Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
31 03.17

Елбасының Жолдауы –Тың ізденістерге жетелейді

Баршаға мәлім, үстіміздегі жылы 31 қаңтарда мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстанның үшінші Жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталатын Жолдауы басылымдарда жарық көргені баршаға мәлім.

01

Осынау маңызды құжатты басшылыққа ала отырып, студент жастарды Отан сүюге тәрбиелеу, ерлікке баулу, патриоттық сезім қалыптастыру мақсатында жуырда Қостанай қалалық мешітінде «Жаңа жолдау- жаңа басымдық» атты тақырыппен кездесу өтті.

Бұл бас қосуды мешіт қызметкерлері Н. Островский атындағы қалалық кітапхана ұжымымен бірлесе ұйымдастырды. Онда аталмыш мешіттің Бас имамы: Шоқан қажы Әмірханов шақырылған қонақтарды жиналған студенттермен таныстырып, кештің мақсаты мен мәнін түсіндірді.

01

Мәжіліске есімі өңірге кеңінен таныс Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің профессоры, философия ғылымдарының кандидаты Қалқаман Жақып және Қостанай политехникалық колледжінің жастар комитетінің төрағасы Дастан Беков қатысты.

01

Дөңгелек үстел барысында жүздесуді бас имам Шоқан Ғазизұлы ашып, белгілі ғалым Қалқаман Хасенұлы Елбасының мемлекетіміздің болашағы болып табылатын жастарға туғызылып жатқан мүмкіндіктер мен жасалған қамқорлықтарға жан – жақты тоқталды.

01

Сондай – ақ, колледж өкілі Дастан Салтанатұлы өзінің пікірін ортаға сала келіп, жастардың республикамыздың мәртебесі бұдан да асқақ әрі бәсекеге қабілетті 30 елдің қатарына қосылу үшін жігіттер мен қыздар аянбай еңбек етулері қажет екендігін айтты.

Мешіттің наиб имамы Дүйсен Сәрінжіпұлы өз сөзінде жастардың жат ағымдардан аулақ болып, ұлттық салт – дәстүріміз бен әдет – ғұрпымызды берік ұстану қажеттігін тілге тиек етті.

01

Сөйтіп, ертеңіміз жарқын болсын десек ұлдарымыз ұлықты, қыздарымыз қылықты болуы керектігін де өзінің уағызында кеңінен баяндады.

Кешке қатысқан Қостанай қаласындағы гуманитарлық және экономикалық колледждерінің студенттері өздерінің көкейде жүрген сауалдарын қойып, нақты жауап алды.

Ал бас қосуда кітапхана тарапынан модераторлық қызмет ұсынылып, қатысушылардың назарына «Жаңа жолдау- жаңа басымдық» атты слайдтар ұсынылды.

Жиын соңында дін қайраткері Шоқан қажы Әмірханов барлық қонақтар мен жиналған студенттерге шынайы алғысын білдірді. Жерлестеріміз арнайы жайылған дастарханнан дәм татты.

ҚМДБ – ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

алдыңғы жаңалық
Дінім – діңгегім, дәстүрім – тірегім!
келесі жаңалық
ҚМДБ: МЕШІТ ІШІНДЕ ТӘРТІП САҚТАУ ТУРАЛЫ ҮНДЕУ

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником