1.Ауыз аштырған кісі ораза ұстаған кісідей сауап алады.
Сахаба Зәйд ибн Халид әл-Жуһани (رضي الله عنه) пайғамбарымыздың (ﷺ) былай деп айтқандығын жеткізеді.
مَنْ فَطَّرَ صَائِمًا كَانَ لَهُ مِثْلُ أَجْرِهِ غَيْرَ
«Кімде-кім ораза ұстаушының аузын аштырса, ораза ұстаған адамның сауабындай сауап алады»[1].
2. Ауыз аштырған кісіге періштелер дұға етеді.
Сахаба Әнас ибн Мәлік (رضي الله عنه) мынадай бір риуаят келтіреді.
«Алла елшісі (ﷺ), Сағд ибн Убаданың (رضي الله عنه) үйіне келеді. Сағд пайғамбарымызға ас ретінде нан мен зәйтүн майын әкеледі. Алла елшісі (ﷺ) алдына қойылған астан жейді. Артынша: «Үйлеріңде ораза ұстағандар ауыз ашсын! Астарыңды тақуалар жесін! Әрі періштелер сендерге (күнәларыңның кешірілуі үшін) дұға етсін!»,-деп дұға етеді[2].
3. Ауыз аштыру күнәлардың кешірілуіне себепші болады.
Сахаба Салман әл-Фариси (رضي الله عنه) пайғамбарымыздың (ﷺ) былай деп айтқандығын риуаят етеді.
«من فطر فيه صائما كان له مغفرة لذنوبه وعتق رقبته من النار ، وكان له مثل أجره من غير أن ينتقص من أجره شيء ، قلنا : يا رسول الله ، ليس كلنا نجد ما نفطر به الصائم ، فقال رسول الله -صلى الله عليه وسلم- : " يعطي الله هذا الثواب من فطر صائما على مذقة لبن أو تمرة أو شربة من ماء»
Пайғамбарымыз (ﷺ): «Кімде-кім Рамазанда ораза тұтқан кісіге ауыз аштырса, күнәлары кешіріледі, тозақтан азат болады. Әрі оған сауабы кеміместен ораза тұтқан кісінің сауабына тең сауап беріледі», – дейді. Біз: «Уа Алланың елшісі! Баршамыздың ораза ұстаған кісіге ауыз аштыратындай шамамыз жоқ»,-дедік. Алла елшісі: Алла бұл сауапты ораза ұатаған жанға бір құрмамен ауызашар аштырғанға да, тек сумен ауыз аштырғанға да, аз ғана сүт бергенге береді», – деді[3].
[1] Хадисті имам Тирмизи риуаят еткен.
[2] Хадисті имам Әбу Дәуіт риуаят еткен.
[3] Хадисті имам ибн Хұзайма риуаят еткен.
Бас имам медальмен марапатталды.
Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Ислам діні әрқашанда халықтар арасындағы достықты, ауызбірлікті, ырыс-ынтымақты қолдайды. Сондықтан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қостанай облысындағы өкіл имамы Асылхан Мұханбетжанұлы Түсіпбек өңіріміздегі ұлттар арасындағы достық пен ынтымақты нығайтуға елеулі еңбек сіңіруде.
Адал еңбек, шынайы ниет, төккен маңдай тер ескерілмей қоймайды. Жуырда облыс әкімі Нұралы Садуақасов өкіл имамға Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған мерекелік медальды салтанатты түрде тапсырды.
Бұл дін қайраткерінің қажырлы еңбегіне берілген жоғары баға екендігі даусыз. Сондықтан барлық әріптестері оны осы марапатпен шын жүректен құттықтап, оған алдағы уақытта да мықты денсаулық, имандылық жолындағы жауапты қызметінде табыс тілейді.
ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігінің
баспасөз қызметі
2008 жылдың қыркүйегінде медресе ресми түрде ашылды. Орал медресесі Батыс Қазақстан, Атырау және Маңғыстау облыстарына қажетті дін мамандарын даярлайтындықтан 2008 жылдың 24 қыркүйегі күні аталған үш облыстан алғашқы 24 шәкірт қабылданды.
Медресенің тұңғыш директоры болып ҚМДБ-ның Батыс Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы Смайыл Сейітбеков тағайындалды.
Медресеге тиісті құжаттардың бәрі толықтай реттеліп, 2009 жылы 31 наурызда Әділет министрлігінен ресми түрде тіркеліп, №5089-1900-ДБ тіркеу куәлік берілді. Бизнес-сәйкестендіру нөмірі – БСН 090440006564.
Ал, 2010 жылы 29 сәуірде Орал медресесіне Білім және ғылым министрлігінен №0137381 серия АБ нөмірлі мерзімі шектеусіз мемлекеттік лицензия берілді.
Оқу мерзімі өзге де медреселердегідей 2 жыл 10 ай. Оқу жоспарына сай шәкірттер дәріс тыңдап, практикалық, зертхана сабақтарына қатысады, өзіндік жұмыспен айналысады. Соңынан курстық жұмыстар, сынақ, емтихан тапсырады.
2013-2014 оқу жылында медресені 12 шәкірт бітіреді.
Ғимараттың құрылымы цоколдік қабаттан, 1 және 2 қабаттан тұрады. Оқу орны орналасқан жер көлемі 0.3050 га. Оқу орнының жалпы көлемі 741,1 шаршы метр. Әкімшілік бөлімдер оқу ғимаратының 1-қабатында орналасқан және жалпы көлемі 62,8 шаршы метрді құрайды (1. Директор бөлмесі – 20,5 шаршы метр, 2. Оқу бөлімі – 15,8 шаршы метр, 3. Есепші – 13,2 шаршы метр, 4. Медициналық Пункт – 13,3 шаршы метр).
«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы»
Республикалық ислами діни бірлестігінің
«Орал медресесі» жеке мекемесі
2015-2016 жаңа оқу жылына талапкерлерді оқуға
ШАҚЫРАДЫ!
Орал медресесі 2008 жылы негізін қалады. ҚР БҚО Әділет департаментіне 2012 жылдың 25-ші қазанында қайта тіркелді. Куәлік № 557-1926-01-М-е, электрондық жаңа мемлекеттік лицензия №013003435 2013 жылдың 5-ші наурызында берілген.
Сабақ қазақ және араб тілдерінде жүргізіліп, медресемізді үздік дипломмен тәмамдаған студенттерге Нұр-Мүбарак университетінде тегін оқу мүмкіндігі бар, оқу ақысыз, 2 жыл 10 ай, Шәкірттер жатақханамен және үш мезгіл тегін ас-сумен қамтамасыз етіледі.
Біліктілік:
0112013 – Имам хатиб;
0112023 – Ислам негіздерінің мұғалімі;
Құжаттар тізімі:
1. Ұсыныс;
2. Өтініш;
3. Жеке куәлік көшірмесі;
4. Аттестат немесе диплом (түпнұсқа);
5. Өмірбаян;
6. 086-У үлгісіндегі медициналық анықтама;
7. 063 үлгідегі егілу туралы анықтама;
8. Фото 3х4 (6 дана);
9. Скоросшиватель;
10. Конверт;
11. Наркологиялық, психотерапиялық диспансерден анықтама
12. Сотталмағандығы туралы куәлік талап етіледі.
Қабылдау мерзімі: Ү.ж. 1-ші шілдеден 10-шы тамызына дейін құжаттар қабылданады.
Мекен-жайымыз: Орал қаласы, Ж.Досмұхамедов көшесі, 22 үй.
(Базар аялдамасындағы Орал қалалық мешіті)
Тел: 8 (7112) 504002
Факс: 8 (7112) 504002
Ұялы тел: 8 702 480 8020, 8 701 379 6834
Қазақстандағы жоғары білімді имамдар, исламтанушылар дайындайтын бірегей оқу орны. Сондай-ақ ол заман талабына лайық дінтанушылар, араб тілі мен әдебиетінің оқытушыларын, аудармашылар, аймақтанушылар да даярлайды. Оқу орнын салу 1993 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Египетке сапары кезінде – екі мемлекет президенттерінің кездесуінде келісілген. Ол үшін Алматыдан 6 гектар жер бөлінді. 1993 жылы 16 маусымда Н.Назарбаев пен Египет Араб Республикасы Уақыфтар министрі Мұхаммед әл-Махжубтың университет қалашығының ірге тасын қалау рәсімі өтті. Екі ел басшыларының қолдауымен дүниеге келгендіктен оқу орны Нұр Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті деп аталды. Әйтсе де бірінші кезеңі біткенімен есігіне құлып салынып, біраз жыл тұрып қалды.
2000 жылы Қазақстан мұсылмандарының III құрылтайы қарсаңында Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев шейх Әбсаттар қажы Дербісәліні қабылдады. Қабылдауда ол республикамызда дін мамандарын дайындау қажеттігін алға тарта отырып, университет құрылысының 1-ші кезеңі біткенін, соған байланысты Нұр Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетін ҚМДБ-ға беруге көмектесу туралы өтінішін жеткізді. Президент өтінішті түсіністікпен қабылдап, Мысырға арнаулы үкімет делегациясын жіберді. Келіссөз нәтижесінде Мысыр елі университетті діни басқармаға беруге және университет құрылысының 2-ші кезеңін де салуға келісім берді.
Сөйтіп «Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті – Египет Араб Республикасы мен Қазақстан Республикасының үкіметтері арасындағы келісімге сай ашылды. Келісім ҚР Парламентінде ратификацияланып, 2003 жылдың 2 шілдесінде Президент Н.Ә. Назарбаевтың №460-11 ҚРЗ өкімімен бекітілген соң Заңды күшіне енді.
Келісімді Египет Араб Республикасының алдынғы президенті Мұхаммед Хұсни Мүбарак та 2003 жылы өзінің №215 бұйрығымен бекітті.
Оқу орнына ҚР Білім және ғылым министрлігінің лицензиясы берілген. Мемлекеттік аттестаттаудан өткен.
Университет Алматы қаласындағы әл-Фараби даңғылы бойында орналасқан. Онда зәулім мешіт, мәжіліс залы, дәрісханалар, компьютер, лингофон кабинеттері, бай кітап қоры бар кітапхана жұмыс істейді. Қалашықта келешекте бірнеше оқу корпустары, жатақханалар, спорт кешенін салу жоспарлануда. Білім ордасында республикамыздың белгілі профессор-оқытушыларымен қатар, Египеттің де көрнекті ғалымдары, білікті исламтанушы, араб филологиясының мамандары дәріс береді.
Екі мемлекеттің үкіметаралық келісіміне сәйкес құрылған Қамқоршылар алқасы шешімімен университет жарғысы бекітіліп, 2001 жылдың 1 қыркүйегінен сабақты бастау туралы шешім қабылданды.
Оқу орны ҚР-ның заңдары, екі ел үкіметтерінің университетке байланысты келісімі және өз жарғысы негізінде жұмыс істейді.
Оған жалпы басшылық ету мен қызметін үйлестіретін Қамқоршылар кеңесінің құзіретіне қаржы мәселесін шешу, мәдени, білім беру жүйесі саясатын қалыптастыру кіреді.
Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті – жаңа оқу жылына грант және ақылы бөлімдерге талапкерлерді шақырады.
Бакалавриат деңгейі бойынша исламтану, дінтану және шетел тілі: екі шетел тілі мамандықтары бойынша мемлекеттік білім гранты және ақылы негізде білім береді.
Университет – жоғары білімді исламтану, дінтану, шетел тілі (ағылшын- араб) мамандарын көп сатылы жүйеде: бакалавр, магистратура, PhD докторантура бойынша даярлайтын еліміздегі бірегей оқу ордасы. Биылдан бастап исламтану мамандығында бакалавриат бойынша орыс бөлімі ашылмақ.
Университетте Египет пен Қазақстанның білікті доктор–профессорлары дәріс береді. Құран тілі – араб тіліне машықтану алғашқы курстан басталып, жоғары курстарда мысырлық ғалымдардың таза араб тілінде дәріс жүргізуі жолға қойылған.
Университет кешенінде заманауи технологиялық оқу жүйесімен жабдықталған зәулім оқу ғимараты, оқу орын іргесінде бүкіл қажеттіліктермен қамтамасыз етілген 610 орындық жаңа жатақхана, студенттерге тәжірибелік сабақтарды өткізетін мешіт және бай кітапхана, оқу залдары, асханасы бар.
Мамандықтар:
Бакалавриат ( мемлекеттік білім гранты және ақылы негізде)
«5В021500 – Исламтану» (ерлер және қыздар бөлімі/ қазақ және орыс бөлімі);
«5В020600 – Дінтану»;
«5В011900 – Шет тілі: екі шет тілі» : (араб, ағылшын тілдері); (ағылшын, араб тілдері).
Сырттай бөлім
«5В020600 – Дінтану» (Екінші жоғары білім)
Магистратура (мемлекеттік грант және ақылы негізде)
«6M021000 – Шетел филологиясы»;
«6М020600 – Дінтану»;
«6М021500 – Исламтану».
- Исламтану мамандығына түсуші талапкерлерден 20 маусым мен 1 шілде аралығында құжаттар қабылданып, 2-7 шілде аралығында Құран және Ақида-Фиқһ пәндері бойынша шығармашылық емтихан өткізіледі. Емтиханнан сәтті өткендер Қазақстан тарихы мен қазақ тілінен кешенді тестілеу емтихандарына жіберіледі. Ал орта мектептің биылғы түлектерінің ҰБТ нәтижесі есепке алынады. Олар кешенді тестке кірмейді.
- «5В020600 – Дінтану», «5В011900 – Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандықтарына 20 маусым мен 9 шілде аралығында құжаттар қабылданып, 17-23 шілде аралығында кешенді тестілеу өткізіледі.
- Магистратура және Докторантура бөлімдеріне өтініштерді қабылдау 1 шілдеден басталады. Қабылдау емтихандары 1-20 тамыз аралығында өтеді.
Керекті құжаттар:
- Өтініш;
- Аттестат немесе диплом (түпнұсқа);
- 3х4 мөлшердегі 6 фотосурет;
- 086 – У үлгісіндегі медициналық анықтама + флюрография;
- 063 үлгідегі егілу туралы анықтама;
- Жеке куәлік көшірмесі.
Ескерту: 086-У мед.анықтамада талапкер суреті және сурет үстіне медициналық тексеруден өткен мекеменің мөрі болуы міндетті. Болмаған жағдайда құжат қабылданбайды.
Исламтану мамандығына түсушілер үшін:
- Тұрғылықты жерінің наркологиялық, психотерапиялық диспансерлерінен анықтама;
- Сотталмағандығы туралы анықтама.
Қабылдауға қатысты мәліметтерді мына байланыс жүйелері арқылы біле аласыз:
+7 727 302 09 43,
+7 727 302 09 34.
Сайт: www.nmu.kz, E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.
Біздің мекен-жайымыз:
Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы 73.
Факс: +7 727 302 09 30.
Қазіргі таңдағы орталық әуел баста Оңтүстік Қазақстан облыстық Әділет басқармасына «Ықылас» жастар қоғамдық бірлестігі болып тіркелді. Шымкет қаласында 1997-ші жылдан бастап қызмет көрсетіп келеді. 2000 жылдан 2012 желтоқсан айына дейін ОҚО «Дар аль-Арқам» атындағы Құран Кәрім оқып үйрену орталығы болып жүздеген қарилар шығарды. Кәзіргі таңда сол шәкірттер Республиканың барлық қалаларында имам, наиб имам, медресе, мектептерде ұстаз және басқада салаларда қызмет атқарып жүр.
«Дар аль-Арқам» Құран Кәрім оқып үйрену орталығы 2010 жыл жаз мезгілінен бастап жаңа ғимаратқа ауысты. Әр жылы жаз айында жазғы сауат ашу курсы, ал жыл бойы мектеп, колледж, университет оқушыларын тәрбиелейді, және қабылеті бар балдарды Қарилыққа дайындайды.
Орталығымыз 2013 жылғы көктемнен бастап ҚМДБ-ның қарамағына «Ықылас Қарилар Дайындау Орталығы» болып тіркелді.
Орталық барлық техникалық базамен яғни: 3 сынып, 4 жатақхана, 100 кісілік асхана, компютер бөлмесі, кітапхана және актовый залмен қамтамасыз етілген.
Қарилар орталығына түскісі келетін үміткерлерге қойылар талаптар:
1. Облыс, аудан имамының ұсынысы (мінездеме түрінде)
2. Директор атына жазылған өтініш
3. Жеке куәлігі (көшірмесі)
4. Жалпы білім туралы атестат (түп нұсқасы) немесе Диплом (түп нұсқасы)
5. Өмірбаяны (талапкердің өз қолымен жазылуы тиіс)
6. № 086 у. Мед. Анықтама (прививочная карта)
7. Псих деспансерден анықтама (түп нұсқасы)
8. Наркологиялық диспансерден анықтама (түп нұсқасы)
9. Сотталмағандығы туралы анықтама ЦПС (түп нұсқасы)
10. Әскеру шақыру учаскесінен тіркеу туралы куәлік
11. Фото 3х4 (6 дана)
12. Тұрғылықты жерден анықтама
13. Скорошиватель
14. Конверт
15. Талапкердің жасы 25-тен аспауы тиіс