Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
27 04.18

Торғайда өткен жиын

Торғайда өткен жиын

Жуырда Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы «Оспан қожа әулие» мешітінің ұйымдастыруымен «Салт-дәстүр және діни рәсімдер» атты жиын болып өтті.

Торғайда өткен жиын

Бұл шараға Қостанайдың оңтүстік өңірі бойынша өкілі Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің Бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы қатысып, «Ысырапшылық – Исламға жат нәрсе» деген тақырыпта уағыз айтты. Сондай-ақ ү.ж. 23 наурызында облыстық мешітте өткен келелі конференцияның маңызына тоқталды.

Торғайда өткен жиын

Жангелдин ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы Қарсақбай Бірмағамбетов аталған жиынды жүргізіп, пікір білдірушілерге сөз кезегін беріп отырды.

Торғайда өткен жиын

Аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Торбаев күн тәртібіндегі қозғалған мәселені маңыздылығы жайлы өз ойын білдіріп, қолдайтынын айтты.

Торғайда өткен жиын

Әр ауылдық округтердің ардагерлер кеңесінің мүшелері мен ардақты ақсақалдары белсенділік танытып, ұсыныстарын жеткізді.

Торғайда өткен жиын

Жангелдин аудандық мешіттің бас имамы Рүстем Исламұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Жаназа және жерлеу рәсімдері» атты кітабын өмірде басшылыққа алу қажеттігін ескере отырып, қара жамылған үй иелеріне салмақ салып, ысырапшылдыққа жол бермеу керектігін айтып өтті.

Торғайда өткен жиын

Сондай-ақ ол жиын соңында мәжіліске келіп, ұсыныстарын білдірген ақсақалдар мен қонақтарға шынайы алғысын білдіп, арнайы дастарханан дәм таттырды.

Торғайда өткен жиын

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі

алдыңғы жаңалық
«Кәмшат ана» мешітінде
келесі жаңалық
Бас имам Таранда ақсақалдармен кездесті

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником