Главный имам, Верховный муфтий, Религиозная карта

Бас мүфти блогы

Намаз - время намаза

{{timings.fadzhr}}
{{timings.voshod}}
{{timings.zuhr}}
{{timings.asr}}
{{timings.magrib}}
{{timings.isha}}
Таң намазы
Күннің шығуы
Бесін намазы
Екінді намазы
Ақшам намазы
Құфтан намазы
Қазақстанның діни интерактивті картасы
Миләди
Хижри
Жаңалықтар

Алдын ала хабарланғандықтан болар, облыс орталығындағы «Мирас» мәдениет үйі үлкенді - кішілі қауымға лық толды. Олардың арасынан өмірдің біраз асуларынан асқан аталарымыз бен апаларымызды, жастарды көресіз.

Осынау Мәуліт мерекесіне арналған рухани кеш «Адамзаттың асыл тәжі» деп аталды. Оның тақырыбының өзінен мән-маңызы айқын көрініп тұрған жоқ па.

Кештің басында Қостанай облысы әкімінің орынбасары Марат Жүндібаев облыс әкімінің атынан баршаны Мәуліт мерекесімен шын жүректен құттықтап, онан соң Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Шариғат және пәтуа» бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы барша қостанайлықтарға жылы лебізін білдіріп, ұлы Пайғамбарымыздың өмірінен нақты мысалдар келтіріп, асыраушысынан айрылған балаларға сыйлықты табыс етті. Сол кездегі бүлдіршіндердің жүзіндегі қуанышты тілмен айтып жеткізу қиын болар.

Жиында республикалық «Қарекет» қорының облыстағы филиалының өкілдігінен Шургалиев Қайрат есімді азаматқа пәтер кілті де осы мерекелік шарада табыс етілді. Сонымен қатара Зейнел әжейге «Құрметті қажы» алтын белгісі тағылды.

Ұзақ жылдар бойы Қамысты ауданында бас имам болып қызмет атқарған Қайып Әірғалиұлына «Умра қажылық» сапарына жолдама берілді.

Мұндай жиындар ән-күйсіз болмайтындығы көпшілікке аян. Бұл орайда арқалықтық, жыл сайын шеберлігі ұшталып келе жатқан жас дарын Дінмұхаммед Бектұрсынұлының орындағын „Алладан тілек„ және басқа да діни әндерін жұртшылық өте жылы қабылдады.

Жерлестеріміз „Сәби тілегі„ деп аталатын сахналық көріністен үлкен әсер алды. Терең толғанысқа түсіп, адамгершілік асыл қасиеттің тіршілікте ерекше орын алатындығына тағы да көздері жетті. Онда Ілияс Омаров атындағы облыстық қазақ драма театрының әртістері шынайы шеберліктерін көрсетті.

Айтыс десе делебесі қозбайтын қазақ жоқ. Үлкен сахнаға көкшетаулық Әлібек Серғалиев пен белгілі айтыс ақыны, талай додаларда топ жарған Айбек Қалиев сайысқа түсіп, үлкенді-кішілі қауымды өнерлерімен тәнті етті.

Көрнекті дін қайраткері, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл имамы Бахытбек Тәжімбет өзінің жүрекжарды лебізін айта келіп, облыстық мешітке жанашырлық танытып, демеушілік көрсетіп келе жатқан жүректері жомарт азаматтарға Алғыс хаттарды табыс етті.

Оразалы Жақсанов

Published in Жаңалықтар
Четверг, 20 Декабрь 2018 12:05

Ел болашағы жастар

Қостанай облысының Жітіқара аудандық «Ержан Тәтішев» мешітінде «2019 жыл Жастар жылы» аясында найб имам Руслан Жиенбаев студенттермен кездесу өткізді. Онда Жітіқара политехникалық колледжінің «Автокөлікке техникалық қызмет көрсету» мамандығы бойынша оқып жатқан бірінші курс шәкірттері болды.

Наиб имам дөңгелек үстел басында ислам дінінің қазіргі қоғамдағы маңыздылығы туралы сөз қозғап, мешіттің тарихы мен қазіргі таңда атқарып жатқан игі жұмыстары жайында айтып берді.

Сонымен қатар, діни жат ағымдардың қауіптілігі мен олардан сақтану жолдары туралы да баяндады.

Кездесу барысында студенттер наиб имамға өздерін толғандырып жүрген сауалдарын қойып, өз ойларын ортаға салды.

Мәнді де маңызды уағыз-насихаттан кейін студенттер мешітке бас сұғып, оның ішкі безендірілуіне айрықша назар аударып, мешіттің тыныс-тіршілігімен танысты.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Среда, 19 Декабрь 2018 12:12

ТӘРБИЕ – ТАЛ БЕСІКТЕН БАСТАЛАДЫ

Жуырда Науырзым ауданы орталығындағы «Жамбыл» орта мектебінің жоғары сынып оқушылары (8 – 11 – сыныптар) арасында тәрбиелік іс – шарасы өткізілді. Оны ұйымдастыруға аталмыш білім ордасы директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ұлан Сағынаев, психолог маман Айкүміс Тасанова және аудандық «Түркебай» мешітінің наиб имамы Кенжеғара Әл- Фараби мұрындық болды.

Бұл жиын тәрбиеге тікелей қатысты болғандықтан ұстаздар оқушылардың мектеп қабырғасында өздерін қалай ұстауы, сөйлеу мәдениетін сақтаулары, күнделікті сабаққа дайындықтары, араларындағы достық-сыйластық қарым-қатынастары, мұғалімге деген құрмет, ата-ананы сыйлау этикалары жөнінде әңгімеледі.

Осынау іс-шараға арнайы шақырылған наиб имам Әл-Фараби де басқосқан оқушыларға ата-анаға, ұстазға, досқа деген құрмет, ізеттілік- инабаттылық туралы ұлағатты уағыз айтты.

Сондай-ақ тәрбиеге қатысты Құран аяттарында, Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың игілгі мен сәлемі болсын) хадистеріне арқау болған ұлық сөздерге тоқтап, оқушылардың ұстаздарын сыйлауда, терең білім алуда, татулықтың, бірліктің, яғни, жалпы айтқанда имандылықтың қаншалықты маңызды екендігін жеткізді.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Среда, 19 Декабрь 2018 12:01

Алла Тағаланың көркем есімдері

Жақында облыстық мешітте «Әйелдер-қыздар» секторының ұйымдастыруымен "Алла Тағаланың көркем есімдері" атты сайыс өткізілді.

Мұнда алдымен қасиетті Құраннан аят оқылып, содан кейін сайыстың шарттары таныстырылды. Сайыс 3 турдан құралды. Алғашқысы  көркем есімдерді арабша нұсқасын айтып шығу.

Екіншісі әділ қазылардың алдындағы парақшада 4 есімнің қазақша мағынасын айту. Үшіншісі Алланың екі көркем есімін тақтаға арабша жазу.

Міне, осы шарттарды толық орындағандарға әділ қазылар ақылдаса келе ұпай санын есептеп, жеңімпаздарды анықтады. Қатысушыларды марапаттап, оларға сыйлықтар табысталды. 

Оның қорытындысында 1 -ші орын алған Айым Рыскелдіқызына "Қасиетті Құран" кітабы тапсырылды.

2-ші орынды жеңіп алған Меруерт Тұрсынбекқызына "Құран" кітаптың қазақша аудармасы берілді.

3-ші орынды иегенген Жұмабай Жалғасұлы "Құдси Хадистер" кітабы ұсынылды.

Ал шараға қатысқан басқада үміткерлерге Алла Тағаланың көркем есімдері жазылған плакаттар сыйға тартылды.  

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Понедельник, 10 Декабрь 2018 16:38

Өрттен сақтану жайы пысықталды

Жуырда Арқалық қаласы №2 өртке қарсы мамандандырылған жасағы қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінде «өрт қауіпсіздігі» бойынша оқу-жаттығулар өткізді.

Оқу-жаттығу барысында «Адамдарды қауіпсіз жерге көшіру және шартты өртті сөндіру» тақырыбында өртті-техникалық оқу-сабақтары жүргізілді.

Тактикалық жаттығу барысында өртті сөндіру, адамдарды құтқару тәсілдері пысықталып, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен шұғыл штабтың әрекеттері бақыланды. Арнайы оқу-жаттығуға 10 мамандандырылған жасақ қызметкерлері және екі өрт сөндіру техникасы қатысты.

Сала мамандарының жаттығу-түсіндірмелерін мешіт имамы Бектұрсын Уәлиев өз қызметкерлерімен төтенше жағдайлар немесе өрт шыққан кезде қалай дұрыс әрекет жасау керектігін тыңдап, ғимараттағы қосымша көшіру есіктерінің әрқашан ашылып-жабылуы туралы да айтты.

Сонымен қатар ғимарат қызметкерлерінің жедел дұрыс шешім қабылдауы, іс-әрекет жасауға психологиялық тұрғыда дайындығы да ескерілді.

Мұндай оқу-жаттығуларды өткізіп тұру – тиісті сала қызметкерлері мен төтенше жағдайға тап болған ғимарат иелері үшін зор пайдасын келтірері сөзсіз.

Осы оқу-жаттығу кезіндегі іс-әрекетті қорытындылай келе оған өте жақсы деген баға берілді.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар

Адамзаттың асыл тәжі болған сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) туған айы – «Мәуліт айы», мұсылман жамағаты үшін орны еркекше. Осындай мүбарак айда барша өңілерде Мәуліт ерекше атап өтіліп, Алла елшісіне салауаттар айтылады.

Осындай шара, қасиетті жұма күні Рудный қалалық «Нұр» мешітінде атап өтілді. Жиналған жамағатқа Рудный қалалық «Нұр» мешітінің бас имамы Азамат Серікбайұлы пайғамбарымыздың өмірінен уағыз айтты. Сонымен бірге салауат айтудың дәрежесін түсіндіріп өтті. Соңынан мешіт қызметкерлері Мәуліт қасидалары мен салауаттарын оқып, жамағатқа жетізі білді.

Жұма намазынан соң мерейлі Мәуліт айынын құрметіне ас әзірленіп жамағатқа ұсынылды.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар

Жақында Елбасының тариxи сананы жаңғыртуға бастайтын "Ұлы даланың жеті қыры" атты бағдарламалық мақаласы жарық көрді. Толымды мақалада мемлекет басшысы халық көкейінде жүрген көптеген дүниелерді тілге тиек етті.

Өзім осы мақаланы ерекше ден қойып оқыдым. Содан кейін өз ойымды ортаға салғанды жөн көріп қолыма қалам алдым.

Ең алдымен Алланың нәсіп етуімен ата-бабаларымыздың аманат еткен ұланғайыр жерді, қасиетті қара шаңырағымызға бақ болып қонған тәуелсіздік тізгінін мықты ұстау. Оған сызат түсірмей, қайта оның іргетасының мықты болып беки түсуі үшін, егемен елдің әр азаматы өз үлесін қоса түсу.

Сондай-ақ алдыңғы қатарлы өркениетті елдермен терезе теңестіру. Ол үшін елдің ынтымақ-бірлігін нығайту және жас ұрпақты сапалы білім мен тағылымды тәрбиеге баулып, ғылымды игере білуге шынайы талпыныс жасау.

Бәсекелік қабілетті арттырудың жолы да – білімге құштарлықтан бастау алмақ. Шынымен де жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіре отырып, жаһандық өзгерістерге бейім әрі патриоттық рухта тәрбиелеу қашанда өзекті.

Білім – адам баласының қоршаған ортаны танып-білуге, оны меңгеруге деген ұмтылысы. Асыл дініміз де оқып-үйренуді, ғылыммен айналысуды жоғары бағалайды және ғалымдардың дәрежесін биік тұғырға қояды.

Адам баласының қоғамдық ортадағы дәрежесі осы – білім деңгейіне қарай анықталады. Бір сөзбен айтқанда, білім алу, сауатты болу – дініміздің ең басты талабы.

Атадан балаға қалған құнды қазына, мәдени мол мұрамызды сақтап, оны әлі де дамыта түсу. Дүйім жұртқа әйгілі болған тарихи орындарды дәріптеу. Еліміздiң мәдени мұрасын зерделеп, қалпына келтiруге және тиiмдi пайдалану жұмыстарын iске асыру. Яғни Ұлы даланың көне ұлттық өнеріміздің төл тарихын жаңғырту.

«Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар» демекші, батыр, қаһармандарымыз бен ұлы ойшылдарымызды, қиын-қыстау кезеңдерде ел басқарған тұлғаларымыздың ерен еңбектерін жас ұрпақтың бойына жақынырақ таныта білу. «Еңбек етсең еленерсің, еңбегіңе кенелерсің. Есің жиып, етек жауып, елге жетіп теңелерсің» -дегендей адал еңбек етудің маңыздылығын ұғындыру қажет.

Сондай-ақ шойын темірді қамырша иіп, өнеркәсібін дамытқан, желдей ескен асауларды ең алғаш қолға үйретіп, оны ұлттық салауаттылық мәдениет пен шаруашылық пайдасына асырған да біздің бабаларымыз емес пе.

Бабадан қалған кең байтақ жеріміздің табиғат байлығы мен әсем-көркемдігі де көзтартар кереметтер. Міне, осындай ғаламат дүниелерді халқымызға нәсіп еткен Жаратушы Хақ тағалаға сансыз шүкірлер болсын.

Елбасы өзінің айтулы мақаласында – ұлттың рухани санасына жаңа серпіліс беріп, осы құндылықтарымызды дәріптей білуіміз керектігіне жан-жақты тоқталды.

Ұлттық санасы жаңғырып, төл тарихын түгендеп, дәстүрлі діні мен ділін дәріптеген азаматтың еңсесі қашанда биік болмақ.

Бабалар аманатына адал болып, Тәуелсіздіктің тұғырын төмендетпей, ел ынтымағының одан әрі нығаюына өз үлесімізді қоса білейік!

Өмірдің талай тар жол, тайғақ кешуінен өткен Өр халқымыздың намысы биік, жігері мықты, арманы асқақ болуын бір Алла өзі нәсіп еткей!

Бектұрсын Торғайбайұлы, Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің бас имамы

Суббота, 01 Декабрь 2018 11:01

Ұзынкөлде ұмытылмас күн

«Отан - отбасынан басталады» демекші, Отанды сүю отбасынан бастау алатыны сөзсіз. Отбасы мен мектеп ынтымақтастығының берік іргетасын қалау мақсатында және Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, ҚМДБ-ның Бас мүфтиі Серікбай қажы Ораз жариялаған «Ислам және Отбасы » жылы аясында №1 Ұзынкөл орта мектебінің салтанатты залында ұмытылмас шара өтті.

«Мейірімді жүрек» атты мерекелік бағдарламаға «Балықты» мешітінің бас имамы Есенкелді қажы Сақтағанұлы, мектеп басшысы Қайрат Хайдарұлы, ұстаздар, қамқоршы ата-аналар қауымы мен балалар қатысты.

Аталмыш шарада бас имам қамқоршыларға жүрекжарды тілегін білдіріп, өнерлі балаларға алдағы өмірлеріне тек сәттілік тілей насихатын айтты.

Сонымен қатар, мектеп басшысы Қайрат Әлиев қамқоршыларды алғыс хатпен марапаттап, «Әкелер кеңесі» атынан кеңес мүшесі В.Янин ата-аналарға алғысын жаудырды.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар
Среда, 28 Ноябрь 2018 16:22

Арқалықта мәуліт оқылды

Мұсылман жұртшылығы үшін Мәуліт айының орны ерекше. Осындай мүбарак айда, қасиетті жұма күні Арқалық қалалық «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінде ардақты Алланың елшісінің ғұмырынан сыр шертетін мәуліт оқылды.

Адамзаттың асыл тәжі болған, екі дүние сәруарының (с.ғ.с.) ғибратты ғұмыры жайлы жиналған жамағатқа мешіт шәкірттері Дінмұхамед Торғайбай мен Дінмұхамед Сүлеймен Мәуліт қасидалары мен салауаттарын оқып, оларға жеткізе білді.

Мешіт имамы Бектұрсын Уәлиев ардақты Елшінің өмірінен уағыз айтып, салауат айтудың маңыздылығына тоқталып өтті.

Содан кейін мешітте дәріс алушы студент-шәкірттерге дастархан жайылып, Пайғамбарымыздың адамзат баласына жасаған дін насихатына байланысты өнегелі өмірі жайында уағыз айтылды.

Сондай-ақ мерейлі Мәуліт айында «уақытша ата-ана құқығынан» айырылған екі жасөпірімге қысқы аяқ киім тапсырылып, қайырымдылық жасалды.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар

Жітіқара аудандық «Ержан Тәтішев» мешітінің әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен намазхан әйелдердің арасында «Келіндер сайысы» өткізілді.

Осы сайыстың басында мешітің наиб имамы Руслан Жиенбаев жиналған әйелдер жамағатына уағыз-насихат айтты.

Содан соң мешітің хатшысы Меруерт Қайыркенова қатысушыларға сәттілік тіледі. Бұл сайысқа қатысқан келіндер өздерін таныстыру, мақал-мәтел жарысы, қолөнер шеберлігі, ас әзірлеу бойынша білімдері мен өнерлерін ортаға салды.

Аталған тағылымы мол сайысқа өмірдің асуларынан асқан асыл әжелеріміз төрелік етті. Ереже бойынша барлық тапсырмаларды өз деңгейінде орындаған жас келіндер жеңімпаз атанды.

Оларға салтанатты түрде алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды. Жүлдегерлерге марапаттарды табыс еткен ардақты әжеміз Зияда Серікбайқызы жас келіндерге ақ батасын берді.

Жарыс соңында игі шараға қатысқан әйелдер жамағатына дастархан жайылды.

ҚМДБ-ның Қостанай облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі

Published in Жаңалықтар

Ғибратнама

барлық мақалалар

Медиа

барлық басылымдар
Сайт құрастырушысы — Иником