Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Понедельник, 12 Сентябрь 2022 10:52

Ел үлесі-пәтерге 584 баспана

Жұртшылыққа мәлім, осыдан біраз уақыт бұрын Қостанай ауданына қарасты Жамбыл ауылында Мадина Ерланқызы жоғалып кеткені туралы. Әрине, ғұмыры тым қысқа болған қыздың хал-жағдайы өңір жұртшылығына өте ауыр тиді. Барша қауымның қабырғасы қайысып, қайғы жамылған отбасының ауыртпалығына ортақтасты.

«Көп түкірсе, көл болар» демекші, оның тағдырына бей-жай қарамаған жүрегі жомарт өңір жұртшылығы олардың тұрғын үймен қамтамасыз етілуі үшін атсалысып, 5 млн теңге қаражат жинады. Ал облыстағы қайырымдылық қырларымен танымал «Олжа-Агро» фирмасының ұжымы 10 млн теңге бөлді.

Осы жинаған қаражатқа елімізде «Ел үлесі-пәтерге» жобасы бойынша 584-ші баспана сатып алынып, өткен қасиетті жұма күні марқұм жасөспірім Мадина қызымыздың анасына үйдің кілті тапсырылды.Бұл орайда Бахытбек қажы Тәжімбет басқаратын өңірдегі бүкіл мешіт имамдары мен қызметкерлері жанашырлық пен ұйымшылдық танытқанын ерекше атап өткеніміз жөн.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 12 Сентябрь 2022 10:29

Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Апат ешқашанда айтып келмейді. Өңіріміздің Әулиекөл ауданындағы бірнеше күнге созылған алапат өрт күллі республикамыздың халқын терең ойда қалдырды.

Барлық облыстар осындай қиын шақта ауыз бірліктері мықты екендігін дәлелдеді. Қаншама гуманитарлық көмек көрсетілді. Қаржы, киім-кешек, азық-түлік те жиналды. Алдағы уақытта зардап шеккен азаматтарға тұрғын үй салынып берілетін болды.

Осы жерлестерімізге қиын соққан ауыр кезеңде өңірге қарасты күллі мешіттердің ұйымдастыруымен Әулиекөл ауданында 5 күннің ішінде 4 680 адамға ыстық тамақ үлестірілді.

Аталмыш аудандық «Әмит ишан» мешітінде облыстағы мешіттердің қызметкерлері тікелей атсалысып, тілсіз жау өртті сөндіруге қатысқандардың, волонтерлердің, құрылысшылардың, басқа да кісілердің жанынан табылды. Көмекке мұқтаж жандарға қайырымдылық мақсатында қол ұшын беріп, уақытпен санасу дегенді білмеді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына барған сапарында Кейкі батырдың кесенесін зиярат етіп, ұлт үшін жанын пида еткен мергеннің рухына арнайы Құран аятын бағыштап, дұға жасады.

Кейкі (Нұрмағанбет) Көкембайұлы 1916 жылғы Торғайда болған ұлт-азаттық көтерілісінің батыры, атақты мерген болды.

Жастайынан аңшы, мергендігімен, өжеттігімен аймаққа танылған. Оның құралайды көзге атқан мергендігіне байланысты ел аузында «Амангелдінің көзі мерген, Кейкінің қолы мерген» деген сөз қалған.

Оның ерлігі өскелең ұрпақ үшін мәңгі өнеге болмақ. Алла алдынан жарылқасын.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына барған сапарында Әулиекөл аудандық «Әмит ишан» мешітінің құрылысымен танысты.

Бас мүфти мешіттің құрылыс сапасына, көлік тұрағына, құрылыс жұмысының жоспарланған мерзімде аяқталуына назар аударды.

Айта кетсек, демеушілер мен ерікті жандардың көмегімен салынып жатқан мешіт құрылысы бір ай көлемінде толық аяқталады. Құлшылық үйінде бір мезетте 1000 адам намаз оқи алады.

Воскресенье, 04 Сентябрь 2022 12:45

БАС МҮФТИ ӨРТ БОЛҒАН ОРЫНҒА БАРДЫ (ФОТО)

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған дін қызметкерлері өрт болған орын – Қостанай облысының Әулиекөл ауданына барды.

Бас мүфти Әулиекөл ауылының тұрғындарымен, өңір имамдарымен, мешіт жамағатымен бірге тілсіз жауды ауыздықтауға көмектесті. Өрт сөндірушілермен кездесіп, игі жұмыстарына сәттілік тіледі. Сонымен қатар, Бас мүфти және дін қызметкерлері Алладан табиғи апаттың тез тоқтауын тілеп, арнайы дұға жасады.

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына барған сапарында Әулиекөл ауданында болып, орталық «Әмит ишан» мешітінде жамағатпен бірге табиғи апатқа байланысты арнайы дұға жасады.

«Уа, Алла Тағала! Сенің құдіретің барлық нәрсеге жетеді. Сенен асқан құдірет иесі жоқ. Біз Сенен жерімізге төнген қауіптен құтқаруыңды сұраймыз. Еліміз бен жерімізді түрлі табиғи апаттан, өрттен аман еткейсің. Өртті ауыздықтау жолында аянбай еңбек етіп жүрген бауырларымызға Өзің жар болғайсың. Әмин!» деп дұға етті Бас мүфти.

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысына барған сапарында Әулиекөл ауданында болып, өрттен зардап шеккен азаматтармен кездесті.

Әулиекөл ауылындағы мектепке көшірілген жандармен жүздескен Наурызбай қажы Тағанұлы: «Алла Тағала бұл сынақты сабырмен жеңіп шығуға, өртті тез арада ауыздықтауға күш-қуат нәсіп етсін. Біз сіздерге өз мүмкіндігіміздің аясында рухани әрі материалдық тұрғыдан көмек көрсетуге дайынбыз. Сол үшін арнайы алдарыңызға келіп отырмыз. Жаратушы Жаббар Иеміз еліміз бен жерімізді түрлі сынақтан, тосыннан келетін табиғи апаттардан сақтағай» деді.

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай облысы Әулиекөл аудандық «Әмит ишан» мешітінде қайырымдылық іс-шарасына қатысты.

Бас мүфти халықты тосыннан келген сынаққа сабыр етуге шақырып: «Қостанай облысында болып жатқан табиғи апат бәріміздің жанымызға батуда. Біз, дін қызметкерлері өрт салдарынан зардап шеккен жандармен біргеміз. Бүгін осы өңірге арнайы келіп, қайырымдылық акциясын ұйымдастырып жатырмыз. Еліміз бойынша мешіттерде дұға жасалуда. Алла Тағала тілсіз жауды тезірек ауыздықтауды нәсіп еткей. Жарақат алған жандардың жуық арада сауығып кетуін тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай» деді.

Айта кетсек, қайырымдылық акция аясында 120 отбасына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік таратылды.

Қостанай облысының Әулиекөл аудандық мешіт имамдары үйін өрт жалмаған жандарға рухани тұрғыдан қолдау көрсетіп, ас-ауқат беруде.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Әулиекөлдегі өрт аумағы 9 мың гектардан асты. Сондай-ақ бірнеше тұрғын үйлер де өртке оранды. Өрттен Аманқарағай, Калинин, Лесное, Озерное ауылдарынан барлығы 1841 адам эвакуацияланды. Табиғи апат салдарынан жарақат алғандар мен адам шығыны жоқ. Қазіргі уақытта оқиға бойынша арнайы комиссия құрылды. Комиссия шешіміне сәйкес табиғи апаттан зардап шеккендердің (үй-жайы өртенген тұрғындарға) барлығына қажетті көмек көрсетіледі.

Еске сала кетейік, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен еліміз бойынша мешіттерде дұға ету, салауат айту рәсімі өтуде. Сондай-ақ үйсіз қалған жандар мешіттерге орналастырылып, имамдар қолдан келген көмегін көрсетуде.

Жаңа оқу жылына да саусақпен санарлықтай ғана күндер қалды. Соған орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай өңіріндегі өкілдігі биыл да «Мектепке жол» қайырымдылық акциясына жан-жақты дайындалып, оны ұйымшылдықпен өткізді.

Облыстың Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет игі мақсаттағы шара қарсаңында үстіміздегі жылы аудандар мен қалалардағы мешіттер мыңға жуық мектеп табалдырығын аттағалы отырған балаларғы мектеп құралдары мен киім-кешек тарту ететіндігі жайлы айтқан еді.

Осы мақсатта барлық мешіт имамдары, жанашыр азаматтар ортақ іске өздерінің лайықты үлестерін қосты. Өңір бойынша жоғарыда аталған қайырымдылық акциясына байланысты 46 іс шара ұйымдастырылды. Онда көп балалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларында тәрбиеленіп жатқан 906 оқушыға мектепке аса қажетті сөмке, құрал-жабдықтар, мектепке киетін форма және басқа да киімдер табыс етілді.

Бұл мақсатқа 7 373 923 теңге қаржы жұмсалды. Салтанатты жиындарға қатысқан ата-аналар облыстағы барша мешіт қызметкерлеріне, демеушілерге шын жүректен шыққан шынайы алғыстарын білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником