдылық көрсетеді. Жер жүзіндегілерге рақымдылық танытсаңдар, көк жүзіндегілер сендерге рақымдылық танытады». (Тирмизи, Бир, 16/1924)

«Мейірімділік танытпағанға, мейірімділік көрсетілмейді». (Бұхари, Әдеп, 18; Мүслім, Фадайыл, 65)

«Мейірімділік тек бақытсыздың жүрегінен алынады». (Тирмизи, Бир, 16/1923; Әбу Дәуіт, Әдеп, 58/4942)

Жаратушының назарымен, махлұқатқа рақымдылықпен назар салу қасиеті Аллаһ елшісінің (с.а.у) төмендегі мына хадисінде айтылған.

Бір күні Аллаһ елшісі (с.а.у) сахабаларына қарап: «Жанымды қолында ұстап тұрған Аллаһқа ант етейін, бір-біріңе мейірімділік танытпасаңдар жәннатқа кірмейсіңдер»,-деді.

Сахабалар: «Уа Аллаһтың елшісі! Баршамыз мейірімді жанбыз»,-десті.

Пайғамбарымыз (с.а.у): «Менің айтып тұрғаным, сендердің түсінгендерің секілді бір-біріңе деген мейірімділік емес. Керісінше күллі махлұқатты қамтитын мейірімділік. Иә, күллі махлұқатты қамтитын мейірімділік»,-деп сөзіне түсініктеме берді.

Момындардың иман сезімін толқытатын, нәпсі өзімшілдігінен құтқаратын, рухани дейгей тұрғысынан кемелдендіретін ең басты қасиеттердің бірі мейірімділік болып табылады. Мейірімділіктің жемісі жомарттық, қарапайымдылық, қызмет ету және күңшілдіктен құтылу.

Аллаһ елшісі (с.а.у) былай дейді.

«Момындардың бір-біріне деген сүйіспеншілікте, бір-біріне деген жанашырлықта және бір-бірін қорғауда бір денеге ұқсайды. Дененің кез-келген ағзасы ауырғанда, өзге ағзалар да ұйқысыздыққа тап болады. Қызуы көтеріледі». (Бұхари, Әдеп, 27; Мүслім, Бир, 66)

Мейірімділік, бұл дүниеде ар-ождан тыныштығы. Пейіштің сүйіншісі. Ал ақіретте мәңгі бақытты болудың кепілі.

Бір кісі Мұғаз ибн Жәбалға келіп: «Маған насихат айтшы»,-деген еді.

Мұғаз: «Мейірімді бол! Мен пейішке кіруіңе мен кепіл болайын»,-деп жауап берген болатын.

Өнеге айналары

Бір бәдауи ғаламның рақым нұры пайғамбарымыздың (с.а.у) балаларды сүйіп жатқандығын көріп, таң қалып: «Демек, сен балаларды сүйеді екенсің ғой. Ал біз, ақиқатына жүгінсек оларды еш сүймейміз»,-деді. Бәдауиге жаны ашып, қараған пайғамбарымыз (с.а.у): Аллаһ Тағала сенің жүрегіңнен мейірімді алып қойса, мен не қылмақпын?!»,-деді. (Бухари, Әдеп, 18; Мүслім, Фадайыл, 65)

Пайғамбарымыз (с.а.у) қызы Зейнептің өлім тырнағына ілігіп, жанталасып жатқан баласын көргенде, көңілі босап жылаған еді. Мұны байқап қалған сахабалар таңданыстарын жасыра алмай: «Сізде жылайсыз ба?,-деп сұрады. Аллаһ елшісі (с.а.у): «Бұл бір мейірім көрінісі. Аллаһ Тағала оны құлдарының жүрегіне салады. Хақ Тағала тек мейірімді құлдарына ғана мейірімділік танытады»,-деп жауап берді. (Бұхари, Жанайыз, 33; Мүслім, Жанайыз, 11)

Әбу Усайд (р.а) Бахрейннен әкелген тұтқындармен бірге Пайғамбарымыздың (с.а.у) құзырына келген еді. Аллаһ елшісі (с.а.у) бір тұтқын әйелдің жылап тұрғанын байқап қалды.

Оған: «Неге жылап тұрсың?»,-деп сұрады.

Әйел: «Мына кісі ұлымды сатып жіберді»,-деді.

Аллаһ елшісі (с.а.у) Әбу Усайдқа қарап: «Мына әйелдің ұлын сатып жібердің бе?»,-деп сұрады.

Әбу Усайд: «Иә!»,-деп жауап берді.

«Кімге саттың?»,-деп сауал қойды.

Ол: «Абс руының кісілеріне»,-деп жауап берді.

Пайғамбарымыз (с.а.у) сахабасына қарап: «Көлігіңе мін. Барып мына әйелдің ұлын алып кел»,-деп әмір етті. (Әли әл-Муттақи, IV, 176/10044)

Хазіреті Омар былай деп хикая етеді.

Бір күні Аллаһ елшісіне (с.а.у) тұтқындар әкелінді. Бір қарасақ тұтқындардың ішінен бір әйел аласұрып, жоғалған баласын іздеп жүр. Тұтқындардың арасынан сәби көрсе дереу оны кеудесіне қысып, емізіп жатты. Аллаһ елшісі (с.а.у): «Мына әйел баласын отқа тастайды деп ойласыңдар ма?,-деп бізден сұрады. Біз: «Жоқ. Уаллаһи отқа тастамайды»,-деп жауап бердік. Пайғамбарымыз (с.а.у): «Мінекей Аллаһ Тағала, мына әйелдің баласына деген мейірімінен, аса мейірімді»,-деді.

Мұсылмандар тіпті қас жаулары болған Аллаһтың құлдарына рақымдылық пен мейірімділік танытқан. Мусғап ибн Умайырдың бауыры Әбу Ғазиз Бәдірде мүшріктердің туын ұстаған еді. Соғыста мүшріктер жеңіліп, ол қолға түсті. Әбу Ғазиз тұтқындық өмірін, мұсылмандардан көрген мейірімділік пен рақымдылықты былай деп баяндайды.

«Бәдір соғысында мен тұтқынға түсіп, Ансардың бір топ кісісінің қарауына берілген едім. Бәдірден қайтқанымызда, олар маған таңертеңгі және кешкі аста нанын маған тарту етіп, өздері кепкен құрманы жейтұғын. Өйткені Аллаһ елшісі (с.а.у) бізге, яғни тұтқындарға жақсы мәміле жасауларын өсиет еткен еді. Олардың біріне қолына нанның бір тілімі тисе, дереу маған әкеліп беретін. Мен қатты қысылып, ұялып нан тілімін олардың кез-келген біреуіне қайтып беретінмін. Бірақ ол нан тілімін маған қайта беріп, қол тигізбейтін. (Ибн Хишам, II, 288; Хайсами, VI, 86)

Әбу Уақид (р.а) былай деп хикая етеді.

Аллаһ елшісі (с.а.у) Мәдинаға келгенде жұрт тірідей түйенің өркешін кесіп, қойдың санынан ет кесіп алып жейтұғын. Мұны көрген Аллаһ елшісі (с.а.у): «Хайуан тірі тұрғанда, одан кесіліп алынған ет өліктің үкімінде, желінбейді»,-деді. (Тирмизи, Сайыд, 12/1480)

Ғаламның рақым нұры пайғамбарымыздың жарық дүниеге келуімен тіпті хайуандар зұлымдықтан құтылып, мейірімділік және рақымдылықпен танысты.

Аллаһ елшісі (с.а.у) қойдың құлағынан тартып, бауыздауға апара жатқан біреуді көріп қалып дереу араласып: «Хайуанның құлағын жібер, мойнынан ұста»,-деп әмір етті. (Ибн Мажа, Забайых, 3)

Әрі пайғамбарымыз (с.а.у) пышақтың хайуаннан жасырын қайралуын, оған көрсетілмеуін бұйырған. Әрі: «Араларыңдағы кез-келген біреу жануарды бауыздағанда, оны тез және мүлтіксіз орындасын»,-деген. (Ибн Мажа, Забайых, 3)

Ашаршылық жылдарында Жүсіптен (ғ.с): «Сен қазынаға жауапты қызметкер әрі оны сарп ету еркіңе берілседе, аш қаласың? Тойып бір жемейсің»,-деп сұралған еді. Жүсіп: «Мен тойып жесем аш болғандарды ұмытып, олардың халдерін түсінбей қаламын ба деп қорқамын»,-деп жауап берді.

Умму Қайыс бинти Михсан (р.а) былай деп әңгімелейді.

Ұлым көз жұмды. Өлімі қатты жаныма батты. Оны жуатын кісіге: «Ұлымды суық сумен жума. Оны өлітіріп қоясың»,-дедім. Бұл сөзді естіген бауырым Уккаша дереу Аллаһ елшісіне (с.а.у) барып, айтқандарымды жеткізіпті. Аллаһ елшісі (с.а.у) күлімсіреп: «Осылай деп жатыр ма?! Аллаһ оның өмірін ұзартсын»,-деді.

Хадисті нақыл еткен рауи: Біз ол тәрізді ұзақ өмір сүрген әйелді көрмедік»,-дейді. (Нәсаий, Жанайыз, 29)

Адамзат баласы өте қадірлі болып жаратылған. Сондықтан көзі тірісінде қалай құрмет көрсетілсе, о дүниелік болғандада дәл сондай құрметке бөленуі тиіс. Марқұмды суық немесе қайнап тұрған сумен жуу, ары-бері аунатып денесіне сызат салу тағыда басқа іс-әрекеттерге тыйым салынған.

Бұл хадис-шәріптен басқа мағынада шығады. Ол Умму Қайыстың (р.а) ұлына мейірімі түсіп, жуатын кісіге кеңес беруі. Мұны естіген пайғамбарымыз (с.а.у) оның ұлына деген мейіріміне көңілі толып, ұзақ өмірлі болуын тілеп, дұға етуі. Сондықтан бұл риуаяттан рақымды әрі мейірімді жандардың өмірлері ұзақ болады деген мағына шығуы әбден мүмкін.

Ұзын сөздің қысқасы, кәміл момын болу үшін рақымдылық, мейірімділік, сүйіспеншілік секілді жағымды қасиеттерімізді күшейтуіміз қажет. Сонымен қатар бұл қасиеттерді күллі махлұқатқа көрсетіп, Хақ Тағалаға құлшылық ретінде қабыл алуымыз ләзім. Ішінде рақымдылық пен мейірімділік болмаған кез-келген қызметтің берекесі болмайды. Қоғамдық қызметтердің негізгі тіректері, осы қасиеттер болып табылады.

Жер жүзіндегілерге мейірімділік танытсақ, көктегілердің бізге мейірімділік танытуына қол жеткіземіз. Хақ Тағала жаратқан күллі махлұқатқа рақымдылық танытсақ, оның рақымдылығына ілігеміз ағайын! Өйткені біз, әрдайым оның мейіріміне мұқтажбыз!

Бауыржан Әлиұлы

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником