Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің ұстазы Арлан Бауыржанұлы жергілікті №2 әмбебап ғылыми кітапханасында политехникалық колледжінің студенттерімен кездесті.

Онда «Отан – отбасынан басталады» деп аталатын маңызды тақырып әңгіме арқауына айналды. Тәрбиелік мәні зор уағызды жиналған жастар зейін қойып тыңдады.

Аталмыш кітапхананың басшысы Арлан Бауыржанұлын рухани – адамгершілік қасиеттерді жас ұрпақтың бойына сіңіріп, отбасылық құндылықтарды тиісті дәрежеде насихаттағаны үшін Алғыс хатпен марапаттады.

Сондай-ақ, оған мықты денсаулық, отбасына баянды бақыт, жауапты қызметінде табыс тіледі.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі






