Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Понедельник, 23 Июнь 2025 10:30

Президенттің кеңесшісімен кездесу

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, белгілі қаламгер Мәлік Отарбаев арнайы іс-сапармен өңірімізде болды. Ол осы сапар барысында Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде имамдар және дін саласының қызметкерлерімен кездесті.

Мәлік Нұржанұлы өз сөзінде үстіміздегі жылғы наурыз айында Бурабайда өткен IV Ұлттық құрылтайда мемлекет басшысының жасаған баяндамасынан туындайтын еліміздің әлеуметтік және экономикалық дамуына бағытталған басты қадамдар мен міндеттерге жан-жақты тоқталды.

Сондай-ақ қазіргі таңда имамдар тек рухани ұстаз ғана емес, қоғам қайраткері дәрежесінде және заманауи білімді терең меңгерген кемел парасат иесі болуы қажеттігін және алда тұрған мұрат-мақсаттар жайлы кеңінен әңгімеледі.

Содан кейін облыстық мешіттің алқа мүшесі, журналист Оразалы Жақсанов сөз алып, қатысушылар атынан Мәлік Нұржанұлына шынайы алғысын білдірді.

Президент кеңесшісімен өткен жүздесуге облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов қатысты.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 23 Июнь 2025 10:24

Тобыл жағалауында тасаттық берілді

Жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінің ұжымы және облыстық әкімдіктің ұйымдастыруымен Тобыл өзенінің жағалауындағы орталық саябақта тасаттық берілді.

Онда бір ірі қара мал құрбандыққа шалынып, оның еті мен азық-түлік салынған себет көмекке мұқтаж жандарға таратылды.

Осы іс-шараға шаһардағы мешіттерлің имамдары мен жамағаттары, егін өсіретін кәсіпкерлер қатысты. Жиында тасаттықтың мән-мағынасы түсіндірілді.

Сондай-ақ, «Марал ишан» мешітінің Бас имамы Сабыржан Есмурзин уағыз айтты. облыстық мешіттің қариі Сұңғат Қызылбай истисқа намазын өткізді. Содан кейін Тобыл қаласындағы «Маңдай батыр» мешітінің Бас имамы Дархан Сыздықов дұға жасады.

Қостанай облыстың мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 16 Июнь 2025 10:38

Облыстық Құран жарысы

Қостанай қалалық “Жайлаубай ата” мешітінің ұжымы әйел-қыздар жамағаты арасында Құран Кәрімнің жарты парасын жатқа оқудан облыстық жарыс ұйымдастырды. Аталмыш сайысқа 32 үміткер қатысып, бақтарын сынады.

Әділқазылар алқасының шешімімен І орынды Арқалық қалалық «Мұхтасиб Әлмұхаммед» мешітінің шәкірті Салтанат Қайырбекова, ІІ және ІІІ орындарды «Жайлаубай ата» мешітінің шәкірттері Гүлнұр Ерманова мен Жасмин Абдулғани иеленді.

Сондай-ақ, тағы бір жүлделі ІІІ орын Қарасу ауданы Октябрь ауылдық «Қарамырза» мешітінің шәкірті Ақмарал Өтебаеваға берілді.

Барлық жеңімпаздарға ақшалай сыйлық пен сертификат табыс етілді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының облысқа сапары одан әрі Қарасу ауданында жалғасты.

Осындағы мешіт сонау 1995 жылы салынып, пайдалануға берілген болатын. Уақыт өте имандылық ордасына «Көшкінбай ата» есімі берілді. Биыл жергілікті кәсіпкерлердің демеушілік етуімен күрделі жөндеуден өтті. Сөйтіп аймақтағы алыстан көз тартатын киелі орынға айналды.

Аталған мешіттің салтанатты ашылуы облыстық мешіттің ұстазы, қари Мұртаза Ертайұлының құран оқуымен басталды. Батасын Мүфти хазірет беріп, барша жиналған жұртшылықты аудан өміріндегі үлкен оқиғамен шын жүректен құттықтады.

Сондай-ақ ол елімізегі «Ел үлесі-пәтерге» жобасы аясында екі дін қызметкеріне қос пәтердің кілтін және мешіттің қайта жаңғыртылуына қомақты үлестерін қосқан азаматтарға Алғыс хаттарды табыс етті.

Салтанатты жиында Қарасу мешітіне күрделі жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру комитетінің төрағасы Серік Қажиевке сөз сөйледі.

Аудан өміріндегі қуанышты күн қасиетті жұмаға тұспа-тұс келгендіктен Бас мүфти жұма намазының алдында уағыз-насихат айтып, жұма намазын өткізді.

Содан кейін арнайы тігілген киіз үйдің ұлттық ойындардан сайыстар өткізіліп, өнерпаздар әуелете ән шырқап, күмбірлете күй шертті. Мешіттің ашылу құрметіне дастархан жайылды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы сапармен Қостанай облысына келді. Алдымен өңірде алғаш рет бой көтергелі отырған Қостанай ауданына қарасты Алтынсарино ауылында болып, осында жаңадан салынғалы жатқан «Қарилар оқу орталығының» кірпішін қалап, батасын берді.

Четверг, 12 Июнь 2025 13:16

Жаркөлде жаңа мешіт ашылды

Жақында Қостанай облысының Федоров селосында аудандық «Жаркөл» мешіті салтанатты түрде ашылды. Онда лентаны Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы және мешіттің алқа мүшесі –Дегенбай Баймурзин кесті.

Содан кейін алғашқы сөз Бектұрсын Торғайбайұлына беріліп, ол барша жұртшылықты имандылық ордасының пайдалануға берілуімен құттықтады. Ол жоғарыда аталған мешіттің тұрғызылуына өздерінің лайықты үлестерін қосқан азаматтарға Алғыс хаттарды табыс етті.

Жиналғандар алдында зиялы қауым өкілдерінің атынан Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, ақын Ақылбек ШАЯХМЕТ, «Тұрар» ЖШС бас директоры Қайрат Оспанов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы–Марат Байдәулетұлы сөз сөйледі.

Салтанатты басқосуда «Ел үлесі - пәтерге» жобасының аясында мешітке пәтердің кілтін Рахым Байменов пен Қайрат Оспанов, ал қызметтік көлікті «Олжа Агро» ЖШС-ның басшысы Әлішер Асанұлы табыс етті.

Жиын соңында жаңа мешіттің ашылу құрметіне алыс-жақыннан келген азаматтарға дастархан жайылып, абыз ақсақалдар бата берді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Среда, 11 Июнь 2025 11:25

Имамдарға арналған семинар

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасын басшылыққа алған Қостанай облысы бойынша "Діни білім және кадр даярлау" бөлімінің ұйымдастыруымен өңірдегі аудан және қала имамдарының діни білімін жетілдіру мақсатында семинар болып өтті.

Бұл маңызды жиында Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын қажы Торғайбайұлы сөз сөйлеп, күн тәртібіндегі тақырыптардың аса маңыздылығына тоқталды. «Имам рухани ұстаз, халықты имандылыққа баулитын тұлға. Оның сөзі мен ісінде ешқашан алшақтық болмауы керек. Үлкенді-кішілі қауым біліктілігі мен пайым – парасатынан ғибрат алады, оған қарап бой түзейді» деді.

Семинардың алғашқы күні жауапкершілік жүгін терең сезінген өз саласының білікті мамандары Дархан Сыздықов, Мұртаза Ертайұлы, Нұрлан Сейдагалиев, Наурызбек Сабыровтар қатысушылар алдында дәріс оқып, фиқһ, ақида, құран және тәджуид пәндеріне байланысты тәжірибелерімен бөлісті.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Вторник, 10 Июнь 2025 11:09

Қала жаңалықтары

Жүлдегерлер марапатталды

Лисаков қалалық «Әбдіхаим Саламатұлы» мешітінің ұйымдастыруымен Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай шаһардағы мекемелер арасында кіші футболдан турнир болып өтті.

Оған «Әбдіхаим Саламатұлы» мешіті, «Денсаулық», «Өрт сөндіру» бөлімі, «Күзет», «Полиция» командалары қатысып, бақтарын сынады. Жарыс қорытындысы бойынша І орынды «Денсаулық», ІІ орынды «Полиция», ІІІ орынды «Күзет» командалары иеленді.

Сондай-ақ жоғарыда аталған мешіттің бастамасымен мейрамның құрметіне мешіт жамағаттары арасында волейболдан да аймақтық жарыс ұйымдастырылды. Мұнда қатысқан төрт команда жақсы ойындарымен көзге түсті. Әділқазылар алқасының шешімімен жүлделі І орынды Б.Майлин аудандық «Әйет» мешітінің командасы, ІІ және III орындарды жергілікті «Әбдіхаим Саламатұлы» мешітінің қос командалары иеленді.

Спорттың қос түрінен ұйымдастырылған жарыста жүлдегер командаларға бағалы сыйлықтар мен мақтау қағаздары табыс етілді. Барлық қатысушыларға мешіттің жанында тігілген киіз үйде дастарқан жайылды. Ұйымдастырушыларға шынайы алғыстар айтылды.

Бүлдіршіндерге сыйлық табыс етілді

Жоғарыда аталған қалалық «Әбдіхаим Саламатұлы» мешітінің ұйытқы болуымен қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай 30 бүлдіршіндерге «Айттық қоржыны» таратылды.

Онда Бас имам Әкімбек Нұрханұлы сөз алып, барша жиналғандарды мерекесімен құттықтады. Сыйлыққа ие болған бүлдіршіндер өздеріне ілтипат көрсеткен мешіт қызметкерлеріне алғыстарын білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 09 Июнь 2025 20:21

Құрбан айттағы қайырымдылық

Құрбан айт мерекесі кезінде құрбандыққа мал шалынып қана қоймайды. Сонымен қатар мұқтаж жандарға шапағатын тигізетін қайырымыдылыққа да айрықша көңіл бөлінеді.

Қостанай облыстық «Аймағанбет қажы» мешітінің жанындағы Зекет және қайырымдылық қорының Қостанай облысы бойынша өкілдері жоғарыда аталған мейрам барысында жылдағыдай халықтың арасынан табылып, көмекке зәру жандарға ет таратып, олардың шынайы алғысына бөленді.

Нақты деректер мен дәйектерге сүйенетін болсақ, Қостанай облысы бойынша 24 ірі қара, 210 қой және бір түйе алдын ала дайындалған орындарда сойылды. Жалпы, алғанда 236 мал сойылды, 297 отбасына таратылып берілді. Осынау игілікті істің басы-қасында барлық деңгейдегі имамдар болып, ниет білдіруші азаматтарға батасын берді.

Ал ерекше тоқтала кетер жай, Ұзынкөл аудандық «Құрман ата» мешітінің ұйымдастыруымен кәсіпкер жеті азамат бірігіп, түйені құрбандыққа шалды. Бұл өте сирек кездесетін әрі өзгелерге өнеге боларлық мысал.

Қасиетті мереке кезінде «Қолы ашықтың – жолы ашық» демекші, оның ұйымшылдықпен өтуіне өздерінің лайықты үлестерін қосқан демеушілерге Алланың нұры жауа берсін демекпіз.

Қостанай облыстық мешітінң баспасөз қызметі

Понедельник, 09 Июнь 2025 12:01

Меңдіқарадағы Құрбан айт мерекесі

Жер бетіндегі күллі мұсылман жұртшылығы асыға күтетін Құрбан айт мерекесі биыл да Меңдіқара аудандық «Қарамақы ата» мешітінде жоғары деңгейде аталып өтті.

Имандылық ордасындағы тәлімі мол жиынға Қостанай облысының Бас имамы Бектұрсын қажы Уәлиев, Меңдіқара ауданының әкімі Ғабит Бекбаев, елге белгілі кәсіпкер Бауыржан Қарамакин, абыз ақсақалдар мен ақ жаулықты аналар, жергілікті дін жанашырлары мен жамағат қатысты.

Салтанатты шара облыстық мешіттің наиб имамы Азамат Серікбайұлының Құран оқуымен басталды. Содан кейін Бектұрсын Торғайбайұы сөз алып, аудан тұрғындарына ең ізгі тілегін білдірді. Ол мерекенің мәні мен өзіндік ерекшелігіне, қайырымдылыққа, ізгілікке бастайтын тағылымына тоқталды. Сонымен қатар жұртшылықтың құрметіне бөленген қадірменді ақсақал Бектібай Төлепұлына өз атынан Алғыс хат табыс етті. Оның иығына шапан жабылды. Жұртшылықтың алдында балаларға тәттілерді тарту етіп, үлкен қуанышқа бөледі.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, ауданның құрметті азаматы Бақытжан Сәуекенов жерлестерін айтулы мейраммен құттықтап, «Меңдіқара» әнін орындады. Талантты жастар Серікболсын Әбікен, Азат Тобылұлы секілді өнерпаздар әуелете ән шырқап, күмбірлете күй шертті.

Жиналғандар спорттық шараларды да тамашалап, үлкен әсер алды. Онда ата-бабамыздан келе жатқан салт-дәстүрді дәріптеу мақсатында ұлттық ойындардан сайыс өткізілді. Жиын соңында Құрбан айттың құрметіне мешіттің жанында тігілген киіз үй мен асханасында дастархан жайылып, данагөй атамыз Торғайбай Уәлиев ұлағатты бата берді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Page 1 of 380

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником