Облыс орталығындағы «Жайлаубай ата» мешітінде 2015 жылдың желтоқсан айынан бері екі айлық курс жұмыс істеп келеді. Содан бері 450 адам қамтылып, тиянақты білім алды. Осы кезең ішінде жергілікті жұртшылық ғана емес, еліміздің Ақмола мен Абай облыстарынан да талапкерлер келіп, өздерінің діни ілімге деген құштарлықтарын танытты.
Мәселен, таяуда аталған мешіттің Бас имамы Шоқан қажы Әмірханов биылғы қазан-қараша айында білікті ұстаздардан тәлім алған 4 шәкіртке сертификат табыс етіп, оларға сәттілік тіледі.
Қостанай қалалық Жайлаубай ата мешітінің ұстазы Аяулым Ермекқызы «Тәуелсіздік-Алланың берген ұлы нығметі» атты танымдық шараны ұйымдастырды.
Аталмыш жиын қасиетті Құранмен басталып, ақ жаулықты аналар батасын берді. Жамағат арасында бауырсақ пісіруден сайыс өтті. Кішкентай балалар Отан, бейбітшілік және тәуелсіздік жайлы тақпақтар оқыды. Жиналғандар бүлдіршіндердің таудай талабына дән риза болды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі


Қостанай қалалық “Жайлаубай ата” мешітінің ұстазы Қазбек Кошеров шәкірттерімен бірге “Муслима” халал дәмханасына барды.
Онда ол ғибратты уағыз-насихат айтты. Негізгі мақсат - дастархан басында бауырмалдық, өзара сыйластық секілді қасиеттерді балалардың бойына сіңіру еді.
Облыс орталығындағы “Жайлаубай ата” мешітінде Тәуелсіздік күні қарсаңында абыз ақсақалдар, зиялы қауым өкілдері және алқа мүшелеріне арнайы дастархан жайылып, құрмет көрсетілді. Аруақтарға Құран бағышталды.
Жиында елімізге белгілі ақындар, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшелері Серікбай Оспанов пен Ақылбек Шаяхмет көпшілікке өздерінің төл туындыларын таныстырды.
Сондай-ақ, А.Байтұрсынов атындағы өңірлік университеттің студенттері патриоттық тақырыптағы поэзиялық шығармаларды оқыды. Соңында аға буын өкілдері бата берді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі






Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде әйел-қыздар секторының басшысы, ұстаз Жансая Халимнің ұстаздың ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік – тұғырым» атты мазмұнды конференция өткізілді.
Бұл мәжіліске «Дәстүрге жол» жобасы аясында қазақ аналары қатысып, ел тарихы, ұлт тағдыры, тәуелсіздіктің мәні жайында тағылымды ойларымен бөлісті.
Осынау іс-шара барысында хатым Құран оқылып, қатысушыларға алғыс хаттар мен грамоталар табыс етілді. Конференция соңында ақ дастархан жайылып, қатысушылар жоғары көңіл-күймен тарқасты.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі





Жақында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкілдігінде Бас имам Бектұрсын қажы Уәлиевтің төрағалығымен өңірдегі қала және аудан имамдарының жылдық есебі тыңдалды.
Онда олар діни басқарма бекіткен Шариғат және пәтуа, уағыз-насихат, дін мен дәстүр, діни оңалту, оқу-ағарту, зекет және қайырымдылық бағыттары бойынша тапсырмалардың орындалу барысы жөнінде есеп берді.
Бектұрсын қажы Торғайбайұлы әріптестерінің жыл бойы атқарған жұмыстарына жан-жақты тоқталды. Өзге де өзекті мәселелер бойынша атқарылған істер назардан тыс қалған жоқ. Жиын барысында жеті имам үздік деп танылды. Сондай-ақ үздік атанған имамдарға және өзге де дін қызметкерлері мен бөлім басшыларына жұмысқа деген ынтасын арттыру мақсатында қаржылай сыйақылар берілді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі.









Облыс орталығындағы «Жайлаубай ата» мешітінде 2015 жылдың желтоқсан айынан бері екі айлық курс жұмыс істеп келеді. Содан бері 450 адам қамтылып, тиянақты білім алды. Осы кезең ішінде жергілікті жұртшылық ғана емес, еліміздің Ақмола мен Абай облыстарынан да талапкерлер келіп, өздерінің діни ілімге деген құштарлықтарын танытты.
Мәселен, таяуда аталған мешіттің Бас имамы Шоқан қажы Әмірханов биылғы қазан-қараша айында білікті ұстаздардан тәлім алған 4 шәкіртке сертификат табыс етіп, оларға сәттілік тіледі.
Қостанай қалалық Жайлаубай ата мешітінің ұстазы Аяулым Ермекқызы «Тәуелсіздік-Алланың берген ұлы нығметі» атты танымдық шараны ұйымдастырды.
Аталмыш жиын қасиетті Құранмен басталып, ақ жаулықты аналар батасын берді. Жамағат арасында бауырсақ пісіруден сайыс өтті. Кішкентай балалар Отан, бейбітшілік және тәуелсіздік жайлы тақпақтар оқыды. Жиналғандар бүлдіршіндердің таудай талабына дән риза болды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

1980 жылдың 21 шілдесінде, Қамысты ауданы, Қамысты ауылында дүниеге келдім. Ана тілім – қазақ тілі, орыс тілін еркін сөйлей аламын, араб тілі – сөйлесу деңгейінде.
Орта мектепті 1997 жылы Қамысты ауылында бітірдім.
1999 - 2000 жылы, Қамысты аудандық “Сейтжан Бекшентайұлы” атындағы мешітте діни сауатын аштым.
2000 - 2002 жылдары, Қамысты аудандық “Сейтжан Бекшентайұлы” атындағы мешітте имамнын көмекші болып қызметін атқардым.
2003–2007 жылдары Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінде исламтану мамандығы бойынша білім алып, араб тілі пәнінің мұғалімі және имам-хатиб мамандығын игердім.
2009–2011 жылдары Қостанай мемлекеттік университетінде “Ахмет Байтұрсынов атындағы” экономика мамандығы бойынша сырттай оқып шықтым.
2018–2020 жылдары Шымкент қаласындағы Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінде екі шет тілі (ағылшын және араб тілі) мамандығы бойынша магистр дәрежесін алдым.
2007–2014 жылдары Алтынсарин ауданының бас имамы болып жұмыс істедім.
2014 жылы, ҚМДБ Имамдардын білімін жетілдіру институтына курсқа қатыстым.
2014–2016 жылдары Қостанай ауданында бас имам қызметін атқардым.
2016–2017 жылдары Қостанай облыстық мешітінің наиб имамы болдым.
2017–2020 жылдары Рудный қаласының бас имамы болып қызмет атқардым.
2020 - 2023 жылдары ақпан айынан бастап Қостанай аудандық “Маңдай батыр” мешітінің наиб имамы болдым.
2023 жылы ақпан айы мен желтоқсан айы аралығында Денис аудандық “Жұма” мешітінде бас имамы қызметін атқардым.
2023 - 2024 жылы Денис аудандық “Жұма” мешітінде наиб имам қызметін атқардым.
2024 жылы, қараша айыннан бастап, Қостанай облыстық “Аймағамбет қажы Спанұлы” мешітінде наиб имамы қызмет атқарудамын.
Үйленгенмін, үш балам бар.
Лисаков қалалық «Әбдіхаим Саламатұлы» мешіті және жомарт жандардың қолдауымен Тәуелсіздік күніне орай Дартс пен асық атудан сайыстар ұйымдастырылды.
Ол жергілікті Абай атындағы мектептің спорт залында өткізілді. Ойынға оннан астам қала тұрғыны қатысып, бақтарын сынады. Жиналған қауым одан үлкен әсер алды.
Сайыс қорытындысында жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі




Қостанай аудандық "Маңдай батыр" мешітінің ұжымы Тәуелсіздік күні қарсаңында Тобыл қаласындағы ауыл шаруашылық колледжі студенттерімен "Ел бірлігі – ең асыл қасиет" тақырыбында кездесу өткізді.
Бұл жүздесуде Қостанай қалалық "Марал ишан" мешітінің бас имамы Сабыржан Зейнелғабиденұлы ел өмірінде ауызбіршілік пен татулықтың ерекше орын алатындығына тоқталды.
Сонымен қатар жоғарыда аталған имандылық ордасының Бас имамы Дархан Манарбекұлы жастардың тәлім-тәрбиесінің маңыздылығы мен тәуелсіздік басты құндылығымыз екендігін тілге тиек етті.
Жиын соңында дін қайраткерлері қатысушылардың көкейлерінде жүрген сұрақтарына нақты жауап берді.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі




Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінің Ахмет Байтұрсынов атындағы кітапханасында ұжымның ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік - ұлттың ең асыл мұрасы» тақырыбында рухани кеш болып өтті.
Бұл танымдық-тағылымдық жағы мол шараға елімізге кеңінен танымал көрнекті ғалым, тарих ғылымдарының докторы Аманжол Күзембайұлы, Қазақстанның құрметті журналисі, белгілі қаламгер Гүлжібек Бекмұхамбетова, қоғам қайраткері, облыстық мәслихат депутаты Қырмызы Жаңбыршина арнайы шақырылды.
Аталмыш басқосуға Қостанай педагогикалық колледжінің ұстазы Диана Аллабергенқызы бастаған бірінші курс студенттері, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Кешті дін қайраткері, облыстың Бас имамы Бектұрсын қажы Уәлиев ашып, жиынның басты мақсаты мен кейінгілерге өнеге болар тәлімдік-тәрбиелік мәніне жан-жақты тоқталды.
Кездесу тәуелсіздіктің жарқын болашағы үшін бүкіл ғұмырын арнаған ата-бабаларымызға Құран оқумен басталды.
Содан кейін Қазақстан тарихы жөнінде жазылған талай іргелі кітаптардың авторы, профессор Аманжол Күзембайұлы егемендік бізге оңайлықпен келмегендігін, соның арқасында мемлекетімізді әлем мойындап, танығандығын, өткен 34 жылда қол жеткізген табыстарымызды тілге тиек етті.
Ал халқымыздың өмірінде ерекше орын алған 1986 жылғы желтоқсан оқиғасының куәгерлері Қырмызы Сапарқызы мен Гүлжібек Баекеқызы әңгіме арқауына айналған тәуелсіздікке жол ашып, түрткі болған жайларды еске ала отырып, сол күндері өздері көзбен көріп, көңілге түйген жайларды баяндап, жастарды елін сүюге, патриоттыққа, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге шақырды.
Басқосуға қатысқан дін қызметкерлері мен студенттер қауымы көкейде жүрген сауалдарын қойды. Оған нақты жауап алып, таным көкжиектерін кеңейтті.
Кеш соңында Бас имам Бектұрсын Торғайбайұлы қонақтарға шын жүректен ризашылығын білдіріп, оларға құнды кітаптарды тарту етті.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі






Рудный қалалық «Нұр» мешітінде ерекше рухани басқосу болып өтті.
Жиынға әйелдер жамағаты қатысты. «Тәуелсіздік – тұғырым» атты дөңгелек үстелді Перизат ұстаз ұйымдастырды.
Онда ардақты аналар Тәуелсіздікке арналған бейнежазбаны көріп, еліміздің өткен тарихынан тағылым алды. Сондай-ақ жүректері тебіреніп, көп жайға қанықты.
Шара соңында Бас имам Серік Рахым аруақтарға Құран бағыштап, халыққа амандық пен ізгілік тіледі. Олар жайылған дастархан басында әдемі әңгіме өрбітті.
Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі



