Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Суббота, 06 Сентябрь 2025 10:31

Мәуліт құрметіне салауат оқылды

Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде жұма намазы алдында ардақты Алла елшісі Мұхаммедтің (Алланың оған игілігі мен салауаты болсын) Мәулітінің құрметіне салауат оқылды.

Онда салауатты арабша және қазақша мәтінді наиб имам Әлішер Балахмет, ұстаздар Мұртаза Ертайұлы мен Сұңғат Мақатұлы оқыды.

Қостанай облысының бас имамы Уәлиев Бектұрсын Торғайбайұлы бата беріп, Пайғамбарымыздың (Алланың оған игілігі мен салауаты болсын) адамзат тарихында өнегесі биік, күллі мұсылман үмбеті үлгі тұтқан бірден-бір тұлға екенін айтып өтті.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Пятница, 05 Сентябрь 2025 14:52

Тобыл: Қайыр қылсаң

Жуырда Қостанай аудандық "Маңдай батыр" мешітінің ұжымы "Қайырымды жұма" акциясын ұйымдастырды. Онда жанашыр демеушілердің қолдауымен әлеуметтік жағынан аз қамтылған бес отбасына азық-түлікпен көмек көрсетілді. Сондай ақ екі кілем мұқтаж жанға табысталды.

ҚМДБ-ның Қолдан қолға шарасы аясында тағы бес отбасына қаржылай көмек көрсетілді.

Осынау сауабы мол игі іске белсене атсалысқан азаматтардың шаңырақтарына қасиетті Мәуліт айында ырыс-береке тілейміз.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Среда, 03 Сентябрь 2025 09:18

Бас имам Қойбағар кентінде болды

Таяуда Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын қажы Уәлиевпен Қостанай облысы әкімдігінің Дін істері жөніндегі басқармасының міндетін атқарушы Сапарғали Әбдиев іс-сапармен Қарасу ауданындағы Қойбағар кентінде болды. Онда осы елді -мекендегі салынып жатқан намазхананың құрылысымен танысты.

Дін қайраткері сапар барысында жергілікті халықпен кездесті. Онда елдің бірлігі мен ынтымағы жайлы әңгіме өрбітті. Сонымен қатар діни қызметкердің жауапкершілігі және қоғамдағы алар орнының маңыздылығына, имамдар мен молдалар арнайы бұйрықпен бекітіліп, тағайындалатынына тоқталды.

Жүздесуде жұртшылықтың тарапынан қойылған сауалдарға нақты жауап берді. Соңында жиналғандарды Мәуліт мерекесімен шын жүректен құттықтап, әрбір отбасына ырыс пен береке тіледі.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Вторник, 02 Сентябрь 2025 09:26

Мінез – кез келген адамның айнасы.

Жалпы адамзат баласының мінез құлқы қоғамда үлкен күшке ие деп айтсақ артық емес. Өйткені қоғамның негізін салған адамзат баласы, ал адамды тәрбиелейтін мінез құлық. Мұсылманның қоғамдағы орны сенімімен, ғибадатымен қалай ерекшеленсе, сол сияқты мұсылман өзінің мінез-құлқымен де және жүріс тұрысымен де ерекшеленеді

Мұсылманның қоғамдағы рөлі өзінің салмақтылығымен кішіпейіл болуы және абзал істерге ұмтылуы, қоғамдағы әрбір істі ықыласпен істеуі, әлсіздерге жұмсақ болуы, күштілерге әлсіздік танытпауы, жақсы істерге аянбай қызмет етуі, күнаһар болсын, тақуа болсын екеуінің құқығын бірдей бағалауы.

Ардақты пайғамбар (с.ғ.с) саналы ғұмырын негізінен көркем-мінезді дәріптеуге арнады.

«Көркем-мінез» жайлы білмек болған бір кісіге Пайғамбарымыз (с.ғ.с): خُذِ الْعَفْوَ وَأْمُرْ بِالْعُرْفِ وَأَعْرِضْ عَنِ الْجَاهِلِينَ

(Ей, Мұхаммед!) «Кешірімділікті ұстан, жақсылыққа бұйыр және надандарға сырт бер» деген аятты оқып [Ағраф-199].

«Көркем мінез – туыстық қарым - қатынасты үзгендермен арадағы аралас - құраластықты арттыруың, саған жамандық жасағандарға жақсылық жасап, қиянат жасағандарды кешіруің» Реті келгенде жылы жүзбен кісіге күле қарағанның өзі садақа болып есептелсе, кісі көңілін қалдыру мұсылмандар үшін аса қасиетті, киелі Қағбаны жыққанмен бірдей деп бұның маңыздылығына үмбетінің назарын ерекше аудартқан.

Пайғамбармыздың (с.ғ.с) басты ерекшелігінің бірі- халыққа тек құрғақ үгіт-насихат айтып қана қоймай, оны өзінің нұрлы өмірі арқылы өрнектеп көрсете білді. Сондықтан да жомарттық, әділдік, шынайылық, шыншылдық, сенімділік, мейірімділік, тақуалық, сабырлық қасиеттерінің биік шыңында қашан да ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) тұрады. Асылында мінез тепе – теңдігін әркез сақтау – жеңіл іс емес. Мысалы: бір адам аса жомарт бола тұра оның сол жомарттығы дарақылыққа, ысрапқа апаруы бек мүмкін немесе аса үнемшіл, ұқыпты боламын деп жүріп сараңдыққа бой алдыруы да ықтимал. Батыр қаһарман болуы мүмкін, бірақ бұл қасиеттің де өз арнасынан шығып, алды – артын аңдамайтын, жақсы- жаман деп талғамайтын бір-беткей қатыгездікке ұласуы да ғажап емес. Ал Пайғамбарымыз(с.ғ.с) болса ешбір жақсы қасиетті екінші бір қайшылық тудыратын қасиетпен шатастырмаған және өз арнасынан асырмаған. Ал Алла Елшісі (с.ғ.с) ержүрек, батыр және мұнысымен қоса мейірбан, рақымды және кішіпейіл болған.

Көркем мінез жайлы бабамыз Ж. Баласағұни осы өлең шумақтарымен керемет жеткізе білген.

Кісіге екі дүниеде пайдалы,
Ізгі іс немесе мінезі түзулік.
Екіншісі ұят, үшіншісі әділдік.
Бұл үшеуі арқылы адам шын бақыт табады.

Қасиетті Құран Кәрімде:
إِنَّ اللّهَ لاَ يُغَيِّرُ مَا بِقَوْمٍ حَتَّى يُغَيِّرُواْ مَا بِأَنْفُسِهِمْ

«Расында бір қауым, өзін өзгертпейінше Аллаһ оны өзгертпейді» [Рағд-11]. Абайдың сөзімен айтқанда ниет болса, мінезді өзгертуге болады. Мінез – кез келген адамның айнасы. Мінез туа біте қалыптасқанымен оны түзеуге болады. Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с) өз сөзінде былай дейді:
إنما بعثت لأتمم مكارم الأخلاق

«Шындығында мен мінез-құлықты толықтыру үшін жіберілдім.»

Көркем мінезділікке қол жеткізу – жүрек тазалығының белгісі.

Мысалы, бір адам отанына, қала берді бүтін адамзатқа пайдалы қызмет еттік делік, алайда жергілікті билікті мойындамаса, тәртіптеріне бағынбаса істеген әрекеттерінің пайдасы болмайды, тіпті жазалануы да мүмкін.

Пайғамбарымыз(с.ғ.с) соншалықты көркем мінез иесі бола тұра:
اللهم احسن خلق كما احسنت خلق

«Раббым жаратылысымды әдемі қылып жаратқаныңдай, мінезімді де көркем ет» деп үнемі Алла Тағаладан жалбарына сұраған.»

Көркем мінез – дінімізбен қоса екі дүниеде де бақытқа бастайтын бірден-бір жол. Егер біз ислам ұсынған көркем мінез үлгілерін дәріптеп, иманымыздың кәмілдігін Пайғамбарымыз бен сахабалар секілді іспен көрсете білсек және оның өмірлік дәстүрге айналдыра алсақ, төрткүл дүниенің түкпіріне тарыдай шашалған адамзат баласының исламға деген махаббаты да арта түспек.

Айбек Аманқосұлы Жітіқара аудандық «Ержан Тәтішев» мешітінің бас имамы

Қостанайдағы маңызды кездесу

Қалың жұртшылыққа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанындағы «Мұнара» телеарнасының журналистері халыққа қалтқысыз қызмет көрсетіп келе жатқандығы белгілі.

Жуырда осы шығармашылық ұжымының Бас директоры Болат Көкенайұлы, бас продюсері Дәурен Құдайберген, бас режиссері Мүсілім Жұмағазыұлы, бас операторы Ербол Малыбайлар арнайы іс-сапармен Қостанай өңіріне келді.

Олар алдымен облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітіне атбасын бұрды. Бас имам Бектұрсын қажы Уәлиев қонақтарды жылы жүзбен қарсы алып, өңірдегі қалыптасқан діни ахуал туралы сұхбат берді. Сонымен қатар белгілі ғалым, тарих ғылымдарының докторы Аманжол Күзембай Тобыл-Торғай жерінен шыққан айтулы тұлғалар мен қайраткерлер жайлы кеңінен әңгімеледі. Жыр-термеші Абзал Алпыста өңірден шыққан қайраткерлер туралы терме шертті. Биылғы жылды «Ислам және отбасы құндылығы» аясында болғандықтан орыс тілінде ұстаз Ансаған Абдурахман әсерлі сұхбат берді.

Торғайлық ағайындармен қауышу

Елордалық тележурналистер сапарларын одан әрі қазақтың қаймағы бұзылмаған Торғайда жалғастырып, киелі орындарды аралады. Қаншама кейінгілерге тағылым болар рухани қазыналарды таспаға түсірді.

Есімдері еліміздің тарихында алтын әріптермен жазылған Алаш ардақтылары Ахмет Байтұрсынұлы мен Міржақып Дулатұлының кесенелеріне зиярат етіп, мұражай кешеніне саяхат жасады. Жангелдин аудандық «Оспан қожа әулие» мешітін аралап, Бас имам Айдос Серікұлынан сұхбат алды.

Содан кейін қонақтарды көршілес жатқан Амангелді аудандық «Сатыбалды ишан» бас имамы Нұрсұлтан Шамшиден күтіп алды. Ислам діні жолындағы атқарылып жатқан игі істер жайлы баяндады. Алқа мүшесі Балға Нұрғожин бар ғұмырын дінді насихаттауға арнаған ғұлама тұлға Сатыбалды ишан туралы әңгімеледі. Сондай-ақ, жүздесуде «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында уағыз-насихат айтылды.

Арқалықтағы игі істер

Сапар барысында «Мұнара» телеарнасының қызметкерлері жылдан-жылға көркейіп келе жатқан Арқалық қаласындағы «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің тыныс-тіршілігімен танысты. Бас имам Нұрхан Асанұлы имандылық ордасының атауы жөнінде мағлұмат берді.

Арқалық шаһарындағы Дала өлкесі тарихы облыстық мұражайда журналистерге белгілі оюшы, қолөнер шебері, этнограф-тарихшы, қаланың құрметті азаматы Шөптібай Байділдин Торғай өңірінің тарихы жайлы сыр шертті. Содан кейін аталмыш мешіттің алқа мүшесі Марат Сұлтанбеков жұбайы аналар кеңесінің мүшесі Күлайхан Нұрғалиева шаңырағындағы арнайы түсірілімнің тәрбиелік мәні зор үлгілі отбасы жайлы ойын ортаға салды. Мұнда қазіргі таңдағы өзекті мәселе шаңырақтың беріктігі, салауатты өмір салтын ұстану жөнінде насихат айтылды.

Астанадан арнайы келген тележурналистердің сапарлары нәтижелі өтті. Олармен бірге облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінің наиб имамы Абзал Сұлтанғалиұлы жүрді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Қостанай ауданы бойынша "Мектепке жол" акциясын жалғасын ауылдарда тапты. Атап айтқанда қалаға іргелес жатқан Алтынсарин ауылында 30 балаға дмеушілік танытылып мектепке қажетті құрал жабдық сөмкесімен тарту етілді.

Сонымен қатар осы шара Жамбыл, Алтындала, Мәскеу ауылдарында да әр жыл сайын жалғасын тауып келеді.

Әрине бұл демеушілердің және халықтың арқасында халқымыздың тәрбиесі арқылы жасалып жатқан өнегелі іс.

Осынау сауапты іске атсалысқан барша жанашыр жандарға Алла Тағаланың нұры жауа берсін.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің ұжымы “Имани жаз” сауат ашу курсының екінші кезеңінде 31 шәкіртке тиянақты білім берді.

Жуырда оларға салтанатты түрде сертификат табыс етілді. Балаларды оқытқан ұстаздар Ақтан Төлтаев мен Әбілқасым Абдурахманұлы еңбегі ерекше аталып өтті. Сабақ барысында шәкірттерге барлық жағдайлар туғызылды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Вторник, 26 Август 2025 11:50

Ұмрадан оралды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының атынан екі кісіге берілген жолдамамен мүмкіндігі шектеулі Мейрам Қошқарбайұлы мен Виталий Тупикин Ұмра қажылыққа аттанған болатын.

Жуырда осы есімдері аталған азаматтармен қатар Рудный қаласының тұрғыны, мешіттің тұрақты жамағаты Ұрқия Захраддинқызы Ұмрадан аман-есен оралды. Оған мұндай сыйлықты Ораза айында жанашыр жандар тарту еткен еді.

Оларды Ахмет Байтұрсынов атындағы халықаралық әуежайда облыстық мешіттің имамдары, ұстаздар мен жамағат қарсы алып, Ұрқия Захраддинқызына гүл шоқтарын табыс етті. Жерлестеріміз қажылықтан алған әсерлерімен бөлісіп, Бас мүфти мен барша ағайынға алғыстарын білдірді.

Бұл киелі сапарды Діни басқармаға қарасты «Tawaf Travel» қажылық компаниясы жүзеге асырды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тапсырмасымен барлық өңірлерде «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылып жатқаны белгілі. Бұл орайда Қостанай облысы бойынша өкілдігі мен «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілі, наиб имамы Бақытжан қажы Икрамның айтуы бойынша Қостанай облысында 863 ұл мен қызға 9 298 793 тенгеге қайырымдылық көмек көрсетіліп, мектепке қажетті сөмке мен құрал-жабдықтар тапсырылды. Әрине, жаңа оқу жылы қарсаңында оларға ең ізгі тілектер айтылды. Ата-аналар қауымы акцияны ұйымдастырушылар мен демеушілерге шынайы алғысын білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Среда, 20 Август 2025 12:55

Тобыл:Отбасындағы татулық"

Жақында Қостанай аудандық "Маңдай батыр" мешітінің бас имамы Дархан Сыздықов жергілікті ішкі істер бөлімінде тергеу орнында уақытша қамауда отырғандармен кездесу өткізді.

Онда отбасындағы құндылық пен сыйластық жөнінде айтылды.

Мүмкіндігінше шаңырақтағы ерлі-зайыптылардың арасындағы түсініспеушіліктен аулақ болу, жанұя мүшелерінің бір-біріне құрметпен қарау, туған-туысқандары мен айналасындағы адамдарға мейірімділік таныту хақында сөз болды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

12345678910»
Page 1 of 384

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником