Әулиекөл ауданы, Құсмұрын кенті, Матросов көшесі 11 а мекен-жайы бойынша орналасқан. Мешіттің құрылысы 2003 жылдың 24 ақпанында басталып, 2003 жылдың 20 маусымында аяқталған. Мешіт ғимаратының көлемі 79,8 шаршы метр, сарай – 10,4 шаршы метр. Мұнараның биіктігі – 7,8 метр, қабырғаларының биіктігі – 3,8 метр. Мешіт ғимаратының сиымдылығы елу адамға шақталған. Ғимарат өрнектелінбеген, 1 күнбез, 1 михраб бар. Мешіт салушы Гучигов Мұса Алиевич.
«Аққозы қажы» мешіті Сарыкөл аудан орталығында 1993 жылы Әнуар Қалиқажыұлының жетек-шілігімен халықтың қаражатына салынған. Оның жобасын Д. Қасенов жасады. Мешіт күйдірілген сары кірпіштен салынған. Күмбезінің биіктігі 12 метр. Намаз залының көлемі 10х10 метр. Сонымен қатар мұнда имам, есепші, жамағатқа арналған бөлмелер де бар.
Намаз залында қасиетті Құран кәрімдегі «Бақар» сүресінің аяттары нақышталып жазылған. Ал михрабтың оң жағында «Аллаһ» ,сол жағында «Мұхаммед» жазулары араб хусни хатпен жазылған. Аталмыш мешітке халық ұсынысымен ҚМДБ төралқа мәжілісінің шешімімен дін қайраткері Аққозы қажының есімі берілді.
«Балықты» мешіті осы облысытың Ұзынкөл ауданында. Оның құрылысы 1992 жылдан бастап салынып, 1996 жылы 12 қантарда ашылды. Құрылысы жұмысын ПМК -6 мекемесі жүргізді. Мешіттің салынуына жалпы аудан халқы мен әкімі Р. Жұмақұлов, ПМК -6 мекемесінің бастығы Н. Жумабаев және өзге де кәсіпкер азаматтар қаражаттай үлес қосты. Мешіт 150 орындық. Жалпы ауданы 24,2х20 метр. Мұнарасының биіктңгі 15 метр.
Таран аудандық мешітінің сипаттамасы:
1. Қостанай облысы Таран ауданы, Таран селосы, Советская көшесі 58 үй. Инд.: 111700 тел.: 8 - 71436 3-64-77.
2. Бұрынғы кинотеатр ғимараты толықтай мешітке сәйкестендіріле қайта жөндеуден өткізіліп, 1999 жылдың қараша айында пайдалануға берілді.
3. Мешіт жерінің жалпы көлемі – 0,2038 га.
4. Мешіт ғимаратының көлемі – 291.0 ш.м. Сыйымдылығы – 300 орындық.
5. Ғимараттың биіктігі – Н-6м 30см. ; Көлемі – V-1658
Сәулеттік сипаты - екі мұнара, бір күмбезді. Мешіт іші қолдан жазылған және дайын түрдегі аяттармен безендірілген.
6. Күмбездің биіктігі – 4м. d- 6м.; Екі мұнараның биіктігі – 6м.
Мешіт ауласында шаруашылық заттар қойылатын шағын үй орналасқан көлемі – 38.9 ш.м. Және отын жабдықтары қойылатын үй-жай бар, көлемі-141.2 ш.м.
Қостанай облысы, Рудный қаласы, Комсомольский к-сі, 55.
1. Рудный қалалық "Нұр" мешіті. Мешіт құрылысының басталуы 01.08.2008 ж, аяқталуы 07.06.2009 жыл.
2. Мешіт жерінің жалпы көлемі - 1,2 г. Мешіт аумағы көгалдандырылған (ағаш,гүл, арнайы газон шөбі отырғызылған).
3. Мешіт ғимаратының жалпы көлемі - 1700 ш.м, сыйымдылығы - 1000 адам.
4. Мешіт ғимаратының биіктігі - 19.5 метр, қасиетті Құран-Кәрімнің аяттары
мешіттің торт жағынан керама плиткаға жазылып өрнекпен безендірілген,
қожа Ахмет Яссауи кесенесіне ұқсатылып салынған, мешіттің намаз
оқитын ерлер үшін 2 зал, әйелдер үшін 2 зал, неке залы, балалар оқитын
сынып, имамның, бухгалтердің, күзетшінің арнайы бөлмелері бар.
5. Мешіттің күмбезі мен мұнарасы керама плиткамен қапталған. Мешіт аумағында мешіттен басқа ешқандай ғимарат жоқ.
Қостанай облысы, Қамысты ауданының Бестау аулында 1994 жылы мешіт құрылысының ірге тасы қалынды. 1996 жылдың шілде айында мешіт құрылысы түгелімен бітіп, пайдалануға берілде. Мешіттің жобасын жасаған Алматылық «Қаз ГУ проект». Негізгі жоспар бойынша мешіттің алаңы 1 гектар жерді алып жатыр. Құрылыстың көлемі: 36х36 м, биіктігі 4,5 м. Орталық зал дөңгеленіп келген, диаметрі 20 метр. Төрт мұнарасы бар, әрқайсысының биіктігі 16 метрден. Сырты түгелдей ұлутаспен қоршалған, іші гранит пен мәрмәр тас. Мешіттің ішінде имам мен наиб имамның жұмыс бөлмелері, дәріс алатын бөлме, тазалық бөлмесі, шайхана бар. Мешітті салуға Алматының, Қостанайдың және жергілікті тұрғындар атсалысты. Құрылыс жобасы мен құрылыс ісін жүргізген Бестау жауапкерлігі шектеулі серіктестің басшысы Ибрай Естаев пен құрылыс басшысы Ғилымхан Құлбатыров. Құрылыс жұмысына қаржылай көмек бергендер: Естаев Ибрай – Бестау ЖШС директоры, Ундемесов Темірхан – Свободный ЖШС директоры. Мешітке Марал ишан есімі берілді. Мешіттің бірінші имамы болып Ертай Балахмет тағайындалды.
Сахабалар Құран мен сүннетті мықтап ұстанды. Сүннет тұрған жерде, басқалай үкім шығарып, сол бойынша әрекет ету - олар үшін өліммен пара-пар еді. Хазреті Омардың (р.а.) Қағбаны сүйіп жатып: «Әй, қара тас! Сенің тас екеніңді білемін. Егер мен Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүйгенін көрмесем, сені сүймеген болар едім», - деп айтқан сөзі осының айқын дәлелі. Олар Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) деген шексіз сүйіспеншілігін осылайша іс жүзінде де дәлелдеді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) да оларды қолдап:«Сөздерімді тыңдап, есіне сақтаған және сол есіне сақтаған күйінше басқаларға жеткізгендердің Аллаһ тағала жүздерін жарқын етсін», - деп батасын берген болатын.
Алғашқы кезеңде сахабалардың арасында саусақпен санарлық адам ғана оқып, жаза алатын еді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оларға тек қана Құранды жазуға ғана рұқсат берген болатын. Сахабалардың бәрі Аллаһ Елшісінің (с.ғ.с.) сөздерін ауызша жаттап үйренетін. Бір жағынан олардың есте сақтау қабілеттері күшті болғандықтан, жаттауға еш қиналмайтын. Оқу-жазу білетіндердің саны артқан сайын кейбір сахабалар Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) рұқсатымен жаттаған хадистерін парақтарға түсіре бастайды. Мысалы, хазреті Әбу Бәкір (р.а.), Абдуллаһ ибн Масуд (р.а.), Әли (р.а.), Әбу Аюб әл-Әнсари (р.а.), Айша анамыз (р.а.), Әбу Һурайра (р.а.), Абдуллаһ ибн Амр ибнил-Ас (р.а.), Абдуллаһ ибн Аббас (р.а.), Абдуллаһ ибн Зубайр (р.а.), Абдуллаһ ибн Омар (р.а.), Жабир ибн Сәмура (р.а.), Әбу Саид әл Худри (р.а.), Әнас ибн Мәлік (р.а.) секілді сахабалар жаттаған хадистерін парақ бетіне түсіріп отырған. Тіпті Әбу Һурайраның «әс-Сафифатус-Сахиха», Абдуллаһ ибн Амр ибнил-Астың «әс-Сахифатус-Садиқа», Самура ибн Жундәбтің «Сахифа», Абдуллаһ ибн Аббастың «Сахифа» және Жабир ибн Абдуллаһтың «Сахифа» атты хадис жазған парақтары болған. Алайда, бұл жазбалар біздің заманымызға дейін жетпеген.
Табиғиндер заманында жазу жақсы дамып, олар сахабалардан үйренген хадистерін парақтарға жазып, кейінгі ұрпаққа қалдырған. Сол кезеңде жазылған парақтардың кейбіреулері күні бүгінге дейін жеткен. Мысалы, сондай парақтардың бірі - сахаба Әбу Һурайраның (р.а.) шәкірті Хәммам ибн Мүнәббихтің «Сахифасы». Профессор М.Хамидуллаһ бұл парақты Берлин және Шам нұсқаларын салыстырып, алғаш рет 1953 жылы толық нұсқасын жариялаған.
Парақтарға түсірілуден басталған хадис жазу саласы біртіндеп дами түсті. Хадистерді жинақтаумен айналысқан ғалымдар оны білетіндерді іздеп табу үшін айлап жол жүруден еш қиналмаған. Тіпті, хадис мәтініндегі бір әріптің дұрыс-бұрысын анықтау үшін сапарға шығудан да тайынбаған. Алайда, олар кез келген адамнан естігендерін жаза бермеген. Ол үшін мынадай шарттарды негізге алған.
Хадисті риуаят етушінің есте сақтау қабілетінің жақсы болуы;
Өтірікші болмауына көз жеткізу;
Жеткізген хадисінің рауилері, яғни хадисті риуаят етушінің оны жеткізуші міндетті түрде көрген болуы тиіс. Сондай-ақ, хадистің мәтінінде ақылға қонбайтын, қисынға келмейтін сәйкессіздік болмауы керек.
Хижраның үшінші ғасыры хадис ғылымының алтын ғасыры болды. Исламның Құраннан кейінгі ең басты қайнар көзі саналатын «Кутубу ситтә», яғни «алты кітап» деп аталатын Имам Бухари және Имам Муслимнің «Сахих» атты кітаптары мен Тирмизи, Әбу Дәуіт, ибн Мәжәһ пен Насаидің «Сүнән» атты хадис жинақтары дүниеге келді. Бір ғана имам Бухаридің «Сахих» атты хадис жинағының өзіне жүзден аса түсіндірме кітаптары жазылған. (Бір түсіндірме кітабының өзі бірнеше томнан құралған, мысалы Бухаридің «Сахихына» арналып жазылған ибн Хажәрдің «Фәтхул-бари» атты түсіндірме кітабы 14 томнан тұрады). Осылайша ХІҮ ғасырлық Ислам тарихында хадис саласының өзінде мыңдаған кітаптар мен ғылыми жұмыстар жазылып, Аллаһ Елшісінің (с.ғ.с.) сүннетін көзінің қарашығындай сақтап, кейінгі ұрпаққа жеткізе білді.
Шәмшат Әділбаева