Қостанай аудандық «Маңдай батыр» мешітінде облыстың қала аудан бас имамдары бас қосты. Олар қазіргі таңдағы ҚМДБ тапсырмасы аясында "Зират, зиярат және ас беру мәдениеті" сөз өрбітті.
Облыстың найб имамы Туребаев Тимур, "Марал ишан" мешітінің Бас имамы Уәлиев Бектұрсын қажы өз кезегінде сөз сөйлеп пікірлерін білдірді. Сөз барысында аға ұрпақ өкілдеріне топырақты өлімде шариғат жолын ұстану және ысырапшылыққа жол бермеу жөнінде ойын ортаға салды.
Басқосуда Ұзынкөл ауданы "Құрман баба" мешітінің Бас имамы Есенгелді қажы да өз пікірін білдірді. Кездесудің соңында Қарасу ауданының бас имамы Халық қажы батасын беріп, осы шараны ұйымдастырған "Маңдай батыр" мешіті қызметкерлеріне алғысын айтты.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Таяуда Рудный қалалық «Нұр» мешітінде Мәуліт айының құрметіне жамағат арасында облыстық «Адамзаттың асыл тәжі» атты интеллектуалды сира жарысы ұйымдастырылды.
Бұл тағылымы мол игі іс-шараға өңіріміздегі барлық қалалық және аудандық мешіттерден талапкерлер қатысып, бақтарын сынады. Сайысқа Мұхаммед Пайғамбарымыздың өнегелі өмірі арқау болып, олар білімдерін ауызша және жазбаша түрде ортаға салды.
Әділқазылардың шешімімен І орынды Рудныйлық Дәулетпай Мұратхан, ІІ орынды Лисаковтық Ербол Баймағамбетов, ІІІ орынды Бейімбет Майлин ауданынан Нұрдәулет Қазыбекұлы иеленді.
Жеңімпаздар мен барлық қатысушыларға ақшалай сый-сияпат жасалып, мадақтама қағаздар табыс етілді. Жарыс соңында «Ихлас» дәмханасында дастархан жайылды.
Жиналған жамағат ұйымдастырушыларға ризашылығын білдіріп, жоғары көңіл-күймен тарасты.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Жуырда рухани келісім күніне байланысты Сарыкөл ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен жергілікті ауыл шаруашылық колледж студенттерімен дөңгелек үстел өткізілді.
Оған облыс орталығынан Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ардагер ұстаз Александра Суслова, ауданның бас имамы Асылхан Түсіпбек және шіркеуден Алексей Шматко қатысты.
Жастар баяндамашыларды ұйып тыңдап, көкейлерінде жүрген сауалдарына нақты жауап алды. Кездесуде елдің тыныштығы, бейбіт өмірі мен ынтымақ-бірлігі туралы толық мәлімдеме жасалды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Меңдіқара аудандық «Қарамақы ата» мешітінде ауданға сыйлы ақсақалдар мен аналар шақырылып, оларға Зират және зиярат мәдениеті жайлы құжат таныстырылды.
Бас имам Еркебұлан Қошан жиынды Құран оқумен бастады. Сөз барысында аға ұрпақ өкілдеріне топырақты өлімде шариғат жолын ұстану және ысырапшылыққа жол бермеу жөнінде ойын ортаға салды.
Басқосуда қатысушылар да өз пікірлерін білдірді. Кездесудің соңында абыз ақсақалдар батасын беріп, мешіт қызметкерлеріне алғысын айтты.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қостанай қалалық "Жайлаубай ата" мешітінде Мұхаммед Пайғамбарымызға арналып "Мәуліт-шариф" оқылды. Оның араб-парсы тілінде оқылуына жергілікті тәжік мұсылмандары диаспорасы мұрындық болды.
Жиналған жұртшылық әсерлі әуенмен оқылған салауаттардан рухани нәр алды. Жайылған дастарханнан қонақтар дәм татты. Соңында абыз ақсақалдар бата берді. Жамағат құптан намазын оқыды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет Меңдіқара аудандық «Қарамақы ата» мешітінде болды. Ол жұма намазына қатысып, тағылымы мол уағыз айтты.
Кездесуде дін қайраткері алдағы Республика күні мерекесіне жан-жақты тоқталды. Жалпы, тәуелсіздік біздің басты құндылығымыз, оны баянды етіп, елімізді көркейту – баршаның басты міндеті екенін тілге тиек етті.
«Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болс,а төбедегі келеді» демекші, ынтымақ пен бірлікті сақтап, мемлекетті өркендету жолында аянбай еңбек етуге шақырды.
Жұма намазында Құран сүрелерінен тиләует оқылды. Бас имамның мағыналы тұжырымын және берген батасын жиналған жұртшылық ұйып тыңдады. Жастар жағы көп жайды көңілдеріне түйді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанындағы "Қамқор шарапат" мекемесінің тапсырмасы бойынша еліміздегі есімдері көпке танымал әулиелер мен діни қайраткерлердің кесенелерінде зиярат ережесін ретке келтіруге баса назар аударылуда.
Жақында Арқалық қалалық “Мухтасиб Әлмұхаммед” мешітінің қызметкерлері жоғарыда аталған мәселені қолдап, осы маңдағы тарихта өшпес ізін қалдырған ата-бабаларымыз бен көрнекті тұлғалардың басына арнайы барып, олардың рухына құран бағыштады.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Жангелдин аудандық «Оспанқожа әулие» мешітінде Бас имам Аян Хасеновтың басшылығымен «Зират және зиярат, ас беру мәдениеті» тақырыбы бойынша жиын болып өтті.
Мұнда жергілікті жамағатқа көтеріліп отырған мәселе жөнінде насихат айтылды. Қатысушылар қозғалған жайды бір ауыздан қолдап, оның сал- дәстүрге сай келетіндігін білдірді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Жұртшылыққа мәлім, Сарыкөл ауданы Крылов ауылының аумағында батыр әрі әулие Барақ бабамыз жерленген.
Ол заманында қалмақ-жоңғар соғысына қатысып, елді жаудан қорғаған атақты тұлға. Терең діни сауаты болғандықтан ел арасында имандылықты насихаттауға елеулі үлес қосқан. Басқа да қасиеттерімен көпке танылған.
Әлі күнге дейін ол кісінің бейіті қойылған жерге жан-жақтан дертіне шипа іздеген ағайындар тағзым етіп, судай ағылып жатады.
Жуырда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Дарқан дала» жобасы бойынша батыр бабамыздың кесенесінің басына «Зират және зиярат мәдениеті» жайлы баннер орнатылды. Онда аудандық «Аққозы қажы» мешітінің Бас имамы Асылхан Түсіпбек жиналған жамағатқа қалай зиярат ету жайында айтып берді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қостанай облыстық әкімдігі діни істер жөніндегі басқармасы аймақтың діни бірлестік басшыларымен Рухани келісім күніне орай диалог өткізді. Мекеме басшысы Ерлан Олжабайұлы қатысушыларды айтулы күнмен құттықтап, оның маңыздылығына тоқталды. Әр бірлестік басшысымен жеке-жеке танысып, ой-пікірлерін тыңдады.
Кездесу барысында қоғамда бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету, толеранттылықты дамыту, конфессияаралық келісімді одан әрі нығайту мәселелері талқыланды.
Қостанай қалалық «Марал ишан» мешітінің имамы Бектұрсын Уәлиев те өз ойын ортаға сала келіп, «Дәстүрлі діндер арасын¬дағы ынтымақ, бұл – баға жетпес байлығымыз, ал тұрақтылық болса, негізгі – тұғырымыз. Елдің әлеу¬меттік-экономикалық көр¬сет¬кіші де халықтардың өзара татулығы негізінде дамиды» - деді.
Іс-шара соңында діни бірлестік өкілдері бір-біріне жылы лебіздерін білдірді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі