Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Үстіміздегі жылғы Ораза айт мерекесі Жітіқара ауданында да жоғары деңгейде аталып өтті. Әсіресе, адам бойындағы ең ізгі қасиет қайрымдылыққа ерекше назар аударылды.

Нақты деректерге сүйенетін болсақ, жергілікті «Ержан Тәтішев» мешітінің ұжымыкөмекке мұқтаж 20отбасына 320 келіні құрайтын азық-түлік себеттерін таратты.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Пятница, 06 Май 2022 13:55

Амангелді: Оразадан соң

Амангелді аудандық «Сатыбалды ишан» мешіті Ораза айтты жоғары деңгейде атап өтті.

Алғашқы күнгі имандылық ордасындағы Айт намазына елдің үлкенді кішілі жамағаты жиналды. Содан кейін мешіттің асханасында дастархан жайылып, қадірменді ақсақалдар, зиялы қауым өкілдері,жергілікті тұрғындар қатысып баталарын берді.

Іс-шарада Бас имам Жандарбек Әмірхамзин уағыз-насихат айтып, жұртшылықты бірлікке, ынтымаққа шақырды. Аудан әкімі Талғат Карбозов жамағатты айтулы мейраммен құттықтады.

Айт мерекесінің құрметіне қазақша күрестен сайыс ұйымдастырылды. Жеңімпаздар мақтау қағаздары және медальдармен марапатталды.

Ораза айттың құрметіне 55 балаға «Рамазан сыйлығы» үлестірілді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Четверг, 05 Май 2022 10:27

Жітіқара: Спорттық сайыс

Биылғы Ораза айт мерекесінде Жітіқара аудандық «Ержан Тәтішев» мешітінде спорттық шаралар ұйымдастырылды. Ол жергілікті ағайындарға жақсы әсер қалдырды.

Онда арқан тартыс, қол күрес және гір көтеру секілді спорт түрлерінен 53 жамағат бақтарын сынады. Бәрі де сайысқа тыңғылықты дайындықпен келгендіктерін көрсетті.

Әділқазылар алқасы қатысушылардың шеберліктеріне лайықты бағасын берді. Жарыс қорытындысында жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар тапсырылды

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Дана халқымыз ежелден жас ұрпақты еліміздің болашағы деп есептеген. Сондықтан оларды имандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеуді өздерінің басты парызы санаған.

Міне, осындай қағиданы берік ұстанған Рудный қалалық «Нұр» мешітінің имамы Бектұрсын Торғайбайұлы шаһардағы №15 мектептің оқушыларымен «Имандылық – тәрбие өзегі» деген тақырыпта кездесу өткізді.

Жүздесуде дін қайраткері тәлім-тәрбиеге ерекше тоқталып, ислам дінінің көркем мінез бен әдептілікке негізделгенін тілге тиек етті. Өзінің оқыған-тоқығандарынан нақты мысалдар келтіріп, оны шәкірттердің жадында ұзақ сақталатындай етіп баяндады.

Шара барысында оқушылар тарапынан түрлі сұрақтар қойылды. Имам сауалдарға дін мен дәстүрді байланыстыра отырып, тұшымды жауап берді.

Басқосуға тәрбиемен тікелей айналысатын ұстаздар мен мектеп директоры Қайыржан Нұрмағанбетов те қатысты.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Өңіріміздегібарлық мешіттерде қасиетті Рамазан айында қайырымдылық шаралары ұйымдастырылып, күн көрісі төмен отбасыларға, басқа да қолдауға мұқтаж жандарға көмек көрсетілді.

Бұл орайда Федоров аудандық «Жиентай қажы» мешітінің ұжымы да жергілікті халықтың ризашылығына бөленіп, алғыстарын алды. Мәселен, олар «Рамазан ынтымақ айы» деп аталатын қайырымдылық шарасын өткізді.

Онда көп балалы аналарға күнделікті өмірде қажетті азық-түлік салынған қоржындар табыс етілді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Халқымыз ешқашан жетім-жесірін жылатпаған, оларды қамқорлыққа алған. Қазіргі таңда да өңіріміздегі мешіт қызметкерлері мен жүрегі жомарт жандар қолдауға мұқтаж кісілердің алғысына бөленуде. 

 Осындай ізгілікті істерімен көпке танылған Рудный қалалық «Нұр» мешітінің ұжымы да Рамазан айында жерлестерінің жанынан табылып, көмек қолын созды.

Нақтылап айтатын болсақ, жуырда мешіт тарапынан 90 отбасына күнделікті тұтынатын азық-түлік және 5 отбасына қаржылай көмек көрсетілді. Сондай-ақ зағиптар үйіндегі адамдар да назардан тыс қалған жоқ.

Қайырымдылық шарасы аясында аталмыш мешіт ұжымы Оразаның ерекшелігіне тоқталып, уағыз - насихат айтты. Жастар жағы одан көп тағылым алды.

Мүмкіндігі шектеулі жандар мен көп балалы отбасылар өздеріне қамқорлық танытқан азаматтарға шынайы ризашылықтарын білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Қостанай аудандық «Маңдай батыр» мешітінің ұжымы қасиетті Рамазан айында қайырымдылық мақсатында қаншама игілікті істер атқарды.

Мәселен, өткен «Қайырымды Жұма» аясында 12 отбасы азық-түлікпен қамтамасыз етілді. Бұл орайда Бас имам Дархан Сыздықовтың іскерлігі мен мол адамгершілік қасиетін ерекше атап өткен жөн.

Өйткені, ол Ораза барысында жамағаттардың алғысына бөленіп, көпшіліктің сауабын алды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Четверг, 28 Апрель 2022 19:03

Тобыл мешітіндегі

Қостанай аудандық «Маңдай батыр» мешітіндегі Қадір түніне мұсылмандар қауымы көп жиналды. Бас имам Дархан Манарбекұлы Қадір түнінің маңызы мен мәні жайында уағыз айтты.

Ал, найб имам Азамат Серікбайұлы мешітке келген жастарға викториналық ойын өткізді. Тарауих намазында қари Құранды хатым етті. Тарауихтан кейін Бас имам мешіт жамағаты атынан Есенжол қариға ризашылығын білдіре Құран кітабын сыйлап иығына шапан жапты.

Қадірменді Сайым ақсақалақ ақ батасын берді. Ораза ұстағандар үшін сәресіге дастархан жайылды. 

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 02 Май 2022 18:50

Арқада атқарылған игі істер

Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің ұжымы биылғы қасиетті Рамазан айын жоғары деңгейде өткізді. Жергілікті «Достар» дәмханасында 23 күн бойы ауызашар ұйымдастырылып, жұртшылыққа дастарқан жайылды.

Оған 200-ге жуық жамағат қатысты. Әр ауызашарға 250 мың теңге көлемінде қаражат арналса, жалпы, осы мақсатқа 5 млн 750 000 теңге ақша жұмсалды.

30 күнде Құфтан намазының алдында үздіксіз уағыз айтылды. Оны 180-200-ден аса жамағат ұйып тыңдады. Сонымен қатар 7 рет хатым оқылды. Қадір түніде мән-мағынасымен ағайындардың есінде қалды.

Рамазан кезінде қолдауға мұқтаж 110 отбасыларына қайырымдылық көмек жасалды. Бұған 1 млн 400 000 теңге жұмсалды. Ораза айттың алғашқы күніндегі намазға 450 жамағат келді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 02 Май 2022 18:44

Арқалық: Балалар қуанышы

Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің ұжымы Ораза айт мейрамына орай 80 балаға «Балаларға базарлық» атты қайырымдылық шарасын өткізді.

Жергілікті мешіттің бас имамы Нұрхан Асанұлы шаһардағы арнайы мектеп-интернатындағы оқушыларды мұсылмандардың айтулы мейрамымен құттықтап, тәрбиеленушілерге сыйлықтарды табыс етті.

Жүздерінен қуаныштың нышаны сезілген балалар бас имам мен мешіт қызметкерлеріне шынайы алғыстарын білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником