«Жақсының жақсылығын айт, нұры тассын» демекші, аптаның қасиетті жұма күндері Арқалық қаласындағы «Арқалық» дүкеніңде халыққа нан тегін таратылады.
Бұл игі бастамаға шаһар тұрғыны Әлібек Сұнғатұлы мұрындық болды. Ол әр жұма күні нанды тегін таратуды ұйғарды. Осындай ізгі ниеті арқылы қаншама адамдардың алғысына ие болып, өзгелерге жомарттығымен өнеге көрсетті.
«Кең болсаң, кем болмайсың»дегендей, қолындағы барымен бөлісіп, елдің құрметіне бөленген осындай жандарға Алланың нұры жауа берсін» дейді қалалық «Мұхтасиб Әлмухаммед» мешітінің Бас имамы Дархан Исламбекұлы!
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі
«Алғыспен ер көгерер, жаңбырмен жер көгерер» демекші, ауданға бас имам болып келгелі бері Руслан Маратұлы жергілікті халықпен қоян-қолтық араласа қызмет атқаруда.
Жуырда Халықаралық қарттар күні де жергілікті жерде тиісті деңгейде аталып өтті. Аудандағы қарттардың басын қосып, оларға зор денсаулық тілеп, сый-сияпат жасалды.
Өзінің мол адамгершілігімен құрметке бөленген Мырзатай Мәліков өздеріне құрмет көрсеткен мешіт қызметкерлеріне шынайы алғысын білдірді. Осылайша өмір көрген қарттар үйлеріне жоғары көңіл-күймен оралды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі