Жуырда Қарабалық ауданына қарасты Новотроицк ауылындағы орта мектептің 8-11 сынып оқушыларымен теріс ағымдардың алдын алуға байланысты кездесу болып өтті.
Бұл елді-мекенде түрлі ұлт өкілдері ғұмыр кешуде. Аралас мектеп болғандықтан өзекті тақырып шәкірттерге қазақ және орыс тілдерінде түсіндірілді.
Сонымен білім ордасындағы жүздесуде аудандық «Ғашура ана» мешітінің бас имамы Серік Рахым әңгіме арқауына айналған «Терроризм мен экстремизмнің зардаптары» тақырыбын кеңінен айтып берді.
Ал, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ұлдана Мағауияқызының заңнама туралы ой-пікірін оқушылар ұйып тыңдады. Қатысушылардың сұрақтарына да тыңғылықты жауап берілді.
Қасиетті Ережеп айында облыстық мешіттің Бас имамы, найб имамдар және ЖАНТ өкілдері бірнеше тағылымы мол кездесулер өткізді.
Мәселен, жұма күндері Қостанай облыстық мешітінің Бас имамы Бахытбек қажы Нұрғабылұлы Қалалық «Жайлаубай ата» мешітінде, облыстық мешіттің найб имамы Дархан Сыздықов Алтынсарин аудандық «Алдиярұлы Жанұзақ» мешітінде, найб имам ТимурТуребаев Тобыл қалалық «Маңдай батыр» мешітінде жұртшылықпен жүздесіп, уағыз айтты.
Сондай-ақ облыстық мешіттің найб имамы Абзал Сұлтанғалиұлы Әулиекөл ауданында ғибратты кездесулер өткізді. Ол сапар барысында Әулиекөл аудандық Ш. Уәлиханов атындағы, Аманқарағай ауылдық №2 қазақ орта мектептерінің оқушыларымен, аудандық білім бөлімінің қызметкерлерімен кездесті.
Ол қазіргі кездегі діни экстремизмнің тигізер зардабы және одан сақтанудың жолдары жайлы баяндады. Жүздесулер соңында аудандық «Әмит ишан» мешітінде болып, жамағатқа насихат айтты. Көпшіліктің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді.
Баршаға мәлім, үстіміздегі жыл еріктілер жылы болып жарияланды. Соған байланысты облыстық мешіттің бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбеттің ұйытқы болуымен өзгелерге өнеге болар түрлі шаралар жүзеге асырылуда.
Осы сөзіміздің нақты дәлелі ретінде облыс орталығымен іргелес жатқан Тобыл қаласында орналасқан «Маңдай батыр» мешітінің жамағатынан «Еріктілер тобы» құрылып, үлкен жұмыс атқарды.
Олар мешіт ауласындағы қарларды тазалады. Имандылық ордасы терезелерінің жан-жағын ауыстырды. Сөйтіп, еріктілер белсенділігінің арқасында жаңарып шыға келді.
Жуырда Федоров ауданының «Жиентай қажы» мешітінің ұйымдастыруымен «Толағай» отбасылық сайысы өткізілді. Онда Бас имам Е.Тілегенов өз сөзінде шаңырақтың ерекше құндылығы жайлы уағыз айтты.
Бұл сайысқа 6 отбасы қатысып, өздерінің қарым-қабілеттерін көрсетті. Әділқазылар алқасы оларға лайықты бағасын берді. Жарыстың қорытындысы бойынша 1-ші орынға «Достық» тобы Айтбаевтар, «Қыран» тобы Бейбітхандар отбасылары ие болды.
2-ші орынға «Өрмекші Адай» тобы Бейбітхандар, «Таусоғар» тобы Амал отбасылары көтерілді. Ал жүлделі 3-ші орынды «Болашақ» тобы Ахметовтар, «Алға» тобы Халидолда отбасылары иеленді.
Жеңімпаздарға грамота мен бағалы сыйлықтар тапсырылды. Сайыстың жоғары деңгейде өтуіне аудандық әкімдік қолдау көрсетіп, жанашыр азаматтар демеушілік етті.
Жақында Меңдіқара ауданындағы "Зұлқарнайұлы Мұса қажы" мешітінің бас имамы Еркебұлан Қошанның ұйымдастырумен Боровской селосындағы Ғ.Жұмабаев атындағы мектеп-гимназияның 5-8 сыныптар аралығында ҚМДБ-ның 30-жылдығына байланысты әрі Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына орай 30 игі іс-шара аясында Хәкім Абайдың өлең-жырларынан жарыс өтті.
Осы жарыста Абай өлеңдерін нақышына келтіріп әрі мәнерлеп оқып көзге түскен оқушыларға лайықты құрмет көрсетілді. Оларға жүлделі орындар беріліп, бағалы сыйлықтар тапсырылды.
Жоғарыда аталған мешіт қызметкерлері мұндай мазмұнды жарыстар мен кештерді болашақта да өткізе бермек.
Осы Ережап айының алғашқы күндерінде Рудный қаласында ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойына орай «Ғибратты қазына» атты рухани кеш болып өтті.
Аталмыш іс-шараның басты мақсаты – жастардың діни көзқарасын дәстүрлі дініміздің талаптарымен, әдет-ғұрпымыздың құндылықтарымен, ұлттық болмысымызбен ұштастыра отырып, иманды, зайырлы, қоғамның қалыптасуына үлес қосу, жастарға ой салу еді.
Кеште ҚМДБ-ның бүгінде ел игілігі үшін жасап жатқан игі жұмыстары жайлы арнайы ақпараттық фильм көрсетілді. Шағын фильмнен діни басқарманың қоғам пайдасы үшін атқарған істері жиналғандар назарына ұсынылды.
Жиынға арнайы қатысқан облыстың Бас имамы Бахытбекқажы НұрғабылұлыҚМДБ-басшылығымен қабылданған «Жеті рухани қазық» құжаттамасы бойынша аталмыш құжаттаманың мән-мағынасын түсіндіріп, уағыз айтты.
Дәстүрімізді дәріптеп, дінімізді ұлықтауға бағытталған рухани кештің тағы бір тағылымды бағдарламасы – бүгінде қоғамда жиі ұшырасатын отбасындағы тұрақсыздық, ажырасушылардың жиілеуіне орай санаға ой салар «Ана қадірі»атты сахналық қойылымы болды.
«Ғибратты қазына» атты рухани кештеұлы ақын ел тарихында өшпес із қалдырған А.Құнанбайұлының 175 жылдығы да қамтылып, жас өрендер хакім Абайдың қара сөздерін жатқа оқыды.
Шырқалған иләһи әндер, дәстүрлі-ғибратты жыр-термелер, бейне фильмдержиынның әрін кіргізіп, көпшілік қауымды бір серпілтіп тастады.
Басқосу соңында қалалық мешіттің бас имамы Бектұрсын Уәлиев келген қонақтар мен кешті ұйымдастыруға мұрындық болған қала әкімдігі мен «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өндірістік бірлестігіне», сондай-ақ мәдениет пен БАҚ өкілдеріне шынайы алғысын жеткізді. Қатысушылар мерекелік дастарқаннан дәм татты.
Тобыл қаласының орталық мәдениет үйінде мешіт қызметкерлерімен ішкі саясат бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жылдығына орай оқушылар арасында семинар болып өтті.
Жиынды Маңдай батыр мешітінің бас имамы Асылхан қажы Түсіпбек жүргізіп, басқосудың ерекше мәніне тоқталды.
Семинарға Нұржан Наушабаев орта мектебінің 10 сынып және Заречный орта мектебінің оқушылары, ұстаздары қатысты. Қостанай аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Бахыт Жакенова Қарасу ауданының бас имамы Халық қажы Қабиұлы, Айсары орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Иса Байзақұлы, №19 орта мектебінің мұғалімі Толқын Бектепбергенқызы жиналғандар алдында баяндама жасады.
Онда Абайдың қара сөздері мен тәлім- тәрбиелік мән мағынасы терең өлеңдері оқылды.