Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының төрағасы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының арнайы тапсырмасымен, наиб мүфти, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі, Сансызбай Құрбанұлы екі күндік сапармен Қостанай облысына іс-сапармен келді.
Ол алғашқы күні Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде өңірдегі қала және аудан имамдарының басқосуымен семинар өткізді. Онда дін негіздері (Усул әл-фиқһ ) ілімі бойынша сабақ жүргізіп, аймақтағы барша дін қызметкерлерінің білімін жетілдіруге тікелей ықпалын тигізді.
Дәріс барысында Құран мен хадистің түпкі мәнін терең түсіндіріп, оның нәзік тұстарын барынша ашуға тырысты. Имамдар өздерінің көкейінде жүрген маңызды сауалдарына нақты жауап алды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төраға орынбасары, наиб мүфти Кенжетай Дүйсенбай Қостанай өңіріне арнайы іс-сапармен келді. Облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде облысқа қарасты қала және аудан имамдарына ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің тапсырмасын жеткізіп, «Имамның тұлғалық келбеті» атты семинар өткізді. Бұл семинардың бір ерекшелігі, оған шалғайда тұратын имамдар онлайн форматта zoom бағдарламасы арқылы қатысты.
Кейін орталық мешітте «Уақып-сауабы үзілмейтін садақа» тақырыбында жамағатқа жұма уағызын жүргізді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын қажы Уәлиев Жітіқара ауданына сапары барысында «Ержан Тәтішев» мешітінде жергілікті ақсақалдармен кездесті.
Онда «Ас беру мәдениеті» дәне «Зират және зиярат мәдениеті» тақырыптарын қозғады. Әсіресе, діни рәсімдердегі ас беру кезінде ысырапшылдыққа жол бермеу жөнінде жан-жақты тоқталды.
Жиында аға буын өкілдері Бас имамның ұсынысын қолдап, көтерілген мәселеге байланысты ой-пікірлерін білдірді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Жітіқара аудандық «Ержан Тәтішев» мешітінің ұжымы жергілікті Мәдениет сарайында «Мәуліт» мерекесін өткізді.
Осы игі шараға Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын қажы Торғайбайұлы арнайы қатысып, Адамзаттың ардақтысы Мұхаммед Пайғамбарымыздың өнегелі өмірі туралы насихат айтты.
Аталмыш басқосуда облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінің найб имамы Әлішер Ертайұлы, Қостанай аудандық «Маңдай батыр» мешітінің Бас имамы Дархан Сыздықов және «Ержан Тәтішев» мешітінің найб имамы Бисұлтан Көптілеуұлы Мәуліт-шариф оқыды.
«Қостанай минералдары» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Ербол Сапарбайұлы Жітіқара ауданындағы алты адамға яғни молдалар мен мешіттің алқа мүшелеріне шипажайға сертификаттарды табыс етті.
Мереке барысында терме-жырлар орындалды. Сондай-ақ, қазіргі таңдағы өзекті мәселе - жастардың ажырасуы жайлы ой саларлық қойылым көрсетілді.
Содан кейін мешіттің асханасында Мұстафа қажы Ғұбайдуллаұлының ұрпақтары ас берді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын қажы Уәлиев кезекті іс сапарында өңірдегі Денисов ауданында болды. Онда бірқатар маңызды кездесулер өткізді. Енді соларға қысқаша тоқталып өтелік.
Ол алдымен аудандық мәдениет үйінде ұйымдастырылған Мәуліт кешіне қатысты. Бұл мерекелік басқосуда облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінің найб имамы Әлішер Ертайұлы және Лисаков қалалық «Әбдіхаим Саламатұлы» мешітінің Бас имамы Әкімбек Нұрханұлы Мәуліт-шариф оқыды.
Содан кейін Бас имам аудандық кітапханада жергілікті халықпен, зиялы қауым және аға буын өкілдерімен кездесті. Мұнда ысырапшылдыққа жол бермеу, жаназа дастарханының ас мәзірі, қайтыс болған үйден ас ішпеу, ауданның діни ахуалы жөнінде айтты. Сапар барысында музейге саяхат жасалды.
Денисов аудандық «Жұма» мешітінде Бектұрсын Торғайбайұлы «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында жұртшылық, ақсақалдар алқасының мүшелері және жамағатпен жүздесті. Жиында ас беру мәдениеті және басқа да өзекті тақырыптар әңгімеге арқау болды. Қатысушылар өздерінің көкейінде жүрген сауалдарына нақты жауап алды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Меңдіқара аудандық «Қарамақы ата» мешіті Мәуліт мерекесін тиісті деңгейде өткізді. Осынау рухани жиынға зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік қызметкерлер, ақсақалдар мен ақ жаулықты аналар, бірқатар қала аудан мешіт бас имамдары және жастар қатысты.
Онда Меңдіқара ауданы әкімінің орынбасары Марлен Сандыбеков барша жұртшылықты құттықтап, өзінің ең ізгі тілегін білдірді.
Кеште облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінің найб имамы Әлішер Ертайұлы, Қостанай аудандық «Маңдай батыр» және Лисаков қалалық «Әбдіхаим Саламатұлы» мешіттерінің Бас имамдары Дархан Сыздықов, Әкімбек Нұрханұлы сахнаға көтеріліп, салауат оқыды.
Ал, Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын қажы Торғайбайұлы өз сөзінде жалпы Мәуліт сөзінің мағынасы мен мәніне жан-жақты тоқталып, Мұхаммед Пайғамбарымыздың өмірбаяны мен көркем мінезі, ғибратты ғұмыры жайлы кеңінен әңгімеледі.
Мерекелік шарада жергілікті мәдениет үйінің өнерпаздары Бақытжан Сәуекенов, Мейір және Гүлжан Нұрмұхамбетовтер, Байдос Қожасағиев, Азат Тобылұлы әуелете ән шырқап, күмбірлете күй шертсе, есімі өңірге танымал жыршы Абзал Алпысов ойлы термелерімен көпшілікті тәнті етті.
Содан кейін мешіт асханасында дастархан жайылып, ас берілді. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өмірбаянынан сұрақтар және қазақтың ежелгі ұлттық ойындары, салт-дәстүрлері жөнінде сұрақтар қойылып, нақты жауап бергендерге сыйлықтар табыс етілді. Абыз ақсақалдар ақ батасын берді.
Жиын соңында Меңдіқара ауданының Бас имамы Жандарбек Әмірхамзин мешіттің жанашырларына, қолдау көрсетіп келе жатқан ел ағаларына, демеушілерге және мәдениет үйі қызметкерлеріне жамағатқа қонақ болып келген әріптестеріне шынайы ризашылығын жеткізді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Жітіқара аудандық «Ержан Тәтішев» мешітінің ұйымдастыруымен 25 қазан - Республика күніне орай Ішкі істер министрлігі қылмыстық атқару жүйесі комитетінің № 39 мемлекеттік мекемесінде стол теннисінен жарыс өтті. Жарыста мекеме қызметкері, әскерилер, мешіт жамағаты және жазасын өтеушілер қатысты.
Тартысты өткен спорттық доданың өз жеңімпаздары анықталып, бағалы сыйлықтар мен медальдар табысталды.
Жуырда Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінің наиб имамы Бақытжан Икрам Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланға қарайтын 6697 әскери бөлімінде болды.
Ол осындағы азаматтық борышын өтеп жатқан жауынгерлермен кездесіп, бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірі – суицид жайлы уағыз айтты.
Онда жүздесуге қатысушылардың көкейлерінде жүрген сауалдарға қос тілде нақты жауап берді.
Қостанай облыстық мешітінң баспасөз қызметі
Биыл Қазақстандағы ұлттық мереке – Республика күні қасиетті жұмамен тұспа-тұс келді. Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінің ұжымы оны есте қаларлықтай өткізуге барын салды.
Жұма намазынан кейін жиналған жамағатқа тағамдық қуаты мол «Қыстың қымызы» деп аталып кеткен құрт көже таратылды.
Облыстың Бас имамы Бектұрсын қажы Уәлиев жұртшылықты халықтың өмірінде ерекше орын алатын айтулы мейраммен шын жүректен құттықтап, баршаға молшылық пен ізгілік тіледі.
Сонымен қатар ежелден келе жатқан ұлттық ойындарды жаңғырта түсу мақсатында жастарды ширақтыққа, батылдыққа баулитын сайыстар ұйымдастырылды. Көпшілік қауым асық ойыны, арқан тартудан ұмытылмас әсер алды.
Мерекелік басқосудың соңында жүлдегерлер марапатталып, оларға бағалы сыйлықтар табыс етілді.
Ұзынкөл аудандық «Құрман баба» мешітінде – Республика күніне орай, Жастар арасында жыр, өлең сөздер айтудан жарыс ұйымдастырылды. Жастарды отанға деген құрмет пен отанды сүйю, қорғау секілді құндылықтар айтылды.
Тобыл қалалық «Маңдай батыр» мешітінің ұжымы Республика күні қарсаңында қалалық мешіттер арасында шағын футболдан жарыс ұйымдастырды. Әділқазылар алқасының шешімі бойынша І орынды облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы», ІІ орынды Қостанай аудандық «Маңдай батыр», ІІІ орынды Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешіттерінің командалары иеленді.
Жүлдегерлерге лайықты құрмет көрсетіліп, арнайы сыйлықтармен марапатталды. Салауатты өмір салтын жандандыру мақсатында өңірде осындай спорттық шаралар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.
Республика күніне орай Рудный мешітінде ақсақалдар мен әже аналарға дастархан жайылды. Мерекенің мәні мен маңызы жөнінде тілектер айтылып, көк ту таратылды.
Жетіқара аудандық «Ержан Тәтішев» мешітінде жұма намазынан кейін мереке күніне арнап халыққа Көк туды таратты.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Тобыл қалалық «Маңдай батыр» мешітінің ұжымы Республика күні қарсаңында қалалық мешіттер арасында шағын футболдан жарыс ұйымдастырды. Ол Тобыл қаласындағы «Астана» спорт кешенінде өткізілді.
Жарыс басталмас бұрын облыстың Бас имамы Бектұрсын қажы Уәлиев және Қостанай ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мылтықбай Абдуайтов сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Әділқазылар алқасының шешімі бойынша І орынды облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы», ІІ орынды Қостанай аудандық «Маңдай батыр», ІІІ орынды Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешіттерінің командалары иеленді.
Жүлдегерлерге лайықты құрмет көрсетіліп, арнайы сыйлықтармен марапатталды. Салауатты өмір салтын жандандыру мақсатында өңірде осындай спорттық шаралар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі