Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Алла Тағала әрбір ораза ұстауға денсаулығы жарайтын, балиғатқа толған, ақыл-есі бүтін мұсылманға оразаны парыз етті. Алла Тағала Құран Кәрімде  былай деген:

فَمَنْ شَهِدَ مِنْكُمُ الشَّهْرَ فَلْيَصُمْهُ وَمَنْ كَانَ مَرِيضًا أَوْ عَلَى سَفَرٍ فَعِدَّةٌ مِنْ أَيَّامٍ أُخَرَ يُرِيدُ اللَّهُ بِكُمُ الْيُسْرَ وَلا يُرِيدُ بِكُمُ الْعُسْرَ  

«Сендерден кім Рамазан айында болса, ораза ұстасын. Ал кім (осы айда) науқас болып немесе сапар шегіп ораза ұстамаса, (қаза болған күндерін) басқа уақытта ұстасын. Алла сендерге жеңілдікті қалайды, ауыртпалық артқысы келмейді»[1]. Бұл аяттың мағынасынан Алла Тағала құлдарының кейбіріне Рамазан айында белгілі бір себеппен ораза ұстамауға рұқсат еткенін аңғарамыз. Солардың ішінде Рамазан айында ораза ұстамайтын, бірақ содан кейін қазасын өтейтін адамдар бар. Олар мыналар:

  1. Жолаушы. Шариғат тұрғылықты жерінен таң атқанға дейін ең кемі 86 км. (ханафи мазһабына сәйкес) қашықтыққа сапарға шыққан адамға ораза тұтпауға рұқсат етеді. Бірақ кейін қазасын өтеп береді.

Егер таң атқаннан кейін жолға шықса, онда оған бұл күні ораза ұстау қажет болады да, оразаны бұзуға тыйым (харам) салынады. Дегенмен ораза ұстау жолаушыға қиындық тудырмаса оған ораза тұту мұстахаб болады.

  1. Дертке шалдыққан адам. Рамазан айында науқас адам ораза себепті денсаулығы нашарлаудан немесе дертінің жазылуы баяулаудан қауыптенсе, оған ораза ұстамауға рұқсат етіледі. Әрине бұл жерде тәжірибеге немесе білікті дәрігердің нұсқаулығына жүгінеді. Ауруы себепті ораза ұстай алмаған жандар емделгеннен кейін ұсталмаған ораза күндерінің қазаларын өтеулері қажет.
  2. Жүкті және емізулі баласы бар әйел. Жүкті әрі емізулі баласы бар әйелдер ораза ұстау өзіне не баласына зиян беруден қорықса ораза тұтпауға рұқсат етіледі. Әнәс ибн Мәліктен (Алла оған разы болсын) риуаят етілген хадисте:

رَخَّصَ رَسُولُ اللَّهِ (صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَ سَلَّمْ) لِلْحُبْلَى الَّتِى تَخَافُ عَلَى نَفْسِهَا أَنْ تُفْطِرَ وَلِلْمُرْضِعِ الَّتِى تَخَافُ عَلَى وَلَدِهَا.

«Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзі және сәбиі үшін қауыптенетін жүкті әйелге мен емізуші әйелге ауыз ашуға рұқсат етті»[2], - дейді. Сонымен қатар дәрігер, бала емізетін әйелге сәбидің еміне қажетті дәрумендер қабылдауды жазып берсе, онда оған ораза ұстамауына рұқсат етіледі.

  1. Өміріне қауыптену. Аузы берік адам ауыр жұмыс істеу арқылы қатты шөл мен аштыққа шалдығып, сол үшін өмірінен не есінен айырылатындай жағдайға душар болса, онда оған оразасын бұзуға рұқсат етіледі. Кейіннен бұл күннің қазасын өтеп береді. Алайда мұндай кісілерге оразаны басынан бастап ауыз бекітпей бірден ұстамауға рұқсат етілмейді. Сондықтан Рамазан айында ауыр жұмыс істейтін адамдар оразасын аяғына дейін ұстауға кедергі келтіретін тым көп жұмыс істемеген жөн.

 Сондай-ақ жылдың басқа мезгілінде ораза ұстауға шамасы келмейтін қария кісіге және созылмалы дерті бар кісіге (өмір бойы ауыратын) ораза ұстамауға рұқсат етіледі. Оларға қазасын өтеу де шарт емес. Оларға күніне бір міскінді тамақтандыру (таңғы және кешкі ас) уәжіп болады. Бұл жөнінде Алла Тағала былай деген:

وَعَلَى الَّذِينَ يُطِيقُونَهُ فِدْيَةٌ طَعَامُ مِسْكِينٍۖ فَمَن تَطَوَّعَ خَيْرًا فَهُوَ خَيْرٌ لَّهُۚ

«Ораза ұстауға шамасы әзер жететіндер (яғни, қарттар және созылмалы дертке шалдыққан науқастар қаза болған әр күнге) підия ретінде бір жарлының (бір күндік екі мезгіл) тамағын (немесе соның құнын ақшалай) беруі керек. Ал енді кімде-кім қайырымдылық жасап (аталмыш мөлшерден) асырып берсе, онысы өзі үшін қайырлы әрі жақсы болмақ»[3].

 

 

Дархан Манарбекұлы

Қостанай облысының пәтуаға жауапты маманы

 

[1]«Бақара» сүресі, 185-аят.

[2] Сунан Ибн Мәджә, китәб әс-сиям, 1658.

[3] Бақара сүресі, 184-аят.

Четверг, 08 Апрель 2021 10:25

Жарқын жүзді кездесулер

Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет облыстың шалғайда жатқан Науырзым ауданында болған іс-сапарында бірқатар маңызды басқосуларға қатысты. Онда алда тұрған келелі мәселелерде қозғалды.

Мысалы, ауданның әкімі Талғат Карбозовпен жүздесу іскерлік жағдайында өтті. Болашақта аудандық мешіт жанынан асхана салу мәселесі де әңгімеге арқау болды.

Үстіміздегі жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен қолға алынған «Ихсан және кемел адам» тақырыбы бойынша кездесу өте әсерлі ұйымдастырылды. Оны жиналған үлкенді-кішілі қауым ұйып тыңдап, көкейде жүрген сауалдарына нақты жауап алды.

Сонымен қатар осы басқосуда «Ас беру мәдениеті», «Зират және зиярат мәдениеті» хақындағы уағыз-насихат та жиналғандарға үлкен ой салды. Науырзымдық ағайындар рухани құндылықтарымен жан сарайларын байытып, Қостанайдан келген Бас имам мен оның орынбасарына алғыстарын білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Среда, 07 Апрель 2021 10:28

Бас имамның ауданға сапары

Жақында Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет өзінің орынбасары Әлішер Ертайұлымен бірге арнайы іс-сапармен өңіріміздегі Әулиекөл ауданында болды. 

Алдымен олар аудан әкімі Ерлан Теменовпен кезедесіп, алдағы қасиетті Рамазан айына дайындық және жалпы діни ахуалдың жайымен танысты. Аудан басшысы әңгіме барысында болашақта жергілікті мешіттің заман талабына сай абаттандырылып, намазхандардың алаңсыз діни рәсімдерді жүзеге асыруына қолдау көрсететіндігін баса айтты.

Бас имам Бахытбек қажы Нұрғабылұлы осы сапарында Әулиекөл селосындағы жол бойында орналасқан мешіттің жайынан да хабардар болып, онда келімді-кетімді жолаушыларға қажетті жағдай туғызылғандығына көзі айқын жетті.

Сондай-ақ ауданның Бас имамы Нұрлан Сыздықовқа жемісті қызметі үшін дән ризашылық білдіріп, оған алдағы уақытта да жауапты жұмысында табыстан-табысқа жете беруіне тілектестігін білдірді.

 Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Среда, 07 Апрель 2021 10:12

Рудный: Ораза жайы сөз болды

Рудный қалалық «Нұр» мешітінде Рамазан айына әзірлік жайы қозғалған, аймақтық басқосу өткізілді.

Жиынға өңіріміздегі Майлин аудандық «Әйет», Тобыл кентінің «Ажар», Қашар кентінің «Кәмшат ана» мешіттерінің имамдары мен «Рудный қаласының Нұр» мешітінің қызметкерлері қатысты.   

Басқосуда Рамазан айының ерекшелігі, оған дайындық мәселесі сөз болды. Жиында «Нұр» мешітінің Бас имамы Бектұрсын Уәлиев қазіргі пандемия кезінде ораза рәсімдерін өткізудің жай-күйіне тоқталды.

Аймақтағы эпидемиологиялық жағдайдың тұрақсыздығына байланысты, ораза кезіндегі іс-шаралар карантиндік талаптарды сақтай отырып, ұйымдастырылу қажеттілігі, мешіттің іші-сыртының тазалығы жайында тілге тиек етті. Ең бастысы, індеттің одан әрі таралуына жол бермеу мақсатында, барлық санитарлық талаптардың қатаң сақталу қажеттігіне бас имам ерекше тоқталып өтті.

Сондай-ақ, жуырда облыс Бас имамы Бахытбек Тәжімбеттің өткізген мәжілісінде қаралған өзекті тақырып ортаға салынды. Өкілдік тарапынан берілген  тапсырмалар жөнінде хабарлама жасалды.

Басқосу соңында мәжіліске қатысушылар өздерін толғандырған сауалдарын қойды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 05 Апрель 2021 18:01

Әулиекөл:Қош келдің, Рамазан!

Қасиетті Рамазан айы қарсаңында, яғни 5 сәуірде Әулиекөл аудандық мәдениет үйінде “Қош келдің, Рамазан” атты рухани кеш өткізілді.

Жиынға аудан әкімінің орынбасары Аят Сулекеев, Қостанай облысының Бас имамы Бақытбек қажы Тәжімбет пен наиб имам Әлішер Балахмет, аудандық «Әмит ишан» мешітінің Бас имамы Нұрлан қажы Сыздықов және аудандағы діни қызметкерлері мен мешіт жамағаты  қатысты.

Кеш Әлішер Ертайұлының қасиетті Құран Кәрім оқуымен басталды. Онан соң облыстың Бас имамы Бақытбек қажы Тәжімбет Алланың атымен бастап, келіп жеткен қасиетті Рамазан айымен құттықтау сөз сөйледі. Ол осы айдың басқа айлармен салыстыра қарағанда Рамазан айында мүміндерге ерекше мол сауап берілетіндігін, осы айда қасиетті Құран түскендігін айтып өтті.

«Басты мақсат - Рамазан айын ерекше ықыласпен қарсы алайық, Құранға бекем болып, көп-көп оқитын болайық. Мынау елімізді жайлаған індет тезірек кетіп, Алла тағала барлық мұсылман елдерін аман сақтасын, ауырған адамдарға Алла шипасын берсін, ауырмаған кісілерді Өзі сақтасын. Тезірек бұл індеттен құтылып, иық тіресе намаз оқитын жағдайға, баяғы қалпымызға келуге  Алла тағала нәсіп етсін» - деп тілегін айтты.

Бұдан кейін мәдениет үйінің өнерпаздары  Әсем Қажиева, Шынғысовтар отбасылық дуэті, «ЕрНАТ»  тобы салған әуезді әндер жүректен жүрекке жетті.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 05 Апрель 2021 17:44

Рамазанға дайындық пысықталды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында алдағы қасиетті Рамазан айына қатысты төралқа жиыны өткен соң, Қостанай өкілдігі де осы тақырыпта басқосу өткізді.

Жиында Қостанай облысының Бас имамы Бахытбек Нұрғабылұлы төралқадағы тапсырмалар бойынша алдағы уақытта Рамазанға дайындық жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Сонынмен қатар санитарлық талаптарды қатаң бақылап, тазалық шараларын өткізіп отыруды тапсырды.

Қасиетті айда жамағат арасында Құранды көп оқып хатым жасау және салауаттар мен истиғфар дұғаларын оқуды дамытуды ұсынды.

Осы жиналыста әр бөлім бойынша тапсырмалар қорытындыланып, алдағы уақытта істелетін жұмыстар бойынша да тапсырмалар берілді.

Айта кетейік быйылғы қасиетті РАМАЗАН айының оразасы 13 сәуірден басталып 12 мамырға дейін жалғасады.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником