Үстіміздегі жыл руханиятымызда ерекше орын алатын көрнекті тұлғалардың мерейтойларына толы. Солардың арасында Алаш ардақтысы, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығы елімізде кең көлемде аталып өтілді.
Жақында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Ахаңның есімі берілген университетте «Ахмет Байтұрсынұлы және Қазақ руханияты» деп аталатын конференция болып өтті.
Тағылымы мол жиынды жүргізушінің кіріспе сөзінен кейін облыстық мешіттің ұстазы Әли Әбдіхамид қасиетті Құран оқудан бастады. Алғашқы баяндаманы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының найб мүфтиі, көрнекті дін қайраткері Сансызбай қажы Шоқанов жасады.
Оның тың деректерден тұратын сөзін жиналғандар ұйып тыңдап, ұлт үшін бүкіл саналы ғұмырын арнаған тұлға жайлы қаншама мағлұмат алды.
Қостанай өңірлік университетінің ректоры, география ғылымдарының докторы, профессор Сейітбек Қуанышбаев конференцияға қатысқан барша қауымды айтулы оқиғамен шын жүректен құттықтап, қонақтарға табыс тіледі.
Аталған жоғары оқу орнының «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің жетекшісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Алмасбек Әбсадық Ахаң жайлы ұдайы ізденіс үстінде жүрген азамат. Оның «Ұстаз жолы, ауыл мұғалімінен – білім министрлігіне дейін» тақырыбындағы баяндамасы да құндылығымен жерлестеріміздің көңілінен шықты.
Облыс жұртшылығы Абзал Нағашыбайұлының руханият саласында сіңірген еңбегін жақсы біледі. Оның үлкен сахнада орындаған термесі терең мағынасымен жүректерді қозғады.
Аузы дуалы ардагер, Қостанай облысы ақсақалдар алқасының мүшесі Торғайбай қажы Уәлиұлының «Ахаң өскен орта» атты баяндамасы да ұлт мақтанышының көпшілікке белгісіз қырларын жан -жақты ашуымен дараланды.
Елімізге белгілі ғалым, Қостанай өңірлік университетінің профессоры Қалқаман Жақып «Рухы биік, есімі мәңгі» деген тақырып айтып тұрғандай, Алаштың біртуар перзентінің кейінге жастарға өнеге боларлық қайраткерлік, тұлғалық, білімпаздық, ұлтжандылық, қаламгерлік жақтарын жұртшылыққа жеткізді.
Конференция жоғары деңгейде өткізіліп, бас қосқан үлкенді-кішілі қауым көп жайды көңілдеріне түйді. Қазақ халқы бар кезде Ахмет Байтұрсынұлының есімі мәңгілік өшпейді.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының найб мүфтиі Сансызбай қажы Құрбанұлы арнайы іс-сапармен Қостанайға келді.
Ол алдымен облыстық мешіттегі қасиетті жұма намазына қатысты. Жиналған жамағат алдында "Бірінші тілек тілеңіз бір Аллаға жазбасқа" тақырыбында уағыз айтты.
Бұл тақырыптағы уағызды жиналған жұртшылық ұйып тыңдады.
Жақында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Астана қаласынла «Халал - ЕХРО 2022» Халықаралық көрмесі өткізілді.
Онда Қостанай облысының «Коко» яғни, «Жас Қанат» атауымен танымал құс фабрикасы топ жарып, республикада «Ең үздік халал» номинациясын жеңіп алды.
Жерлестерімізді табысымен шын жүректен құттықтаймыз! Олардың жеңісі өзгелерге үлгі болып, өңірімізде мұндай адал ас - халал өнімдерін шығаратын зауыт-фабрикалардың қатары арта берсін деген ізгі тілегімізді білдіреміз.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Қостанайдағы Ахмет Байтұрсынов атындағы өңірлік университетте 18 қазан - Рухани келісім күніне орай «Ел бірлігі – рухани келісімде» деп аталатын дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Онда қазіргі таңда республикамыздағы халықтар арасындағы сыйластық, мызғымас достық, бірлік пен береке ерекше орын алатындығы айтылды. Бұл орайда болашақ жас мамандарға жүктелетін міндеттер де аз емес. Өйткені, мемлекетіміздің келешегі олардың іскерлігі мен терең біліміне тікелей байланысты.
Жоғары оқу орнындағы өткізілген жиын ұйымшылдықпен өтті. Басқосуда жастар өздерінің көкейінде жүрген сауалдарын қойып, оған тиянақты жауап алды.
Қостанай облыстық мешітініңбаспасөз қызметі
Қасиетті Мәуліт айында өңіріміздегі имандылық ордаларында игі мақсаттағы қайырымдылық шаралары өткізіліп жатқаны белгілі.
Жуырда қалалық «Жайлаубай ата» мешітінде көмекке мұқтаж 10 отбасына һадия-садақа таратылды. Бұл ұлы Мұхаммед (оған Алланың игілігімен саламаты болсын) Пайғамбарымыздың құрметіне орай ұйымдастырылған әрі жиналғандардың жадында ұзақ уақыт сақталар айтулы оқиға.
Шоқан қажы Ғазизұлы басқаратын мешіт қызметкерлері мен жүрегі жомарт жандардың халыққа жасаған шапағат-шарапаттарын Алла қабыл етсін дейміз.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің бас имамы Нұрхан Асанұлыжергілікті медицина колледжінде болып, студенттермен кездесті.
Онда «Дін-тәрбиенің рухани тірегі» деген тақырып әңгіме арқауына айналды. Жастар айтылған уағыз – насихатты ұйып тыңдады. Жүздесу барысында бас имам теріс діни ағымдардан бойларын аулақ ұстаулары қажет екендігін еске салды.
Сонымен қатар дінге байланысты сауал туындаған жағдайда мешіт қызметкерлерінің көмегіне сүйеніп, ақыл-кеңес алулары керектігін тілге тиек етті.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Меңдіқара аудандық мешітінің бас имамы Еркебұлан Қошанұлы Боровское елді мекеніндегі «Халал» шұжық өнімін шығаратын кәсіпорында болды.
Аталмыш ұжымдағы қызметкерлермен кездесіп, мамандардың күнделікті дайындайтын адал өнімдерінің сапасы мен жұмыс орнының тазалығына айрықша назар аударды. Олардың атқарып жатқан кәсіптеріне көңілі толып, осындай таза әрі адал асты шығаруда тазалықтың ең басты мақсат тұтуды айтты.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Таяуда Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің бас имамыНұрхан Асанұлыжергілікті №2 әмбебап ғылыми кітапханасында кездесу өткізді.
Онда көп салалы колледждің студенттерімен «Жастар тәрбиесі тал бесіктен басталады» деген тақырыпта уағыз - насихат айтты. Жүздесу барысында кітапханадағы оқу залының меңгерушісі Сәуле Ахметқызы Бас имамға жастар тәрбиесі хақында тағылымы мол әңгіме өрбіткені үшін алғысын білдіріп, жауапты қызметінде табыс тіледі.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
Амангелді аудандық «Сатыбалды ишан» мешітінің бас имамы Жандарбек Мүбаракұлы Амантоғай және Тасты ауылдарындағы жалпы орта мектептердің жоғарғы сынып оқушыларымен кездесті.
Жүздесулерде дін қайраткері ұстаздардың білім ордалары мен шәкірттерінің өмірінде алар орындарына жан-жақты тоқталды. Сондай-ақ, оқушылардың еліміздің нағыз патриоты әрі білікті маман болып шығулары үшін сабақта тиянақтылық танытып, мұғалімдердің өздеріне артқан сенімдерін ақтаулары керектігі жайлы ойын ортаға салды.
Басқосудың соңында ұстаздар бас имамның айтқан терең мазмұнды әңгімесін ұйып тыңдап, алғыстарын білдірді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
19-20 қазан күндері елордасы Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен халықаралық «HALAL EXPO-2022» көрмесі өтеді.
Халықаралық көрмеде «QMDB Halal» сертификатын алған отандық және шетелдік кәсіпорындар өз өнімдері мен қызметін ұсынады. Бұл – халал индустриясындағы ең үздік көрме. Келушілердің халал өнімдердің түрлі ассортиментімен таныс болып, аталмыш өнімдерді тікелей өндірушіден нарықтық бағадан төмен алуға мүмкіндігі бар.
Ауқымды іс-шара елордадағы «EXPO» халықаралық көрме орталығында өтеді. Толық ақпаратты + 7 702 273 7518 (Данияр Сафиев) нөміріне хабарласып біле аласыз.
Источник: https://halaldamu.kz/kk/p/ostanajday-ksiporyndarda-audit-zhalasuda