Имандылық – барлық ізгіліктің бастауы
Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің Бас имамы Нұрхан Асанұлы Н.Құлжанова атындағы Торғай гуманитарлық колледжінің студенттерімен кездесті. Оған тәрбиеші Бақыткүл Халалова ұйытқы болды.
Мұнда «Тәрбиенің негізі - имандылық» тақырыбы қозғалды. Бас имам қазіргі таңда жастардың бойында болуға тиісті имандылық, әдептілік, адамгершілік, парасаттылық секілді қасиеттерді сөз етті.
Студенттер де оның тереңнен толғаған ой-пікірлерінен көп жайды көңілдеріне түйіп, шынайы алғыстарын білдірді.
Студенттермен кездесу
Дәл осындай кездесу Арқалық политехникалық колледжінде де өтті. Онда қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің найб имамы Есдәулет Жұмаханұлы жатақханада тұратын студенттермен дидарласып, «Ислам және жастар» тақырыбы бойынша уағыз-насихат айтты. Оның мазмұны терең әңгімесін жастар ұйып тыңдады.
Тағылымы мол жиынды аталған білім ордасы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сара Алибаева ұйымдастырды.
Бір отбасына көмір түсіріп берді
Биылғы қыс айлары өңіріміздің қай жері болса да жеңілге соғып жатқан жоқ. Қар жылдағыдан көп жауып, боранды болды. Сондықтан, барша қалалар мен аудандардың имамдары пешке от жағатын көмекке мұқтаж жандарға қайырымдылық жасауға ерекше көңіл бөлуде.
Мәселен, Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің найб имамы Есдәулет Мұхтардың бастамасымен қолдауға зәру бір отбасына 1,5 тонна көмір жеткізіп берді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қостанай өңірінде ауа-райының күрт салқындап, термометрдің 27-30 градусқа дейін төмендеуі намазға келуші ағайынға қиындық туғызатындығы белгілі.
Міне, соны жете түсінген қалалық “Жайлаубай ата” мешітінің ұжымы мен жанашыр жамағаттар қасиетті жұма күні “тегін такси” ұйымдастырды. Олар ”Жақсылықта жарыс, елдің батасын ал” деген қағиданы басшылыққа алды.
Қамқорлықты айқын сезінген жұртшылық Шоқан қажы Ғазизұлы басқаратын имандылық ордасының қызметкерлеріне шын жүректен шыққан алғыстарын жаудырды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Аудандық "Әмит ишан мешітінің ұстазы Гүлнұр Сейілханова "Орамал иманның қабы-сыйы жәннаттың бағы" атты іс-шара өткізді.
Аталмыш жиында әйел, қыз-келіншектер кауымына уағыз-насихаттар айтылып, түрлі ойындар ойнатылды. Мәселен, жиында "Дін мен дәстүр сабақтас ұғым","Исламдағы әйелдің құрметті орыны","Ислам дініндегі бала тәрбиесі ","Орамалды шариғат талабыңа сәйкес тағу","Әлеуметтік желідегі орамалдағы қыздар туралы","Ислам тұрмыстық зорлық -зомбылыққа қарсы" деген маңызды тақырыптар арқау болды.
Уағыз барысында Құран аяттары мен хадистерден дәлелдер келтірілді. Іс-шарадан кейін мешіт асханасында дастарқан жайылды. Мұнда да қатысушыларға бірқатар өзекті жайлар баяндалды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінің найб имамы Нұрлан Сейдағалиев Сарыкөл ауданындағы іс-сапары кезінде жергілікті «Аққозы қажы» мешітіне ат басын бұрып, жамағатпен кездесті.
Онда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биыл бекіткен «Ислам және ұлттық құндылықтар» жылы жайлы баяндады. Сонымен қатар аудандық тіл дамыту орталығында болып, жастармен жүздесті.
Ол мұнда бүгінгі таңдағы көкейтесті Отанды сүю, патриоттық сезім, Ислам діні және руханият тақырыптары жөнінде әңгімеледі.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек Тәжімбет Сарыкөл ауданындағы іс-сапарында алдымен аудан әкімі Амантай Балғариннің қабылдауында болып, өзекті мәселелер талқыланды.
Бас имам өңірдегі қалыптасқан діни ахуал және басқа да жергілікті жұртшылықты толғандыратын маңызды жайларды қозғады. Сонымен қатар аудандық «Аққозы қажы» мешітінің алдында тұрған келелі міндеттер жөнінде сөз етті.
Содан кейін дін қайраткерінің аудандық кітапханада және мәдениет үйіндегі жүздесулері де жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл ұжымдарда халықтың көкейінде жүрген тақырыптар әңгімеге арқау болды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбеттің өңірге сапары одан әрі жалғасты. Ол алдымен Алтынсарин аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлерімен кездесті.
Тәртіп сақшыларымен жүздесуде деструктивтік діни ағым жайында әңгімеледі. Қатысушылардың көкейде жүрген сауалдарына нақты жауап берді.
Содан кейін аталмыш ауданға қарасты Обаған ауылдық округі әкімдігіндегі жиын да жұртшылықтың есінде қаларлықтай өтті. Мұнда дін қайраткері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биыл бекіткен «Ислам және дәстүр құндылықтары» жылының мәні мен мақсатына кеңінен тоқталды.
Ал аудандық Мәдениет үйіндегі басқосуда Бахытбек Нұрғабылұлы «Жат ағымға жол жоқ» тақырыбын тілге тиек етті. Өзекті мәселеге байланысты қойылған сауалдарға өмірден алынған тұжырымдарға сүйеніп, жауап берді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қалалық “Жайлаубай ата” мешітінің ұжымы жамағат арасында волейболдан ”Байлық- байлық емес, денсаулық- байлық “-атты жолдастық кездесу ұйымдастырды.
Жарыс өте тартысты өтті. Мұндағы негізгі мақсат - намазхандардың арасындағы ауыз біршілік пен ынтымақты, салауатты өмір салтын одан әрі нығайту.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Өткен жұма күні Қостанай аудандық «Маңдай батыр» мешітінің Бас имамы Дархан Манарбекұлы «Ислам және дәстүр құндылықтары» жылы аясында жергілікті ақсақалдар мен жастар жамағатына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен «Қажының рухани келбеті» тұғырнамасы құжатын таныстырды.
Халық Меккеге қажылыққа барған азаматтарды «қажы» деп құрметтеп, оларға ерекше ілтипат көрсететіні белгілі. Алайда, қажылар да өз кезегінде күнделікті өмірде өздерінің көркем мінезімен, адалдығымен, әділдігімен өзгелерге өнеге болуы тиіс екенін жан-жақты баяндады.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қостанай қалалық “Жайлаубай ата”мешітінің ұйытқы болуымен жамағатқа “Исра және Миғраж түні” мерекесіне орай ауыз ашар дастарқаны жайылды.
Жиын барысында ұстаз Нұрислам Сәтсапарұлы намазхандарға миғражға байланысты оқиғаны кеңінен баяндады. Оның ұлағатты сөздерін қатысушылар ұйып тыңдады.
Басқосу соңында жамағатпен Құптан намазы оқылып, еліміздің тұғыры берік және тәуелсіздігіміздің баянды болуы үшін дұға жасалынды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы үстіміздегі жылды «Ислам және дәстүр құндылықтары» жылы деп жариялағаннан бері дін қайраткерлері өңірдегі мешіттерде, мәдениет үйлері мен кітапханаларда халықпен кездесулер өткізуде.
Мәселен, жуырда Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек Нұрғабылұлы Қарабалық ауданында арнайы іс-сапарда болды. Қызмет барысында бірнеше ұжымдармен жүздесті.
Мысалы, алдымен тілдерді дамыту орталығында мемлекеттік қызметкерлерімен ұйымдастырылған дөңгелек үстелде «Ислам және дәстүр» түсінігі аясында діни ағартушылық тақырып қозғалды.
Содан кейін аудандық кітапханада «Ихсан – рухани тәрбие негізі» атты жергілікті ақсақалдармен семинар өткізіліп, ұрпаққа рухани тәрбие берудің маңыздылығына тоқталды.
Кездесулер соңында аудандық «Ғашура ана» мешітінің жамағатымен дидарласып, қазіргі таңдағы өзекті мәселелер әңгімеге арқау болды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі