Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Super User

Super User

Четверг, 06 Апрель 2023 09:22

Алтынсарин: Ауызашар берілуде

Алтынсарин аудандық "Алдияұлы Жанұзақ" мешітінде былтыр жаңадан пайдалануға берілген асханада күнделікті ауызашар беріліп жатыр. Оған жанашыр азаматтар демеушілік жасауда.

Осы жуырдағы жиын кезінде ауданның бас имамы Руслан Маратұлы қауымға уағыз-насихат айтып, қазіргі таңда ынтымақ пен бірлік, ізгілік аса маңызды екендігіне тоқталды. Жүрегі жомарт жандарға шынайы алғысын жеткізді.

Бұл басқосуда ел ағалары мен аудандағы беделді кісілер мұсылман бауырларымызды қасиетті Рамазан айымен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 03 Апрель 2023 10:25

Әулиекөл: Балаларға базарлық

Әулиекөл аудандық «Әмит ишан» мешітінің ұжымы «Рамазан қоржыны» атты қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.

Онда Ораза айының құрметіне көп балалы жанұяларда тәрбиеленіп жатқан сәбилерге тәттілерге толы қоржындар табыс етілді. Балалардың жүзіне күміс күлкі үйіріліп, ерекше қуанышқа бөленді.

Олар бейбітшілік заманда бақытты ғұмыр кешіп, тәуелсіз еліміздің нағыз патриоттары болып өсе берсін.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Понедельник, 03 Апрель 2023 10:22

Жангелдин: Кездесу әсерлі өтті

Таяуда Жангелдин аудандық «Оспан қожа әулие» мешіті Бас имамының міндетін атқарушы Аян Хасенов жергілікті Ыбырай Алтынсарин мемориалдық музейінің қызметкерлерімен кездесті.

Онда әңгімеге «Ислам және ізгі қоғам» тақырыбы арқау болды. Оның мәні мен мазмұны жан-жақты түсіндірілді. Жүздесуге қатысушылар қозғалған мәселе бойынша көкейдегі жүрген сауалдарын қойып, нақты жауап алды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Ұзынкөл аудандық «Балықты» мешітінің Бас имамы Есенгелді қажы Сақтағанұлы қасиетті Рамазан айында жергілікті дүкендерді аралап, «Арақ күнәлардың анасы» деген тақырыпта түсінік жұмыстарын жүргізді.

Мәселен, қалыптасқан дәстүр бойынша жылда «Ұзынкөл» және «МК» азық-түлік дүкендерінде Оразаның құрметіне арақ-шарап сатылмайды. Биыл жаңадан ашылған «Дос» дүкенінің иесі Нұрбол Ерғазиев та өзге әріптестеріне қолдау білдірді.

Рамазан айының қадір -қасиетін жете ұғынып, сауда саласында қызмет атқаратын басқа кәсіпкерлерге үлгі-өнеге көрсеткен азаматтардың жолы ашылып, ізгі ниеттері қабыл болсын!

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Қасиетті Рамазан айында Лисаков қалалық «Әбдіхаим Саламатұлы» мешітінің қызметкерлері мен жомарт жандардың демеушілік етуімен қайрымдылық акциясы ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында 4 көп балалы отбасы, 4 қолдауға мұқтаж және 7 мүгедек кісіге көмек көрсетілді. Жалпы 15 жанұяға азық-түлік салынған «Рамазан қоржыны» табыс етілді.

Жоғарыда аталған мешіттің Бас имамы Әкімбек Асанов жиналған жұртшылықты Рамазан айымен шын жүректен құттықтап, мейірімділік жайлы насихат айтты.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешіті ұжымы мен намазхандары әрі жанашыр жандардың қолдауымен 4-ші рет 30 отбасыға 557мың 658 теңгенің көлемінде «Рамазан қоржыны» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.

Жалпы, Ораза айы басталғалы 120 отбасыға көмек ретінде 2 миллион 407 мың 600 теңге жұмсалды. Сөйтіп, қамқорлыққа мұқтаж жанұялар қасиетті Рамазанның шапағатын айқын сезінуде.

Аталмыш имандылық ордасында мұндай қайырымдылық шаралар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Қасиетті Рамазан айы мейірімділік пен қайырымдылыққа толы. Осы сөзіміздің нақты айғағы ретінде Лисаков қалалық «Әбдіхаим Саламатұлы» мешітінің ұжымының ізгі мақсаттағы жұмысын ерекше атап өткен жөн.

Жуырда ғана Бас имам Әкімбек Асанов осы шаһардағы 30-дан астам баланы өз қамқорлығына алған Рүстем Шүкіровтың үйінде болды. Шаңырақтағы тәрбиеленіп жатқан ер балаларға киім-кешек салынған «Рамазан қоржыны» табыс етілді. Олардың жарқын болашағы үшін құран оқылып, дұға жасалды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Пятница, 31 Март 2023 09:41

Қостанай: Балалар қуанышы

Қостанай қалалық «Жайлаубай ата» мешітінің қызметкерлері және жанашыр азаматтардың демеушілік етуімен жалғыз басты көп балалы анаға Ораза айында қайырымдылық көмек жасалды.

Жанұядағы балалардың бесеуіне аяқ киім және екеуіне куртка сатып алынды. Қуаныштан жүздері бал-бұл жанған бүлдіршендерді көрудің өзі бір ғанибет емес пе.

Жер бетінде балақайлардың бақытты әрі шаттыққа толы сәтіне ештеңе жетпейді. Лайым, арамызда қамқор жандардың қатары арта берсін.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің бас имамы Нұрхан Асанұлы №8 орта мектебінде болып, оқушылармен кездесті.

Онда ол жиын барысында «Тазалық – иманның жартысы» тақырыбында уағыз айтып, қасиетті Рамазан айымен құтықтады. Сонымен қатар осы айдың өзге айлардан өзіндік ерекшелігіне тоқталды.

Білім ордасының шәкірттері имамның әңгімесін ұйып тыңдап, Рамазан оразасы жайлы мол мағлұмат алды.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Четверг, 30 Март 2023 12:14

Қостанай: Ауызашар тағылымы

Кеше облыс орталығындағы «Ханзада» мейрамханасында «Марал ишан» мешіті атынан көпшілікке ауызашар дастарханы жайылды.

Онда Оразаның маңызы жайлы тағылымды насихат айтылып, ұлттық нақышта дәстүрлі жыр-термелер орындалды. Ел ағалары мен зиялы қауым өкілдері жұртшылықты Рамазан айымен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

Аталған мешіттің Бас имамы Бектұрсын Торғайбайұлы осынау ғибраты мол ауызашарға демеуші болған азаматтарға Алла разы болсын деп, шынайы алғысын жеткізді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

«72737475767778798081»
Page 77 of 377

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником