Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Жаңалықтар
Понедельник, 01 Ноябрь 2021 11:48

Рудный: Өркендеу коды

Рудный қаласындағы №19-шы мектепте «Мәдениет – ұлттық қайта өркендеу коды» атты жоғары сынып оқушыларымен кездесу өтті.

Кездесуді жас маман тарих пәні мұғалімі Қабылдина Гүлмира жүргізіп, «Рудный қаласының Нұр» мешітінің Бас имамы Бектұрсын Уәлиевке сөз берді.

Бас имам өз сөзінде: «Мәдениет – діннің төл перзенті десек-те болады. Мәдениет - жеке тұлға мен қоғамның ар-ұятының айнасы. Бұған адамзат дін арқылы ғана қол жеткізе алады. Дін жоқ жерде көркем мінез бен парасаттылық жайлы сөз қозғау, пікір таластыру да қиын. Өйткені, көркем мінез бен мәдениеттің қайнар көзі – ар-ұждан. Сол ар-ұжданды басқаратын жалғыз нәрсе, ол Алла тағаламен байланыста тұратын дін. Халқымыздың мәдениеті де Хақ Тағаладан келген асыл дінімізбен біте қайнасқан» - дей келе әңгімесін жас ұрпақ тәрбиесіне бұрды. Адалдық, мейірімділік, жауапкершілік пен кешірімділік жалпы әдептілікке байланысты мазмұнды ойымен бөлісті.

Кездесуге арнайы қатысқан мектеп директоры Гүлжазира Ғинаятқызы да айтылған насихаттарды қолдап, тақырыпқа сай өз ойын да жан-жақты жеткізе білді.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Понедельник, 01 Ноябрь 2021 11:45

Тобыл: Халықпен тығыз байланыста

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, Тобыл қалалық «Маңдай батыр» мешітінің бас имамы Дархан Сыздықов Қостанай ауданына қарасты ауылдардың тұрғындарымен кездесіп, келелі де рухани нәр берер сұхбатттарын одан әрі жалғастыруда.

Бұл сөзіміздің нақты айғағы ретінде кезекті сапарында Мичурин және Заречный елді-мекендерінде болып, жергілікті азаматтармен жүздесті. 

Онда Дархан Манарбекұлы ислам діні мен адам бойындағы ең ізгі қасиеттер - адалдық, адамгершілік және басқа да тәрбиелік мәні зор тақырыптар бойынша уағыз айтты.

Осы ауылдардағы басқосуларға мешіттің найб имамы Азамат Мурзаканов та қатысты. Кездесулер өте әсерлі өтті. Қатысушылар көп жайды көңілдеріне түйді. 

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Пятница, 29 Октябрь 2021 17:36

Мәуліт мерекесі

Бүгін Әулиекөл ауданындағы Құсмұрын кентінде Ұлы Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) туған күніне арналған Мәуліт мерекесі жергілікті Мәдениет үйінде аталып өтті.

Жиналған қауымның алдында облыстық мешіттің найб имамы Әлішер Ертайұлы, Нұр Мүбарак ислам мәдениеті университеті шәкірті Әлинұр Нұрболұлы, Тобыл қалалық «Маңдай батыр» мешітінің бас имамы Дархан Манарбекұлы мәуліт оқыды.

Ал, облыстың Бас имамы Бахытбек қажы Тәжімбет, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ұстазы Тілекқабыл Аманкелді аталған мейрамның мәні мен маңызы жөнінде уағыз айтты.

Осы шара кезінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бастамасы бойынша «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында 468 баспана кілті табысталды.

Сонымен, Құсмұрындық ағайындар тәрбиелік жағынан берері мол қос қуаныштың куәсі болып, рухани жағынан жан дүниелерін байытты.

Қостанай облыстық мешітінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником