Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Четверг, 12 Май 2022 12:33

Атқарылған жұмыстар

Биылғы қасиетті Рамазан айы өз деңгейінде өткеніне халық куә. Шарапаты мол айда өңір бойынша қайырымдылық мақсатына жете көңіл бөлінді. Барлығы 434 шара ұйымдастырылды. Онда 60 330 отбасы қамтылды. Осы игі іске 121 млн. 487 819 теңге жұмсалды.

Зекет және қайырымдылық қорының жетекшісі, найб имам Бақытжан қажы Икрамның мәліметіне сүйеніп, оны таратып айтатын болсақ, қыруар жұмыстар атқарылғанына көзіміз айқын жетеді.

Қасиетті Оразадағы 30 күннің ішінде бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылды. Мысалы, «Ел үлесі - пәтерге» жобасы бойынша бір отбасыға 1 млн. теңге табыс етілді.

«Қолдан – қолға» шарасында көмекке зәру бір кісіге емделу үшін 76 мың теңге тапсырылды. Ал, «Өмірге үміт сыйла» жобасында мүмкіндігі шектеулі жанға 70 мың теңгенің мүгедектер арбасы тарту етілді.

Сонымен қатар, «Алтын құрсақты батыр анаға тосын сый» шарасында көп балалы анаға 45 500 теңгенің көмегі көрсетілді.

Алматыдағы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде Қостанайдан білім алып жатқан екі шәкіртке оқу ақысы үшін 864400 теңге төленді. Киім-кешекпен қолдауға зәру 62 отбасына 348000 теңге жұмсалды.

«Рамазан тәттісі» атауымен кішкентай 33 балаға 36 000 теңге бөлінді. Осы айда 2 145 отбасына 23 млн. 820 919 теңгенің азық-түлік салынған «Рамазан қоржыны» үлестірілді.

Сондай-ақ, 334 адамға 227000 теңгенің «Ауызашар себеті» тапсырылды. Облыстағы мешіттердің жанында 57 750 адамға 95 млн. теңгенің ауызашары берілді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Жуырда Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінде «Жомарт жұма күні» деп аталатын қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

Онда қолдауға мұқтаж 12 отбасына көмек көрсетілді. Олар өздерін шапағат нұрына бөлеген азаматтарға шынайы алғысын білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 77 жылдығына орай Рудный қалалық «Нұр» мешітінің қызметкерлері жергілікті майдангер қарттарды құттықтап, сыйлықтарын табыс етті.

Әрине, арамызда жүрген ардақты ағаларымыздың алдында біз мәңгілік қарыздармыз. Олар от пен оқтың астында жүріп, қайтпас қайсарлық танытты. Соғыс ардагерлерінің патриоттық рухы жастарға өнеге.

Көргені мен түйгені мол, ғасыр жасаған Ілияс ақсақал кешегі қиын-қыстау жылдарды еске алып, тебірене сыр шертті. Мешіттің бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы оған шын жүректен ізгі тілегін білдірді.

Имандылық ордасы қызметкерлерінің көрсеткен ілтипатына ардагерлер дән риза болып,алғыстарын жаудырды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Четверг, 12 Май 2022 11:32

Отан үшін от кешкен

Жеңіс күні қарсаңында Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің ұжымы кешегі қанды майданда ерлік пен батылдықтың үлгісін көрсеткен ардагерлерге құрмет көрсетуді ұйғарды.

Қазір қарап отырсақ, облыс орталығында Ұлы Отан соғысына қатысқан 23 майдангерлер ғұмыр кешуде. Оларды қалай ардақтасақ та жарасады. Өйткені, жастық шақтарын бүгінгі жарқын күндерге арнады.

Имандылық ордасының дайындаған сый-сияпатын «Барыс» еріктілер тобының мүшелері аға буын өкілдеріне табыс етті. Ал, мешіттің Бас имамы Шоқан қажы Әмірханов Отан үшін от кешкен абыз ағамыз, белгілі қаламгер Қасымхан Алдабергеновтың шаңырағында болып, оған ілтипат танытты. 

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Среда, 11 Май 2022 09:51

Балаларға сый

Өңірімізге есімі белгілі дін қайраткері Шоқан қажы Ғазизұлы басқаратын Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің ұжымы Рамазан айында қайырымдылыққа айрықша көңіл бөліп, жерлестерінің сауабын алды.

Мәселен, қасиетті Ораза айында 332 отбасы қамқорлыққа алынып, осы мақсатқа 3 млн. 324730 теңге жұмсалды. Әрбір жанұяға табыс етілген әлеуметтік қоржынның құны 15 600теңге. 

Сонымен қатар 35 бүлдіршінге «Айт құтты болсын» шарасы өткізіліп, сый-сияпат жасалды. Яодан бөлек тағы 40 балаға құны 390 000 теңгені құрайтын тәтті тағам мен жеміс-жидектер берілді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Среда, 11 Май 2022 09:49

Зират қоршалды

Жақында Денисов ауданына қарасты Фрунзе ауылында мұсылмандар зираты тұтастай қоршалды. Сонымен қатар осы зират сыртында дәретхана салынып, қоқыс төгетін арнайы орын салынды.

Бұл игі бастамаға аудан кәсіпкерлері ментұрғындары ұйымшылдық танытып, өздерінің лайықты үлестерін қосты.

«Аят» намазханасының молдасы Болат Кәрімжанұлы жанашыр азаматтарға алғысын білдіріп, батасын берді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Среда, 11 Май 2022 09:21

Жамбыл ауылында

Жуырда Қостанай ауданына қарасты Жамбыл ауылында еңселі мешіт пен оның жанына салынған асхананың ашылу салтанаты болып өтті. 

Онда облыстық мешіттің наиб имамы Әлішер Балахмет сөз сөйлеп, жергілікті ағайындардың қуанышына ортақ екендігін білдірді. Сондай-ақ, ауылдың құрметтісі Мейрам ақсақал және ауыл әкімі Жанай Алтынсарин жиналғандарды құттықтады.

Содан кейін облысқа танымал жыршы Абзал Алпысов терме орындап, жұртшылықты бір серпілтіп тастады. Мешіт пен асхананың салынуына тікелей атсалысқан демеушілердің иығына шапан жабылып, Алғыс хаттар тапсырылды. 

Мешіттің лентасын ел сыйлысы Кәмеш аға мен облыстық мешіттің наиб имамы Әлішер Ертайұлы қиды.

Мешітте намаз оқылып, әруақтарға құран бағышталды. Жиналғандарға дастарқан жайылып, «Маңдай батыр» мешітінің бас имамы Дархан Манарбекұлы уағыз айтты.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Среда, 11 Май 2022 09:18

Майдангерге құрметі

Бүгінгі ұрпақ кешегі Ұлы Отан соғысына қатысып, кескілескен шайқастарда ерлік пен өрліктің үлгісін көрсеткен аға буынның алдында өздерін мәңгілік қарыздар сезінетіндігі ақиқат.

Мәселен, майдангер Әнуар Мырзағалиұлы Жүсіпов 1923 жылы 9 қыркүйекте дүниеге келген. 1942 жылы 19 жасында Мендіқара аудандық әскери комиссариаты оны әскер қатарына шақырды.

Қазақтың намысты жігіті Калинин майданындағы Ржев-Сычевте болған шабуылда жарақат алды. Содан госпитальда емделіп, әскери қызметін одан әрі жалғастырды. Туған жерге 1945 жылы оралды.

Соғыстағы көрсеткен батылдығы мен өжеттігі үшін ІІ дәрежелі Отан соғысы ордені және көптеген медальдармен марапатталды. Бейбіт өмірде де аянбай еңбек етті.

Облыстың Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет қадірменді ақсақалға құрмет көрсетіп, ізгі тілегін білдіру мақсатында Ұзынкөл ауданына арнайы барды. Ақсақалдың шаңырағында жергілікті «Балықты» мешітінің имамы Есенгелді қажымен бірге болып, ұлтымыздың ежелден келе жатқан салт-дәстүрі бойынша ардагердің иығына шапан жауып, сый-сияпат жасады.

Отан үшін от кешкен Әнуар атамыз белгілі дін қайраткеріне дән ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Ораза айт мерекесінде Меңдіқара аудандық «Зұлқарнайұлы Мұса қажы» мешітінің ұжымы 13оқушыға тәбәрік сыйлығын табыс етті.

Жиынға жасөспірімдермен бірге ата-аналар да қатысты. ОлардыБас имам ЕркебұланҚошан мейраммен құттықтады. Осылайша, жергілікті жерде Ораза айт мерекесі есте қаларлықтай өткізілді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником